Орта ғасырлардағы (Оғыз дәуірі) Қазақстан жеріндегі мемлекеттер мен олардың мәдениеті

0

(Қарахан, Қарақытай, Оғыз, Қимақ хандықтарының\r\n\r\nтұрмыс-тіршілігі туралы)\r\n\r\n \r\n\r\nҚарахан Әулетінің мемлекеті (942-1210 жж.). Негізін салған Сатұқ Боғра хан (915-955). 940 (942) ж. Сатуқ Баласағұн билеушісін құлатып, өзін жоғарғы қағанмын деп жариялайды. Осы кезден бастап Қарахандар мемлекеті тарихы басталады. Қарахан мемлекетінің құрылуы мен оның ерте тарихында басты рольді Қарлұқ конфедерациясының тайпалары атқарды. 10 ғ. сонына таман Қарахандар иелігі Батыста Амудария мен Сырдария арасындағы Мәуереннахрдан бастап, Шығыста Жетісу мен Қашғарға дейін созылды.\r\n\r\n \r\n\r\nҚарахан мемлекеті шекаралары тұрақты, толып жатқан еншіліктерге бөлінетін. Еншілік иелерінің құқтары зор болатын. Олар өз атымен теңгелер шығаруға дейін, кейде тіпті лауазымдарын өзгерте алатын. 11 ғ. 30-ж. соңында Ибрахим ибн Насырдың тұсында мемлекет екіге бөлінеді: біріншісі, орталыпы Бұқарда болған, қарауына ходжентке дейінгі Мәуереннахрды қосып алған Батыс хандығы, екіншісі — қарамағына Тараз, Исфиджаб, Шаш, Ферғана, Жетісу мен Қашғар кіретін Шығыс хандығы. Оның астанасы Баласағұн қаласы. Осымен Қарахан мемлекетінің еншіліктерге бөлінуі заңды түрде бекітілді.\r\n\r\n \r\n\r\nАрслан-хан кезіңде қарахан мемлекеті одан сайін бөлініп кетеді: әрбір еншілік өз тәуелсіздігін құру үшін таласады.\r\n\r\n \r\n\r\n1056 ж. Қадырханның ұлы Йинал-тегін өкімет мұралыпы жолындағы күресте інісі Сүлейменнің иелігін басып алады. Бірақ ұзамай ол у беріліп өлтіріледі. Тәж-таққа Йинал-тегіннің баласы Ибрахим ие болады, бірақ ол да біраздан кейін Барысхан әміршісімен болған соғыста қаза табады. Осыдан кейін Шығыс қағанатын 15 жыл бойы (1059-1074) Қадырханның балалары Юсуф Тоғрулхан мен Бограхан харун басқарады. Олардың тұсында Ферғана Шығыс қағанатқа күшпен қосылады. Екі қағанат арасындағы шекара Сырдарияны бойлай өтеді. Тоғрұл қайтыс болғаннан кейін оның еншілігі Бограхан харунның (1075-1102)- Қашғар, Баласағұн мен хотан қожасының қоластына көшеді. 1089 ж. бастап ол Салжұқ сұлтаны Мәлікшахтың кіріптар вассалына айналады. 1102 ж. Бограхан қайтыс болғаннан кейін, көп ұзамай Мәуереннахрға Баласағұн мен Таластың иесі Қадырхан Жабраил шабуыл жасап, Амударияға дейінгі жердің бәрін басып алады, тіпті Салжықтардан Термезді тартып алмақшы болады, бірақ олардан жеңіліп қалады. Сұлтан Санжардың басқаруы кезінде (1118-1157) салжықтар Мәуереннахрда шексіз билігін жүргізеді, бірақ бұл кезде Қарахан әулетінің саяси құлдырауының белгісі біліне бастады.\r\n\r\n \r\n\r\nБұған бас себебі — қидан мемлекетінің құрылуы және оның жүргізген сыртқы әскери саясаты болып табылады.\r\n\r\n \r\n\r\n12 ғ. екінші жартысында қидандар Батыс Түркі қағанатына қауіп төндіре бастайды. 1141 ж. Қарахан-Салжықтың әскерін талқандағаннан кейін Қарахандар мемлекеті екі хандығының билігі де қарақытайлар қолына көшеді. 1210 ж. шығыс Қарахандар әулеті наймандармен соғыста жеңіледі. Ал 1212 ж. Хорезм шах Мұхаммед батыс қағанаттың соңғы қағаны самарқандық Османды өлтіреді, ұзамай Қарахандардың Ферғана тармағы да жоқ болады. Қарахан әулетінің мемлекеті тарихы осылай аяқталды.\r\n\r\n \r\n\r\nҚарахан әулеті мемлекетінде аса маңызды әлеуметтік-саяси институт әскери-мұралық жүйе болды. Хандар өз туыстарына белгілі бір территорияның, сол уақытқа дейін мемлекет пайдасына деп алынған салықты өздері жинап алу құқын берді. Мұндай салық «икта» деп аталады, ал оны жинаушыны «мукта», немесе «иктадар» деп атаған. Халық көшпелі, жартылай көшпелі болды. Мемлекеттік дін ретінде — ислам діні болды. Исламның (960 ж. Мұса жариялады) енуіне байланысты, араб әрпіне негізделген жаңа түркі жазуы қалыптасады. Түрік этносының ой-санасы өседі. Жүсіп Баласағұн есімі кең мәлім болды.\r\n\r\n \r\n\r\nҚара қытайлар мемлекеті (1128-1213). Қара қытайлар. Олардың құрылуы Орталық Азияның қидан тайпаларымен тығыз байланысты. Қидандар (цидань, кита, хита) б.з. 4 ғ. жазба деректерде монғол тілді тайпалар ретінде аталады. Олар Қытайдың солтүстік жағында Маньчжурия мен Уссури өлкесінің территориясын мекендеген. 924 ж. Алтайдан бастап, Тынық мұхитқа дейінгі жер Қидан мемлекетінің (Ляо империясы) қоластына өтеді.\r\n\r\n \r\n\r\n1125 ж. Сунь Қытайы мен Чжурцжень мемлекетінің біріккен күші Ляо империясын құлатады. Қидандардың бір бөлегі чжурчжендерге бағынады, ал қалғандары Елюй-Даши басқаруымен батысқа қарай Шығыс Түркістан мен Жетісуға таман — жылжиды. Олар енисей қырғыздарының жерін басып өтіп, Еміл өзенінің бойына жетеді. Сол жерге аттас қала салады. Қидандардың батыс бөлігі Жетісудың бір бөлігіне қарап, жергілікті түркі тілдес халықпен араласып кетуі нәтижесінде, келімсектер қара қытай аталып кетеді.\r\n\r\n \r\n\r\n1128 ж. Қарахандар әулетінен шыққан Баласағұнды иемденуші өздеріне қысым жасаушы қаңлылар мен қарлұқтарға қарыс шығады. Қарақытайлар көсемі Елу Дашы Баласағұнды басып алып, Жетісуда өз мемлекетін орнатады. Жетісу, оңтүстік Қазақстан, Мәуереннахр мен Шығыс Түркістан қарақытай мемлекетінің құрамына кіреді. Қарахандар әулетін қарақытайлар өз вассалына айналдырады.\r\n\r\n \r\n\r\nҚарақытай мемлекетінің басшысы Гүрхан деп аталады. Оның ордасы — Шу озенінің алқабында болатын. Баласағұн орталық болып қала берді. Әскерде тәртіп қатал болған. Ел ішінде аула басынан салық жинай жүйесі енгізіледі — әр үйден бір динардан салық алып отырады. Гүрхан жақындарына жер-суды тарту етпейді, олар бәсекеші болып кетеді деп қауіптенді. Қарақытайлар Жетісудың оңтүстік бөлігін, Исфиджабтың солтүстік-шығыс аймағын, Құлжа өлкесін басқарады. Бірінші гүрхан Елюй-Даши 1143 ж. қайтыс болды. 1169 ж. оның баласы — Елюй-Чжилугу — таққа отырады. Өзі христиан болғандықтан, мұсылман дініне қарсы шығады. Оның Жетісудағы мұсылман халқын бағындыру саясаты қарсылыққа толы болды. 1208 ж. бастап Жетісуға қоңыс аударған найман тайпалары да осы ішкі саясатты бұзбайды. Жетісу аймағы өзара қырқыстар, мұсылмандық қозғалыстар орталыпына айналады. Жетісудағы осы жағдай 1218 ж. дейін, яғни Шыңғыс-ханның әскері келгенше созылды.\r\n\r\n \r\n\r\nКимақ қағанаты (9-11 ғ.б.). Кимақтар 7 ғ. қытай деректерінде айтылады. Синологтар оны «яньмо» тайпасымен бір деп қарайды. 840 ж. Орталық Моңғолиядағы Ұйғыр қағанаты ыдырағаннан кейін оған енген тайпалардың бір бөлігі (еймұр, баяндұр, татар) кимақ бірлестігінің өзегіне келіп қосылады. Сол кездері жеті тайпадан: еймұр, имек, қыпшақ, татар, баяндұр, ланиказ, ажлардан тұратын кимақ федерациясы құрылады. Кимақ патшасының титулы — «байгу» деп аталады. Ал 9 ғ. соңы мен 10 ғ. басында Кимақ қағанаты құрылғаннан бастап, олардың ханы түріктің ең жоғары лауазымы — қаған атын алады.\r\n\r\n \r\n\r\n10 ғ. ортасынан бастап, кимек қағанаты 4 болысқа бөлінетін болады. Кимек тайпаларының одағы қандас-туысқандық байланысқа негізделген құрылым болмаған, ол территориялық-әкімшілік қарым-қатынас принциптеріне сүйенген. Кимектерде жазу-сызу болғанын араб саяхатшысы Әбу Дулафтың (10 ғ.): «оларда қамыс өседі, олар сонымен жазады»- деген сөзі дәлелдейді. Олар тәңірге, ата-баба рухына, сондай-ақ кейбіревлері христиан тектес дін — манихейлікті ұстанған. Кимек қағанының Ертістегі ордасы Қимеқияға (Имекияға) апаратын керуен жолдары болған.\r\n\r\n \r\n\r\n11 ғ. басында Кимақ қағанаты күйреді. Оның құлауының екі себебі бар: өздерін өздері билеуге ұмтылған қыпшақ хандарының орталықтан бөлінуге тырысушылығы, және қағанатта ішкі талас — тартыстың күшеюІ және Орталық Азияның көшпелі тайпаларының қаптап кетуі.\r\n\r\n \r\n\r\nОғыз мемлекеті (9-11 ғғ. басы). 9-10 ғғ. Сырдың орта, төменгі ағысында, сонымен қатар Батыс Қазақстанды да қосып алатын территориясында оғыз тайралардың саяси бірлестігі құрылды. «Оғыз» деген терминнің этимологиясы әлі де анықталмаған. Махмуд Қашғари, Марвази енбектерінде, оғыздарға жататын руларды атап кеткен: қынық, баят, язғыр, имур, қарабулақ, тутырка, т.б. Оғыздар 2 экзогамды фрактриядан құрылған. Бұлар — бузук және үшүк (учук).\r\n\r\n \r\n\r\n8 ғ. ортасында түргештер мұрасы үшін қарлұқтармен болған күресте оғыздардың едәуір бөлігі Жетісуды тастап, Шу алқабына кетеді. Осы жерде олардың «Көне Гузия» деп аталатын ордасы болды. 9 ғ. бас кезінде оғыздардың көсемі қарлұқтармен, қимақтармен одақтасып, қанғар-печенег бірлестігін күйретеді, сөйтіп Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірі мен даласын басып алады. 9 ғ. соңында олар хазарлармен одақ құрып, печенегтерді жеңеді де, Орал мен Еділ арасын қоластына қаратады.\r\n\r\n \r\n\r\nПеченегтермен соғыс олардың саяси бірлігін күшейтіп, тайпалардың оғыздық одағын құруға мүмкіндік берді. Оғыздар құрамына Сырдария алқабы мен Арал-Каспий далаларының үнді-европа, финн-угор тектес ежелгі компоненттері және Жетісу мен Сібірдің халаджылар, жағарлар, чаруктер, қарлұқтар, имурлер, байандұрлар тайпалар кірді. Оғыздардың этникалық қауымдастығының құрылуы ұзақ процесс болды.\r\n\r\n \r\n\r\n9 ғ. соңы мен 11 ғ. басында оғыз тайпалары Сырдың төменгі ағысынан Еділдің төменгі бойына дейінгі орасан зор территорияны мекендейді. Оғыздар туралы алғашқы дерек тер 9-10 ғ. б. араб деректерінде мысалы, әл-Якубидің (9 ғ.) еңбегінде айтылады.\r\n\r\n \r\n\r\nОрта Азия мен Шығыс Европаға және Орталық Азияға баратын керуен жолдарының тоғысқан жерінде жатқан Янгикент қаласы 10 ғ. оғыз мемлекетінің астанасына айналды. Оғыз мемлекетінің халқы — түркі және иран тілінде сөйлеген. «Жабғы» атағы бар жоғарғы билеуші Оғыз мемлекетінің басшысы болған. Оғыз жабғыларының орынбасарларын Күл-еркін деп атаған. Жоғарғы билеушілер өкіметі мұрагерге — «иналамиға» — беріліп отырған. Жабғы мемлекетінде оғыз әскерінің «сюбаши» деп аталатын бас қолбасшысы маңызды роль атқарған. Оғыздар мал шаруашылығымен айналысты. Отырықшылықта қатар дамыды. Жент, Сауран, Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығанақ деген қалалары болды. Құл саудасы дамыды. Оғыздар мәжусилер болып, ел ішінде бақсы-балгерлер ықпалын жүргізді. Біртіндеп ислам діні де ене бастады.\r\n\r\n \r\n\r\nОғыз мемлекеті Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды орны болды. 965 жылы олар Киев Русымен одақтасып хазар қағанатын талқандайды. 985 жылы оғыз жабғысы орыс кінәздарымен бірлесіп Еділ Булғариясын талқандады. Осының бәрі оғыз мемлекетінің саяси күш-қуаты өсуіне әсер етті.\r\n\r\n \r\n\r\n10-11 ғғ. Оғыз мемлекеті елеулі дағдарысқа ұшырайды. Оған алым-салыққа қарсылық білдірген оғыз тайпалары көтерілістері себеп болды. Салжықтармен, қыпшақтармен болған соғыстарға шыдамай, оғыз мемлекеті 11 ғасырдың ортасында біржола құлайды. Жартысы қыпшақтардың қысымынан Шығыс Европа мен Кіші Азияға, жартысы Мәуереннахрдағы қарахандарға, хорасан селжұқтарына, қалғаны Дешті-Қыпшақ тайпаларына араласып кетті.\r\n\r\n \r\n\r\nМәдениеті. Қазақстанда туып-өскен философ әрі энциклопедияшы ғалым Әбу насыр Әл-Фараби (870-950) мұсылман шығысында Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» ретінде мәлім болды. Ол Бағдаттта, Дамаскда, халеб қалаларында болды.\r\n\r\n \r\n\r\nӘл-Фараби философиясының негізі-аристотелизмді эманация туралы неоплатондық іліммен ұштастыру болып табылады. Оның философиясының бірегей, дербес сипатына ешкім күмән келтірмейді. Негізінен идеалист бола тұрып, Әл-Фараби материалистік пікірлер де айтқан. Мәселен, ол ең жоғарғы дүниенің бар екенін және оны түйсік арқылы танып-білуге болатынын мойындаған, адамның жанын денемен байланысты қараған. Нақ осы себептен де мұсылман дін басылары философты діннен безген деп те кінәлаған. Дүние, Әл-Фараби көзқарасы бойынша материалдық элементтерден құралатын заттардан тұрады. Қозғалыс дегеніміз денелердің қасиеті. Оның математика, музыка, астрономия және т.б. туралы еңбектері бар. Еңбектерінің аттары: «Ғылымның шығуы», «Музыканың ұлы кітабы», «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» және т.б.\r\n\r\n \r\n\r\nТүркі әдебиетінің көрнекті өкілдері Жүсіп Баласағұн мен Махмұд Қашқари. \r\n\r\nЖүсіп Баласағұн 1017 жылы туды. 1069-1070 жылы «Құтты біліг»(Құтадғу біліг) атты 6520 бет тұратын поэма жазды.Автор идеалды қоғамның нормаларын, ондағы түрлі топтарға бөлінген адамдардың мінез-құлқын, ережелерін, билеушілер мен бағыныштылар арасындағы өзара қарым-қатынас ережелерін сипаттайтын терең мағыналы философиялық-дидактьикалық шығарма.\r\n\r\n \r\n\r\nМахмұд Қашқари (11ғ.) автордың айтуынша Қарахан әміршісі Насыр ибн Әли тұқымынан шыққан. Ол ел аралап түркілердің сөздерінің мағынасын, өлеңдерін, жұмбақтарын, ертегілерін, әдет-ғұрыптарын жазып алады. Байқауларын жинақтап «Диуани лұғат-ат-түрк» (Түркі тілдерінің сөздігі) деген еңбек жазды. Бұл еңбекті ежелгі орта ғасырдағы түріктердің халықтық өмірінің нағыз энциклопедиясы девге болады.\r\n\r\n \r\n\r\nҚала халқының мәдени өмірінде ислам дінін уағыздаушы, сопы ақындардың ішінде Ахмет Иассауи (1103-1166) шығармалары ерекше орын алады. Ол оңтүстік Қазақстандағы түркі халқы арасында ислам мен мұсылман дінінің тарауына зор еңбек сіңірді. Оның өлеңмен жазылған «Диуани хикмет (Даналық жайындағы кітап) деген еңбегі бар.

