Сібір жұртындағы қыпшақтар

0

Б.э.д. І мың жылдықта ғұндардың күштеуімен Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібірдің орман дадалары тайпаларының бір бөлігі батыс пен солтүстік-батысқа жылжуы орман жұрты тайпалары тарихындағы маңызды оқиға болды. Б.э. ІІ ғасырдың аяғы – ІІІ ғ. басында олар Башқортстан мен жоғары Кама маңына еніп, бахмутин, Кушнаренковск, Харинск ескерткіштерін қалдырған. Олардың бір бөлігі Батыс Сібірдің оңтүстігіндегі орман далаларына сіңіп, жергілікті халықпен араласып кетеді.\r\nІV ғасырда ғұндар батысқа кеткен соң, орман даласы тайпаларының едәуір тобы өз мәдениетінің ерекшеліктерін сақтағанмен, аз да болса солтүстік аудандарындағы орман халқы мен оңтүстігіндегі түрік тайпалары мәдениетінің элементтерін қабылдады. Бұлар VІ – VІІІ ғғ. Орман даласындағы угралар еді, әрі олардың Солтүстік-Шығыс Қазақстанда, Павлодардың Ертіс өңірінде, Түменде мекендегені белгілі. Батыс Сібірдің даласындағы угорлар ежелгі мадьярларға жатқан деген негіз бар [1. 304 б.].\r\n\r\n»Сібір тарихы» атты 5 томдық еңбекте ХІІІ ғасырда Ертіс өңірінің орманды алқаптарының оңтүстік бөлігінде этникалық өзгерістер болып, мұнда түрік-қыпшақтар баса-көктеп кіріп, ХІІІ ғ. монғол – татар шапқыншылығы нәтижесінде жартысы далалы жерден ығыстырылады деп жазылған [1.305 б.]. Жергілікті угор халқы төменгі Ертіс маңы солтүстік ауданы мен Нарым өлкесіне кетуге мәжбүр болды. Угорлардың қалған бөлігі сырттан келген тайпалармен араласып кетіп, ХV — ХVІ ғғ. Батыс Сібірде түркі тілдес «татарлар» этникалық жаңа топ пайда болды. Осындай тұжырымдамалар Батыс Сібірде түркі тілдес тайпалардың кейінгі орта ғасырда мекендеді деген жаңсақ пікірге әкеледі. Сондықтан күрмеуі көп осы мәселенің бір түйінін шешуге талпыныс жасап, біз өз мүмкіндігімізше талдап көрейік.\r\n\r\nҚыпшақтар жөніндегі алғашқы мәлімет жазба деректерде б.э.д. ІІІ ғасырда кездеседі [2. 40–41 бб.]. Б.э.д. 201 жылы Хун мемлекетінің негізін қалаушы Мөде Шаньюй солтүстікте жаулап алған жерлерінің ішінде кюйше (цзюйше), динлин және гэгуньдер болған [3. 160–161 бб.]. Осындағы «кюйше» этнонимін «кыйчак» немесе «кыпшақ» деп қарастыруды алғаш рет Б.Карлгрен ұсынған болатын [4. 54 б.]. А.Н.Бернштам да осы пікірде болып, Мөденің солтүстік жорығының картасын жасағанда цзюйше тайпаларын жоғары Ертіс пен Енисей аралығында қоныстанғанын көрсеткен [5. 154 б.]. Батыс Түрік қағанатының жорығында цзюйше мен гэгу, яғни қыпшақтар мен Енисей қырғыздары аталады [6. 272 б.]. Мөденің Монғолиядан солтүстік-батысқа бағытталған жорығы, Дулу ханның Жетісудан солтүстік-шығысқа қарай жорығына мән берсек, екеуінің қиылысқан жерінде қыпшақтар мен Енисей қырғыздары мекендеген жер – Батыс Сібірдің оңтүстігіндегі орман далалары екенін байқауға болады.\r\n\r\nҚыпшақтар бір ғана территорияда 800 жылға жуық тұрған. Мұны М.П.Грязновтың жүргізген археологиялық қазба материалдары толық дәлелдейді. Ол Жоғары Обьтағы Большая Речка селосында жүргізген жұмыстары бойынша жоғары Обь мәдениетінің генетикалық жағы бір (б.э. ІІ – VІІІ ғғ.) одинцовский, переходный, фоминский деген кезеңдерін көрсетеді [7. 120 б.]. Нақ осы жоғары Обь мәдениетінде алғаш рет б.э. ІІ мың жылдығында шығыс Еуропа далаларында кең тараған ауыздық пен «сұрақ белгісіне» ұқсас ұзын өзекті сырғалар табылған. Әдебиетте бұларды «қыпшақтыкі» деп атаған.\r\n\r\nҚыпшақ мәдениетінің қалыптасуына көршілес Минусинск котловинасының таштык халқы да әсер еткен болу керек. І ғасырда олардың бір бөлігінің батысқа жылжуы Шөміштегі және жоғары Обь мәдениетінің молаларынан табылған заттар дәлелдейді. («Скифтік» кішкене қазандар, тарақтар, т.б.) [7.]. Обьтың жоғары жағында өлікті өртеу салты болған. Бұл жерге таштык мәдениетінің сарыны қандай жолмен енгенін дөп басып айту қиын, солай бола тұрса да ғалымдар солтүстік жолмен Енисей далалары арқылы Кузнецк Алатауын айнала Обь маңына келген деп топшылайды [4. 56 б.].\r\n\r\nІХ ғасырдан бастап Солтүстік Алтай мен Батыс Сібірдің оңтүстік аудандарында сросткинск мәдениеті қалыптасады. Ол Бийск қаласы жанындағы Сросткинск селосында табылған қазбаға байланысты осылай аталған. Оны М.П.Грязнов тапқан болатын.\r\n\r\nІХ – Х ғғ. Сросткинск мәдениетіне тән өрнекті стиль осы солтүстік ауданда кең тараған, ал бұл жерде қыпшақтар қоныстанған.\r\n\r\nТаштык мәдениетімен қыпшақтардың туыстық қатынастары олардың европеоидтығы да көрсетеді, яғни оларды половцы, кұмандар, шары (сары) деп аталуы. Азиядағы европеоидтық нәсілдің бірі солтүстік динлиндер Минусинск котловинасында тұрған, мұнда тагар уақытының европеоидтық халқы мекендегенін палеантропологтардың мәліметтері дәлелдеген. Осындай нәсілдік белгімен қыпшақтар да ерекшеленген. Олар батыс динлин – тагарлықтардың көршілері болған, тіпті шығу тегі бойынша да байланысы болған болу керек [4.57 б.].\r\n\r\nТаштык мәдениетінің дәстүрі ұзақ өмір сүрді. Монғол дәуірінің мәдениетінде кейбір таштық формалары екінші рет көрінді. Оны өзегі майысқан сырғалар және жібі мен белдіктің құрсаулары өрнектердің кейбір түрлері және тұғырығы конусты кубиктің түрі, ал бұл кейінгі тагар мен таштык керамикасын қайталағаны дәлелдейді. Далалы алқаптағы аудандарда, таштык мәдениетінде де ежелден қалыптасқан мұндай дәстүр монғол дәуірінде бүкіл территорияда үстем болды [8. 76 б.]. Қыпшақ этногенезінде таштык компонентінің болуы қыпшақ тайпалары арасында бұл дәстүрдің ұзақ сақталғанын көрсетеді.\r\n\r\nСеленгі жазбаларында (VІІІ ғ. ортасы) қыпшақтар жөнінде «түрік – қыпшақтар бізді елу жыл бойы биледі», – деп жазылған [9. 38 б.]. Бұл жазба ұйғыр ханы Боян – чордың атына жазылған. Селенгі жазбаларында қыпшақтар ежелгі түріктер деп аталғандықтан, олар VІІІ ғ. бірінші жартысында ұйғырларға үстемдік жасады деген сөз. Ертеде Алтайда тұрған қыпшақтар Алашаньға қоныс аударып, болашақ Екінші қағанаттың «демографиялық негізін» қалады [10. 268 б.]. К.Ш. Шаниязов Екінші қағанаттың саяси өмірінде үлкен роль атқарған қыпшақтардың орхон тобын бөліп қарайды, ал оларға Батыс Монғолия мен Тувада тұрған ұйғырлар бағынған [11. 43–44 бб.]. Селенгі жазбаларын қайта зерттеген С.Г.Кляшторный ондағы «қыпшақ» этнониміне күдікпен қарады [12. 108 б.]. Бұл VІІІ ғ. бірінші жартысында Орталық Азяда қалыптасқан тарихи жағдайға сәйкес келетінін байқауға болады, яғни ұйғырлардың ежелгі түріктерге бағынған уақыты (688–741 жж.) шамамен жүз жыл құрайды, бірақ ешқандай жазба деректерде түріктер қыпшақтармен теңестірілмейді. Сонда Селенгі жазбаларын Кляшторный мен Сұлтановтың пікіріне сай есептемегенде, онда ең алғашқы түркі тіліндегі шығарма «Құтадғу білік» (1069 ж.) шығармасы болып табылады.\r\n\r\nІХ – Х ғғ. қыпшақтардың қимақ мемлекетінің құрамына енгені жөнінде жазба деректер көп. «Қыпшақ» этнонимі Ибн Хордадбектің (ІХ ғ.), авторы белгісіз «Худуд ал – Аламда» (Х ғ.), Гардизи (ХІ ғ.), ал – Идриси (ХІІ ғ.) т.б. мұсылман деректерінде кездеседі. Көптеген авторлар қыпшақтар саяси жағынан қимақтарға бағынған дербес халық деп қарастырады. Бұл кезде қыпшақтар 9 тайпадан тұрған күрделі этникалық қауымдастық еді. «Худуд – ал – алам» бойынша қыпшақтар «қимақтарға қарағанда жабайы. Олардың патшаларын қимақтар тағайындайды» [13.].\r\n\r\nБ.э. І мың жылдығының басында қыпшақтардың мәдениеті Солтүстікке таман қалыптасып, сонда қоныстанды, ІХ ғ. ортасында араб географтары мен саяхатшылары олардың Батыс Сібірдің оңтүстігінде орналасқанын жазды. Рашид-ад-диннің айтуынша қыпшақтар Оғызханның итбарақтарға қарсы жорығынан кейін пайда болды [14. 83 б.]. С.Ақынжановтың айтуынша, қыпшақтардың этногенезі Батыс Сібірдің орманды далаларында болды. Бұл Обь – Ертіс қос өзенінің орманды даласы деп пайымдаймыз.\r\n\r\nСолтүстігін «теңіз қоршап», «солтүстіктің адам тұрғысыз кеңістігі» жайлап жатты, ал оңтүстікте қимақтармен шекараласты. Батыс шекара өзгеріп отырды. Б.Е. Көмековтың айтуынша, VІІІ ғ. екінші жартысы – ІХ ғ. басында «қимақтардың оңтүстікке қозғалуымен қыпшақтардың Ертістен Батысқа жылжуы байқалады» [15. 56 б.]. Бұл кезде қыпшақтар Орал мен Арал маңы далаларына жетіп, ежелгі башқұрт тайпаларының құрамына кіріп, печенегтермен қақтығысады.\r\n\r\nСросткинск мәдениетіндегі қимақтар мен қыпшақтар арасындағы шекараны нақты анықтау қиын. Обьтың жоғары жағында сросткинск мәдениеті жоғары обьтық мәдениеті алмастырып, М.П. Грязновтың пайымдауынша таулы Алтайдың көршілес аудандарынан келген, соған ұқсас Қурай, Тұяқты, Шибэнің кіші ескерткіші белгілі [7. 151 б.]. Сроткинск мәдениеті Алтайда емес, көрші жатқан Шығыс Қазақстан территориясында қалыптасқанын VІІ – VІІІ ғасырларға жататын ерте сросткинск кешенін бөліп қарағанда дәлелденеді [16. 101–102 бб.]. М.П.Грязнов атап кеткен сросткинск пен таулы Алтай ескерткіштерінің жақындығы белгілі, екеуін де қалыптастыруға телес тайпалары мен Шығыс Қазақстандағы яньмо тайпалары араласқан. Қимақ мемлекетінің құрылуымен сросткинск мәдениеті қимақ – қыпшақ территориясына кең тараған. Осы жерлердегі жергілікті мәдениетті, мысалы, Алтайдағы Жоғары Обь мәдениетін ығыстырған. Қыпшақ тайпаларының ортасын сросткинск мәдениетінің енгенін Бараба даласындағы Усть – Тартас және Челябинск облысындағы Синеглазова, т.б. қорғаны дәлелдейді [4. 61 б.]. Бүкіл территорияда сросткинск мәдениетінің таралғанын түрлі заттар дәлелдейді: сүйектен иілтіп жасалған түрлі заттар, үшкір тұмсықты қола және сүйек тоғалар, оқтың ұштары, ұзын белбеулер, әшекейлер, өрнекті стильдегі, т.б. Сросткинск мәдениеті ескерткіштерінің кең таралуы бұл этникалық мазмұнын жоғалта бастағанын, ал қимақ — қыпшақ бірлестігінде кең тарады деуге негіз бар. Ерте таптық мемлекеттік құрылымдарда И.С. Каменецскийдің анықтауынша түрлі мәдениеттер үстем еткен немесе мемлекеттік мәдениеттің ықпалымен тегістеліп жатады деген тенденцияны айтады. Осындай «мемлекеттік мәдениет» Батыс Сібірдің орманды далаларында ІХ – Х ғғ. Сросткинск мәдениеті болды, ол қыпшақ елінің этникасы мен шаруашылығын қамтыды [17. 19 б.].\r\n\r\nХ ғасырдың ортасында қыпшақтар алғаш рет Ежелгі Русьтің шығыс шекарасына шықты. Ертеден белгілі Дешті – Қыпшақ ұғымы оңтүстік орыс далаларына тарай бастады. Бұл Дешті – Қыпшақтың шығыстағы шекарасының кішірейгені туралы ұғым қалыптастырды. Археологиялық ескерткіштер Солтүстік Қара теңіз өңірінен Солтүстік Алтайға дейін қоныстанған кезде болған күрделі этномәдени процестер жөнінде мәлімет береді.\r\n\r\nХ ғасырдың аяғында Сросткинск мәдениеті өмір сүруін тоқтатады, ал бұл кезде Қимақ мемлекеті де құлап, қыпшақ тайпаларының жаңа этноәлеуметтік қауымдастығы құрылады. Қимақ-қыпшақ федерациясындағы саяси биліктің ауысуы сыртқы жағдайларға да (найман тайпаларының Ертістің жоғары жағын алуы), ішкі жағдайда қыпшақтар әлеуметтік-экономикалық жағынан күшейді. В.Бартольдтың айтуынша, қимақтардың тарихи маңызы сонда, олардың арасынан қыпшақтар шықты [20. 549 б.]. Қимақтар біраз уақыт Ертістің сол жағында тұрады [15. 86-87 бб.].\r\nХІІ – ХІІІ ғғ. Оңтүстік орыс далаларына қоныстанған қыпшақтар сросткинск формаларына ұқсас мәдениетті (ауыздықты, белдікті, айылбас, үщ айыр, т.б.) әкеледі. Азиядағы қыпшақ кешенінің толық қалыптасуы сросткинск мәдениетінің жоғары шекарасы (Х ғ. аяғы) шығыс Еуропа далаларында (ХІІ ғ. басы) кең тараған кезеңімен анықтауға болады, яғни ХІ – ХІІ ғғ.\r\n\r\nБатыс Сібірдің оңтүстігі бұл кезеңнің ескерткіштері аз болғандықтан олардың тарихи жазбасын қиындатады. Олардың ішіндегі негізгісі Томск қаласының жанындағы Басандайка грунтовый могильнигі. Бұл кешеннің құрылысы жөнінде жазған авторлар (К.Э.Гриневич, А.П.Дульзон, З.Я.Бояршинова) оларды үш кезеңді қарастырды: Х – ХІІ ғғ. (монғол дәуіріне дейін), ХІІІ – ХІV ғғ. (Монғол дәуірі), ХVІ – ХVІІ ғғ. (Мұсылман молалары). Осының алғашқы екеуінің хронологиялық топтары мен түрлі жерлеу дәстүрлері тығыз байланысты екені айтылған (өлікті жерлеу, аттарды жатқызу, өртеу). «Түрік мәдениеті мен Камалық Чуд мәдениеті» араласқан, яғни жергілікті мәдениетпен сырттан келген оңтүстік мәдениетінің компоненттері болды. Табылған материалдарға сай сараптама жасалғанда Басандайка қабатының «жоғары енисей мотивтері» (оюлы әшекейлер, бір – біріне қарсы тұрған құстар, жүрек тәрізді подвески) ерте Басандайка кешенін сросткинск мәдениетімен байланыстырады. Жалпы жерлеу дәстүрі, сонымен бірге заттардың негізгі формалары Басандайка моласының көп бөлігі этникалық жағынан қыпшақтарға жатады деп анықтауға мүмкіндік береді; жоғары қабатындағы молаларды таштык мәдениетінің формалы заттары бар. В.И.Матющенко зерттеген Еловка І обасы Басандайка обасына ұқсас, ол ерте кезеңге жатады, мұнда сросткинск мәдениеті нақты бейнеленген [18. 156 б.]. Жерлеудің күрделі дәстүрі Басандайка дәстүріне ұқсас. Кейінгі дәуірге жататын Сылвенск мәдениетінің Пахомов обасы (ХІІ – ХІІІ ғғ.) авторлары угорлықтармен байлансытырып және қыпшақтардың шығыс тобымен – қимақтардың әсері болған, оның ішінде ежелгі Сібір рулары мен тайпалары болған [4. 65 б.]. Бұл кезде қимақтар мемлекеті болмағанын ескерсек, Сылвен мәдениетінің қыпшақ компоненті екені даусыз.\r\n\r\nКең территорияда қыпшақ этномәдени қауымдастығының қалыптасуына байланысты күрделі этникалық процестер мен миграциялар жөніндегі ХІ – ХІІ ғғ. Оңтүстік және Батыс Сібірден табылған археологиялық ескерткіштер көрсетеді. Мысалы Пахомов моласындағы ескерткіштер Красноярскідегі Часовенногрск моласындағы ескерткіштермен ұқсас (ауыздық пен таға формалары, оюлы бляхи, т.б.), ал А.А.Гаврилова ондағы кейбір сросткинск элементтерін атап өткен [19. 182 б.]. Часовенной тауларындағы ескерткіштер ХІ – ХІІ ғғ. Тува мен Минусинск котловинасындағы мәдениеттің кейінгі кезеңіне жатады. Әрине, осының бәрі қыпшақтардың этникалық тарихына қатынасы болған. ХІ – ХІІ ғғ. Тувадағы обалар, Басандайка мен половецтердің грунтовый молалары, Шығыс Еуропа далаларында өз мүсіндерін жасаған, іс жүзінде бір келкі болған. Қыпшақтардың тас ескерткіштерінде Сібірдегідей заттар көп (екі тісті шанышқы, белдіктегі ілгіштер). Бұл б.э.д. ІІ мың жылдықтағы кейбір Сібір ескерткіштерінің қыпшақтарға жататынын дәлелдейді және монғол шапқыншылығына дейін Дешті Қыпшақтың түрлі аудандары арасындағы тығыз мәдени байланыстың болғанын көрсетеді.\r\n\r\nҚыпшақтардың шекарасына мән берсек, Батыс Дешті Қыпшақ шығыстан батысқа Жайықтан Днестрге дейін, оңтүстік пен солтүстікке Қара теңіз бен Каспий теңізінен кек қаласына дейін (қазіргі Саратов маңы) созылып жатты. Шығыс Дешті Қыпшақтың шекарасы шығыста – Ертіс, батыста – Жайық өзені, солтүстікте – Тобыл өзені, оңтүстікте – Балқаш көлі мен Сырдарияның орта ағысына енетін жерлер жатты. Осы шекараларға байыптап қарасақ, Сібірдегі Тобылдың жері де енгенін “Дотан батырң жырындағы мәліметпен де дәлелдеуге болады деп пайымдаймыз.\r\n\r\n…Ел сонда көшті дейді мақұл көріп,\r\nҚырық мың үй бір Дотанның соңына еріп\r\nТобыл дейтұғын жерге қонды,\r\nБір ай жарым арада көшіп келіп.\r\n\r\nСарғуанның аяғы ұлан Тобыл\r\nСол жерге келіп қонды көшкен ауыл\r\nМаңайына дұшпан жау жолатпастан,\r\nДотан хан болып тұрды біррнеше жыл [22.209 б.].\r\n\r\nШығыс Дешті Қыпшаққа он алты тайпа енген: бөрілі, тоқсоба, иетиоба, дуртоба, ал-арс, бөржоғлы, манқұроғлы, йимак, тағ, башқұрт, құманлы, базанак, баджна, қарабөріклі, үз, жортан. Батыс қыпшақтарға он бір тайпа енді: тоқсоба, иетиоба, бөржоғлы, елбөрілі, кангароғлы, анджоғлы, дурутоба, құлаоғлы, жортан, қарабөріклі, котан.\r\n\r\nОбь бассейнінің солтүстік жағасы мен оның сағасы Ертісте түркілену процесі жүрді. Бұл жерді мекендеген угра тілдес халыққа қыпшақ тайпалары үлкен әсер етті. Қыпшақтар орта Ертіс пен Тобылда мекендеген угорларды солтүстікке ығыстырып, біраз ассимиляцияланды. Тобыл және Бараба татарларының тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына кіреді [23. 473 б.].\r\n\r\nХІІ – ХІІІ ғғ. Алтын Орда дәуірінде Половецская мәдениеті қалыптасты. Бұл кездегі ескерткіштерге Поволжье мен Қазақстандағы ХІІ – ХІV ғғ. Жошы монеталары жатады. Сонымен Батыс Сібірдің оңтүстік аудандары қыпшақ этногенезінің негізгі аймағы болды. Сросткинск мәдениеті оның әр кезеңінің тамырын құрады.\r\n\r\nХІІІ-ХІV ғасырдың бірінші жартысындағы оқиғаларды сипаттайтын деректерде Жошы ұлысының көшпелі халқын “татарлар», “монғолдар», “түріктер», “қыпшақтар» деп атаған. Осылардың ішінен “татар» атауы көп қолданылды. ХV-ХVІ ғасырларда Орыс мемлекеті араласқан Қазан, Астрахань, Қырым және Сібір хандықтарын да “татарларң деп атаған, сөйтіп Қазаннан Астраханьға дейінгі, Қырым мен Батыс Сібірдің түркі тілдес халықтары “татарлар» деп аталды. Еділ бойы, Қырым мен Батыс Сібір татарларының этникалық негізін осы жерде бұрыннан тұрған түрік тайпалары мен қауымдастығы құрады. Ертіс, Тобыл және Тұра жерлері орыстар жаулап алғанша Сібір деген атпен белгілі болды [21. 195 б.].\r\n\r\nМонғолдар келместен бұрын Ресейдің оңтүстік-шығыс бөлігіндегі сан жағынан көп тайпалар қыпшақтар еді. Сондықтан Алтын Орданы орыстар Қыпшақ Ордасы деп те атаған. 1237 жылы Батый Ресейдің шығыс және оңтүстік бөліктерін жаулағанда қыпшақтарды талқандады. Қыпшақтардың өз ішіндегі алауыздықтар монғолдардың тез жетістікке жетуінің бір себебі болды деуге болады.\r\n\r\nСібірдегі “татарларң дегенде оның ішінде қыпшақтардың болғанын ескереміз. Орыс жылнамаларында да бұл кездеседі. Сібір жылнамаларындағы “Көшім хан» деген тарауда Көшімді “Қазақ Ордасынан келген Мұртаза ұлы…»,- деп жазған [24. 55 б.]. Демек, Көшім Қазақ Ордасының адамы болғандықтан Ібір-Сібір жұртының тарихы қазақ халқының тарихымен бірегей-бірлікте қарастырылады. Едігерді тақтан тайдырған Көшім құрған Сібір хандығының құрамына қыпшақтар да енген. Жалпы Ертістің жоғары жағы мен Омнан әрі, Бараба мен Құлындыда, Есіл мен Тобылдың жоғары жағында қазақтардың жазғы жайлаулары болған. Осы бір кеңістікте қыпшақ тектес халықтардың рухы басым болды десек қателеспейміз, өйткені Алтын Орданы, кейінірек Астрахань, Қазан, Қырым, Ноғай және Сібір хандықтарын жеке-жеке мемлекеттік құрылымдарға енгізгенмен, қыпшақ тектес бір ғана халық мекндегені белгілі.\r\n\r\nБатыс Сібірдің оңтүстігінде қыпшақтардың этникалық тарихы мен мәдениетінің төрт кезеңін бөліп көрсетуге болады: 1) VІІІ ғасырда қыпшақ этносының қалыптасуы; 2) ІХ-Х ғғ. қимақ мемлекеттік бірлестігіне қыпшақтардың енген кезеңі. Бұл кезеңдегі мәдениеттің негізі сросткинск мәдениеті болып, оның солтүстік аудандарында қыпшақтар қабылдады; 3) қыпшақ этномәдени қауымдастығының үлкен территорияда, оның ішінде Батыс Сібірдің оңтүстігінде қалыптасуы (ХІ-ХІІ ғғ.). Бұл мәдениет синкретті мәнде болды, алайда негізгі айқындаушы компоненті сросткин мәдениетінің дәстүрлері сақталды; 4) ХІІІ-ХІV ғғ. қыпшақтардың Монғол мемлекетінің құрамына енуі. Жошы ұлысының құрамында біртіндеп жаңа мемлекеттік мәдениет қалыптасады.\r\n\r\nЖоғарыда аталған Тобыл жерінде 1587 жылы Тобыл қаласы Мәскеудің бұйрығы бойынша Данил Чулковтың жетекшілігімен салынады. Мұндағы мақсаты Батыс Сібір орталығындағы түрік тілдес тайпалардың арасына бекініп, өз үстемдігін жүргізу еді. Көшім хандығы құлағаннан кейін оның орнына болған Сейтек ханды 1588 ж. Данил Чулков тұтқындап, Мәскеуге жібереді. 1590 жылы Тобыл Түменге бағынуын тоқтатып, Сібірдің дербес уездік қаласына айналады. Алғашқы кезде Тобыл уезіне Тобыл өзенінің төменгі жағынан басқа Ертіс, Обь, Тавда және Конда бойындағы барлық орыс иеліктері енді. Алайда ХІХ ғ. соңында Пелым, Березов, Сургут, Тара қалаларының салынуымен Тобыл уезінің жері едәуір қысқарды. ХVІІ ғ. Тобыл уезінде түрік тілдес халықтардың саны өскенін байқауға болады:\r\n\r\nЭтникалық топ ХVІІ ғ. басы ХVІІ ортасы ХVІІ аяғы\r\nТүрік тілдес 3500 3900 4970\r\nБұхарлықтар 240 44 280\r\nОстяктар 1700 1920 2630\r\nБарлығы 5440 6000 7880\r\n\r\nБ.О. Долгих түрік тілдес халықтарды татарлар деп жазған [25. 59 б.]. Олардың көпшілігі қыпшақтар болған деп пайымдасақ, оның көпшілігі Көшім ханмен бірге кеткен болу керек. 1598 жылғы Обь өзені бойындағы соңғы шайқаста Көшімнің 370 адамы өлді, 30 адамы қалып, Көшім отбасының 30 мүшесі (оның ішінде 16 әйел адам) тұтқындалды [25. 62 б.]. Көшіммен бірге 20 түтін көшіп жүрді. Бұл түтіннің әрқайсысында 5 адамнан болса, онда Көшім жеңілгенге дейін 630-640 адам болған, 50 бұхарлық саудагерлер болған. Сонда Көшіммен бірге кеткен адамдардың саны шамамен 1000 адам деп белгілесек, орыс тарихшылары жазып жүрген сібір татарларының саны аз болған болу керек, ал біздің пайымдауымызша әскерінің негізін қыпшақтар құрды. Тіпті орыстар келгенге дейін Көшімнің тұсында “сібір татарлары» деп отырған түрік тілдес тайпалардың саны ХІІ ғ. Басымен салыстырғанда 1000 адамға артық болған деп шамамен топшылауға болады. Көшімнің өзі де Қазақ Ордасынан келгендіктен Сібір жеріне жалғыз келуі мүмкін емес, нөкерлерімен келгені даусыз әрі Сібірде түрік тілдес қандастары болмаса келмеуі де ықтимал. Бұдан басқа Түмен татарлары да бар. Олардың да көпшілігі Көшіммен бірге кеткен, Көшім ұрпақтарымен байланыста болған. Оларды башқұрттардың табын руыныкі деп анықталып жүр. Бұл да терең зерттеуді қажет етеді деп есептейміз.\r\n\r\nПатша өкіметі Сібірді жаулағанда Көшім хан бастаған қол орыс отаршыларына қарсы тәуелсіздік үшін күресті алғаш бастады десек, оларға қарсы тұрған бірден-бір қол қыпшақтар болды десек қателеспейміз.\r\n\r\nҚорыта айтқанда қыпшақтардың тарихы Сібір жұртымен кейінгі орта ғасырда емес, ежелден-ақ тығыз байланыста болған.\r\n\r\n \r\n\r\n(«Отан тарихы» журналынан — 2005/1)\r\n\r\n Шамшиденова Ф.М\r\n\r\n\r\nПайдаланылған деректер мен әдебиеттер:\r\n\r\n1. История Сибири. Л., 1968.\r\n2. Таскин В.С. Материалы по истории сюнну. Вып. 1. М., 1968.\r\n3. Кызласов Л.Р. Таштыкская эпоха в истории Хакасско – Минусинской котловины. М., 1960.\r\n4. Савинов Д.Г. Об основных этапах развития этнокультурной общности кыпчаков на юге Западной Сибири // история, археология и этнография Сибири. Томск, 1979.\r\n5. Бернштам А.Н. Заметки по этногенезу народов Северной Азии // СЭ. 1947. №2.\r\n6. Грум – Гржимайло Г.Е. Западная Монголия и Урянхайский край Т. 2. Л., 1926.\r\n7. Грязнов М.П. История древних племен Верхней Оби // МИА. №48. 1956. С. 99 – 144.\r\n8. Гаврилова А.А. Могильник Кудырге как источник по истории алтайских племен. – М. – Л., 1959.\r\n9. Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности Монголии и Киргизи. М. – Л., 1959.\r\n10. Гумилев Л.Н. Древние тюрки. М., 1967.\r\n11. Шаниязов К.Ш. К этнической истории узбекского народа…\r\n12. Кляшторный С.Т., Султанов Т.И. Рецензия на книгу. Шаниязов К.Ш. К этнической истории узбекского народа…// Советская тюркология. 1975. №4.\r\n13. Mіnorsky V. Hudіd al – Alam. London, 1937. § 21.\r\n14. Рашид – ад – дин. Сб. л. Т. 1. Вып. 1. М. – Л., 1952.\r\n15. Кумеков Б.Е. Государство кимаков ІХ-ХІ вв. По арабским источникам. Алма-Ата, 1972.\r\n16. Арсланова Ф.Х. Памятники Павлодарского Прииртышья (ІІІ – ХІ вв.) // Новое в археологии Казакстана. Алма – Ата, 1968.\r\n17. Каменецский И.С. Археологическая культура и ее определение // СА №2. 1970.\r\n18. Матющенко В.И., Старцева Л.М. Еловский курганный могильник І периода железа // Труды ТГУ, Т. 206. Томск, 1970.\r\n19. Гаврилова А.А. Сверкающая чаша с Енисея (к вопросу о памятниках уйгуров в Саяно – Алтае) // Древняя Сибирь. Вып. 4. Новосибирск., 1974.\r\n20. Бартольд В.В. Кимаки. Статья из энциклопедии ислама. М., 1968. Т.5.\r\n21. Миллер Г. История Сибири. Т.1. М.-Л., 1937.\r\n22. Батырлар жыры. Т.2. Алматы, 1961.\r\n23. Народы Сибири. Этнографические очерки. М.-Л., 1956.\r\n24. Сибирские летописи. Спб., 1904.\r\n25. Долгих Б. О. Родовой и племенной состав народов Сибири в ХІІ веке. М., 1960.

