20 қазан күні Астанадағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті мұражайында «Болашақ бүгіннен басталады: ЕХРО-2017 Астана» атты әдістемелік құралдың тұсаукесері болды.\r\n\r\nЖинақты «Астана ЕХРО-2017» ҰК» АҚ ҚР Тұңғыш Президенті мұражайымен және Астана қаласының білім басқармасымен бірлесе отырып әзірлеген.\r\n\r\n«ЕХРО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі тәуелсіз Қазақстанның тарих бетіндегі ең жарқын жетістігіне айналмақ. Әдістемелік құрал педагогтарға Астанада ЕХРО көрмесінің өткізілуі туралы әңгімелеген кезде оқушыларға түсінікті әрі қызықты етіп жеткізуге көмектеседі. Кітапта ЕХРО көрмелерінің тарихы туралы материалдар, сондай-ақ Қазақстанның елордасында Халықаралық мамандандырылған көрмені өткізуге дайындалу туралы сабақтар жинағы ұсынылған. Сабақтар семинарлар мен конференциялар, дөңгелек үстелдер, саяхаттау сабағы, байқаулар мен жарыстар, дәрістер мен ғылыми жобалар секілді сан алуан түрде өткізіледі», — деп атап өтті баспасөз мәслихаты барысында «Астана ЕХРО-2017» ҰК» АҚ маркетинг және ілгерілету департаментінің директоры Әсел Қожақова.\r\n\r\nСонымен қатар, кітаптың жеке тарауында елорда оқушылары мен студенттерінің баламалы энергия көздерін пайдалану туралы жобалары ұсынылған. Сондай-ақ, басылымға әлемдік ауқымды көрмені өткізуге лайық деп танылған Қазақстан елордасының қалыптасу және даму тарихын жүйелі түрде оқытуға бағытталған «Астанатану» курсының материалдары енгізілген.\r\n\r\nКітапқа енген материалдар қазақ және орыс тілдерінде жазылған және көпшілік оқырман қауымға,мамандар мен оқытушыларға арналған. Жинақ оқушылардың әрқайсысының көрмені өткізуге тікелей қатысы бар екенін сезіндіруге, олардың бойында өз туған еліне деген мақтаныш сезімін және өскелең ұрпақтың азаматтық болмысын қалыптастыруға бағытталған.\r\n\r\n«Әдістемелік құрал — ҚР Тұңғыш Президенті мұражайы мен Астана мектептері қатысып отырған тұңғыш ортақ жобамыз. Сонымен қатар, Көрмелердің халықаралық бюросы біздің педагогтарымыздың еңбегіне жоғары баға беру арқылы басылымды дайындауға өз үлесін қосты. Әдістемелік құрал Астананың мектептерінде ғана емес, сонымен бірге, Қазақстанның басқа өңірлеріне де таратылады. Біз ЕХРО көрмесіне дайындық жұмыстарына бүкіл елдің белсенді қатысатынына үміттіміз», — деп атап өтті Ә. Қожақова.\r\n\r\n \r\n\r\nАвтор: Әбу-Асқар Мекешұлы \r\n\r\nДереккөз: ҚазАқпарат
Нуклейн қышқылдары- ДНҚ
Нуклейн қышқылдары – ДНҚ\r\n\r\n Ақуыз молекуласы сияқты, ДНҚ молекуласы да биологиялық полимер. ДҚ-ның молекулалық салмағы 10 млн. болады, кейбір жағдайда (ақуыздың биосинтезіне байланысты) 50-100 млн-ғы дейін жетеді. ДНҚ полимерлері мен мономерлерінің ролін комплементтік негізіне сәйкес бірінене кейін бірі орналасатын нуклеотидтер атқарады.\r\n\r\n Нуклеин қышқылдары ең алғаш жасушаның ядросынан табылды, ол латынша «нуклеус» — ядро деген мағынаны білдіреді. Сондықтан нуклеин қышқылдары деп аталған.\r\n\r\n Нуклеин қышқылдарының 2 түрі бар: дезоксирибонуклеин «ДНҚ» және рибонуклеин «РНҚ».\r\n\r\n ДНҚ-ның құрылымы, саны және қасиеттері. ДНҚ-ң құрылымын зерттеген көптеген тәжірибелердің нәтижесінде, 40–жылдардың аяғында төмендегідей мәліметтер белгілі болды:\r\n
- \r\n
- ДНҚ 4 нуклейдтен (аденин, гуанин, цитозин, тимин) тұрады. Олардың алдыңғы екеуі екі, ал қалғандары бір сақинадан құралған. әр нуклеотид бесбұрышты қантпен коваленттік байланыс арқылы қосылған фосфат тобымен азоттық негізден тұрады.
- нуклеотидтер бір-бірімен қант және фосфор тобымен ковалентті байланыс арқылы қосылған. Осы фосфор тобымен қанттың қалдығына тұратын ұзын шиыршықты молекуланы қант-фосфорлы тұлғасы дейді.
- Э.Чаргафф анықтаған ДНҚ-ның барлық молекуласындағы адениннің (А) саны тиминмен (Т) бірдей, ал гуанындікі (Г) цитозынмен (Ц) тең; оны қысқаша былай белгілейді А=Т, Г=Ц
\r\n
\r\n
\r\n
\r\nАденин мен тимин екі сутектің байланыспен, ал гуанин мен цитозин үш сутектік байланыс арқылы қосылыс түзеді\r\n
- \r\n
- ДНҚ-ның молекуласы шиыршық (оралма) болып оралған. Оның негіздері шиыршыққа тік бұрыгпен орналасады. Оны ең алғаш Р.Франклин түсірген рентгенограммадан көруге болады. Рентгеннограмманың көмегімен қант-фосфорлы тұлғаның шиыршықтың сыртқы жағында, ал негізі іште екенін және шиыршықтың бір орамында он нуклеотид болатыны анықталды.
\r\n
\r\nР.Франклин ашқан деректердің ДНҚ-ның құрамын анықтауда маңызы зор болды, бірақ екі сұрақ жауапсыз қалды: ДНҚ-ның молекуласы қанша жіпшеден тұрады және олар қалай байланысқан? Бұл сұрақтың жауабына негіз болған 1953 ж Ж.Уотсон мен Ф.Крик ұсынған ДНҚ-ның құрылымы еді. Олар ұсынған құрылымды ДНҚ молекуласы 2 жіпшеден немесе тізбектен тұрады. Бұл жердегі жіпшелердің орнында осы тізбектердің қант-фосфатты тұлғасы тұрады да ал баспалдақтың рөлін негіздер атқарады. әрбір баспалдақ 2 негізден тұрса олардың екі, ал екіншісі бір сақинадан тұрады.\r\n\r\n Енді ДНҚ-ның қосарлы сақинасының қалай түзелетіндігін қарастырайық. Мұнда бір тізбектің азотты негіздері екінші тізбектің азотты негіздерімен сутектік байланыс арқылы өзара жақын орналасқан.\r\n\r\n Сутектік байланыстың түзулуінің өзі азотты негіздердің өте жақын түйісунің нәтижесі деп түсінген дұрыс.\r\n\r\n Түйісетін нуклеотидтер белгілі бір заңдылықта бағынады атап айтқанда бір тізбекте А орналасса, екінші тізбекте оның қарсысында Т орналасады, яғни А-ға Т комплементті, ал Г-ге Ц комплементті болып орналасады. Нуклеотидтердің осылай комлементке сай орналасуының нәтижесінде, біріншіден, қосарлы сақинаның бүкіл ұзына бойындағы тізбектердің ара қашықтығы бірдей болады, екіншіден, қарама-қарсы орналасқан негіздердің арасы сутектік байланыстар арқылы қосылады. Мәселен, Г мен Ц 3 сутектік байланыс, ал А мен Т арасындағы 2 сутектік байланыс түзіледі. Неғұрлым сутектік байланыс көп болса, ДНҚ жіпшелері дерт болады және оның молекуласы тұрақты болып, қозғалғыштығы сақталатындығы дәлелденді.\r\n\r\n Қорыта келе, Ж.Уотсон мен Ф.Крик ашқан ДНҚ молекуласы құрылымының дұрыстығы экперимент жүзінде толық дәлелденіп молекулалық биология мен генетиканың дамуына зор ықпалын тигізді.\r\n\r\n ДНҚ-ның екі еселенуі. Жасуша бөлінер алдында ДНҚ екі еселенеді, яғни жаңа жасушадағы генетикалық ақпарат «ескімен» бірдей болады. Қос тізбектегі негіздер бірдей болғандықтан, кез-келген жұп өзінің қарсы жағының қалыптасуына ақпарат береді. Мысалы, бір тізбек А – Т – А – Т – Ц – А болса, оның қарсысында Т – А – Т – Ц – Г – Т. Олар нуклеотидтердің комплементтік негізіне сәйкес келеді. ДНҚ-ның екі еселенуінің жолын 1953 ж М.Н.Мейсельсон мен Ф.Сталь дәлелдеді. Алғашқыда олар 3 түрлі болжам ұсынды:\r\n
- \r\n
- Сақтала екі еселену. Жаңа тізбекте молекула пайда болу үшін алдыңғы ДНҚ-ның қос оралымының қалпы (матрица) негіз болады. Жаңа жасушаның біреуі бұрынғы ДНҚ-ның молекуласын алса, ал екіншісі жаңадан синтезделген молекуласын алады.
- Жартылай сақтала екі еселену. Азотты негіздер арасындағы әлсіз сутектік байланыстары үзілген соң негіздер ыдырап, ДНҚ-ның молекуласының қос тізбегі ашылған сырма сияқты екі жаққа кетеді. Бөлінген әрбір тізбек болашақта пайда болатын тізбекте қалып қызметін атқарады. «Жаңа» және «ескі» тізбектер сутектік байланыстар арқылы қосылады. Яғни жаңа жасушада «жаңа» және «ескі» тізбектерден тұратын ДНҚ молекулалары түзіледі
- Бытыраңқы екі еселену. ДНҚ қысқа бөлшектерге ыдырап, жаңадан пайда болатын қос тізбектің негізін қалайды. Одан кейін ДНҚ белгісіз жолмен екі еселенеді.
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n
Сәбит Мұқанов
Сәбит Мұқанов (1900-1973) – қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі. Туған жері қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаманшұбар деген жер.
ТАРЛАН ТАЛАНТ ТАҒДЫРЫ
Әке шешеден жастай жетім қалып, балалық шағын ауқатты ағайындарына жалданып, қой бағумен өткізген Сәбит өзінің талаптануымен хат танығанымен, мұғалім алдын көріп, жүйелі білім ала алмайды. Тек он сегізге толғанда, Омск қаласына барып, мұғалімдер курсында оқуға мүмкіндік туады. Оны бітіргеннен кейін ауылға барып, біраз мұғалім болады. Осында ауылды кеңестендіру жұмысына белсене араласып, таптық күрестің Көкшетау облысындағы оперативтік өкілі және партияның Ақмола губкомының нұсқаушысы қызметін атқарады. Бұдан кейін 1922 жылы Орынбордағы рабфакқа түсіп, оны бітіріп шыққаннан соң, баспасөз орындарында жұмыс істейді.
Жастайынан халық арасында жиі айтылатын жыр дастандарды жаттап, өзі де ауызша, жазбаша өлең шығарып талаптанып жүрген Сәбит осы кезден бастап, шығармашылыққа шындап бет бұрады. Оның есімін жалпы қазақ оқырманына кеңінен танытқан «Сұлушаш» дастаны, «Адасқандар» романы осы кезде өмірге келді. Осыларға жалғаса жазылып, бірінен кейін бірі жарық көрген «Майға сәлем» (1933), «Сөз Советтік армия» (1934) атты өлеңдері, «Ақ аю» поэмасы (1935), «Жұмбақ жалау» романы (1938) және осылар тәріздес толып жатқан шығармалары қазақ әдебиетінің дамуында ерекше рөл атқарады.