НЕКЕ ЖӘНЕ ОТБАСЫ ҰҒЫМЫ

0

НЕКЕ ЖӘНЕ ОТБАСЫ ҰҒЫМЫ.\r\n\r\nНеке және отбасы ұғымы. Отбасылық қатынстар ұғымы.\r\n\r\n \r\n\r\nЗаңдық мағынасында отбасы дегеніміз – бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуға септігін тигізетін, мүліктік және мүікке қатысты емес жекебастың құқықтарымен байланысқан адамдар тобы. Отбасылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы отбасылық құқық деп аталады. Отбасы – неке қатынастарын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңы болып абылады.\r\n\r\nНеке – отбасын құрудың негізі болып табылады. Ерлі – зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын отбасын құру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты – неке деп түсінуіміз қажет.\r\n\r\nЕгер неке тіркелмесе де, бірақ еркек пен әйел бірге тұрып, балаларын тәрбиелеумен айналысып жатса, мұны да отбасы деп айтуға болады. Егер кәмелетке толған балалары ата – анасымен бірге тұрып, оларға қамқорлық жасап, материалдық көмек көрсетсе – бұл да отбасы. Егер кәмелетке толған ағалары мен қарындастары ата – анасыз бірге тұрып, бір – біріне қамқорлық жасайтын болса – бұл да отбасы.\r\n\r\nАдамдар арасында некеден, туыстықтан, бала асырап алудан, отбасына тәрбиелеу үшін бала алудан туындайын қатынастар отбасылық қатынастар деп аталады. Бірақ отбасындағы қатынастардың бәрі бірдей құқық жөнімен реттеле бермейді. Отбасындағы қатынастар, негізінен, адамгершілік, ізгілік — өнегелік нормалары негізінде реттеледі. Бұл өзара құрмет, сүйіспеншілік, қамқорлық және имандылық қолдаудың көрінісі. Отбасылық өмір қалыбы, көбінесе ұлттық дәстүрлер мен әдет – ғұрыптарға сүйенеді (үлкендерді қадірлеу, отбасын қамтамасыз ету оның басшысы ретінде толықтай ер адамға жүктеледі, туысқандарды қадірлеп, құрметтеу).\r\n\r\nОтбасының ішкі мәселелері отбасы мүшелерінің өзара келісімі бойынша шешіледі. Егер ол мәселе кәмелетке толмағандардың мүдделеріне қатысты болса, оны шешуге балалар да қатыстырылады. Құқықтық нормаларға араласу отбасылық қатынастар бұзылғанда қажет. Жеке басындық қатынастармен салыстырғанда отбасылық мүліктік қатынастар құқық арқылы егжей – тегжейлі реттелеі, өйткені бұл қатынастардың объектісі материалдық игілік болып табылады. Отбасылық құқық азаматтық құқықпен тығыз байланысты. Мәселен, отбасылық құқықпен реттелмеген отбасы мүшелерінің арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды реттеуге азаматтық заңнама қолданылады, өйткені ол отбасылық – некелік қатынастардың мәніне қайшы келмейді.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nТуыстық және туысқандардың түрлері.\r\n\r\n \r\n\r\nОтбасылық құқық тек шартты түрде ғана отбасылық деп атауға болатын өзге де қатынастарды реттейді. Мәселен, немерелері мен әжелерінің арасындаңы қатынастар; өздерінің отбасын құрып, бөлек тұратын кәмелетке толған ағалары мен қарындастарының арасындағы қатынастар. Бұл көрсетілген қатынстардың негізіне көбінесе туыстық жатады, сондақтан да мұндай қатынастарды туыстық қатынастар деп атау керек. Туыстық дегенде бір негізден немесе ортақ бір атадан тарайтын қандас адамдардың байланысы түсініледі. Туыстықтың екі тармағы болады: тікелей және жанама туыстық. Тікелей туыстық адамдардың бір негізден тарайтындығына негізделеді. Туыстық жоғары және төменгі тармаққа ажыратылады. Туыстықтың жоғары тармағы ұрпақтан арғы атаға қарай тарайды (әкеге, шешеге, атаға, атаның атасына және т.б.), төменгі тармақ – арғы атадан ұрпақтарына қарай тарайды (балаға, немереге, шөбереге және т.б.).\r\n\r\nЖанама тармақ адамдардың бір атадан тарауына негіздеген. Мысалы, бір атадан тарайтын немере ағалары мен қарындастары; бір жағдайда ортақ атасы — әкесі, ал енді бір жағдайда – атасы болып табылатын көкесі мен жиені.\r\n\r\nМысалы, азаматтық құқықта заң бойынша мүлікке мұрагерлік етуде жақын, сондай – ақ алыс туысқан да есепке алынады. Бүгінгі күнгі мұрагерлердің алты кезектілігі анықталған. Оларға: балалары, ерлі – зайыптылар мен ата – аналарынан басқа (бірінші кезектілік) мұра қалдырушының туыстары, толық туыстары, толық емес туыс (жақын) ағалары мен қарындастары, сондай – ақ оның әкесі жағынан және шешесі жағынан келетін атасы мен әжесі (екінші кезектілік), мұра қалдырушының туған көкесі мен тәтәлері (үшінші кезектілік), мұра қалдырушының алтыншы атасына дейінгі өзге де туыстары (төртінші кезектілік), егер олар мұра қалдырушымен бір ортада кем дегенде ое жыл бірге тұрса туыс ағалары мен қарындастары, өгей әкесі мен шешесі (бесінші кезектілік), мұра қалдырушының еңбекке жарамсыз асырауында болғандар (алтыншы кезектілік) жатады. Заң бойынша мұрагерлер кезегі бойынша мұрагерлікке ие болады. Туған ағалары мен қарындастары толық туыс және толық емес туыс болып бөлінеді. Толық туыстар – бір ортақ ата – анадан тарайтын аға – іні, апа – қарындастар. Егер әкесі мен шешесінің біреуі ғана ортақ болса, онда ағасына іні – қарындастары толық емес туыс деп есептеледі. Егер олардың аналары бір, ал әкелері басқа болса, оларды бір кіндіктен тарағандар (яғни, бір анадан туғандар) деп атайды. Егер олардың әкесі бір, шешелері басқа болса, онда оларды қандастар деп атайды. Қазақстанның отбасылық заңнамасы құқықтық жағынан ағасына іні – қарындастарды толық туыс не толық емес туыс деп айырмайды.\r\n\r\nТолық емес туыс аға – қарындастарды ерлі – зайыптылардың бұрынғы некелерінен немесе некеден тыс туған туыс аға – қарындастарымен шатастыруға болмайды. Олардың ортақ әкелері де шешелері де жоқ, демек, олар туыс емес, сүйек жақындар деп танылады. Ері мен оның тусытары бір жағынан, әйелі мен оның туыстары – екінші жағынан, бұлар да сүйек жақындар. Өгей әке – шешесі және өгей ер бала мен қыз да сүйек жақындар деп есептеледі.\r\n\r\n \r\n\r\nОтбасының түрлері. Толық және толық емес отбасы.\r\n\r\n \r\n\r\nОтбасының толық және толық емес түрлері болады. Толық отбасында ата – анасы, балалары және әдетте, әкесі жағынан да шешесі жағынан да аға ұрпақ өкілдері – атасы мен әжесі болады.\r\n\r\nТолық емес отбасы балалардың ата – анасының біреуінің ғана болуымен сипатталады. Соның өзінде балалардың ата – аналары ажырасқан болса, балалары соның қарамағында қалған ата – анаға екінші жағы балаларды және еңбекке жарамсыз ерлі – зайыптыны бағып – қағу үшін алимент төлейді. Егер ерлі – зайыптылардың біреуі қайтыс болып, екіншісінің қарамағында кәмелетке толмаған балалары қалса, онда оған мемлекет жәрдемақы ретінде материалдық көмек көрсетеді. Сөйтіп, толық және толық емес отбасы да тең жағдайда заң және мемлекетарқыы қорғалады.\r\n\r\n \r\n\r\nНеке мен отбасын қорғау.\r\n\r\n \r\n\r\nНеке мен отбасын қорғау екі түрде жүзеге асрылады: юрисдикциялық және бейюрисдикциялық. Біріншісінде – отбасының құқығы бұзылған немесе дауланатын құқықты қорғау жөніндегі өкілетті мемлекеттік органдарды қарастыру арқылы жүзеге асырылады. Бұлар сот, прокурор, азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАТ) органдары, қамқоршылық органдары, ішкі істер органдары.\r\n\r\nЕкінші түрі – отбасының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтар мен ұйымдардың азаматтар мен ұйымдардың іс — әрекеттері. Азаматтар бұл әрекеттерді мемлекеттік органдардан көмектесуді өтінбей – ақ өздері іске асырады. Мұндай іс — әрекеттерді – құқығын өзі қорғау деп атайды. Мысалы, құқығы бұзылған баланың ата – анасы тәртіп бұзушы баланың ата – анасымен кеңесіп, оған кешірім сұрауға ұсыныс жаайды және т.б.\r\n\r\nСот арқылы қорғау – отбасы құқығын қорғаудың бір түрі болып табылады. Бұл істе прокуратура, ішкі істер органдары, АХАТ органдары, тәрбиелік мекемелер, атқарушы органдар — әкімдіктер үлкен рөл атқарады. Мысалы, әкімдіктер ата – аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау шараларын қолға алуға, ондай балалары есепке алуды ұйымдастырып, оларды отбасыларға орналастыруға көмектесуге міндетті. Ішкі істер органдары баланы күштеп тартып алуға, сондай – ақ алимент төлеуден жалтарып жүрген адамдарды іздестіруге байланысты шешімдерді күштеп орындауға қатысулары мүмкін.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nНЕКЕГЕ ТҰРУДЫҢ ШАРТТАРЫ МЕН ТӘРТІБІ.\r\n\r\nНекенің құқықтық табиғаты.\r\n\r\n \r\n\r\nЗаңда неке таңдауға ерік берілген, яғни некеге тұру немесе оны бұзу үшін тараптардың өзара ерікті келісімі қажет. Некеде ерлі – зайыптылардың құқықтары мен міндеттері тең, әйелдердің құқығын шектеуге жол берілмейді. Бұл әйелдердің үй шаруашылығын жүргізумен ғана айналысып қоймай, сондай – ақ ерімен бірге бизнеспен айналысуына, мансапқа талпынуына мүмкіндік береді. Ерлі – зайыптық қатынстар, әдеттегідей ғұмырлық, яки некеге тұру бегілі бір мерзім көрсетілмей жүзеге асырылады.\r\n\r\nҚазақстанда мемекеттік АХАТ органында тіркелген неке ғана танылады.\r\n\r\nҚазақстанда некеге тұрған кезде отбасылық қатынастарда әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, тілдік немесе қай дінді ұстанатындығына қарай азаматтардың құқығын шектеудің кез келген түрлеріне тыйым салынады.\r\n\r\nЕрлі – зайыптылар қатынастарына туыстарының араласуына жол берілмейді.\r\n\r\n \r\n\r\nНекеге тұрудың шарттары мен тәртібі. Неке жасы.\r\n\r\n \r\n\r\nНекеге тұру некеге тұрушы ері мен әйелдің өзара ерікті келісімі және олардың неке жасына жету болып табылады.\r\n\r\nЕгер неке күш көрсету, алдау, қорқыту жолымен қиылған болса, онда ол жарамсыз деп танылуы мүмкін. Некеге тұру келісімін некені тіркеу рәсімінің барысында некеге тұрушы адамның тікелей өзі ауызша білдіреді және оның қолын қойғызу арқылы расталады. Соның өзінде ата – аналарының немесе туыстарының келісімі талап етілмейді. Дей тұрғанмен, қай жағынан алып қарағанда да ата – анасының құптауы болашақ отбасы үшін өте маңызды екендігі күәмнсіз.\r\n\r\nОтбасын құру үшін неке жасына жетудің үлкен маңызы бар. Некеге тұрушылар белгілі бір рухани және күш – қуат кемелділігіне ие болуы керек, ол белгілі бір жаспен байланысты. Біздің заңымызға сәйкес неке жасы – 18 жас.\r\n\r\nАХАТ органдары дәлелді себептері болған жағдайда неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендете алады. Неке жасына жетпеген адамдардың некеге тұруына ата – аналарының келісімі бойынша ғана рұқсат етіледі. Жүктілік немесе баланың тууы, әскери қызметке шақырылуы, кәмелетке толмағандардың нақты отбасын құруы дәлелді себептердің қатарына жатады. Соның өзінде басқа да длелді себептердің болуы мүмкін.\r\n\r\nНекеге тұратын адамдар медециналық, сондай – ақ медециналық – генетикалық мәселелер және репродукциялық денсаулық қорғау мәселелері бойынша консультациялар алып, тексеруден өтулеріне болады. Мұндай тексерулер некеге тұратын адамдардың екеуінің келісімімен ғана өткізілуі тиіс. Некеге тұратын адамдарды тексерудің нәтижелері медециналық құпия болып табылады және ол некеге тұруға ниеттенген адамға тексеруден өткен адамның келісімімен ғана хабарлануы мүмкін.\r\n\r\nБолашақ ерлі – зайыптылар АХАТ органына өздерінің некеге тұрғысы келетіндіктері туралы бірлесіп жазбаша түрде млімдеуі керек. Ал олардың біреуі АХАТ органына бірге өтініш беру үшін келуге мүмкіндігі болмаған жағдайда қалай істеу керек? Егер ол дәлелді себептермен АХАТ органына келе алмайтын жағдайда ол адамдардың некеге тұруды қалайтындытары жөніндегі нотариус куәландырған өтінішін табыс етуге заң рұқсат береді.\r\n\r\nНекеге тұратын адамның тікелей қатысуымен неке мемлекеттік АХАТ органдарында қиылады. Некені сенімхат бойынша немесе өкілер арқылы қиюға тыйым салынады.\r\n\r\nҚамауда немесе бас бостандығынан айырылғандар некеге отыра алады. Алайда оларда мемлекеттік тіркеу АХАТ – та емес, бас бостандығын айыру орнында немесе қамауда отырған жерде жүргізіледі.\r\n\r\nЗаңда неке қиюға кедергілер де көзделген. Бұл өзге тіркелген некенің болуы, болашақ ерлі – зайыптылардың жақын туыстығы, некеге тұрушылардың біреуінің іс — әрекетке қабілетсіздігі, сондай – ақ бала асырап алушылар мен асырап алғандар арасында неке қию.\r\n\r\n \r\n\r\nНекелік шарт.\r\n\r\n \r\n\r\nНекелік шарт – біздің тұрмысымызға салыстырмалы түрде жақында енген ұғым.\r\n\r\nНекелік шарт деп – некеге тұратын адамдардың немесе ерлі – зайыптылардың некеде тұрғандағы немесе оны бұзған жағдайдағы мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісімдері танылады. Некелік шарт міндетті түрде жазбаша жасалуы және нотариуспен куәландырылуы қажет.\r\n\r\nНекелік шартты некеге отыратын адамдардың тікелей өздері, сондай – ақ адвокат не нотариус толтыруы мүмкін екендігін айырықша атап көрсету қажет. Некелік шартты нотариалды куәландыру үшін жекеменшік немесе мемлекеттік нотариусқа жүгіну керек.\r\n\r\nНекелік шартты некені тіркегенге дейін, сондай – ақ некеде тұрған кез келген уақытта жасасуға болады. Некелік шарттың субъектілері не ерлі – зайыптылар, не некеге енді тұруға әзірленіп жатқан адамдар болуы мүмкін (күйеу мен қалыңдық). Ерлі – зайыптылар, яғни АХАТ органдарында тіркелмеген, бірақ бірге тұратын және бір – біріне қамқорлық көрсететін адамдар некелік шарт жасаса алмайды.\r\n\r\nНекеге тұратын кәмелетке толмағандар (18 жасқа дейінгі адамдар) ата – аналарының немесе қамқоршыларының келісімімен ғана некелік шарт жасаса алады. Бұл кәмелетке толмағандардың өз бетінше некелік шарт жасасуына тыйым салынады деген сөз.\r\n\r\nНекелік шарт жасасу – некені тіркеу үшін қажетті шарт болып табылмайтындағын атап өту керек. Некеге отыратын адамдардың немесе ерлі – зайыптылардың неке шартын жасасуы немесе оған қол қоюдан бас тартуы ерікті түрде шешіледі, өйткені бұл олардың міндеті емес, құқығы болып табылады. Бірақ сонымен бірге неке шартында ерлі – зайыптылардың немесе некеге тұратын адамдардың ортақ еркі білдірілуі тиіс.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nНЕКЕНІ БҰЗУ.\r\n\r\nНекені тоқтату және оның негізі.\r\n\r\n \r\n\r\nЕрлі – зайыптылардың жәке және мүліктік құқытық қатынастарының тоқтатылуын некенің тоқтатылуы деп түсінеді. Неке заңда айқындалған білгілі бір оқиғаардың тууына байланысты немесе ерлі – зайыптылардың біреуінің не екеуінің бірдей қалауымен тоқтатылады.\r\n\r\nНекені тоқтататын оқиғалар қатарына мыналар жатады:\r\n

    \r\n

  • ерінің қайтыс болуы;
  • \r\n

  • соттың ерлі – зайыптылардың біреуін өлді деп жариялауы;
  • \r\n

  • некенің бұзылуы (ажырасу).
  • \r\n

\r\nНекенің тоқтату негіздерінің тізімі толық боып табылады.\r\n\r\nЕрі қайтыс болған немесе ерлі – зайыптылардың біреуі өлді деп жарияланған жағдайда неке өздігінен тоқтатылады. Егер артында қалған адам жаңадан некеге тұрғысы келсе, бұрынғы неке бойынша ерінің өлгені бойынша АХАТ органдары берген куәлікті көрсетсе де жеткілікті.\r\n\r\nСоттың азаматты (ерлі – зайыптылардың бірін) өлді деп жариялау жөніндегі шешімі долбараға ғана негізделеді. Ол адамның өлгені туралы нақты ақиқат дәлелдер жоқ.\r\n\r\nҚазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 31 – бабына сәйкес, егер азамат тұрақты тұратын жерде үш жыл бойына ол туралы ешқандай мәіметтер болмаса, егер ол өім қаупі төнген жағдайда немесе оның өлімі алты ай ішінде жазатайым оқиғадан болды деп есептеуге негіз болатын жағдайларда хабар – ошарсыз кетсе, ол азамат мүдделі адамдардың арызы бойынша сот арқылы өлді деп жариялануы мүмкін.\r\n\r\nСот азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы шешім шығарған сәттен бастап, онымен неке тоқтатылды деп есептеледі. Кейде қайтыс болды деп жарияланған адамдардың шындығында тірі болып шығатын жағдайлары да кездеседі. Өлді деп жарияланған жұбайы тірі келген жағдайда сот әлгі шешімді бұзады, бірақ тоқтатылған неке өздігінен қалпына келтірілмейді. Ол ерлі – зайыптылардың бірлескен өтініші бойынша АХАТ органдары арқылы қалпына келтірілуі мүмкін. Егер қалпына келтіру туралы өтініш берілмесе, ерлі – зайыптылардың екеуінің де тірі екендігіне қарамастан, неке тоқтатылған деп есептеледі. Басқа жұбай жаңа некеге тұрған жағдайда, бұрынғы неке қалпына келтіріе алмайды. Жаңа некенің тағдыры түрліше шешілуі мүмкін: ол не сақталады, немесе бұзылады, бұл кейін бұрынғы жұбайымен некесін тіркеуге мүмкіндік береді.\r\n\r\n \r\n\r\nНекені бұзу, ажырасу. АХАТ органдарында некені бұзу.\r\n\r\n \r\n\r\nЕрлі – зайыптылардың көзі тірі кезінде неке, олар ажырасса ғана тоқтатылады.\r\n\r\nАжырасу арқылы некенің тоқтатылуы, АХАТ органдары немесе сотта заңда белгіленген тәртіп бойынша іске асырылуы мүмкін.\r\n\r\nНекені бұзу АХАТ органдарында ерлі – зайыптылардың біріккен және жекелеген ерекше жағдайларда – жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша жүргізіледі. Ал сотта некені бұзу ерлі – зайыптылардың екеуінің бірлескен, сондай – ақ жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша жүргізіле береді.\r\n\r\nНекені бұзу үшін мынадай үш шарттың болуы қажет:\r\n

    \r\n

  • АХАТ органдарында ерлі – зайыптылардың некені бұзу жөніндегі өзара келісімі;
  • \r\n

  • кәмелетке толмаған балаларының болмауы;
  • \r\n

  • бір – біріне мүліктік және өзге де талаптарының болмауы.
  • \r\n

\r\nНекені бұзу АХАТ органдарында мемлекеттік тіркеуден өтуді қажет етеді. Тіркеу некені бұзу жөніндегі өтініш берілген күннен бастап бір ай өткенде жүзеге асырылады. Бір ай мерзім ерлі – зайыптыларға қабылдаған шешім туралы тағы да әбден ойланып – тоғану үшін беріледі. Некені тіркеу үшін берілетін мерзімнен айырмашылығы, некені бұзған кезде оның мерзімі ұзартылып не қысқартымайды.\r\n\r\nЕрлі – зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені АХАТ органдарында бұзумен қатар, заң жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша некенің бұзудың қарабайыр оңайлатылған тәртібін де белгілейді.\r\n\r\nАХАТ органдарының некенің бұзылуын тіркеу кезінде ажырасудың себептерін анықтауға, ерлі – зайыптыларға татуласу үшін мерзім беруге қақысы жоқ.\r\n\r\n \r\n\r\nНекені сот тәртібімен бұзу.\r\n\r\n \r\n\r\nОл мынадай жағдайларда іске асырылады:\r\n

    \r\n

  • ерлі – зайыптылардың кәмелетке толмаған ортақ балаларының болуы;
  • \r\n

  • ерлі – зайыптылардың біреуінің некені бұзуға келісімінің болмауы;
  • \r\n

  • егер ерлі – зайыптылардың біреуі өтініш беруден бас тартып некені бұзудан жалтарса, некені бұзу үшін мемлекеттік тіркеуге келуден бас тартса, т.б.;
  • \r\n

  • ерлі – зайыптылардың бір – біріне мүіктік талаптарының болуы.
  • \r\n

\r\nНекелік одақтың тұрақты болуына мемлекет мүдделік танытады. Сондықтан да соттарға заң арқылы ерлі – зайыптыларды татуластыру жөнінде шаралар қолдану міндеттері жүктелген. Бірақ, сонымен қатар татуластыру мақсат қана емес, отбасын сақтаудың амалы ғана. Сондықтан да бұл міндетті орындау мүмкін болмаса және балаларды не жұбайларды қорғау мүдделеріне қайшы келетін болса, онда сот некені бұзады.\r\n\r\nЕгер сот неке біржолата бұзылмаған деген қорытындыға келген жағдайда, ол істі кейінге қарауға қалдырып, ерлі – зайыптыларға татуласу үшін 3 айлық мерзім тағайындай алады. Бірақ сот нақты мерзімді әрбір істің жағдайына қарай бегілейді.\r\n\r\nЕгер ерлі – зайыптыларды татуластыру шаралары нәтиже бермей және жұбайлардың біреуі некенің бұзылуын қасарыса талап ететін болса, некені бұзу іске асырылады.\r\n\r\nЕгер айырылысатын ерлі – зайыптылардың кәмелетке толмаған балалары болып және жұбайлар ол балалардың кіммен қалатындығы жөнінде келіспеген жағдайда, бұл мәселені сот шешеді. Сот балалардың ата – анасының біреуімен қалатындығы жөнінде не баланың ата – анасының әрқайсысымен қалатындығы жөнінде (егер екі бала не одан көп болса) шешім шығара алады. Соның өзінде сот кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін ғана еске алу керек. Сондай – ақ балалардың мүдделерін және болашақ ананың денсаулығын қорғау мақсатында заңның 15 – бабында мындай қағида көзделген: «Әйелдің жүкті кезінде және нәрестенің бір жасқа толмаған кезінде әйелдің келісімінсіз некені бұзуға болмайды».\r\n\r\nАйырылысатын жұбайлар ортақ мүліктерді бөлісу жөніндегі мәселені кейбір жағдайларда өздері дербес шешеді. Бірақ ерлі – зайыптылар келісімге келмеген жағдайда мүліктерді бөлуді сот іске асырады және әдетте, оларды тең бөледі. Егерде некелік шартта мүліктерді бөлісу мәселесі қарастырылған болса, онда сот мүлікті екі жақтың не бір жағының талабы бойынша осы келісімшартқа сәйкес бөледі.\r\n\r\nСот тәртібімен некені бұзу ерлі – зайыптылардың некені бұзу туралы өтініш берген күннен бастап бір ай өткеннен кейін іске асырылады.\r\n\r\n \r\n\r\nНекені тоқтатудың құқықтық салдары.\r\n\r\n \r\n\r\nЖоғарыда айтылғандай, некені бұзу нәтижесінде ерлі зайыптылардың некеде тұрған кездегі жеке және мүліктік қатынастары тоқтатылады. Мысалы, бірге тұруы, ортақ бірлескен меншік, өзара қамқорлық және асырау. Соның өзінде кейбір құқықтық қатынастар бірден тоқтатылады да, енді біреулерінің сақталуы мүмкін. Некеге тұрған кезінде бірлесіп жиған мүліктері бөлінген жағдайда, әдетте, некенің тоқтатылуымен байланысты ерлі – зайыптылардың ортақ бірлескен меншік тәртібі де тоқтайды, бірақ мүлік бөлінбеген жағдайдағы ажырасу өзінен — өзі жұбайлардың ортақ бірлескен меншігін үлестік меншікке айналдыра алмайды. Некенің бұзылуымен бірге жұбайы қайтыс болғаннан кейін мұрагерлік құқығы, бұрынғы жұбайы – ажырасушысының өліміне байланысты келтірілген зиянның орнын толтыру және т.б. құқығы да жойылады.\r\n\r\nНекенің тоқтатылуы жаңадан некеге тұру құқығын туғызады.\r\n\r\nАжырасу жолымен некенің бұзылуы ата – аналарының балаларына қатысты құқықтары мен міндеттерін тоқтата алмайды.\r\n\r\n \r\n\r\nҚорытынды.\r\n\r\nСонымен, отбасы дегеніміз – бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуға септігін тигізетін, мүліктік және мүікке қатысты емес жекебастың құқықтарымен байланысқан адамдар тобы.\r\n\r\nОтбасының заңдық белгілеріне мыналар жатады:\r\n

    \r\n

  • адамдардың неке немесе туыстық негізде бірігуі;
  • \r\n

  • өзара имандылық және материалдық қолдау;
  • \r\n

  • бала туу және оларды тәрбиелеу;
  • \r\n

  • өзара жекебасындық және мүліктік құқықтар.
  • \r\n

\r\nБір негізден немесе ортақ атадан тарайтын адамдардың қандастық – кіндіктестік байланысы, туыстық деп түсініледі. Туыстықтың екі тармағы бар: тікелей және жанама.\r\n\r\nЕрлі – зайыптылардың арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын, отбасын құру мақсатымен заңда белгіленген тәртіп бойынша тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасаған ері мен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты неке деп түсінуіміз керек. Қазақстанда тек мемлекеттік АХАТ органдарында жасалған адамдардың одағы ғана неке деп танылады. Болашақ ерлі – зайыптылардың өзара келісімі және олардың неке жасы 18 – ге толуы неке қиюдың басты шарты болып табылады.\r\n\r\nЕрлі – зайыптылар арасындағы қатынастар құқықтары мен мінднттерінің теңдік қағидаларына негізделеді.\r\n\r\nАзаматтық некеден туған балалар, тіркелген некеден туған балалар сияқты заңмен қорғалады. Алайда мұндай қатынастар әдетте тараптар үшін заңдық салдар туындатпайды.\r\n\r\nМемлекет аналар мен балалары қолдайды, отбасын қорғауға алады.\r\n\r\nЕрлі – зайыптылардың жеке және мүліктік құқытық қатынастарының тоқтатылуы некенің тоқтатылуы деп түсініледі. Неке заңда айқындалған оқиғалардың туындауы салдарынан не ерлі – зайыптылардың бірінің немесе екеуінің бірдей қалауымен тоқтатылады.\r\n\r\nАжырасу жолымен некенің тоқтатылуы заңда белгіленген тәртіп бойынша АХАТ органдарында немесе сотта іске асырылады.\r\n\r\nНЕКЕ ЖӘНЕ ОТБАСЫ ҰҒЫМЫ