Ұлттық арна ұлағаты. Қазақстан ұлттық телеарнасы

0
\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

2008 жылы 8 наурызда бұқаралық ақпарат құралдарының бір саласы – теле­визия біздің ортамызға табан тірегеніне тура 50 жыл болады. Біз “Қазақстан” республикалық телерадио корпорациясы” акционерлік қоғамындағы, жалпы осы саладағы әріптестерімізді мерекемен құттықтай отырып, оқырмандарға мере­кеге орай әзірленіп жатқан “Ұлттық арнаның ұлағаты” атты кітаптың бірер тарауын ұсынамыз. Кітап әр жылдары мемлекеттік комитет, ұлттық ком­пания, корпорация түрінде жұмыс істеген телевизияны басқарған азаматтардың өміріне арналған. Бұл тұлғалардың бәрі дерлік ұлттық телевизияның қалып­тасуына, өркендеп дамуына үлес қосқандығы сөзсіз. Оларды жақсы білсек те кейбірі туралы қысқа деректермен шектелетініміз бар. Сондықтан да ақпарат құралдарында көп айтылып, көп жазыла қоймаған телевизия басшылары туралы тарауларды назарға ұсынғанды жөн көрдік. “Ұлттық арнаның ұлағаты” атты кітапты баспаға әзірлеген – осы акционерлік қоғам басқарма төрағасының шығармашылық жұмыстар жөніндегі орынбасары Қайнар ОЛЖАЙ.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n“КЕЛІСПЕУШІЛЕРМЕН КЕЛІСЕ АЛМАЙМЫН”\r\n\r\n \r\n\r\nҚанапия Мұстафин Қазақстандағы радио ісі білгірлерінің бірі болғандығына талас жоқ. Ал телевизия басқалармен бірдей ол үшін де тың сала еді. Сондықтан, жаңалықты қабылдауға және онымен жете танысуға тура келді. Бірде Министрлер Кеңесі жанындағы комитет, бірде Мәдениет министрлігі жанындағы бас басқарма түрінде жұмыс істеген радио саласына телеви­зияның қосылуы Мұстафиннің басшылығы тұсында жүзеге асты. 1957 жылы 12 маусымда Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы Дінмұхамед Қонаев Қазақстан Компартиясы Орталық комитетіне арнайы хат жолдады. Онда КСРО Министрлер Кеңесінің “КСРО Министр­лер Кеңесі жанынан Радио хабарлары мен телевизия жөніндегі мемлекеттік комитетін құру туралы” қаулысына сәйкес Қазақ КСР Министр­лер Кеңесі республикада осындай Радио хабар­лары мен телевизия жөніндегі мемлекеттік коми­тетті Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанынан құру қажет деп санайтынын жеткізді. Және ко­ми­тет төрағасы етіп Қанапия Мұстафинді бекі­туге ұсыныс енгізді.\r\n\r\nҚонаев қолдаған Мұстафиннің ақпарат, оның ішіндегі радио саласындағы басшылық қызметі бұл кезде республикаға кеңінен таныс. Отызын­шы жылдардың басында Кеңес Одағы енді ұйым­да­сып жатқан ұжымдық шаруашылықтарды басқаруға, жалпы халыққа өз бағыттары бойын­ша тәрбие беруге ауадай қажет жаңа кадрлар даярлауды қолға алған. Сол тұстағы кеңес-партия мектебін бітіргендердің бірі болды. Оның алдын­да тракторшылар курсын оқыған. Бірнеше жыл Солтүстік Қазақстан облысы, Бейнетқор ауданында жер жыртқан.\r\n\r\nКоммунистік журналистика институтын бі­тірген Қанапия Мұстафин қазақ радиосында ре­дак­тор болып қызмет атқарды. Бүкіл республи­када жаппай “халық жаулары” іздестірілген саяси жағынан ең қиын 1937-1938 жылдар еді. Зоба­лаң­­­ның бұлты бұл қайраткердің басына да үйірілген.\r\n\r\nКейін өз қолымен толтырылған өмірбаянын­да Қанапия Мұстафин 1937 жылы 19 қазанда партия қатарынан шығарылғанын жазыпты. Өйткені, оған “Сәбит Мұқановтың сыбайласы” деген айып тағылған. Екеуінің Солтүстік Қазақ­стан облысында дүниеге келгені белгілі. Қанша­лық­ты “сыбайлас” екенін сол кездегі сталиндік үш­тік анықтап үлгермесе керек. Өйткені, жазу­шы Сәбит Мұқанов өзінің тек кеңестік заман мен большевиктік партияны жалау еткенін, жырлап жүргенін дереу дәлелдеп шығады. 1937 жылы 17 қарашада Сәбит Мұқановтың партия­лығы қалпына келтіріледі. Мұқановпен бірге Мұстафиннің да билеті қайта қолға тиген. Мұқа­нов сотталып кеткенде, сөз жоқ, Қазақстандағы телевизия ісінің бірінші басшысы Қанапия емес, басқа адам болар еді…\r\n\r\nҚиын заманның өз талаптары болыпты. Айта­лық, әрбір партиялық қызметкердің жеке іс парақшасына әр жылдары кіммен істес болғаны көрсетіледі. Яғни, ол қызметкерді жақсы танып, сипаттама бере алатын адамдардың аттары атала­ды. Қанапия өзін жақсы біледі деген тұлғалар қатарында отызыншы жылдардың басында Әбдісамат Қазақбаевты, отызыншы жылдардың ортасына Дихан Әбіловті атайды. Қазақбаев өз тұсында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Прези­диумы­ның төрағасы қызметіне жеткен. Ал қазақ­тың белгілі ақыны Дихан Әбіловті өзіне таныс, етене тұлға деп көрсету арқылы Қанапия Мұста­фин тағы бір рет күйіп кетуі мүмкін еді.\r\n\r\nӨйткені, Ұлы Отан соғысының орта тұсында өзінің Майданбек деген кейіпкерінің ұрыста “қалай кісі өлтіремін” деген гуманистік көзқа­расын дастан түрінде сипаттаған ақын дереу абақтыға қамалған. Және өлім жазасына кесіл­ген. Көрер жарығы бар екен, бұл жаза орын­далмай, одан ақын түпкілікті ақталып шығады. Егер тыңғылықты тергеу болып, Диханды жақсы білетіндер “кім?” деген сұраққа жауап ізделсе, Қанапия Мұстафиннің өз қолымен жазылған өмірбаянында “мені 1934-1937 жылдары Дихан Әбілов жақсы білетін” деген жолдар мойнына тұзақ болып оралуы мүмкін.\r\n\r\nАқын майданда тұтқындалған күндері Мұста­фин Ақтөбе облыстық партия комитетінің кадр­лар жөніндегі хатшысы еді. Ал соғыс аяқталып, өзі Мәскеудегі Жоғары партия мектебін бітіріп келген соң, сол облыстағы үгіт пен насихат жұ­мыс­тарына жауап беретін хатшы қызметіне кіріседі.\r\n\r\nОбалы не керек, Қазақстанның радио хабар­ла­ры мен телевизиясының бірінші басшысына әр кезеңде белгілі мемлекет және партия қайрат­керлері түзу мінездеме береді. Өз қолдарымен мансап биігіне ұсынады. Мұрағат құжаттарына қарағанда жолын ашқан басшылар арасында Жұмабай Шаяхметовтің, Николай Скворцовтың, Геннадий Борковтың, тіпті Мәскеуде отырған Маленковтың қолдары кездеседі. КОКП Орталық комитетінің хатшысы Маленковтың қолы қойылған, сонау 1946 жылы берілген №3116 куәлікке қарағанда Қанапия Мұстафинді жауапты партиялық жұмысқа алуға болады.\r\n\r\nБірақ, арада он жыл өткенде Қазақстанда бұл кандидатура қызметке қабілетті ме, жоқ па дегенде айтарлықтай талас туыпты. Күдік кел­тіргендер кімдер екені құжаттарда сақтал­маған. Ал Қанапияның қабілетті қызметкер екендігін қорғап қалған елуінші жылдары Орталық коми­теттің үгіт-насихат бөлімін басқарған, одан идео­логия хатшысы болған Құманғали Оспанов еді. Екеуі Ақтөбеде біраз жыл қызметтес болған. Біреуі партия комитетінде отырғанда, екіншісі облыстық халыққа білім беру бөлімін басқарған. Алматыда тағдыр қайта тоғыстырған тұста Құрманғали Оспанов Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің екінші хатшысы Иван Яковлевтің атына хат жолдайды. Онда “Мұста­фин­нің радио ақпарат бас басқармасының бастығы болуына келіспеушілермен келісе ал­май­мын” деп кесіп айтады. Одан әрі Қанапияны “тәжірибелі маман, партиялық жұмыстан хабар­дар басшы, баспасөздің барысын білетін, радио ақпараттың сырын білетін және ол салаға жетек­шілікті атқарып кететін қызметкер” деп сипат­тайды. Кешікпей, Мұстафин Қазақ КСР Мәдениет министрлігі жанындағы радио ақпарат бас басқармасының бастығы болып тағайындалған.\r\n\r\nБас басқарма бір жылдан соң Қазақ КСР Ми­нистрлер Кеңесі жанындағы радио хабарлары мен телевизия комитетіне айналғанда республика үкіме­тін басқарып отырған Дінмұхамед Қонаевтың өзі Қанапия Мұстафинді төраға қызметіне ұсынады. Мем­ле­кеттік комитет алдымен Алматы студиясы­ның, одан кейін қатарға қосылған Қарағанды мен Өске­мен студияларының жұмысына басшылық бағыт көрсетті әрі ұдайы бақылады. Хабарларға баға берді. Бірсарынды, суреті сұрғылт, бұлыңғыр, дерек қай­талау кездесетін хабарларға ескерту жасап отырды.\r\n\r\nБірінші төрағаның тұсындағы елеулі оқиға Қазақ КСР-інің өнер және әдебиетінің Мәскеуде өткен онкүндігі еді. Орталық телевизиядан қазақ өнер шеберлерінің бағдарламалары көрсетілді. Жекен Жұмақановтың “Жаңа қоныстанушылар” атты телеқойылымы ең өзекті тақырып – тың игеруге арналды. Келесі телехабарға Құрманғазы атындағы ұлт-аспаптар оркестрі қатысып, концерт берді. Орталық телевизиядағы бағдарламаның ша­рықтау шегі – “Дударай” операсының телеви­зия­лық нұсқасы еді. Оны бүкіл елдің телекөрермендері жақсы қабылдады. Республика басшылығында жүрген Ж.Тәшенов, Д.Қонаев сынды қайраткерлер жас ұжымды табысымен құттықтады.\r\n\r\nОпераны теледидардан көрсету ісінде одан кейін тағы батыл жаңалық болды. 1959 жылы Алматы телестудиясына жылжымалы телеқондырғы берілді. Оның мүмкіндігі арқылы Абай атындағы опера және балет театрында жүріп жатқан спектакль көрсетілді. Ол – Ахмет Жұбанов пен Латиф Хами­дидің “Абай” операсы болды. Үйлерінде теледи­да­ры бар бақытты отбасылар алғаш рет театрға бар­май-ақ қойылымды тамашалауға мүмкіндік алды.\r\n\r\n \r\n\r\n“ТАҒЫМДЫ АЛСАҢ ДА, БАҒЫМДЫ АЛҒЫЗБАЙМЫН”\r\n\r\nМылтықсыз майдан іспетті телевизия мен радио саласын басқаруға Орталық комитет тағы бір майдангер журналисті басшылыққа жіберді. Теле-радио комитетінің тарихтағы үшінші төрағасы Кенжеболат Шалабаев еді. Бұл да өмірдің ыстығы мен суығына шыңдалған, оңы мен солын таныған қарымды қайраткер болатын. Солтүстік Қазақстан­ның табиғаты тамылжыған Өрнек ауылының тумасы жоғары білім алып үлгерместен майданға алынды. Сол жақта байланыс қызметін меңгерді. “Шифрлаушы” деген қазақ жігіттері сирек меңгер­ген әскери маман болып шықты. Сондықтан, құпиясы көп әскери бөлімдерде жүрді.\r\n\r\nОсылайша тек 1947 жылы әскер қатарынан босап, енді мамандық алу үшін ФЗО-да екі жыл оқиды. Бірақ, бойындағы таланты мен маңдайдағы бақ шығар, ол қара жұмысшы болу орнына 1948 жыл­дың соңында Солтүстік Қазақстан облыстық “Ленин туы” газетіне қызметке алынған. Міне, содан кейін Жоғары партия мектебіне түседі. Одан әрі қарай Қазақстан Компартиясы Орталық коми­тетіндегі қызметі басталған. Алдымен нұсқаушы болып орналасқан. Кешікпей, Орталық комитеттің үгіт-насихат бөлімі жанынан арнайы орган ашыла­ды. Аты – “Печать Казахстана”. Міндеті – респуб­ликадағы барлық бұқаралық ақпарат құралдарына жол көрсетіп, жоба белгілеу. Осы қызметтен соң Орталық комитеттегі баспасөз секторына меңгеруші болып тағайындалған. Одан бөлім меңгерушісінің орынбасары болып жоғарылайды.\r\n\r\n1962 жылы 6 маусымда бұрынғы бастық Құр­манбек Сағындықов Оңтүстік Қазақстан өлкелік газетіне бас редактор қызметіне жіберілгенде оның орнына Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Теле­визия мен радио хабарлары жөніндегі мемлекеттік ко­митетіне төраға болып Кенжеболат Шалабаев та­ғайындалды. Бекіту жөніндегі бұл құжатқа Дінмұха­мед Қонаев қол қойыпты. “Шалабаев Қазақ КСР Ми­нистрлер Кеңесінің Телевизия мен радиохабар­лары жөніндегі мемлекеттік комитетіне төраға болуға әбден лайық” деген мінездемені Орталық комитет хатшысы Нұрымбек Жанділдин берген.\r\n\r\nШалабаев мемлекеттік комитетті жеті жыл бас­қарды. Ол тұста телевизияның қамту аймағы еселеп өсті. Жаңа студиялар салынды. Балқаш, Орал, Семей, Павлодар қалаларында осындай жаңа сту­дия­лар іске қосылды. Бұрынғы Алматы теле­студиясы Қазақ телевизиясы болып қайта құрылды. Кешікпей Орталық Азия республикалары арасында тұңғыш болып 1-категорияға ілікті. Демек, қыз­меткерлердің жалақысы жақсарды. Он алты қуатты ретранслятор пайдалануға берілді. Оның сыртында 26 қатардағы ретранслятор жұмыс істеп жатты.\r\n\r\n1965 жылы 2 шілдеден бастап “Эфирде Қазақ­стан” атты апталық газет шыға бастады. Онда ра­дио­ның, телевизияның апталық бағдарламаларымен қатар, кейбір ерекше хабарлар туралы ақпараттар жарияланды. Сәлкен Сұхбанбердиннің “Қара молда” пьесасының анонсы да күнілгері газетке берілді. Оның өзі 1965 жылы 15 желтоқсанда 22 сағат 20 минөтте эфирде басталыпты. Ал режиссер Сәлима Естемісова қойған “Майдан” телеспектак­лінің Орталық телевизиядан көрсетілгені туралы материал бүкіл қазақстандықтарды қуанышқа бөледі. Бұл телеқойылым Қазақ телевизиясының шынайы табысына айналды. Ол жазушы Бейімбет Майлиннің осы аттас шығармасы негізінде әзірлен­ді. Телестудияда жүретін спектакльге Сәбира Май­қанова, Мүлік Сүртібаев, Шолпан Жандарбекова сияқты танымал әртістер қатысты. Осы телеқойы­лымда байдың ұлы Жұмағұлды ойнаған Сәбит Оразбаевтың талантын қалың көрермен сонда таныған.\r\n\r\nАл “Эфирде Қазақстан” апталығы шыға баста­ған соң халық теледидарда не көрсетілерін бір апта бұрын біліп отыруға дағдыланды. Бағасы екі тиын­дық газет көпшілікке дереу тарады. Осы басылымда Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Телевизия мен радио хабарлары жөніндегі мемлекеттік комитетінің Қоғамдық пікірді зерттеу институтының анкетасы ұдайы жарияланып тұрды. Онда телекөрерменнен сегіз сұраққа жауап беру сұралды. Оның ішінде ұнаған және ұнамаған хабарларды көрсету сұралды. Ұнаған хабарларды өз кезегінде сегіз топқа бөліпті. Сұрау салу нәтижесінде телевизиялық бағдарла­маларға тиісті түзетулер жасалынғаны даусыз.\r\n\r\n1966 жылы эфирде “Айтыс – асыл қазына” атты хабар пайда болды. Онда әдебиеттанушы ғалым Көбей Сейдеханов қазақтың айтыс өнерін талдады. Және арғы заман емес, Кеңес өкіметі кезін­дегі 20-30 жылдарғы айтыстарға шолу жасады. Телевизияның өзінен көрсетілетін айтыстарға әлі кезек жете қоймаған. Әдеби хабар “Қайнар” деп аталды. Оны танымал ақын Әбділдә Тәжібаев пен жас жазушы Әбіш Кекілбаев жүргізген. Кейін үлкен ғалым, мемлекет қайраткері болатын Мырзатай Жолдасбеков “Құрдастар” шығармашылық бірлес­тігі арқылы 1966 жылдан “Айдын” хабарын эфирге алып шықты. Сол жылдың басында “Қараторғай” телеспектаклі үздік деп танылып, оны эфирге шы­ғарғандарды төрағаның бұйрығымен көтермеледі.\r\n\r\nТелехроника түсіретін техника қолға тиді. Енді негативті пленка арқылы түсіріп келген көріністерді асықпай көрсетуге қол жетті. Сол арқылы теле­фильм­дер түсіріле бастады. Қазақ телевизиясының жылдық қуаты екі жүз толық метражды телефильм түсіруге жетті. Бұл республиканың барлық аймақ­тарын қамтып, еңбек адамдары мен өнер қайрат­керлерінің жарқын істерін көрсету жолы еді. Бұл үшін комитетке бағынатын “Қазақтелефильм” өндірістік бірлестігі ұйымдастырылды. Оған жылы­на 327 сағаттық өнім шығаратын техникалық жаб­дық алынды. Негатив лента өте қат және қымбат болатын. Оны Орталықтан алып келуге Шалабаев бар беделін салатын.\r\n\r\nКенен Әзірбаев туралы телефильм көптің есінде қалды. Сол кезде 80 жасқа толған қарт жыраудың ауылдағы өмірі кеңінен қамтылды. Бұл телефильм­нің сценарийін жазуға белгілі әдебиеттанушы Мұ­хамеджан Қаратаев тартылды. “Күйден – симфо­нияға дейін” атты хабарда Құрманғазы, Дәулет­керей, Дина Нұрпейісовадан бастап, алпысыншы жыл­дары жемісті жұмыс істеген қазақ композитор­ла­рының шығармалары ойналды. Осы тұста мем­лекеттік комитет жанында өздерінің симфониялық оркестрі болды. “Телевизиялық поэзия театры” көркем шығармаларды кеңінен насихаттады.\r\n\r\nШалабаевтың тұсында одақтас республикалар арасында телевизиялық фестивальдар өткізу дәстүр­ге енді. 1964 жылы қыркүйек айында және 1966 жылы қазан айында орыс және украин әдебиет мен өнерінің радио-теле фестивалі өтті. Екі респуб­ликаның 160 телефильмі көрсетілді. Одан кейін Қазақ телевизиясы бойынша Грузия, Әзірбайжан, Тәжікстан, Армения, Башқұртстан, Татарстан бағдарламалары берілді.\r\n\r\nҚазақ телевизиясының Орталық телевизияға 1963 жылы 3 желтоқсанда ұсынған бағдарламасы өте жақсы бағаланды. Онда тың игерушілер, кенші­лер, балықшылар мен альпинистер туралы бағдар­ламалар берілген. “Түсіру басталады” атты фильм-концерт те көпке ұнады. Осы сапардағы табысы үшін Кенжеболат Шалабаевқа КСРО Министрлер Кеңесінің Телевизия мен радио хабарлары жөнін­дегі мемлекеттік комитетінің төрағасы М.Харла­мовтың бұйрығымен “алғыс” жарияланды.\r\n\r\nОдақтас республикаларды айтпағанда, мемле­кет­тік комитеттің төрағасы бірнеше шетелде болып қайтты. Польша мен Венгрия ол кезде социалистік одақ елдері саналатын. Ал 1967 жылы Канадаға барып, Монреальдағы Бүкілдүниежүзілік көрмеге қатысу үлкен оқиға еді. Онда алғаш түрлі-түсті форматтағы “Қазақстан-67” фильмі көрсетілді. Одан кейін “Жеңіс” атты келесі телефильм көрмеге қатысушылар назарына ұсынылды. Бұл телетуын­дының режиссері әрі операторы Е.Тынышбаев еді. Сценарийін Т.Мәткәрімов жазған. Телефильм Жеңіс атты жылқышы қыздың даладағы тірлігімен таныстырады. Қыздың қырда жылқы бағып, асау үйретуі Канадаға көрмеге келген шетелдіктерді қатты таңырқатты. Бүркітші туралы телефильмнің де әсері бұдан кем болмады.\r\n\r\nШалабаевтың тұсында шығармашылық ұжым төселді. Өз ісінің шынайы шеберлері шықты. Қазақ радиосында Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген әртіс­тері А.Әсімжанов пен Е. Патрушев бас режиссер қызметтерін атқарды. Қазақ телевизиясының бас режиссері Евгений Прасолов та Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген әртісі атағын алды. Телевизияның көркемдік жетекшісі Сапарғали Шәріпов өзінің қойылымдарымен баршаны мойындатқан маман еді.\r\n\r\nДикторлар құрамына ерекше көңіл бөлді. Бұған дейін тележурналист болып жүрген Совет Мас­ғұтовты қазақша хабарлар оқуға жегіп, алғаш қазақ тіліндегі ер адам диктор болып эфирге шықты. Осы шоғырда Лидия Тюльменко, Владимир Орлов, Всеволод Иванов, Еркін Әбішев, Алевтина Попова, Тыныс Өтебаев, Ләскер Сейітов, Мәриям Айым­бетова болды. Топқа Ләзиза Аймашева жетекшілік етті. Кейін бұл топқа Ләскер Сейітов, содан соң Тыныс Өтебаев басшы болды.\r\n\r\nТелевизия республиканың ең таңдаулы жетістік­терін әлемге танытуда тағы бір қадам жасағанын айта кету керек. Кенжеболат Шалабаев төраға болып тұрған тұста Алматы қаласының түбінде Алатау атты ғалымдар кенті салынып, онда атом реакторы іске қосылды. Қазақстан енді атомдық сала қалыптасқан қуатты республикалар қатарына қосылды. Осы жетістікті көрсету үшін Орталық телевизияға кезекпен әзірленетін “Отанымыздың бір сағаты” атты бағдарлама сәтті пайдаланылды. Реактордың іске қосылғаны туралы репортаж Орталық телевидение арқылы Евровизия мен Интервизия жүйелерінде көрсетілді. Осылайша, Алматы түбінен берілген репортаж Қазақстан тарихында алғаш рет халықаралық эфирге тарады. Бұл 1967 жылдың 1 қарашасы еді. Ғалым Жабағы Тәкібаев көрермендерге атом реакторы қалай жұмыс істейтінін түсіндірді.\r\n\r\nАлғаш рет қазақ тіліндегі спорт хабары 1966 жылы 16 қаңтарда тұсауын кесті. Оны телевизия басшылары республика комсомол ұйымымен бірлесіп шығарды. Бұл хабарды жүргізуге танымал жаттықтырушы Қабден Байдосов тартылды. Бұл редакцияға тұрақты жұмысқа Қазақ радиосының комментаторы Сұлтанғали Қаратаев келді. Орысша хабарларды жүргізу Владимир Толчинскийге тапсырылды. Қазақ тілді маманды бірде Шалабаев өзімен бірге Мәскеуге ала кетті. Сол жерден Орешкин деген операторды тауып беріп, VІ жазғы Бүкілодақтық спартакиадаға қатысып жатқан қазақ спортшыларын түсіртті. Әмин Тұяқов пен Ғұсман Қосановтың, Әбдісалан Нұрмаханов пен Әбілсейіт Айхановтың, Амангелді Ғабсаттаров пен Аманжол Бұғыбаевтың спорттағы жетістіктері мен бейнесі көгілдір экранға солай шықты. Олардан басқа туған елі қазақтан шыққан тұңғыш баскетболшы Апа­таеваның, семсерлесуші Асықбаеваның шебер­ліктеріне тәнті болды. Оператор Орешкин тек түсі­ріп бермеді, төраға Шалабаевтың тапсырмасымен 16 миллиметрлік пленканы жуып, шығарып және монтаждап Сұлтанғали Қаратаевтың қолына ұстатты.\r\n\r\nЕл жетістіктерін дереу жеткізген үлкен істерді ұйымдастыра отырып, төраға еңбек ұжымына ерекше қамқорлықпен қарады. Сол кездегі жас диктор Ләскер Сейітовті өз қолымен үйлендірді. Тіпті, комсомолдық тойына асабалық қызметті жасы мен қызметін бұлдамай өзі атқарды. Кейін еңбек сіңірген әртіс, жоғары категориялы диктор деңгейіне жеткен Ләскер үшін бұл жақсылық мәңгі ұмытылар ма!\r\n\r\nШалабаев қызмет үшін жеке өмірін құрбан­дыққа шалуға бермеген, адамның ізгі сезімі мен жеке өмірі басқасынан жоғары екенін дәлелдеген қайраткер ретінде танылды. Ол Орталық комитетте үлкен қызметте жүргенде дәріханада жолықтырған провизор, кейін белгілі дикторға айналған Ләзиза Аймашеваны өмірлік жар етті.\r\n\r\n \r\n\r\nАУЫР КЕЗЕҢНІҢ ЖҮГІН ЖҮРЕКПЕН КӨТЕРГЕН\r\n\r\nТелевизияға әдебиеттен келген Сағат Әшімбаев алдымен барлығын өзінің кішіпейілдігімен, биязылығымен таңғалдырды. Әсілі, бұл ортада адам өзін танытуы, жол ашуы үшін кеуде керек болуы мүмкін. Ал 1986 жылы мемлекеттік комитет төрағасының орынбасары деп таныстырылған адам соншалықты жұмсақ жүректі болып шықты. Тіпті, оған дейін сырттан келіп “Жүректен қозғайық” пен “Қарыз бен парыз” бағдарламаларын жүргізіп жүрген комментатор мен мына орынбасарды бір адам деуге болмайтындай.\r\n\r\nҚалың көрермендерге бастапқыда Сағат Әшім­баев “Жүректен қозғайық” бағдарламасы арқылы танылды. Бұл — телеклуб түрінде өтетін хабар. Ол оған дейін Дулат Исабеков жүргізген “Әдептен озбайықты” алмастырды. Бір топ білімді, ойы озық, көзі ашық азаматтар ұдайы эфирге шақырылды. Түрлі тақырыптарды талдады. Бағдарламаға телеви­зиядағы жауап беретін Жүрсін Ерманов бастаған шығармашылық топ алғашқы хабарларды Алматы малдәрігерлік және Қазақ ауыл шаруашылығы институттарында өткізді. Түрлі тақырыптарға орай студент жастар мен келетін қонақтар өз көзқа­растарын, байламдарын білдірді. Лұқпан Садықов, Мақаш Тәтімов, Күләш Ақжолтаева, Өтебай Қанахин, Әбдімәлік Нысанбаев, Бақтажар Мекішов сынды түрлі саланың жүйріктері қосыла шапқанда, қалың көрермен айызы қана көрді. “Жүректен қозғайықтың” барлығы 14 саны түсірілді.\r\n\r\nҚазақ тілі мен рухы жан-жағынан қысым көр­ген тұйық қоғамның сеңін бұзуға түрткі түсірген атақты “Қарыз бен парыз” бағдарламасы ұлттық даму жолын іздегендерге шамшырақ сияқты кө­рінді. Өйткені, Сағатпен әңгімелескеннің қайсысы болса да оған ағынан жарылатын. Сағаттың тазалығы мен тәрбиесі студияға шақырылғандардың ешқайсына бұра тартатын жол қалдырмайтын. Көпке ұнаған бұл бағдарлама, бірақ, сол кездегі Компартияға жақпады. Сағат Әшімбаев туралы жұрт өте жылы пікірлер айтып жатқанда, биліктің жүрегі жібімеді. “Парыз бен қарыз” хабарында ұлттық рухтың, тарихтың, тілдің көкейкесті мәсе­лелері неге қозғалады деген сұрақ жоғары жақта жиі қойылып жатты.\r\n\r\nСағаттың кезекті хабарына Камал Смайылов пен академик Төрегелді Шарманов келеді. Эфир басталғанда комментатор қазақ мектебінде оқып, алыс ауылда білім алған адамдардың ешкімнен кем болмағанын айтады. Бұл “ұл-қызымыз қазақша білім алмаса, ортасынан кем қалады” деген қисынсыз пікірге берілген дәл соққы еді. “Міне, менің қасымда екі азамат отыр. Екеуі де сонау Жезқазған даласында, қасиетті Ұлытауда туып-өскен, қазақ мектебін бітірген. Қараңыз­даршы, осылар қазір кімнен кем?” деп Сағат қонақтарды таныстырды. Камал Смайыловтың кейінгі естелігі бойынша: “Өзінің сезімтал білгіш әдетімен біздің білім-тәжірибеміз, атқарған қызметтеріміз туралы қызына айтып, сол жолы қазақ мектебінің намысын, маңызын қорғап жатты”. Міне, осы эфирге қатысып кеткен Смайылов кешікпей өзі қызмет істейтін Орталық комитет Хатшылығының кезекті мәжілісіне келеді. Онда мәжілісте қаралатын бір қаулының жобасына көзі түседі. Қараса, “Мемлекеттік телерадио комитеті төрағасының орынбасары С.Әшімбаев туралы”. Толық оқыса оны қыз­меттен босату туралы шешімнің жобасы екен. Сол отырыста Смайылов бір кезде өзі орынбасар болған, басқарған ұжым басшыларының бірі Әшімбаевты қорғап сөз сөйлейді. Бұл тұжырымға сол кездегі Орталық комитеттің идеология хатшысы Өзбекәлі Жәнібеков те қосылады. Ақыры мәжілісті жүргізген екінші хатшы Сағидолла Құбашев: “Қаулыны түбірінен өзгерту керек, Әшімбаевқа тек сөгіс берумен шек­телейік”, деді.\r\n\r\nСағатты пікірлес қайраткерлер ғана емес, мемлекеттік комитетте қызмет атқаратын барлық мамандар қорғай білді. 1986 жылдан оның “мінездемесін беру” деген науқан басталды. Сағаттың басшылық қызметтегі таза қызметін көрген қызметкерлер тегіс оған жақсы мінездеме берді. Бірінші жолы өздеріне ауадай қажет пікірді ести алмаған Орталық комитеттің өкілдері тағы “Әшімбаевқа мінездеме беру” мәселесіне айналып соқты. Бұл жолы олар ұжымды тіл жағынан екіге жару арқылы зымиян ойларын іске асырмақ болды. Әшімбаевтың қазақ тілі үшін тер төккенін білетін олар енді орыс тілді бағдарламалардың қызметкерлерін, ұлты басқа қызметкерлерді қарсы айдап салуға ниеттенді. Бірақ, жолдары болмады. Жанна Ахметова, Владимир Назаров, Семен Газарх сияқты маман­дар Әшімбаевтың өте дұрыс азамат және білікті басшы екенін нақпа-нақ дәлелдеді.\r\n\r\nБүкіл Қазақстан Желтоқсан көтері­лісін бастан кешкенде Сағат басын бәйгеге тігіп, алаңдағы оқиғаларды шатырдан түсіртіп алды. Ол таспаны режиссер Рубикжан Яхин түсірткен. Сосын әскери-патриоттық тәрбие және спорт редакциясының бас редакторы Рабат Жәнібе­ковке тықтырып қойды. Осы оқиғаның ащы ақиқаты сақталған таспаны қауіпсіздік орган­дарының адамдары айлап іздеді. Сағат ешкімді ұстап бермеді. Тек мезгілі келгенде оны көпші­ліктің көз алдына жеткізу үшін журналистер қолына қайта тапсырған. Жай тапсырмай, Желтоқсан туралы барлық ақиқат айтылған алғашқы бағдарламаны жасатты. Басты бәйгеге тігіп түсірілген әрі сақталған кадрлар өтіп жатқанда “Сағат Әшімбаевтың жеке архивінен” деген жазу дүркін-дүркін өтіп тұрды.\r\n\r\nСексенінші жылдардың соңында жариялы­лық желі жетті. Бұрынғы жалғыз жүкті арқалаған “Қарыз бен парыздың” орнына ондаған жаңа бағдарламалар шығып жатты. Сағат Әшімбаев комитет төрағасы ретінде осы жұмысты жалық­пай ұйымдастыра білді. Қазақстанда айтылмаған ақиқаттарды ашуға Қазақ телевизиясы мен радиосы белсене кірісті. Әсіресе, Семей ядролық полигонын жабу туралы бүкілхалықтық қозғалыс экран бетінен түспеді. Арал теңізі тартылып кеткендіктен, оның маңындағы халықтың судан да у ішіп, ауадан да у жұтып отырғаны туралы ащы шындық апта сайын айтылып, дабыл қағылып жатты.\r\n\r\n1990 жылдың жазында Қазақстанның шығыс өңірінде бірнеше ауданды қиратып өткен зілзала болды. Оны алдында Армениядағы Спитак жер сілкінісі және Тәжікстандағы Ғиссар көшкіні табиғи апаттары кезінде Қазақстан алдымен көмек қолын созған. Бірақ, қазақ жеріндегі зілзала кезінде одақтық үкімет пен одақтас республикалардың көмегі сезілмеді. Бар қиын­дық Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев­тың иығына түсті. Зайсанда жер сілкінген күні қазақ теледидарына ұлттың ең аузы дуалы кісілері Әбу Сәрсенбаев пен Тұрсынхан Әбдірах­манова шақырылды. Олар барлық адамдарды жер сілкінісі зардаптарын жоюға көмектесуге шақырды. Экран арқылы арнайы ашылған есеп-шот көрсетіліп тұрды. Төраға Сағат Әшім­баев осы орайда арнайы тілшілер қосынын құрды. Құсман Игісінов бастаған журналистер айына екі рет арнайы хабар жасап тұрды. Сол кезде республика басшысы Нұрсұлтан Назар­баев­ты, жауапты министр Макиевскийді Алма­тыдан мың шақырымнан алыс Зайсан мен Тарбағатай аудандарында Қазақ телевидениесінің камерасы қарсы алып тұратын. Бұл да төрағаның халық үшін қандай қызметке де әзір екенін білдіретін бір мысал.\r\n\r\nОдақ тағдыры қыл үстінде тұрды. Қазақ­станның іргелі кәсіпорындарының бәрі бұған дейін одақтық бағыныста болып келген. Олар бүкіл өнімді алып, пайдасын көріп, жергілікті жұрт ауыр экологиялық жағдайда қала беретін. Міне, осы мәселені көтерген Қазақ КСР Прези­денті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа қазақ жеріндегі барлық ақпарат құралдары тірек болды. Оның ішінде көзге көрсете отырып дәлелдейтін телевизияның жөні бөлек.\r\n\r\nПрезиденттің баспасөз хатшысы Ғаділбек Шалахметов пен комитет төрағасы Сағат Әшім­баев келісімімен саяси-қоғамдық редакция ұсын­ған “Президент сағаты” бағдарламасы алғаш эфирге шықты. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев түрлі сауал­дарға орай тыңғылықты жауап беретін бағ­дарлама 45 минөттік еді, бірақ бір сағаттан асып кететін кездері болды.\r\n\r\nТура осындай қауырт жұмыс кезінде 1991 жылғы тамыз айының екінші жартысында ГКЧП, яғни Төтенше жағдай жөніндегі мемле­кеттік комитет оқиғасы басталды. Мәскеуде бір топ жоғары лауазымды қызметкер Орталықтың өктем билігін, коммунистердің елді қызыл қан еткен бағытын жалғастыра беру үшін жанта­ласты. Олар өздерінің шешімдері барлық ақпарат құралдары арқылы таратылуын талап етті. Міне, тура осы оқиға талантты сыншы, білікті басшы Сағат Әшімбаевтың жүрегіне соңғы жүк болып түсті. Кезіндегі Желтоқсан оқиғасында сына түссе де сыр бермеген жүрек мына зомбылыққа шыдамады.\r\n\r\nСәл шыдағанда Сағат Әшімбаев Қазақ­станның арман болған бостандыққа жеткенін көрер еді. Өзі көріп қоймай, жалпақ әлемге жар салар еді. Оны телевизордан күндіз-түні бергізер еді. Амал нешік!\r\n\r\n 