Осы кезге дейін атқарған сан салалы қызметінде болсын, шығармашылық өрлеу жолында болсын, ілгерлеудің басты кепілі терең білім екенін, онсыз көздеген мақсатында жету мүмкін еместігін айқын сезінген ол 1928 жылы Ленинград университетінің филология факультетінде оқиды, Москвадағы Қызыл профессура институтының әдебиет бөліміне түсіп оны бітіреді. «Қазақ әдебиеті» газетінің редакторы болады, Қазақстан Жазушылар одағын басқарады. Бұл жылдары да олөндіріп жазумен болды.
Драматургия, сын, әдебиеттану салаларында ерекше еңбек етті. 200-ден астам әдеби сын мақалалар жазды. Қазақтың ауыз әдебиетін зерттеді, фольклор және көне жазба мұраларды жинап бастырды, әдебиет тарихы және ағартушы демократтар шығармашылығы туралы зерттеутт еңбектер жазды, халық поэзисының ірі өкілдері туралы толымды пікірлер айтты. Оның 1974 жылы жарық көрген «Халық мұрасы» деген тарихи этнографиялық шолуы халқымыздың мәдениеті, өнері, тілі, материалдық игіліктері жайында жазылған ерекше құнды зерттеу еңбек болды.
Жазушының шығармашылығында да, бүкіл қазақ прозасында да белгілі белес болған келелі туындысы кейіннен қайта өңделіп, «Ботагөз» деген атпен жарық көрген «Жұмбақ жалау» романы еді десе, оның саналы шығармашылық өмірін түгел дерлік қамтыған «Өмір мектебі» трилогиясы шын мәніндегі халық шежіресі болатын. Ол халықтың арасынан шыққан халықтың сүйікті жазушысы болды. Оның қазақ мәдениетін өркендету саласында сіңірген зор еңбегі кезінде жоғары бағаланды.
Бірнеше мәрте Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің мүшелігіне, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаттығына сайланды, екі рет Ленин, екі рет Еңбек Қызыл Ту, «Құрметті белгісі» ордендерімен марапатталды. Бүкілодақтық бейбітшілік қорғау комитетінің мүшесі болды.
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің алыптары туралы әңгіме болғанда “Кәдімгі Сәбит Мұқановтың” (өз сөзі) орны бөлек. 2000 жылы 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО шешімімен жоғары деңгейде ұлықталған қазақ әдебиетінің классигі Сәбит Мұқановтың шығармашылық ғұмыры жаңа ХХІ ғасырда да жалғасын табуда.
Шығармалары қайта басылып шығып жатқаны өз алдына, социалистік дәуірден капиталистік қоғамға қадам басқан Қазақ елінің әдебиеттану ғылымында С.Мұқановтың кітаптарына, өткен ғасырдағы атқарған қызметі мен жазушылық жолына жаңаша көзқарас қалыптастыратын зерттеу еңбектері де жазыла бастады. Мұның рухани сұраныстан туғанын, қоғамдық қажеттілікпен байланысты екендігін дәлелдеп жату артық шығар.
Міне, “Арда” баспасынан “Тарихи тұлға тағылымы” айдарымен 2005 жылы жарық көрген Тұрсынбек Кәкішұлы мен Күләш Ахметтің “Сәбит Мұқанов” әдеби-ғылыми ғұмырнамасы жоғарыдағы пікіріміздің дәлеліндей. Кітап аңдатпасындағы: “Ұлттық мәдени өмірімізде ірі қайраткерлігімен белгілі Сәбит Мұқанов туралы бұл еңбек бүгінгі өскелең ұрпаққа алып тұлғаның қилы заманы мен қиян тағдырын танытады.
Көрнекті ғалым, білікті әдебиет зерттеушісі, алымды сыншы Т.Кәкішұлы тарихи тұлғамен рухани сырлас болған. Ол Сәбеңнің күллі өмір жолын, шығармашылық ерен еңбегін тарихи үдеріс барысында терең талдап, жан-жақты зерттеп, әділ бағасын береді” деген түйінді ойлар кітаптың құлақ күйін келтіріп тұр.
Ғасырлар тоғысында қоғам алмасты, заман өзгерді, ұлттық құндылықтарымызға жаңаша көзқарас қалыптаса бастады. Кеңестік дәуірдегі әдебиетіміз бен мәдениетіміздің жәдігерлеріне сын көзбен қарап, қайта бағалауда біржақты пайымдаулар, бұрмалаушылықтар, асығыс үкім айтудың көріністері де байқалды.
Кеңестік идеология қолшоқпарларының кесірінен қуғын-сүргінге ұшыраған, атылып-айдалып кеткен, шығармалары құртылған, қапаста қалған арыстарымыздың ақталуы, Алаш қайраткерлерінің есімі мен атқарған істерінің қайта жаңғыруы дүр сілкініс, зор серпіліс әкеліп, қазақ рухының асқақтауына септігі тиіп, жаңа ұрпақтың ой-санасына айрықша ықпал жасаумен қоса, кешегі дәуірдің төл перзенттерін, солардың тәлім-тәрбиесінде өскендерді үрей мен күдіктің торына шырмады. Қазақ әлеуметі рухани-психологиялық дағдарысты да бастан өткерді.
Өткен ғасырдағы алмағайып кезеңде бұрынғы зор тұлғасы аласарғандай, айқын келбеті көмескі тартқандай болған алыптарымыздың бірі – Сәбит Мұқанов еді. Кеше ғана Мұхтар Әуезовтің: “Қазақ әдебиетінің аға жазушысы Сәбиттің аты – қазақ оқушысының мол қауымына өте даңқты, анық қымбат аттың бірі” деп, Ғабит Мүсіреповтің: “Жазушы Сәбит Мұқановтың қаламынан туған еңбектер өз алдына бір энциклопедия”, деп Мұхаметжан Қаратаевтың: “С.Мұқанов толық мағынасында халық жазушысы еді” деп, Расул Ғамзатовтың: “Біздің әдебиетіміздің Эльбрустарының бірі” деп, Сәйфи Құдаштың: “Шын мағынасында үлгі-өнеге тұтатын кең құлашты жазушы”, деп т.б. атын аңызға айналдыра бастаған Сәбит Мұқановты ХХІ ғасырдағы қазақ оқырмандарына қалай таныстыру керек дейтін сауал бүйірден қойылды. Осы сауалға алғашқылардың бірі болып жауап іздеген, С.Мұқановтың мұраларын қызғыштай қорып, ғайбат сөздер мен жазықсыз жала жабулардан арашалап келе жатқан көрнекті сәкентанушы әрі сәбиттанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынбек Кәкішев екендігі әдеби-ғылыми ортада әмбеге аян болса керек.
Рас, сәбиттанудың жаңа да жарқын парақтарының жазылуына академик-жазушының 100 жылдық мерейтойының жоғары деңгейде аталып өтуі де зор әсер-ықпалын тигізді. Жаңа ғасыр табалдырығында тұрған кезде Алматыда, Астанада, Бішкекте, Петропавлда, т.б. қалаларда өткен ғылыми-теориялық конференцияларда әлденеше ондаған баяндамашылар Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылық жолын әр қырынан келіп сараптан өткізді, талдау жасады, ғылыми бағалады.
Кінәратсыз қоғам жоқ, кемшіліксіз адам да болмайды. “Қазақтың ұлан байтақ даласының, Мен де бір көпке ортақ өзенімін”, деп нар сеніммен ғұмыр кешкен Сәбең неден қателесті, неден жазықты болды, кінәлі болса, не себепті халық жүрегіне жол тапты, неліктен Мұқановтың шығармалары ХХ ғасырдан ХХІ ғасырға батыл бет түзеді дейтін көптеген сауалдардың жауабын іздеген кісі “Сәбит Мұқанов” әдеби-ғылыми ғұмырнама кітабын бастан-аяқ шолып, оқып шыққаны жөн.
Кітаптың ең ауыр жүгін “Даңқ тұғырының шайқалуы” атты І тарауы арқалап тұрғанын аңғарамыз. Ең өзекті мәселені алдымен талдап-таразылап алайық, қалған әңгіме содан кейін жалғаса бермек деген авторлық айқын шешімді дұрыс қабылдадық.
Кітаптың 44 бетін алып жатқан бұл тарауды бей-жай отырып оқу мүмкін емес. Әсіресе, С.Мұқановтың 20-30 жылдардағы жетістіктері мен шалыс басқан қадамдары, әдебиет майданындағы даусыз табыстары мен солақай сілтеген тұстары, таптық көзқарасты қалыптастырудағы жанкешті еңбектері және алашордашылармен ат құйрығын кесісуінің себеп-салдарлары, қазақ әдебиетіне үлкен олжа салған прозалық, поэзиялық және ғылыми-зерттеу еңбектерін жазуы және өзі сенген, көзсіз табынған большевиктер партиясының мұны кеудесінен итеріп, қатарынан шығаруы, ұлттық мұраларымызға, тарихи тек-тамырларымызға ерекше қамқорлықпен қарауы және кеңестік өмірдің жаршысы әрі жыршысы болуы, кейбір кезеңдік мәселелерде, әдебиеттің жеке тұлғаларына қатысты айтыс-тартыста қате де қиғаш тұжырымдар жасауы және өзінің сол мүлт кеткен, қателескен тұстарын кейін өз қолымен қайтадан түзетуі, т.б. толып жатқан ірілі-ұсақты уақиғаларға уақыт, заман, қоғам биігінен қайта баға берілуі, жан-жақты таным сүзгісінен өткізілуі бұл еңбектің құнын арттыра түседі.
Кітап авторлары С.Мұқановтың әдебиетке қатысты мәселелерде өткір сынды айта білумен қоса, өз тарапына айтылған сындарды зор төзімділікпен көтеретінін, тіпті, дұрыс деп тапса сыннан қорытынды шығаратынын дөп басып айтқан. Сөйте тұра, Сәбитке қатысты замандастары, інілері айтқан сын пікірлерді тым шамшылдықпен қабылдайтын тұстары да байқалады. Әсіресе, бұл Мұхтар мен Сәбит қарым-қатынастарына байланысты.
Негізінен, ұлы адамдардың арасындағы қарым-қатынас қарапайым басталып, күрделі аяқталуы өмірдің заңдылығы емес пе. Өзара шығармашылық тілектес көңіл-ниеттері болғандығына, бірін бірі азаматтық тұрғыда қадір-құрмет тұтқандарына жақсы мысалдар келтірілген. Ал кейінгі толқын жазушылардың баррикаданың екі жағында тұрып алып айтысып-тартысуына ешқандай негіз жоқ деп ойлаймыз. Сондай-ақ бұлардың мұражай-үйлерін, ескерткіштерін (саны нешеу екенін), көшелерін салыстыру да басы артық әңгіме сияқты.
“Өктем ой өрімдері” деп аталатын тарауда Сәбит пен Міржақып, Ахмет – Сәкен – Әбдірахман – Сәбит, Смағұл мен Сәбит, Қошке мен Сәбит, Ілияс пен Сәбит желілері арқылы көп шындықтың шымылдығы ашылады. Осы қалай дейтін күбірткелі сауалдарға жауап берілген, сондай-ақ, бұл тараудағы арнайы тоқталған бір мәселе: “Сәбеңнің әдебиет әлеміне, идеологиялық майданға келгендігін аңғартқан, аңғартып қана қоймай, осы жігіттен бірдеме шығады деп үміттендірген және шошындыра үміттендірген атышулы мақаласы” – 1922 жылы “Еңбекші қазақта” басылған “Қара тақтаға жазылып жүрмеңдер, шешендер!” дейтін мақаласы жөнінде.
“Осы эссесінде Сәбең талайларды тарихтан сызып тастаймын деп үлкен қателіктерге ұрынды, ұлылардың аруағын қозғау Сәбит Мұқановқа өмірі кешірілмейтін күнә болды. Оны даттағысы келетіндер осыны дәлелге келтіріп, өздерінің жымысқы ойларын өткізіп жүрді, өткізіп келеді. Бірақ, тарих – әділетті, бәрін де өз орнына қояды”, – дейді кітап авторлары.\r\n\r\n Осы тарауда С.Мұқановтың 20-жылдардағы дау-дамайларға кедей таптың жалауын көтеріп, аса белсенділікпен араласқаны, әдебиет туралы айтыс-тартыстарда ерекше көзге түскені, “Сәбең араласқан істің түзелгені көп болумен қатар, бұрмалана бұзылғандары да аз емес” екендігі, осының бәрін ол көзсіз сенім, алғаусыз көңілмен атқарғандығы жан-жақты тәптіштеле қарастырылған. Бұл жазушының өмір жолына, атқарған істеріне, шығармашылық мұратына толайым тың, кәміл жаңа көзқарасты аңғартады.