Аграрлық секторда кәсіпкерлікті дамытуды жетілдіру жолдары

0

Аграрлық секторда кәсіпкерлікті дамытуды жетілдіру жолдары\r\n\r\n( Оңтүстік Қазақстан облысының мәліметтері негізінде)\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nКІРІСПЕ\r\n\r\n \r\n\r\nЗерттеу тақырыбының өзектілігі. Аграрлық салада жүргiзiлген реформа нәтижесiне екi тұрғыда баға беруге болады: бiрiншiден, агроөнеркәсiп кешені өндiрiсінде көп укладты экономика қалыптасты, шаруашылық субъектiлерiне толық дербестiк берiлiп, олардың өз қызметтерiн өздерінің жүзеге асыруына және өндiрген өнiмдерiнің бөлуiне мүмкiндiк жасалынды, яғни нарықтық қатынастың, кәсiпкерлiктiң дамуының бiр орталықтан басқару жүйесiн толықтай дерлiк әлсiреттi; екiншiден, асығыс жүргiзiлген институционалдық өзгерiстер, агросектордағы экономикалық қатынастардың салааралық диспаритетін (теңсiздiгін) күшейтті. Агроөнеркәсiп кешенінде  интеграция мен кооперативтік жүйенің дамуы үшiн жағдай жасаудың орнына, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдеушi және қызмет көрсетушi кәсiпорындарды жекешелендiру, ауылдық тауар өндiрушiлердiң басым бөлiгiн ұсақ, жеке өндiрiске бағыттады.  Барынша тиiмдi ұйымдық құрылымдардың қалыптаспауы, қажеттi инфрақұрылымды қалыптастырмастан нарықты ығыстыруға, өңдеушi және сауда ұйымдарының нарықтағы монополиялық жағдайының күшеюiне алып келдi. Реформа барысында тиімді шешiмiн таппаған бұл мәселелер агроөнеркәсiп кешенiнде шаруашылық байланыстарды жаңаша қалыптастыру қажеттiлiгiн тудырып отыр. Осы тұрғыдан алып қарағанда ауыл шаруашылығын материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету, оның өнiмдерiн өткiзудi және өңдеудi жоғары деңгейде ұйымдастыру-шаруашылық байланыстардың нарықтық  экономикаға тән жаңа әдiстерiн  барынша жетiлдiрудi және ол байланыстарды реттеудiң экономикалық механизмiн жасауды талап етедi. Онсыз ауыл шаруашылығы  мен оған қызмет көрсетушi салалардың қажетті мәселелерiн оңды шешу мүмкiн емес. Сондықтан мемлекеттiк реттеу мен өзiн-өзi реттеудi үйлестiруге, тауар өндiрушiлердi ынталандыру мен протекционизмге негiзделген экономикалық механизм қажет. Оның негiзiн баға және қаржы-несие қатынастарының өзара байланысы құрайды, ал оның құрылымының басты элементтерi – баға, несие, салық, жоспарлау болып табылады.\r\n\r\n2008 жылғы 6-ақпан айында «Қазақстан халқының әл ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» тақырыбымен Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауында айтылғандай: «Дамудың жаңа кезеңі ел агроөнеркәсіп кешенінің алдына бірқатар жаңа, аса маңызды міндеттер қойып отыр. Өткен 5 жылда Қазақстан аграрлық секторды дамытуда айтарлықтай нәтижелерге жетті. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2002 жылмен салыстырғанда 2 есеге жуық өсті. Инвестициялар 3 еседен астамға ұлғайды. Бұл аграрлық секторды мемлекеттің орасан қолдауы нәтижесінде мүмкін болды. Соңғы жылдары қазіргі заманғы технологияларды қолдаудың арқасында дәнді-дақылдарды жинау күрт артты. 2004 жылдан бастап егінді міндетті сақтандыруды енгізу фермерлерге құрғақшылық жылдарының өзінде кепілді кіріс алуына мүмкіндік туғызды.  Қабылданған шаралар ауыл шаруашылығындағы тауар айналымының төрт есеге жуық жалпы өсіміне оң ықпал етсе, 4 миллиард АҚШ доллары мөлшерінен асып түсті. Ауылдарымыз бен селоларымызда өмір сапасын жақсарту мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала береді. Қалыптасқан әлемдік үрдістермен қолда бар әулетті ескерер болсақ, агроөнеркәсіп кешені біздің экономикамыздың жоғары маңызды, табысты саласы болуы тиіс. Ауыл шаруашылығы өнімдеріне баға өсу үстінде, және тұтастай алғанда, аталған сала өте пайдалы болуда, сондықтан біз оған ақша салуымыз қажет. Ауылдың бұған екпінді еңбегімен және жоғары қайтарыммен жауап беретініне сенімдімін» -деген.\r\n\r\nСондықтан, шаруашылықтарда байланыстарды реттеуде экономикалық механизмнiң негiзгi элементтерiн қолдана отырып, ауыл шаруашылығы мен оған қатысты салаларды дағдарыстан шығарудың» мүмкiн жолдарын анықтау үшiн экономикада өтiп жатқан процестердi терең зерттеп, талдау қажет.\r\n\r\nАгроөнеркәсiп кешенiндегi шаруашылық байланыстардың экономикалық механизмi жөнiндегi және ондағы кәсiпкерлiктiң дамуы туралы мәселе ТМД елдерiнiң ғалымдары Л.Абалкин, П.Бунич, А.Калыныш, А.Козлова, В.Медведев, В.Новиков, В.Гончарук, В.Грузинов, В,Савицкая, В.Сергеев,  В.Назаренко, А.Руцкой, Е.Строев, А.Чаянов, В.Фроловтың еңбектерiнде жан-жақты қарастырылған. Бұл авторлардың еңбектерi нақты зерттеулер үшiн негiз болып табылады және агроөнеркәсiптегi экономикалық механизм туралы мәселелердi оқып-үйренуде үлкен теориялық-әдiстемелiк маңызы бар.\r\n\r\nҚазақстанда бұл мәселеге көптеген ғалымдардың еңбектерi  арналған. Атап айтқанда: Т.Ашимбаев, Р.Аутов,  Л.Әбдильдина,  Т.Есполов, Ө.Есқараев, Т.Есiркепов, В.Григорук, М.Кенжегузин, Ш.К. Көпешев, К.Кубаев,  А.Ш. Куралбаева,  Г.Қалиев, Ж.Қорғасбаев, А.Қошанов, А.Молдашев, А.Нұрсейiт, О.Сәбден,  К.Сағадиев, С.Сатыбалдин, Ж. Сулейменов, М.Сигарев, А.Челекбаев және тағы басқа қазақстандық ғалымдардың еңбектерi, нарықтық қатынастар жағдайында аграрлық сектордың кәсіпкерлік іс-әрекеттерін»ң дамуына терең баға беруге мүмкiндiк беретiндiгін оның маңызының  зор екендігін көрсетіп отыр.\r\n\r\nОсы аталған мәселелер диссертациялық зерттеудiң тақырыбын, мақсаты мен шешу жолдарын анықтауға негiз болды.\r\n\r\nЗерттеудiң  мақсаты мен мiндеттерi нарықтық қатынастар жағдайында Оңтүстік Қазақстан облысындағы ауыл шаруашылық кәсiпорындары мен оған қызмет көрсетушi сала кәсiпорындарының арасындағы жаңадан  қалыптасатын шаруашылық байланыстарды реттеудiң экономикалық механизмiн кешендi түрде талдау және соның негiзiнде – оны алдағы кезеңде жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар  жасау болып табылады.\r\n\r\nМақсатқа жету үшiн төмендегiдей мiндеттердi шешу алға тартылды:\r\n\r\n- кәсiпкерлiктi дамытудың жолдарын, шаруашылықтарда оны реттеудің экономикалық механизімінің мәнімен құрылымын теориялық және әдістемелік негіздерін ұсыну;\r\n\r\n-нарықтық қатынас жағдайында шаруашылық байланыстарды ұйымдастыру ерекшіліктерін, ауыл шаруашылығыменен өнеркәсіп салаларының   мүдделерін   үйлестіру  механизімінің  жетілдірудін  тұжырымдау;\r\n\r\n- агроөнеркәсіп кешенінің өндірісінің қазіргі жағдайын талдау және ауыл шаруашылығына қызмет көрсететін салалардың қатынастарының негізгі бағыттарын анықтау;\r\n\r\n- аграрлық саладағы шаруашылықты реттеудің құқықтық әдістері мен шарт жасаудың ерекшіліктерін, даму шараларын әзірлеу;\r\n\r\n- ауыл шаруашылық салаларында лизинг механизмін, баға, салық салу, қаржы-несие мәселелерді жетілдірудің кәсіпкерлікті дамытуға тигізетін әсері жөнінде ұсыныстар жасау.\r\n\r\nЗерттеу объектiсi: Оңтүстiк Қазақстан облысының агроөнеркәсiп кешеніндегі ауылшаруашылық тауар өндiрушiлері.\r\n\r\nЗерттеу пәнiне нарықтық қатынастарды тереңдету жағдайындағы Оңтүстiк Қазақстан облысы аудандарының агроөнеркәсiптiк өндiрiсi, ондағы жаңадан қалыптасқан шаруашылық байланыстарды реттеумен кәсіпкерлікті дамытуды жетілдіру  жолдары жатады.\r\n\r\nЗерттеудiң теориялық-әдiстемелiк негiзiн агроөнеркәсіп өндірісіндегі  кәсіпкерлік-шаруашылық жүргізудің экономикалық механизмінің  мәселесiне арналған ғалымдардың еңбектерi мен шетелдiк әдебиеттер, заң актiлерi,  Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтары, Үкiметтiң экономикалық мәселелер жөнiндегi қаулылары, аграрлық өзгерiстер жөнiндегi басқа да мемлекеттiк бағдарламалық құжаттар құрайды.\r\n\r\nЗерттеудің ақпараттық эмпирикалық базасы  ретінде  Қазақстан Республикасының статистика жөнiндегi агенттiгi мен ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң, Оңтүстiк Қазақстан облысының экономика, ауылшаруашылығы департаментінің, облыстық статистикалық басқармасының мәлiметтерi, сондай-ақ монографиялық зерттеулер және жеке шаруашылықтардың жылдық есептеулері пайдаланылды.\r\n\r\nЗерттеу нәтижелерiн талқылау  есеп-конструктивтiк, статистика-экономикалық, абстрактiлi-логикалық, салыстыру және басқа да әдiстердi қолдану арқылы алынды.\r\n\r\nЗерттеудiң ғылыми жаңалығы. Зерттеу барысында алынған төмендегi нәтижелер диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығын анықтайды:\r\n\r\n- кәсіпкерліктің ғылыми тұрғыдан түсінігі, көрсеткіштері, жұмыс істеудің механизмінің мәнімен құрылымы, баға белгiлеу, салық салу, қаржы-несие мәселелері бағытталды;\r\n\r\n- кәсiпкерлiк экономиканың аграрлық және индустриалды секторларының мүдделерiн үйлестiрудiң механизмдерi белгiленiп, шаруашылық байланыстарды қалыптастыру жолдары, тиiмдi әдiстерді өндіріске енгізу жолдары ұсынылды;\r\n\r\n- кәсіпкерліктегі инновацияны дамытуда кластерлік-желілік әдістерді қолданудың тиімді жолдары  ұсынылды;\r\n\r\n-кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан  құқықтық-нормативтік қолдау, дамыту кезіндегі аумақтық жүйеде қойылған міндеттерді шешу үшін тиімді бағыттар ұсынған;\r\n\r\n- кәсiпкерлiктегі ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп өнімдеріне баға паритетін, салық салу мен қаржылық қолдау мәселелерін шешуде жаңа әдістік тәсілдер белгіленді;\r\n\r\n- нарықтық үлгідегі кәсіпкерлік құрылымдарды материалдық-техникалық жабдықтау – лизингтік қатынастарды пайдалану мен жетілдіру жөнінде нақты ұсыныстар жасалынды.\r\n\r\nҚорғауға шығарылған ұсыныстардың негізгі тұстары:\r\n

    \r\n

  • кәсіпкерлікті ғылыми тұрғыдан дамытудың түсінігі, көрсеткіштері;
  • \r\n

  • шаруашылықтардағы кәсіпкерлердің байланыстарын реттеудің экономикалық механизмінің мазмұны, қалыптастыру жолдары;
  • \r\n

  • ауыл шаруашылығындағы тауар өндіруші кәсіпкерлердің бір-біріменен қатынастағы тиімді әдістері, қаржылық қолдау мәселелері;
  • \r\n

  • аграрлық кәсіпкерлердің материалдық — техникалық жабдықтаудағы, жоспарлаудағы өзара экономикалық реттеудің бағыттарын жетілдірулері.
  • \r\n

\r\nЗерттеу жұмысының  ғылыми тәжірибелік  маңызы. Жүргізілген зерттеу  барысында жасалған қорытындылар, ауыл шаруашылығындағы  құрылымдарда еңбек ұйымдастыру, тұрақты жағдайда өнім өндіруге басқада  технологиялық мәселелерді жаңалауға теориялық-әдістемелік көмектесе отырып, бәсекелестікке қабілетті өнім өндіруге үлесін қосты. Сондай-ақ жоғарғы  оқу орындарында «Кәсіпкерлік экономикасы», «Маркетинг», «Өндірістегі кәсіпорын», «Менеджмент», «Қаржы», «Статистика», «Агробизнес», «Экономикалық теория», «Экономиканы мемлекеттік реттеу», «Кәсіпорын экономикасы» тағы басқа  пәндерін оқытуда  пайдалануға болады.\r\n\r\nЗерттеу жұмысының нәтижелерін апробациялау және жаңалау.      \r\n\r\nЖұмыстың негізгі мазмұны Қазақстан Республикасының   өзекті экономикалық  жағдайларын дамыту және шешу жолдарына арналған, ғылыми тәжірибелік, халықаралық конференцияларда апробацияланған. Диссертация мәліметтері ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндалған: «Региональные проблемы реализации рыночных реформ на постсоветском пространстве» (г.Актобе, 2001), «Қазақстан экономикасының тұрақтануынан кейінгі даму моделі» (Алматы қаласы, 2001), «10 лет реформа на постсоветском пространстве: Ожидания, результаты, перспективы» (г.Алматы, 2002), «Постстабилизационная модель развития Казахстана» (г.Алматы, 2001), «Становление рыночной системы в Казахстане в ХХІ веке» (г.Алматы, 2001), «Региональные проблемы реализации рыночных реформ  на постсоветском пространстве»  (г.Актобе,  2001).\r\n\r\nПубликациялар. Диссертация тақырыбы бойынша 11 ғылыми еңбек жарық көрген. Оның ішінде алты ғылыми еңбек Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы Бақылау комитеті бекіткен басылымдарда қалғаны ғылыми еңбек және халықаралық ғылыми — өндірістік конференцияларда жарияланған. Жалпы басылымның көлемі – 4,2 табақ бет.\r\n\r\nДиссертациялық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертация жұмысы кіріспеден үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың мазмұны 139 компьютер мәтінінде, оның ішінде – 28 кесте, — 29 сурет, қосымшалармен берілген.\r\n\r\nЖұмыстың бiрiншi тарауында кәсiпкерлiк байланыстарды реттеудiң экономикалық механизмiнiң теориялық негiздерi, экономикалық механизмнiң мәнi, агроөнеркәсiп өндiрiсiндегi кәсiпкерлiкті дамытудың негiзi ретiнде экономикалық мүдделерi жан-жақты қарастырыла отырып  шаруашылықты ұйымдастыру тәсiлдері мен олардың ұйымдық-құқықтық негiздерiнiң қалыптасуы зерттелген.\r\n\r\nЕкiншi тарауда әр түрлi меншiк әдiсiндегi ауыл шаруашылық құрылымдарындағы кәсіпкерліктің материалдық-техникалық жабдықталу деңгейi, олардың өңдеушi сала кәсiпорындарымен байланыстарының даму барысының нәтижелерi және нарықтық қатынастар талабына сай ауыл шаруашлығы мен оған қатысты салалар арасында кәсiпкерлiкті реттеудiң  экономикалық механизмiн дамытудың қажеттiлiгi негiзделген.\r\n\r\nҮшiншi тарауда агроөнеркәсiп кешенi құрамындағы әр түрлi меншiк жүйесіменен шаруашылық құрылымдардың арасындағы кәсiпкерлiкті  дамыту жөнiндегi шаралар және ол шаралардың мейлiнше тиiмдi жүргiзудiң әдiстерi ұсынылды.\r\n\r\nЖұмыстың қорытындысында зерттеудiң негiзгi нәтижелерi тұжырымдалып, ұсыныстар берілді.\r\n\r\n \r\n\r\nНЕГІЗГІ БӨЛІМ\r\n\r\nКәсіпкерлік барлық дүниежүзіндегі өмір сүріп келе жатқан адам баласына\r\n\r\nтән, іскерлік белсенділігі, қабілеті. Өйткені, адамдар өмір сүру үшін қызмет етуі керек. Сол арқылы өзінің  өмір сүруіне керекті  мәселелерді азық-түлік басқа да керекті заттарды қамтамасыз ете алады. Кәсіпкерлік қызметінің дамуы  дүниежүзінде орта ғасырдан басталған. Оған себеп болған факторлар: қоғамда көпестер, саудагерлер, қол өнеркәсібіндегі қызметкерлер пайда бола  бастады. Былайша айтқанда, жай қарапайым  жұмысшылардан  басқа қоғамда  білікті жұмыскерлер тобының бөлінуі. Олардың алғашқы дамуына себепкер болған, сол өздері жұмыс істейтін кәсіпорындарда, жұмыс істей бастағанынан бастап, құрал жабдықтарға иелік ете бастауы. Дүние жүзіндегі кейбір мемлекеттерде XVI ғасырдың ортасынан бастап акционерлік қоғамдар құрылып, оларда акциялық капиталдар пайда бола бастады. 1554-жылы Англия мемлекетінде сауда компаниясы құрылды. 1660 жылы Индия мемлекетінде Ост — Индия  компаниясы  жұмыс істей бастады. Ал, XVII ғасырдың аяғында кейбір мемлекеттерде акционерлік банктер іске қосылып капиталдарын өндіріске қосты.\r\n\r\nКейінгі кездегі жарық көріп жатқан басылымдар кәсіпкерлікті, еңбек нарығын, бизнесті, кейбір ғалым экономистер бір ұғым деп санап жүр.  Бұндай ойға қосылуға болады. Себебі, кәсіпкерлікте жұмыс істеуге күші бар, икемділігі мол адамдар іске асырады.  К.Маркстік әдебиеттерде «жұмыс күші» деп осы адамдардың еңбекке қабілеттілігін айтады. Өйткені, басқа өндіріс факторларына қарағанда кәсіпкерлік еңбектің ерекшелігі сонда. Мұндағы ең бастысы еңбектің қай түрі болмасын адамның жұмыс істеу күшіне байланысты.\r\n\r\nСонымен, кәсіпкерліктің негізгі сипаттамаларына тоқталатын болсақ, оларды былай деп тұжырымдауға болады. Кәсіпкер өзі құратын немесе сатып алатын кәсіпорындарда өзінің меншікті құралдары мен уақытын жұмсай отырып, өнімнің жаңа түрін өндіруші. Ол өндіріске әр уақытта жаңалық ендіруші ретінде жұмыс істеуі тиіс. Өнім өндіру үшін кәсіпкер өз өндірісіне жаңа техника, технология немесе өнімді өткізу (сату) үрдістеріне жаңадан әдістер табуы керек. Міне сол жағдайда ғана ол өзінің ісін әр уақытта кеңейтуге және пайданы молайтуға мүмкіндік жасайтын шараларды ғана өндіріске енгізуге ынталы.\r\n\r\nҚоғамда кәсіпкерліктің түрлері атқаратын міндеттеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді: өндірістік кәсіпкерлік; саудалық (коммерциялық); қаржылық; делдалдық; қамтамасыздандыру; кеңес беру (консультациялық); тағы басқа да  кәсіпкерліктер болуы мүмкін.\r\n\r\nАл, меншік түрі бойынша, кәсіпкерлік —  жеке меншіктік, мемлекеттік меншіктік, муниципалды, қоғамдық құрылымдар. Экономикасы нарықтық бағытта дамып келе жатқан мелекеттер үшін, соның ішінде Қазақстан Республикасы үшін де, кәсіпкерлікті дамыту өзекті мәселе. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі, кәсіпкерлік – экономикасына,  кәсіпкерлікті дамыту – нарықтық экономиканы дамыту жолында жұмыс істейді, соның кепілі. Сондықтан да, кәсіпкерлік төңірегіндегі теориялық, тәжірибелік тағы да басқа мәселелерді зерттеу және оны талдау  қазіргі дүние жүзіндегі мемлекеттердің шаруашылықтарының жаһандану кезеңіндегі негізгі мәселелердің біріне айналуда.\r\n\r\nАграрлық кешенінде еңбек нарығын зерттеп  жүрген экономист-ғалым С.Қ. Сұрағанова кәсіпкерлердің жұмыс күшінің анықтамасын былай деп  түсіндіреді: «Жұмыс күші нарығы — транзиттік экономика  жағдайында  жиынтық жұмыс күшінің ұлғаймалы ұдайы өндірісі жөнінен кәсіпкерлер, еңбекшілер және мемлекеттер арасындағы  меншік қатынастардың белгілі бір жиынтығы немесе  жүйесі».\r\n\r\nЖоғарыдағы келтірілген анықтамалардан кәсіпкерлердің еңбек нарығын құрайтын төрт негізгі элементті атап көрсетуге болады. Олар: сұраныс, ұсыныс, бәсеке және нарықтық баға.\r\n\r\nҚазіргі өндірістерді индустриалды-интеграциялау кезеңіндегі кәсіпкерлік жұмыстар көп жақты құбылыс, оның мазмұнын түсінуде әртүрлі көзқарастырдың қалыптасқаны орынды. Бірқатар зерттеушілер өз көзқарастарын  былайша дәлелдейді. Еңбек нарығы сұраныс пен ұсынысты білдіретін болса да, сатып алушылар мен сатушылардың арасында кеңістік байланыс болуын түсіндіреді. Бұл, айтылғандар, экономикалық георграфиялық түсінік. Ал, екіншілері — кәсіпкерлікті тиісті механизімдермен, мөлшерлермен (нормалармен), институттармен кәсіпкерлердің жұмыс күшін  жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін экономикалық қатынастар жүйесі деп те түсіндіреді. Айтылған көзқарастарға келісе отырып, біз, кәсіпкерлікті, бәсекеге лайықты өнім өндіру жағдайында, кәсіпкерлер мен жалдамалы жұмысшылармен, мемлекет және қоғамдық ұйымдар арасындағы мүдденің теңесуіне жету мүмкіндігін жасайтын қатынас жүйесі деп түсінеміз.\r\n\r\nҚазіргі кездегі көптеген ғалым-экономистер  кәсіпкерлердің еңбектерін сегментке бөлуге назар аудармайды. Біз кәсіпкерлердің еңбектерін зерттеу барысында, әсіресе ауыл шаруашылығындағы  әртүрлі  белгілері бойынша жіктеудің керектігі барына көңіл бөлдік. Оның басты себебі кәсіпкерлікпен әртүрлі  деңгейдегі жұмысшы — қызметкерлер айналасуы мүмкін. Олар аумақтық белгісі бойынша, әлеуметтік статусы бойынша, біліктілігі бойынша, қызметтік белгісі бойынша, жұмыспен қамытылуы статусы бойынша тағыда басқа белгілері бойынша бөлінуі мүмкін ( сурет 1).\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nСурет 1  — Ауыл шаруашылығындағы кәсіпкер жұмысшы-  қызметкерлердің жіктелуі\r\n\r\nЕ с к е р п е — автормен құрастырылған\r\n\r\n \r\n\r\nКәсіпкерлік-көп қатарлы және өте көлемді түсінік, ол бір мағанада емес. Американдық ғалымдардың оқулықтарында бұл жұмыс жүйесі, халықтың сұранысын қанағаттандыратын өнім өндіру, жұмыспен қамту, білім беру, денсаулық сақтау, былайша айтқанда нарықтық экономиканың негізгі бағыты деп тұжырымдайды.\r\n\r\nЭкономикасы дамыған мемлекеттерде кәсіпкерлер экономикалық қарым-қатынас  жасамай бір-бірімен өз жұмысын жүргізуі мүмкін емес. Кәсіпкер әр уақытта өз пайдасын ойлай отырып, басқаның да жағдайына зер салуы тиіс, өзімен қарым-қатынастағы кәсіпкерліктегі әріптестеріне, бұл көзқараста «пайда» сөзінің орнына «өзара пайда» деген сөзді қолданғаны жөн. Бұл жөнінде Англияның оқулықтарында кәсіпкерлік анықтамасы жұмыс, кәсіпкерлер, мекемелер арқылы табылатын табиғи игілік, өндірісті сату және сатып алу, қызмет немесе ақша, өзара пайда алып келетіндігін көздеген мекемелер немесе жеке тұлғалар деген тұжырымдаманы айтады. Сол себепті кәсіпкерлік бір тараптың екінші тарапты алдауына мүмкіндік бермейтін шындық қызмет.\r\n\r\nҚазақстан Республикасы өзінің егемендігін, тәуелсіздігін алғаннан кейін, мемлекетте әсіресе өндірістерде, қызмет көрсетуде, ауыл шаруашылығында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік алды. Бірақта, алғашқы кезде олардың тарихи дамуы қоғамда сапалы жүргізілмеді. Ал, қазіргі кезде бұл кәсіпкерлер экономиканың жасаушы күші ретінде қалыптасып келеді.\r\n\r\nАдамзат, кәсіпорындардың мөлшері бойынша топтарға бөлуде бай тәжірибе жинақтады. Бірақта, барлық елдер үшін ортақ шағын кәсіпорындарды бөлудің қандай да бір ортақ әмбебап өлшемі ғылыми түрде дәлелденген жоқ. Әр мемлекет өзінің ұлтынын ерекшелейтін, экономикасындағы салалық қызметіне байланысты кәсіпорындардың мөлшері бойынша бөлу өлшемдерін белгілеуде.\r\n\r\nАгроөнеркәсіп өндірісі мен оның салаларын да шаруашылық жүргізудің  экономикалық механизімінің мәнін айқындауда зерттеуіміздің транзиттік экономика жағдайында іске асырылып отырылғанын назарға алуымыз керек. Өйткені, көптеген елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, шаруашылықты жүргізудің бір жүйесінен екіншісіне ауысу барысында өндіргіш күштер мен өндірілген тауарларға меншік түрлерінің өзгеруін іске асыру арқылы жүргізіледі. Оны республиканың экономикасының бүгінгі сипаты айқынырақ  көрсетіп отыр.\r\n\r\nЭкономикалық механизм – кәсіпкерлік шаруашылықты жүргізудің қағидаларына негізделген әдісі бола отырып, кез-келген кәсіпорындардың залалсыз қызмет істеуінің мәнін ашып көрсетеді. Экономикалық механизм ұғымына мұндай көзқарас кәсіпорындардың заңда белгіленген шеңберде жұмыс істеуі үшін жағдай жасауды білдіреді.\r\n\r\nЭкономикалық механизм — кәсіпкерлік шаруашылық, өндірістік қатынастар жүйесі, өндіргіш күштер және қоғамның қондырмасы арасындағы өзара іс-қимылдарды көрсетеді. Яғни, ол ең алдымен өндірушілердің, содан соң тұтынушылардың және жалпы қоғамның экономикалық мүдделерін ескере отырып, әр түрлі өндіріс процестерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Өйткені, бұл жағдайда негізгі элемент: біріншісі үшін, залал шекпеу; екіншісі үшін, өнімді пайдалану тілегі; үшіншісі үшін, салық алу мен өркендетудегі өлшемі.\r\n\r\nАгроөнеркәсіп өндірісінде шаруашылық жүргізудің экономикалық механизмнің мән-мағынасы — экономикалық заңдарды негізге ала отырып, онда қалыптасқан шаруашылық байланыстарды реттеудің экономикалық әдістерінің жүйесі. Демек, экономикалық механизм, экономиканы қозғалысқа келтіретін жүйе болып табылады және оған экономикалық заңдар «қызмет істейді» деген көзқарас білдіруге болады (сурет 2).\r\n\r\nЭкономиканы модернизациялау жағдайында мемелекеттік реттеу мен экономикалық механизмнің маңызды элементтерінің бірі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді, өңдеуді және өткізуді қамтитын жоспарлау болып табылатынын әлемдік тәжірибе дәлелдеп отыр. Жоспарлауды, кәсіпкерлік жүргізудің нарықтық механизмінің бір бағыты ретінде қарастыра отырып, «нарық жоспарлаумен үйлеспейді» деген жалған догмадан арылу керек. Нарықтың дамуы ғылыми болжамдаумен және бағдарламалаумен толықтай үйлеседі.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nСурет 2 —  Экономикалық механизм жүйесі\r\n\r\n \r\n\r\nАуыл шаруашылығын жоспарлау және материалдық-техникалық жабдықтау сала кәсіпорындарымен шаруашылық байланыстарды ұйымдасытру негізінде ұдайы өндіріс процесін жандандыруға мүмкіндік алады  және олардың арасындағы қалыптасатын байланыстардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерінің барлығын ескере білуі тиіс. Әрине, жалпы өндірістік және экономикалық қарым-қатынас жүйесінің өзгеруі алдымен меншік түрлеріне және олардың өзгеру қарқынына байланысты екені белгілі. Нарық қатынасына өту барысында меншік түрлерінің жылдам қарқынымен өзгеруі, кәсіпкерлік- шаруашылық жүргізу үлгілерінің  тез өзгеруіне себепкер болады (кесте 1).\r\n\r\nОбъективті экономика заңы мен заңдылықтарына сүйенсек, өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың даму деңгейі, өндірісті шынайы қоғамдастыру заңы аграрлық саладағы шаруашылықтардың көбінің ірі шаруашылық болып қалыптасуына алып келеді.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n1 кесте – Меншік түрлерінің кәсіпкерлік-шаруашылық жүргізу үлгілері\r\n\r\n \r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