\r\n \r\n\r\n«Қазақстан» ұлттық телерадиокорпорациясының негізгі қос ғимараты да Республика алаңы жанында орналасқан. Көңілде өшпес мұң, жүректерде жазылмас сызат қалдырған 1986 жылдың Желтоқсан оқиғасына сол кездері Қазақ телевизиясында қызмет атқарған бүкіл журналист куәгер. Желтоқсан оқиғасының қалай басталғаны, қалай өткені, қалай аяқталғаны сол жылдардағы қызметкерлер жадынан әлі күнге ұмытылған жоқ.\r\n\r\nҚазақ телевизиясының ғимараты орналасқан жерден алаң алақандағыдай көрінетін. Екі ғасырға бергісіз екі күн бойы алаңнан көз алмаған журналистердің жан дүниесі қандай арпалыста болғанын тілмен жеткізу тым қиын…\r\n\r\nБағымызға орай Кеңестер алып империясының ыдырауына түрткі болған Одақ көлеміндегі социалистік жүйеге қарсы тұңғыш бас көтеру «жабулы қазан жабулы» күйінде қалып қалмай, көп ұзамай шындық бетін бері бұрды. Мәскеудегі Съездер сарайынан депутат Мұхтар Шаханов жасаған үш минуттық Мәлімдеме Желтоқсан оқиғасын түбегейлі зерделеудің бетбұрысы болды. Өздерінің көз алдында өткен оқиғаға қатысты әңгімені қалт жібермей қадағалап жүретін Қазақ телевизиясының журналистері қолдарына түскен мәліметтерді дер мезгілінде көрермен назарына ұсынуға тырысты. Желтоқсан оқиғасы жайлы тұңғыш хабарды Сағат Әшімбаевтың басшылығымен жастар редакциясының журналистері әзірледі. Сол алғашқы хабардағы 1986 жылдың 17 желтоқсанында алаңдағы жастар ереуілінен түсірілген бейнекөріністер эфирден өтіп жатқан сәттері «Бұл кадрлар Сағат Әшімбаевтың жеке архивінен алынды» деген титрдағы жазуды оқыған кез келген көрермен көкейінде «түсірген оператор кім?» «қалай сақтап қалған?» сынды ойлардың қылаң бергені анық-тұғын.\r\n\r\n \r\n\r\nҮмбет ӘБНАЗАРОВ, зейнеткер-журналист:\r\n\r\n– Сағаттың басын өлімге тіккен көзсіз ерлігіне осы күні таң қаламын. Таңертеңгілік эфирден өтер жаңалықтарға жауапты редактор едім сол күні. Телетайппен келген «ҚазТАГ-тың» материалдары ішіндегі «қазақ ұлтшылдығы, нашақорлар» деген сөзді сызып тастап, эфирге жібермегенім үшін түске дейін мәселемді дирекцияда, түс қайта коллегияда қарап, «Қызмет бабын асыра пайдаланғаным үшін» 248-бап бойынша жұмыстан шығарды. Коллегияда Сағат Әшімбаев «тұтас бір халыққа қара күйе жағу, тұтас бір ұлтты кінәлау қиянат, мұның бүткіл халыққа жабылған жала» екенін ашына айтты. Ойын нығырлап, дәлелдеді. Өзі сын үстінде тұрғанына қарамастан, мені ақтап сөйлеп, жазамның жеңілдеуіне ықпал еткен азаматтың сол жолы ерлігіне куә болған бір мен емес. Сағат араша түспегенде, кемінде 4-5 жылды арқалап кетуім де әбден мүмкін еді.\r\n\r\n \r\n\r\nШолпан БАЙМОЛДИНА, режиссер:\r\n\r\n– Сол күндер еске түссе, жанарыма еріксіз жас үйіріледі. Желтоқсан оқиғасы аяқталысымен, іле-шала желтоқсанның 21-і күні АСБ-1-дегі үлкен студияда ұжымның қатысуымен жиналыс өтті. Бұрын көрмеген бөтен адамдар өте көп болды. Олардың кімдер екенін де ішіміз сезді. Сол жиналыста әрбір сөзін абайлап, халықтар арасындағы ұлы достық дегенді желеулетіп, жастарды кінәламақ ниетпен сөйлегендер секілді Сағат Әшімбаев екіжүзділік танытпады. Жарты сағат тоқтамай, бір деммен ойындағысын айтып шыққан кезде көкейдегісін естіген көпшілік ду қол шапалақтады. Сол сәт есімнен еш шықпайды. Еңсесі түскен жұрт бір көтеріліп қалған-ды.\r\n\r\n \r\n\r\nШәрбану БЕЙСЕНОВА, жазушы, Сағат ағаның зайыбы:\r\n\r\n– Сағат қатты күйзелді. Орталық партия комитетінің идеология бөліміне алаңға жиналып жатқан жастарды бейбіт жолмен тарату қажеттігін айтып телефон соққанында, ондағылар «жұмысың болмасын, өз ісіңді біл» деп келте жауап қайтарғандарына күйініп келді. «Арты қырғын болмаса болды. Жастарға обал» деп әбден қиналды. Сол аласапыран күндері түптің түбінде керек болар деп бейнетаспаға түсіруге тапсырма беріпті. Кімге, қандай жағдайда тапсырылды, одан бейхабармын. Кейін таспаны Рабат Жәнібеков әкеліп бергенде оның осы уақытқа шейін жасырып келгенін білдім. Қазір сол таспа Сағаттың архивінде сақтаулы. Сағат ауыр күндерді бастан өткерді. «Үлкен ұлдарың желтоқсанда алаңға барыпты» деген желеумен қатаң ескерту де алды. Ұжымында бір емес, екі аттестациядан өтті.\r\n\r\n \r\n\r\nРабат ЖӘНІБЕКОВ, спорт журналисі:\r\n\r\n– Қатты қудалауға түсті. Бір күні хатшы қыз: «Сізді Сағат аға шақырып жатыр» деген соң бардым. «Сізге сеніп бір іс тапсырғалы отырмын. Басқа амалым жоқ. Амандық болса, кейін қажет кезінде қайтарарсыз. Мынау – Желтоқсан оқиғасы түсірілген таспа. Жастарымызды нашақорлар, маскүнемдер деп жатыр. Жала екенін көзбен көрген біз білеміз. Ешкімге білдірмеңіз. Жасырыңыз. Күндердің күнінде желтоқсандықтарға қатысты оларды ақтауға керекті таптырмас айғақ» деді. Алайда кім түсіргенін, оператордың аты-жөнін айтпады. Орталық партия комитеті өкілінің корпорацияда өткен аттестацияда «Сағат Әшімбаевқа қатысты арнайы дайындаған тек бір жақты қаралаудан тұратын мінездемені телефильм, телеорталық, Қазақ радиосы, Қазақ телевизиясында өткен ашық жиналыстарда бірауыздан қабылданған» деп көпшілікті сендірмек болған ниеті іске аспады. Жоғары жақ ұйымдастырған аттестацияда конференц-залға адам сыймай кетті ғой. Жұдырықтай жұмылған ұжым абзал азаматты бір кісідей жазықсыз жабылған жаладан арашалап қалды емес пе?! Ол күндерде, міне, енді тарих қойнауына ысырылды.\r\n\r\n \r\n\r\nРубикжан ЯХИН, режиссер:\r\n\r\n– Ақпарат редакциясы болған соң бар жаңалықтың бел ортасында жүретініміз аян. Сол күні таңертеңгісін Сағат аға үйге телефон соқты. «Рубикжан, алаңға жастар жиналып жатыр, керек болар, түсіру керек» деді. Жұмысқа келсем, операторлар келе қоймаған екен. Содан бейнекамераны өзім алып, алаңға бет алдым. Бір сағат шамасында оқиға ортасында болдым. Ұзағырақ түсіруге КГБ өкілдері кедергі келтірді. Түсіргендерімді оларға көрсету үшін кассетаны аппаратқа қосып жатқан кездері «керек боп қалар» деген Сағат аға сөзі ойыма сап ете қалды. Жалма-жан таспаның айналдырып болған жартысына жуығын кесіп алып, қойныма тықтым. Алуын алғанмен, бойымды үрей биледі. Ұстап алса, оңдырмайтынын білемін. Жан тәтті ғой. Кабинетке келіп, күдіктеніп іздеген болса, таба алмасын деген оймен сейфтің ішіне емес, астына тықтым. Содан бір күн өткесін, Сағат ағаның қолына аман-есен тапсырдым.\r\n\r\n \r\n\r\nP.S. Желтоқсанның кез келгеніміз үшін тағылым алар тұсы зиялы қауым өкілдерінің 37-жылғыдай жаппай бірін-бірі сатпағаны, мүмкіндігінше бірін-бірі қолдап, қорғап отырғаны. Сағат аға мысалы – соның бірі ғана. Рухы мықты, иманы кәміл елдің сағын сындыру қиын. Рухани қамалы берік елді ешқандай күш бағындыра алмасына тарих дәлел. Жалпы, 1986 жылғы Желтоқ- санда бойында көшпенді елдің қызу қаны ойнаған, еркіндікті пір тұтқан қазақ деген өр халықтың, ер халықтың ұрпағы иіле берудің, бұға берудің шегі жеткенін айдай әлемге паш етті.\r\n\r\nЖелтоқсанға құрмет – ел намысы сынға түскен шақта қаймықпаған, қайтпаған жастар ерлігіне тағзым.\r\n\r\nЖелтоқсанға құрмет – халық намысының тұншығып, табан астында тапталып қалмай ел үшін сын сағатта өре түрегелер лайықты ұрпақ ерлігіне тағзым.

Заманынан озып туған азамат еді. Сағат Әшімбаев туралы

0

 \r\n\r\nСағат Әшімбаев туралы\r\n\r\nҚоғамды қозғайтын, адам санасын өзгертетін тұлғалар болады. Олар өзінің қата­рынан, заманынан озық туады. Өткен ғасырдың алпысыншы – сексенінші жылда­рының арасы қазақ руханиятына дарындыларды үйіп-төгіп беріп-ақ еді. Өкініші, со­лардың көбінің ғұмыры қысқа болды. Орыс әдебиетінің бағына туған Писарев секілді құйрықты жұлдыздай жарқырап жанып, ағып түскен жарықтарымыздың бірі – қазақ мәдениеті мен әдебиетінің дамуына, ұлттық сананың өсуіне үлкен үлес қосып кеткен асылымыз Сағат Әшімбаев еді.\r\n\r\n \r\n\r\nМен Сағатқа сабақ берген, оны жақсы білген кісілердің бірімін. Сағат та заманынан озып туған азамат еді. Кездескен кезде қынабынан суырылған жалт-жұлт еткен қы­лыш елестеуші еді көзге. Қай ортаға барса да сыйып жүре беретін, өзінің пікірін бүкпесіз ашық айтатын, оппонентін лезде ашық пікірге шақыратын. Бұл, сірә, көп оқып, көп тоқығанынан болар. “Мына мәселе туралы көзқарасыңыз қалай?.. Өзім былай ойлаймын”, – деп “әу” деп ауыз ашқаннан-ақ ұршықша үйіріп, жіпсіз жетелеп, ағыл-тегіл текті сөзге бұрып әкететін. Жатсыну, тіксінуді білмейтін, аңқылдаған ақпейіл көңілдің тереңіне сүңгігендей әсерде болатынбыз. Қалай шүйіркелесіп, тіл табысып кеткеніңді білмей қалатынсың.\r\n\r\n \r\n\r\nСағат көп оқитын. Дүкенге бір жақсы кітап түсті десе – күндіз қолына шам алып із­деп тауып, оқымай тынбаушы еді. Шөлдегі жолаушы секілді білуге… білім кәусарынан мейір қандыруға… құныға, құлшына ізденуге әрдайым бейіл еді. Сол білгенін өзінің пайымына, байлауына қосып төгілдіріп айта жөнелгенде, кісі еріксіз ұйып тыңдайтын. Тыңдарманы көп болатын.\r\n\r\n \r\n\r\nСағат ініміз әдебиеттің тұлпарына мінгенде М.Әуезов, Е.Ысмайылов ағаларымыз бақи жалғаннан озып, Б.Кенжебаев әбден қартайып, көркем сөздің туын тіккен жазушылар ортасы бос қалғандай, әсіресе әдеби сын жанры жетім баладай жалтаң, азусыз халде еді. Сол бәсеңси бастаған әдеби сынның түтінін қайта шығарып, түндігін желпілдеткен Сағат бастаған бір топ жас перілер болатын. Ол әдебиетке келіп қосылған жаңа леп, тың күшті елден бұрын сезіп білді. “Балықшы балықшыны алыстан таниды” демекші, өзімен тұстас келіп жатқан жас топқа жетекші бола білді, соңына ілестірді, солардың сөзін сөйледі. Қай-қай ортадан бол­сын өзіне таныс, біліс, сырлас сыпайыны жылдам-ақ тауып ала қоятын.\r\n\r\n \r\n\r\nСағат Хан Тәңірінің балапан қыранындай топшысы ерте қатайып, түлеп ұшқан тас түлек еді. Өртеңге шыққан гүлдей ә дегеннен-ақ жайнап, жарқырап көзге түсті. Ол табиғаты таза, өзінің кіндік қаны тамған Аспантаулар әлемінің мөлдір бұлағындай, кәусар бастауындай, жасыл құрағындай қазақ әдебиетінің шоқ жұлдыздай алып­тарынан бастап, одан кейінгі ақын-жазушылар, өзінің тұстастарына, сол кездегі оқырманы көп қазіргі “Жас Алаш” — бұрынғы “Лениншіл жас” арқылы қалың жұртшылыққа қаршадайынан-ақ танылып үлгеріп еді.\r\n\r\n \r\n\r\nАкадемик Мұхаметжан Қаратаев: “…айтулы әдебиет сыншысы, сарапшысы, әділет­сіздікке төзбейтін сарбаз атанды. Сағаттың “Сыншы мұраты” атты тұңғыш жинағы – осының айғағы” деп жазғанда Сағат бар болғаны қылшылдаған жиырманың үстіндегі жас жігіт еді. Азаматтық, сыншылық позициясы берік қаламгер болып қалыптасты. Өз өмірін, еңбегін адам рухының биіктігі мен тазалығын қорғауға арнады.\r\n\r\n \r\n\r\nӨткір көздері көзәйнегінен ұшқындап, жүзінен нұр төгіліп тұратын қыр мұрынды, дөңгелек жүзді жігіт еді. Аузын ашса көмейі көрінген ақкөңіл еді. Оқығаны да, тоқығаны да көп еді. Төл әдебиетімізді былай қойғанда, әлем әдебиетінде еркін жүзіп, Батысты оқып, Шығысты тоқып өсті. Замандастары арасында ойлылығымен де, тереңдігімен де, бүкіл бітім-тұлғасымен де оқшауланып айрықша көрінетін. Тұнық көздері де, терең сөздері де, көзілдірігі де, желкесіне төгілген шашы да өзіне жарасып тұратын. Жүзінде шындық, жылылық бар болатын.\r\n\r\n \r\n\r\nСаңлақ сыншы Сағат әдебиет әлеміне алғаш аудармамен келді. Ол 1966 жылы Мәскеудің “Прогресс” баспасынан шыққан “Афоризмы” атты әлем ақыл-ой алыптарының даналық сөздері болатын. “Сын мұраты” (1974) атты тырнақалды туындысы үшін 1976 жылы Жастар сыйлығының лауреаты атанды. “Талантқа тағзым” (1982), “Парасатқа құштарлық” (1985), атты сын кітаптарын жұртшылық жылы қабылдады. Өзі өмірден өткен соң “Шындыққа сүйіспеншілік” (1993) атты еңбегі жарық көрді. Аталған еңбектердің әдеби, ғылыми айналымнан түспей, әркез сұранысқа ие болуы Сағат есімінің сан ғасырларға баратынының, артында қалған мұрасының өлмейтіндігінің айқын айғағы.\r\n\r\n \r\n\r\nЕкінің бірін көзге іле қоймайтын, паңдығы бір басына жетіп артылатын сырбаз қаламгер Ғабит Мүсірепов Сағатты ерекше бағалап, інілерінің бірі санап, салиқалы сұхбаттар бергеніне бәріміз де куәміз. Сағат асыл ағасы туралы қадау-қадау мақалалар да жазды. Сол дүниелер қазір ұлы қаламгердің ұлттық бейнесін көрсететін құндылыққа айналды.\r\n\r\n \r\n\r\nТекті адамдардың бірін-бірі жазбай танитынына тәнтімін. Мен осыған інімнің артында қалған мұрасымен танысып отырып тағы да көз жеткіздім. Сағат әсіресе үш ұлыны пір санапты, ардақ тұтыпты. Шығармаларын талдап, желісіне арқау болған алуан түрлі оқиғалардағы ұлттың ұлылығын, халқының қасиетін бір арнада тоғыстырып, биікке көтеріпті. Олар – данышпан Абай, ұлы Мұхтар Әуезов, қара сөздің хас шебері Ғабит Мүсірепов.\r\n\r\n \r\n\r\n“ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ халқы сана-сезімі оянуының бұрқ еткен ең айқын көрінісі – Абай поэзиясы. Ұлттық сана-сезім оянуының басы Абай…”, – дейді Сағат. Дұрыс айтады.\r\n\r\n \r\n\r\nКемеңгер Мұхтар Әуезов туралы: “Кезінде Белинский Пушкинді Байронмен, не соңғысын алдыңғысымен салыстыру рабайсыз деген ғой. Сондықтан да Н.Погодин­нің: “Әуезов – қазақтар үшін екінші Абай, біз үшін Шығыстың Шолоховы”, – деген сөздері орынсыз-ақ. Мұнда пәлендей терең ой жатқан жоқ. Шындығына келгенде, Әуезов пен Шолохов творчествосы екі бөлек ұланғайыр дүниелер. Шығармашылық лабораториясы ұқсамаған жазушыларды бір-бірімен салыстыру қалай десек те көңілге қонбайды. Екіншіден, Әуезов Абай жетпеген биікке көтерілді. Абай айтпаған кең тынысты ойлар айтты, яғни ұстаздан шәкірті озды. Әуезов өз ұстазын қайталамағандықтан ғана ұлы. Және Әуезов Шығыстың Шолоховы еместігін, Шығыстың ұлы екендігін дәлелдеп берді, өзі соның жарқ еткен жарқын көрінісі бола білді. Олай болса, кейде жоғарыдағыдай бір жақты пікірлерге мәз болу жарасымсыз-ақ”.\r\n\r\n \r\n\r\nШынында, көп жұрт осы сөздің ақ-қарасын анықтамай, байыбына жетіп, пайымын аңғармай малданды. Мақтан етті. Бірақ ұлы қаламгер шыққан шыңға тұман іліп қойғанын аңғармады. Сағат сол тұманды парасаттылықпен, ойлылықпен ысырып тастады. Тума талантты, даусыз дарынды өз тұғырында қалдырды. Солай таныды. Оны ол кезде көбіміз біле қойғамыз жоқ. Осының өзінен-ақ сыншы Сағаттың кең құлашты, кемел ойлы екенін көруге болады. Көп айтты болды демей, өзінің байламын күмілжіп-кібіртіктемей, күнге бағып күлбілтелемей анық айтқан Сағатқа қалай риза болмайсың. Советтік дейтін заманда, жұрттың үнемі жоғарыға қарап, жалтақтап сөйлейтін уақытында, Сағаттың дәл осылай батыл, сенімді сөйлеуі шынында да батырлық еді.\r\n\r\n \r\n\r\nСонау ықылым заман, көне тарихтан бастап, Пушкин, Абай, Байрон, Толстой, Дос­тоевский, Гете, Данте, Бунин, Әуезов, Хемингуэй, Маркес шығармаларын зерделей отырып бүгінгі қазақ прозасы мен поэзиясының хал-ахуалы төңірегінде ой тербеуі Сағаттың деңгейінің қаншалықты биік болғандығының айқын дәлелі. Білу бар да, оны әдебиеттің әжетіне жарата білу бар ғой. Сағат терең білімін туған әдебиетінің мұратына арнай білді. Бұл шындықты да мойындау қажет. Асылы, әде­биет әлемін еркін игеру Сағат секілді санаулылардың ғана еншісіне жазылған. Әйтпесе бізде білмей тұрып білгішсінетіндер аз емес.\r\n\r\n \r\n\r\nБұл аз десеңіз, Сағат Мұхтар Әуезовтің дарын, қарымын орыс әдебиетін былай қойып, Еуропа әдебиетімен иық тірестіре алатынын, тіпті жоғары тұрғанын риясыз дәлелдейді. “Орыс әдебиетшілері осынау әдебиетті ХІІ ғасырда туған “Игорь полкі туралы жырдан” “Тынық Донға” дейінгі аралықта алып сөз етіп жүр. Ал, біз әдебиетіміздің алтын бастауы саналатын V-VІІІ ғасырлардағы Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінен Әуезовтің “Абай жолына” дейінгі кезеңдер бойынша алып қарай­тын болсақ, жалпы әдебиетіміздің даму тарихының тым әріден басталатындығын көруге болады. Біздің көркемдік ой-санамыздың даму тарихы әріден басталатындығы зор мақтаныш! Осындай терең арналы әдебиетте Әуезов өзіндік үнімен қалмақ. Егер батыс әдебиетшілері Әуезовті шығыстағы Бальзак, Мопассан, тағы басқа деп жатса, мүлде қисынсыз пікір болар еді. Ол осы халыққа көрсетілген рухани сый-құрмет емес, мүсіркеушіліктен туған жадағай пікір екені дәлелдеуді қажет етпейді”. Көріп отырғанымыздай, сыншы Әуезовтің ұлы екенін, әлемдік әдебиеттің асқарлы шыңдарының бірі екенін дәлелдейді.\r\n\r\n \r\n\r\nСағаттың бұл сөзінің астарында елдік рух жатыр. Астарлы сөз, қырағы ой жатыр. Тәуелсіздік тұсында бәріміз айтып жүрген, біз ешкімнен кем емеспіз, ұлы десең ұлыларымыз бар, дана десең даналарымыз бар, иық тірестіріп, сөз жарыстыра алатын алыптарымыз да бар дегенді Сағат орда бұзар отызында-ақ айтып кетті. Қамшының сабындай қысқа ғұмырында бәрін қалай орын-орнымен айта білген десеңізші! Бейсекең бастап, мен қоштап зерттеген әдебиетіміздің ерте дәуірі жайында, байтақ эпостарымыздың құдіреті жайында көп білгісі келіп, құмартып ұзақ әңгімелескеніміз әлі есімде. Ғажайып эпостарды, дастандарды, құдіретті күйлерді, тамылжыған әндерді дүниеге әкелген қазақтың осы ұлы мұраларын әлі күнге дейін әлемге танытып, мойындата алмай жүргеніміз аянышты әрі өкінішті-ақ.\r\n\r\n \r\n\r\nМені Сағаттың ерекше алғырлығы мен алымдылығы таңдандырады. Ол жап-жас кезінде-ақ аталы сөз айта білді. Ол тағы бірде былай деп жазады: “Жалпы, Абай өмірі, Абай заманы төрт кітапқа арқау болды ғой деп, тарихи адамдарымыздың өмірінен міндетті түрде екі-үш немесе төрт-бес кітап жазуды “модаға” айналдырмаған жөн сияқты”. Бұнысы да боямасыз шындық. Әлем әдебиетінде Абай секілді алыптарды танытудың сан түрлі жолы бар. Оған мен бір мысал келтіре кетейін. Орыс әдебиеті Пушкинді әлі күнге зерттеп, зерделеп біте алмай жатыр. Бір қуанарлығы біз данышпан Абайдың да сондай қырларына дендеп ене бастадық. Мәселен, Мұхтар Әуезовтің “Абай жолы” эпопеясын ақ орда десек, әлгі жазылып жатқан, жазылатын еңбектер оның көркіне көрік қосатын ақшаңқан отаулар ретінде кең қанат жая береді. Әр нәрсеге еліктегіш халық екенімізді ескерсек, Абай жайындағы төрт томды оқығаннан кейін татитын, татымайтын көп томды тарихи романдар, қазақ әдебиетінде көбейіп кетуі мүмкін еді. Сағат орынды-ақ ескерткен.\r\n\r\n \r\n\r\nСағаттың Абай туралы мақалаларын оқысаңыз, ол ұлы ақынның өлеңдерін талдап қана қоймайды, алда атқарылар істі, әлі де тереңдете түсер тақырыптардың бар екенін еске салып отырады. Әсіресе ақынның гуманистік қасиет, адамгершілік және мораль мәселелеріне, Тәңір сөзінің астарында әділдік пен шындықтың жатқанына, дүниеде себепсіз ешнәрсе болмайтынына, жасандылық пен жалғандықтың ғұмыры ұзақ еместігіне талдау жасай келіп, бұл тақырыптар қазақ үшін мәңгілік дегенді меңзейді. Сағат шығармашылығының өн бойынан адамға сүйіспеншілік, өмірге іңкәрлік айқын аңғарылады.\r\n\r\n \r\n\r\nСағат Әшімбаев саналы ғұмырында қадірлеп өткен Ғабит Мүсіреповтің шығар­машылығын сөз еткенде, болмыстағы бояу мен атаудың сан түрлі болатынын, бірақ солардың түп атасы жеті түрлі, атап айтқанда ақ, қара, көк, жасыл, қызыл, қоңыр, сары дейді де, бұлардың бәрі қай заманда да өз түр-түсін сақтап келе жатқанын, өзгермейтінін ескертеді. Сөйтеді де ұлы Ғабең творчествосын полотно-палитрасына жатқызып, әлгі негізгі жеті бояудан жетпіс бояу жасағанын тілге тиек етеді. Өзі сын жазғанда жетпіс бояуды жеті жүз түрге жеткізіп, дүние жүзіндегі атақты жазушылардың шығармаларымен шендестіріп, жазушы шеберлігін алақанға салғандай ашып береді.\r\n\r\n \r\n\r\nАлаштың ардақтысына айналған Зейін аға – Зейнолла Қабдоловтың бір қанатты сөзі бар еді. Ол: “Әдебиет – ардың ісі” деген сөз. Сол ардың ісіне адалдық танытқан азаматтардың бірі – Сағат Әшімбаев. Оның әдебиеттегі сыншылығын бәріміз де жоғары бағаладық. Қазақ әдебиеті сынына алғаш философиялық бояу дарытқан да осы Сағат Әшімбаев болатын. Төл әдебиет сынымызда Сағат салған сара жол сайрап жатыр.\r\n\r\n \r\n\r\nСағат үшін сын жанры “біреуді мұқату” немесе “тізе батыру, ділмәрсу” емес, ұлттық ойлау мен танымның көкжиегін кеңейту, өрісін ұзарту болатын. Өнерге, шындыққа және әділеттілікке өліп-өшкен сүйіспеншілік жоқ жерде сын да, сыншы да жоқ. Ол “Ақиқатты айтқан айыпты емес, оны көріп тұрып көзін жұмып айналып өткен адам айыпты” деген қағидамен ғұмыр кешті. Жақсылыққа жаны құмар, жаңалыққа жүрегі құштар Сағаттың өмірлік ұстанымы, өзі айтқандай: “Жақсылықтан басқаның бәрі жалған, қайырымдылықтан өзгенің құны қара бақыр, сыйластықтан бөтен сымбатты нәрсе жоқ”. Жақсылықты, қайырымдылықты, сыйластықты ғұмыр бойы ту етіп ұстау көрінгеннің қолынан келе бермейді. Ұлттық болмысқа сыншылық тұрғысынан қарау кешегі данышпан Абайдан қалған дәстүр болатын.\r\n\r\n \r\n\r\nӘдебиет сыншысы болу дегеннің қиын екенін мойындамайтын адам жоқ. Менмін дегендердің талайының сыншы боламын деп сықпыртып жазғанмен, түйінін жасай алмай, алған тақырыбын аша алмай, шығарманы бағалай алмай орта жолда қалып қойғанын білеміз. Ендеше, сыншылық – кез келген әдебиетшінің өресі жете бермейтін, нағыз таланттарға ғана бұйыратын болмыс. Сағат соны бойына біткен дарынымен бағындыра білді, сыншылықты ұшан-теңіз білімімен бағындырып, құйрық жалы сүзілген сұлу торы аттай топты жарып, шашасына шаң жұқтырмай өмірден өтті. Оның сын мақалаларына ой жүгіртіп қарасаңыз, әдебиет сынына барудың өзінің сын әрі батырлық екеніне және Сағаттың сыншы болмауы мүмкін емес екеніне көз жеткізесіз.\r\n\r\n \r\n\r\nКезінде бәріміз де табынып, бүгінде көбіміз ауызға ала бермейтін, айналып өтуге тырысатын Маркстің, Энгельстің, Лениннің, өзге де әлем ойшылдарының еңбектерін әдеби шығармалардағы оқиғалармен ұштастырған тұстары, тіпті керемет жатық оқылады. Әлгі даналармен өрбітіп ой жарыстырады. Оқып қана қоймайсың, ақын-жазушылардың романдары мен повестерінен, өлеңдері мен поэмаларынан мол мағлұмат алып, танып-біліп, ондағы терең тағылымдарға таңдай қаға сүйсінесің. Кейде Сағаттың сын мақалаларынан кейін сондай шығармаларды оқуға ұмтылатын да кездерің аз болмайды. Ол әдебиетке биік талап тұрғысынан қарады, талап қоя да білді.\r\n\r\n \r\n\r\nСағаттың мақалаларын оқып отырған кезде әдебиет әлемін аралағандай ерекше әсер аласыз. Өйткені, ол туындыларын тар шеңбермен шектеп қоймай, небір әлемдік құнды еңбектерді дәлел-дәйекке келтіріп, қаламгерлердің шығармаларын жан-жақты салыстырып, салмақтап барып түйін жасайды. Сонда аз ғұмырының ішінде осыншама рухани құндылықтарды қалай оқып үлгерді екен, қалай көңіліне түйіп, санасына сыйғызды екен деген ойға қаласың.\r\n\r\n \r\n\r\nКөбіміз айтып жүретін бір сөз бар. Ол ерте кеткен талант өз жалынына өртеніп кетті ғой дегенге келеді. Мен осы сөзді Сағатқа қаратып айтуды жөн көріп отырмын. Ол қашан көрсең жалын боп жанып, от болып өртеніп жүретін. Ұлт дегенде, тіл дегенде қолды-аяққа тұрмай кететін. Жұмыр жердің бетіндегі ұлтын сүйген ұлылардың біраз мақалаларын аударғаны да есімізде. Соларға бүгін үңіліп қайта қарасам, аудару үшін аудармаған екен. Ұлтын сүйген азамат сол ұлтына әлемдік дәрежедегі қаламгерлердің озық ойын жеткізуді мақсат тұтыпты. Мысалы, И.Эренбургтің “Пабло Пикассо шығармаларының сыры” деген мақаласының аудармасында ұлы суреткердің бүкіл өмірін қазақ оқырмандарына таныстыра отырып, оның “Мен іздеймін, мен табамын” деген сөзіне ерекше назар аударады.\r\n\r\n \r\n\r\nСағаттың өзі де өміріне осы сөзді бағыт-бағдар етіп алады. Оған оның аз ғұмырында артында қалдырған мол мұрасы дәлел. Сол секілді авар ақыны Расул Ғамзатовтың “Әнім де, жырым да сен – туған елім!” деген мақаласын 1972 жылы аударып жариялапты. Осындағы ақын сөзіне қарап отырсаң үйренер үрдіс көп-ақ екен. Біз соны кезінде біле алдық па, біле алмадық па, білмеймін. “…Орыс ақынын орыс тілінсіз, авар ақынын авар тілінсіз тіпті көз алдыма елестете алмаймын… Біз қанша шырқатып, жаңа да әсем әндер айтқанымызбен, жас кезімізде санамызға ана сүтімен сіңіп қалған бесік жырларын ешуақытта ұмытуға, естен шығаруға тиіс емеспіз”, деген ақын сөздерін дәл осы күндері бүкіл қазақ айтып жүр. Ал оны Сағат сол қырық қатпарлы саясаты бар Кеңес заманында қазақ оқырмандарының керегіне жаратыпты.\r\n\r\n \r\n\r\nСағат үнемі ой үстінде жүретін. Санасын сансыратқан сан сауалдарға жауап іздеп сенделіп, саналы ғұмырын оқырмандардың көз алдында өткізді.\r\n\r\n \r\n\r\nӘдебиет әлеміндегі жақсыға жаны қуана, жаманға жирене қарайтын, алғыр ойлы азамат алпысыншы жылдардың орта шетінде “синкретті өнер” теледидар саласына ден қоя бастады. Сол алғашқы “Жүректен қозғайық” телехабары кеңге құлашын жайып, кемелдене келе “Парыз бен қарызға” ұласты. Ол қазақ теледидарында қазақ зиялыларының басын қосып, осы “Парыз бен қарыз” бағдарламасында енді айтпауға болмайтын сөздерді айтты. Айтулы ақындарды, мен мендеп қаламын қару еткен жазушыларды, танымал ғалымдарды бір үстелдің басына жинап, олардың ел, ұлт туралы толғақты ойларын халыққа жеткізді. Ол кезде бұл кез келген кісінің қолынан келмеуші еді. Ол үшін жүрек, батылдық, намыс, өрелі ой керек еді. Сағаттың бір басында осының бәрі де болды. Алмағайып заман тұсындағы небір оқиғаларды тақырыпқа арқау етіп алып, соның желісіне ұлттың мүддесін, тілін, ділін, дінін сыналап болса да кіргізіп отырды. Үрейленген, үрейі ұшқан кейбіреулер бұра тартып жатса, өзінің ақыл-парасатымен “бұғалық” салған асаудай райынан қайтарып, ырқына көндіріп, әңгіменің желісіне түсіріп жіберетін.\r\n\r\n \r\n\r\nСағат перзенттік парызға, азаматтық қарызға келгенде адалдықтың ақ туындай жел­біреген айрықша адам еді. Ұлттың ұлы мұраттарына ұмтылудың үздік үлгісін көрсетіп кеткен Алаш ардақтыларының қатарында Сағат Әшімбаев есімі ерекше аталады. Тәуелсіздік таңының атқанын көре алмай кеткен арда азамат арамызда жүрсе ордалы ойларымен жасына жетпей-ақ халқының абызына айналар еді. Арман-ай десеңші, амал не!..\r\n\r\n \r\n\r\nШыны керек, Сағат сол “Парыз бен қарыз” арқылы ұлтымыздың ұйқылы-ояу санасын оятты. Теледидардан да ел үшін деп тепсініп тұрып пікір айтуға болатынын дәлелдеді. Мұны да мен Сағаттың ерлігі дер едім. Халқы алдындағы парызын өтеп, қарызын қайтарған азамат болса осы Сағаттай-ақ болсын. Менің бұл пікіріме қалың жұртшылық қосылады деп ойлаймын. Көп азаматтар басшылық жұмыста жүреді. Бірақ олар елдікке келгенде бір “пәлеге” ұрынып қалармын деп жалтақтап, өзінен жоғарының алдында кішірейіп, жалпақтап жүретінін талай көргенбіз. Сағат ол топтан емес еді. Желкесіндегі кірпік қақпай қадалып тұрған қарауылға қарамай, ел дегенде, қазақ дегенде қиын жердің өзінен жол тауып кететін еді. Сөйтіп, Сағат азамат ретінде, адам ретінде жұртын жорадан құр қалдыр­майтын. Несін жасырайық, сұрқай саясаттың сойылын соғып жүріп көбіміз оның алысқа шабатын тұлпар екенін, биікке ұшатын сұңқар екенін біле тұра баптай да, аялай да алмай қалдық. Желтоқсан көтерілісі тұсында аяулы Сағат біраз әуре-сарсаңға түсті, азап шекті. Қайыспайтын емендей боп қатайды. Күнделігіне моншақтай тізіліп түскен: “17-18 декабрь! 1986 жыл. Мен бұл күндерді ұмытқан күні ұлт намысы деген ұғымды да ұмытатын шығармын. Ал оны ұмытқан жерде барыңнан да жоғың жақсы” деген сөздер осы ойымызға айқын дәлел бола алады.\r\n\r\n \r\n\r\nҰлт намысы дегенде жанын салатын, көкірегі қарс айырылатын. Дүниеде сызат пайда болса ол міндетті түрде ақынның жүрегі арқылы өтеді деген сөз бар. Сол сияқты Сағат та бәрін болмысымен, жан жүрегімен қабылдайтын. Асыл мұраттар жолында арпалысып, жұдырықтай жүрегінен жұмыр жердің қайғысын өткізгендей болып күйіп-жанып жүретін мінезіне оның ет-жүрегі шыдай алмады. Советтік дәуір делінетін кезеңдегі ұлтқа жасалған қиянатқа төзе алмай жанып кетті. Сағаттан айырылған күні мен ең жақынымнан айырылғандай болдым.\r\n\r\n \r\n\r\nСағаттың жаратылысы бөлек еді. Тасты жарып шыққан мөлдір бұлақтай еді, қылауы жоқ сынаптай, жаны нәзік тербелген құрақтай еді. Асыл еді, жанымызға жақын еді, табиғатынан ақын еді. Сыншының тереңі, әділі еді. Ақ сөйлеуші еді, тумысынан таза еді, пенделіктен ада еді. Аузын ашса жүрегі көрінген ақкөңіл еді, маңдайға сыймай кетті. Әлі күнге дейін өз тарихымызға өзіміз ие бола алмай жүрген, аз жақсысын өзгеден емес, өзімізден қызғанатын ел емеспіз бе, біз Сағатқа тірісінде ие бола алмай қалдық, оны сақтап қала алмадық. Адамды тірісінде бағалай алмайтын енжарлығымыздан біз Сағатты да тірісінде бүгінгідей тани, бағалай алмадық. Ақкөңілділігін пайдаланып, оны да азғырушылар, адастырғысы келушілер табылды. Сағаттың Хан Тәңірісінің етегінде туған жыр Тәңірісі Мұқағали жайындағы мақаласы сондайлардың кінәсінен жазылған еді деп ойлаймын. Осының бәрі кейінгіге сабақ болғаны жөн. Әсіресе біз, ұлтымыздың келешегі жастарға абай болуымыз керек. Олардың санасына қылау түсірмеуіміз керек. Олар түзу өсуі керек. Ел түзу болсын десек, жастарымыздың түзу өсуіне ерекше мән беруіміз керек.\r\n\r\n \r\n\r\nСағат тәуелсіздікті көре алмай кетті, жете алмады. Содан бергі он алты жыл ішінде ел-жұрты Сағатын жадынан еш шығарған жоқ, шығармайды да. Артында қалған мұраларын әлденеше рет жаңғыртып басты. Оны жоғарыда келтірдім. Осындайда менің ойыма данышпан Абайдың “Өлді деуге бола ма ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған” деген аталы сөзі оралады. Сағат аз ғұмырында артына өлмейтін, өшпейтін мол мұра қалдырды. Жалындап жанып тұрған от еді. Айналасына шуағын шашып, нұрын төгіп жүретін. Академик Зейнолла Қабдоловша айтсақ: “мінезі мен мүсіні, мазмұны мен пішіні, болмысы мен бітімі бөлек еді. Сағат екінің бірі емес, бірегейі еді. Ақ тілеуі ел үстінде жүретін. Іздегені – ізгілік, жақсыларға жанаса жүретін”. Ол өмірден өтсе де оған деген халқының сағынышы басылған жоқ, басылмайды да. Сағаттан қалған ой, Сағаттан қалған өнегені ешкім тарихтың еншісінен бөліп ала алмайды. Қазақ әдебиеті барда, сол әдебиеттің алыптары мен ардақтылары, саңлақтары мен сарбаздары барда сын жанрының сардары Сағат Әшімбаев та бар. Қазақ сыни ойының дамуында да Сағаттың шығар өз төрі бар. Енді ешқашан өлмейтін оның байтақ өмірі басталды. Сағат туған халқымен, туған әдебиетімен бірге жасай береді.\r\n\r\n \r\n\r\nМен асыл інім туралы сөзімді Әбдіраштың Жарасқанының мына бір жыр шумағымен аяқтағым келеді:\r\n\r\n \r\n\r\nҚайран Сағат, жандың, сөндің, от едің,\r\n\r\nПарызың мен қарызыңды өтедің.\r\n\r\nКүллі қазақ баласына өзіңді,\r\n\r\nӨміріңді өлмес үлгі етемін!\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nАвторы: Мырзатай ЖОЛДАСБЕКОВ.