Әдеби-ғылыми ғұмырнаманың “Алғашқы асу” және “Шыңға шығу” дейтін тараулары С.Мұқановқа шулы даңқ әкелген, қазақ әдебиетінің тарихында елеулі орын алған, өлеңмен жазылған “Сұлушаш” романы мен “Адасқандар” романы жөнінде. “Сұлушаш” романын сынаған, сараптап талдаған, шын сипатын ашқан зерттеулердің арғы-бергісіне мол қамти тоқталған кітап авторлары: “Романның тіл шеберлігі – ауыз әдебиеті мен жазба әдебиет үлгілерінің творчестволық жолмен қисынын тауып қиыстырылуының, бөлінбес бірлігінің нәтижесі”, С.Мұқанов “қазақ әдебиеті тарихында көркемдік дәуір жасады, этаптық шығарма берді”, деп түйінді пікірмен қорытады. Ал “Адасқандар” романының Сәбең мұражайындағы 1935 жылғы нұсқасы 1999 жылы “Елорда” баспасынан қайта басылып шықты.
Профессор Т.Кәкішевтің “Өтпелі дәуірдің кесек туындысы” деген мақаласы қоса берілген болатын. Авторлар “Сұлушаш” пен “Адасқандарға” қатысты зерттеушілер еңбектерінен филология ғылымдарының докторы, профессор, сәбиттанушы Құлбек Ергөбековтің еңбегін айрықша атап көрсеткенін айтқан жөн. Сондай-ақ осы әдеби-ғылыми ғұмырнаманың өн бойында Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылығына қатысты ой-пікір айтқан, елеулі үлес қосқан көптеген ғалымдардың есімдері мен еңбектері аталған.
Кітаптағы аса қызғылықты оқылатын көлемді тарау (43 бет) – “Жаңа өріс” деп аталған екен. Бұл С.Мұқановтың 1932 жылы жарық көрген, екінші қайтара басылмаған, жарық көруіне рұқсат етілмеген “ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. 1 бөлім (ұлтшылдық, байшылдық дәуір – буржуазно-националистический период”) деп аталатын еңбегі туралы. Поэзияда “Сұлушашты”, прозада “Адасқандарды” беріп атағын жайған Сәбит Мұқановтың күтпеген тұста ғылымға ойысып, әдебиет тарихынан 458 беттік көлемді еңбек жазуының объективті және субъективті себеп-салдарлары бұл кітапта әділ таразыланған.
“С.Мұқановты күні бүгінге дейін сөзге қалдырып, абыройына дақ салып, ел-жұрт көңіліндегі күдікті сейілтпей келе жатқан бір мәселе – алаш қозғалысы және оның қайраткерлері жөніндегі түсінігі, айтқан-жазғаны. Тапшылдықтан оянған санасы, төңкерісшілдікпен қалыптасқан көзқарасы алаш қозғалысын зиянды деп табудан өзгермей кетті, ал оған қатысқан азаматтарды совет өкіметін, партияны мойындамағандар деп білді, жазды” дей келе мына еңбекті атап “Бұған айрықша мән беру керек, себебі әлі күнге дейін оның қадір-қасиетін анықтау, маңызын түсіну, жазылу тарихын, сырын білу жағы жетіспейді”, дейді кітап авторлары.
“Сәбит Мұқанов осы кітапты әдейі жазғанға ұқсайды…”, “Уақыт өте келе бұл кітаптың бағасы өсе түспесе, кемімейді”, “Сәбең саяси-идеялық мәселелерді кейде, тіпті, бірінші орынға қойып, социологиялық талдауға түсіп кететін сәті аз емес” дейтін ой ұшқындарын шығарып, оны кеңінен талдау-таразылауға ұластырған.
“ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті” еңбегінің екінші бөлімі түгелдей “ұлтшыл-байшыл дәуірдің ақын-жазушылары” деп аталады да Ахмет, Міржақып, Ғұмар Қарашев, Мағжан, Сұлтанмахмұт, Сәбит Дөнентаев, Бернияз Күлеев, Мұхтар Әуезов, Жүсіпбек Аймауытов шығармашылығына талдау жасалып, баға беріледі. Бұларды ғылым тілінде монографиялық портрет деп атайды”, “Сәбит Мұқанов бұл ақын-жазушылардың творчестволық портретін бірінші жасап отырғанын еш уақытта естен шығармайық”, деп ғұмырнамалық кітаптың авторлары сол монографиялық портреттердің әрқайсысы қалай шыққан, Сәбең бояуды қалай қолданған, ақын-жазушылардың дәл бейнесін бере алған ба дейтін сауалға қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымының талаптары тұрғысында кең тынысты, салыстырмалы шолу жасайды, тұжырымды баға береді.
С.Мұқанов алаш арыстарын тек қаралау үшін, жамандау үшін бұл еңбекті жазбағандығын, түпкі мақсат-ниет әдебиет тарихында бұлардың алатын орындарын айқындау, есімдері мен еңбектерін атап-атап бағалау, ұрпақ жадында қалдыру болғандығын профессор Тұрсынбек Кәкішұлы өте дәлелді аңғартады. Мәселен, Сәбит Мұқановтың Ахмет Байтұрсынұлы туралы: “Қазақ тілінің негізін жасап, қазақ мектебінің іргесін қалаған алғашқы адам – Ахмет. Ахметтің бұл тарихи еңбегі бағаланбай қалмақ емес” деуі, Мағжан Жұмабаев туралы: “Абайдан кейін тіл өнегесіне Мағжаннан асқан ақын қазақта жоқ” деуі, Мұхтар Әуезов туралы: “Ақындық, жазушылық күшін алғанда Мұхтар күшті жазушы. Тіл сұлулығының үстіне Мұхтар кейіпкер жасауға шебер”, деуі – осының бәрі кездейсоқ, тіл ұшымен жасалған емеурін емес, қорытылған ойдың сықпасы, айқын сыни сипат екендігі күмән туғызбайды.
Сәбит Мұқановтың дәл осындай тағдырлы еңбектерінің бірі – 1942 жылы жарық көрген “Қазақтың ХVІІІ-ХІХ ғасырдағы әдебиетінің тарихынан очерктер” атты зерттеу кітабы. Араға 60 жыл салып Мұражай кешені ЮНЕСКО-ның қолдауымен бұл еңбекті 2002 жылы “Арыс” баспасынан шығарды. Бұл кітапқа да профессор Тұрсынбек Кәкішевтің арнайы жазған “Азаттықты армандаған еңбек” атты мақаласы қоса берілген болатын. Мына ғұмырнамалық кітапта бұл “Очерк” жөнінде “Тарихпен сырласу” атты тарауда баяндалады.
“Очеркте” Сәбит Мұқанов Бұқар, Махамбет Өтемісұлы, Байтоқ пен Жанұзақ сияқты ақын-жыраулардың, Сырым, Көтібар, Кенесары, Наурызбай, Жанғожа, Бекет сынды ұлт-азаттық күрескерлерінің тарихи тұлғаларын айқындап, Шортанбай, Шернияз, Мұрат сынды зар заманның үнін жеткізген ірі ақындардың еңбектеріне баға беріп, сонымен бірге қазақтың айтыс өнерін ғылыми тұрғыда саралағаны белгілі. Ғұмырнамалық баянда С.Мұқановтың бұл тарихи еңбегі жөнінде де тың тұжырымдарға айрықша ден қоямыз. Мәселен, авторлардың “1927 жылы М.Әуезовтің “Әдебиет тарихы” деген еңбегінде “Зар заман” ақындары аталып, әсіресе оның жарқын да айбынды өкілі Шортанбайды Сәбит Мұқановтың 1942 жылы қалай зерттеп, қандай деңгейге көтергенін көрсете кетсек, көзқарас эволюциясының сыр-құпиясын ұққандай боламыз да, “кедейшіл, тапшыл” Сәбиттің сол кездегі ғылыми түсінігіне енді ғана көтеріліп келе жатқанымызды аңғарамыз”, деген батыл пайымдауларына толық қосылмасқа шара жоқ. Шынында да, тек Шортанбай ғана емес, азаттықтың ұлы жыршысы Махамбетті тануда да С.Мұқановтың еңбегі зор екендігіне зеттеушілер айрықша ден қойған.
Кітаптың “Даңқ тұғырында” аталатын тарауында С.Мұқановтың “Жұмбақ жалау” – “Ботагөз” романдарының шығармашылық тағдыры жазушының кемеліне келген қаламгерлік қуатымен қосөрім бірлікте қарастырылған.
Сондай-ақ Мағжан – Сәкен – Сәбит қарым-қатынастарының қиын түйіндерін тарқатуға арналған “Матасқан тағдырлар” атты тарауды Тұрсынбек Кәкішұлының сарыла зерттеп, санаға салмақ сала шешкен жұмбағы деу керек шығар. Әу баста ап-айқын қарым-қатынастар замананың ұйтқи соққан қара боранынан кейін әртүрлі өсек-жалалардың арқауына айналып кете барғанын, оған аса сабырмен, зор ыждағатпен үңілу керектігін ғалым тамыршыдай тап басқан.
Ал “Атымтай жомарт”, “Сайран”, “Шежіреші”, “Классик” тарауларының әрқайсысы шертетін баян да ауқымды. Әр тарау С.Мұқановтың әр қырын ашады. Таныс-бейтаныс деректер оқырманын еліктіріп, Сәбеңнің өзінің шығармасын оқып отырғандағыдай шым-шытырық уақиғалардың алуан түрлі соқпақтарына салып, жетелеп әкетеді.
“Сәбит Мұқановтың “Өсу жолдарымыз”, “Жарқын жұлдыздар” және ғылыми ізденісінің соңғы иіндісі болған “Қазақ қауымы” елдігіміздің, халықтығымыздың жарқын беттері екенін еріксіз мойындаймыз” деген ғұмырнама авторларының пікірі бүгінгі ұрпақтың атынан, ХХІ ғасыр мінберінен айтылып тұр деп ұғамыз.
С.Мұқановтың Абай туралы, Шоқан жөнінде, Ыбырай хақында албырт кезінде айтылған асығыс, жаңсақ топшылауларын жылдар өте келе түп-тамырымен қопара өзгерткенін, Абай мен Шоқанға көлемді монографиялық еңбектер арнағанын, Шоқан өмірінен “Аққан жұлдыз” атты тетрология жазуды жоспарлап, оның екі кітабын ғана жазып үлгергенін, жалпы Сәбеңнің өмірінің соңғы жылдарындағы қазақ қауымының салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына, ұлттық шежіресіне, т.б. ерекше ден қоюында үлкен сыр жатқанына зерттеушілер айрықша назар аудартады.
Т.Кәкішұлы мен К.Ахметтің “Сәбит Мұқанов” атты әдеби-ғылыми ғұмырнамасы сәбиттануға қосылған сүбелі үлес, әсіресе, ұлттық құндылықтарымызға, рухани қазыналарымызға жаңа көзқарасты орнықтырады, кеңестік дәуірде жазылған шығармалардың халықтық мәнін ашып, қазақ елінің жаңа ұрпағын тарихи тұлғалардың тағылымды іс-өнегесімен тәрбиелеуде әсер-ықпалы өлшеусіз зор.