Жіктелу белгілері Шаруашылық айналыстардың түрлері
Интеграцияның формасы бойынша Сала ішіндегі, сала аралық
Іс-әрекеттің ұзақтылығына қарай Қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді
Интенсивтілігіне қарай Уақытша, тұрақты
Қажеттілігіне қарай Кездейсоқ, жоспарланған
Мазмұнынға қарай Ұйымдық, технологиялық, экономикалық
Іс-әркеттің тәсілі бойынша Тікелей, делдалдар арқылы

\r\n \r\n\r\nҚазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік стратегиясында жаңа технологияны өндіріске енгізу, жаңа жұмыс орындарын құруға бағдарланған кәсіпкерлікті дамыту мен жетілдіруге басты назар аударылған. Сонымен қатар, мемлекет пен кәсіпорындар арасында дәнекер болып табылатын кәсіпкерлер бірлестіктерінің мемлекет тарапынан тиімді жұмыс істеуіне көмек көрсетуде қарастырылған.\r\n\r\nОңтүстік Қазақстан облысы, республикадағы ауыл шаруашылық саласының дамыған аймақтарының негізгілерінің бірі. Бұл аймақта республика халқының 15%-дан асатын, былайша айтқанда 2,3 млн-нан артығы тұрады. Аймақта халықтың өсуі, оның ішінде еңбек жасындағы белсенді жұмысшылардың көбеюі, оған керісінше өндірістік күштердің баяу дамуы, әлеуметтік — экономикалық мәселелерді тұрақты шешуді қиындатып отыр.\r\n\r\nОсы жағдайды еске ала отырып облыс көлемінде әсіресе, ауыл шаруашылығында кәсіпкерлікті дамыту өзекті мәселелердің біріне айналуда.\r\n\r\nКейінгі жылдары облыс ауыл шаруашылық өнімін өндіруде, оның көлемін өсіруде  біраз табысқа жеткенімен, бұл салада әліде болса пайдаланылмай жатқан мүмкіндіктер жеткілікті. Осыларды іске қосуда кәсіпкерлікті мұнан әрі қарай дамыту керектігін өмір көрсетіп отыр. Бұл туралы мемлекеттің Призеденті   өзінің 2007 жылғы халыққа жолдауында былай деген: — «кәсіпкерлікті дамыту қоры халықтың кәсіпкерлік әлуеті мен бастамашылығын іске асыруға тырысқан түрлі топтары үшін қаржы ресурстары мен сараптама жасауын нақты қайнарына айналуға тиіс».\r\n\r\nОңтүстік Қазақстан облыстық статистикалық басқармасының  мәліметтері бойынша 2006 жылы облыс бойынша  кәсіпкерлік субъектілері 119,0 млрд. теңгенің өнімін (көрсетілген жұмыстар мен қызметтер) өндірген немесе өткен 2005 жыл мен салыстырғанда бұл көрсеткіш 1,3 пайызға артқанын көрсетеді (сурет 3).\r\n\r\n2006 жылы кәсіпкерлікті колдау мақсатында облыстық бюджеттен, «Жергілікті деңгейде шағын кәсіпкерлікті    дамыту   үшін    несиелеу» бағдарламасы бойынша 30,0 млн. теңге қарастырылған. Аталған несиелік  қаржының 9,5 млн. теңге ауыл шаруашылығына, 10,0 млн. теңге ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеуге, 0,5 млн. теңге жылыжай соғуға 10,0 млн теңге қызмет көрсету саласына бағытталған.\r\n\r\nСурет 3  —  Кәсіпкерлік құрылымдардың өндірген өнімінің көлемі (млрд.тенге)\r\n\r\nЕ с к е р т у — Оңтүстік Қазақстан облыстық статистикалық басқармасының  мәліметтерімен құрастырылған\r\n\r\n \r\n\r\n2006 жылдың басында кәсіпкерлік құрылымдарына екінші дәрежелі банктерден – 17,03 млрд. теңге, «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» Акционерлік қоғамның аймақтық филиалы — 38,7 млн. теңге, «Несие беру» Қазақстандық қоры — 1,72 млрд. теңге және «Фермерлер мен кәсіпкерлерді қолдау қоры» қоғамдық қорына — 57,1 млн. теңге несие каражаттарын бөлді.\r\n\r\nҚазіргі кезеңде облыста — 77 микрокредиттік ұйымдар құрылған немесе өткен 2006 жыл мен салыстырғанда 28,0 пайызға өсіп, бұл республикадағы микрокредиттік ұиымдардың үштен бір бөлігін құрап отыр  (кесте 2).\r\n\r\n \r\n\r\n2 кесте  — 2004-2006 жылдар аралығында шағын бизнес кәсіпкерлеріне берілген  кредиттік қаражаттар (млрд.теңге)\r\n\r\n \r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

Көрсеткіштер 2004\r\n\r\n  2005\r\n\r\n  2006\r\n\r\n  2006 ж 2004 .%
Кредиттік қаражат беруші ұйымдар;\r\n\r\nсоның ішінде:\r\n\r\nа) екінші деңгейдегі банктер\r\n\r\nб) микрокредиттік ұйымдар\r\n\r\nв) «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ аймақтық филиалы\r\n\r\nг) ауыл несие серіктестіктері\r\n\r\nд)«Қазақстандық несие беру қоры» Шымкент филиалы\r\n\r\nе)«Оңтүстік Қазақстан облысының  кәсіпкерлерді қолдау қоры»\r\n\r\nж) Облыстық бюджет  \r\n\r\n \r\n\r\n14458,0\r\n\r\n312,0\r\n\r\n \r\n\r\n221,\r\n\r\n \r\n\r\n1476,0\r\n\r\n \r\n\r\n1119,\r\n\r\n21,0\r\n\r\n33,0  \r\n\r\n \r\n\r\n16438,0\r\n\r\n342,0\r\n\r\n \r\n\r\n241,0\r\n\r\n \r\n\r\n1576,0\r\n\r\n \r\n\r\n1139,0\r\n\r\n26,0\r\n\r\n35,0  \r\n\r\n \r\n\r\n19999,0\r\n\r\n794,00\r\n\r\n \r\n\r\n387,0\r\n\r\n \r\n\r\n2205,0\r\n\r\n \r\n\r\n1721,0\r\n\r\n57,0\r\n\r\n30,0  \r\n\r\n \r\n\r\n138,5\r\n\r\n253,3\r\n\r\n \r\n\r\n175,3\r\n\r\n \r\n\r\n149,4\r\n\r\n \r\n\r\n153,9\r\n\r\n264,4\r\n\r\n90,9
Е с к е р т п е — Оңтүстік Қазақстан облыстық статистикалық басқармасының  мәліметтерімен  құрастырылған

\r\nКестедегі мәлеметтердің көрсетуі бойынша 2006 жылы барлық қаражат беруші ұйымдардың ішіндегі, микро кредитті ұйымдар үш есеге жақын, Оңтүстік Қазақстан облысының фермелер мен кәсіпкерлерді қолдау қоры 2004 жыл мен салыстырғанда 2,6 есе несие беруді жоғарлатқан.\r\n\r\nОңтүстік Қазақстан облыстағы  кәсіпкерліктің  даму жағдайын аудандар бойынша талдайтын болсақ, Шымкент қаласы мен Мақтаарал ауданының басым үлестері байқалуда. Шымкент қаласында тіркелген кәсіпкерлік субъектілердің саны 2005 жыл мен салыстырғанда 2006 жылы 27,4% төмендеген, ал Мақтаарал ауданында керісінше 6,1% өскенін көрсетіп  отыр.\r\n\r\nОблыста, ауыл шаруашылғының жалпы өнім  көлемі 2006 жылы тұтас алғанда 100,4 млрд. теңгені (ағымдағы республиканың орташа бағасы мен) құрады. Бұл 2005 жылдың тиісті кезеңі мен салыстырғанда 11,6% артық, оның ішінде мал шаруашылығы —  тиісінше 41,9 млрд.  теңге, немесе 41,6 %, өсімдік шаруашылығы – 58,9 млрд. теңге, немесе 58,4% құраған. 2005 жыл мен салыстырғанда — 16,1 және 5,6% артық. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім  көлемінің басым бөлігі Мақтаарал ауданы – 18,9 % немесе, 17,1 млрд. теңге. Сарыағаш — тиісінше – 15,8 % немесе 14,2 млрд. және Сайрам ауданы 10,3 % немесе, 9,3 млрд. теңгені құрайды.\r\n\r\nОблыс бойынша 2006 жылдың аяғында 70,88 мыңнан асатын шаруа (фермер) қожалықтары тіркелді. Оның 80,7 пайызы, белсенді өнім өндіретін шаруашылықтар қатарына жатады. Шаруа (фермер) қожалықтарының басым көпшілігі агроөнеркәсіп кешеніндегі шитті — мақта өндіретін аудандарда. Мысалы; Мақтаарал ауданында мұндай шаруашылықтардың саны 21,1 мыңнан артығырақ немесе облыстағы барлық шаруашылықтардың 29,8 %; Сарыағаш ауданында тиісінше – 8,5 мың немесе 12 %; Шардарада – 5,3 % немесе 7,5%; Ордабасыда – 4,8 мың  немес 6,8%; Түркістанда 7,4 мың немесе 10,4% құрайды. (кесте 3).\r\n\r\n \r\n\r\n3 кесте — Облыс көлеміндегі ауыл шаруашылығындағы  тіркелген шаруа (фермер) қожалықтар мен онда жұмыс істейтін жұмыскерлердің саны (1.01.2007ж)\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

Аудандар Барлық тіркелген шаруашылықтар Оның ішінде\r\n\r\nөнім\r\n\r\nөндіретіндері Өнім өндіретін шаруашылықтардағы жұмысшылар саны мың адам
саны % саны %
Облыс бойынша\r\n

    \r\n

  1. Арыс қ.
  2. \r\n

  3. Түркістан қ
  4. \r\n

  5. Мақтаарал қ.
  6. \r\n

  7. Ордабасы
  8. \r\n

  9. Отырар
  10. \r\n

  11. Сарыағаш
  12. \r\n

  13. Шардара
  14. \r\n

  15. Басқа аудандар
  16. \r\n

\r\n

70886\r\n\r\n1056\r\n\r\n7402\r\n\r\n24146\r\n\r\n4799\r\n\r\n2747\r\n\r\n8523\r\n\r\n5340\r\n\r\n19871 100,0\r\n\r\n1,4\r\n\r\n10,4\r\n\r\n29,8\r\n\r\n6,8\r\n\r\n3,9\r\n\r\n12,0\r\n\r\n7,5\r\n\r\n28,2 62906\r\n\r\n560\r\n\r\n5796\r\n\r\n20416\r\n\r\n4485\r\n\r\n1683\r\n\r\n8499\r\n\r\n4953\r\n\r\n16498 88,7\r\n\r\n53,0\r\n\r\n78,3\r\n\r\n96,5\r\n\r\n93,5\r\n\r\n61,3\r\n\r\n99,7\r\n\r\n92,7\r\n\r\n83,0 157,0\r\n\r\n1,7\r\n\r\n12,6\r\n\r\n71,2\r\n\r\n84,4\r\n\r\n4,7\r\n\r\n13,9\r\n\r\n15,1\r\n\r\n29,4
Е с к е р т п е — Оңтүстік Қазақстан облыстық статистикалық басқармасының  мәліметтерімен  құрастырылған

\r\n \r\n\r\nҚазіргі нарықтық қатынас жағдайын, ауыл шаруашылығы  кәсіпкерлерді материалдық — техникалық құралдар мен жабдықтайтын өнеркәсіп салалары мен байланыстыратын делдалдар арқылы жүргізілуде. Оның себебі ауыл шаруашылық өндірісінің  өзіндік ерекшелігіне байланысты. Ол, материалдық-техникалық жабдықтаудағы ұйымдастыруы мен жоспарлаудағы  өзгешеліктері. Осындай өзгешеліктердің бірі — ауыл шаруашылығында өндірістік кезеңнің жұмыс кезеңімен тура келмеуі. Мұнда өндірістік уақыт екі кезеңнен құралады: бірінші кезең — тікелей адам еңбегінің әсерімен жасалатын өндірістік процесс кезеңі, екіншісі — табиғи процестердің әсері мен жасалатын кезең. Осы процестер өндіріс нәтижесінде ауыл шаруашылығында, оның қоғамдық сипатына байланыссыз, ұдайы өндіріс табиғи процесі мен әрдайым бірігіп, тұтасып кетеді. Бұл жағдайлар ауыл   шаруашылық өндірісі үшін маңызды экономикалық ерекшеліктер.\r\n\r\nСондықтан да, ауыл шаруашылығындағы барлық құрылымдардың, әсіресе кәсіпкерлердің тиімді жұмыс істеу үшін техникалық жарақтануы жоғары деңгейде болуы тиіс. Шаруашылықтардың кейінгі жылдардағы жабдықтану жағдайын мына төмендегі кестеден көруге болады (кесте 4).\r\n\r\n \r\n\r\n4 кесте — Облыстың ауыл шаруашылық кәсіпорындарының  техникалық базасының  көрсеткіштері (дана)\r\n\r\n \r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

 Көрсеткіштер 2004\r\n\r\n  2005 2006 2006 ж. %\r\n\r\n- 2004 ж. %
Барлық маркалы тракторлар (арнайы машиналар қондырған тракторларды қосқанда) 3379 2931 2199 2131 72,7\r\n\r\n 
Тракторлардың тіркемелері 2399 2133 1825 76,1
Астық кептіргіштер   405 3 10 153 37,8
Дестелегіштер   230 190 121 52,6
Комбайндар:\r\n\r\nАстық жинайтын\r\n\r\nЖүгері жинайтын\r\n\r\nЖем-шөп жинайтын\r\n\r\nМақта жинайтын   690\r\n\r\n57\r\n\r\n123\r\n\r\n313 671\r\n\r\n43\r\n\r\n82\r\n\r\n271 598\r\n\r\n35\r\n\r\n57\r\n\r\n198  \r\n\r\n86,7\r\n\r\n61,4\r\n\r\n46,3\r\n\r\n63,3
Картоп қазатын және жинайтын машиналар   15  13 12 80,0
Қызылша жинайтын машиналар   2  2 2 100,0
Соқалар   953  758 603 63,3
Трактор тырмалары   154  117 87 56,5
Минералды тыңайтқыштарды шашатындар   101  84 50 49,5
Тозаңдатқыштар   158  83 87 55,1
Е с к е р т п е — Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы департаментнің мәліметтерімен  құрастырылған

\r\n         \r\n\r\nСоңғы кездерде,  республикамызда ауыл шаруашылығын техникамен жарақтандыру деңгейін көтеру, ауыл шаруашылығының  өнімдерін өндіру мен өңдеуді тұрақтандыру  мақсатында бірқатар заңды және нормативтік актілер жарық көрді. Сондай құжаттардың бірі — агроөнеркәсіп кешеніндегі лизинг жөніндегі қабылданған ережемен 2000 жылы қабылданған «Қаржы лизингі туралы» заң.\r\n\r\nАгроөнеркәсіп кешеніндегі лизинг (агролизинг) — бұл уақытша пайдаланылмай жатқан немесе арнайы тартылған қаражатты  инвестициялау есебінен, ауыл шаруашылық кәсіпорындарының техникалық жарақтану деңгейін көтеру мақсатында машиналарды, жабдықтарды, көлік құралдары мен материалдарды тағы басқа өндірістік мақсаттарға тұрақты-жағдайларда ұзақ мерзімді жалдау. Яғни, лизинг — бұл арендалық операциялардың бір түрі, аренданың түрі (формасы) немесе басқаша айтқанда, ол құрылымы күрделі мүліктік қатынастар. Оны кәсіпкерлік қызметтің жаңа бір үлгісі деп те айтуға болады ( кесте 5).\r\n\r\n \r\n\r\n5 кесте — Оңтүстік Қазақстан облысының шитті-мақта өндіретін агроқұрылымдарда лизинг тәртібімен алынған техникалар, аудандар бойынша 2007 жыл көрсеткіші\r\n\r\n \r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

Аудандар Барлық\r\n\r\nалынған\r\n\r\nтехника\r\n\r\nсаны Барлық\r\n\r\nқұны млн.\r\n\r\nтеңге Оның ішінде “БРК-Лизинг” АҚ-на техника тапсырылған сұраныстар
“КазАгро\r\n\r\nҚаржы” АҚ Басқа меке\r\n\r\n-мелер арқылы\r\n\r\n 
дана құны дана құны дана құны
1.Арыс\r\n\r\n2.Мақтаарал\r\n\r\n3.Ордабасы\r\n\r\n4.Отырар\r\n\r\n5.Сарыағаш\r\n\r\n6.Түркістан\r\n\r\n7.Шардара\r\n\r\n8.Басқа  аудандар\r\n\r\nОблыс бойынша барлығы 6\r\n\r\n11\r\n\r\n16\r\n\r\n19\r\n\r\n28\r\n\r\n20\r\n\r\n20\r\n\r\n \r\n\r\n158\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n278 9,9\r\n\r\n25,9\r\n\r\n39,0\r\n\r\n9,2\r\n\r\n16,0\r\n\r\n21,2\r\n\r\n14,4\r\n\r\n \r\n\r\n194,6\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n330,2 5\r\n\r\n7\r\n\r\n6\r\n\r\n1\r\n\r\n3\r\n\r\n3\r\n\r\n4\r\n\r\n \r\n\r\n37\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n66 9,5\r\n\r\n24,3\r\n\r\n35,0\r\n\r\n2,0\r\n\r\n6,0\r\n\r\n14,0\r\n\r\n8,0\r\n\r\n \r\n\r\n146,2\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n245,0 1\r\n\r\n4\r\n\r\n10\r\n\r\n18\r\n\r\n25\r\n\r\n17\r\n\r\n16\r\n\r\n \r\n\r\n121\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n212 0,4\r\n\r\n1,6\r\n\r\n4,0\r\n\r\n7,2\r\n\r\n10,0\r\n\r\n7,2\r\n\r\n6,4\r\n\r\n \r\n\r\n48,4\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n85,2 7\r\n\r\n18\r\n\r\n56\r\n\r\n9\r\n\r\n48\r\n\r\n71\r\n\r\n15\r\n\r\n \r\n\r\n110\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n334 10,8\r\n\r\n74,5\r\n\r\n93,4\r\n\r\n18,1\r\n\r\n84,9\r\n\r\n123,1\r\n\r\n36,2\r\n\r\n \r\n\r\n264,1\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n705,1
Е с к е р т п е — Оңтүстік Қазақстан облыстық статистикалық басқармасының  мәліметтерімен  құрастырылған