Сәтбаев Қаныш Имантайұлы

0

Сәтбаев Қаныш Имантайұлы (1899-1964) – аса көрнекті қазақ геологы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұнғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалаушы. Туған жері – бұрынғы Семей губерниясының Павлодар үйезіндегі Аққелін болысы (қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданы).

\r\nГеологиялық барлау мамандығы бойынша Томск технологиялық институтының тау-кен факультетін бітіріп келгеннен кейінгі Қ.Сәтбаевтың бүкіл өмірі Қазақстанның минералдық ресурстарын және рудалық кендер генеологиясын зерттеуге арналған. Оның геологиядан басқа ғылымдардан да, мәдениет саласында да, тарихта да қалдырған ізі сайрап жатыр. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталуға тақағанда, жағдайдың аса қиын ауырлығына қарамастан, Қазақ КСР Ғылым академиясының ұйымдастыру жұмысына басшы болып, оның ісіне бел шеше араласуы ұлыларға тән көргендіктің белгісі еді. Оның қалдырған ғылыми бай мұраларының ішінде, әсіресе, Жезқазған кені туралы зертеулерінің, Сарыарқаның металлогендік және болжам карталары жөніндегі еңбектерінің мәні ерекше. Жезқазғанның ірі мыс рудалы аудандар қатарына жатуы – кезінде осы кеннің жоспарлары түрде кең масшатбтағы барлау жұмыстарын ұйымдастыруға болатын ірі объекті екенін дәлелдеп берген Қаныш Сәтбаев еңбегінің нәтижесі. Сондай-ақ ол минералдық шикізатқа бай Сарыарқа, кенді Алтай, Қарағанды, Қаратау секілді аймақтарға да ерекше назар аудара зерттеп, олардың кендерінің стратиграфиясы, тектоникасы, құрлысы, металлогениясы, неохимиясы және шығу тегі туралы маңызды ғылыми қорытындылар жасады, ғылымға формациялық металлогендік анализдің кешендік әдісін еңгізді. Көптеген тәжірибелі мамандар қатыстырыла отырып, Қаныш Сәтбаевтың еңбегінің нәтижесінде Сарыарқаның металлогендік және болжам қарталары жасалды. Оны өндіріске ендіру арқылы Сарыарқа аймағында қара, түсті және сирек металдардың біраз жаңа кендері ашылды. Біраз кендерге бүтіндей жаңа өндірістік баға берілді.\r\nОл Қарағандыда металлургиялық завод салуда, Қостанай, Алтай темір және марганец, каратаудың фосфорит кендерін және осылар секілді көптеген ірі нысандарды игеруге, Ертіс-Қарағанды каналының қазылуына, біраз ғылыми-зерттеу институттарының ашылуына тікелей араласып, зор еңбек сіңірді, Қазақстан ғалымдарының зор армиясының ақылшысы, тәрбиешісі болды. Ол-геология ғылымына қатысты әлемдік, одақтық, қазақстандық түрлі дәрежедегі толып жатқан комиссиялардың, комитеттердің мүшесі, басшыларының бірі, бірнеше мәрте КСРО және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңестерінің депутаты, СОКП съездерінің делегаты, КСРО Министлер Кеңесі жанындағы Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі комитеттің президиумының мүшесі. Ол төрт рет Ленин орденімен, Екінші дәрижелі Отан соғысы орденімен марапатталып, КСРО Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтардың иегері болған. Оның есімі институттар мен кенметаллургия комбинаттарына, Қазақстан қалаларының көшелеріне, мектептер мен шаруашылық аттарына берілген. Сондай-ақ Алатаудың бір шыңы мен мұздағы, Қаратаудағы ванадий кенінің рудасынан табылған бір минерал (сатбаевит) оның атымен аталады. Оған арналған бірнеше мұражайлар бар.

«Түркі әлемі: тұлғалар тағылымы» атты халықаралық ғылыми конференция

0

 27-28 қазан күндері Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен Бейбітшілік және келісім сарайында «Түркі әлемі: тұлғалар тағылымы» атты халықаралық ғылыми конференция өтеді. \r\n\r\nБұл туралы Түркі академиясының баспасөз қызметінен хабарланды.\r\n\r\nТоқтала кететін жайт, Халықаралық Түркі академиясы түркі әлеміне ортақ тұлғаларды ұлықтауға ұдайы көңіл бөліп келеді. Бұған дейін қырғыздың белгілі жыршысы әрі ақыны Тоқтағұл Сатылғановтың 150 жылдық мерейтойына және түрікмен халқының тегеуірінді ақыны Махтымқұлы Пырағының туғанына 290 жыл толуына орай конференциялар өткізгені мәлім. Бұл жолы ұйымдастырылғалы отырған шара түркі әлемінің бірлігі жолында қызмет еткен қайраткерлер — Исмаил Гаспралы, Алибек Хусейнзаде, Мамед Эмин Расулзаде, Тұрар Рысқұлов пен Сұлтанбек Қожановқа арналып отыр.\r\n\r\n«Тілде, пікірде, істе бірлік» идеясын өмірлік ұстаным еткен, түгел түркіге тараған «Тәржіман» газетін шығарған қайраткер, алаш ардақтылары ұстаз тұтқан қырымдық Исмаил Гаспыралының  дүниеден озғанына биыл 100 жыл болды. Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі Ұйымы (ЮНЕСКО) 2014 жылды аталған қоғам қайраткері, әйгілі ағартушыны еске алу жылы деп жариялады.\r\n\r\nБиыл сондай-ақ бауырлас әзербайжан халқының көшбасшылары — Алибек Хусейнзаденің туғанына 150 жыл, Мамед Эмин Расулзаденің туғанына 130 жыл толды. Қазақ халқынның біртуар ұлдары — Тұрар Рысқұлов пен Сұлтанбек Қожановтың 120 жылдық мерейтойлары да аталған даталармен тұспа-тұс келіп отыр.  \r\n\r\nСондықтан алқалы жиынға Қазақстанмен қатар, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Ресей, АҚШ, Моңғолия, Жапония және т.б. елдердің ғалымдары, қоғам қайраткерлері мен зиялылары қатысып, түркі әлеміне ортақ тұлғалар туралы баяндамалар жасайды. \r\n\r\nКонференцияның мақсаты — исі түркіге ортақ, ағарту саласында өшпес із қалдырған, азаттық үшін күрескен, түркі халықтарының бірлігін бекемдеу жолына өмірлерін арнаған тау тұлғалардың есімдерін бауырлас халықтар мен жас буынға насихаттау.  \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nАвтор: Қанат Мәметқазыұлы\r\n\r\nДерек көзі: ҚазАқпарат

Атом және атом ядросы. Резерфорд тәжірибесі. Атомның ядролық моделі

0

Атом және атом ядросы

\r\n

§ 7.1 Резерфорд тәжiрибесi. Атомның ядролық моделi

\r\nБарлық заттар бөлiнбейтiн аса ұсақ бөлшектерден – атомдардан тұрады деген ұғым ерте қалыптасқан болатын. Егер атом шындығында заттың бөлiнбейтiн алғашқы кiрпiштерi болса табиғаттағы кездесетiн сан алуан заттарға сан алуан атомдар сәйкес қойылуы тиiс. Бұлай болуы бiр жағынан күмән туғызады.\r\n\r\nФизика ғылымының дамуы барысында ХIХ ғасырдың аяғына қарата атомның қасиеттерiне байланысты жаңа тәжiрибелiк деректер жинала бастады. Мысалы М.Фарадей 1833 жылы электролиз құбылысын зерттеу барысында электролит ертiндiлерiндегi ток иондардың реттелген қозғалысы екенiн анықтады. Ал 1897 жылы Дж.Томсон сиретiлген газдардағы электр разрядын зерттеу барысында қыздырылған немесе ультракүлгiн жарықпен сәулелендiрiлген кез-келген химиялық элементтiң атомы өзiнен терiс зарядталған бөлшектердi шығатынын анықтады. Осылай алғашқы элементар бөлшек – электрон ашылды. Атом құрлысының күрделiлiгiне нұсқайтын тағы бiр бұлтартпас факт 1869 жылы орыс ғалымы Д.И.Менделеев ашқан химиядық элементтердiң периодтылық заңы. Атомдық масса өскен кезде элементтердiң қасиеттерiнiң қайталануын атомның құрамына кiретiн бөлшектердiң саны өскен кезде оның iшкi құрылымының қандай да бiр ерекшелiгiнiң қайталануымен түсiндiруге болатындай.\r\n\r\n§ 7.2 Бор постулаттары. Бор жасаған сутегi атомының моделiОсы тұрғыдан атом құпиясына тереңiрек үңiлiп, оның жаңа бiр моделiн ұсынған ғалым ағылшын оқымыстысы Э.Резерфорд болатын. Ол өз тәжiрибелерiнде аса шапшаң α-бөлшектер жұқа алтын фольгадан шашыраған кездегi бұрыштық таралуын зерттей келе атомның планетарлық моделi деп аталатын моделiн ұсынды. Резерфордтың бұл моделi бойынша атомдағы оң зарядтар Томсон моделiндегiдей бүкiл көлемде таралмай, керiсiнше, оның орталығында жинақталады. Оны атом ядросы деп атайды. Ал электрондар болса Күн жүйесiндегi планеталар тәрiздi ядроны айнала қозғалып жүредi (7.2 — сурет). Электрондардың массасы аса аз болғандықтан атомның бүкiлдей дерлiк массасы ядрода шоғырланған. Ядроның өлшемi атомның өлшемiмен салыстырғанда шамамен 105 еседей кiшi.Атомды күрделi жүйе деп ұйғарып, оның алғашқы моделiн ұсынған ғалым – Дж.Томсон. Томсон моделi бойынша атом дегенiмiз радиусы шамамен 10-10 м болатын шар. Бұл шардың бүкiл көлемi оң зарядталған, ал терiс зарядталған электрондар оның iшiнде су тамшысының iшiнде жүзiп жүрген түйiршiктер тәрiздi қозғалып жүредi (7.1 — сурет) . Томсон моделi атомның бiрқатар қарапайым қасиеттерiн сәттi түсiндiргенiмен көп жағдайда қиыншылыққа тiрелетiн.\r\n\r\nАтомның ядролық моделi α-бөлшектердiң жұқа алтын фольгадан шашырауын дұрыс түсiндiргенiмен екiншi жағынан басқа қиындыққа жолықты. Оның мәнiсi мынада болатын. Классикалық электродинамика заңдары тұрғысынан атомның планетарлық моделi тәрiздес жүйелер орнықты болмауы тиiс едi. Себебi, электрон ядроны айнала үдей қозғалатын болғандықтан өзiнен электромагниттiк сәуле шығаруы тиiс. Ал бұлай сәуле шашу оның энергиясын кемiтедi де соның салдарынан электронның айналу радиусы бiрте-бiрте кемiп, түбiнде ол ядроға құлап түсуi тиiс болатын. Бiрақ тәжiрибе бұған мүлдем керi нәтиже бередi. Атом орнықты жүйе және ол қозбаған күйде болса өзiнен ешқандай да сәуле шығармайды.\r\n\r\nТеория мен тәжiрибенiң арасындағы осындай қарама-қайшылықты шешу жолында ғалымдарға бiраз тер төгуге тура келдi. Бұл бағыттағы зерттеулер барысында алғашқы елерлiктей табысқа дат ғалымы Нильс Бор жеттi. Ол классикалық физиканың атомдық жүйеге қатысты барлық көзқарастарын қайта қарай келiп, оның атомдарға қатысты жаңа тәжiрибелiк деректердi түсiндiруде дәрменсiз екенiне көзi жеттi. Бұл жерде классикалық физика ұғымдарының ауқымынан тысқары шығу қажет болатын. Нильс Бор 1913 жылы солай жасады да, ол атомның жарықты шығаруы мен жұтуы жөнiндегi өзiнiң түсiнiгiн мынадай екi постулат түрiнде тұжырымдады :\r\n

    \r\n

  1. Атомдар, тек стационарлық күйлер деп аталатын қандай да бiр күйлерде ғана бола алады. Бұл күйдегi электрондар ядроны айнала үдей қозғалғанымен өзiнен сәуле шығармайды.
  2. \r\n

  3. Сәуле шығару немесе жұту тек бiр стационарлық күйден екiншi стационарлық күйге өткен кезде ғана болады. Ал шығарылған немесе жұтылған сәуленiң жиiлiгi мына шарттан анықталады
  4. \r\n

\r\nhv=En— Em\r\n\r\nМұндағы En және En осы стационар күйлердiң энергиясы, ал h – Планк тұрақтысы.\r\n\r\nАтомдардың энергетикалық күйлерiн энергия деңгейлерi арқылы белгiлеп, сәуле шығару және жұту үрдiстерiн көрнектi түрде көрсету ыңғайлы.\r\n

§ 7.3 Франк және Герцтiң тәжiрибелерi

\r\nСутегi атомы үшiн есептелген спектрлердiң тәжiрибе нәтижесiмен сәйкес келуi Бор теориясының үлкен табысы едi. Бiрақ бұл әлi де стационар күйлердiң болатындығының, атом энергиясының квантталатынының айқын дәлелi емес-тiн. Атомның энергетикалық күйiнiң дискреттi болатынын алғаш рет дәлелдеген тәжiрибе – Дж.Франк және Г.Герц тәжiрибесi. 1913 жылы орындалған бұл тәжiрибеде электрондардың сынап атомынан шашырауы зерттелген болатын.\r\n

§ 7.4 Шығару және жұтылу спектрлерi. Спектр түрлерi. Спектр аппараты

\r\nИнтерференция, дифракция және дисперсия тәрiздi құбылыстар кезiнде ақ жарықтың бiрнеше түске жiктелетiнi тәжiрибеден белгiлi. Дисперсия құбылысын пайдалана отырып, Ньютонның ақ жарықты жiктегенiн бiлемiз. Тәжiрибе жалпы спектрлердi мынадай бiрнеше топқа бөлуге болатынын көреттi : тұтас спектр, сызықтық сектр жiне жолақты спектрлер.\r\n\r\nТұтас спектрдi қатты дене, сұйық және сығылған газды жоғарғы температураға дейiн қыздырған кезде бередi. Тұтас спектр шартты түрде жетi түске бөлiнедi : қызыл, оранж, сары, жасыл, көгiлдiр, көк және күлгiн. Бұл түстердiң арасында айқын шекара жоқ. Бiр түс екiншi түске бiрте-бiрте өтедi. Спектрдiң тұтас болуы оның құрамында барлық толқын ұзындығындағы жарықтың бар екенiн көрсетедi. Бұлай болуының басты себебi жарық шығарып тұрған атомдар бiр бiрiмен күштi байланыста. Осы күштi байланыстың салдарынан әрбiр атом шығарған монохроматты жарықтар ұйытқып, бiр-бiрiмен тұтасып кетедi.\r\n\r\nСиретiлген газды жоғарғы температураға дейiн қыздырып, спектроскоп арқылы қарасақ жiңiшке сызықтардан тұратын спектрдi байқаймыз. Мұндай сызықтық спектрдiң байқалуы жарық шығарып тұрған зат осы сызықтарға сәйкес келетiн жиiлiктегi ғана жарықты шығарып тұрғанының дәлелi. Бұл спектрлердi газдың жекелеген атомдары шығарады. Газ жақсы сиретiлген болғандықтан оаның атомдары бiр-бiрiмен әсерлеспейдi десе де болады. Ал мұндай сызықтық спектрдiң болуы және бұл сызықтарға сәйкес келетiн жиiлiктiң мәнi Бордың теориясынан анықталады.\r\n\r\nЕгер жарық шығарып тұрған газдың тығыздығын бiрте-бiрте арттыратын болсақ, онда спектр сызықтарының енi бiрте-бiрте артып, тұтасып кетедi.\r\n\r\nТағы бiр байқалатын спектрдiң түрi жолақ спектрлер. Олар аралары бiр бiрiнен бөлiнген енi едәуiр үлкен жолақтардан тұрады. Ажыратқыштық қабiлетi жоғары спектроскоптың көмегiмен жеке жолақтарды бажайлап қарайтын болсақ, олардың өте тығыз орналасқан жеке сызықтардың жиынтығы екенiне көз жеткiзуге болады. Сызықтық спектрлердi жеке атомдар беретiн болса, жолақ спектрлердi бiр-бiрiмен байланыспаған немесе әлсiз байланысқан молекулалар туғызады.\r\n\r\n§ 7.5 Жарықтың кванттық көздерi. ЛазерлерСызықтық спектр оны шығарып тұрған атомның құрлысымен тiкелей байланысты. Ал әрбiр заттың атомы бiр-бiрiнен ерекше, олай болса әрбiр заттың беретiн спектрi де ерекше. Бұл белгiсiз заттың спектрiн зерттей отырып, оның химиялық құрамын анықтауға мүмкiндiк бередi. Бұл әдiстi спектрлiк сараптау деп атайды.Осы кезге дейiнгi қарастырғанымыз жарықтың шығару спектрлерi (7.3 — сурет). Жарықты атомдар тек белгiлi жиiлiкте шығарып қана қоймайды, сонымен қатар осындай жиiлiктерде жұтады да. Мысалы ақ жарықты температурасы төмен, өзiнен жарық шығарып тұрмаған газ арқылы жiберетiн болсақ, жарықтың үздiксiз спектрiнiң бетiнде қара сызықтар пайда болады. Бұл жұтылу спектрлерi (7.4 — сурет).\r\n\r\nХХ ғасырдың екiншi жартысындағы физиканың iрi табыстарының бiрi оптикалық кванттық генератор, немесе басқаша айтқанда лазердiң ойлап табылуы. «Лазер» деген сөз ағылшынның «Light Amplificatoin by Stimulated Emission of Radiation» деген сөйлемiнiң алғашқы әрiптерiнен алынған (LASER). Бұл «мәжбүрленген сәуле шашудың көмегiмен жарықты күшейту» дегендi бiлдiредi. Мәжбүрленген сәуле шығару үрдiсi лазелердiң физикалық негiзi болып табылады.\r\n\r\nАтомдардағы электрондардың бiр деңгейден екiншi деңгейге еркiн өткен кездегi сәуле шығаруын өз еркiмен немесе спонтанды сәуле шығару деп атайды. Атомдар бұл жағдайда сәуленi бiр-бiрiнен тәуелсiз шығаратын болғандықтан ол сәуле толқындары когеренттi болмайды.\r\n\r\n1916 жылы А.Эйнштейн, атом электрондарының жоғарғы деңгейден төменгi деңгейге өте отырып өзiнен сәуле шығаруы бұл атомға сырттан әсер ететiн электромагниттiк өрiстiң әсерiнен де болу мүмкiндiгiн болжады. Мұндай сәуле шығаруды мәжбүрленген немесе индуцирленген сәуле шығару деп атайды.\r\n\r\nЕгер сыртқы өрiстiң жиiлiгi қозған атомның өзiндiк жиiлiгiмен сәйкес келсе, онда резонанстық эффекттiң салдарынан мәжбүрленген сәуле шығарудың ықтималдылығы күрт өседi. Яғни, жиiлiгi қозған атомның өзiндiк жиiлiгiмен дәл келетiн фотон осы атомның электронымен әсерлескен кезде ол атом қозған күйден төменгi энергетикалық күйге өтедi де бiр фотонның қасында жиiлiгi тура сондай екiншi фотон пайда болады. Бұл үрдiс бұдан әрi басқа атомдармен де қайталанып тасқынды түрде өтедi де жарық күрт күшейедi. Бұл жөнiнде мына жерден қарап көруге болады.\r\n\r\nЛазер сәулесiнiң негiзгi қасиеттерi оның аса жоғарғы монохроматтылығы, шашырамайтын сәуле түрiнде алу мүмкiндiгi және аса қуаттылығы.Әдетте жарық зат арқылы өткен кезде заттағы негiзгi күйде тұрған атомдар жарықты жұтады да, қозған атомдар өзiнен мәжбүрленген сәуле шығарады. Сондықтан жарық зат арқылы өткен кезде күшею үшiн заттағы атомдардың тең жартысынан көбi қозған күйде болуы тиiс. Заттардың мұндай күйi — деңгейлерi инверсиялы қоныстанған күй деп аталады (inversio – латынша «төңкерiлген» деген ұғымды бiлдiредi). Атомдар әдетте қозған күйде өте аз, 10-9 – 10-7 с уақыт ғана болатындықтан деңгейлерi инверсиялы қоныстанған күйлердi алу оңай шаруа емес. Бiрақ кейбiр атомдардың қозған күйде ұзақ, шамамен 10-3 с бола алатын күйлерi болады. Ондай күйлердi метатұрақты күйлер деп атайды. Осындай метатұрақты күйлерi бар заттарды жарықты күшейтуге қолданады. Алғашқы лазерлер ретiнде рубиннiң кристаллдары пайдаланылды. Ондағы атомдарды қоздыру үшiн рубин бiлiктi сыртынан импульстi түрде жұмыс iстейтiн, спираль шаммен орады. Шам жарқ етiп жанған кездегi шыққан энергияны рубин атомдары жұтып, метатұрақты күйлерге өтедi. Атомдарды бұлай қоздыру оларды үрлеу деп аталады. Бүкiл қозған атомдардың сәуле шығаруы бар болғаны 10-8 – 10-10 с уақытқа созылады. Осы кездегi жарық сәулесiнiң қуаты өте үлкен 109 Вт-қа дейiн жетуi мүмкiн. Бұл үлкен электростанциялардың қуатынан да үлкен.\r\n\r\nБүгiнгi күнде кристаллдардағы лазерден өзгеше, газдағы және сұйықтардағы (бояғыштардағы) лазерлер жасалған. Бояғыштағы лазерлердiң ерекшелiгi, олардың шығаратын сәулелерiнiң жиiлiгiн кең ауқымда өзгертудiң мүмкiндiгi бар.\r\n\r\nЛазерлер бүгiнгi күнде сан алуан салада қолданылады. Олар заттарды өңдеу, медицина және голография. Монохроматты когеренттi лазерлiк сәуленiң көмегiмен волоконды оптикада кабельдiк, телефондық және теледидарлық байланысты жүзеге асыруға болады. Тасымалдаушы жиiлiктiң аса жоғары (1013 – 1014 Гц) болуы бiр жарыққұбыры арқылы миллиардқа дейiнгi музыкалық хабарды немесе миллионға дейiнгi телехабарды бiрмезгiлде тасымалдауға мүмкiндiк бередi.\r\n\r\nБұл күндерi лазерлiк термоядролық синтездi жүзеге асыру мүмкiндiктерi зерттелуде.\r\n