Авторы: Әділғазы ҚАЙЫРБЕКОВ
Орта ғасырлардағы Қазақстан жеріндегі мемлекеттер мен олардың мәдениеті
\r\n\r\n(Қарахан, Қарақытай, Оғыз, Қимақ хандықтарының\r\n\r\nтұрмыс-тіршілігі туралы)\r\n\r\n \r\n\r\nҚарахан Әулетінің мемлекеті (942-1210 жж.). Негізін салған Сатұқ Боғра хан (915-955). 940 (942) ж. Сатуқ Баласағұн билеушісін құлатып, өзін жоғарғы қағанмын деп жариялайды. Осы кезден бастап Қарахандар мемлекеті тарихы басталады. Қарахан мемлекетінің құрылуы мен оның ерте тарихында басты рольді Қарлұқ конфедерациясының тайпалары атқарды. 10 ғ. сонына таман Қарахандар иелігі Батыста Амудария мен Сырдария арасындағы Мәуереннахрдан бастап, Шығыста Жетісу мен Қашғарға дейін созылды.\r\n\r\n \r\n\r\nҚарахан мемлекеті шекаралары тұрақты, толып жатқан еншіліктерге бөлінетін. Еншілік иелерінің құқтары зор болатын. Олар өз атымен теңгелер шығаруға дейін, кейде тіпті лауазымдарын өзгерте алатын. 11 ғ. 30-ж. соңында Ибрахим ибн Насырдың тұсында мемлекет екіге бөлінеді: біріншісі, орталыпы Бұқарда болған, қарауына ходжентке дейінгі Мәуереннахрды қосып алған Батыс хандығы, екіншісі — қарамағына Тараз, Исфиджаб, Шаш, Ферғана, Жетісу мен Қашғар кіретін Шығыс хандығы. Оның астанасы Баласағұн қаласы. Осымен Қарахан мемлекетінің еншіліктерге бөлінуі заңды түрде бекітілді.\r\n\r\n \r\n\r\nАрслан-хан кезіңде қарахан мемлекеті одан сайін бөлініп кетеді: әрбір еншілік өз тәуелсіздігін құру үшін таласады.\r\n\r\n \r\n\r\n1056 ж. Қадырханның ұлы Йинал-тегін өкімет мұралыпы жолындағы күресте інісі Сүлейменнің иелігін басып алады. Бірақ ұзамай ол у беріліп өлтіріледі. Тәж-таққа Йинал-тегіннің баласы Ибрахим ие болады, бірақ ол да біраздан кейін Барысхан әміршісімен болған соғыста қаза табады. Осыдан кейін Шығыс қағанатын 15 жыл бойы (1059-1074) Қадырханның балалары Юсуф Тоғрулхан мен Бограхан харун басқарады. Олардың тұсында Ферғана Шығыс қағанатқа күшпен қосылады. Екі қағанат арасындағы шекара Сырдарияны бойлай өтеді. Тоғрұл қайтыс болғаннан кейін оның еншілігі Бограхан харунның (1075-1102)- Қашғар, Баласағұн мен хотан қожасының қоластына көшеді. 1089 ж. бастап ол Салжұқ сұлтаны Мәлікшахтың кіріптар вассалына айналады. 1102 ж. Бограхан қайтыс болғаннан кейін, көп ұзамай Мәуереннахрға Баласағұн мен Таластың иесі Қадырхан Жабраил шабуыл жасап, Амударияға дейінгі жердің бәрін басып алады, тіпті Салжықтардан Термезді тартып алмақшы болады, бірақ олардан жеңіліп қалады. Сұлтан Санжардың басқаруы кезінде (1118-1157) салжықтар Мәуереннахрда шексіз билігін жүргізеді, бірақ бұл кезде Қарахан әулетінің саяси құлдырауының белгісі біліне бастады.\r\n\r\n \r\n\r\nБұған бас себебі — қидан мемлекетінің құрылуы және оның жүргізген сыртқы әскери саясаты болып табылады.\r\n\r\n \r\n\r\n12 ғ. екінші жартысында қидандар Батыс Түркі қағанатына қауіп төндіре бастайды. 1141 ж. Қарахан-Салжықтың әскерін талқандағаннан кейін Қарахандар мемлекеті екі хандығының билігі де қарақытайлар қолына көшеді. 1210 ж. шығыс Қарахандар әулеті наймандармен соғыста жеңіледі. Ал 1212 ж. Хорезм шах Мұхаммед батыс қағанаттың соңғы қағаны самарқандық Османды өлтіреді, ұзамай Қарахандардың Ферғана тармағы да жоқ болады. Қарахан әулетінің мемлекеті тарихы осылай аяқталды.\r\n\r\n \r\n\r\nҚарахан әулеті мемлекетінде аса маңызды әлеуметтік-саяси институт әскери-мұралық жүйе болды. Хандар өз туыстарына белгілі бір территорияның, сол уақытқа дейін мемлекет пайдасына деп алынған салықты өздері жинап алу құқын берді. Мұндай салық «икта» деп аталады, ал оны жинаушыны «мукта», немесе «иктадар» деп атаған. Халық көшпелі, жартылай көшпелі болды. Мемлекеттік дін ретінде — ислам діні болды. Исламның (960 ж. Мұса жариялады) енуіне байланысты, араб әрпіне негізделген жаңа түркі жазуы қалыптасады. Түрік этносының ой-санасы өседі. Жүсіп Баласағұн есімі кең мәлім болды.\r\n\r\n \r\n\r\nҚара қытайлар мемлекеті (1128-1213). Қара қытайлар. Олардың құрылуы Орталық Азияның қидан тайпаларымен тығыз байланысты. Қидандар (цидань, кита, хита) б.з. 4 ғ. жазба деректерде монғол тілді тайпалар ретінде аталады. Олар Қытайдың солтүстік жағында Маньчжурия мен Уссури өлкесінің территориясын мекендеген. 924 ж. Алтайдан бастап, Тынық мұхитқа дейінгі жер Қидан мемлекетінің (Ляо империясы) қоластына өтеді.\r\n\r\n \r\n\r\n1125 ж. Сунь Қытайы мен Чжурцжень мемлекетінің біріккен күші Ляо империясын құлатады. Қидандардың бір бөлегі чжурчжендерге бағынады, ал қалғандары Елюй-Даши басқаруымен батысқа қарай Шығыс Түркістан мен Жетісуға таман — жылжиды. Олар енисей қырғыздарының жерін басып өтіп, Еміл өзенінің бойына жетеді. Сол жерге аттас қала салады. Қидандардың батыс бөлігі Жетісудың бір бөлігіне қарап, жергілікті түркі тілдес халықпен араласып кетуі нәтижесінде, келімсектер қара қытай аталып кетеді.\r\n\r\n \r\n\r\n1128 ж. Қарахандар әулетінен шыққан Баласағұнды иемденуші өздеріне қысым жасаушы қаңлылар мен қарлұқтарға қарыс шығады. Қарақытайлар көсемі Елу Дашы Баласағұнды басып алып, Жетісуда өз мемлекетін орнатады. Жетісу, оңтүстік Қазақстан, Мәуереннахр мен Шығыс Түркістан қарақытай мемлекетінің құрамына кіреді. Қарахандар әулетін қарақытайлар өз вассалына айналдырады.\r\n\r\n \r\n\r\nҚарақытай мемлекетінің басшысы Гүрхан деп аталады. Оның ордасы — Шу озенінің алқабында болатын. Баласағұн орталық болып қала берді. Әскерде тәртіп қатал болған. Ел ішінде аула басынан салық жинай жүйесі енгізіледі — әр үйден бір динардан салық алып отырады. Гүрхан жақындарына жер-суды тарту етпейді, олар бәсекеші болып кетеді деп қауіптенді. Қарақытайлар Жетісудың оңтүстік бөлігін, Исфиджабтың солтүстік-шығыс аймағын, Құлжа өлкесін басқарады. Бірінші гүрхан Елюй-Даши 1143 ж. қайтыс болды. 1169 ж. оның баласы — Елюй-Чжилугу — таққа отырады. Өзі христиан болғандықтан, мұсылман дініне қарсы шығады. Оның Жетісудағы мұсылман халқын бағындыру саясаты қарсылыққа толы болды. 1208 ж. бастап Жетісуға қоңыс аударған найман тайпалары да осы ішкі саясатты бұзбайды. Жетісу аймағы өзара қырқыстар, мұсылмандық қозғалыстар орталыпына айналады. Жетісудағы осы жағдай 1218 ж. дейін, яғни Шыңғыс-ханның әскері келгенше созылды.\r\n\r\n \r\n\r\nКимақ қағанаты (9-11 ғ.б.). Кимақтар 7 ғ. қытай деректерінде айтылады. Синологтар оны «яньмо» тайпасымен бір деп қарайды. 840 ж. Орталық Моңғолиядағы Ұйғыр қағанаты ыдырағаннан кейін оған енген тайпалардың бір бөлігі (еймұр, баяндұр, татар) кимақ бірлестігінің өзегіне келіп қосылады. Сол кездері жеті тайпадан: еймұр, имек, қыпшақ, татар, баяндұр, ланиказ, ажлардан тұратын кимақ федерациясы құрылады. Кимақ патшасының титулы — «байгу» деп аталады. Ал 9 ғ. соңы мен 10 ғ. басында Кимақ қағанаты құрылғаннан бастап, олардың ханы түріктің ең жоғары лауазымы — қаған атын алады.\r\n\r\n \r\n\r\n10 ғ. ортасынан бастап, кимек қағанаты 4 болысқа бөлінетін болады. Кимек тайпаларының одағы қандас-туысқандық байланысқа негізделген құрылым болмаған, ол территориялық-әкімшілік қарым-қатынас принциптеріне сүйенген. Кимектерде жазу-сызу болғанын араб саяхатшысы Әбу Дулафтың (10 ғ.): «оларда қамыс өседі, олар сонымен жазады»- деген сөзі дәлелдейді. Олар тәңірге, ата-баба рухына, сондай-ақ кейбіревлері христиан тектес дін — манихейлікті ұстанған. Кимек қағанының Ертістегі ордасы Қимеқияға (Имекияға) апаратын керуен жолдары болған.\r\n\r\n \r\n\r\n11 ғ. басында Кимақ қағанаты күйреді. Оның құлауының екі себебі бар: өздерін өздері билеуге ұмтылған қыпшақ хандарының орталықтан бөлінуге тырысушылығы, және қағанатта ішкі талас — тартыстың күшеюІ және Орталық Азияның көшпелі тайпаларының қаптап кетуі.\r\n\r\n \r\n\r\nОғыз мемлекеті (9-11 ғғ. басы). 9-10 ғғ. Сырдың орта, төменгі ағысында, сонымен қатар Батыс Қазақстанды да қосып алатын территориясында оғыз тайралардың саяси бірлестігі құрылды. «Оғыз» деген терминнің этимологиясы әлі де анықталмаған. Махмуд Қашғари, Марвази енбектерінде, оғыздарға жататын руларды атап кеткен: қынық, баят, язғыр, имур, қарабулақ, тутырка, т.б. Оғыздар 2 экзогамды фрактриядан құрылған. Бұлар — бузук және үшүк (учук).\r\n\r\n \r\n\r\n8 ғ. ортасында түргештер мұрасы үшін қарлұқтармен болған күресте оғыздардың едәуір бөлігі Жетісуды тастап, Шу алқабына кетеді. Осы жерде олардың «Көне Гузия» деп аталатын ордасы болды. 9 ғ. бас кезінде оғыздардың көсемі қарлұқтармен, қимақтармен одақтасып, қанғар-печенег бірлестігін күйретеді, сөйтіп Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірі мен даласын басып алады. 9 ғ. соңында олар хазарлармен одақ құрып, печенегтерді жеңеді де, Орал мен Еділ арасын қоластына қаратады.\r\n\r\n \r\n\r\nПеченегтермен соғыс олардың саяси бірлігін күшейтіп, тайпалардың оғыздық одағын құруға мүмкіндік берді. Оғыздар құрамына Сырдария алқабы мен Арал-Каспий далаларының үнді-европа, финн-угор тектес ежелгі компоненттері және Жетісу мен Сібірдің халаджылар, жағарлар, чаруктер, қарлұқтар, имурлер, байандұрлар тайпалар кірді. Оғыздардың этникалық қауымдастығының құрылуы ұзақ процесс болды.\r\n\r\n \r\n\r\n9 ғ. соңы мен 11 ғ. басында оғыз тайпалары Сырдың төменгі ағысынан Еділдің төменгі бойына дейінгі орасан зор территорияны мекендейді. Оғыздар туралы алғашқы дерек тер 9-10 ғ. б. араб деректерінде мысалы, әл-Якубидің (9 ғ.) еңбегінде айтылады.\r\n\r\n \r\n\r\nОрта Азия мен Шығыс Европаға және Орталық Азияға баратын керуен жолдарының тоғысқан жерінде жатқан Янгикент қаласы 10 ғ. оғыз мемлекетінің астанасына айналды. Оғыз мемлекетінің халқы — түркі және иран тілінде сөйлеген. «Жабғы» атағы бар жоғарғы билеуші Оғыз мемлекетінің басшысы болған. Оғыз жабғыларының орынбасарларын Күл-еркін деп атаған. Жоғарғы билеушілер өкіметі мұрагерге — «иналамиға» — беріліп отырған. Жабғы мемлекетінде оғыз әскерінің «сюбаши» деп аталатын бас қолбасшысы маңызды роль атқарған. Оғыздар мал шаруашылығымен айналысты. Отырықшылықта қатар дамыды. Жент, Сауран, Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығанақ деген қалалары болды. Құл саудасы дамыды. Оғыздар мәжусилер болып, ел ішінде бақсы-балгерлер ықпалын жүргізді. Біртіндеп ислам діні де ене бастады.