\r\n \r\n\r\nКестедегі көрсеткіштерге қарағанда лизинг шарт жасау жылдан жылға өріс алуда. 2007 жылға дейін лизинг шартымен барлығы 280-ге жуық техника алынса, 2008 жылдан бастап оның саны – 334-ке жетпек, ал құны 2 еседен артық (230,2-705,1).\r\n\r\nСонымен, ауыл шаруашылық құрылымдарда кәсіпкерлікті дамыту, материалдық-техникалық базаны жетілдіруді талап етеді.\r\n\r\nАуылдағы өндірістерде лизингтік қатынастарды ары қарай дамыту үшін және облыстағы машина трактор паркін жаңарту мақсатында «Ауыл көмек» жабық акционерлік қоғам құрылуда. Оның акционерлері — мемлекеттік мүлік пен коммуналдық меншік жекешелендіру басқармасының департаменті, «МТС агросервис», «Интеграция агрохим» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мен «Алатау» жабық акционерлік қоғамы болып отыр.\r\n\r\nПрезиденттің кейінгі жылдардағы Қазақстан халқына жолдауларында экономиканың тұрақты дамуына бағытталған мәселелердің кең өріс алуы үшін жағдай жасау керектігін, әрбір іскер қазақстандық инновациялық экономикадағы өз орнын табуға тиіс және кәсіпкерліктің жаңа идеологиясын қалыптастыруын керек екенін атап өтті.\r\n\r\nОсындай жаңа инновациялық экономиканы құрудың арқасында кейбір ұйымдасқан өндірістік кооперативтердегі кәсіпкерлер өздерінің құрылымын өзгертуде және экономикалық көрсеткіштері өсуде. Оған мысал, кейінгі үш жылдағы (2004-2006ж.) «Ынтымақ» өндірістік кооперативінің дамуы дәлелдейді (кесте 6).\r\n\r\n \r\n\r\n6 кесте — «Ынтымақ»  өндірістік кооперативінің негізгі экономикалық көрсеткіштерінің динамикасы\r\n\r\n \r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

Көрсеткіштер Бірлік өлшемі 2004ж 2005ж 2006ж 2005ж %\r\n\r\n2004 жылға 2006ж % 2005\r\n\r\nжылға 2006ж\r\n\r\n%\r\n\r\n2004 жылға
Сатылған өнім Мың теңге 47504 58945 75650 124,08 128,3 159,2
Сатылған өнімнің өзіндік құны Мың теңге 41455 48760 56445 117,6 115,7 136,1
Алынған табыс Мың теңге 6049 10185 19205 168,4 188,5 317,5
Қосымша шығындар Мың теңге 1245 2350 3640 188,7 154,9 292,4
Табыс салығы Мың теңге 483 814 1536 168,5 188,7 318
Таза табыс Мың теңге 4321 7021 14029 162,5 199,8 324,7
Рентабельділік % 9,1 11,2 18,5 121,7 165,2 203,3
Жұмыс істейтіндер адам 129 137 150 106,2 109,5 116,3
Орташа  айлық еңбекақы Теңге 13000 17000 22000 130,7 129,4 169,2
Е с к е р т п е– «Ынтымақ»  өндіріс кооперативінің мәліметтерімен  құрастырылған

\r\n \r\n\r\nҚазіргі кезеңде бұл бастамшылық стратегиясында қойылған мақсаттар бірлесіп тиімді жұмыс істеуге кірісе бастады.\r\n\r\nИндустриялық-инновациялық даму стратегиясы ісін жүзеге асыру нәтижесінде өнімнің бәсекелес түрлерін өндіру мен экспорттың көлемінің өсіміне жағдай жасау және экономиканы әртараптандыру, жаңғырту негізінде елдің экономикасының ұзақ мерзімді тұрақты өсімі қамтамасыз етілетінін тәжірибелер көрсетуде.\r\n\r\nРеспублика саяси және экономикалық тұрақтылық жағдайына, жету мақсатында ұзақ мерзімді стратегиялық саясаты негізіндегі инновациялық бағыттарға бет алған мемлекет болып табылады. Осыған орай, көптеген елдердің тәжірибесі қолда бар мүмкіндіктерден бастау қажет екендігін көрсетіп отыр. «Біз іс жүзінде барынша тиімділік беретін үздік халықаралық  тәжірибелерді енгізуіміз қажет», — деп атап көрсетілген Президенттің Қазақстан  халқына жолдауында. Республиканың индустриясын-инновациялық дамытуда кластерлік-желілік әдістемені  қарастыруымыз керек.\r\n\r\nКластер мен экономика өзара тығыз байланысты. Бұл әсіресе кәсіпкерліктің ұлғайып дамуына және өз потенциалын толық жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады. Сонымен, қатар құрылған тауар өндірушілердің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру жолдағы – «Оңтүстік Арнайы Экономикалық Аймақ» болып отыр (сурет 4).\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nСурет 4  — ОАЭА кәсіпкерлік субъектілерінің Оңтүстік Қазақстан  облысындағы кластерлік дамуы\r\n\r\nЕ с к е р т п е – автормен құрастырылған\r\n\r\nБұл, ОАЭА инвестицияларды тартуға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында кәсіпкерлік қызметпен айналысатын субъектілерге кедендік құжаттарды рәсімдеуде және салық төлемдеріне арнаулы жеңілдіктер енгізу қолға алған. Бұл  шаралар кәсіпкерліктегі жаңа кәсіпорындардың ашылуына позитивтік ықпал етіп, облыстағы нақтылы сектордың дамуына жаңа өріс береді. Ауыл шаруашылығындағы, әсіресе мақта өндірісімен айналысатын кәсіпкерлердің дамуына теріс әсерін тигізіп отырған негізгі мәселелердің бірі шаруа (фермер) қожалықтардың ұсақ құрылымдардың көптігі.\r\n\r\nБұл мәселе жөнінде мемлекет Президенті 2005 жылғы қаңтар айының 31 жұлдызындағы республикалық ауыл шаруашылық мәселелеріне арналған кезекті Кеңесте, ауыл шаруашылығының дамытудың жаңа кезеңі басталды деген сөзінде, — «қазір ауыл шаруашылығында ұсақ құрылымдар басым. Олар қазіргі замандағы аграрлық технологияны тиімді қолдана алмайды. Болашақта ауыл шаруашылығында орта және ірі тауар өндірушілердің көбеюіне сенім мол. Халқаралық тәжіребе оны растайды», – деген ойды айтты.\r\n\r\nОсыны ескере отырып, тұрақты және мол көлемде өнім өндіру үшін кейінгі жылдары ( 2007 жылдан бастап) Қазақстанда, оның ішінде Оңтүстік Қазақстанда ұсақ шаруа қожалықтар өз еркімен біріктіріліп ірі және орта өндірістік кооперативтер ұйымдастыруды қолға ала бастады ( кесте 7).\r\n\r\n \r\n\r\n7 кесте — Оңтүстік Қазақстан облысының аудандары бойынша мақта өндіретін құрылымдардың ірілену жағдайы  1.10.2007 жыл\r\n\r\n \r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

Аудандар Шаруа қожалықтардың барлығы Оның ішінде іріленгенге қосылғандары
саны барлығы % саны барлығы %
\r\n

    \r\n

  1. Арыс
  2. \r\n

\r\n2.Мақтаарал\r\n\r\n3.Ордабасы\r\n

    \r\n

  1. Отырар
  2. \r\n

  3. Сарыағаш
  4. \r\n

\r\n6.Түркістан\r\n\r\n7.Шардара\r\n\r\nОблыс бойынша барлығы

1342\r\n\r\n21186\r\n\r\n4304\r\n\r\n3188\r\n\r\n8186\r\n\r\n7346\r\n\r\n5340\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n50880 2,6\r\n\r\n41,6\r\n\r\n8,5\r\n\r\n6,3\r\n\r\n16,1\r\n\r\n14,4\r\n\r\n10,5\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n100,0 233\r\n\r\n3739\r\n\r\n928\r\n\r\n313\r\n\r\n1229\r\n\r\n1940\r\n\r\n1362\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n9744 17,4\r\n\r\n17,9\r\n\r\n21,6\r\n\r\n10,0\r\n\r\n15,4\r\n\r\n26,4\r\n\r\n25,5\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n19,2
Е с к е р т п е- Оңтүстік Қазақстан облыстық статистикалық басқармасының  мәліметтерімен  құрастырылған

\r\n \r\n\r\nКестедегі көрсеткіштерге қарағанда 2007 жылдың соңына таман облыстағы 51 мыңға жуық мақта өндіретін шаруашылықтардағы, шаруа қожалықтарының 19,0 пайызынан асатыны ірі және орта өндірістік кооперативтерге өз еркімен, өз жеке меншік пайларымен бірге бастаған. Олардың бірігуі, ондағы жұмыс істейтін кәсіпкерлердің тиімді жұмыс атқаруына, сапалы, мол көлемде өнім өндіруіне мүмкіндік жасай бастады. Мысалы; Ордабасы ауданындағы мақта өндіретін өндірістік кооперативтегі кәсіпкерлер, К.Спатаев атындағы 2007 жылы өздеріндегі 240 гектарлық мақталық егістіктен, әр бір гектарынан 29,4 центнерден шитті-мақта өнімін өндіріп коллективтің тиімділігін 46,1 пайызға көтерді. Ал, Шардара ауданындағы (Бірлік) өндірістік кооперативіндегі кәсіпкерлер әрбір гектардан 36,4 центнерден мақта өнімін өндіріп, өндірістің тиімділігін 53,2 пайызға жеткізді т.б.\r\n\r\nКәсіпкерлердің тиімділігін арттыратын, бәсекелікке лайықты өнім өндіретін мәселелердің бірі — өндірістік кооперативтерді тездетіп ұйымдастыру керектігі туып отыр. Бұл жөнінде мемлекеттің Президенті 2007 жылғы наурыз айының 5 жұлдызындағы агроөнеркәсіп кешеніндегі мәселелеріне арналған республикалық кеңесте сөйлеген сөзінде бұл жөнінде тағы да тоқтала келіп быйлай деді: -«Республикамызда әзірге ұсақ тауарлы қара дүрсін технологияны пайдаланатын бытыраңқы өндірістер көп болып тұр. Ал, енді айтарлықтай экспорттық әлеуеті бар бірде-бір консерн жоқ».\r\n\r\nОсыны ескере отырып Оңтүстік Қазақстан облысындағы ауыл  шаруашылығындағы, 2007 жылдың басындағы, 67,5 мыңға жуық кіші шаруа қожалықтары өз еркіменен біріктіріліп, іріленген 9170 өндірістік кооперативтер ұйымдастырылды. Бұл процесс кәсіпкерлердің тиімді, сапалы жұмыс істеуіне мүмкіндік жасайтын жолдың бірі, оны көптеген кооперативтердің тәжірибелері көрсетіп отыр. Бұған мысал ретінде «Ынтымақ» өндіріс кооперативінің 2007-2009 жылдарға арналған экономикалық   болжам көрсеткіштерін айтуға болады\r\n\r\n( кесте 8).\r\n\r\n \r\n\r\n8 кесте  —  «Ынтымақ» өндірістік кооперативінің  экономикалық қаржылық жағдайына болжам  (млн. теңге)\r\n\r\n \r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

№\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n1\r\n\r\n2\r\n\r\n \r\n\r\n  Негізгі\r\n\r\nкөрсеткіштер 2004-2006жж\r\n\r\n(орта есеппен) Орташа\r\n\r\nжылдық өсім 2006ж нақты 2007ж\r\n\r\nнақты 2008ж\r\n\r\nжоспар 2009ж\r\n\r\nжоспар
Сатылған өнім 60,699 14,073 75,150 93,500 120,104 151,322
Алынған Табыс 11,813 65,78 19,205 34,901 60,808 108,023
 \r\n\r\nТаза табыс 8,457 4,854 14,029 25,305 45,012 85,523
Е с к е р т п е – «Ынтымақ»  өндіріс кооперативінің мәліметтерімен  құрастырылған

\r\n \r\n\r\nКестедегі көрсеткендей 2009 жылы сатылған өнімнің өсуі екі еседен артады, 2004-2006 жылдарға қарағанда. Ал, алынатын таза табыстар сәйкесінше 14 пайыздан 85,5 пайызға өседі.\r\n\r\nСоныменен, Оңтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпорындардағы жұмыс істейтін (өнім өндіретін) кәсіпкерлердің жұмысын зерттеу және талдау барысында, олардың агроқұрылымдардағы ерекшілігін ескере отырып тиімді және тәртіпті түрде мәселелерін шешу үшін ұтымды бағдарламалар қабылданып оларды жүзеге асыру мәселесі өзекті жұмыстардың біріне айналуда.\r\n\r\nҚОРЫТЫНДЫ\r\n\r\n \r\n\r\nЖұмысты қорытындылау барысында, негізгі тұжырымдамалар жасалынып, зерттеу нәтижелерінен ауыл шаруашылығындағы кәсіпкерлердің істерін (бизнесін) дамыту үшін мынандай ұсыныстар тұжырымдалды:\r\n

    \r\n

  1. Нарықтық қатынас жағдайында, кәсіпкерлік – күрделі және көп мағыналы мәселе. Ауыл шаруашылығындағы бұл жұмыс, агроөнеркәсіп кешенінің экономикасын дамыту үшін, жұмыскерлер мен жұмыс берушілер (кәсіпкерлер) арасындағы нақты қарым қатынастар жиынтығы және ол тікелей мемлекеттің, кәсіпорындардың ықпалында болады. Осыны ескере отырып, зерттеу барысында ауыл шаруашылық саласындағы кәсіпкерлікті қалыптастыру заңдылықтары және оның көп тармақты экономикадағы негізгі факторлары мен әдістемесі талданған.
  2. \r\n

  3. Ауыл шаруашылық саласындағы кәсіпкерлікті реттеу (жетілдіру) барысында дүние жүзіндегі экономикасы дамыған мемлекеттердің бағдарламалары мен үлгілері зерттеліп, олардың негізінде республикадағы, оның ішінде аймақтардағы ұтымды кәсіпкерлікті жетілдірудің мынандай бағыттарын ұсынуға болады:
  4. \r\n

\r\n-кәсіпкерлікті жетілдіруге бағытталған еңбек заңдарының тұрақтылығын негіздеу, ол үшін кәсіпкерлерден алынатын салық мөлшерін төмендету,ал кейбір кәсіпкерлерге салынатын салық мөлшері 0,1 пайыздан көтермеу және салық төлеуден толық босатуды қарау;\r\n\r\n- республикадағы кәсіпкерлік қатынастарды дамыту, халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) қолдауымен, халықаралық стандартқа сәйкестігін қамтамасыз ету;\r\n\r\n- мемлекеттік жұмыспен қамту қызметі керектігін жандандыру, халықты жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламаларын дамытуға айрықша назар аудару;\r\n\r\n-кәсіпкерлік жұмысты дамыту үшін әлеуметтік әріптестік институттарын, олардың жүйесін тұжырымдау, әдістемелік, теориялық және тәжірибелік негіздерін құру;\r\n\r\n-жұмыссыздарды әлеуметтік қорғауда белсенді шаралар қолдау негізінде, оларды тиімді бағалау қажет.\r\n

    \r\n

  1. Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылық саласының кәсіпкерлік ерекшеліктерін айқындай отырып, осы кезеңдегі саланың дамуы жағдайындағы жұмыспен қамтылғандар үлесі қалаларға қарағанда ауылдық жерлерде төмендеу болып отыр. 2007 жылы кәсіпкерлік жұмыстың тиімділігі бұрынғы жылдармен (2004-2006) салыстырғанда 48,4% — дан аспаған. Мұның басты себебі, әлде болса ауыл шаруашылығындағы кәсіпкерлердің тиімді жұмыс істеуіне толық жағдай жасалмаған. Мысалы; тозған техникамен жұмыс істеуі, жаңа техника алуға қаржының жетіспеуі, техниканың қымбат бағалылығы, еңбек ұйымдастырудағы және еңбек ақы төлеудегі кемшіліктер, ерекшеліктер, шаруа (фермер) қожалықтарында жаңа технологияны және техниканы қолданбауы тағы басқалар.
  2. \r\n

  3. Ауыл шаруашылығында кәсіпкерлердің жұмысын реттеуді жетілдіру, ондағы жұмысшы – қызметкерлердің әлеуметтік жағдайларын қорғау үшін кәсіби жағынан оларды дайындау және қайта дайындау бағдарламаларын қабылдаудың қажеттілігі тууда. Сонымен бірге, кәсіпкерлікпен айналысатын тауар өндірушілердің тиімді жұмыс істеуіне мемлекет тарапынан қолдау жасау, кәсіпкерлікке мамандандыру, оған инвестиция тарту.
  4. \r\n

  5. Ауыл шаруашылығында тауар өндірушілердің өнімдерін өңдеумен қайта өңдеудің кластерлік жүйесін қалыптастыру барысында, жаңа жұмыс орындарын ашудың мүмкіндіктерін қарастыру. Сонымен бірге, кәсіпкерлікті келешекте дамыту үшін ауыл шаруашылығындағы құрылымдарымен ұйымдардың қазіргі кезеңдегі өндірістік қуаттарын толық және тиімді пайдалану.
  6. \r\n

  7. Агроөнеркәсіп кешенді реформалауда республикадағы ауыл шаруашылық саласындағы кәсіпкерлерге шаруашылық жүргізудің өз жолын таңдауға мүмкіндік беру. Меншік иелеріне экономикалық дербестілігін сақтай отырып, өзінің әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғайтын ірі құрылымдарды (өндірістік кооперативтерді) ұйымдастыру. Интиграцияның мұндай жолы кәсіпкерлердің тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік жасайтынын дүние жүзіндегі экономикасы дамыған мемлекеттердің тәжірибесі көрсетіп отыр. Бүгінде әлемде жетпістен астам мемлекеттің, жүз жетпіс ұлттық одағын біріктіріп халықаралық кооперативтік альянсқа бірігіп алты жүз млн — нан аса кооперативтер жұмыс істеуде.
  8. \r\n

  9. Ауыл шаруашылығындағы кәсіпкерлердің материалдық — техникалық жабдықтау жүйесін дамыту үшін:
  10. \r\n

\r\n-   техника, энергетика және материалдық ресурстардың бағасының жоғары болуына байланысты, ауылдық тауар өндіруші кәсіпкерлердің төлем қабілетін көтеру үшін, ресурстар өндіруші салалардың қуаттылық деңгейін толық пайдалану мақстатында, лизинг негізінде қызмет көрсету заңын “Қаржы лизингі туралы”, заңын жетілдіру қажеттілігі туып отыр;\r\n\r\n- өндіріс құрал — жабдықтар нарығында бәсекелестіктің болмауы жағдайында ресурс өндіруші сала кәсіпорындардың монополистік үстемдігін сақтауда. Осыны жою үшін, ресурс өндіретін кәсіпорындардың санын көбейту, сол арқылы өнеркәсіп өнімдері мен ауыл шаруашылық өнімдері арасындағы баға паритетін теңестіру;\r\n\r\n- лизингке берілетін техникалардың пайызын кәсіпкерлер үшін  төмендету және лизинг беру мерзімін ұлғайту;\r\n\r\n- ауыл шаруашылығында тауар өндіруші кәсіпкерлерді мемлекет тарапынан техника жөнінде сараптамалық бағдарлама қабылдау, ол үшін біртұтас техникалық саясатты жүргізу.\r\n

    \r\n

  1. Оңтүстік Қазақстан облысында «Еркін Экономикалық Аймақ» (ЕЭА) құру, сол арқылы мақта кластерін жетілдіру, облыстың экономикалық дамуына оң әсерін тигізумен қатар, бүкіл республиканың әсіресе, мемлекеттің дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ ) кіруіне және экономикасы дамыған елу мемлекеттің қатарына енуіне мүмкіндік беретін, отандық ауыл шаруашылық өнімдерін бәсекелікке қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік жасайтынын ескере отырып, банк жүйесіндегі микрокредиттік жүйені жетілдіру керектігі туып отыр.
  2. \r\n

\r\nБұл мәселе ауыл шаруашылығындағы өнім өндіретін және қызмет көрсететін кәсіпкерлер үшін, жергілікті ауылдық жерлерде “Бір терезе қағидасы” бойынша қаржы маркетингін қалыптастыру, бизнесті қолдайтын арнаулы алаңдар, инновациялық және ғылыми венчурлық өндірістерді құру олардың өндірістегі кәсіпкерлермен байланысын реттеуді жолға қоюға мүмкіндік береді.\r\n

    \r\n

  1. Мемлекет Президентінің наурыз айының бірінші жұлдызындағы 2007 жылғы, Қазақстан халқына жолдауындағы кәсіпкерлерді дамыту жөніндегі қойған талабын іске асыру үшін, ауыл шаруашылық саласында жоғарғы ірі техниканы тиімді пайдалану, кәсіпкерлік жүйені ұқыпты түрде іске қосу үшін, несиелерді, басқада ресурстарды тиімді пайдалану мақсатында ауыл шаруашылығындағы тауар өндіруші кәсіпкерлерді өндірістік кооперетив жүйесінде жұмыс істеуге ұйымдастыруды мемлекет тарапынан қолға алу, ұсақ тауарлы өндірістерге бағытталған құрылымдарды қысқарту, ақпараттық – маркетингтік жүйесін дамыту, бұл жөнінде “Ынтымақ” өндірістік кооперетивінің тәжірибесін пайдалану ұсынылады. Бұл жүйе қорларды пайдалану, лизингі жүйесін дамытуды, машина технологиялық станциялардың тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік жасап, кәсіпкерлердің еңбек ұйымдастыруына және еңбек ақы төлеудің жаңа жүйесін енгізуге мүмкіндік береді.
  2. \r\n

\r\n \r\n\r\nДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ТАҚЫРЫП БОЙЫНША БАСПАҒА ШЫҒАРЫЛҒАН ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАР ТІЗІМІ\r\n\r\n \r\n\r\n1 Кәсіпкерліктегі инновацияны дамытудағы негізгі қатынастарға әсер етуші жағдайлар. //  С. Сейфуллин атындағы Аграрлық университет «Ғылым жаршысы» журналы № 2(49) / —  2008 жыл 7 б.\r\n\r\n2 «Ынтымақ» өндірістік кооперативінің 2007-2010 жж. Арналған қаржылық жағдайының болжамын талдаудың маңызы. // С. Сейфуллин атындағы Аграрлық университет «Ғылым жаршысы» журналы № 3(50) / —  2008 жыл 7 б.\r\n\r\n3  Основные направления научно-технического прогресса и его роль в развития агропромышленного комплекса (на материалах ЮКО хлопководства)  // Международная  научно-практическая конференция «Качество образования: менеджмент, кредитная система обучения, достижения проблемы» в рамках Y Сатпаевских чтений, посвященная 15-летию независимости РК 12-14 апреля 2006 года 4 п.л.\r\n\r\n4 Агроқұрылымдарда кәсіпкерлікті дамытудағы қаржылық жағдайының болжамын талдаудың маңызы.// Гумелев атындағы ЕҰУ «Хабаршы» журналы № 1(63) экономикалық серия 2 шығарылым     —  2008 жыл 11б.\r\n\r\n5 Ауыл шаруашылық өндірісте  еңбекті ұйымдастыру, ақы төлеуді жетілдіру. //Халықаралық бизнес университеті «Хабаршы» журналы №3      2008  ж 5б.\r\n\r\n6 Агроқұрылымдағы кәсіпкерлерде шаруашылық механизімін жетілдіру.// Қ.А.Ясави атындағы Халықаралық Қазақ Түрік унверситеті «Хабаршысы» журналы   № 1 (61) 2008 жыл 5б.\r\n\r\n7 Повышение эффективности агропромышленного комплекса в ЮКО (на примере хлопководства) // Труды  международной-научно практической  конференции Ауезовские чтения -3  Южно-Казахстанский Государственный Университет именим М.О.Ауезова том –IY 27-30 ноябрь, Шымкент 2001 год 6 п.л\r\n\r\n8 Состояние и некоторые вопросы развития сельскохозяйственного производства.// Алматинский институт экономики  и статистики. 10 лет  независимости  Казахстана  матриалы  международной  научной конференции «Региональные проблемы реализации рыночных реформ  на постсоветском пространстве»  І-часть Актобе  2001г 7 п.л.\r\n\r\n9 Аграрлық өндірістік кешенінің даму жолындағы  ғылыми техникалық прогрестің әсері // Халықаралық ғылыми конференция Қазақстан экономикасының тұрақтануынан кейінгі (кейбір) даму моделі, 1 бөлім, маусым 6-7. Алматы 2001 ж 5 б.\r\n