§ 7.6 Зарядталған бөлшектердi бақылау мен тiркеудiң әдiстерi

\r\nБөлшектердiң қасиеттерiн қарастырғанда олардың бiр-бiрiмен әсерлесу сипатын бiлудiң және осы әсерлесу кезiндегi олардың сан алуан түрленулерiн т.с.с. зерттеудiң маңызы зор. Ол үшiн бiз оларды тiркеп, әрi бақылай бiлуiмiз қажет. Сондықтан, ядролық физиканың туындылап, даму кезеңiнен бастап-ақ бөлшектердi тiркеп, оны бақылаудың әдiстерi де қалыптаса бастады. Бұл бағыттағы алғашқы қолданылған әдiстiң бiрi фотоэмульсия әдiсi. Радиоактивтiлiк құбылысының өзi ядролық сәулелердiң фотопластинкаға әсерi негiзiнде кездейсоқ ашылған болатын. Бұл әдiс күнi бүгiнге дейiн элементар бөлшектер физикасында, ғарыштық сәулелердi зерттеуде кеңiнен қолданылады. Әдiстiң мәнi мынада: зарядталған шапшаң бөлшек фотоэмульсияның қабаты арқылы өткен кезде өзi өткен траекторияның бойында көрiнбейтiн iз қалдырады да бұл iз фотопластинканы өңдегеннен соң айқын траектория түрiнде көрiнедi. Қалдырған iздiң қалыңдығы және ұзындығы арқылы бөлшектiң зарядын және энергиясын анықтаудың мүмкiндiгi бар.\r\n\r\nЯдролық сәуле шашудың кез-келген түрiн тiркеу үшiн иондаушы камералар қолданылады (7.9-сурет). Иондаушы камераның жұмыс iстеу принципi Гейгер-Мюллер есептегiштерiнiң жұмыс iстеу принципiне ұқсас. Мұнда тек анод пен катодтың арасына берiлетiн кернеудiң шамасы аса үлкен емес. Сондықтан тiзбекте пайда болатын токтың шамасы аса аз. Оны арнайы күшейткiштердiң көмегiмен өлшеп, иондаушы бөлшектердiң қарқыны жөнiнде баға беруге болады.Шапшаң зарядталған бөлшектер мен γ-кванттарды тiркеуде Гейгер-Мюллер есептегiштерi қолданылады (7.8-сурет). Ол iшi өте аз қысымдағы (шамамен 0,1 атм) газ қоспасымен, мысалы аргон мен метил спиртiнiң буының қоспасымен толтырылған цилиндр трубкадан тұрады. Цилиндрдiң ортасында одан изолятор арқылы оқшауланған жiңiшке сым бар. Бұл жiңiшке сым анодтың, ал цилиндрдiң корпусы катодтың ролiн атқарады. Анод пен катодтың арасына аса жоғары кернеу берiлген. Есептегiштiң жұмыс көлемi арқылы зарядталған бөлшек өткен кезде ол өз жолындағы газ бөлшектерiн иондайды да, пайда болған электрон мен оң ион жоғарғы кернеудiң салдарынан туындылаған өрiстiң әсерiнен сәйкес анод пен катодқа қарата үдей қозғалады. Бұл бөлшектер өз кезегiнде жолында кездескен газдың басқа атомдарын иондайды, сөйтiп бұл үрдiс тасқынды сипат алады. Иондалған бөлшектер тасқыны анод пен катодқа келiп жеткенда тiзбек өте аз уақытқа тұйықталады да, бөлшек тiркеледi.Зарядталған бөлшектердi бақылауға мүмкiндiк беретiн тағы бiр құрал – көпiршiктi камера. Көпiршiктi камераны температурадасы өзiнiң қайнау температурасына өте жақын тұрған сұйықпен толтырады. Мұндай сұйық ретiнде әдетте сұйылтылған сутегi, пропан, ксенон т.с.с қолданады. Камера арқылы зарядталған бөлшек өткен кезде ол өткен жолдың бойындағы сұйық бөлшектерiнiң температурасы кенет артып, қайнайды да бу көпiршiктерi пайда болады. Ал оны жоғарыдағы Вильсон камерасындағыдай жолмен суретке түсiрiп алуға болады (7.7-сурет). Көпiршiктi камерадағы сұйықтың тығыздығы Вильсон камерасындағы газдың тығыздығынан әлде қайда артық болғандықтан мұнда аса дәл өлшеулер жүргiзудiң мүмкiндiгi бар.\r\n

§ 7.7 Табиғи радиоактивтiлiк. α, β, γ – сәуле шығару

\r\nҚұрамындағы протондар мен нейтрондардың саны әртүрлi болғанымен олардың қосындысы, яғни нуклондардың саны бiрдей болатын ядролар изобаралар деп аталады. Мысалы нуклондарының саны 10-ға тең болатын изобаралар мыналар : , және . Тәжiрибе, негiзiнен бiр массалық санға сәйкес келетiн бiрнеше изобарлардың тек бiреуi ғана орнықты болатынын көрсетедi. Мысалы жоғарыдағы изобарлардың iшiнен тек ғана орнықты. Атом ядросының орнықтылығын анықтайтын принцип мынау : ядро орнықты болу үшiн оның энергиясы осы ядро өз еркiнше өзгере алатын басқа барлық ядролардың энергиясынан аз болуы тиiс.\r\n\r\nИзобарлардың энергиясының әртүрлi болуы протон мен нейтронның массаларының әртүрлi болуымен және протонның электр заряды болуымен түсiндiрiледi. Мұндай энергиясы жоғары орнықсыз ядро өзiндегi артық энергиядан басқа орнықты ядроларға ыдырау арқылы немесе өз зарядын бiр бiрлiкке өзгерту арқылы құтылады. Орнықсыз ядролардың осылай өз бетiнше басқа ядроға өзгеруi радиоактивтiлiк деп аталады. Табиғатта кездесетiн изотоптардың радиоактивтiлiгi табиғи радиоактивтiлiк деп аталады. Ал зертханада ядролық реакцияның көмегiмен алынған изотоптардың радиоактивтiлiгiн жасанды радиоактивтiлiк деп атайды. Радиоактивтiлiктi табиғи және жасанды деп бөлу тек шартты түрде, олардың бiр-бiрiнен принципиальдi айырмашылығы жоқ. Мұндай түрленулердiң мысалы α-ыдырау және β-ыдырау болып табылады.\r\n\r\nАльфа-ыдырау деп берiлген ядроның өз еркiмен альфа-бөлшекке және ядро-қалдыққа мына түрдегi түрленуiн айтады\r\n\r\nАльфа-ыдырау кезiнде ыдырайтын (аналық) ядроның заряды екiге, ал массалық саны төртке кемидi. Тәжiрибе Zi82 болатын барлық ядролардың альфа-радиоактивтi екенiн көрсетедi. Мұның бiр мысалы ядросы. Бұл ядроның альфа ыдырауының нәтижесiнде альфа бөлшектi және торий ядросының изотопын аламыз\r\n\r\nБұл ыдыраудың нәтижесiнде альфа-бөлшектiң кинетикалық энергиясы 4,18 МэВ, ал сәйкес торий изотопының кинетикалық энергиясы 0,07 МэВ болады.\r\n\r\nАльфа-ыдыраудың механизмiн классикалық физика түсiндiре алмайды. Классикалық көзқарас тұрғысынан альфа-бөлшек ядродан бөлiнiп шығу үшiн ядролық тартылыс күшiне қарсы жұмыс жасауы қажет. Ал бiрақ шындығында мұндай жұмыс жасалынбайды. Бұлай болуының себебi кванттық механикадағы бөлшектiң толқындық қасиетiмен байланысқан туннельдiк құбылыс арқылы түсiндiрiледi.\r\n\r\nБета-ыдыраудың үш түрiн ажыратады. Олар электрондық, позитрондық және К-қармау бета-ыдыраулары. Электрондық бета-ыдырау кезiнде ядро өз бетiнше зарядын бiр бiрлiкке арттыра отырып өзiнен электронды ұшырып шығарады. Бұл құбылыстың негiзiнде протон мен нейтронның бiр-бiрiне айнала алатын қасиетi жатыр. Бос нейтронның массасы бос протон мен электронның массаларының қосындысынан үлкен. Сондықтан энергетикалық тұрғыдан мұндай ыдырау тиым салынбаған. Тәжiрибе нәтижелерiн терең талдау бұл ыдырау кезiнде протон мен электронмен қатар заряды мен массалық саны нөлге тең тағы бiр бөлшек бөлiнетiнiн көреттi. Э.Фермидiң ұсынысы бойынша нейтрино деп аталған бұл бөлшектi 1956 жылы тәжiрибеден байқады. Сонымен нейтронның ыдырау реакциясы\r\n\r\nмұндағы — электрондық антинейтрино.\r\n\r\nЯдроның байланыс энергиясының болуынан ядро құрамындағы протондар мен нейтрондардың массасы бұл бөлшектiң бос күйiндегi массасынан негiзiнен аз екенi шығады. Осы себептен де ядро құрамындағы барлық нейтрондар бiрдей бета-ыдырауға түсiп кетпейдi. Тек энергиясы жоғары кейбiр ядроларда ғана мұндай түрлену энергетикалық тұрғыдан мүмкiн болады. Мұндай ядроларды бета-радиоактивтi ядролар деп атайды. Бета-ыдырау кезiнде ядродағы нуклондардың саны өзгермей қалатын болғандықтан ядроның массалық саны өзгерiссiз қалады.\r\n\r\nМассасы нейтронның массасынан аз болғандықтан бос протон орнықты. Бiрақядродағы протонның массасы кванттық механиканың анықталмағандық принципiне сәйкес кейбiр сәтте нейтронның массасынан артық болып кетуi де мүмкiн. Бұл жағдайда мына түрде\r\n\r\nпозитрондық бета-ыдырау жүзеге асады.\r\n\r\nАл К-қармау немесе электрондық қармау кезiнде атомның К-қабатындағы электронның бiрi ядроға жұтылады.\r\n\r\nАл γ — сәуле шығару радиоактивтiлiктiң дербес түрi болып табылмайды. Әдетте γ — сәуле шығару альфа- және бета-ыдыраумен қатар жүредi.Бұл ыдыраулардың нәтижесiнде алынған еншiлес ядро әдетте қозған күйде болады. Ал ол қозған күйден негiзгi күйiне өткен кезде қозған күйден негiзгi күйге өткен том тәрiздi өзiнен γ — сәуле шығарады. Бiрақ бұл γ-кванттардың энергиясы атом шығаратын γ-кванттардың энергиясынан әлде қайда үлкен болады.\r\n

§ 7.8 Радиоактивтiлiк ыдырау заңы. Ығысу ережесi

\r\nРадиоактивтi ыдырау заңы деп радиоактивтi ядролардың санының уақыт бойынша өзгеру заңдылығын айтады. Бұл заңды оңай анықтауға болады. Шындығында, егер қандай да бiр уақыт мезетiнде радиоактивтi ядролардың саны N болса онда dt уақыт аралығында ыдырайтын ядролардың саны dN мынаған тең болады\r\n\r\ndN=-λN·dt\r\n\r\nмұндағы минус таңбасы dN – дi ыдырамаған ядролардың өсiмшесi ретiнде қарастырумен байланысты. Ал λ, радиоактивтi ядроның бiрлiк уақыт аралығында ыдырау ықтималдылығы. Оны әдетте ыдырау тұрақтысы деп атайды. Бұл өрнектi интегралдай отырып\r\n\r\nlnN =-λt + const\r\n\r\nаламыз. Бастапқы t=0 уақыт мезетiндегi ыдырамаған радиоактивтi ядролардың санын N0 деп белгiлей отырып, const = lnN0 екенiн аламыз. Онда\r\n\r\nN =N0 e-λt\r\n\r\nМiне, осы өрнек радиоактивтi ыдырау заңы болып табылады (7.10 — сурет).\r\n\r\nБастапқы радиоактивтi ядролардың жартысы ыдырайтын уақытты жартылайыдырау периоды деп атап, Т1/2 әрiпiмен белгiлейді. Радиоактивтi заттың активтiлiгi деп бiрлiк уақыт аралығында болатын ыдыраудың санын айтады, яғниБүгiнгi күнге дейiнгi белгiлi радиоактивтi ядролардың жартылайыдырау периоды 3·10-7 с-тан 5·1015 жылға дейiнгi аралықтағы мәнге ие.\r\n\r\nБұл жерден активтiлiктiң радиоактитi ядролардың санына пропорционал, ал жартылайыдраудың периодына керi пропорционал екенi көрiнiп тұр.\r\n\r\nАктивтiлiктiң халықаралық бiрлiктер жүйесiндегi бiрлiгi беккерель (Бк). Беккерель деп 1 с iшiнде бiр ыдырау жасайтын радиоактивтi заттың активтiлiгi алынған. Нақтылы өмiрде активтiлiктiң кюри (Ки) деп аталатын бiрлiгi жиi қолданылады. Кюри ретiнде 1 с аралығында 3,7·1010 ыдырау жасайтын радиоакивтi заттың активтiлiгi алынған.\r\n

§ 7.9 Атом ядросының құрылысы. Атом ядроларының байланыс энергиясы

\r\nКез-келген химиялық элементтiң атомының ядросы оң зарядталған протоннан және заряды жоқ нейтроннан тұрады. Протонның заряды абсолют шамасы жағынан электронның зарядына тең. Протон мен нейтрон нуклон деп аталатын ядролық бөлшектiң әртүрлi зарядтық күйi болып табылады. Ядродағы протондардың саны Z, Менделеевтiң периодтық жүйесiндегi химиялық элементтiң атомдық нөмiрiмен сәйкес. Ядродағы нейтрондадың саны N деп белгiленедi. 11Н және 32Не ядроларынан басқа барлық ядролар үшiн N≥Z. Менделеевтың периодтық таблицасының бiрiншi жартысында тұрған жеңiл элементтер үшiн N≈Z, ал екiншi жартысындағы элементтерде нейтронның саны артықтау N≈1,6·Z.\r\n\r\nЯдроның массалық саны деп A=N+Z болатын нуклондардың жалпы санын айтады. Ядроны әдетте мынадай символмен белгiлейдi. Зарядтарының саны бiрдей, ал массалық саны әртұрлi ядроларды изотоптар деп атайды. Изотоптардағы протонның саны бiрдей болады да, нейтронның саны әртүрлi болады. Мысалы сутегiнiң изотоптары: , (немесе -дейтерий), (немесе — тритий); гелийдiң изотоптары: , ; уранның изотоптары: , . Бүгiнгi күнi барлық химиялық элементтердiң үшжүзге жақын орнықты, ал екi мыңға жақын орнықсыз (радиоактивтi) изотоптары белгiлi.\r\n\r\nЭлектронның массасы протонның массасынан 1836 есе кiшi болғандықтан ядроның массасы атомның массасымен бiрдей десе де болады. Элементар бөлшектердiң массасын әдетте массаның атомдық бiрлiгi (м.а.б) деп аталатын жүйеден тыс бiрлiкпен өлшейдi. 1 м.а.б. ретiнде сутегiнiң изотопының массасының 1/12 бөлiгi алынған.\r\n\r\nЯдро сонымен қатар өзiндiк қозғалыс мөлшерi моментiмен — спинiмен сипатталады. Ядроның спинi нуклондардың спиндерi арқылы анықталады. Әрбiр нуклонның спинi ħ/2-ге тең. Жұп нуклоннан тұратын ядроның спинi (ħ бiрлiгiнде) бүтiн санға немесе нөлге тең. Ал тақ нуклоннан тұратын ядроның спинi (ħ бiрлiгiнде) жартылай бүтiн санға тең.\r\n\r\nАтом ядросы алып тұрған көлемнiң айқын шекарасы жоқ. Бұл нуклондардың толқындық қасиетiмен байланысты. Сондықтан ядроның өлшемдерiн шартты түрде анықтайды. Ядроның көлемi нуклонның сандарына пропорционал. Сондықтан ядроны радиусы R-ға тең сфера деп есептеп, оның радиусын әдетте мынадай эмпириялық өрнекпен анықтайды\r\n\r\nR=R0A1/3 мұндағы R0 =(1,3 — 1,7)·10-15 м\r\n\r\nЯдроның өлшемдерi өте аз болғандықтан ондағы протондардың кулондық тебiлу күшi өте үлкен болады. Мысалы құрамында 82 протоны бар қоғасынның ядросындағы протондардың тебiлу күшi бiрнеше мың ньтонға жетедi. Бiрақ ядро бұл тебiлу күшiнiң салдарынан бөлшектенiп кетпейдi. Бұл протондар мен нетрондардың арасында кулондық күштен де күштi тартылу күшiнiң бар екенiн көрсетедi. Бұл күштердi ядролық күштер деп, ал бұл күштердiң арқасында әсерлесудi пәрмендi әсерлесу деп атайды. Протон мен нейтронның пәрмендi әсерлесу тұрғысынан алғанда ешқандай айырмашылығы жоқ сондықтан оларды ядролық физикада нуклон деген бiр бөлшек ретiнде қарастырады.\r\n\r\nЯдролық күштер өте аз аралықта әсер ететiн күштер болып табылады. Ол 10-15 м-ге дейiнгi аралықта әсер етедi де одан тысқары жерде өте тез кемiп кетедi.\r\n\r\nМасс-спектрограф деп аталатын құралдардың көмегiмен ядроның массасын өлшеу кез-келген Z протоннан және N нейтроннан тұратын ядроның массасы бос жүрген Z протон мен N нейтронның массаларының қосындысынан аз екенiн көрсеттi. Ал масса мен энергия арасындағы байланысты ескерсек бос протондар мен нейтрондардың энергияларының қосындысы олардан құралған ядроның энергиясынан артық екенi шығады. Олай болса, ядроны оны құрайтын бөлшектерге ажырату үшiн осы энергиялардың айырымына тең энергия жұмсау керек. Мұндай энергияны DЕбай ядроның байланыс энергиясы деп атайды.\r\n\r\nΔEбай =Zmp c2 +Nmn c2 -mя с2 =Δmc2\r\n\r\nмұндағы Δm=Zmp+Nmn-mя массалар ақауы деп аталады. Ядродағы бiр нуклонға келетiн орташа байланыс энергиясын Δεбай деп белгiлеп, ядроның меншiктi байланыс энергиясы деп атайды.\r\n\r\nРезерфорд тәжiрибелерiнен атомның өлшемдерi өте кiшi ядродан және оны қоршаған электрондық бұлттан тұратыны анықталды. Ендi физиктердiң алдында жаңа физикалық нысанды, атом ядросының құрылымы мен қасетiн зертеу мәселесi туды. Атом ядросының негiзгi сипаттамасының бiрi оның заряды. Ядроның зарядын өлшеу оның мәнi элементар зарядты сәйкес химиялық элементтiң реттiк номерiне көбейткенге тең екенiн, яғни q=Ze екенiн көрсеттi.\r\n

§ 7.10 Уран ядросының бөлiнуi. Ядролық реакцияда энергияның бөлiнуi

\r\nБөлшектердiң атом ядросымен әсерлесуiнiң нәтижесiнде оны басқа ядро мен бөлшекке өзгертуi ядролық реакция деп аталады. Ядролық реакцияны символдық түрде былайша жазады A+a->B+b немесе A(a,b)B. Ядролық реакция кейбiр жағдайда бiрмәндi болып өтпейдi, яғни A+a->B+b схемасымен қатар A+a->C+c схемасы да жүзеге асуы мүмкiн. Реакцияның мүмкiн болатын жолдары оның каналдары деп аталады.\r\n\r\nЯдролық реакция кезiнде толық заряд және нуклондар саны сақталады. Сонымен қатар бұл кезде энергияның, импульстiң және импульс моментiнiң сақталу заңы орындалады.\r\n\r\nЯдролық реакциялар энергия бөлiне немесе жұтыла отырып өтуi мүмкiн. Бұл жағдайлардың қайсысының жүзеге асатынын реакцияға түсетiн және реакциядан шығатын бөлшектердiң массаларының айырымын бiле отырып өө өрнегiнен есептеп табуға болады.\r\n\r\nӘртүрлi ядролық реакциялардың iшiнде кейбiр ауыр ядролардың бөлiну реакциясының маңызы ерекше. Ауыр ядролар ондағы нейтронның ара салмағы үлкен болғандықтан орнықсыз болып келедi. Бұл ауыр ядролардың меншiктi байланыс энергиясының орташа ядролармен салыстырғанда аз болатынан көрiнiп түр. Сондықтан мұндай ядроларға тағы бiр нейтрон келiп қосылса ол бөлшектенiп кетедi. Осының бiр мысалы, уран ядросының нейтрондармен атқылаған кезде бөлiну реакциясы алғаш рет 1939 жылы ашылған болатын. Бастапқы ядрода нейтрондар артық болғандықтан реакция кезiнде бөлшектенген ядролармен қатар бiрнеше нейтрон да ұшып шығады. Мысалы уран бөлшектенген кезде бiр бөлшектену актiсiнде 2-3 нейтрон бөлiнедi. Егер дұрыс жағдай болса бұл нейтрондар уранның басқа ядроларына барып түсiп, оларды бөлшектейдi. Сөйтiп бұл үрдiс тасқынды түрде күрт өседi. Бұлай жалғасқан реакцияны тiзбектi реакция деп атайды.\r\n\r\nТiзбектi реакцияны нақтылы жүзеге асыру оңай шаруа емес. Уранның бөлшектенуi кезiнде бөлiнетiн нейтрондар тек уранның 235 изотопын ғана бөлшектей алады. Оның энергиясы 238 изотопты бөлшектеуге жеткiлiксiз. Ал табиғи уранда 238 уранның үлесi 99,3% те 235 уранның үлесi бар болғаны 0,7%. Сондықтан бiрiншiден тiзбектi реакцияны жүзеге асыру үшiн 235 уранды таза түрде бөлiп алу қажет. Екiншiден оның мөлшерi жеткiлiктi болуы тиiс, себебi оның мөлшерi аз болса реакция кезiнде туындылайтын нейтрондар уран ядроларына жолықпай тысқары шығып кетедi. Тiзбектi реакция басталатын ең аз массасын критикалық масса деп атайды. Мысалы 235 уран үшiн оның мәнi бiрнеше ондаған килограмм. Тiзбектi реакция кезiнде орасан көп энергия бөлiнедi. Уранның температурасы миллиондаған градусқа көтерiлiп, пайда болған от шар маңындағының бәрiн күйдiрiп, қиратады.\r\n\r\nУранның бiр ядросы бөлшектенген кезiнде 200 МэВ-қа жуық энергия бөлiнедi. Оның 165 МэВ-қа жуығы реакциядан шығатын бөлшектердiң кинетикалық энергиясы түрiнде болады да қалғаны таза гамма-кванттардың энергиясы болады. Осы энергияны бiле отырып 1 кг уран бөлшектенгенде бөлiнетiн энергияны есептеп табуға болады, ол 80 миллиард джоулға тең. Ол 1 кг көмiр немесе мұнай жаққан кезде бөлiнетiн энергиядан бiрнеше миллион есе артық. Сондықтан ядролық энергияны пайдалану өте тиiмдi.\r\n

§ 7.11 Ядролық реактор. Термоядролық реакциялар

\r\nЯдролық жарылыстың энергиясын бейбiт мақсатта қолдану мүмкiн емес. Сондықтан ядролық реакция кезiнде бөлiнетiн энергияны пайдалана алу үшiн тiзбектi реакцияны еркiмiзше басқара алатындай болуымыз қажет. Мұндай басқарылатын тiзбектi реакцияны ядролық реакторлар немесе атомдық қазандықтар деп аталатын қондырғыда жүзеге асырады. Ядролық реактордың жұмыс iстеу принципiн мына жерден қарап көруге болады. Реактордың негiзгi элементтерi: ядролық отын, нейтрондарды шағылдырғыш және баяулатқыш, реакторда бөлiнетiн жылуды тасымалдағыш, тiзбектi реакцияның жылдамдығын реттегiш. Реакторлар шабан және шапшаң нейтрондармен жұмыс iстейтiн реакторлар болып бөлiнедi. Алғашқы жасалған реактор шабан нейтрондарды қолданатын реактор. Уран ядросы бөлшектенгенде бөлiнетiн нейтрондардың энергиясы шамамен 1-2 МэВ. Сәйкес олардың жылдамдықтары 107 м/с, сондықтан оларды шапшаң нейтрондар деп атайды. Мұндай энергиядағы нейтрондар 235U және 238U ядроларымен бiрдей қарқындылықпен әсерлеседi. Ал табиғи уранда 235U уранның ара салмағы аз болғандықтан нейтрондар негiзiнен 238U уранмен әсерлеседi де тiзбектi реакция жүзеге аспайды. Ал жылулық қозғалыстың жылдамдығындай (шамамен 2·103 мӨс) жылдамдықпен қозғалатын нейтрондар шабан немесе жылулық нейтрондар деп аталады. Жылулық нейтрондарды 235U ядросы шапшаң нейтрондарға қарағанда 500 есе қарқындырақ жұтады. Сондықтан табиғи уранды шабан нейтрондармен сәулелендiргенде оның көп бөлiгi 238U ядросымен емес 235U ядросына жұтылады. Сондықтан тiзбектi реакцияны жүзеге асыру үшiн нейтрондарды баяулату қажет.\r\n\r\nРеактордағы нейтрондардың жылдамдығын төмендету үшiн баяулатқыштар деп аталатын заттар қолданылады. Нейтрондарды қарқынды баяулату үшiн баяулатқыштың атомының массасы нейтрон массасымен шамалас болуы керек. Әдетте баяулатқыш ретiнде кәдiмгi немесе ауыр суды және графиттi пайдаланады.\r\n\r\nТiзбектi реакция өтiп жатқан кеңiстiктi активтi аймақ деп атайды. Активтi аймақтан нейтрондардың шығып кетпеуiн қамтамасыз ету үшiн оны нейтрон шағылдырғыштармен қаптайды. Берилий жақсы нейтрон шағылдырғыш болып табылады.\r\n\r\nРеакторды басқару арнайы жасалған басқару бiлiктерi арқылы жүзеге асады. Басқару бiлiктерi жылулық нейтрондарды қарқынды жұтатын бор мен кадмийдiң қоспаларынан жасалады.\r\n\r\nЕгер ядролық отын ретiнде уранның 235U изотопымен едәуiр байытылған отын пайдаланылатын болса, реактор шапшаң нейтрондармен де жұмыс iстей алады. Бұл шапшаң нейтрондардың 238U ядросымен әсерлесуiнiң нәтижесiнде мынадай реакция тiзбегi жүзеге асады\r\n\r\nЯғни уранның 238U изотопы шапшаң нейтрондарды жұтудың нәтижесiнде плутонийдiң 239Pu изотопына айналады. Ал бұл изотоп нейтрондармен әсерлесу тұрғысынан уранның 235U изотопына өте ұқсас. Сонымен шапшаң нейтрондарға арналған реактор тек 235U изотопымен тiзбектi реакцияны жүргiзiп қана қоймайды, сонымен қатар аса арзан және табиғатта кең тараған 238U изотопынан жаңа ядролық отын 239Pu алуға мүмкiндiк бередi.\r\n\r\nЭнергия тек ауыр ядролар бөлiнген кезде ғана емес, сонымен қатар аса жеңiл ядролар бiрiккен кезде де бөлiнедi. Бұлай болуының принципиальды мүмкiндiгi меншiктi байланыс энергиясының жеңiл ядролар үшiн артып, ауыр ядролар үшiн кемуiмен байланысады. Жеңiл ядролардың бiрiгiунiң (синтезiнiң) салдарынан энергияның бөлiнуiнiң мына жерде келтiрiлген. Бұл термоядролық реакцияның мысалы болып табылады.\r\n

§ 7.12 Радиоактивтi сәулелердiң биологиялық әсерi. Биологиялық қорғаныс

\r\nРадиоактивтi сәулелер өздерi түскен затқа, әсiресе тiрi тканьга өте күштi әсер етедi. Радиоактивтi сәулелердiң организмге әсерi оларда бос химиялық радикалдардың пайда болуымен және клеткадағы мутациямен байланысты. Ал бұл өте қатерлi. Ол сәуле ауруына немесе қатерлi iсiкке алып келуi мүмкiн. Иондаушы сәулелердiң әсерi сәулелену дозасы деп аталатын ерекше шамамен бағаланады.\r\n\r\nСәулелену дозасы D деп сәулелену энергиясының сәулеленген дененiң массасына қатынасын айтады. Доза бiрлiгi ретiнде грей деп аталатын шама алынады. Грей деп массасы 1 кг денеге 1 Дж энергия түскен кезде, шамасы сол затқа жұтылған энергияға тең болатын шаманы айтады.\r\n\r\nЖұтылған сәуле дозасының сәулелену уақытына қатынасын сәулелену дозасының қуаты деп атайды.\r\n\r\nИондаушы сәулелердiң кез-келген затқа әсерi бәрiнен бұрын атомдар мен молекулалардың иондалуымен анықталады. Сондықтан иондаушы сәулеленiң сандық өлшемi ретiнде экспозициялану дозасы деп аталатын шаманы алады. Ол иондаушы сәуленiң ауаға әсерiмен анықталады, яғни экспозициялану дозасы деп ауаны фотондармен сәулелендiру кезiнде құрғақ ауада туындылайтын бiртектi зарядтардың сол ауа массасына қатынасын айтады.\r\n\r\nX=q/M\r\n\r\nКүнi бүгiнге дейiн экспозициялау дозасының рентген деп аталатын жүйеден тыс бiрлiгi қолданылады. 1 Р = 2,58·10-4 Кл/кг\r\n\r\nЖұтылған доза мөлшерi бiрдей болғанымен әртүрлi сәулелердiң биологиялық әсерi әртүрлi болады. Мысалы альфа-сәуленiң 1Гр-нiң тiрi организмге әсерi гамма-сәуленiң 20 Гр-нiң әсерiндей болады. Әртүрлi сәулелердiң әртүрлi биологиялық әсерi kсапа коэффициентiмен сипатталады. Жұтылған дозаның сапа коэффициентiне көбейтiндiсi эквиваленттi доза Н деп аталады. H=D· k. Эквиваленттi дозаның өлшем бiрлiгi зиверт (Зв).\r\n\r\nЖоғарыда айтқанымыздай радиоактивтi сәулелердiң тiрi организмге әсерi клеткадағы атомдар мен молекулаларды иондауымен байланысты. Бұл сәуленiң тiрi клеткаға әсерiнiң бiр қатерлi салдары осы клетканың бөлiну арқылы жаңа клетка пайда болу функциясының бұзылуы. Қатердiң кебiр белгiлерi сәулелене салысымен бiлiнсе, кейбiрi бiраз уақыттан соң ғана белгi бередi.Мысалы сәуле әсерiне ұшыраған адам лейкоздан орташа алғанда 10 жылдан кейiн қайтыс болады. Iсiк ауруына шалдығудың ықтималдылығы алған дозаның мөлшерiне пропорционал.\r\n\r\nИондаушы сәулелердiң биологиялық әсерi және олардың адам өмiрiне қауiпсiз дозасы жөнiндегi мәселе Жер бетiнде иондаушы радиацияның табиғи фонының болуымен байланысты. Бұл радиация Жер бетiнде саналы өмiр қалыптаспай тұрып та болған. Бүкiл өмiр эволюциясы осы табиғи радиация фонында қалыптасты. Сондықтар табиғи фон деңгейiндегi радиация адам өмiрiне ешқандай қауiп тудырмайды. Радиацияның табиғи фоны бiр жағынан Жер қыртысындағы радиоактивтi элементтердiң ыдырауымен екiншi жағынан ғарыштан келетiн сәулелермен байланысты. Сонымен қатар радиация деңгейiнiң артуына ядролық жарылыстардың да әсерi мол.\r\n\r\nКейбiр мамандық иелерi өз кәсiбiне байланысты табиғи фонға қосымша сәуле әсерiне ұшырайды. Олар, мысалы, рентгенолог-дәрiгерлер, атом станцияларының қызметкерлерi, ғарышкерлер, ғалым-физиктер т.с.с. Сондықтан, сәулеленудiң адам өмiрiне қауiпсiз деңгейiн анықтау қажет болатын. Оның мәнi бiр жыл үшiн 50 мЗв-ға тең.\r\n

§ 7.13 Элементар бөлшектер. Бөлшектер мен электромагниттiк сәулелердiң өзара түрленуi