\r\n\r\n \r\n\r\nОғыз мемлекеті Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды орны болды. 965 жылы олар Киев Русымен одақтасып хазар қағанатын талқандайды. 985 жылы оғыз жабғысы орыс кінәздарымен бірлесіп Еділ Булғариясын талқандады. Осының бәрі оғыз мемлекетінің саяси күш-қуаты өсуіне әсер етті.\r\n\r\n \r\n\r\n10-11 ғғ. Оғыз мемлекеті елеулі дағдарысқа ұшырайды. Оған алым-салыққа қарсылық білдірген оғыз тайпалары көтерілістері себеп болды. Салжықтармен, қыпшақтармен болған соғыстарға шыдамай, оғыз мемлекеті 11 ғасырдың ортасында біржола құлайды. Жартысы қыпшақтардың қысымынан Шығыс Европа мен Кіші Азияға, жартысы Мәуереннахрдағы қарахандарға, хорасан селжұқтарына, қалғаны Дешті-Қыпшақ тайпаларына араласып кетті.\r\n\r\n \r\n\r\nМәдениеті. Қазақстанда туып-өскен философ әрі энциклопедияшы ғалым Әбу насыр Әл-Фараби (870-950) мұсылман шығысында Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» ретінде мәлім болды. Ол Бағдаттта, Дамаскда, халеб қалаларында болды.\r\n\r\n \r\n\r\nӘл-Фараби философиясының негізі-аристотелизмді эманация туралы неоплатондық іліммен ұштастыру болып табылады. Оның философиясының бірегей, дербес сипатына ешкім күмән келтірмейді. Негізінен идеалист бола тұрып, Әл-Фараби материалистік пікірлер де айтқан. Мәселен, ол ең жоғарғы дүниенің бар екенін және оны түйсік арқылы танып-білуге болатынын мойындаған, адамның жанын денемен байланысты қараған. Нақ осы себептен де мұсылман дін басылары философты діннен безген деп те кінәлаған. Дүние, Әл-Фараби көзқарасы бойынша материалдық элементтерден құралатын заттардан тұрады. Қозғалыс дегеніміз денелердің қасиеті. Оның математика, музыка, астрономия және т.б. туралы еңбектері бар. Еңбектерінің аттары: «Ғылымның шығуы», «Музыканың ұлы кітабы», «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» және т.б.\r\n\r\n \r\n\r\nТүркі әдебиетінің көрнекті өкілдері Жүсіп Баласағұн мен Махмұд Қашқари. \r\n\r\nЖүсіп Баласағұн 1017 жылы туды. 1069-1070 жылы «Құтты біліг»(Құтадғу біліг) атты 6520 бет тұратын поэма жазды.Автор идеалды қоғамның нормаларын, ондағы түрлі топтарға бөлінген адамдардың мінез-құлқын, ережелерін, билеушілер мен бағыныштылар арасындағы өзара қарым-қатынас ережелерін сипаттайтын терең мағыналы философиялық-дидактьикалық шығарма.\r\n\r\n \r\n\r\nМахмұд Қашқари (11ғ.) автордың айтуынша Қарахан әміршісі Насыр ибн Әли тұқымынан шыққан. Ол ел аралап түркілердің сөздерінің мағынасын, өлеңдерін, жұмбақтарын, ертегілерін, әдет-ғұрыптарын жазып алады. Байқауларын жинақтап «Диуани лұғат-ат-түрк» (Түркі тілдерінің сөздігі) деген еңбек жазды. Бұл еңбекті ежелгі орта ғасырдағы түріктердің халықтық өмірінің нағыз энциклопедиясы девге болады.\r\n\r\n \r\n\r\nҚала халқының мәдени өмірінде ислам дінін уағыздаушы, сопы ақындардың ішінде Ахмет Иассауи (1103-1166) шығармалары ерекше орын алады. Ол оңтүстік Қазақстандағы түркі халқы арасында ислам мен мұсылман дінінің тарауына зор еңбек сіңірді. Оның өлеңмен жазылған «Диуани хикмет (Даналық жайындағы кітап) деген еңбегі бар.
Организмнің ішікі ортасы
Организм ішкі ортасы\r\n\r\nОрганизмнің ішкі ортасына қан, лимфа және ұлпа сұйықтығы жатады.ішкі ортанын салыстырмалы химиялық құрамы мен физика-химиялық тұрақтылық қасиеті арқылы организмнің жасушалары салыстырмалы өзгермейтін жағдайларда тіршілік етеді және сыртқы орта әсеріне көп ұшырамайды.\r\n\r\nҰлпа сұйықтығы\r\n\r\nҰлпа сұйықтығы түссі, мөлдір түсті, қанның сұйықтық бөлімінен – плазмадан пайда болады, ол қан тамырлардың қабырғалары арқылы жасушааралық кеңістікке өтеді және жасушаға түсетін зат алмасу өнімдерінен пайда болады. Ұлпаның сұйықтығы организмдегі ұлпаларының барлық жасушаларын қоршап тұрады, олар одан қоректі заттарды, оттегін сіңіріп алады және көміртек диоксидің су және басқа тіршілік өнімдерін оған бөліп шығарады. Ұлпа сұйықтық пен қан (оның плазмасы) аралығында зат алмасу процесі капиллярлардың қабырғалары арқылы диффузия жолмен өтіп жатады.\r\n\r\nЛимфа\r\n\r\nЛимфа – жартылай мөлдір сарғыш түсті сұйықтық, ол ұлпа сұйықтығынан бөліп шығарылады. Лимфа жасушааралық кеңістікте басталады да лимфа тамырлары бойынша ағады. Құрамына қарай лимфа қан плазмасына ұқсас болады, бірақ онда белоктар аз болады. Лимфа тамырлары бір-бірімен қосылып екі үлкен лимфа тармағын құрайды, олар үлкен венларға құйылады.\r\n\r\nҚан\r\n\r\nҚан – ашық қызыл түсті сұйықтық, ол тұйық тамырлар жүйесінде айналады және дәнекер ұлпасының бір түрі болады. Органихмде 5 л қан болады.\r\n\r\nҚан құрамы\r\n\r\nҚан плазмадан (55%) – жасуша аралық заттың сұйықтығы мен форменді элементтерден (45%) – эротроцит, лейкоцит және қан (тромбоцит) пластинкаларынан тұрады.\r\n\r\nҚан плазмасы\r\n\r\nҚан плазмасы – қанның сұйықтық бөлімі, белоктар коллоидты ертіндісі. Оның құрамына (90-92%) органикалық және анорганикалық заттар(8-10%) кіреді. Плазмадағы оганикалық заттардан ең көбі белоктар (орта есеппен 7-8%) – албуминдер, глобулиндер және фибриноген (фибриногені жоқ плазманы қанның сары суы деп атайды).Одан басқа, қан плазмасы құрамында глюкоза, май, майтекті заттар, аминқышқылдар, мочевина, зәр және сүт қышқылы, ферменттер,гормондар т.б. болады. Анорганикалық заттар қан плазманың 0,9-1,0% бөлімін құрайды. Бұл негізінен натрий, калий, кальций, магний т.б тұздары. Тұздардың сұйықтықтың құрамы физиологиялық сұйықтық деп атайды, оның құрамы қан плазмасының тұздар құрамына сай келеді. Медицинада физиологиялық сұйықтық организмге сұйықтық жеткізу үшін пайдланады.\r\n\r\nҚан плазмасында ерітілген белоктар, минералды тұздар және басқа заттар арнайы осмостық қысымын белгілейді, ол ұлпамен қан арасындағы судың алмасуында үлкен рөль атқарады. Белоктар плазмаға тұтқырлық (вякость) қасиетін береді де қан ұю процесінде де маңызды рөль атқарады.\r\n\r\nҚанның форменді элементтері\r\n\r\nҚанның қызыл түйіршіктері немесе эротроциттер – бұл ядросыз екі жақты ойыс пішінде қан жасушалары, оның диаметрі 7,5 мкм.\r\n\r\nҚанның 1 мм3 көлемінде 5 млн эротроцит болады. Бір адамның эротроциттер мөлшері 3800 м2. Олардың негізгі қызметі — өкпеден ұлпаға оттегін өткізу болып табылады. Эротроциттер қызыл сүйек майында пайда болады. Олар 3-4 ай бойы тіршілік етеді. Көне эротроциттер көк бауырда ыдырайды. а) сау адамның эритроциттері; ә) ауру адамның гемоглобинінің эритроциттері. Америкалық ғалым Л.Полинг 1951 жылы үлкен жаңалық ашты. Медицинада “орақ пішінді клеткалық анемия” дейтін ауру белгілі. Бұл аурумен ауырған адамдардың қанындағы эритроциттер “орақ” пішінді болады. Аурудың аты осыған байланысты аталған. Орақ пішінді эритроциттер оттекті тасымалдау қасиетінен айырылады немесе өте нашар тасиды. Л.Полинг осы аурумен ауыратын адамның клеткасы мен дені сау адамның клеткасының гемоглобиндерінің бірінші деңгейіндегі молекулалық құрылымын зерттеген. Ауру адамның гемоглобинінің құрамындағы аминқышқылдарының тізбегіндегі алтыншы орында тұрған “глутамин қышқылының” орнын “валин” басатынын анықтаған.\r\n\r\nа) сау адамның гемоглобинінің тізбегі; ә) ауру адамның гемоглобинінің тізбегі.\r\n\r\n \r\n\r\nМіне, бұл аурудың себебі гемоглобин құрамындағы бір ғана аминқышқылының орын ауыстыруына байланысты екендігі осы тізбектен көрініп тұр. Сонымен қатар, Л.Полинг пептид молекуласының беріктігі оның құрамындағы оттек пен азот атомдарының сутектік байланыспен байланысуына негізделген деген қорытынды жасады. Бұл еңбектері үшін Л.Полинг 1954 жылы Нобель сыйлығына ие болды.\r\n\r\n \r\n\r\nКарл Лайнус Полинг\r\n\r\nАмерикалық биофизик және биохимик. Белоктың екінші реттік құрылымының теориясын тұжырымдады. Нобель сыйлығының лауреаты.\r\n\r\nҚанның ақ түйіршіктері немесе лейкоциттер – ядросы бар және белменді амеба тәрізді қозғалатын түссіз қан жасушалар. Қанның 1 мм3 көлемінде 6-8 мың лейкоциттердің алуан түрлі (лимфоциттер, моноциттер, базофилдер, эозикофилдер және нейтрофилдер) болады. Олар қызыл сүйек майында, лимфа түйіндерінде және көк бауырда пайда болады.\r\n\r\nОлардың тіршілік ету мерзімі – бірнеше күн. Лейкоциттердің қорғаныш және қалпына келтіру қызметі олардың қанда антиденелерді құрып, бактериялардың өзіне сіңіріп, жою қабілетіне байланысты. Қан тамырладың қабырғалары арқылы өтіп лейкоциттер қан ағымы арқылы организмнің ұлпа, жасушалар аралығына өте алады да дененің зақымданған жерлерінде жинала алады. Бұл жерде олар жиналған аяқтарымен организмдегі әр түрлі микроорганизмдерді, көне жасушаларды өзіне сіңіріп, жойып тұрады. Оларды жою барысында лейкоциттер өздеріде өліп кетеді.\r\n\r\nҚанның пластинкалары немесе тромбоцит – ұсақ (2-5 мкм диаметрінде) ядросыз денешіктер 1 мм3 көлемінде 250-400 мың тромбоцит болады, олар қан ұю процесіне қатысады.\r\n\r\n \r\n\r\n\r\n\r\n\r\nҚанның қызметі\r\n\r\nҚан келесі қызмет атқарады:\r\n
- \r\n
- асқорту – қан ұлпалар мен мүшелерге қоректік заттарды, суды, минералды тұздарды және витаминдерді тасымалдайды;
- бөліп шығару – қан бөліп шығару мүшелері арқылы ыдырау өнімдері шығарады;
- тыныс алу — өкпе мен ұлпалардыңарасында газ алмасу процесін қамтамасыз етеді;
- регуляторлық — әр түрлі мүшелердің гуморальдық реттелуін аңықтайды, организмде гормондар мен басқа заттарды жеткізеді, олар мүшелердің қызметіне әсер етеді (күшейтеді немесе бесеңдетеді)
- қорғаыш – қанның құрамында фагоцит қабілеті бар жасушалар болады және арнайы белоктар — антиденелер болады, олар ұлы организмдердің көбеюіне кедергі жасайды да олардың бөліп шығарады.