    \r\n

  1. К вопросу развития мирового хлопка и роли в ней стран СНГ // Научные труды ЮКГУ им. М.О. Ауезова Шымкент № 2-3 2002 г. 4 п.с 6 п.л
  2. \r\n

\r\n11  Особенности рынков сбыта и положение в них отечественных товаропроизводителей //  Научные труды ЮКГУ им. М.О. Ауезова Шымкент № 2-3 2002 г. 4 п.с

Агрегаттар және арқан техникасы бар ұңғы iшiндегi жұмыстарға арналған жабдық

0

Жоспары\r\n

    \r\n

  1. Қазіргі уақытта ұңғымалардың пайдаланылуы
  2. \r\n

  3. Түсірмелі-көтермелі арқан техникасы
  4. \r\n

  5. Арқанды техникада қолданылатын жабдықтар сапасы
  6. \r\n

  7. Арқан жұмыстарындағы қондырғылар конструциясы
  8. \r\n

  9. Қолданылған әдебиеттер
  10. \r\n

\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nҚазіргі уақытта ұңғымалардың пайдаланылуы  олардың iшiнде үлкен әр түрлі жұмыс санының периодты түрде орындалып, түсірілген жабдықтармен жұмыстар жүргізілуде.   Бұл жұмыстар, ұңғыма-қойнауқат параметрлерінің өлшемдеріне қатысты, көтергiштiң элементтерiнiң ауысымымен, ұңғыманың жер асты жөндеуi, қабаттың клапан-айырғышын  құрастыру немесе бұзуымен бұрындары орындалған  немесе СКҚ  түсiрiлетiн және  көтерiлетiн бағаналары көмегiн қолданған, немесе  СКҚ бағаналарының қажеттi көтерулерiн жасады. Мұндай әдiстер ұзаққа созылады, сыйымды, олардың орындалуы бұрқақты ұңғыма кезінде немесе ұңғыма тұншықтыруынан кейiн, немесе қысым кезінде.\r\n\r\nБұл жұмыстарды соңғы жылдары СКҚ көтермей-ақ бірте-бірте арқан, кабел және сым арқылы орындай бастады, олар ұңғымаға саға жабдығы арқылы өтетін арнайы құрылғылармен жабдықталған, әсер етуші, ұңғыма ішіндегі жабық оларға басқаруға мүмкіндік береді және ұңғымадағы құрылғыларды көтеріп тусіруге, көптеген жұмыстарды ұңғыма ішінде атқаруға, оны тазалау, жуу, химиялық өңдеуі, құбырды көтермей-ақ және СКҚ бағаналарының көмегінсіз жүзеге асады.\r\n\r\nМұндай жұмыстардың орындалуы үшiн арқан арқылы, кабел немесе сым көмегiмен жиі арқан жұмысы деп аталатын ұңғы iшiндегi жұмыстарының көлемі үздiксiз өсiп келе жатқан тiптi үлкен орындалатын арқан жабдықтың дербес тобы негiзiнде соңғы кезде құрылды.\r\n\r\n \r\n\r\nXVI.10.сурет. Жалғағыш бас: а-сым үшін; 1-корпус; 2-серіппе; 3- қанжыға; 4-ролик; 5-сым; б-арқан үшін; 1-корпус; 2-төлке;3-қысқыштардың корпусы; 4-бұрандалар; 5-аударғыш; 6-арқан\r\n\r\nБұл жабдық ұңғымаға ұңғы iшiндегi жабдық әсер ететiн әр түрлi жинақтау құрылғы жарақтанған арқанның өткiзуге арналған ұңғыманың саға жабдығынан арқан, кабел немесе үлкен ұзындықты сым және арқан ұңғымаға бағдарлаушы түсетiн көтергiш агрегаттан тұрады.\r\n\r\nАрқанды жұмыстар ұңғыма іші қондырғыларының конструктивті орындалуының өзгеруі және арқанды техника арқылы басқарылуы арқасында қолжетімді әрі тиімді болды. Қазіргі уақытта бұл құрылғы үлкен конструктивті нұсқа санына әртүрлі орындауда және операция орындау шарттарына ие.\r\n\r\nЖағдайлардың көпшiлiгiнде ұңғы iшiндегi жұмыстар қысыммен орындалады, бұл арқанның ұңғымаға кіру аймағында герметизациясының қажеттiлiгiн және қабаттық сұйықтың және газдың  ағып кетпеуін қажет етеді.\r\n\r\nТүсірмелі-көтермелі арқан техникасын қарастырамыз.\r\n\r\nАрқанды техникада сым болаттардың коррозиясына қарағанда табанды қоспасыз болаттан тоқылып жасалған берiктiгi жоғары арқандарды қолданады. Болаттардың ұқсас маркаларынан немесе ұңғымалардың зерттеу өлшемдеріне қатысты жұмыстарға арналған сым да өндiрiледi.  Ұңғы iшiндегi жұмыстарының барлық түрлерiн орындауға сөзсiз шарттар арқан немесе сымның  барлық ұзындығында бұзылулардың және тоғысқан жерлерiң жоқтығы  болып табылады.\r\n\r\nАспаптар деп жиі аталатын жалғағыш бас арқан мен ұңғы iшiндегi жабдық арасында аралық буын және басып алуға арналған  iлiп қойылатын құрылымдардың қызметін көрсетедi.\r\n\r\nКонстукция басы сымның немесе (XVI.10-шi сурет) арқанның сенiмдi бекiтілгенін қамтамасыз етуi керек.  Сым жалғағыш басы  сым оралған  роликті 4 корпустан 1 тұрады. Бас амортизация үшiн ерiмен 3 серiппемен 2 жабдықтаған. Бастың корпусының жоғарғы саңылауы және епелегi бар серiппе арқылы өткiзiлген сым роликке  өзiне белгiлi бiр саны бар ораммен оралады. Бастың корпусының астыңғы жағында аспабпен  қосуға арналған ою болады. Мұндай жалғағыш бастың конструкциясы бөлімшенің түзімен бітелу аймағындағы сымның тең беріктігін қамтамасыз етеді.\r\n\r\nАрқанға арналған жалғағыш бастың конструкциясына арқанның бiтеу әдiсімен, бәсеңдеткiштiң жоқтығы және тығынның бар болуымен айырмашылығы болады. Сым тәрізді сонымен қатар арқанды жалғағыш бас аспаппен ою арқылы  жалғанады.Арқан немесе сым жұмыс iстегенде үзiлiп кете алады, және де олардың бiтеу аймағында жиiрек.\r\n\r\nБасты үш топқа бөлшектеуге болатын әр түрлi мақсатты құрылымдардың үлкен саны аспап ретiнде қолданылады. Бiрiншi топқа екпiндi әсердiң аспабы жатады — яссы, сонымен бiрге тұрбалар бағаналарының циркуляциялық клапандары және ажыратқыларының басқаруға арналған құрылымы, екiншi — қондыру құрылғысы, құлыптар, басып алу-бекiткiш және қондырылатын бағдарлаушы аспап, аулағыштар; үшiншi топқа — үлгiлер, мөр, қырғыштар, желонкалар.\r\n\r\nАспап кешенi арқан жұмыстарында (XVI.11,а,б сурет) жиi қолданылатын сым басымен 1 бiрлескен жүк таситын штангадан 2, топсадан 3, гидравликалық яссыдан 4, механикалық яссыдан 5, қондыратын аспаптан 6, құлыптан 7, ауыстырғыштан 8, теңгер клапаннан  9 тұрады. Позициямен 10  ұңғы iшiндегi жабдығы белгiлелген. Бұл аспап көбiнесе арқан жұмыстардың көп бөліген орындауға есептелiнген. Ұңғы iшiндегi жабдықтары шығаруда бұл құрастыруға қондыру құрылғысын аулағышпен ауыстырылады.\r\n\r\n \r\n\r\nXVI.11.сурет. Ұңғыма аппараттары бар арқан жұмыстарына арналған  аспап\r\n\r\nАспаптың құрамына ұңғы iшiндегi жабдығының циркуляциялық клапандарын ашып немесе жабуға және бағананың ажыратқысымен басқаруға мүмкiндiк беретiн құрылымдар кiредi.\r\n\r\nЯссы бiлiктi екпiндi жүктеменiң жасауына арналған:  механикалық — жоғары немесе төмен бағытталған соққыға гидравликалық — тек қана жоғары. Механикалық яссы (XVI.12.сурет) iшiнде еркiн жылысқан штоктi корпустан 1 тұрады.  Шток 2 құлағанда соққы төмен жасалады, қатты көтерумен — соққы жоғары жасалады.\r\n\r\nXVI.12.сурет Механикалық яссы\r\n\r\nГидравликалық яссы механикалық яссыға қарағанда конструктивтi жинақы үлкен күштiң соққысын жасауға қамтамасыз ете алады. Гидравликалық яссы — бiр реттi әсердiң автоматты құрылымы. Яссы, оның корпусы болатын цилиндрдан тұрады. Оның астында кеpi клапаны бар плунжер отырғызылған. Плунжердiң үстiндегі цилиндрдың қуысы арнайы сұйықпен толтырылады. Яссының астын механикалық яссының штогiмен ою арқылы жалғастырады. Арқанның (сым) керiлiсi 3000 Н дейін плунжердiң орын ауыстыруын және бiр уақытта плунжер асты қуысына сұйықтың құйылуын және өсiп келе жатқан  штоктiң қозғалыс жылдамдығын қамтамасыз етедi, және жоғарғы тiреу бойынша соққымен бітеді. Соққы ұңғы iшiндегi жабдығына механикалық яссы арқылы берiледi.\r\n\r\nСуретте  XVI.13  шлипсті құлып (рис.XVI.13, а), қондыру құрылғысы (рис.XVI.13,б) және аулағыштың (рис.XVI.13,в) конструкциясы көрсетiлген.\r\n\r\nКөрсетілгені бойынша, арқан жұмыстарына арналған аспаптың саны тiптi түбегейлi, ал номенклатурасы өсуді жалғастырады. Бұл жерде оның тек қана арқан техникасына өте тән негiзгi түрлерiнің орындаулары қарастырылған.\r\n\r\nЖабдықтың  саға бөлiгi құрылымдардың ұңғымаға рұқсатнамасы үшін сымға немесе арқанға iлiнген, ұңғы iшiндегi жұмыстарының уақытша орындалуы жоғарғы бөлiктегi фонтандық арматурада, жағдайлардың көпшiлiгiнде жоғарыда-буферлiк жапқышта шырша құрастырылады.\r\n\r\nҰңғыма іші жұмыстары кезіндегі ұңғыма сағасының және саға жабдығының салыстырмалы орналасуы XVI.14 суретте көрсетілген. Көрініп тұрғандай, тік габарит саға жабдығы фонтанды арматурамен бірге үлкен болғандықтан қызмет көрсетуді қиындатады.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nXVI.13.сурет Шлипсті құлып, қондырмалы құрылғы және ұстағыш\r\n\r\nҰңғы iшiндегi жұмыстарға арналған саға жабдығы бiр жағынан, өткiзiлетiн арқан немесе сымның герметизациясын, екінші жағынан — монтажға дейiн, оның iшiне ұңғыма құрылымдарын, КИП және ұңғы iшiндегi жұмыстарға\r\n\r\n \r\n\r\nXVI.14.сурет Саға жабдығы ұңғыма клапандарымен жұмыс істеуге арналған: 1-үшсекциялы лубрикатор; 2-тығыздаушы; 3-превентор; 4-аударғыш; 5-бағыттаушы ролик; 6-зарядтаушы клапан манометрмен; 7-діңгек; 8-төл жүйесі; 9- шынжырлы жиыстырма\r\n\r\nарналған аспаптардың орналастырылуына алдын ала мүмкiндiк беруін қамтамасыз етуi керек. Бұл жағдайда герметизаторлардың сенiмдiлігі олардың ұңғыма жұмыстары барысында істен шығу ықтималдығын ескермеуі қажет.\r\n\r\nЖабдықтың саға бөлiгi  шкивтерден, герметизатордан, бiрнеше секциялы тұрбалардын тұратын, диаметрi және ұзындығы ұңғымаға түсiрiлетiн құрылымдардың габаритiне сәйкес келуi керек болатын лубрикатордан, сонымен бiрге ұзақ жұмыс iстегенде авария ахуалдарының мүмкiндігіне қатысты превенторлардан тұрады. Лубрикатордың қуысындағы қысымды түсіруге арналған дәрежелiк шұралар және манометр лубрикатордың төменгі жағында орналасады.\r\n\r\nКонструкциясы бойынша қарапайым  лубрикаторлар ұңғымаға ұңғыманы зерттеуге арналған құралдарды түсіруге қолданылады, күрделi конструкциялы лубрикаторлар — ұңғы iшiндегi жабдығы бар жұмысқа қолданылады.\r\n\r\nДiңгек сағадағы жабдықтың құрастыруына және бұзуына қызмет көрсетедi.\r\n\r\nМұнай және газ капилляр сымнан жасалған бұрымдары каналдары арқылы өткенде қозғалатын арқан күйiнде сағасының  герметизацияны қамтамасыз ету тiптi күрделi.\r\n\r\nСаға жабдығында арқанды және сымды герметизациялаудын екi қағидасы қолданылады: гидродинамикалық сылаумен тығыздау құлама қысым есебiнен саңылауда бағдарлаушы профилдеуші төлке және арқан аралығында  пайда болады, үйкелiс бетi бағыттаушы төлке және арқан аралығында саңылауға басып тығыздалатын сылаулармен бөлiнгенде, гидростатикалық сылаумен тығыздалады. Бiрiншi әдiс толық тығыз бекiтілудi қамтамасыз етпейдi, өйткенi тек қана ағып кетулер болған жағдайда тығыздағыш арқылы iске асырамыз, екiншi әдіс толық тығыз бекiтiлудi қамтамасыз етедi.\r\n\r\nЖабдыққа гидродинамикалық сылаумен тығыздауды қолданғанда ағып кетулердi жинауға арналған құрғату тұрбаларымен лубрикатор байламдары қосылады. Гидростатикалық сылау кезінде жабдық сылауды беруге арналған сорап станциясымен толықтырылады.\r\n\r\nГерметизаторларды (XVI.15. сурет) құрастыру, жасау монтажы олардың  оңайлығына қарамастан, жұмыстың күрделi шарттары, жоғары қысымдар, ортаның басқыншылығы, сығымдалатын арқанның күрделi бетi, арқанның жоғары  қозғалыс жылдамдықтары және сенiмдiлiк талаптары көп ықылас бiлдiрілетін тәжiрибеде мұнай газ өндірісі жабдықтарын жасау тiптi күрделi және жауапты процесс болып табылады. Бұнымен, жеке алғанда үлкен нұсқа саны қолдану алған герметизаторлар түсіндіріледі.\r\n\r\n \r\n\r\nXVI.15. сурет. Герметизаторлар    а-қолмен басқарылатын; 1-тығыздағыш; 2-қысатын төлке; 3-гайка; 4-шкив; б-гидродинамикалық; 1-лабиринтті тығыздағыш; 2-корпус; 3,9,12-канал; 4-тығыздағыш; 5-муфта; 6- қысатын төлке; 7-серіппе; 8-төлке; 10-тығыздау; 11-тығын\r\n\r\nҚолмен немесе гидравликалық басқарылатын контактілі герметизаторлар салыстырмалы қарапайым (XVI.15, a сурет), олар жұмыс қысымы 35 МПа, қол герметизаторлар бастапқы диаметрі 65 мм, гидравликалық басқарылатын герметизаторлар 150 мм дейін болады. Тығыз бекiтiлетiн арқан немесе кабел диаметрi — 25, 4 мм дейiн болады.\r\n\r\nГидродинамикалық герметизаторлардың (XVI.15, б сурет) конструкциясы күрделiрек. Бұл жағдайда тығыздау қағидасы су қақпа қамтамасыз ететiн тығыздауларды төменірек төлкегi турбулент құйындауларын жасауда болады. Жоғарыда орналасқан түйiскен тығыздау тек қана герметизатордағы қысым айырымының ептеген еншiсiн қабылдайды және дистанциялық гидравликалық басқаруы болады. Арқанмен немесе кабелмен берілетін қабаттық сұйық көтеріліп герметизатордың қуысынан түйiскен тығыздау  орналасқан  құрғату жүйесi арқылы беріледі.Кей жағдайларда үлкен буферлiк қысымдар кезінде герметизаторда бiр емес, бірнеше сақиналық түтiктер бекiтiледі, кiргiзiлетiн сұйық құрғату сызықтарында олардың iшiнен әрқайсысына берiледі.\r\n\r\nГеметизатордың гидростатикалық түрi, калибрленген ішкі канал бойына төлкелер жүйесiнен, нақтылы өлшемдерге санаулы муфталармен жымқырылған сым немесе кабелден тұрады.Төменгi муфта бiр уақытта лубрикатормен қосуға қызмет көрсетедi. Жоғарыда орналасқан реттейтiн дроссел арқылы ағып кетулермен бірге қабаттық сұйық құйылуы арқылы  кеpi клапан арқылы сылау тығыздалады. Герметизатормен гидробасқару оның жоғарғы бөлiгiне жұмылдырылған. Тығыздағыш сылауы мамандандырылған сорап станциясымен тығыздалады, ол ДВС  компрессорлар, үрлегiштер, сыйымдылықтар, басқару және бақылау құралдарынан тұрады.\r\n\r\nСорап станциялары герметизаторларға есептелiнген тығыз сылаулары бастырмалатуға арналған әртүрлi қысым және сылауды шығынның өз кезегiнде ұңғыманың буферлiк қысымына және арқандардың диаметрлерiне тәуелдi.\r\n\r\nСонымен бiрге плашка превенторлары арқан жұмыстарына арналған саға жабдығы құрамына кiредi, қол немесе гидравликалық қашықтықтан басқарылады.\r\n\r\nБұл превенторлардың ерекшелiктерi қолданылатын ұңғымаларды бұрғылаумен салыстырғанда тiптi ептеген габариттер және сымды ескермегенде аз диаметрлі өткiзу құрылымдарының сенiмдi герметизациялары болып табылады.\r\n\r\n \r\n\r\nXVI.18 сурет. Агрегаттың гидрожүйесінің кинематикалық сұлбасы: 1-қозғалтқыш; 2,8-жылдамдық қорабы; 3-таратқыш қорап; 4-муфта; 5-вал; 6-сорап; 7-гидроматор; 9,10-шынжырлы бергіш; 11-барабан; 12-сым қалаушы; 13-сым қалаушының бұрандалы бергіші\r\n\r\nСу жүйесiнiң күш беретiн үрлегiшiнiң ерiксiз келтiруi автокөлiктi жүрiс қозғаушысынан үлестiру қорабы және қуат алу қорабы арқылы iске асады.Су жүйесiн ерiксiз келтiруiнің кинаматикалық схемасы  көрсетiлген XVI.18. Жүқшығырды ерiксiз келтiруге бастаушы топырлап үш шапшаң берiлiс қорабынан екi тараптарымен тұйықтаған екi су мотор қолданылады. Соңғы тiзбектi берiлiстер жүқшығыр барабанмен байланған. Жүқшығыр барабан таспалық тежеуiшпен қолмен басқарылатын және бұрандалы түрдiң сымын қалаушымен жабдықтаған.\r\n\r\nXVI.19. Екi барабанды жүқшығырдың гидроайдап жеткiзуінің принципті сұлбасы: 1-қозғалтқыш; 2-сорап; 3-бак; 4-бөлгіш; 5-гидроматор; 6-клапан қорабы; 7,8-арақашықтықтан басқарылатын сақтағыш клапан; 9-радиатор; 10-гидроматор; 11-дроссель; 12-бөлгіш; 13-термопара; 14-көшейткіш құрылғы; 15,16-сым және арқанды барабандар; 17-таратушы вал; 18-жылдамдық қорабы; 19,20-шынжырлы бергіштер; 21-сцепления муфтасы\r\n\r\nДросселдiк реттеумен де, механикалық трансмиссияның берiлулерiн сатылы өзгерiспен де түсiрудiң жылдамдықтарының өзгерісін кең диапазон — судың көтерілу жүйесiнiң жұмыс сұйығының шығынын қамтамасыз етедi.\r\n\r\nКөтергiш агрегаттар жүқшығырлардан кабелдiк айырмашылығы болады, жүқшығыр барабандар санымен, жүк көтеретiн арқан сым. Агрегаттар қоррозияға қарсы орындауларда шығарылатын — теңiздегi шарттары, солтүстiктiң шарттары, автокөлiктер, тiк ұшақтар, баржалар, тiркелер.(XVI.19 сурет)\r\n\r\nЕң алдымен, арқан жұмыстар үшiн қарастырылған жабдықтар және агрегаттардың ерекшелiгi кең қолдану гидростатикалық ерiксiз келтiрудiң элементтерiнiң жалпы өнеркәсiптiк тағайындауы жабдығының элементтерi, сонымен бiрге көлiк базалары, КИП, сымдар, арқандар болып табылады. Арқан жұмыстарына арналған жабдықтың бұл элементтердің құрастыру және есептеуi сондықтан бұл жерде қаралмайды.\r\n\r\nЖүкшығырлар және оның трансмиссиясының есептеу және құрастыруы және жүқшығырларды құрастыру және мұнай кәсiпшiлiк жабдықтың трансмиссия қабылданған кәдiмгi әдiстермен орындалады.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nҚолданылған әдебиеттер:\r\n

    \r\n

  1. Г.В.Молчанов, А.Г.Молчанов «Машины и оборудование для добычи нефти и газа»
  2. \r\n