\r\nФизиканың даму барысында элементар бөлшектер ұғымы бiраз өзгерiске ұшырады. Алғашқы кезде элементар деп iшкi құрылымы жоқ, басқа құрамдас бөлiктерге ыдырамайтын бөлшектердi түсiндi. Бүгiнгi күннiң түсiнiгi бойынша элементар бөлшектерден олардың iшкi құрылымының болмауы талап етiлмейдi. Элементар бөлшектер деп, физика ғылымының қазiргi даму дәрежесiнде бос күйiнде кездесетiн қарапайым бөлшектерден тұрады деп есептеуге болмайтын бөлшектердi айтады. Элементар бөлшектердi кейде субъядролық бөлшектер деп те атайды.\r\n\r\nҚазiргi заманның элементар бөлшектер физикасы осы бөлшектердiң қасиеттерiн анықтайды, оларды классификациялайды, iргелi әсерлесудiң қасиеттерiн зерттейдi және осы әсердiң салдарынан олардың бiр бiрiне ауысуларын зерттейдi. Соңғы кездерi элементар бөлшектердiң iшкi құрылымдары да кеңiнен зерттелуде.Бұл бөлшектердiң көптеген ерекшелiктерi, соның iшiнде iшкi құрылымы тек жеткiлiктi жоғарғы энергияда ғана көрiнiс табады. Сондықтан элементар бөлшектер физикасын жоғарғы энергия физикасы деп те атайды.\r\n\r\nКейбiр элементар бөлшектер табиғатта бос немесе босаң байланысқан күйде кездеседi. Бiздi қоршаған дүние негiзiнен осы бөлшектерден құралған. Мұндай бөлшектердiң қатарына ядро құрамына кiретiн протондар және нейтрондар, атомның қабыршығын құрайтын электрондар, электромагниттiк өрiстiң кванттары болып табылатын фотондар (γ-кванттар) жатады. Сәл кейiнiрек ядроның β-ыдырауы кезiнде туатын νe нейтрино және антинейтрино, ядролық әсерлесудiң тасымалдаушылары болып табылатын пи-мезондар ( π+ , π0 , π) ашылды. Бұдан әрi осы бөлшектердiң антибөлшектерi ашылды\r\n\r\nУақыт өте келе элементар бөлшектердiң саны күрт өстi. Бүгiнгi күнде олардың жалпы саны антибөлшектерiн қоса есептегенде 350 ден асып түседi. Бiрақ олардың аса көп бөлiгi орнықсыз бөлшектер. Олар табиғатта бос күйiнде кездеспейдi. Оларды тек арнайы зертханаларда үлкен жылдамдықтағы орнықты бөлшектердi соқтығыстыру арқылы алады. Осылай туындылаған орнықсыз бөлшектер тез арада ыдырап кетедi де ақырында орнықты бөлшектер пайда болады.\r\n\r\nБөлшек пен антибөлшек кездесетiн болса жойылып, екi кейде үш фотонға айналады. Бұл құбылысты аннигиляция деп атайды. Мысалы электрон мен оның антибөлшегi позитрон кездескен кезде мынадай түрлену болады\r\n\r\nБұл үрдiс кезiнде электр зарядының, энергияның, импульстiң және импульс моментiнiң сақталу заңы орындалады. 1933 жылы Ф. и И.Жолио-Кюри керi процесс – атом ядросының маңындағы гамма кванттан электрон-позитронның тууын\r\n\r\nбайқады. Энергияның сақталу заңы бойынша мұндай гамма-кванттың энергиясы электрон мен позитронның тыныштық энергияларының қосындысынан артық болуы керек.\r\n\r\nАнтибөлшектерден атом құралуы мүмкiн. Мысалы антисутегiнiң атомында терiс зарядталған антипротонның маңында оң зардталған позитрон қозғалып жүредi.\r\n\r\nЭлементар бөлшектердiң кестесiнде өмiр сүру 10-20с-тан артық болатын элементар бөлшектер жөнiнде деректер келтiрiлген. Ол жердегi бөлшектер олардың массаларының өсу ретiмен келтiрiлген. Мұндағы жеңiл бөлшектер лептондар, ал одан ауырырақтары мезондар, ал ең ауырлары бариондар деп аталады. Мезондар мен бариондар адрондар деп аталатын топқа кiредi. Бұл кестедегi топтардың еш қайсысына кiрмейтiн фотон ерекше тұр.\r\n\r\nТабиғаттағы барлық заттар, бөлшектер бiр-бiрiмен әсерлеседi. Бiр қарағанда осындай сан-алуан болып келетiн әсерлесулер негiзiнен iргелi әсерлесу теп аталатын төрт түрлi әсерлесудiң нақтылы жағдайда көрiнiс табуы болып табылады. Iргелi әсерлесуге гравитациялық, электромагниттiк, күштi және әлсiз әсерлесулер жатады.\r\n\r\nГравитациялық әсерлесу 1687 жылы И.Ньютон ашқан бүкiл әлемдiк тартылыс заңымен анықталады. Гравитацилық күштер кез-келген денелердiң арасында әсер етедi. Бiрақ массалары өте аз болғандықтан элементар бөлшектердiң арасында бұл күш ешқандай роль атқармайды. Бұл күш аспан механикасында, астрофизикада шешушi роль атқарады.\r\n\r\nКез-келген зарядталған дене немесе бөлшек электромагниттiк әсерлесуге қатысады. Атомдардың, молекулалардың кристаллдардың болуы газ, сұйық және қатты денелердiң қасиеттерi осы күштiң негiзiнде анықталады.\r\n\r\nКүштi әсерлесу мезондар мен бариондарға, яғни адрондарға тән. Лептондар мен фотон күштi әсерлесуге қатыспайды. Ол қысқа аралықта ғана, шамамен 10-15м, әсер етедi. Бұл аралықтағы оның мәнi гравитациялық және электромагниттiк күштермен салыстырғанда өте үлкен.\r\n\r\nӘлсiз әсерлесуге фотоннан басқа кез-келген бөлшек қатысады. Бұл күштердiң әсер ету аймағы 10-18м. Әлсiз әсерлесудiң мысалдары нейтронның, мюонның және зарядталған пиондардың төмендегi ыдыраулары\r\n\r\nҚазiргi заман физикасының ең күштi теориялары кванттық механикада, кванттық электродинамика мен кванттық хромодинамикада бөлшектердiң өзара әсерлесуi олардың арасында болатын бөлшек алмасу арқылы түсiндiрiледi. Осы тұрғыдан алғанда электромагниттiк әсерлесу ол бөлшектер арасында фотонның алмасуы арқылы, ядролық күштер нуклонның арасында пи-мезондардың, ал жалпы күштi әсерлесу бұл өрiстiң кванттары глюондардың алмасуы, әлсiз әсерлесу өте ауыр бөлшектер W+, W және Z0 векторлық мезондардың алмасуы арқылы түсiндiрiледi.\r\n\r\nЕндi элементар бөлшектерге қысқаша шолу жасай кетелiк. Лептондар – жоғарыда айтқанымыздай, күштi әсерлесуге қатыспайтын бөлшектер. Олардың қатарына жататындар : электрон e, электрон нейтриносы νe, мюон μ, мюон нейтриносы νμ, таон τ және таон нейтриносы ντ. Әрине барлық лептондардың антибөлшектерi бар. Нейтринолардың массасының неге тең екендiгi жөнiндегi мәселе бүгiнгi күнге дейiн шешiмiн тапқан жоқ.\r\n\r\nЭлементар бөлшектердiң ең көп тараған тобы адрондар. Адрондар барлық iргелi әсерлесулерге қатысады. Адронның протоннан басқасы орнықсыз. Олар белгiлi бiр уақыттан кейiн басқа бөлшектерге ыдырап кетедi. Олардың жартылай ыдыру периоды 10-20 – 10-24 с аралығында болады. Бұл бөлшектердi резонанстар деп атайды. Спинiнiң мәнiне байланысты адрондар спинi нөлге тең болатын мезондар және спинi 1/2 болатын бариондар болып бөлiнедi.\r\n\r\nЭнергиясы ондаған гигаэлектронвольт болатын электрондардың протоннан және нейтроннан шашырауын зерттеу бұл бөлшектердiң iшкi құрылымы бар екенiне нұсқайды. Жалпы адрондардың қандай да бiр iргелi бөлшектен құралғаны жөнiнде бiрнеше теория ұсынылған болатын. Соның ең жемiстiсi кварктар теориясы болды.\r\n\r\nКварктар деп нағыз элементар бөлшектердi айтады. Барлық адрондар, яғни мезондар, бариондар және резонанстар осы кварктардан тұрады. Бүгiнгi күнде алты кварк бар деп есептелiнедi. Олады сәйкес латынның u, d, s, c, b, t әрiптерiмен белгiлейдi. Бұл кварктардың қасиеттерi және олардан адрондардың қалай құралатыны төмендегi кестелерде келтiрiлген.\r\n\r\n 

Орта ғасырлардағы Түркі ғалымдары және олардың еңбектері

0

ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ТҮРКІ ҒАЛЫМДАРЫ \r\n\r\nФ.М. Махашова \r\n\r\n№36 қазақ орта мектебі, Тараз қ.\r\n\r\n \r\n\r\nҒалымдар Қайта өрлеу дәуірін  Ренессанс деп атайды, өйткені бұл кезеңде антикалық дәстүрлер қайта жаңғырып,  ғылым мен мәдениетте,  әдебиетте өрлеу, өркендеу байқалды. Ренессанстың алғашқы ғалымдары мен жазушылары, философтар  түркі  ойшылдары еді. Олардың Ренессансы ІХ-Х ғасырларда-ақ  басталды, Европаға Ренессанс бірнеше ғасырдан кейін келді.\r\n\r\nӘбу Насыр Әл Фараби (870-950 жж) бүкіл әлемге «Екінші ұстаз» ретінде танылды (бірінші ұстаз болып ежелгі грек философы Аристотель саналады). Әл Фараби ғұлама ғалым, философ, математик,  өнертанушы, әдебиеттенушы, ақын болатын. Ол  қазақ жеріндегі Отырар қаласында дүниеге келді.  Арыс өзенінің Әмударияға  құятын жеріне жақын орналасқан Отырар  қаласын қыпшақтар Қарашоқы деп атады.\r\n\r\nОртағасырларда  Отырарда қыпшақтар, қаңлы,  қоңырат сияқты, кейіннен қазақ хандығының құрамына енген рулар өмір сүрді. Отырар қаласының өзі жартылай көшпелі, жартылай жер өңдейтін диқаншылар қаласы бола отырып, Арал теңізі жағасындағы халықтардың сауда мен айырбас орталығы ретінде әйгілі болды. Арабтар Отырарды Фараб деп атады, Әл Фарабидің есімі де осы қаладан шыққандығын білдіреді. Қыпшақ тілінде Әл Фарабидің толық есімі – Мұхаммед Ибн Мұхаммед Ибн ұзлағ Тарахани, мұндағы «тархан» сөзінің мағынасы, біріншіден, түркіхалықтарынан шыққандығын бірлесе, екіншіден, қағандарға жақын бай, шонжарлар ортасына жататынын  көрсетеді, «тархан» сөзі- «патшазада» мағынасын да білдіреді. Оның негізгі трактаттары мен философиялық еңбектерінің жалпы саны екі жүзден асады. Философиялық және матемтикалық еңбектерінің ішінде әйгілері «Альмагеске түсініктемелер», «Метафизика», «Ғылымдардың пайда болуы туралы»,  «Әріптестер кітабы»,  «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары  туралы  трактат» және басқалары. Әл Фараби алғашқылардың бірі болып поэтикалық өнер психологиясын зерттеп, поэзия туралы үлкен трактат жазды, өзі де  тамаша  ақын болатын.\r\n\r\nЖүсіп Баласағұн 1015 немесе 1016 жылы Баласағұн қаласында туды. Ол кездері Баласағұн қаласы Күз-Орда болып аталатын.  Жүсіп бай, белгілі түркі отбасынан шыққан, сол уақыт өлшемі бойынша өте терең білім алған, парсы-тәжік және араб поэзиясын тамаша білген, олардың әсері ақын шығармаларынан байқалып  отырады. «Құтты білік» — Шығыс ақындарының көптеген буындарына үлгі болған, ерте түркі поэзиясының аса құнды  маржандарының бірі. Оны  ақын қартайған  шағында Қашқар қаласында жазған. Жүсіп Қашқар әміршісі сарайында қызмет етсе керек, өйткені поэма-әмірші мен оның айналасындағыларға өзін-өзі қалай ұстау, тәрбиелі болуды үйретіп, өмірдің  әр қилы жағдайларында не істеу керектігін насихаттайды. Бұл поэманы Қашқар мен Табғаш империясының бүкіл  шығыс бөлігінің  әміршісі Боғра-Қара –Хақанға сыйлаған соң Жүсіп «сарай министріне» тең «ұлық хасс-хаджиб» лауазымы мен үлкен қызметке ие болады.\r\n\r\n«Құтты білік» 6520 бәйіттен құралған, қосымша 124 бәйіті бар, Бәйіт – ұйқасқа құрылған екі тармақтан тұратын өлең. Кіріспесінде поэманың боғрахан тілінде түркі сөздерімен жазылғаны, араб, тәжік тілдерінде мұндай кітаптар көп болғанымен, түркі тіліндегі даналарға белгілі алғаш кітап екені айтылған.\r\n\r\nШығарманың басты идеясы – патша — әкімдерді де, қарапайым халықты да әділ, дұрыс өмір сүруге үйрету. «Құтты білік» бірінен бірі туындайтын төрт құрамдас бөліктен құралған. Біріншісі: әміршісі идеалды әділ және шыншыл болуы керек. Шыншылдық үлгісі  ретінде Күнтуды патша келтірілген. Екінші бөлімі: әмірші мен оның айналасындығылар елдің ішінде әділдік, бақыт пен байлық болуы үшін қызмет етуге ұмытылуы тиіс. Бақытты өмір үлгісі ретінде Айтолды уәзірдің өмірі келтірілген. Үшінші бөлімінде:  қоғамда әділдік пен бақытпен бірге ақыл мен білім болуы тиіс. Білім мен ақыл үлгісі ретінде уәзір ұлы Өгділміш айтылады. Және соңғы бөлімінде – адамның әр нәрсенің де шегін біліп,  уақытында өзін тоқтатуы керектігі айтылған. Мұндай қарапайымдылық үлгісі ретінде Оғдұрмыш дәуріш берілген.\r\n\r\nМахмұт Қашқари (11 ғасыр) – ортағасырлық Шығыс ғалымдарының ішіндегі жарқын жұлдыздардың бірі, ұлы түркі филологы, ақын, әрі тарихшы. Ол  көне түркі сөйленістерінің алғаш түсіндірме сөздігін «Диуани лұғат ат-түрк»- «Біртұтас түркі тілдерінің сөздігін» жазған. Бұл еңбек көне түркі филологиясы бойынша бізге жеткен жалғыз тұтас еңбек қана емес, сонымен бірге көне түркі филологиясының озық туындысы, көне тілдер қалпын терең зерттеумен қатар, сол дәуір тайпалары өмірінің энциклопедиясы, халық даналығының нағыз қазынасы. Кітапта көптеген өлеңдер, халық әндері, мақал, мәтелдер, жұмбақ, аңыздар мен ертегілер, сонымен қатар тарихи деректер келтірілген. «Диуани лұғат ат-түрк» оқырмандарға көне және ортағасырлар дәуіріндегі түркілердің өмірі, астрономия, география, медицина, математика саласындағы білімі туралы мәлімет береді. Махмұт Қашқари көне түркі тілін ғылыми тұрғыда зерттеп, оның жергілікті ерекшеліктерін бір-бірімен салыстырған, ауыз әдбиеті үлгілерін жинаған алғашқы тілші ғалым, философ,  саяхатшы, этнограф. Махмұт Қашқар қаласында білім алған, сондықтан оны басқа Шығыс ғалымдары Қашқарлық Махмұт ретінде атаған. Ол Қашқар қаласымен ғана шектеліп қалмай, Самарқанд, Бұқара, Нишапур, Мерв пен Бағдатта білім алуды  жалғастырды. Ол  өзінің сөздігіне қажетті материалдар жинақтау үшін көптеген түркі рулары мен тайпаларының тілі мен ауыз әдебиеті үлгілерін, тарихы  мен дәстүрі, этнографиясын зерттеді. Осы мақсатпен Қашқар, Жетісу, Хорезм, Мәуереннахр жерлеріне саяхат жасады, тіпті түркілер Аттила (Еділ) жорығынан кейін қалып қойған Рим жеріне дейін барды, филологиялық мәліметтердің құнды қазынасын  жиыстырып, өзі  құрастырған сөздігіне өңдеп енгізді.\r\n\r\n«Диуани лұғат ат-түрк» — барлық түркі  тілдес халықтардың ортақ рухани мұрасы. Сөздікте бар-жоғы 6000 сөз  берілген, бұл сөздер түркі тілдес халықтардың көпшілігіне түсінікті. Кітапқа енген халық ауыз әдебиеті нұсқаулары, екі жүзден астам өлеңдер, қысқаша новеллалар, мақалдар мен мәтелдер көне түркі тілінің қалпы туралы неғұрлым толық түсінік қалыптастырып, сол кезеңдегі сөзжасам тәсілдері, сөйлем құрау принциптері туралы тың мәліметтерге бай. Осылайша, бұл кітап көне түркі әдебиеті бойынша  әлемге әйгілі алғаш хрестоматия болып табылады.\r\n\r\n«Диуани лұғат ат-түрк» ортағасырлық түркі халықтары ой-санасының ғажайып ескерткіші, біздің көшпенді бабаларымыздың мәдениетінің айғағы болып табылатын құнды қызына.\r\n\r\nҚожа Ахмет Яссауи – көрнекті орта ғасыр ақыны, діни қызметкер, сопылық ілімнің негізін қалаушы,тірі кезінің өзінде-ақ әулие болып саналған діни философ Сайрам (Испиджаб) қаласында туған. Нақты туған жылы белгісіз. Аңыз бойынша Ахметтің рухани жетекшісі мен тәрбиешісі әйгілі шейх арыстан-баб. Ұстазы қайтыс болған соң, Ахмет Яссауи Бұқараға көшіп кетеді.  Онда әйгілі шейх  Қожа Жүсіп Хамаданидан дәріс  алып, өзі де діндардар ұстазы болып, «шындықты таныту жолын» үйрету құқығына ие болады. Бірқатар уақыт  бойы Бұқара сопылары қоғамының басшысы болады, бірақ сенімі оны Ясы қаласына әкеледі. Ол мұнда діндарлық қызметін кеңінен жүргізеді. Ясы қаласы 16ғ. бастап Түркістан болып аталған. Ясыдан шыққан Қожа Ахметтің аты бүткіл мұсылман әлеміне кең тарады. Оны қарапайым адамдар қадір тұтқаны соншалық, оның қайырымды болуға, сараңдық пен екі жүзділікке қарсы дәрушілік философиясын құрған өлеңдері дала халықтары арасында кеңінен  танымал басқа да жерлерге  таратты. «Даналық кітабы» — «Диуани хикмет» ислам дінін уағыздайды,  осы уқытқа дейін мұсылман заңдарын әлі толық сіңіріп бітпеген қарапайым халыққа бұл діннің мәні мен мағынасын түсіндіреді. Бұл кезде де түркі тайпалары тәңірлік дінді ұстанатын еді. Араб-парсы  тілдерінде жазылған кітаптар дала халықтарына түсініксіз болатын. Даналық кітабы арқылы халықтар ислам әлемімен, сопалық ағымның ой-пікірлерімен танысты. Адамның рухани өмірінің таза болуы, аққатты іздеп табуды, ізгілік,  адамгершілікке шақыруы арқылы әділдіктен үлкен  ештеңе жоғын айтады. Сондықтан Қожа Ахмет өз өлеңдерін түркілер, дала халықтары сөйлейтін-оғыз  қыпшақ  тілінде жазды. «Даналық кітабының» негізгі тақырыптары төртеу, біріншісі – шаригат деп аталатын ислам заңдары мен дәстүрлерінің жиынтығы, екіншісі – тарихат, философиялық ілім ретіндегі сопылықтың идеяялық мәні мен мақсаты, үшіншісі – марифат, бір ғана құдайдың діні ретінде исламды зерттеу мен мәнін танудың қажеттілігі,  төртіншісі –хақиқат, құдайды  идеалды тану мен оган шындыққа секілді жакындауга ұмтылу.  Аңыз бойынша, құдайға шын сенген адамға бұл дүниеде ұзақ өмір сүрудің керегі жоқ, сондықтан, Қожа Ахмет 63 жасқа жеткен соң мешіт жанындағы жерасты қылуетке түсіп, өмірінің қалған уақыт сонда өткізеді. Жер астында Мұхаммед әулиенің нағыз шәкірті тағы да 63 жыл өмір сүрді деседі. Жерасты қызмет жанында  оның көптеген шәкірттері, сонымен бірге отбасыда бірге өмір сүрген. 1116 ж. өлген соң,  ол әулие ретінде, арнайы тұрғызылған мавзолейге барлық сән- салтанатымен көміледі, кейініректе  бұл жер мұсылмандардың зиярат ететін қасиетті жеріне айналды. 14 ғасырда монғол шапқыншылығынан кейінгі қираған қалалар қалпына келтіріле бастады, соның ішінде Ясы қаласы да, онда жерлеген Қожа Ахметтің қызы Гауһар мен күйеу баласы Әли Қожа, Баба-Араб мешіті және басқа да көптеген ортағасырлық ескерткіштер қайта жаңғырды. Қожа Ахмет кесенесі зиярат етушілерінің көптеген    сыйлары мен таратуларының арқасында сол уақыттың ең бай кесенелерінің біріне айналды. Әмір Темір (Темірлан) бұл киелі жерлерді өзінше қастерледі. 1395ж. Тоқтамысты жеңген соң, жеңіс құрметіне ескірген Ахмет Яссауи кесенесінің орнына үлкен ғажайып мемориалды кешен тұрғызады. Бұл ескерткіш әлі күнге дейін біздерді ортағасырлық архитектураның  ғажайып туындысы ретінде тамсандырып келеді. Ғұлама\r\n\r\nақын; адамдарды рухани тазалыққа, имандылыққа, хақ жолына адалдыққа, өмір бойы жете  түсуге, дін ережелерін меңгеруге, мейірімділікке, қанағаттыққа шақырады.\r\n\r\nСондықтан, келешек ұрпақты ғұламалардың ғылыми еңбектерін оқып, оны ары қарай дамытуға жол ашуымыз керек.\r\n\r\nЕгеменді еліміздің келешегі жарқын болуы үшін, — жастардың бойына имандылықты ұялату біздің борышымыз!\r\n\r\n Қолданылған  әдебиеттер тізімі\r\n

    \r\n

  1. «История Казахстана с древнейших времен до наших дней». В пяти томах. Тома 1,2,3. Алматы 1994-2002г.
  2. \r\n