- терморегуляторлық – қан организмнің тұрақты дене қызуын сақтайды.
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\nҚан ұю\r\n\r\nҚан ұю – күрделі прцесс, ол фибриноген белоктың ерімейтін фибринге айналу барысында жүреді. Сол кезде пайда болған ұйыған қан – тромб фибрин талшықтарынан және қан жасушалардан құралады, ол қан тамырын тығындайды да қан кету тоқтатады. Қан ұю процесіне қажетті жағдайлар:плазма құрамында кальций тұздары және тромбоциттердің болуы. Кальций тұздары протромбин ферментін белсендіреді, ал тромбоциттерден (олардың қабы бұзылғанда) плазмаға протромбинді ферментің белсенді фибринге айналдырады, ол фибриногенді фибринге айналдырады да қан ұю жүреді. Қан ұю – организмнің өте маңызды бейімделуі, ол қан кетуден сақтайды. Гемофиля ауруымен ауырғандарда қан ұю қасиеті болмайды.\r\n\r\nҚан құю\r\n\r\nҚан кету өмірге қауіп тудырады, себебі организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын бұзады, қан қысымын төмендетеді және гемоглобиннің саны азаяды. Қан құю ертеден белгілі, бірақ қан құюдың амалдары көбінесе өліммен аяқталған. Тек 1901 жылы адамның қанының тобы аңықталғанмен, бір адмның қаны екінші адамның қанына кейде сәкес келмегендіктен аңықталды. Оны К. Ландштейнер деген ғалым ашты. Эротроциттердің желімдеу (агглютинация) себеп болатын донорлық эротроцит құрамындағы зат – агглютинин ( немесе/және ) заттары. Желімдеу тек бір жағдайда болады, егер агглютиноген А, агглютинин және агглютиноген В, агглютинин кездесе ғана жүреді. Адамдардың қаны төрт топқа бөлінеді, олардың құрамында А агглютиноген және агглютинмен ал В агглютиногені агглютинмен кездескенде ғана эротроциттер жойылуы байқалады:\r\n
Топ | Эротроциттердегі агглютиноген | Қан плазмасындағы агглютинин |
I(0) | жоқ | және |
II(A) | A | |
III(B) | B | |
IV(AB) | AB | Жоқ |
\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nТұқым қуалайтын ауруларды емдеу\r\n\r\nМедициналық генетиканың алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі — тұқым қуалайтын аурулардың биохимиялық механизмдерін анықтап, соның негізінде оларды емдеудің жолдарын іздестіру. Мысалыға, қантты диабет ауруын алайық. Бұл ауру ұйқы безінің гормоны — инсулиннің түзілмеуіне байланысты болады, оны рецессивті ген анықтайды. Қантты диабетті организмге инсулин енгізу арқылы ғана емдейді. Бұл жағдайда тек ауру ғана, яғни “зиянды” геннің фенотиптік көрінісі емделеді. Емделіп жазылған адам ол генді өзінде сақтап, келесі ұрпағына береді. Қазіргі кезде көптеген тұқым қуалайтын аурулардың биохимиялық механизмдері анықталған. Соның бірі шизофрения ауруының бір түрі — фенилкетонурия. Бұл аурудың биохимиялық негізін зерттегенде белок құрамына кіретін фенилаланин аминқышқылы триптофанға айналуы керек. Оған арнайы фермент қатысады. Ал ол ферменттің қызметін белгілі бір ген бақылайды. Егер ол ген өзгеріске ұшыраса, аталған биохимиялық алмасулар дұрыс жүрмейді, яғни фенилаланин триптофанға айналмайды. Сондықтан оның концентрациясы артып кетеді. Мұндай жағдайда адамның миы мен жұлыны зақымдалып, психикалық ауруға ұшырайды. Осындай механизмдері анықталғаннан кейін фенилкетонурияны емдеудің де жолдары табылды. Ол үшін құрамында фенилаланин аминқышқылы аз тағамдармен тамақтану керек немесе қажетті ферментті организмге егу қажет. Адамда жақсы зерттелген мәселелердің бірі — қан топтарының тұқым қуалауы. Соның ішінде резус-факторды алайық. Резус-фактордың қанның құрамында болуын анықтайтын ген екі түрлі жағдайда болады: біреуі оң резус “+”, екіншісі теріс резус “—”. Резусы “теріс” әйел, резусы “оң” ер адаммен некелескенде оң резус болуды анықтайтын геннің доминантты болуына байланысты ұрық әкесінен осы қасиетті алады. Сөйтіп анасының қанына ерекше зат — антиген жасап шығарады. Ал анасының организмінде оған қарсы антиденелер түзіледі. Олар ұрықтың қан жасалу жүйесін бұзады. Нәтижесінде ана организмі мен ұрық уланады. Бұл ұрықтың өліміне апарып соғады.\r\n\r\n
Оқу əдістері жəне құрал жабдықтары
\r\n\r\nЖоспары\r\n
- \r\n
- Оқу, əдіс, тəсіл жəне ережелері түсінігі мен мəні
- Оқу əдістерін топтастыру
- Оқу құрал-жабдықтары
- Оқу əдістері мен құралдарын іріктеу
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n \r\n
- \r\n
- Оқу əдіс, тəсіл жəне ережелері түсінігі мен мəні
\r\n
\r\nБілімдену процесінің табысты болуы көбіне қолданылатын оқу əдістеріне тəуелді.\r\n\r\nОқу əдісі – білім игеру мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған оқытушы мен оқушының бірлікті іс -əрекеттік қимыл — тəсілдері. Оқу мақсаты жолындағы ұстаздың оқыту жұмысы мен шəкірттің оқып- үйрену əрекеттерінің өзара байланыстылығы жəне анайылығы осы оқу əдісінен көрінеді.\r\n\r\nДидактикада кең қолданым тауып жүрген жəне бір түсініктер легі –бұл “оқу тəсілі” жəне “оқу ережелері”.\r\n\r\nОқу тəсілдері- оқу əдісінің құрамды бөлігі немесе бір қыры, яғни жалпы “əдіс” түсінігіне байланысты жалқы ұғым. Бұл екі ұғымды өз алдына шектеп болмайды, олардың ара қатынасы ауыспалы, өзгермелі. Кей жағдайларда əдіс педагогикалық міндетті шешудің дербес жолы есептелсе жəне бір ықшам оқу-тəрбие мəселесіне орай- тəсіл болуы мүмкін. Мысалы, егер мұғалім жаңа білімдерді сөздік, ауызша əдіспен (түсіндіру, əңгімелеу, сұхбат) ұсыну барысында көрнекі құралдарды пайдаланса, онда бұл көрнекілік –тəсіл ретінде қабылданады. Егер де көрнекіліктер білім игертудің негізгі құралы болып, солар негізінде оқушылар жаңа білім ақпараттарын қабылдаса, онда көрнекілік — əдіс, ал мұғалімнің қалған оқу іс-əрекеттерінің бəрі тəсіл болып есептеледі.\r\n\r\nСонымен, əдіс көптеген тəсілдерден құралады, бірақ олардың жəй жиынтығын білдірмейді. Тəсілдер арқылы оқытушы мен оқушының оқу жұмыстарын орындаудағы өзіндік ерекшелігі көрініп, оқу субъекттері іс-əрекеттеріне даралық сипат береді.\r\n\r\nОқу ережелері (дидиактикалық ережелер) – оқу процесінің қалыпты педагогикалық жағдайларында қандай жəне қайтіп əрекет жасау қажеттігін көрсететін нақты ұсыныс.\r\n\r\nЕреже əрқандай тəсілдің сипаттамасы, норматив моделі есебінде қолданылады. Нақты міндет шешіміне пайдаланатын ережелер жүйесі — əдістің норматив-сипаттама моделін құрайды.\r\n\r\nОқу əдістері – тарихи категория. Өндіріс күштерінің деңгейі мен өндірістік қатынастар сипаты педагогикалық процестің мақсаттарына, мазмұнына, құрал жабдықтарына өз ықпалын тигізеді. Олардың ауысуымен оқу əдістері де өзгеріске келеді.\r\n\r\nҚоғамдық дамудың алғашқы кезеңдерінде өскелең əулетке тəжірибе өткізу ересектер мен балалардың бірлікті іс-əркеттік процесінде орындалып жатты. Бұл дəуірлердегі басты оқу əдісі еліктіру, еліктеу жолымен іске асты. Ересектер қалай əрекетке келсе, балалар соны қайталап, қорек табу, от жағу, киім-кешек дайындау ж.т.б. үйренді. Негізгі оқуды өзгертпей, қайта жасау (репроедуктив), (“мендей етіп істе”) əдісі алынды. Кейінгі замандардағы барша əдістер осы қайталай жасау əдісінен өз бастауларын алды.\r\n\r\nМектептердің ресми формаларының ұйымдастырылуы заманынан оқудың сөздік (ауызша) əдістері пайда болды. Мұғалім дайын ақпаратты сөзбен жеткізіп отырды, оқушылар оны есіте отырып, игерумен болады. Қоғамға жазудың келуі, кітап баспасының өркендеуі, білімді жария етуде, жинақтауда жəне əулеттен əулетке жеткізуде (код) таңбаны пайдалануға мүмкіндік берді. Енді сөз негізгі ақпарат ұсыну құралына айналып, ал кітап бойынша оқыту мұғалім мен оқушының ең көп тараған өзара ықпал жасау əдісі болды.\r\n\r\nКітап əрқилы қолданылды. Ортағасыр мектебінде оқушылар негізінен діни мазмұндағы мəтіндерді қарадүрсін жаттаумен шектелді. Осыдан жалаң, жаттанды оқу (догматикалық) əдісі үрдіске айналды. Бұл əдістің сəл жетілген түрі сұрақ қою, дайын жауаптар берумен (софистика) байланыстырылды.\r\n\r\nҰлы жаңалықтар ашу жəне ойлап табу дəуірінде бұрын оқытудың жалғыз- ақ жолы болған сөздік əдіс өз маңызын жоғалта бастады. Өркендеудегі қоғам қажетіне орай оқу процесіне бақылау, эксперимент, өзіндік жұмыс, жаттығу, яғни оқушыда белсенділік, саналылық, ынталылық оятуға бағытталған əдістер ене бастады. Көрнекі оқу əдісі де кең тарады.\r\n\r\nXІХ-ХХ ғ.ғ. шектерінде сөздік əдіске балама ретінде бала қажеттері мен қызығуларын біршама толық ескеретін, оның өзіндік əрекеттерінің дамуына жол ашатын эвристикалық (шығармашылдық) əдіс маңызды орын иелей бастады. “Кітаби” əдістердің орнына “табиғи ” əдістер келді. Яғни оқу шынайы болмыс, қоршаған дүниемен байланыстырылатын болды. Ұстаз бен оқушыны енді оқудың практикалық əдістерін қажет ететін “іс-əрекет арқылы оқып- үйрену” əдісі қызықтыра бастады. Мұндай оқуда қол еңбегіне, еңбекпен байланысты іс-əрекеттерге, сонымен бірге оқушылардың кітаппен жұмыс істеуіне көп мəн беріліп, балалардың өз тəжірибесі негізінде дербестік қабілетін дамыту басты назарға алынды. Шамалап ізденіс, зерттеу əдістері қалыптасты.\r\n\r\nДегенмен, білім дамуының əр кезеңдерінде қолданымға келген əдістердің қай-қайсысы да өз бетінше жеке қажетті педагогикалық нəтижені қамтамасыз ете алмайды. Оқу əдістерінің əрбірі өз алдына əмбебап қызмет атқармайды. Оқу барысында əрқилы əдістерді өзара байланыстыра қолдану, пайдалану ғана тиімді өнімін береді.\r\n
- \r\n
- Оқу əдістерін топтастыру
\r\n
\r\nОсы заманғы педагогикалық процесте қолданылатын əдістер саны, түрі орасан көп. Осыдан, оларды ғылыми топтастыру қажеттігі туындайды. Бұл оқу əдістеріндегі жалпылық пен жалқылықты мəнділік пен кездейсоқтықты анықтауға жəрдемдеседі, оларды мақсатқа орай əрі тиімді пайдалануға себін тигізеді.\r\n\r\nҚазіргі күнде педагогикада əдістерді топтастырудың үш жолы кең танылған.\r\n
- \r\n
- Оқу əдістерін дидактикалық мақсаттарға орай топтастыру.