  3. А.Г.Молчанов «Подземный ремонт скважин»
  4. \r\n

\r\n 

Төрт түлік мал туралы

0

1.Қазақ халқы үшін төрт түліктің осалы жоқ . Дегенмен ілгері заманда жылқы мен түйенің адам үшін атқаратын қызметі өте жоғары бағаланатын. “Жылқы – малдың патшасы, түйе – малдың қасқасы” деген мақал сол кезде туған болатын. Мереке-қуанышта, қайғы-қасіретте, басқа түскен не ауыр күндерде де бұл түліктер адамның жан серігі, айырылмас досы болған.\r\n\r\nБарлық түліктен де жылқы өсіру жеңіл. Жылқыны бағып-қағуда артық шығын шықпайды, еті де сүті де өте арзанға түседі. Жылқы етінің арзандығы өз алдына, қазақ халқы үшін ол аса қадірлі тағам. Ғылыми орындардың арнаулы зерттеулері бойынша, жылқының қара етінің қоректік қасиеті орта есеппен сапалы сиыр етімен тең, бірақ жылқы етінде сиырдың етінен бөлек 24-25 % көп болады. Сондықтан ол қорытуға жеңіл, сіңімі тез. Жасы толған семіз жылқы 10-12 қойдың етін береді. Қазіргі кезде жылқы етінен жасалған қазы-қарта, жал-жаяны білмейтін адам сирек, қай жерде де бұл тағамдар үлкен сұраныста болып отырғаны аян.\r\n\r\nЖылқының бір қасиеті – сүтінде. Бие сүтінен қымыз ашытады. Қазақтың ертедегі көшпелі өмірінде ауруға ем болып, сауға қуат берген осы қымыз. Бие сүтінде қант көбірек болады, оны жаңа сауған сүттің дәмін татып білуге болады.\r\n\r\nҚымыздың құрамына кіретін түрлі заттардың бәрі де адамның бойына жақсы сіңеді. Бие сүтінде “ С” витамині мол болады. Сондықтан оның емдік қасиеттері, әсіресе туберкулез ауруынан емдеу үшін айрықша жоғары. Сондықтан да туберкулезді қымызбен емдейтін ең алғашқы курорт 1858 жылы Самара қаласының маңында ашылған екен. Оны ұйымдастырушы В. Толстиков деген дәрігер: “қымыз асқазанды ыстап, адамның өзін әлдендіреді, оның тәнін жаңғыртады” – деп жазған екен.\r\n\r\nХалық арман еткен сол қымыз қазір де елдің қалаулы тағамы болып, көптің сүйсініп ішетін сусыны болып келеді. Бие басынан күніне орта есеппен 10-12 литр сүт сауылады; кейбір биелер 15-17 литрге дейін сүт береді. Биелерді 7-8 ай саууға болады, сонда бие басынан 1500-2000 литрге дейін сүт алынады. “Сауын саусаң бие сау, боз қырау түспей суалмас” деген мақал тегін айтылмаған. Жылқының жайылымы мен суаты сапалы болып, күтімі келіссе, бие сауудың биеге де, құлынға да зияны болмайды.\r\n\r\nҚымызды, сондай-ақ бұзаулар мен құлындар диспепсия ауруына шалдыққанда, құлындардың, балапандар мен тауықтардың ащы ішегінде қабыну белгілері байқалғанда, бұзаулар мен құлындар қан бөлетін гастроэнтеритті ауруға шалдыққанда, ірі қара малдың асқазаны әлсірегенде, торайлардың іш ауруларына, балапандарға А және В витаминдері жетіспегенде, сол сияқты іріңдегенде, күйгенде, сиырлар, биелер мен қойларда кездесетін іріңді вагинит және эндометрит ауруларына, сиырлар мен биелердің іріңді желінсау ауруына және т.б. қолдануға болады.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n

    \r\n

  1. 2. Қымыз туралы әңгіме болғанда биология ғылымдарының докторы, профессор З. С. Сейітовбылай дейді: бұл сусын көптеген халықтарға ерте кезден-ақ белгілі. Оның түп тамыры – сонау скифтерге дейін барады. Біздің
  2. \r\n

\r\nэрамызға дейінгі Ⅴ ғасырда грек тарихшысы Геродот скифтердің бие сүтінен сусын ашытатынын айта келіп, олардың сүт консервілеу құпиясын мұқият сақтайтынын, ол құпияны ешкімге айтпайтынын жазады.\r\n\r\nФранцуз саяхатшысы Вильгельм Рубринаста 1253 жылы қазіргі Татарстан территориясымен саяхат шегіп, қымыз ішкен. Қымызды ашыту жолдарын, дәмін, адам организміне, оның ішінде несіп бөлуге әсер ететінін божайлап тұрып жазған. Қымыз жайлы ⅩⅧ-ⅪⅩ ғасырлардың өлі арасында көшпелі елдің тұрмыс-тіршілігін бақылаған С.Т. Ақсақов та, тіпті орыстың ұлы ақыны  А.С. Пушкин де жақсы лебіз білідірген.\r\n\r\nС.Т. Ақсақовтың жазбаларына қарағанда ең алғаш қымыздың дәлірек қасиетін біліп, онымен емдеген Уфа қаласының дәрігерлері, дәлірек айтқанда доктор Авенариус екен. Қымыздың емдік қасиеттері жөнінде ⅪⅩ ғасырдың Ⅰ жартысында орыстың медициналық журналдарында Н. Шванковскийдің, П. Скворцовтың, В. Дальдың бірнеше мақалалары басылған.\r\n\r\nҰлы орыс жазушылары Л.Н. Толстой Самара даласында, ал А.П. Чехов Андреевск санаторийінде қымызбен емделген. ⅪⅩ ғасырдың ортасында ғалым-дәрігерлер С.П. Боткин, Г.А. Захарин, Н.В. Склифосовский және басқалары қымызбен емдеу мәселесін қызу қолдаған. Біздің елімізде қымызбен емдейтін алғашқы санаторий 1858 жылы Самара (қазіргі Құйбышев) қаласынан 6 км жерден ашылған. Бұл санаторийді ұйымдастырушы Н.В. Постников оны 55 жыл бойы басқарған.\r\n\r\nҚазақстанда қымызбен емдейтін алғашқы емхана 1910 жылы Бурабайда ашылды. Бурабай емханасы үшін қымызды дәстүрлі әдіс бойынша сабаға ашытқан. Сол 1910 жылы Торғайда темір жол қызметкерлерін емдейтін Берсүгір емханасы жұмыс істеген.\r\n\r\nБұл күндері ұйытқан және ашытқан сүттің қоректілік құндылығының артатындығы әбден белгілі болды. Осы жағынан алғанда қымыз бүкіл ашытылған басқа сүт өнімдерінен едәуір асып түседі. Қымызда адам организміне қажетті элементтердің барлығыда табылады. Сонымен қатар бие сүтінің құрамында витаминдер мол болады.\r\n\r\nҚымыз жүйке ауруларына бірден-бір ем. өйткені оның құрамында В витаминімен бірге В2, В12 витаминдері бар. Ал туберкулезбен ауыратын адамдардың организмінде витамин алмасуының бұылатындығы да дәлелденген жайт. Олардың қымызбен емделгенде сауығып кететіндігі де сондықтан.\r\n\r\nҚымыз организмге жан-жақты әсер етеді. Ол ас қорту органдарының , жүрек-қан\r\n\r\nтамырлары аппаратының, жүйке системасы мен басқа органдардың қызметін\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nжақсартады.\r\n\r\nҚымыздың әсері бүкіл организмді өзгертеді. Физиологиялық және биохимиялық процесстер күшейіп, зат алмасу қалпына келеді.\r\n\r\nҚымыздың құрамында сүт қышқылы бар. Соған орай тағамның құрамындағы белоктардың, майлардың, әр түрлі қанттардың жақсы қорытылуына ықпал жасайды. Ал құрамындағы көмір қышқылы аздығына қарамастан ас қорыту бездеріне әсер етіп, қарын сөлінің бөлініп шығуын тездетеді. Қымыз ішкенде тәбеттің ашылатыны сондықтан.\r\n\r\nБие сүтінің химиялық құрамы өте күрделі. Сүтқоректі жануарлардың  әрбір түрлі белгілі бір құрамдағы сүтті жинақтап, бөліп шығарады, бұл әр малдың тек өзіне тән қасиеті. Бие құлындағаннан кейін алғашқы 2-3 күндей сүт бездері уыз бөліп шығарады, оның құрамы жөнінен жәй сүттен едәуір айырмашылығы бар. Уыздың құрамында белок пен витаминдер 2-3 еседей\r\n\r\nкөп, ол май мен сүт қанты 1,5 еседей кем.\r\n\r\nБие сүтінің сапалылығы белгілі бір дәрежеде сүтті жылқы тұқымдары\r\n\r\nөсірілетін географиялық аймаққа, ондағы жайылым жағдайына және т.б. байланысты.\r\n\r\nСүттегі ең бағалы зат – белок. Бие сүтінде ол 1,8 – 2,2 % болады. Сүтте белоктың үш түрі – казеин, альбумин және глобулин болады. Сиыр сүтіндегі белоктардың ең көбі казеин. Ол барлық белоктық заттардың 80% алады, ал қалған 20% альбумин мен глобулиннің үлесіне тиеді. Бие сүтінде 40% еритін белоктар (альбумин, глобумин және бос амин қышқылдары) бар. Сондықтан сиыр сүтін казеинді сүтке жатқызады, ал бие сүтін альбуминді деп аталады. Бие сүтінің казеині 3-4 жеке белоктарға жіктеледі, оларды казеиннің альфа, бета, гамма және кейде каппа-фракциялары деп атайды.\r\n\r\nБие сүтінің жалпы белогындағы амин қышқылдарының мөлшері жөніндегі айырмашылықтар үшінші және он үшінші тәуліктегі және құлындағаннан кейін үшінші күні сауылған сүтте анық байқалады. Бұған көз жеткізу үшін ауыстыруға болмайтын амин қышқылдары қалай өзгеретіндігін бақылау керек. Үшінші тәулікте сауылған сүттің жалпы белогында: лизин – 9,3%, ал 13 тәуліктегіде – 6,7%, осыған сәйкес гистидин – 2,9%, глютамин қышқылы – 1,8, треонин – 12,0, триозин – 8,0%, валин — 5%, метионин – 4,3%, аргинин – 6,2% және 6,1 болады.\r\n\r\nБие сүтінде шамамен 1,3 – 2,0% май бар, бұл сиыр сүтіндегіден 2 еседен астам кем. Жүргізілген зерттеулерде, сиыр сүтіндегі май түйіршіктеріне қарағанда, бие сүтіндегі май түйіршіктері кішілеу келетіндегі анықталған. Сол себепті бие сүтінің майы организмге тез гидролизденеді және жақсы сіңеді. Бие сүтінің майының бір өте тамаша қасиеті бар\r\n\r\nП.Ю. Берлиннің деректерінде туберкулез бактериясының сары майда өсіп-көбейетіндігі, ал бие сүтінің майы керісінше, оның өсуін тежейтіндігі айтылады. Бие сүтіндегі көмірсулар негізінен лактозаның дисахариді немесе\r\n\r\nсүт қанты түрінде кездеседі. Сүт қанты екі моносахаридтен – глюкоза мен\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nголактозадан тұрады. Бие сүтінде 6,7% лактоза бар. Сонымен қатар қанттан басқа, қалпына келмейтін көмірсулар бар.\r\n\r\nСүттің тағамдылық құндылығы онда белоктардың, майдың және\r\n\r\nкөмірсулардың ғана емес, сондай-ақ адам үшін маңызы бар витаминдердің де болуына байланысты. Бие сүтінде адамның денсаулығына керекті барлық витаминдер бар. Әсіресе ол А және С витаминдеріне бай. Сонымен қатар В тобындағы витаминдер, Д, Е, F витаминдері болады. В тобына жататын барлық витаминдер организмнің қалыпты тіршілік етуі үшін қажет. Мәселен, адам тағамында В1 витамині жоқ болса, онда ол бери-бери ауруына шалдығады. Бұл ауруға шалдыққан адамның қозғалғыш және сергек сезім нервтері зақымданады, парпличке айналады. В12 витамині жеткіліксіз болса, жілік майында қан құрау бұзылып, қан аздық пайда болады.\r\n\r\nҚымыз ашытқанда кейбір витаминдердің мөлшері өзгереді: биотин, тиамин, В12 витаминінің мөлшері кемиді; рибофлавин, фоли қышқылы сол\r\n\r\nкүйінде қалады; пантотен қышқылы артады.\r\n\r\nҚымызда мынандай минералдық заттар бар: кальций тотығы — 48%, магний\r\n\r\nтотығы – 3,4%, фосфордың бес тотығы – 21,3%, хлор – 7,5%.\r\n\r\nҚан құрауда маңызды роль атқаратын кобальт пен мыс сияқты элементтер сиыр сүтінен гөрі бие сүтінде едәуір көп: кобальт онда 1,5 есе, ал мыс 3,2 есе артық.. Бір литр қымызда 1,60 мг мыс болады. Құрамындағы микроэлементтерінің мөлшері жөнінен бие сүті ана сүтіне жуықтау, бұл жөнінде Донецк медицина институтының ғылыми қызметкері Е.П.Гребникованың және басқаларының деректері дәлел бола алады.\r\n\r\nҚазақ  халқының бір ғасырлық тарихын басынан кешірген Жамбыл Жабаев ақын атамыз:\r\n\r\n…Үйірілген сары алтындай сары қымыз,\r\n\r\nАуруға – ем, сауға – қуат, дәрі қымыз.\r\n\r\nЕлімнің баяғыдай сүйген асы,\r\n\r\nШығаршы тағы нең бар кәрі қымыз, -\r\n\r\nдеп жырлаған екен. Бұның өзі қымыздың қасиеті мен бірге оның түрлерінің көп екенін аңғартады. Қазақтар жыл маусымына қарай қымызды уыз қымыз, жазғы қымыз, күзгі, қысқы қымыз деп атаған.\r\n\r\nСолардың негізгі түрлері мыналар:\r\n\r\nУыз қымызбұл бие сүтінің уыз дәмі таралған кезде ашытылған қою қымыз;\r\n\r\nСары қымызжаз ортасындағы, шөп әбден пісіп, буыны қатқан кездегі қымыз;\r\n\r\nТүнемел қымызмол қордың үстіне сүт қышқылыарнаулы торсықта сақталып, екі тәулік сапырылған, пісуі жеткен қымыз;\r\n\r\nҚұнан қымызүш тәулік бойы ашытылады;\r\n\r\nБал қымызбал, қант секілдітәтті қосып жуасытқан қымыз;\r\n\r\nДөнен қымызтөрт тәулік ашытылады;\r\n\r\nБесті қымызбес тәулік ашытқан қымыз;\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nАсау қымызбесті қымыздан да күшті қымыз;\r\n\r\nЖуас қымызбаяу ашыған немесе саумал қосқан қымыз;\r\n\r\nҚорабалы қымызмол қордың үстіне күн сайын сүт құя отырып, бірнеше\r\n\r\nкүн жинаған қымыз;\r\n\r\nСірге жияр қымызкүзді күні бие ағытарда соңғы қымыз бірнеше күн\r\n\r\nжиналады.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n

    \r\n

  1. 3. Қымыз – қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті дастарқан дәмінің бірі. Ол тек қана бие сүтімен ашытылады. әдетте сауылатын биелер: сақа бие, құлын бие, қыран бие деп үшке бөледі. Сақа бие – бірнеше рет құлындаған, бұрыннан сауылып келген бие. Құлын бие – құнажын немесе дөнен жасында алғаш құлындаған бие. Қысырақ бие – деп өткен жылы кейбір себептермен қысыр қалған, құлын орнына тайы еміп жүрген биелерді айтады. Биыл құлындаған мен тайы еміп жүргендіктен ондай биелер, күтімі жарасса, сауылы береді. Жыл мезгілдеріне, шөп шығымына, малдың күтіміне, күйіне қарай сауылатын биелерді мал иесі мен
  2. \r\n

\r\nжылқышы іріктеп алады. Онда биелердің ауру-сырқаудан амандығы, құлындардың ширақтығы, денсаулығы еске алынады. Жадау биелер немесе қара құлақ болып марқаймаған құлындар белгілі мезгілге дейін байланбайды.\r\n\r\nБие байлау деп – енелері сауылатын құлындарды ноқталап, желге байлап ұстауды айтады. Жыл сайын алғаш бие байлаған күн “Бие байлар, желі майлар” деген дәстүрмен мереке сияқты өткізіледі. Желіннің қазығына, айғырдың жасына май құйылып жағылады. Бие байлау ел жазғы жайлауға шығып, шөптің нәрі толған кезде басталады. Бұл кез құлындар марқайып жетілген, бес-алты сағат байлауды көтеретін жағдайға келіп қалады. Олар сауын сайын емізіп, жетектеп жүріп сергектенеді. Көктемде және шілде айларында биелер жиі-жиі сауылады.\r\n\r\nБиені бие көнекке немесе ағаштан істеп ысталған шелекке сауады. Жаңа сауылған бие сүтін сүзгіден өткізіп, жылы кезінде күбіге немесе сабадағы саумалдың үстіне құяды. Содан соң оны міндетті түрде 30-40 минут пісіп, аузын байлап не тығындап тастайды. Алғаш рет қымыз ашытарда бие сүті сабаға арнаулы ашытқының немесе тордың үстіне\r\n\r\nқұйылды. Ашытқыны көбінесе сүр жаяның немесе қазының сынық сүйегін салып, ол жоқ болғанда сүтке нан ашытқысын езіп әзірлейді. Қор дегеніміз – ескі қымыз, ол жақсы ашыған қымыздың саба түбінде қалатын арнайы сақталған сарқыны. Биені қолмен және машинамен сауады. Машинамен сауудың қол мен саууға қарағанда айқын артықшылығы бар: ол адамның жұмысын жеңілдетеді, еңбек өнімділігін арттырады, ию рефлексі пайда болуына аса қолайлы физиологиялық жағдай жасайды. Биені машинамен сауу жөніндегі бірінші тәжірибені 1957 жылы Москва түбіндегі “Мцыри” санаторийінде И. Аникин жүргізді.\r\n\r\nБиелерді машинамен сауу үшін ДА-ЗМ, АД-100 және ДДА-2 сауу аппараттарын пайдалануға болады.\r\n\r\nҚымыз ашытудың ескі және жаңа әдісі жөнінде айтып өтейін. Көшпелі халықтар бірнеше жүздеген жылдар бойы қымызды торсыққа ашытып келді. Бұның мәнісі неде? Көшпелі тұрмыс алып жүруге ыңғайлы ыдысты қажет\r\n\r\nеткен. Торсық пен саба сондай ыдыстар болып табылады.\r\n\r\nТорсық дегеніміз жылқының терісінен шелін алып, ыстап жасалған,сиымдылығы 10-30 литр тері қап. Терінің шел жағы ішіне қаратып\r\n\r\nтігіледі. Саба — пирамида сияқты, төрт бұрышты түбі және ұзын мойыны бар\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nсиымдылығы 100-150 литр тері қап. Сабаны жасар алдында арнаулы тұз ерітіндісіне салып, қылшығынан тазартып, өңдеп шығарады, содан соң ыстайды. Сабаны қайыңның, тобылғының түтінімен ыстау қымыздың дәмін жақсартады, мұндай қымыздың ерекше хош иісі болады. Саба мен тосықтан басқа мес қолданылады, оны шыбыштың терісінен тігеді. Қымыз саба, тосық, көнектер әзірлеуге көп мінілмеген, тер сіңбеген, ауырмаған, арқасы жауыр болмаған, семіз жылқының терісі таңдалып алынады. Ол қыс бойы от жағылатын асхананың төбесіне кептіріліп, жаз шыға қайтадан жібітіледі де, құрымға салынады. Құрым дегеніміз – шошоманың төбесіне жиналған қара\r\n\r\nкүйе ыс. Саба , торсық, көнек жасайтын шеберлер қара күйені сыпырып алып\r\n\r\nқайнатады да, әрі ащы, әрі қышқылы мол, қою май сияқты сұйық ас әзірлеп, теріні соған батырады. Ол құрымда 20-30 күн ұсталып, жүні, шелі, ет қалдықтарынан тазартылады. Осыдан кейін тері ширап, шымырланып, қоңыр-қошқыл түске енеді. Осындай әдіспен иленген тері шуда жіппен көктеліп, ішін таза құммен толтырып кереді де, кептіреді. Әбден кебуі жеткен саба шерткенде сыңғырлап тұрады. Бұл саба жасаудың бірінші сатысы. Ал екінші сатысында әлі кептірген ыдысты жылқының сүр етінің және қымыздың майымен сіңдіре әбден майлайды. Майлардың нәтижесінде сабаның тігістері кірігіп, бекіне түседі. Сабаны жасаудың үшінші сатысы – оны ыстау. Бұл жауапты істі маман, әдетте елге танымал болған, осы іске қабілеті бар, тәжірибесі мол адам ғана жақсы жүргізеді. Тәжірибесіз, шалғай адамдар бұрынғы еңбектің бәрін еш кетіріп, өрт шығарып, сабаны күйдіріп алуы немесе шала-шарпы ыстауы мүмкін. Ысты көбінесе үй іргесінен аулақ, шөп-шаламы жоқ, айналасы таза, суы, өзені жақын жерде салады. Ыстау үшін әдейі “құрылыс” жүргізу керек. Мысалы, жарқабақтан отын салатын оттық ойып алады да оның төріне жалғастыра ұзындығы 15-20 метр, кеңдігі 50-60 см түтін жүретін өңеш жасауға ор қазады. Оның ішін кірпішпен түтін қашпайтындай етіп қалап шығады. Осы өңештің екінші басында құдықша етіп жер бетіне шығарып, оның үстіне балшықтан шошома орнатады немесе киізден күрке тігеді. Сонда ыс түтіні ошақтан өңештің бойымен өтіп, шошамадан шығып, осында булығып үнемі бықсып сабаны ыстай беретін болады.\r\n\r\nЫсқа жағылатын отын бүрі түспеген жас тобылғы, қарағай болады. Кейбір ысшылар сабаға, торсыққа ерекше иісберу үшін отынға аздап арша, көкпек, құрғақ көк пішен қосып жағады. Осылай дайындалған саба көп жылға игілікке ұсталатын ыдыс болып шығады.\r\n\r\nҚымыз ыдыстарының ендігі бір негізгі түрі – отырықшылық жағдайға бейімделген – күбі. Күбінің ауыз жағы тарлау, түп жағы кеңірек болып келеді. Көбінесе еменнен жасалады. Аса шеберлер арша, шырша ағаштарынан да жасайды. 60-70, кейде 100 литр сиғандай әртүрлі мөлшердегі\r\n\r\nкүбілер жасалады. Оның ішін апта сайын жуып, кептіріп,\r\n\r\nсүр еттің майымен, қойдың құйрығымен майлап тұру керек. Күбіні ыстағанда\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nтобылғы, дүзгін, қылмұрын, қарағай ағаштарымен, қожағай деген шөп тамырының түтінімен ыстайды. Қымыз құйып сақтау үшін темір ыдыстарды пайдаланбауы керек.\r\n\r\nСаба, күбі піспегінің басы аршаның қызылынан ойылып, саба да жақсы ағаштан жасалып сүйек, күміспен өрнектелсе — өте үйлесіп, көз тартып тұрады. Піспек, бие сауатын шелек, қымыз тегене, шөміштер де жиі-жиі тазартылып, ысталып тұрса қымызда хош иісті дәмді болады.\r\n\r\nҚымыздың сапасы негізінен ашытқысына байланысты. Қазіргі кезде қымыздың микрофеорасы құрғақ күйінде жақсырақ сақталатындығы анықталып отыр. Көктемде бие сауатын мерзім басталғанда қымызды ашыту\r\n\r\nүшін пайдаланылады.\r\n\r\nҚорды дайындау үшін күзде биені ағытар алдында бірнеше тәулік бойына қымызды екі  бөлініп тұнғанша үйде сақтайды. Суы жоғары көтеріліп, казеиннен тұратын сүзбе сияқты қоюы түбіне тұнады. Ол тұнбаны марлымен сүзіп, күннің көзіне қойып кептіріп, бие сауатын кезге дейін жабық ыдысқа салып, салқын жерге қойып сақтайды. Ашытқыны бабына келтіру үшін қорды жаңа сауылған бие сүтіне 5 литрге 3-4 ас қасық есебінен салып, жылы жерге бір тулік қояды. Бұл кезде оны араластырып тұру керек. Бір тәулік өткеннен кейін осы ашытқыны қымызды ашытуға пайдаланады. Бұдан соң қымыз ашыту үшін ашытқыны емес, ашыған қымызды жаңа сауған 6-7 литр сүтке 1 литр есебімен қолданады.\r\n\r\nҚымыз ашыту үшін 25-40% биенің жаңа сауған сүтін сабаға құйып, ашытқы қосады да түн қатырады. Келесі күні ашыған сүттің үстіне жаңа сауылған сүттен үстеп құйып отырады да, жақсылап пісіп, тағы да 10-15 сағат ұстайды. Алайда бұл қымыз әлі де әбден ашыған қымыз емес, әлсіз, көпіршімеген, әрі өте қою. Сондықтан оның үстіне жаңа сауылған сүттен тағы да қосып, жақсылап пісіп, тағы бір күнге қояды. Соның нәтижесінде ол орташа екі күндік қымыз болып шығады. Дайын қымызды басқа ыдысқа құйып алады. Сабаның қымызын сарқып құйып алмайтындығын айта кету керек, оның түбіне (1:3 немесе 1:5 бөлігіндей) ашытқы ретінде қалдырады.\r\n\r\n10-15 күннен кейін саба толық босатылып, кептіріліп, тағы да ысталып, маймен майланады. Қымыз ашыту үшін сабаны тек бір жаз бойы ғана пайдалануға болады, келесі жылы оны басқа мақсаттарға қолданады.\r\n\r\nСабаға құйып ашытқан қымыздың сапасы өте жоғары болады. Халқымыз қымыздың өте майлы болғанын жақсы көреді. Кейде ондай қымызды қазымен қосып, арнайы емге пайдаланады.\r\n\r\nАшытқының екінші бір түрі – айран. Халқымыз ашытқы есебінде көжені де пайдаланады. Оны былай дайындайды. Бидайды, тарыны қазанға салып қайнатады. Бір шелек суға бір тостаған дән салады. Көжені үнемі араластырады, ол үш күннен кейін дайын болады. Айран немесе көже\r\n\r\nашытқыны бір шелек бие сүтіне 3 стақаннан келетіндей ара қатынаста алады:\r\n\r\nашытқы құйылған сүтті әуелі бөлмеде бірсыпыра жоғары t (25ºС…)\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nқалдырады да, содан соң салқын жерге қояды. Қымыз ашытқанда пісіп\r\n\r\nтұрудың маңызы ерекше. Күні бойына әр сауыннан жаңа сауылған сүтті ашыған қымыздың үстіне құйып, қаттты-қатты піседі. әр 1-1,5 сағат сайын піспекпен 2-3 мың реттей піседі.\r\n\r\nҚымызды ашытудың өндірістік әдісі сүт қышқылының таяқшалары мен сүт ашытқысының таза себінділерінен алынған ашытқы дайындауға негізделген. Алғаш рет қымызды осындай әдіспен лабораториялық жағдайда  1910-1911 ж.ж. А.С. Гинзбург пен А.А. Бачинская – Райченко дайындаған болатын. Қымызды өнеркәсіптік жағдайда дайындау технологиясына мынадай процесстер жатады:\r\n