  3. Кашкари М. «Словарь единого тюркского языка» три тома, Алматы, 1997
  4. \r\n

  5. Яссауи Қожа Ахмет, «Диуани Хикмет», Аламты, 1993г.
  6. \r\n

\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n 

Торғай көтерілісі

0

Торғай көтерілісі\r\n\r\n 1916 жылғы патшаның “июнь жарлығынан” кейін жер-жерде басталған толқулар Қазақстанның көп өңірлерін қамтыды, ең ірі қозғалыстар Жетісу, Торғай – Ырғыз өлкелерінде болды. Мыңдаған қазақ сарбаздары патша әскерлерімен шайқасты, жүздеп оққа ұшты. Көп қазақтар елін, жерін тастап Қытайға, Ауғанстанға қашты.\r\n\r\nЖоңғар шапқыншылығынан кейін қазақ халқының басына түскен ірі зобалаң осы болды.Торғай өлкесіндегі көтеріліс туралы айтатын болсақ, патшаның “июнь жарлығы” елге жетісімен-ақ, ауыл-ауылдардың бәрінде халық дүрлігіп көтеріле бастады. Көтерілісті барша халық жақтады: көп жерде бай-болыстар да көтерісшілер жа­ғында болды. Әбдіғапар, Карбоз, Садуақас, Қосжан, Өмен сияқты би-болыстар сар­баздарға бас-көз болды, көтерілісті өздері ұйымдастырып, басшылықты қолдарына алды. Кешегі бұзақы, сотқар-тентек аталған Амангелді Үдербайұлы, Уәлі Жалма­ғамбетұлы, Бекболат Отызбайұлы, Омар Тынымұлы сияқты азаматтар ел басына “күн туғанда” көтеріліс туы астына кірді, батыр атанды.\r\n\r\nҚазан айының аяқ кезінде болыстарда ірі сарбаздар тобы құрылды. Әр топтың басшысы да айқындалды. Бәрі жиылып орталарынан хан сайлады. Мысалы, Торғай үйезінің шығысы мен батысы Әбдіғапар Жанбосынұлы мен Оспан Шолақұлын хан сайлады. Әбдіғапар ел арасында аты әйгілі Нияз хан ұрпағынан болатын. Осындай ауыр заманда хан болу оңай емес еді. Академик Манаш Қозыбаев бұл туралы мынадай тұжырым айтқан болатын:\r\n\r\n …осындай ауыр заманда ту көтерген ерлердің бірі әмір Әбдіғапар даңқ үшін әмір болмады, ел есімін атады, ол көнді, Отан үшін жанын пида етіп, шүберекке байлады. Патша жендеттерінен аман қалған әмір Әбдіғапар большевиктік экстремизмнің құрбаны болды.\r\n\r\nКөрші Ырғыз өлкесінде сайланған хандардың ішінде іс-қимылымен аты шыққан Айжарқын Қанайұлы болды.\r\n\r\n Ұлт-азаттық көтерілістің өрбуіне бірнеше себептер болды. Ең негізгісі жер мәселесі еді. Ресей патшалығы қазақтың шұрайлы жерлерін күшпен тартып алып, мұжықтарына, казактарына таратып беретін. Тұрар Рысқұловтың 1926 жылы жүргізген зерттеуі бойынша бір 1916 жылы солтүстік аудандардан патша әкімдері қазақтың 30 млн. гектар жерін тәркілеген.\r\n\r\nШілде айының аяғында қазақтардан 19 бен 43 жастың арасындағы еркектері “қара жұмыс армиясына алынсын” деген патша жарлығы елге таратылды. Бұрыннан орыс патшалығы қазақтарды армияға алмайтын. Енді патша “уәдесін бұзып, соғыс жұмысына орыстан басқа ұлттардың еркектерін алу керек” деген шешімге келіп, оны тездетіп орындауға кірісті. Бұл кезде орыс әскерлері немістермен соғысып, жеңіліп, масқара болып жатқан кез еді.\r\n\r\n Патшаның соғыс күшінің қорына деп ел мойнына қосымша салық салып, жәрдем ақша жинады. Ең ақыры “соғыс жабдығына керек” деп самаурынның сары жезі, қалайы мен қорғасынға дейін жиылды.\r\n\r\n Торғай өлкесінде әскер тамағы үшін сойыс малын жинап жүрген үйездің көмекшісі Ткаченкомен Қараторғай жастары, Батпаққара басында соғысуға дейін барған. Орыс тілінде сөйлей алатын Жағыпар Жанбосынұлы Ткаченкодан: “Патша ағзамның антын бұзғаны қалай?! Әскерге алмаймыз деген уәдесі қайда?” – деп сұрайды. Бұрын-соңды қыр қазағының бірі бетіне қарсы келмейтінін білетін Ткаченко ашуланып: “Ақ патшаның ақ дегені – алғыс, қара дегені – қарғыс”, дейді. “Орыс халқы қанын төгіп Германмен соғысып жатқанда, “қара жұмысына бармаймыз” дегендерің – бүлік”, дейді. Осы айқайды естіген қазақтар тапсырып тұрған малдарын қайтарып, ауыл-ауылына кетіп отырады. Ткаченко Торғай қапасына келіп жұрттың көтеріліс жасайтын түрінен толық мағлұмат береді.\r\n\r\n 1916 жыл. Шілденің 27-сі. (Орынбордан) Полковник Татаринов жіберген жасырын телеграммадан: “Торғай, Орал облыстарындағы толқулар қауіпті түрге айналып бара жатыр.\r\n\r\n 1916 жыл. Тамыздың 30-ы. Торғай үйез бастығы Р.Г.Гарфтың Торғай облысының генерал-губернаторы М.М.Эверсманға берген рапортынан:\r\n\r\n…барлық болыстардың қолындағы тізімдер тартылып алынған, ал болыстардың өздері күзетілуде. Қырғыздар 10 мыңдай адам жиналып, қаруланып, қалаға шабуыл жасамақшы…\r\n\r\nАтқа мініп, қолына қару алған жастардың аузында бір-ақ сөз болды: “окопта қырылғанша, жерімізді, намысымызды қорғап елде өлгеніміз артық”. Ұйымдасқан топтар қазан айының орта кезінде Торғай қаласына жақын Сужарғанда кездесетін болып келісті.\r\n\r\nПатша ағзамға сенетін бай-болыстар да қарап жатпай, ортасынан 40 мыңдай ақша жинап, Смағұл Төкеұлын басшы етіп, ізденуге Петроградқа жұмсады.Осылайша бүкіл Торғай өлкесі патша жарлығына қарсы шығып, қолдарына қару алып, дабырлап жатқанда, оқыған, көзі ашық Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханұлы, Міржақып Дулатұлы сияқты зиялыларымыз “Қазақ” газеті арқылы көтерілісшілерге “тынышталыңдар, патшаға қарсы шықпаңдар” деп жатты. Арнайы жазылған үндеулерінде мынадай үгіт сөздері бар: “Патшаның бұйрығы – ақиқат” оны орындамауға болмайды, жан тәтті, бірақ бұйрық қатал” дегендей…\r\n\r\n Орынбордан “көшіп-қону” жер мәселесіне байланысты Ахмет Байтұрсынұлы мен Мурзин екеуі келіп, Торғай елін аралап жүрді. Ара-арасында жұртпен кездесіп, патша жарлығын түсіндіргілері келді. Ақыры тамыз айының аяғында біраз халықты Батпаққарадағы Файзолла ишанның мешітіне жинап, үлкен жиылыс өткізді, мұнда да сол идеяларын айтып көріп еді, тыңдаушы жастармен тіл табыса алмады. Халықтың түгелдей көтерілісті жақтайтынына көздері жетті. Бұған қоса Қараторғай болысына әскерімен келген Ткаченконы жастардың қуып шыққанын көрді.\r\n\r\nҚазан айының аяғында болыстарда жинақталған сарбаздар Торғай қаласының маңында, Сужарғанда жиналды. Көртоғай, Қараторғай болыстарының сарбаздарын Әбдіғапар бастап келді, бұлар Жанғожа аталарының көк-жасыл шұбар туын ұстап келді. Аққұм болысының жігіттері Көбек батырдың туымен келді. Сарыторғай қазақтарын атақты Жәуке батырдың немересі Орманбек пен Мұсабай қажының ұлы Өмен ақ ту көтеріп бастап келді, Қайдауыл болысының сарбаздарын Кенесары заманындағы Иман батырдың немересі Амангелді ертіп келді.\r\n\r\nӘбдіғапардың айналасына небәрі 6000-дай сарбаз жиналды. Бұларға Аққұм болысынан Карбоз бастаған 1500 сарбаз келіп қосылуы керек. Оспан ханның 3000 сарбазын қоссақ, жалпы сарбаздар саны 10 мыңдай еді.Бес-алты күн Әбдіғапар Оспан хан сарбаздарын тәртіпке келтіріп, шабуылдың жоспарын жасады, бәрінің мақсаты бір – Торғай гарнизонын басып алу, қару-жараққа қол жеткізу.Қазан айының соңғы күндері көтерілісшілер ойламаған оқиғаға тап болды: Карбоз Алқау көлі тұсында қарамағына келген Сарманұлы Бектің, Үркімбайұлы Қияқбайдың, Тынымұлы Омардың сарбаздарын қабылдап жатқан кезде “жау кеп қалды” деген хабар жетеді. Хандармен ақылдасып жатуға уақыт болмаған. Өздері келісіп, Татыр көліне келіп қалған казак жүздігіне қарсы шыққан.\r\n\r\nКарбоздың қолында небәрі 30 шақты мылтық болған, көбісі ауыл-ауылда сақталып келген шиті мылтықтар еді. Біреуі алыстан тиетін Қалабайұлы Арғынбай ұста өңдеген қару, ол сол күні Қияқбайдың қолында екен. Осылайша, екі жақ бесінге дейін атысқан, ақыры шабысқа шыққан. “Қызыл жоса қанға батып” шегінеді. Мылтық, наганы бар казактардың күші басым еді. Осы шайқаста Қияқбай ерлік көрсетіп, бір казакты атып түсірген. Бәрінен де оның туысы Әсемғазы Тобажанұлының ерлігі айтарлықтай: төрт әскердің ортасына түсіп қалып, найза салып екеуін өлтірген, өзі де жаралы болған, қылыштың жүзі төбесін қырқып кетіпті, денесінің көп жері тілінген. Осы шайқаста Қияқбайдың шешесі Жаңыл анамыздың ерлігі таңғаларлық оқиға. Құлаған бір сарбаздың айбалтасын ала салып, жауға шауып, бір әскерді жаралап, құлатқан. Өзі де жараланыпты, қызумен білмеген, қылыш арқасын тіліп кетіпті. Осы соғыста сарбаздың қолынан казактардың 6-ы өлген. Қияқбай тобы олжалы болып, қолдарына 5 винтовка түсірген.\r\n\r\nКарбозбен соғысқан әскер тобына Қостанай жағынын көмекке келе жатқан 140 атты әскері ертесіне Торғай қаласына жеткен.  Бұдан бұрын Торғай бекінісінде 200-дей атты казактар, 100-ге жуық жаяу әскер болатын, оқ-дәрілері жеткілікті еді.\r\n\r\nТатырда Торғай қазақтары алғашқы рет қарулы орыс әскеріне қарсы шығып шайқасқан.\r\n\r\nҚарашаның 5-і күні түнде, қаланың жоғарғы жағында, өзеннен өтетін көпір жасалды. 10 мындай сарбаз бір түнде қала жақ бетке өткен. Әбдіғапар тобындағы жортуылшылар түнделетіп шолу жасап, қала жасақшыларының қай тұста орналасқанын бақылаған.\r\n\r\nОспан хан сардары Қасымханмен қаланы күнбатыс жағынан шабуылдап, шығыстан Әбдіғапар мен Амангелді, оңтүстіктен Жәуке батырдың баласы Орманбек шабуылға шықты. Гарнизон жолында винтовкамен қаруланған жасақтар тұрды. Оған қоса көшелердің бәрінде тосқауылдар жасалған болатын. Атты сарбаздар шауып өте алмады, жаяулап, үйлерді тасалап атысты. Сарбаздар жасақтарды, оларға көмекке келген солдаттарды ығыстырып, гарнизон қоршауына жеткен. Сарбаздардан күш көрсеткендер: Әбдіғапар тобынан Амангелді, Жағыпар болды. Оспанхан сарбаздарынан ерлік көрсеткендер: мыңбасы Қазы Сәтпаев пен Әубәкірдің Хамиті. Ұрыс кезінде Хамит үш қатар тікенек сымдарын үзіп, жол ашқан, өзі оққа ұшқан.\r\n\r\nСарбаздар тобы тікенек қорғаннан өтіп, гарнизонға ұмтылған, бірақ оқшашардың шарпуына шыдамаған, біраз жігіттерінен айырылып, шегінген. Түс ауа сарбаздардың барлығы Сужарғанға оралған.\r\n\r\nСарбаздар Тoрғай горнизонын басып ала алмады, сонда да осы оқиғаның мәні зор еді.\r\n\r\nЫрғыз қазақтары да, басқа үйездегілер сияқты, 1916 жылы шілде айында “патша жарлығын мойындамай” көтерілген болатын. Бұлар да Петроградтан “шындық” іздеп Аманкөл болысының азаматы, (оқыған) адвокат Жанша Сейдалин мен Тәуіп болысынан ақын Исатайды жіберген. Бұлардың сенген адамдарының бірі Бірімжанов Ахмет болатын. Бұлар да Петроградтан еш нәрсе өндіре алмай қайтқан.\r\n\r\n…Сонымен 1917 жылдың қаһарлы қысының бас кезінде Ырғыз өлкесіндегі көтеріліс доғарылды, барлық болыстардын “шақырылуға тиісті жастар топ-тобымен жинастырылып, Шалқарға жіберілді. Г.Станкевичтің айтуы бойынша, жиналған қазақтардан 2 эшалон адам майданға кетіп те үлгірген. Әбдіғапар қарамағындағы ауылдардан бір де бір адам “соғыс” жұмысына бармады.\r\n\r\nӘбдіғапар мен Амангелді қыс бойы сарбаздарын соғысқа дайындады: қатал әскер тәртібі енгізілді, соғыс тәсілдері үйретілді. Осындай жағдайда Әбдіғапар барлық істі ақылдасып, елмен (6 болыс арғын, 6 болыс қыпшақ, 1 болыс найман) бірге шешуді дұрыс көрді.\r\n\r\nӘбдіғапар ханның ордасы Үрпекке 15 шақырым жердегі Дүкенбайұлы Сейдіғазым­ның қыстауында орналасты. Хан кеңесінің шeшімі болмай, біp де біp шаруашылық, coғыс мәселесі орындалмайтын. Кеңес үкім шығарып, ауылдарға “қызыл бекет арқылы, бұйрықтар таратып отырды. Шығарылған үкім қағаздары заңды болу үшін ханның мөрі басылатын. Хан жарлығы мен кеңестің шешімдерін іске асыру үшін, көмекші уәзір сайланды, әскербасы-сардарлыққа Үдербайұлы Амангелді тағайындалды. Қазына шаруасын басқару жұмысы Ержанұлы Дәуітке тапсырылды. Елшілік мәселесі, қару-жарақпен қамтамасыз ету Жанбосынұлы Садуақасқа жүктелді. Бұл екеуі де есепке жүйрік болатын, екеуі де Орынбор гимназиясын тәмамдағандар.\r\n\r\nҚазылық-би жұмысы – Досан Қарабайұлына, Қосжан Манабайұлына, сот Дәуіт Ержанұлына тапсырылды. Бұл аты аталған азаматтар түгелдей кеңестің құрамына енді. Хан жарлығын іске асыру үшін болыстарда елбегілер сайланды. Елбегілер тікелей Дәуітке бағынатын. Олар мал-жанның есебін алды, елден сарбаздардың мұқтаждығына ақша, мал жинады. Хан жарлығы бойынша байлар 40 қойдан 1 қой, 5 қарадан 1 қара мал зекет берді, қару-жарақ алу үшін, елшілердің жол қаражаты үшін ақша қоры қазынашылар қолында жиналды. Елде тәртіп болу үшін ұрлық-қарлыққа қарсы қатал жарлық шықты. Бұйрық қағаздарын, жалпы хабарларды тарату үшін әpбіp 15-20 шақырым жерде байланыс бекеттер орнатылды, халық оларды “қызыл бекеттер” деп атады. Себебі, орналасқан үйлердің көбі қызыл кірпіштен еді.\r\n\r\nӘбдіғапардың қарамағындағы сарбаздардың саны күннен-күнге өсті.\r\n\r\nСарбаздарды топтастыруда, мылтықтары бар 200 сарбаздан 5 ерекше мергендер тобы құрылды (әрқайсысында 40 мергеннен болды), соның екі тобы винтовкамен қаруланған еді. Мыңбасылары жорыққа шыққанда жанында 40 мерген ертіп жүретін. Мергендерді жаттықтыруға Кейкі, Жағыпар тағайындалды. Кейкі бүкіл Торғай еліне аты шыққан мерген, халық оны “қол мерген” деп атайтын, себебі, мылтығын бір қолымен ұстап сермеп қалып, атып дәл тигізетін. Өзі де қарулы болған, мінезі шатақтау, аяушылықты білмеген.\r\n\r\n1917 жыл. Қаңтардың 5-і. (А.Г.Сандецкийдің бас штабқа берген хабарынан):\r\n\r\n …Торғай маңында үлкен екі қарақшылар тобы бар: біріншісі… (бұл кезде тарап кеткен), екіншісі қаланың солтүстігінен 150 шақырымда Қараторғай болысында, Әбдіғапар Жанбосынов хандікі… Жанбосын ханның көтерілісшілерінің бір тобы Шолақсай керуен жолын торуда, мақсаттары керуендерді басып алу.\r\n\r\nКүздегі келісім бойынша, Қостанай жағынан келетін әскер жолы торуылданды. 16-ның соңы мен 17-нің басы өте суық болды. Қақаған аязда ауылдан 150 шақырым жортуылдап, боранды далаға патша әскерлерімен шайқасу жолын бөгеу ерлік емес пе!. …\r\n\r\nФайзолла ақын “Әбдіғапар хан” атты поэмасында былай дейді:\r\n\r\nҚыстың суық күні еді тұрған қақап,\r\n\r\n Үскірік қызыл аяз қарып тұтап \r\n\r\nХан мен сардар шақырды жүз мергенді,\r\n\r\n Бөлектеп көп ішінен атын атап \r\n\r\nЖүз жігіт жетіп келді Қапар ханға,\r\n\r\nМен мұндалап аттары аталғанға.\r\n\r\n Кейкі менен Өменді басшы қылып\r\n\r\n50-ден аттандырды “Тышқан тамға\r\n\r\n Шыны солай болған, Амангелді мен Кейкі аз ғана (100-ге жуық) мергенімен қантардың 13-і күні Шолақсайға жетіп, онда Садуақас пен Досан жинаған Науырзымның 1500 жігіттерін қосып алып, Қостанай әскеріне қарсы шыққан.\r\n\r\n Әбдіғапар мен Амангелді сарбаздарын соғыс тәсілдеріне үйрете отырып, дүркін-дүркін мыңбасыларын жорықтарға шығарып отырды. Ақпанның ортасында Уәлі сарбаздары Қарақоғада күшті әскер тобын қарсы алып, күні бойы соғысты, бір-екі күннен кейін осы әскермен Қосжан, Карбоз сарбаздары Құмкешуде шайқасқа түскен. Сарбаздардың батыл қимылдарын проф.К.Харлампович (1926 жылы жазған кітабында) былай түсіндіреді:\r\n\r\n …Сарбаздар кешегі ауылдың балалары, соғыспақ түгіл мылтықтың не екенін білмейтін жастар… Кенесары сарбаздарына ылғи кедейлерге: “сендерді байытамын” деп армиясын құрды. Ал бүгінгі сарбаздар саналы түрде елін-жерін, қазағын қорғаймын деп келді. Сондықтан да олар қолында тек шоқпары болса да, жан-тәнін аямай, азулы жауға қарсы тайсалмай тиісетін.\r\n\r\nАмангелді мен Өмен мергендер тобын үшке бөліп, осы тұстан өтеді-ау деген болжаммен, қалың тоғайдың шетінде орналастырды: бір тобын Кейкі, екіншісін Өменнің өзі, үшіншісін Жағыпар басқаратын болды. Бәрі Кейкінің бастауын күтеді. Мылтықтың тең жартысы ғана винтовка. Орыс әскерлеріне күш көрсететін осылар.Мергендерге жәрдемге келетін атты сарбаздар сай ішінде, басшылары Қарабай­дың Әлжаны, Оған жақын Қосжанның сарбаздары. Әріде Дәуіт пен Уәлінің сарбаз­дары. Бұлар қылыш-найзамен қаруланған, олар өзен бойында қалың қамыс пен тоғай тасасына орналасқан.\r\n\r\n Ақпанның 23-і күні. Таң атты, күн шығып көтеріле бастады, күшті аяз.Ертемен сырнайлатып, барабандарын соғып патша солдаттары тегіс соғысқа шықты. Әскер Қарасудан өтіп Доғалға келіп тоқтады. Полк бастығы Тургенев пен офицерлер қаз-қатар тұрып дүрбілерімен Доғал Ypпeк арасындағы тоғайлар мен қамыстар жағын сүзгілеп қарап жатыр. Кешеден бері жүргізген барлау жұмысынан бұл маңайда сарбаздардың қалай орналасқанын біле алмаған, барлаушылардың бірінші тобы Үрпекке жетпей-ақ, Кейкінің жігіттеріне кез болып, оққа ұшқан еді.\r\n\r\n Казактар өліктің аузындағы “тығынды” көріп, әбден ашуланып: “қырғыздардан өш аламыз” деп кіжініп, “шанышқыларын” қадап алып жаяу шайқасқа ұмтылған. Бұларға әскербасы тоғайға қарай жүруге рұқсат берді, өздері қыр басына зеңбі­ректерін орната бастады. 50-ге жуық жаяу әскер тобы мергендерге тұспа-тұс келе жатты. Жау жақындап қалды, бір кезде Кейкінің “ат” деген дауысы гүр ете түсті, мылтықтарын кезеп отырған мергендер екі дүркін оқ жіберді, осы біp атыстан казак­тардың жартысы құлап түсті, қалғандары есін жинап, атысып еді, мергендердің атыстары күшті болды. Казактар шегініп барып жата қалды, қашқандары да оққа ұшты. Бұрын-соңды сарбаздардың мұндай қимылын көрмеген әскербасы, офицер­леріне жаңа бұйрық беріп жатты.\r\n\r\n Тургенев жаяу әскермен қатар, Доғалдың оң жағымен кеткен эскадронның найзашылардың қоршауына түсіп, кескілесіп жатқанын көрді. Оларды құтқару үшін көмекке тағы жүздіктің қалған бөлігін жұмсады. Тек солардың көмегі арқасында біразы кері оралды. Артынан қуып келген сарбаздардың қалың “қолын” оқшашарлар қарсы алды. Сарбаздардың алдыңғы қатары жапырылып оққа ұшты, қалғандары тез бұрылып кері шапты.\r\n\r\n Осыдан кейін екі жақ та тым-тырыс бола қалды. Тургенев сарбаздардың қалай орналасқанын көзіне елестеткен болу керек, шабуылдың түрін өзгертті. Біраздан кейін зеңбіректері гүрс етті, алғашқы оқтары өзеннің бергі беттегі Доғал бойына, әр жерге түсіп жарылды. Ол аздай, бірнеше оқшашарлары жақын келіп, өзенге қарай сатырлатып ата бастады. Бір мезетте зеңбіректің атыстары да тоқтады, іле-шала “солдаттар ұшып тұрып уралап алға ұмтылды, біраз жүгіріп тоғайға да еніп, мергендерді таба алмай, тағы да алға жүгірді, тоғайдан өтіп алаңға шыға бергенде, мергендер “сатырлатып” атты. Алды-артынан біразы құлады. Ызалы әскер өлген-тірілгеніне қарамай алға ұмтылды, мергендерге жақындап қалған еді, аңдып тұрған Дәуіт жүздігімен қиқулатып шыға келіп, солдаттарды қым-қиғаш шауып, таптап өте шықты. Тургенев те сол қанаттағы эскадронның бөлігін осы топқа жұмсады, сол сәтте Уәлі басқарған 100 шақты атты сарбаздар оған қарсы шықты да, жетпей орағытып кері қашты. Атты казактар далақтап қуа жөнелді, соғыс шебіне жақындай бергенде, тасада күтіп тұрған Амангелді, Әлжан найзалы қазақтарымен, эскадронға бүйірден келіп тиісті. Ә, дегенше казактарды быт-шыт қылды. Бұл Әбдіғапар ұсынған соғысу тәсілі еді, Амангелді оны шебер қолданды.\r\n\r\n Түс ауып, күн еңкейе бастаған кез. Оқшашардың жақын келіп атқылауына шыдамаған мергендер шегіне бастады. Тургенев әскері сарбаздарды жан-жақтан қоршауға айналды. Амангелді “шегініңдер” деген бұйрық берді. Доғалдың оң жағынан айналып өткен атты казактар тобы, өзен бойындағы сарбаздарды қоршауға алып, қырмақшы. Бірақ мұнда да сарбаздар бұрынырақ шығып, басы Әбдіғапар болып, Ағаштыкөлге бет алған. Казактар далаға шыққан сарбаздарды шабуылдамады, қорықты.\r\n\r\n Торғай қазақтарының 1916-1917 жылдардағы патшаға қарсы жүргізген соғыс әрекеттері ерліктің ұлы өнегесі еді. Ресейде 1917 жылғы ақпанда буржуазиялық-демократиялық көтеріліс жеңіске жетті, патша тағынан түсті. Уақытша үкімет жазалаушы іскерлер тобын кері қайтарды.\r\n\r\n 1936 жылдан бастап Кеңес Одағында, әсіресе, Қазақстанда, қандай да болмасын оқиға, коммунистік идеологияға бағындырылды, соның ішінде, 1916-1917 жылдың тарих мәселелеріне көзқарас күрт өзгерді: жеке адамға табынушылық саясаты жүргізілді. Батыр аталарымыздың аттары құрдымға жіберілді. Доғал соғысында, жанын-тәнін аямай ерлік көрсеткен азаматтар әдейі ұмыт болды, аруақтарын аяқ асты етті.\r\n\r\n Шын мағынасында, мақтау бәріне де жететін еді. Сол бір батыр аталарымыздың аруақтары риза болсын деп, осы бір әңгімені халыққа ұсынып отырмыз.\r\n\r\n \r\n\r\n Авторы: Марат МЫРЗАҒАЛИҰЛЫ.

СПИД. ЖИТС-тің жұғу жолдары және жұғу көздері

0

ЖИТС-тің жұғу көздері және жұғу жолдары\r\n\r\n ДДҰ мәліметі бойынша АИВ жұқтырғандардың саны 2000 жылдан кейін 40—50 миллионға жетуі ықтимал. ЖИТС-пен ең көп науқастанушылар АҚШ-та, Батыс Еуропа елдерінде (әсіресе Франция, Германия, Ұлыбритания, Италия), Орталық Африкада, Гаитиде тіркелген. Вирус ТМД мемлекеттерінде, Жапония, Шығыс Араб елдерінде кездесе бастады.\r\n\r\nӘдетте ЖИТС-пен қала тұрғындары жиірек ауырады. Оған жөнсіз жыныстық қатынас, шектен тыс сексуальдық еркіндік, жезөкшелік, гомосексуализм т. б. жайлар себеп болады. Көпшілік жағдайда ЖИТС-тен сексуальдық белсенділігі басылмаған жастағы ерлер мен әйелдер зардап шегеді. Бала туу мүмкіндігі бар әйелдердің арасында ЖИТС тарала бастауына байланысты балалардың да осы ауруға шалдығуы жиілей түсті. Осыдан 3—4 жыл бұрын АИВ жұқтырғандардың 70—75%-ы еркектер болса, бүгінде есірткі қолдануылардың саны күрт көбейіп, олар көпшілік жағдайда ортақ шприц инелерін пайдаланатын болғандықтан, бұл науқасқа шалдыққан ерлер мен әйелдердің саны теңесті (50%-дан). Мұндай жағдай балаларға ЖИТС жұқтыру қаупін күшейтіп отыр.\r\n\r\nИнфекция көзі. Вирус жұққан адам — вирус тасымалдаушылар, ЖИТС-пен ауырған адамдар инфекция жұқтыру көзі болып табылады. Ешқандай ауру белгілері байқалмайтындықтан әсіресе вирус тасымалдаушылар өте қауіпті. Вирус көп мөлшерде қанда, спермада, қынап кілегейінде, емшек сүтінде болады. Көз жасында, жұлын сұйығында, сілекейде өте аз мөлшерде болуы мүмкін.\r\n\r\nЖұғу жолдары. Медицинада дәлелденуі бойынша, ЖИТС-тің қазіргі кезде негізгі жұғу жолдары мынадай:\r\n

    \r\n

  • жыныстық қатынас;
  • \r\n

  • вирустың бірден қанға түсуі (әртүрлі инъекциялар жасаған кезде т. б. жағдайларда);
  • \r\n

\r\n—анасынан нәрестеге жүғу арқылы.\r\n\r\nЖыныстық жол негізгі жұғу жолы болып табылады. ЖИТС адамдарға 80% жағдайында осы жолмен, яғни гетеросексуальдық (еркек-әйел) және гомо-сексуальдық (еркек-еркек) жыныстық қатынас кезінде жұғады. Ең қауіптісі — гомосексуальдық анальдық қатынас, өйткені партнерлердің жыныс мүшелерінің терісі, шырышты қабатының жарақаттануы жиі болады. АҚШ-та ЖИТС-пен науқастанғандардың 70%-ына ауру осындай жолмен жұққан. Жұқтыру каупі активті және пассивті гомосексуалистерде бірдей дәрежеде болады. Қатерлі топқа жезөкшелер де жатады. Партнерлердің жиі ауысуы да ЖИТС жұқтыру мүмкіндігін күшейтеді. ЖИТС-пен науқастанушылық бел алған елдерден келген азаматтармен жыныстық қатынаста болу әсіресе қауіпті. Жыныстық инфекциясы бар немесе бұрын ауырғандармен кездесу, етеккір кезінде жыныстық қатынаста болу, садистік әдеті бар партнермен жақындасу ЖИТС жұқтыру каупін күшейте түседі.\r\n\r\nЖИТС-тің вирустың қанға бірден түсуі арқылы жұғуы қазіргі кезде ерекше аландаушылық туғызып отыр. Себебі тамырға наркотиктер енгізгенде ортақ инелі шприцті пайдаланатын нашақорлардың саны көбейіп келеді. Әрине, қолданатын инелерін олар тиісті өңдеуден өткізбейді. Егерде ЖИТС-пен науқастанған немесе вирус тасымалдаушы нашақорлар қауымына қосылса, вирус оның инедегі қанының қалдығымен сау адамның ағзасына түседі. Вирус аурулардың 20%-ына осындай жолмен жұғады.\r\n\r\nВирус адамға қан немесе қан құрамынан тұратын препараттар құйғанда да жұғуы мүмкін. Кейбір аурумен науқастанғанда, операция жасағанда, әйел босанғанда донор қанын құюға тура келеді. Егер донор ЖИТС-ке тексерілмеген болса, вирус жұқтыру қаупі өте жоғары. ЖИТС жұғу мүмкіндігі бар қатерлі топқа гемофилиямен ауырғандар да жатады. Өйткені қан ұюы өте нашар болғандықтан, қан кетуін тоқтату үшін оларға жиі-жиі қан құйып отырады. АҚШ-та, Еуропада гемофилиямен ауырғандардың 40—63%-на АИВ қан құю арқылы жұққаны анықталған. Бірақ 1985 жылдан бері жоғары дамыған елдерде, 1987 жылдан бастап ТМД елдерінде донор қанына қатаң бақылау жүргізіле бастады. Мұндай тәртіп ЖИТС, В гепатит және басқа жұқпалы аурулардынң таралуына жол бермейді. Соған қарамастан Қазақстанда АИВ-тың 20%-ы емдеу-профилактикалық мекемелерде жұқтырылғаны тіркелген (ДДҰ мәліметі бойынша мұндай көрсеткіш 0,5%-ға тең). Экономикасы нашар дамыған елдерде ЖИТС-тің қан арқылы жұғу қаупі әлі де сақталып отыр.\r\n\r\nЖИТС вирусының үшінші жұғу жолы — анасынан нәрестеге жұғуы. Ауырған немесе АИВ жүққан әйелдерден туған балалардың 4/5-не вирус осындай жолмен жұққаны белгілі болды. Егер де анасы нашақор немесе жезөкше болса нәрестеге вирус жұғу қаупі бірнеше есе артады. Вирус нәрестеге қалыпты босану кезінде, баланы операция жасап алғанда және жүктілік кезінде жұғуы мүмкін. ЖИТС-тің нәрестеге науқас анасының емшек сүті арқылы жұғу оқиғалары да белгілі.\r\n\r\nЖИТС-ке байланысты мәселелер баспасөз беттерінде тұрақты түрде көтеріліп отырғанына қарамастан, 6ұл проблемаға зор көңіл бөлу қажет.\r\n\r\nАИВ инфекциясымен күресуде ДДҰ «Әдепсіздік нәтижесіңде өзіңді өлімге апарма!» деген ұранға сүйенеді.\r\n\r\nЕгерде сілекейден, көз жасы сұйығынан вирус табылса, оның жұғу мүмкіндігі қандай деген сауалға келсек, мұндай жолмен жұғу бүгінгі күнге дейін еш жерде кездескен емес.\r\n\r\nВирус қанмен жұғатын болғандықтан емделу қауіпті емес пе? Бұл сұраққа да теріс жауап беруге болады. Өйткені осы уақытқа дейін мұндай жолмен ЖИТС жұғу оқиғасы болған емес.\r\n\r\nАИВ-тің шаңмен, ауалы-тамшылы, фекальды-оральды (ауыз қуысы арқылы) жолмен жұқпайтыны толық анықталған. Яғни адамдар сүйіскенде, сөйлескенде, түшкіргенде, жөтелгенде, қол алысқанда, ортақ дәретхананы, ваннаны, душты, бассейнді пайдаланғанда, сондай-ақ тағамдар мен ыдыстар арқылы ЖИТС вирусы жұқпайды. Сырт киімдерді алмастырып кигенде, тіпті бір төсекте жатып ұйықтаған кезде де ЖИТС вирусының жұғу қаупі жоқ.\r\n\r\nҚан сорғыш және басқа жәндіктер (маса, бит, кене, бүрге, шыбын, тарақан, қандала т. б.) арқылы жұғу жолдары да анықталмаған.\r\n\r\nМысық, кой, жылқы, маймылдарда қоздырғышы АИВ-ке ұқсас иммундық тапшылық болатынына қарамастан, үй және жабайы жануарлардан ЖИТС жұғу жайлары кездеспеген.\r\n\r\nЖИТС жұғудан қалай сақтанады?\r\n\r\nӘртүрлі инфекциялардан сақтанудың ең тиімді тәсілі — вакцина егу. Алайда вакцина дайындау бағытында тыңғылықты зерттеулер жүргізіліп жатса да, ондай профилактикалық препарат алу әзірше қолдан келмей отыр.\r\n\r\nЖИТС-пен науқастанудан сақтанудың маңызды шаралары мыналар:\r\n

    \r\n

  • әлеуметтік, халықаралық, мемлекеттік шаралар;
  • \r\n

  • жеке басты қорғауға бағытталған шаралар.
  • \r\n

\r\nПрофилактиканың басты міндеті — ЖИТС тасымалдаушыларды анықтап, жұғу арнасын сенімді түрде жауып тастау. Осы мақсатта көптеген елдерде мынадай шаралар жүргізіліп жатыр: халықтың (тұрғындардың) кейбір топтарын сөзсіз және жоспарлы түрде лабораториялық тексеруден өткізу; донорлык, қанды, сперманы, органдарды тексеру; гемофилиямен ауыратындарды, нашақорларды, гомосексуалистерді, жезөкшелерді тексеру; ауырғандарды арнайы ауруханаға жатқызу және емдеу; сенім телефондарын ұйымдастыру; ЖИТС-пен ауырғандарға консультация және көмек беретін комиссия жұмысын ұйымдастыру; диагностикалық орталықтар, кабинеттер ашу т. б.\r\n\r\nТұрғындар арасында ЖИТС жөнінде санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізудің ерекше маңызы бар. Әркім аурудың қалай тарайтынын, одан қалай сақтану қажет екенін жетік білуі тиіс.\r\n\r\n Англияда осы бағытта жүргізілетін жұмыстарға мемлекет жылына 20 млн фунт стерлинг қаржы жұмсайды.\r\n\r\nЖалпы халықты, әсіресе балалар мен жастарды өнегелілікке, дұрыс жыныстық қатынас жасауға тәрбиелеу мәселесін жолға қоймайынша, ЖИТС-пен күресу мүмкін емес.\r\n\r\nЖеке бас профилактикасы қарапайым әрі денсаулық үшін ұтымды. Оларға мыналар жатады:\r\n

    \r\n

  • салауатты, әдепті өмір сүру;
  • \r\n

  • кездейсоқ жыныстық қатынастан және гомосексуалист, жезөкшелермен жақындасудан сақ болу (жыныстық партнер көп болған сайын ЖИТС жұқтыру қаупі арта түседі. Г. В. Сколубовичтің (1989) айтуы бойынша, «Жыныстық тәртіпсіздік, нашақорлық және жезөкшелік — ЖИТС вирусын жұқтыру кепілі»);
  • \r\n

  • стерильденбеген немесе кездейсоқ біреудің шприцін, қайшысын, сақал алғышын және басқа да құрал-жабдықтарын пайдаланбау;
  • \r\n

  • әсіресе терісі, шырышты қабаттары зақымданған жағдайда бөтен біреудің қанымен, бөлінділерімен жанасудан абай болу;
  • \r\n

  • презервативті дұрыс пайдалану (ол ЖИТС-тен қорғайды);
  • \r\n

  • қан құйғанда немесе донор қанынан дайындалған препараттар қабылданғанда олардың АИВ-ке тексерілгеніне көз жеткізу (ол үшін қолданылған қанның сериялык нөмерін жазып алыңыз);
  • \r\n

  • маникюр, педикюр жасайтын құралдардың стерильдігіне көңіл аудару;
  • \r\n

  • ЖИТС вирусын жұқтырып алдым-ау деген күмәнді жағдайда міндетті түрде дәрігерге көріну.
  • \r\n

\r\nКез-келген азамат АИВ-инфекциясының жұққан-жұқпағандығын анықтау үшін Алматыда, Астанада, еліміздің басқа да ірі қалалары мен облыс орталықтарында ашылған лабораторияларға барып тексерілуіне болады.\r\n\r\nҚазақстанда ЖИТС-пен күресу жұмыстарын ұйымдастыру.\r\n\r\nЖИТС — көп жағдайда өлімге соқтыратын аса қатерлі вирустық дерт. Қазақстанда осы қауіпті ауруға қарсы күрес жүргізу мақсатымен мамандандырылған жаңа қызмет жүйесі құрылды. Оның құрамына республикалық, облыстық, қалалық ЖИТС-ке қарсы күресу және аурудың алдын алу орталықтары, диагностикалық лабораториялар мен анонимдік кабинеттер кіреді. Осындай қызмет жүйесінің күнделікті жұмысын Республикалық ЖИТС-тен сақтандыру комитеті басқарады. Бұл комитеттің ең басты мақсаты — ЖИТС вирусын жұқтырған адамды табу, оны тексеру және емдеуді жоспарлы түрде ұйымдастыру. Жоғарыда аталған ЖИТС орталықтары ұйымдастырушы, тәсілдеуші және емдеуші мекемелер ретінде жұмыс атқарады. Қазіргі кезде республикамызда ЖИТС-тен қорғану жөнінде жұмыс жүргізетін 20 орталық және 80 лаборатория бар.\r\n\r\nОлардың жұмыс бағыттары мынадай:\r\n

    \r\n

  1. Вирус жұғу мүмкіндігі бар «қатерлі топтарға» (группы риска) жататын адамдарды тексеріп, вирус жұққан адамдарды дер кезінде тауып отыру;
  2. \r\n

  3. Ауру ошағын анықтап, дәрігерлік бақылауға алып, вирустың әрмен қарай тарауына, яғни басқа адамдарға жұғуына мүмкіндік бермеу жұмыстарын ұйымдастыру.
  4. \r\n

\r\nҚазақстан Республикасында 5 жылдың ішінде (1987—1991) 4 млн 870 мың адам арнайы тексеруден өтті. Екіқабат әйелдерді тексеру және өз атын жарияламай тексерілу жұмыстары кең түрде жүргізілуде. Әрбір облыс орталығыңда осындай тексеру жүргізетін арнайы кабинет жабдықталған және одан 6ұл індет туралы жан-жақты ақыл-кеңес алуға болады.\r\n\r\n«ЖИТС (СПИД) ауруының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының заңында (1994) ЖИТС ауруымен күресу күрделі, кешенді мәселе деп танылған. Оны шешуге Денсаулық министрлігімен қатар басқа да министрліктер (Қаржы, Еңбек және әлеуметтік қорғау, Ішкі, Сыртқы істер т. б.) қатысады, олардың жұмысын ҚР Министрлер Кабинеті жанынан құрылған Үйлестіру кеңесі басқарады.\r\n\r\nҚазақстан Республикасында тұратын не ұзақ мерзімге жұмыс атқаруға келген әрбір шет ел азаматы Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығын сақтау туралы» заңына сәйкес ЖИТС вирусының жұққан-жұқпағандығын анықтау үшін медициналық куәлендіруден (тексерістен) өтуі тиіс.\r\n\r\nЖИТС-пен ауырған не вирусын тасымалдаушы шет ел азаматтары Республика аумағынан шығарылып жіберіледі, ал еліміздің азаматтары емделуге, кешендік тексерістерден өтуге міндетті. Оларды қызметтен, жұмыстан, бизнестен, заңға қайшы келмейтін іс-әрекеттің қай түрінен болмасын шеттетуге болмайды. Тек медицина, фармацевтика, тұрмыстық қызмет көрсету саласы қызметкерлері (мысалы, шаштаразшы т. б.) жұмысын ауыстыруы қажет. Олар үшін ЖИТС-пен ауыру, вирус тасымалдаушы болу — кәсіби ауру болып табылады, сондықтан біраз жеңілдіктер жасау жайы қарастырылған. Мәселен, бір мерзімдік ақша төлеу тәрізді. Оның үстіне ЖИТС-пен сырқаттанушылармен, вирус тасымалдаушылармен тікелей жұмыс істейтін медицина және ғылыми қызметкерлер жұмыстының зияндылығы үшін қосымша, ақылы 24 күндік демалыс және негізгі жалақысының 60%-на дейін үстем ақы алуға құқылы.\r\n\r\nЖИТС вирусын тасымалдаушылар қан (басқа да органдар мен тканьдер) беретін донор бола алмайды. Әдейі және біле тұра басқа азаматтарға ЖИТС вирусын жұқтырушы, клиникалық, лабораториялық тексерілуден қашқақтаушы, өз жұмысын салақ атқару нәтижесінде ЖИТС вирусымен сау адамдардың зарарлануына себепкер болушы, нақты кісінің ЖИТС-пен ауыратындығын не оның вирусын тасымалдаушы екендігін рұқсатсыз жариялаушы азаматтар мен мамандар заңға сәйкес жауапқа тартылады.\r\n\r\nҚорыта айтқанда, әдепті өмір сүріп, отбасы бірлігі берік болса, арақ-шарап ішіп, наша тартудан, кездейсоқ жыныстық жақындасудан аулақ болса, әрбір адам өзін-өзі ЖИТС-тен қорғай алады.\r\n\r\nЕсіңізде болсын: Сіздің денсаулығыңыз өзіңіздің қолыңызда!\r\n\r\n Қолданылған әдебиеттер\r\n

    \r\n

  1. Котова А. Л., Құдайбергенұлы Қ., Дерябина Л. В. СПИД – ғасыр індеті/ Алматы: Ғалым, 2000
  2. \r\n