\r\n
\r\nМұндай топтастыруға байланысты əдістерді бөлу ең алдымен оқу мақсатын назарға алады. Бұл жағдайда оқу мақсатына қол жеткізуге бағытталған мұғалім əрекетіне көп көңіл бөлінеді. Мақсатты көздеген əдістер тобына енетіндер:\r\n\r\n— білім жинақтау əдісі;\r\n\r\n— ептілік жəне дағды қалыптастыру əдісі;\r\n\r\n— білімді қолдану, пайдалану əдісі;\r\n\r\n— білім, ептілік, дағдыларды бекіту мен тексеру (бақылау) əдістері.\r\n
- \r\n
- Оқу əдістерін білім көзі бойынша топтастыру.
\r\n
\r\nТəжірибеде негізгі үш білім көзі нақты танылған: сөз, көрнекілік, іс-əрекеттік (практика). Осыған орай ажырататынымыз: сөздік əдістер (білім көзі ретінде ауызша не жазба сөз қызмет етеді); көрнекі əдістер (білім көзі- бақылауға түскен заттар, құбылыстар, көрнекі құралдар) жəне іс-əрекеттік əдістер (білім жəне ептіліктер ойын, оқу, қарапайым еңбектік істер процесінде қалыптасады).\r\n\r\nОқу əдістері жүйесінде басты орын сөздік əдістерге беріледі. Олар-əңгімелеу, түсіндіру, сұхбат, сөз-жарыс, пікір-талас, дəрісбаян (лекция), кітаппен жұмыс.\r\n\r\nƏңгімелеу – оқу материалын тыңдарманға сипаттама не баян формасында монологты, бірізді сөйлеп жеткізу.\r\n\r\nТүсіндіру – бұл игеруге қажет обьект, құбылыс, кейбір ұғымдар заңдылықтары мен мəнді қасиеттерін талқы, талдау, мысал келтіру жолымен дəлелдеп, оқушы санасына енгізу. Сұхбат – оқудың диалогтық əдісі: педагог бірізді сұрақтар қоя отырып, оқушыны жаңа материалды түсіну, ұғу деңгейіне көтереді не ұсынылған материалдың қаншалықты меңгерілгенін тексереді.\r\n\r\nДəрісбаян (лекция) — көлемді материалды монологтық жолмен баяндау. Дəрісбаянның басқа сөздік əдістерден өзгешелігі – қатаң құрылымды, мол ақпаратты, баяндалуы қисынды, білім мəнін ашу жүйелікке негізделеді.\r\n\r\nДəрісбаян ғылыми-көпшілік жəне академиялық болып ажыралады. Өткен материалды қорытындылауға, қайталауға шолу дəрісбаяндары қолданылады.\r\n\r\nҚазіргі кезеңде дəрісбаян əдісін қолданудың көкейкестілігі ірі бөлімдер мен жеке тақырыптарды игеруде оқу материалын топтап ұсыну (блок) тəсілін пайдалану қажетттігінен туындап отыр.\r\n\r\nОқу сөз-жарысы (дискуссия) əдіс ретінде нақты проблема бойынша пікір алмасуға, жекеленген көзқарастар білдіруге негізделеді. Сөз-жарыс барысындағы оқушының ой-пікірі өзінің меншікті шешімі не басқа тұлғалардың ғылыми –теориялық ұсыныстары болуы мүмкін. Оқу сөз –жарысының басты қызметі –шəкірттердің танымдық ұмтылыстарына дем беру.\r\n\r\nСөз жарыс жəрдемімен оған қатысушылар жаңа білімдерді игереді, өз пікірлерінің дұрыстығына не қателігіне көзін жеткізеді, өз көзқарастарын қорғап қалуға үйренеді, басқалар ой топшылауларымен есептесу қажеттігін түсінеді.\r\n\r\nКітаппен (оқулықпен) жұмыс – кітап оқу сөздік əдісінің аса маңызды түрлерінің бірі. Бұл əдістің тиімділігі –оқушы өзіне қолайлы жағдайда, өз түсініміне орай оқу материалын қалауынша қайталап игеруге мүмкіндік алады.\r\n\r\nБаспа көздерімен оқу жұмысын атқарудың бірнеше жолы бар:\r\n\r\n— конспектілеу — оқылған ақпараттың қысқаша жазбасы не баяны. Конспектілеу түрлері- түгелдей көшіру, іріктеумен таңдап жазу, толық не қысқа конспект түзу. Оқушы конспектіні үшінші тұлғаның атынан емес, өз атынан жасағаны жөн, осы жағдайда оның дербес ойлау қабілеті дамиды;\r\n\r\n— тезистер түзу — негізгі идеяларды белгілі бірізділікпен қысқаша баяндау;\r\n\r\n— реферат құрастыру – тақырып бойынша бірнеше ақпарат көздеріне шолу беріп, олардың мазмұны мен формасына өз бағасын беру;\r\n\r\n— мəтін жоспарын жасау — мəтінді бөлімдерге келтіріп, əрқайсысына атама беру; жоспар жай не күрделі болуы мүмкін;\r\n\r\n— сілтемелер беру (цитирование)- мəтіннен өзгертілместен бөліп алынған көшірме. Сілтемеге байланысты қойылатын талаптар: əдептілік болуы, мағынаның өзгеріске түспеуі, сілтеме алынған еңбектің авторын, атамасын, баспа орыны мен атын, жария жылын, бетін дəл келтіру;\r\n\r\n— түсініктеме беру (аннотация)- оқылғанның мəнді тараптарын жойып алмастан, қысқа, ықшам баяндау (ауызша не жазба);\r\n\r\n— пікір беру (рецензирование)- оқылған жөнінде өз ойын білдіруге арналған қысқаша ауызша не жазба баян.\r\n\r\n— анықтама (справка) түзу –ізденіс нəтижесінде жинақталған ақпарат бойынша мəлімет. Анықтамалар түрі — өмірнамалық дерек, сандық- статистикалық, жағрапиялық, терминологиялық жəне т.б.\r\n\r\n— формальды –қисынды модель жасау — оқылғанды сөз-сүлбе (схема) күйінде жеткізу;\r\n\r\n— тақырыптық тезаурус құрастыру — тақырып, бөлім не түгелдей пəн бойынша тірек ұғымдардың реттелген жиынтық тізімін жасау;\r\n\r\n— идеялар матрицасын жасау — біртекті заттар, құбылыстар жөнінде келтірілген түрлі авторлар еңбектеріндегі салыстырмалы сипаттамаларда кесте формасына келтіру;\r\n\r\n— пиктографиялық жазба –сөзсіз бейнелеу.\r\n\r\nБілім көзіне орай топтастырудың жəне бір реті — бұл көрнекілік əдістер. Көрнекі əдістерді пайдалану барысында ақпараттық материалды игеру оқу процесінде көрнекі құралдар сүлбе (схема), кесте, сурет, модельдер, приборлар, техникалық құралдарды тікелей қолдануға тəуелді. Бұлардың бəрі оқушының сезім тетіктеріне ықпал жасауға негізделіп, сөздік жəне практикалық əдістермен бірге пайдаланылады.\r\n\r\nОқудың практикалық əдістері — оқушының іс-əрекетіне, оқу қызметтеріне негізделеді. Бұлардың басты міндеті –тəжірибелік ептіліктер мен дағдылар қалыптастыру. Мұндай топтастыруда жаттығу, лабораториялық жəне тəжірибелік əдістері бірігеді.\r\n\r\nЖаттығулар – материалды игеру не игерілгеннің сапасын көтеру мақсатында оқу əрекеттерін (ақыл не қызметтік) көп мəрте қайталаумен орындау.\r\n\r\nЖаттығулар ауызша, жазба, графикалық жəне оқу-еңбектік болып ажыралады.\r\n\r\nАуызша жаттығулар оқушылардың сөйлеу мəдениетінің, қисынды ойлау, ес, зейін, таным мүмкіндіктерінің дамуына ықпал жасайды.\r\n\r\nЖазба жаттығулардың басты міндеті игерілген білімді бекіту жəне олар бойынша қажетті ептіліктер мен дағдыларды қалыптастырып, қолдануға бейімдеу.\r\n\r\nОқу-еңбектік жаттығулар ерекше əдістер тобын құрайды. Бұларды пайдалану нəтижесінде оқушылар теориялық біліктерін еңбек іс-əрекеттерінде қолдануға үйреніп, еңбек құрал-саймандарымен, лабораториялық жабдықтармен қатынас жасауға дағдыланады, құрастырушылық-техникалық ептіліктерін дамытады.\r\n\r\nОқушылардың өзіндік əрекеті мен дербес жұмыс істеуіне байланысты қалаған жаттығу қайта жасау, дағдылану, шығармашылдық сипатына ие.\r\n\r\nОқу процесінің белсенділігін көтеру, оқу тапсырмаларының сапалы орындалуына түсіндірмелі жаттығулардың тиімділігі орасан. Бұлардың мəні – оқушы орындап жатқан əрекетіне сипаттама береді, осыдан жаттығу ісі мен білімі көтеріңкі саналылықпен меңгеріледі.\r\n\r\nЛабораториялық жұмыстар əдіс ретінде оқушылардың өз бетінше арнайы приборлар мен құралдарды пайдалана отырып, тəжірибе не эксперимент жүргізуіне негізделген. Жұмыс дара не топта жүргізіледі. Бұл əдісті қолдану барысында оқушылар жоғары белсенділік жəне дербестікпен қатысып, зерттеу істеріне етене араласуға мүмкіндік алады.\r\n\r\n \r\n
- \r\n
- Оқу əдістерін шəкірттердің танымдық əрекеттеріне орай топтастыру
\r\n
\r\nТанымдық іс-əрекет сипаты оқушының ойлау белсенділігінің деңгейінен көрінеді. Мұндай топтастыру тұрғысынан келесі əдістер түрі ажыралады: түсіндірме – көрнекілі (ақпаратты – рецептивті, іштей түсіну), қайталай жасау (репрадуктивті), проблемді баяндау, бөлшектеп ізденіс (эвристикалы) жəне зерттеу.\r\n\r\nТүсіндірме – көрнекілі əдістің мəні – оқытушы əрқилы құрал-жабдықтар көмегімен дайын ақпаратты хабарлайды, ал оқушылар оны қабылдайды, түсінеді жəне есте қалдырады. Оқушылардың танымдық іс-əрекеті дайын білімдерді есте қалдыруымен еленеді, бірақ бұл бейсаналық деңгейде де болып, ақыл-ой белсенділігіне ешқандайда əсер етпеуі ықтимал. Осыдан түсіндірме, яғни ақпаратты- іштей түсіну əдісі əрдайым тиімді бола бермейді.\r\n\r\nҚайта жасау (репродуктивті) əдісте оқытушы ақпаратты дайын күйінде хабарлап, түсіндіреді, ал оқушылар оны меңгеріп, ұстаз тапсырмасымен сол күйінде қайталап айтып береді. Білім өзгеріске түспейді, оқушыдан шығармашыл белсенділік талап етілмейді.\r\n\r\nҚайта жасау əдісінің, ақпараттық іштей түйсіну əдісіндегідей басты тиімділігі- уақыт, күш қуат үнемділігі. Бұл əдіс қысқа уақытта, көп күш жұмсамай ауқымды көлемдегі білім қоры мен ептіліктерді түсіндіріп жеткізуге мүмкіндік береді. Сабақ барысындағы көп қайталаудан білім бекімі бірқанша жоғары болады. Бірақ бұл əдіс те оқушылардың ой белсенділігін көтеруде өзінің тиімсіздігімен байқалады.\r\n\r\nПроблемді оқу əдісі — оқу процесіндегі орындаушылық қызметтен шығармашыл іс-əрекетке өту құралы ретінде танылады. Бұл əдістің мəні – оқытушы мəселе ұсына отырып, оның шешімін береді, таным процесіндегі ой өрісінің даму жолын көрсетеді. Оқушылар дайын білімдерді, қорытындыларды тек қана түсініп, есте қалдырумен шектеліп қалмай, дəлелдер қисынына, ой пайымдау тəсіліне бақылау қояды. Мұндай əдісті қолдану барысында оқушылар таным процесінің тікелей қатысушысы болмағанымен, мұғалімнің ой топшылауларына зер сала отырып, өздеріде проблема шешуге үйреніп барады.\r\n\r\nТанымдық процестің біршама жоғары деңгейде танылғаны — бұл бөлшектеп ізденіс (эвристикалық) əдісі. Бұл əдіске байланысты оқушылар күрделі оқу проблемасын толықтай бастан-аяқ шешпестен, проблеманы бөлшектерге келтіріп, оларды бірінің ізімен екіншісіне жауап тауып отырады.\r\n\r\nОқытушы мұндайда оқушының ізденіс əрекетіндегі əр қадамына назар сала отырып, оған бағыт-бағдар сілтейді.\r\n\r\nОқудың зерттеу əдісі – оқушының білім игерудегі шығармашылдық ізденісіне басты назар аударады. Бұл əдісті қолданудағы басты мақсат- оқушының білім игерудегі саналылығын көтеру, құбылыстар мен оқиғаларды нақты күйінде қабылдамай, олардың мəн-мағынасына тереңдей ұғынуға үйрету, қорытындылар жасауға баулып, игерген білім, ептілік жəне дағдыларын тұрмыста қолдануға жаттықтыру.\r\n\r\nБұл əдістің бір кемшілігі – көп уақыт жұмсауды талап етеді.\r\n\r\nЖоғарыда аталған дəстүрлі əдістерінің бəрі оқушының таңдау, есте қалдыру, мұғалімнің айтқанын қайталау əрекеттерін дамытуға бағытталып, шын мəніндегі шығармашыл еңбек, белсенді таным мүмкіндіктерін өрбітуде тиімсіздік танытады. Бұл кемшілікті белсенді жəне жедел əдістермен толықтыруға болады. Оқудың белсенді əдістері – оқушы іс-əрекетіне өнімділік, шығармашыл- жасампаздық жəне ізденісті — зерттеу сипатын беретін жол-жобалар тобы. Оқу танымдық процесте шəкірт белсенділігін көтеруге дидактикалық ойындар, нақты ситуатцияларды талдау, іскерлік ойындар, проблемді мəселелерді шешу, алгоритм бойынша оқу, ақыл шабуылы (“мазговая атака”), жеке ұғымдармен жұмыс істеу.\r\n\r\nЖедел əдістер – қысқа уақыт аралығында оқу сеанстарына ұзақтай ендіру жолымен көзделген іс-əрекетке үйретуде қолданылады (шомдыру əдісі). Бұл əдістер бизнес, маркетинг, шет ел тілдерін, практикалық психология мен педагогиканы оқытуда кең қолданылуда.\r\n\r\nҚазіргі уақыттары жалпы педагогикада теориялық негізін тауып, оқу-тəрбие процесіне еніп жатқан бұрын соңды естімеген əдістер тобын келтіруге болады: суггестопедия — иландыру жолымен оқыту; гипнопедия –ұйқыда оқыту; фармакопедия — дəрі-дəрмек қолданып оқыту. Бұл əдістердің бəрі адамның табиғатындағы, ішкі мүмкіндіктеріне қозғау салып оқытуға бағытталған.\r\n\r\nСонымен, əдіс көп, оның топтастырылуы да сан қилы, əрқайсысы өз алдына тиімді де, кемшілігі де жоқ емес.Осынысына көз жібере отырып, зерделі ұстаз оқу мақсатына, мазмұнына, алдындағы оқу субъектіне сай келетін нақты əдіс таңдайды, оны қолданудың жолдарына мəн береді.\r\n\r\n \r\n
- \r\n
- 4. Оқу құрал – жабдықтары
\r\n
\r\nОқу əдістері белгілі оқу ( дидактика) құрал — жабдықтарымен іске асырылады. Оқу құрал-жабдықтары — бұл білім алу, ептіліктер қалыптастыру көздері. «Оқу құрал –жабдықтары» түсінігі кең жəне тар мағынада қолданылады. Тар мағынада бұл түсінік оқу жəне көрнекі құралдары, көрсетпе жабдықтар, техникалық саймандар жəне т.б. байланысты. Ал кең мағынада оқу құрал-жабдықтары деп білім мақсатын іске асыруға жəрдемші жағдаяттардың бəрін түсінеміз, яғни оқу əдісі, формасы, мазмұны, сонымен бірге оқудың арнайы бұйымдарының бəрі осы оқу жабдықтарын құрайды. Оқу құралдарының көмегімен дүниені тікелей де жанама тануды жеңілдетеміз. Олар, əдістер сияқты оқу, тəрбиелеу жəне дамыту қызметтерін атқарып, оқушыларды ынталандыруға, оқу-танымдық іс-əрекетті басқару мен бақылауға пайдаланылады. Дидактикалық құралдар төмендегідей тіркеледі:\r\n\r\n— көру (визуалды) құралдары -кестелер, карталар, табиғи объекттер ж.т.б.;\r\n\r\n— есіту(аудио)құралдары-радио, магнитафон, əн-күй аспаптары ж.т.б.;\r\n\r\n— есіту-көру құралдары-дыбысты фильмдер, теледидар ж.т.б.;\r\n\r\n— сөздік құралдар — оқулықтар, мəтіндер;\r\n\r\n— оқу процесін авмоматтастырушы құралдар – тіл кабинеттері, компьютерлер, ақпараттық жүйелер, телебайланыс- қатынас тораптары;\r\n\r\n— сөз, сөйлеу, ым-ишара, дене қозғалыстары.\r\n
- \r\n
- 5. Оқу əдістері мен құралдарын іріктеу
\r\n
\r\nПедагогикалық қызмет əдістері мен жабдықтарын таңдау көптеген объектив жəне субъектив себептерге тəуелді, атап айтатын болсақ, олар:\r\n\r\n— оқу заңдылықтары жəне оларға негізделген принциптер;\r\n\r\n— адамның оқу, тəрбие жəне дамуына байланысты жалпы мақсаттар;\r\n\r\n— нақты білімдену –тəрбие міндеттері;\r\n\r\n— оқуға болған ынта деңгейі;\r\n\r\n— нақты оқу пəнінің əдістемелік ерекшеліктері;\r\n\r\n— материал мазмұны;\r\n\r\n— материал игеруге бөлінген уақыт;\r\n\r\n— оқу материалының саны мен күрделілігі;\r\n\r\n— оқушылардың дайындық деңгейі;\r\n\r\n— шəкірттердің оқу дағдыларының қалыптасу дəрежесі;\r\n\r\n— дəріс түрі мен құрылымы;\r\n\r\n— оқушылар саны;\r\n\r\n— балалар қызығулары мен ықыласы;\r\n\r\n— оқу еңбегі процесінде қалыптасқан ұстаз бен шəкірт арасындағы қарым-қатынас (қызметтестік не əміршіл — əкімшіл);\r\n\r\n— материалды – техникалық қамсыздандырылуы;\r\n\r\n— педагогтың тұлғалық ерекшеліктері мен біліктілік деңгей- дəрежесі.\r\n\r\nАталған жағдайлар мен шарттарды ескере отырып, оқытушы нақты əдіс пен құрал – жабдықты іріктеу, таңдау жөнінде шешім қабылдайды немесе дəріс өткізудің жағдайына орай бірнеше əрқилы əдіс не құралды біріктіре пайдалануды көздейді.\r\n\r\n \r\n\r\nБақылау сұрақтары мен тапсырмалары\r\n
- \r\n
- Оқу əдісі деген не?
- Өзіңізге таныс əдістер топтамасына сипаттама беріңіз?
- Оқу əдістерінің қай топтамасы, сіздіңше, сəтті берілген?
- Оқу əдістерін іріктеуге ықпал етуші жағдаяттарды атап беріңіз?
- Қай жағдайда зат не құбылыс оқу құралы ретінде танылады?
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
Маман кеңесі. Шет тілін қашанда өз тіліңде сөйлейтін мұғалімнен үйренген тиімді
«Шет тілін қашанда өз тіліңде сөйлейтін мұғалімнен үйренген тиімді». Халықаралық түркі халықтары Ассамблеясының өкілі, өкілдік директорының орынбасары Сона Ульфанова осылай дейді.\r\n\r\nОның айтуынша, әрбір шет тілін үйренуші адам, сол тілдің қыр-сырын, ережесін ең алдымен өзінің ана тілінде ұғынып, түсінуі тиіс. Сонда ғана кез келген тілді тез әрі сапалы меңгеруге болады.\r\n\r\n«Қазір, әрине, шет тілін шетелде немесе сол тілдің иегерінен, яғни ағылшын тілі болса, ағылшындық азматтан, қытай тілі болса қытайлық азаматтан оқып үйрену үрдіс алған. Ал біз басқа әдісті қолдандық. Енді Алматыда ашылған өкілдіктің сыныптарында түрік тілін үйреншілерге Анкара университеті жанындағы «Түмар» орталығынан білім алған, қазақ тілін терең меңгерген мұғалімдер ғана дәріс беретін болады. Бұл қазақ жастарына түрік тілін тез әрі сапалы үйренуге септігін тигізеді деген сенімдеміз», — деді С. Ульфанова.\r\n\r\nАйта кетелік, Түркия жоғары оқу орындарына түсуге ниет білдірген шетелдік талапкерлер талап бойынша, ең алдымен Анкара университеті жанындағы «Түмар» (Түрік тілін үйрену орталығы) орталығында шетелдіктерге арналған ерекше оқу әдістемесі бойынша бір жыл білім алулары тиіс. Тек түрік тілін меңгергені жайында ойдағыдай емтихан тапсырғандар жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік алады.\r\n\r\nАл бұдан былай, Түркияда білім алғылары келетін қазақстандық талапкерлер, енді «Түмар» орталығына бармай-ақ, бүгін Алматыда ашылған аталмыш орталықтың өкілдігінен түрік тілін тиісті бағдарлама бойынша үйрене алады. Кейін қолдарына тиісті сертификат алған талапкерлер үшін, тіке жоғары оқу орнына түсуге жол ашылады.\r\n\r\nДерек көзі: ҚазАқпарат