  3. Өмешұлы Ә. Салауатты өмір – ден саулық кепілі. Алматы: Білім – 1999
  4. \r\n

  5. Оразақов Е. Денсаулық туралы кеңес. Алматы — 1981
  6. \r\n

\r\n 

Рецепторлар. Рецепторлардың түрлері

0

Физиология\r\n\r\nРЕЦЕПТОРЛАР\r\n\r\n Қозу физиологиясы. Тірі организмдер екі түрлі қалыпты жағдайда болады: физиологиялық тыныштық және физиологиялық белсенділік. Физиологиялық тыныштық деп организмнің көзін жұмып, тыныш, ештеңені ойламай, тыңдамай, денесін босатып, демалып, ояу жатқан қалпын айтады. Бұл кезде организмнің өзінің тіршілігіне қажетті құрылымдары (жүрек-қан тамырлар, тыныс алу, зәр шығару т.с.с) белгілі шамада қызмет атқарады және, мысалы, ұлпалардың клеткаларында белгілі мөлшерде зат алмасуы жүріп жатады. Осындай қалыпта жатқанда сыртқы ортаның қандай да болмасын бір жағдайлары әсер етсе, организм физиологиялық тыныштықтан физиологиялық белсенділікке ауысады. Организмнің қандай да болмасын жеке мүшесі немесе мүшелер жүйесі, тіпті бүкіл    организмнің    қызмет    атқаратын    жағдайын физиологиялық белсенділік дейді.\r\n\r\nФизиологиялық белсенділік кезінде зат алмасуы артады, бірнеше мүшелер, жүйелер қызметін күшейтеді. Мысалы, тамақ ішкеннен кейін ас қорыту мүшелері қызмет атқаруына байланысты оларға қоса жұрек-қан тамырлар, тыныс, зәр шығару жүйелерінің қызметі күшейеді. Мұндай жағдайда сыртқы ортаның әсері денедегі ұлпаларды, клеткаларды тітіркендіреді.\r\n\r\nАдам денесіндегі көпшілік тірі клеткалардың тітіркену қасиеті болады. Сыртқы және ішкі орталардың түрлі әсерлеріне жауап беру қабілетін тітіркену деп айтады.\r\n\r\nАл олардың әсерлерінің өзін тітіркендіргіш деп атайды. Сыртқы және ішкі орталардың әсерінен организм, оның жеке ұлпалары физиологиялық тыныштықтан белсенділікке ауысады. Тітіркендіргіштерді тегіне қарай төртке бөледі: физикалық, химиялық, физико-химиялық және биологиялық тітіркендіргіштер.\r\n\r\nФизикалық тітіркендіргіштер деп түрлі механикалық (соққы, шаншу, қысым т.б) және электрлік әсерлерді айтады.\r\n\r\nХимиялық тітіркендіргіштерге тамақтың құрамындағы органикалық және бейорганикалық заттар, дәрілер, улы заттар, сілтілер, қышқылдар, түздар және олардың ертінділері тәрізді көптеген химиялық заттардың әсері жатады.\r\n\r\nФизико-химиялық тітіркендіргіштерге ертінділердегі заттардың парциалдық қысымы, осмостық қысымы, иондардың (аниондар мен катиондар) және түрлі заттардың концентрация айырмашылықтарының әсері (айталық, 5% және 7% тұз қышқылының ертінділерінің әсерінің айырмашылығы) жатады.\r\n\r\nБиологиялық тітіркендіргіштерге түрлі макро және микроорганизмдердің әсерін жатқызуға болады.\r\n\r\nТітіркендіргіштердің әсерінен тітіркене алатын ұлпаларды тітіркенгіш ұлпалар деп атайды. Оларға нерв, ет, без ұлпалары жатады. Олар тітіркендіргіштің әсеріне қозумен жауап береді. Қ о з у аталған ұлпалардың қызметінің үрдісі. Қозу кезінде бұл ұлпалардың электрлік және биохимиялық қасиеттері өзгереді, ұлпалардың қызметі басталып, күшейеді. Сыртқы ортаның кейбір тітіркендіргіштері әсер еткенде қозғыш ұлпалардың қозуы бәсеңдейді немесе мүлде тоқтап қалады. Мұны т е ж е л у деп атайды. Тежелу де қозу іспетгі тірі ұлпалардың белсенді қызмет атқару күйі. Бірақ тежелу кезінде жеке мүшелерде немесе организмде бұрын басталған қызмет баяулайды, я болмаса мүлде тоқталады.\r\n\r\nТірі ұлпалардың электрлік қасиетін биоэлектрлік құбылыс дейді. Көп клеткалы организмдерде сыртқы және ішкі орталардың мәліметтерін қабылдап, сақтап, талдап, бір жерден екінші жерге жеткізу, қажетіне қарай қайтадан жаңғырту тарихи даму барысында қалыптасқан электр сигналдары арқылы іске асады.\r\n\r\nЭлектр күшін тудыратын энергия клетка мембранасының ішкі және сыртқы жағында орналасқан оң (+) зарядты натрий, калий, кальцийдің катиондары мен түрлі теріс зарядты (-) аниондарға байланысты. Олардың бір-біріне градиенттік қатынасы (мембрананың иондық тартқышы) деп аталатын арнайы молекулалық құрылымның қызметіне негізделген. Энергия көзі саналатын иондық тартқыш — аденозинүшфосфор қышқылы (АТФ) ферменттердің әсерінен ыдырау кезінде пайда болатын энергияны (яғни зат алмасуынан пайда болатын энергияны) жұмсайды.\r\n\r\nТьшыштықтағы клетка мембранасының сырты мен ішіндегі потенциал айырмашылықтарын мембрананың потенциалы немесе тыныштық тоғы деп атайды.\r\n\r\nҚызмет атқарған клетканың мембранасы мен тыныштықтағы клетка мембранасының потенциал айырмашылығын әрекет потенциалы дейді. Тыныштық потенциалы 50-90 мВ-қа дейін болады.\r\n

    \r\n

  1. Нейронныц құрылысы мен қызметі
  2. \r\n

\r\nЖүйке жүйесінің құрылысы мен функциялық негізі -нерв клеткасы немесе н е й р о н. Орталық жүйке жүйесінде нейрондарды қосымша клеткалар -глиялар қоршаған. Нейрондар мен глиялар нерв ұлпасын құрайды. Глиялар нерв клеткаларының тірегі болып, оны қоректендіреді және электр изоляторы қызметін атқарады. Жаңа туған нәрестенің нейрондарының саны глиялардан анағұрлым көп болады. 20-30 жаста олардың саны бір-бірімен теңеседі де кейін адамның жасы ұлғайған сайын нейрондардың үлесі азайып, глиялардың үлесі көбейеді.\r\n\r\nНейрофибрилдер ұзын молекулалы белоктардан тұрады. Нейрон ұзақ жұмыс істегеңде олар жойылып та кетуі мүмкін. Нейронның денесін с о м а деп атайды. Оның пішіні әртүрлі: сопақша, ұршық тәрізді, дөңгелек, домалақ, үш бұрышты, төрт бұрышты, жұлдыз тәрізді, т.б. Денесінен ұзынды-қысқалы өсінділері — нерв талшықтары шығады. Ұзын талшығын а к с о н (грекше аксон — тірек деген мағынада), қысқа талшықтарын д е н д р и т деп атайды (дендрон — ағаш). Аксонның сыртын қоршаған м и е л и н қабығы бар. Миелин — ақ май тәрізді (липид) заттан түзілген. Ол әрбір 1,5-2 см сайын үзіліп, Ранвье белдеуіне айналады. Аксон арқылы нерв клеткасының денесінен басқа нейрондарға, жұмысшы мүшеге нерв импульстері тасылады. Мүшелерге келген аксонның ұшы тармақталып нерв ұштарына айналады. Нерв ұштары қызметіне байланысты екі түрлі болып келеді: сезгіш үштар -рецепторлар және қозғаушы ұштар -эффекторлар. Рецепторлар сыртқы және ішкі ортаның қандай да болмасын тітіркендіргішінің әсерін нерв импульстеріне — қ о з у ғ а айналдырады. Ал эффектор орталық жүйке жүйесінен келген қозуды жұмысшы мүшеге жеткізеді.\r\n\r\nНейрондардың бір-бірімен байланысы с и н а п с деп аталатын арнайы ерекше құрылым арқылы іске асады.\r\n\r\nДендриттер — тармақталған қысқа өсінділер. Олардың ұштары сәл жуандап бұдырланады. Бұл — нейрондардың басқа клеткалармен ұштасу ауданын үлкейтеді. Нерв клеткаларының аксоны көбіне біреу-ақ болады. Бірен-саранында ғана екі аксон кездеседі. Олар ұзын болады: бірнеше сантиметрден 1-1,5 метрге дейін. Дендриттер көп болады. Олар — нейронның кірер есігі, ал аксондар — шығар есігі. Дендриттердің бүртіктері бала туғаннан кейін көбейе түседі.\r\n\r\nСинапстың құрылысы мен қызметі. Синапс 3 бөлімнен тұрады: пресинапстық (синапстың алдындағы), синапс саңлауы және постсинапстық (синапстың соңындағы) бөлімдер. Пресинапстық бөлімнің пресинапстық мембранасы бар. Пресинапстық мембрана неиронның аксонының жуандаған ұшы — синапс түймешесінің қабығы. Синапс түймешесінің іші синапстық көбікке толы болады.\r\n\r\nБұл көбік медиатор деп аталатын белсенді химиялык заттан тұрады (лат. медиатор — делдал, арада жүруші). Қабылдаушы нейронның пресинапстық бөлімімен жалғасатын жерінің қабығын постсинапстық мембрана деп атайды. Пресинапстық және постсинапстық мембраналардың арасында синапс с а ң л а у ы болады. Ол — клетка аралық сұйыққа толы кеңістік.\r\n\r\nӘрбір нейронның денесіндегі синапстардың саны 100, тіпті бірнеше мыңға дейін болуы мүмкін. Ал әрбір нерв талшығы 10 мыңға дейін синапс түзе алады.\r\n\r\nҚазіргі кезде жұлын мен мидың түрлі бөлімдерінде 2 түрлі синапстар бар екені анықталды: қоздырушы және тежеуші синапстар. Орталық жүйке жүйесіндегі тежеуші нейрондардың аксондарының ұштарында тежеуші медиатор болады да, ол қабылдаушы нейронға тежеп әсер етеді. Ми сыңарларының қыртысындағы нейрондарда амин май қышқылы (ГАМК) тежеуші медиатор ролін атқарады.\r\n\r\nӘрбір нерв клеткаларында көптеген тежеуші және қоздырушы синапстар болады. Бұл нерв әрекеттерінің бір-бірімен байланысты қызмет атқаруын қамтамасыз етеді.\r\n\r\nНерв талшығы арқылы келген қозу синапстық көбіктегі медиатордың пресинапстық мембранасынан өтіп, синапс аралығына құйылуына түрткі болады. Ол медиатор синапс аралығындағы клеткаралық сұйықта диффузды түрде тарап, постсинапстық мембрананы тітіркендіреді. Постсинапстық мембранада медиатордың әсері қайтадан қозуға айналады.\r\n\r\nАдамның миы нәтижелі еңбек еткен сайын оның синапстары көп болады. Сондықтан жаңа туған нәрестелерде синапстар аз болып, ер жеткен сайын көбейе түсіп, ересек адамда өте көп болады.\r\n\r\nНервтер мен нерв талшықтары. Сырты қабықпен қапталған нерв клеткасының өсінділерін нерв т а л ш ы қ т а р ьі деп атайды. Нерв талшықтары 2 түрлі болады: миелинді және миелинсіз. Миелинді нерв талшығының сыртын миелин қабығы қоршаған, ал миелинсіз талшықтың сыртын тек қана эндотелий қабығы қоршаған, миелині болмайды.\r\n\r\nЕгер нерв талшығының миелині болмаса, оның бойымен қозу үздіксіз жүреді. Бір жерде пайда болған әрекет потенциалы көрші жердің әрекет потенциалын тудырады. Әрекет потенциалының пайда болуы клеткалық мембрананың бойында натрий мен калий иондарының мөлшерінің өзгеруіне байланысты пайда болады. Бірақ клеткалық мембрананың бойымен ештеңе қозғалмайды. Тек қана оның бір жерінен екінші жеріндегі иондардың кезекпе-кезек өзгеруінен болады. Сонда нерв талшығының бойымен әрекет потенциалы ғана тарайды. Әрекет потенциалы, нерв импульстері, қозу толқыны деген сөздердің мағынасы бірдей. Мысалы, нерв талшығының белгілі бір жерінен 1 секундта 100 әрекет потенциалы, немесе 100 нерв импульстері, немесе 100 қозу толқыны өтті деуге болады.\r\n\r\nМиелинді нерв талшығы арқылы нерв импульстері үздіксіз өте алмайды. Мұндай жағдайда бір Ранвье белдеуінен екінші белдеуге нерв импульстері секіріп өтіп, қозудың қозғалысы жылдамданады. Нерв талшығы арқылы қозудың өтуі талшықтың диаметріне де байланысты: диаметрі жуандаған сайын қозудың өту жылдамдығы тездейді. Нерв талшықтарын олардың диаметріне байланысты 3 топқа бөледі: А, В, С талшықтары. А талшықтарының диаметрі 22 мк, оларда миелин қабығы болады. Бұл талшықтар арқылы қозудың өту жылдамдығы секундына 120 м. В тобының нерв талшықтарының да миелин қабығы болады. Олардың диаметрі 3 мк-ға дейін, қозуды өткізу жылдамдығы секундына 5 м. С тобының талшықтарының диаметрі өте жіңішке: І мк-ға дейін. Олардың миелин қабығы болмайды, қозуды өткізу жылдамдығы секундына 2 м. Балалардың денесінде С тобының талшықтары көбірек болады. Бірақ бала өскен сайын нерв талшықтары жуандап, орталық жүйке жүйесінде де, шеткі жүйке жүйесінде де қозуды өткізу жылдамдығы артады.\r\n\r\nҚозуды орталыққа өткізетін нервтерді орталыққа тепкіш немесе а фференттік нервтер деп атайды, ал қозуды орталықтан жұмысшы мүшеге таситын нервтерді орталықтан тепкіш немесе эфференттік нерв дейді. Жүйкенің көпшілігі аралас нервтерден тұрады. Оның құрамында афференттік және эфференттік нервтер болады.\r\n\r\nЖүйке жүйесінің маңызы. Адамның жүйке жүйесінің маңызын оның қызметіне қарай былай анықтауға болады:\r\n\r\n—  мүшелерді бір-бірімен байланыстырып, организмнің бір тұтастығын іске асырады;\r\n\r\n—  денедегі барлық мүшелердің және мүшелер жұйелерінің қызметтерін реттейді;\r\n\r\n—  организмді сыртқы ортамен байланыстырады;\r\n\r\n—  сыртқы ортаның өзгермелі жағдайларына организмді бейімдейді;\r\n\r\n— денедегі барлық клеткалардың, ұлпалардың, мүшелердің, бүкіл организмнің тірлігін қамтамасыз етеді.\r\n\r\nОрталық жүйке жүйесі ми мен жұлыннан тұрады. Ж ұ л ы н омыртқа өзегінде орналасқан, ұзындығы ересек адамда жарты метрге жуық, салмағы 37-38 г. жұлынның жоғарғы жағы сопақша мимен жалғасады да төмеңгі ұшы шашақтанып омыртқа тұсында бітеді. Жұлын арасы қосылып кеткен симметриялы оң және сол жақ екі жарты бөлімдерден тұрады.\r\n\r\nАдамның жұлыны 31-33 сегменттен (лат. сегментум —бөлік, кесінді) тұрады: 8 мойын, 12 кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз және 1-3 құйымшақ бөлімдері. Әрбір бөлімнен қос-қостан шыққан нерв түйіндері екі жұлын нервтеріне айналады (орталыққа тебетін немесе сезгіш және орталықтан тебетін немесе қозғаушы нервтер). Жұлын омыртқа жотасынан қысқалау болғандықтан аталған бөлімдер омыртқаның аттарына сәйкес келмейді. Жұлын нервтері жұлын өзегінен шығып (І-жұптан басқасы) дененің терісін, аяқ-қолдарын, дене тұлғасының еттерін нервпен қамтамасыз етеді. Әрбір бөлім дененің өзіне тән жерлерін нервтендіреді.\r\n\r\nЖұлын 10 жасқа келгенде екі есе ұзарады. Оның өсуі алғашқы жылы өте күшті болады да, 2-3 жасқа келген баланың жұлыны 14 г болады (жаңа туған нәрестеде не бары 2,8 — 2,9 г), 4-6 жасқа келгенде жұлынның дамуы аяқталуға жақын деуге болады. Дегенмен оның толық жетілуі 20 жаска жуықтағанда аяқталады. Осы мерзімде жұлын 8 есе көбейеді.\r\n\r\nЖұлын жұйке жұйесінің маңызды бөлімдерінің бірі- түрлі нерв әрекеттерінің бағытталуы мен реттелуі жұлын арқылы іске асады. Себебі жұлын өткізгіштік қызмет атқарады да, оның бойымен дененің барлық жерінен миға нерв импульстері тасылады, ал мидан бүкіл дененің еттерін козғайтын нерв импульстері мүшелерге барып, олардың кызметін реттейді. Бұларға қоса, жұлында адамның қарапайым рефлекстерінің орталықтары орналасқан (айталық, тізе рефлексі). Адам өмірі үшін маңызды зәр шығару, жыныс мүшесінің эрекциясы, эякуляция (шәуһет шығару) т.с.с. рефлекстер жұлынның қатысуымен орындалады.\r\n\r\nДененің қаңқасының бұлшық еттерінің тонусын сақтайтын организм үшін аса маңызды рефлекстер де осы жұлындағы орталықтардың қатысуына байланысты. Жұлынның қозғаушы орталықтарынан үнемі келіп тұратын нерв импульстеріне байланысты адам кеңістікте белгілі орын алып қозғала алады.\r\n\r\nІшкі мүшелердің вегетативтік рефлекстері де жұлын арқылы орындалады (жүрек-қан тамырлары, ас қорыту, зәр шығару т.б. рефлекстер).\r\n\r\nАдамның м и ы орталық жүйке жүйесінің ең негізгі маңызды бөлігі. Одан 12 жұп нервтер шығып, миды көптеген ішкі мүшелермен, беттің, мойынның еттерімен, тілмен, көзбен байланыстырады және сезім мүшелерінен келетін мәліметтерді жеткізеді. Бұларға I иіс, II көру, III көз қимылдатқыш, IV шығыршық, V үшкіл, VI бүру, VII бет, VIII дыбыс, IX тіл-жұтқыншақ, X кезеген, XI қосымша, XII тіласты нервтері жатады.\r\n\r\nАдамның миы ми сауытында орналасқан. Ми сопақша ми, көпір, мишық, ортаңғы ми, аралық ми және екі ми сыңарларынан тұрады.\r\n\r\nСопақша мидың арт жағында м и ш ы қ орналасқан. Мишық 3 бөлімнен тұрады: мишықтың құрты деп аталатын ортаңғы бөлім және мишықтың екі жарты шарлары. Мишықтың жарты шарларының үстіңгі сыртқы қабаты сұр затты мишықтың қыртысынан тұрады, оның қалыңдығы 1-2,5 мм. Мишықтың қыртысы 3 қабат болып орналасқан нейондардан (нерв клеткаларынан) құралған: І-сыртқы, молекулярлық; П-ортаңғы, ганлиялық; III -ішкі, түйіршік баттары. Мишықтың жарты шарларының қалған жері ақ заттан құралған. Ақ затында сұр заттың түйірлері — тісті, тығын пішінді және шар тәрізді ядролар орналасқан. Мишықтың кұртында сұр заттан құралған екі ядро бар.\r\n\r\nСопақша ми-жұлынның үстіңгі жағында орналасқан. Оның ұзындығы 2,5-3 см, салмағы 7 г. Ол екі түрлі қызмет атқарады: рефлекторлық және өткізгіштік. Сопақша мида тыныс, қан айналыс, сору, шайнау, жұтыну, жөтелу, түшкіру, сілекей шығару, қарын және қарынасты бездерінің сөлдерін шығаратын нерв орталықтары және ІХ-ХІІ ми нервтерінің ядролары орналасқан.\r\n\r\nВароли көпірі-сопақша мидың үстінде орналасқан. Оның ұзындығы 2,5 см. Ол үстіңгі жағында ортаңғы мимен, бүйір жақтарында мишықпен шектеседі. Сопақша ми мен вароли көпірін артқы ми деп те атайды. Мұның қызметі де сопақша ми тәрізді: рефлекторлық және өткізгіштік қызметтерін атқарады. Көпірден V, VI ми нервтері шығады және көпір мен сопақша мидың арасынан VII, VIII ми нервтері шығады. Жаңа туған нәрестенің сопақша миы мен көпірінің жалпы салмағы 8 г. 7 жасқа келгенде артқы мидын дамуы аяқталуға жақындайды.\r\n\r\nЕресек адамның мишығының салмағы 150 г, оның негізгі қызметі — белгілі бір қозғалысқа қатысатын бұлшық еттердің жиырылуынын жылдамдығын үйлестіру арқылы барлық қозғалыстарды реттеу, яғни қозғалыстар кезінде бұлшық еттердің тонусын сақтау. Қорытып айтсақ, мишық — тонустық рефлекстердің жоғары дәрежелі реттеушісі болып есептеледі. Бұған қоса, мишық тыныс алуды, жүректің соғуын қимылдың түріне байланысты лайықтап отырады.\r\n\r\nОртаңғы ми вароли көпірінің үстіңгі жағында орналасқан. Мұндағы сұр заттар 4 төмпешік түрінде шоғырланған: көзді қозғаушы және шығыршық нервтерінің, қызыл және қара субстанцияның ядролары бар. 4 төмпешіктің алдыңғыларында алғашқы көру орталығы, артқы төмпешіктерінде алғашқы дыбыс орталықтары орналасқан. Олардың қызметіне қарай бағдарлау реакциялары орындалады. Қара субстанция үйлестірілген жұтыну, шайнау, саусақтардың нәзік қимылдарын реттеуге қатысады. Қызыл ядрода еттің тонустары реттеледі.\r\n\r\nОртаңғы ми мен ми сыңарларының арасында а р а л ы қ ми орналасқан. Ол 2 төмпешіктен және төмпешік асты аймағынан тұрады. Төмпешіктерді таламус, ал төмпешік асты аймағын гипоталамус деп атайды. Таламус арқылы мидың барлық сезгіш жолдары өтеді. Гипоталамус Дененің жоғары дәрежелі вегетативтік орталығы болып саналады. Мұнда зат алмасуын, дененің температурасын, аштық және шөл сезімдерін, барлық ішкі мүшелердің қызметін реттеу орталықтары бар. Мұнда нейросекреттер түзіліп, ол неиросекреттер гипофиз безінде белсендіріледі. Сондықтан Гипоталамус пен гипофиз зат алмасуын реттейтін біріккен орталық болып есептеледі. Гипоталамуста барлық ішкі секрециялық бездердің қызметін реттеуге қатысатын орталық бар. Бұларға қоса, ол адамның ұйқысын және сергектігін реттеуге қатысады.\r\n\r\nАралық мидың дамуы 13-15 жаста аяқталады. Ми бағанасының ортаңғы бөлігін ретикулярлық формация ( торлы құрылым ) деп атайды. Ол әртүрлі пішінді және мөлшерлі бір-бірімен шырмалып жатқан нейрондардан тұрады. Микроскоппен қарағанда торға ұқсас болғандықтан оны торлы құрылым деп те атайды. Торлы құрылым негізінен орталық жүйке жүйесінің 3 бөліміне әсер етеді: жұлын, мишық және үлкен ми сыңарлары. Ол жұлынның белсенділігін арттырып немесе тежеп отырады. Торлы құрылымның әсерінен жұлынның байланыс жолдары жеңілденіп, әлсіз тітіркендіргіштің өзіне жұлын рефлекстері толығынан және жақсы пайда болады. Ал тежеп әсер еткенде жұлын рефлексі әлсіреп, нашарлап тітіркендіргіштің күшті әсерін қажет етеді. Ми сыңарларына белсенділендіріп әсер етуіне байланысты оның қозғыштығы төмендеп, адам ұйқыға кетеді. Торлы құрылымның әсеріне байланысты рецепторлардан келген арнайы мәліметтер ми сыңарларында талданып, дұрыс ұғым пайда болады. Ми сыңарлары мен торлы құрылым бір-бірімен байланысты қызмет атқарады. Тек қана торлы құрылым ми сыңарларын белсенділендіріп қоймай, керісінше, ми сыңарларының қыртыстары да торлы құрылымға белгілі шамада әсер етеді.\r\n\r\nҚыртысасты ядролар. Ми сыңарларының ақ заттарының ішінде қыртыс асты ядроларының сұр заттары болады. Ол ядролардың ішінде ең маңыздысы — бозарған, қауызды және құйрықты ядролар.\r\n\r\nБозарған ядро қозғалу кезінде көмекші қимылдарды қамтамасыз етеді және ортаңғы мидағы қызыл ядроны тежейді. Бұл ядроның қызметі күшейгенде қосымша қимылдар көбейіп, бұлшық еттің тонусы төмендеп кетеді. Мұндай жағдайда қолдың қажетсіз еріксіз тырбаңдаған қимылдары пайда болады, беті тыржияды т.с.с. қимылдар туады. Ондай еріксіз қимылдар, мысалы, хорея ауруымен ауырған адамдарда байқалады.\r\n\r\nБозарған ядроның қызметі нашарлағанда бүлшық еттің хонусы күшейіп, көмекші қимылдар мүлдем жойылады. Он-дай адамның беті маска тәрізді болып, қимылдары икемсіз, бір-біріне сәйкестелмейді.\r\n\r\nҚ ұ й р ы қ т ы ядро мен қ а у ы з д ы ядро бозарған ядроның қызметін тежейді. Сондықтан бүлардың қызметі күшейгенде бозарған ядроның қызметі темендейді, ал қызыл ядроның қызметі күшейеді. Мүндайда паркинсон ауруын-дағы тәрізді белгілер байқалады. Ал оның қызметі нашарла-ғанда хореяға үқсас кемшіліктер пайда болады.\r\n\r\n2-3 жаста қыртыс асты ядроларының мөлшері ересек адамның мөлшерінің 40%-ындай болады. Оның нейрондары бүл мерзімде әлі де болса дифференцияланып (нейрондардың белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуі) үлгермейді, аксондарының көпшілігінде миелин қабығы жетілмеген, сондықтан балалардың қимылдары әлі де болса ыңғайсыз-дау, дүрыс бағытталмаған.\r\n\r\n4-6 жаста қыртыс асты ядролары ересек адамның 80%-ындай болады.\r\n\r\n7-13 жаста оның аксондары толық миелинденіп, ересектердің ядроларына жуықтайды.\r\n\r\nҮлкен ми сыңарлары (ми жарты шарлары). Үлкен ми сыңарлары мидың ең үлкен, ең маңызды бөлімі. Адам миының барлық салмағының 80%-ын ми сыңарлары алып жатыр. Онда 17 миллиардтай нерв клеткалары бар, яғни жүйке жүйесінің нейрондарының тең жартысы осы ми сы-ңарларында орналасқан. Ми сыңарлары қызметін жоғары жүйке әрекетіне жатқызады. Ол өзінен төмен орналасқан орталық жүйке жүйесінің барлық бөлімдерінің қызметін реттеп отырады. Бүған қоса, біздің санамыз, ойлау қабілетіміз осы ми сыңарларының қызметіне негізделген.\r\n\r\nМи сыңарларының үстіңгі беті қатпарланған сайлардан тұрады. Олар бір-бірінен қатпарланып бөлінген. Алдыңғы және артқы сайларды орталық немесе Роланд қатпары бөліп тұрады. Алдыңғы орталық сай ортаңғы қатпардың артында, ал артқы орталық сай ортаңғы қатпардың алдында орналасқан. Ортаңғы сайдың алдыңғы жағында жоғары, ортаңғы және төменгі маңдай сайлары бар. Олар өздері аттас қатпарлармен бөлінген. Орталық сайдың артында төбе сайлары орналасқан. Адамның желкесінде қатпарлармен бөлінген бірнеше сайлар болады. Самай бөлігінде 3 қатпар бар: жоғарғы, ортаңғы және төменгі. Адамның самай бөлігің маңдай бөлігінен бөліп тұратын терең қатпарды Сильвий қатпары немесе мидың бүйір жақ саңлауы дейді. Бүл атал-ған негізгі қатпарлар мен сайлардан басқа бірнешеуі бар. Олардың әрқайсысының өз аты болады.\r\n\r\nМи сыңарларының сыртында нейрондардың денесінен тұратын қалыңдығы 2-4 мм сұр затты ми жарты шарларының қыртысы немесе м и қыртысы деп атайды. Ми жарты шарларының қалған аумағы миелин қабығымен қап-талған нерв клеткаларының аксондарынан түрады.\r\n\r\nМи жарты шарлары мөлшерлері мен пішіні әртүрлі нейрондардан тұрады. Ми қыртысының нейрондары 14 түрлі болады. Ми қыртысының қүрамында нейроглиялар да болады. Олар нейрондардың тірегі қызметін атқарады және оларды қоректендіреді. Нейроглиялардың саны нейрон-дардан 10 есе артық болады.\r\n\r\nМи жарты шарларының қыртысы 7 қабат нейрондардан\r\n\r\nтұрады:\r\n

    \r\n

  1. Молекулярлық қабат ми қыртысының ең үстіңгі жағында орналасқан үсақ нейрондардан қүрылған;
  2. \r\n

  3. Сыртқы түйіршікті қабат пішіні дән, пирамида және көп бұрышты нейрондардан түрады;
  4. \r\n

  5. Сыртқы пирамидалы қабат пирамида пішінді мөлшері әртүрлі нейрондар;
  6. \r\n

  7. Ішкі түйіршікті қабат тығыз орналасқан әртүрлі пішінді ұсақ нейрондар;
  8. \r\n

  9. Терең орналасқан пирамида қабаты Бец клеткаларының жиынтығы;
  10. \r\n

  11. Көп пішінді клеткалар қабаты үш бүрышты, ұршық тәрізді, көп бұрышты және жұлдыз пішінді клеткалардай тұрады;
  12. \r\n

  13. Бұл қабат жіп тәрізді өте ұзын нерв торшаларының кейбіреулерінің дендриттері 1-ші қабаттағы нейрондарға өтіп кетеді
  14. \r\n

\r\nМи қыртысында белгілі бір қызмет атқаратын бөлімдер сезім, қозғалыс, байланыс және лимбика.\r\n\r\nОрталык жүйке жүйесінің жоғары бөлімі ретінде ми жар-шарлары бір-бірімен байланысты екі үлкен қызмет атқарады:                  .\r\n\r\n1   Организмнщ сыртқы ортамен баиланысын қамтамасыз етеді, яғни адамның мінез-құлқы, ойлау қабілеті, санасы ақыл-ойы — бұлардың бәрі жоғары жүйке әрекеттері;\r\n

    \r\n

  1. Организмнің қызметтерін бір-бірімен байланыстыру, ішкі мүшелердің қызметтерін қажетті жағдайға қалыптас-тыру, келтіру, яғни үйлестіру. Бұлар төменгі дәрежелі жүйке әрекеттері.
  2. \r\n

\r\nБүдан бір ғасырдай бүрын ми жарты шарларының бірдей еместігі, әсіресе олардың қызметінің арасындағы айырма-шылығы анықталған болатын. Мидың сол жағындағы сөйлеу орталығы зақымдалса, адам сөйлей алмай қалатынын Брок дәлелдеген. Осы аймақтың басқа бір нүктесіндегі нейрондар істен шыққаннан кейін, адамда сөздің мағынасын түсіну қабілетінің бүзылғанын Вернике анықтады. Сол мәліметтерге байланысты мидың сол жақ жарты шарының ойлауға қаты-сы барлығы байқалды.\r\n\r\nМидың оң жақ жарты шары кеңістікті қабылдау қызметін, алсол жақ жарты шары сөйлеу, ойлау қызметтерін атқаратыны туралы мәліметті Р.Сперри ұсынды. Бұл қағида бойынша зерттеу жұмыстары жүргізіліп, көптеген ғылыми деректер жиналды. Сөйтіп адамның миының жарты шарларына тән негізгі қызметтер анықталды. Р. Сперри өзінің пациенттерін бақылау арқылы мидың екі жарты шары екі ми іспетті қызмет атқаратынын байқады.\r\n\r\nЖүйке жүйесіндегі қозу мен тежелу. Орталық тежелу. Жалпы алғанда, жүйке жүйесінің қызметі екі нерв қызметіне — нейрондағы қозу мен тежелуге негізделген. Қозу мен тежелу екеуі де нейрондардың белсенді қызмет қабілеті. Тек қозу кезінде ғана нейрондардың қызметі пайда болады, ал бүрын жасап жатқан қызметі күшейеді. Тежелу кезінде, керісінше, нейронның қозуы төмендеп, сосын мүлде тоқтап қалады да, оның қызметі өшеді. Қозу мен тежелудің пайда болуы нейрондарда жүріп жататын зат алмасуының өзгеруіне байланысты. Екеуінде де энергия жүмсалып, нейронның биоэлектрлік қасиеттері өзгереді. Қазіргі кезде қозу мен тежелудің барлық жағы жақсы зерттелген. Дегенмен бала-лардың жүйке жүйесінің ерекшеліктерін түсіну үшін қозу мен тежелудің пайда болуына байланысты организмнің қызметі басталып немесе күшейіп және нашарлап, не тоқталатынын білсек жеткілікті.\r\n\r\n ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:\r\n\r\n Қ.Дүйсембин, Г.Абеуова, З.Алиакбарова. «Жасқа сай физиология және валеология», А., 2007.