    \r\n

  • сүт дайындау;
  • \r\n

\r\n-    ашытқы дайындау;\r\n

    \r\n

  • ашыту;
  • \r\n

  • қымыздың жетілуі;
  • \r\n

\r\n-    сапыру;\r\n

    \r\n

  • ыдысқа құйып тығындау;
  • \r\n

  • көпіршіту;
  • \r\n

  • салқындату;
  • \r\n

  • сақтау.
  • \r\n

\r\nСүтті дайындау оны өлшеп, содан соң мақта сүзгіден немесе 3-4 қабат дәкеден өткізіп сүзуге салады. Қымыз дайындау үшін қышқылдығы 7º Т аспайтын, тығыздығы 29-33º А, майлылығы кемінде 1% сау биенің сүті пайдаланады. Егер жаңа сауылған сүт бірден ашытуға жөнелтінбегено болса, оны жедел 10-12 градусқа дейін салқындатып, осы температурада 12 сағаттан асырмай ұстау керек. Қымыз ашыту ісіндегі ең маңыздысы – ашытқы дайындау. “Мцыри” санаторийінің қымызды ғылыми-зерттеу лабораториясының методикасы бойынша сүт қышқыл таяқшалар стерильденген қаймағы алынған сиыр сүтіне себіледі, торула типі ашытқы-сусло агарына себіледі. Қаймағы алынған сүт құйылған екі кішкене бөтелкені тығыздап, 65ºС дейін ысытылған суы бар кастрюлге салып қояды. Содан соң суды 30 минут бойы ысытады. 1-ші бөтелкені 26ºС дейін салқындатып, оған агарға себілген ашытқыны салады. 40ºС дейін салқындатып 2-ші бөтелкеге сүт қышқыл таяқшаларды салады. Бөтелкелерді термостатқа қояды: ашытқысы барын t 28-30º жерге 15-18 сағатқа, сүт қышқыл таяқшалар барын t 35-37º жерге 5-7 сағат бойы ұстайды. Ашыған соң ашытқысы бар бөтелкені шайқағанда көпіріп кетеді, ал сүт қышқыл бактериялар қосылған сүт қоп-қою болып ұйып қалады. Екі бөтелкенің ішіндегіні де бір-біріне араластырып, оған 100 мл, яғни барлық ашытқының үштен біріндей биенің жаңа сауған сүтін немесе 31-35º дейін жылытылған сүт қосады. Осы қоспаны 15 минут бойы араластырады. Содан соң дайын болған ашытқыны t 26-28ºС\r\n\r\nтермостатқа әбден жетілуге қояды да, алғашқы сағаттың ішінде 5-6 рет\r\n\r\nараластырып отырады. Алғашқы 3-5 тәулік бойы тәулігіне 4-5 рет саумал\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nқұйып, оны құйған сайын 15 минут бойы араластырады. әуелі ашытқының\r\n\r\n1:3 көлеміндей, содан соң қоспаның қышқылдығы 65-70º дейін жеткенше саумал құйып отырады. Ашытқыны жетілдіру және көбейту 4-5 тәулікке дейін созылады. Осы уақыт ішінде ашытқының қышқылдығы 130-140º Т болуы тиіс, содан кейін, оны өндіріске пайдалануға болады. Өндірістік ашытқыны әрбір 4-8 сағат сайын қышқылдығы артуына қарай, үстіне сүт құйып, жаңалап араластырып отыру керек. өндірістік ашытқыны 25-28º t-даұстап, жаңалап отыру керек. Сүт ашытқанда екі ашу процессі – сүт қышқылды және спиртті ашу процесстері қатар жүретіндей қолайлы жағдай жасау қажет. Ашытқы жаңа сауған сүт пен қоспаның t 25-26º, қышқылдығы\r\n\r\n45º Т шамасында болатындай есеппен араластырады. Сүтке ашытқыны\r\n\r\nқосқаннан кейін қышқылдығы 65-70º жеткенше қоспаны жетілдіруге қояды. Қоспаның қышқылдығы 50-55º т жетіп және қымыздың өзіне тән дәмі жаңа біліне бастағанда қымызды араластыра бастайды. Қымыздың өзіне тән хош иісі шыққанда барып араластыруды тоқтатады. Содан соң қымызды бөтелкелерге құйып, корнитығынмен тығындайды. Кейін оны газдандырады. Газ беріп болғаннан кейін бөтелкелерді мұзы бар бөлмелерге апарып, сүт қышқылының ашу процессінің интенсивтілігін әлсірету үшін +4, +6ºС t-да сақтайды.\r\n\r\nКүшіне қарай қымызды әлсіз, орташа, күшті деп бөледі. Жоғарыда айтылғандардың бәрі де орташа қымызды дайындау технологиясына қатысты, міне осы қымыз емдеу мақсатында қолдануға жарайды.\r\n\r\nәлсіз және күшті қымыз дайындау үшін сүтті ашытқыға 1-ші жағдайда қоспаның қышқылдығы 45ºС төмен, 2-ші жағдайда одан жоғары болатындай мөлшерде құяды.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n3.1 Сүтті тексеру үшін одан құйып алмас бұрын оны әбден араластырады. Содан соң аллюминий түтікті (диаметрі 9мм) сүті бар ыдысқа түбіне дейін тігінен батырып сынама алынады. Түтіктің жоғарғы тесігі саусақпен басылып тұрады, саусақты көтеріп, сүтті таза құрғақ бөтелкелерге құйып алады. Қышқылдығы мен майын анықтау үшін көлемі 50 мл\r\n\r\nшамасында, ол толық зерттеу жүргізу үшін 250 мл сынама алынады. Зерттеу алдында шөлмекті бірнеше рет шайқап, сүтті араластырады. Егер шөлмектің қабырғасы мен тығынына қаймақ тұрып қалса, онда шөлмектің аузын алдын ала тығындап, ондағы сүтті жылуы 45-50º судың ішіне салып 30-40º жеткенше жылытады. Сонан соң сүтті қайта араластырып, 20º түскенше салқындатады. Қымызды зерттеу әдісі де сүтті зерттеген сияқты. Бірақ қымызды тексерер алдында өте мұқияттылықпен 10-15 рет араластырған дұрыс. Қымыз құйылған бөтелкені қашан өнімнің біртектес  консистенциясына жеткенше бірнеше қайта бірнеше қайта төңкеріп шайқау керек. Қымыз химиялық стақанға құйылып, 30-35 ºt суға 10 минут қойылады. Көмір қышқылын бөліп шығару үшін шайқап, 20 ºС дейін салқындатқан жөн.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n3.2.Қымыздың сапасын анықтау кезінде ең алдымен оның органолептикалық қасиеттерін, күшін (алкоголь мөлшерін), қышқылдығын\r\n\r\nт.б. ескереді.\r\n\r\nОрганолептикалық қасиеттері. Қымыздың органолептикалық қасиеттеріне: сыртқы түрі, иісі, дәмі, консистенциясы жатады. Ашыту сәтінен бастап әбден иіні қанып піскенге дейінгі уақытына қарай қымызды: әлсіз, орташа және күшті деп үш категорияға бөледі, олардың әрқайсысының өзіне тән органолептикалық қасиеттері болады.\r\n\r\nӘлсіз қымыз қоюлау, газы аз болады, дәмі болар-болмас қышқылдау келеді, тілді қуырмайды, тұнған кезде екі түрлі: төменгі қоюлау, жоғарғы – сұйықтау қабаттар пайда болады. Оның құрамында 1% этил спирті болады.\r\n\r\nОрташа қымыз газға бай, дәмі қышқыл болады, құрамында 1,5% этил\r\n\r\nспирті болады.\r\n\r\nКүшті қымыз аз көпіршиді, дәмі соғұрлым қышқыл әрі өткір келеді, стақан қабырғаларына әлсіз көпіршік болып тұнады және екі бөлікке бөлінбейді, құрамында 1,75 – 3,0% дейін этил спирті болады.\r\n\r\nҚымыздың органолептикалық ерекшеліктерінде болатын кемістіктер. Сүт-қымыз фермалары мен қымыз цехтарында қымыз дайындаудың технологиясын бұзудан және санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтамаудан барып дайындау процессі кезінде қымыздың өзі әр түрлі өзгерістірге тап болады, оны қымыз кемістіктері деп атайды. Олар төмендегідей болып келеді:\r\n\r\nСыртқы кемшіліктер: дұрыс ашымау, судың көп болуы, түсінің сұрғылт-сары болып келуі, сусынның үстіңгі қабатында бөтен қоспалардың болуы және т.б.\r\n\r\nҚымыз  иісінде болатын кемістіктер: өткір, зәрлі, күйік иісі, ащы-тағамдық иісі, қора иісі, мұнай өнімдерінің, түтін иісі т.б. иістер шығып тұрады.\r\n\r\nҚымыз дәміндегі кемістіктер: дәмі зәрлі, өткір ащы болып келеді. Сондай-ақ сірке суының, темір татының және басқа да қажетсіз заттардың дәмі шығады.\r\n\r\nКонсистенциясындағы кемістіктер: шырышты, белоктардың көпіршігі ірі болып келеді, май түйіршіктері болады, газ көпіршіктерінсіз, өте сұйық келеді. Осындай кемістіктері бар қымызды қайнатып алғаннан кейін мал азығы ретінде пайдаланады.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n3.3.1. қымыздың қышқылдығын анықтаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл, біріншіден бос көмір қышқылы болған соң көпіршіп тұратын болғандықтан қымыздың қажетті көлемін өлшеп алудың қиындығына, екішіден, тағы сол бос көмір қышқылы болғандықтан ол әр байқауда әр түрлі мөлшерге бірдей болмауына байланысты; ал мұның өзі фенолфталеин индикаторы кезінде сілтінің шығынын арттырып, сілтімен титрлеуге әсер етеді. Демек, қымызды көмір қышқылынан арылтқаннан кейін ғана оның қышқылдығын анықтауға болады. Жалпы қышқылдықтан өзгеше бұл қышқылдық тұрақты деп аталады. Әлсіз қымызда ол 60-80º Т, орташа\r\n\r\nқымызда 81-100º Т, күшті қымызда 101-120º Т болуы тиіс.\r\n\r\nСиымдылығы 100-250 мл конус тәрізді колбаға 20 мл су құйып, пипеткамен 10 мл қымыз қосады да, оның қалғанын пипеткадан колбаға жібереді. Колбадағы сұйықты әбден араластырады, 3 тамшы фенолфталеиннің ерітіндісін қосып, сілітінің 0,1 н  ерітіндісімен титрлейді. Титрлеуге кеткен сілтінің 0,1 н ерітіндісінің милли литр санын 10-ға көбейтіп, Тернер градусы бойынша қышқылдықты анықтайды. Параллельді анықталған көрсеткіштердің айырмашылығы Тернер бойынша бір градустан аспауы тиіс. Қымызды титрлеуге 9,5 мл 0,1н күйдіргіш натрий жұмсалды. Бұл жағдайда қышқылдық:        9,5 ⅹ 10 = 95º Т болады.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n3.3.2. Пикнометрдің көмегімен қымызды қайнатудан алынған ерітіндінің салыстырмалы салмағын анықтайды да, таблица бойынша спирт мөлшерін анықтап, есептеп шығарады. Пикнометрді мұқият жуады, әуелі сілтінің спирт қосылған әлсіз ерітіндісімен, содан соң сумен, хром қоспасымен, екінші рет сумен содан кейін 100-105º- та кептіреді де, эксикаторда салқындатып, аналиттік таразыға салып өлшейді.\r\n\r\nҚайнатуға арналған колбаға техно-химиялық  таразымен дәлдігін 0,1 грамға дейін жеткізіп, 100 грам қымыз өлшеп құяды, үстіне бір тамшы күйдіргіш натрий қосады да, бірнеше шыны қылдай түтікшелер салып, колбаны тығынмен жауып, тоңазытқышпен қосады. Тоңазытқыштың астына 100 мл қабылдайтын колба қояды.\r\n\r\nБір қалыппен қатты қыздырмай өлшеуіш колбаның ішінде оның көлемінің 2/3 жететіндей дистилятта жиналғанша жайлап қайнатады. Айдап болған соң қайнатылған қымыздың үстіне белгісіне жеткенше су қосады да, мұқият араластырады.\r\n\r\nАлдын ала өлшеніп белгіленген пикнометрге пипеткамен қабылдайтын колбадан белгіден аздап асқанша дистилята қосады. Содан соң пикнометрді температурасы 20º суы бар стақанға суды деңгейі пикнометрдегі дистиляттың деңгейіндей болатындай етіп салып қояды. 40 минут өткен соң сүзгі қағаздың көмегімен дистилятты менискісін пикнометрде дәл белгіге келтіріп қояды. Содан соң оны тығындап стақаннан алып сүртеді және өлшейді. Қайнатылған ерітіндісі бар тығынды пикнометрмен тығынды бос пикнометрдің салмағының арасындағы айырмашылыққа қарап, қайнатылған ерітіндінің салмағын анықтайды.\r\n\r\nСудың салмағын анықтау үшін пикнометрге су толтырып, содан соң қайнатылған ерітінді салмағын анықтағанда істегендердің бәрін қайталайды.\r\n\r\nҚайнатылған ерітіндінің салыстырмалы салмағын формулаға қойлып есептеледі.\r\n\r\n100 мл қайнатылған ерітіндідегі спирт мөлшерін таблицада келтірілген су мен спирт қоспасының салыстырмалы салмағы бойынша табады.\r\n\r\nТаблицадан су спирт қоспасының салыстырмалы салмағы 0,9983 – қымыздағы 0,9% спиртке келетінін табамыз. Таблицадан табылған шама 100 г қымыздағы граммен алынған спирт мөлшеріне тең болады. Пикнометрдің «су саны» дегеніміз – осы пикнометр көлеміндегі судың 20ºС кезіндегі салмағы.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n3.3.3.Қымыз микробиологяғылымы шықпастан бұрын да ашытқы салу әдісімен дайындалып келеді. 1910 жылы қымызды алғаш зерттеген Рубинский оның ашыту әдісін, құрамын және басқа да қасиеттерін тексерген. Рубинский қымызда микроорганизмдер бар екенін анықтады. Ол қымыз ойдағыдай ашу үшін қымыз ашытқылары мен палочкаларының маңызы зор екенін айтты. Басқа микроорганизмдер тек қымыз жасау процестерінде пайда боладыда, қымыздың өзіне әсер етпейді деп білді. Бұл бактериялардың кеотіретін пайдасы қымыздың ашуын күшейтеді, қымыздағы басқа зиянды микробтарды өлтіріп, қымыз палочкаларына көмектеседі.\r\n\r\nАлғашқы кезде қымыз микрофлорасын тексеруге онша маңыз берілмей келді. Бірен-сараң зерттеу жұмыстары болса, олар тек сипаттама түрінде ғана болатын( Голубков, Шипин, Сорокин, Штанге, Белокопытова және басқалардың жұмыстарын алуға болады). Кейін қымыздан сүт қышқыл таяқшалары мен ашытқылық зат бөлініп алынатын болды. Бұл қымыз ашыту әдісін едәуір жеңілдетті және бұл заттар қымызды лабороториялық жағдайда даярлаудыңбасы болды(Шипин, Николаева, Горовиц-Власова және басқалары).\r\n\r\nҚымызды ашытып, қышқылдандыратын басты агент не деген мәселенің айналасында көп қарама-қарсы пікірлер болды. Бұл мәселені Оренбург, Уфимск аудандарына экспедицияға шыққан прфессор А.Ф.Войткевич басқарған Орталық Курортология институтының микробиологиялық бөлімі бірсыпыра дұрыс шешіп, дұрыс анықтамалар береді.\r\n\r\nҚымыздың ең таза жоғары сортының морфологтялық және биохимиялық қасиеттеріне қарап бөлініп алынған таяқшалар болгар таяқшалары деп танылды. Қымызды қышқылдандырып ашытатын басты агент осы болды. Қымыздың спирттеніп ашуы қымыз ашытқыларының әсерінен екені белгілі болды. Бұл пікірді 1946-1947 жылдары Алматы, Оңтүстік Қазақстан обылыстарына шығып келген Қазақ ССР ғалымдар Академиясының экспедициясы да қуаттады.\r\n\r\nҚымызда өсіп-өнетін микроорганизмдер ондағы еритін азотты қосылыстарды, ең алдымен, бос амин қышқылдары мен витаминдерді қоректендіруге кетеді. Бие сүті мұндай заттарға бай, сонымен қоса онда сүт қанты да мол, сонықтан сиыр сүтіне қарағанда бие сүтінде спиртті ашу неғұрлым тез қарқынмен жүреді.\r\n\r\nСүт қышқылды бактериялар мен ашытқылардың әрекетінен пайда болған лактоза ферментінің әсерінен сүт қанты глюкоза мен галактозаға бөлшектенеді. Моносахаридтер әрі қарай бөлшектеніп, сүт қышқылына, шарап спиртіне, көмір қышқылына және басқа да дәмді және хош иісті заттарға айналады.Сүт ашытқылары, басқа түрлеріне қарағанда, галактозаны глюкозаға айналдыратын галактовальденаз ферментін бөліп шығарады. Сосын ашу процесіне глюкоза қатысады.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n

    \r\n

  1. Санитарлық-зоогигиеналық нормаларды, малды күтіп-бағу, жаю немесе суару ережелері мен қойылатын талаптарды орындағанда ғана, сондай-ақ фермалардың жай күйін және аурудың алдын алу шараларының сақталуын үнемі мал дәрігерлік-санитарлық тұрғыдан қадағалап отырғанда ғана сүт алуға және одан санитарлық сапасы жоғары қымыз дайындауға болады. Санитарлық талаптар сақталмаған жерде сауу кезінде сүтке әр түрлі көң-қоқыр, шаң-тозаң, солармен қоса патогенді микроорганизмдер де түсуі мүмкін. Жылқы фермаларын жақсы санитарлық күйде ұстау үшін шыбын-шіркейлерге қарсы күрес жүргізуге ерекше көңіл бөлу керек. Асқазан, ішек аурулары, іш сүзегі, дизентерия, паратиф және т.б. қауіпті аурулар осы шыбындар арқылы таралады. Шыбындарға қарсы санитарлық шаралардың ең тиімдісі қи-қоқыстарды дер кезінде тазалау болып табылады. Мұнда жалпы шаралардан, яғни залалсыздандыру, дезинфекциялау және дератизациялау мен қоса қораларды үнемі тазалау жұмыстары жүргізіледі, сауын биелердің үсті щеткамен тазартылады, желіні жылы сумен және дезмол ерітіндісімен жуылады, сүт және қымыз құятын ыдыстар, сауу аппараттары гипохлорид кальций немесе дезмол ерітіндісімен жуылып, залалсыздандырылады. Сауыншыларға жеке гигиенаны сақтап отыру міндеттелген үнемі тазалық күні өткізіліп тұрады.
  2. \r\n

\r\nСүт-қымыз фермалары және қымызханалар үнемі суық және ыстық сумен қамтамасыз етілуі керек. Сауышылардың әрқайсысының жұмыс орнына қол жуғыштар, залалсыздандырғыш заттар және ормал қойылады. Флягтарды, шелектерді, сауатын аппараттарды таза ұстау жауапкершілігі – аға жылқышыға, фермалардың жалпы санитарлық-гигиеналық жағдайын қадағалап отыру- аға сауыншыға, жылқы фермасының бригадирі мен бастығына жүктелген, ал фермалардың санитарлық-гигиеналық жағдайын қадағалап отыру жұмысы шаруашылықтағы мал дәрігері және зоотехник арқылы жүзеге асырылады. Қымыз фермаларында жұқпалы аурулардың алдын алуды дезинфекция, дезинсекция және дератизация шараларының мәні аса зор.\r\n\r\nӘрбір медициналық байқаулар мен дәрігерлердің тексеру қорытындылары қымыз фермасы меңгерушісінің қолында сақталатын сауыншылардың санитарлық кітапшасына түсіріледі. Меңгеруші болса сауыншылардың сәйкес мерзімге қарай кезекті медициналық байқаудан уақытылы өтулерін қадағалап отырады.\r\n\r\nТазалық – жеке гигиенаның ең негізгі талаптарының бірі. Сүт пен қымызға жақын жүретін қызметкерлер ең алдымен жұмысқа таза әрі жинақы киініп келулері, жұмысқа кірер алдында, дәретханадан кейін, өндірістік бір операциядан екіншісіне көшер алдында қолдарын мұқият жуып, залалсыздандырып отырған жөн.\r\n\r\nБиелерді механикалық әдіспен сауу арзан және сапасы жоғары өнімдер\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nалуға көмектеседі, алайда биелерді механикалық әдіспен сауу кезінде сауу\r\n\r\nмашиналарының әрқилы бұзылуы, асау жас биелерді сауу кезінде\r\n\r\nсауыншылардың қауіпсіздік техникасын сақтамау жеке тазалық гигиенасын бұзушылықтың, жарақаттарды және т.б. болуы мүмкін. Қымыз фермаларында мал дәрігерлік-санитарлық ережелерді, жеке тазалық гигиенасын қатаң сақтау, арнайы ветеринарлық-санитарлық және шаруашылық шараларын дер кезінде жүргізіп отыру сауын биелердің ауруын және құлындардың өлімін азайтуға, өнімді арттыруға, бие сүті мен қымыздың сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nЖоспары:\r\n

    \r\n

  1. Кіріспе
  2. \r\n

  3. Әдебиетке шолу
  4. \r\n

  5. Негізгі бөлім
  6. \r\n

\r\n3.1.Сынама алу\r\n\r\n3.2. Органолептикалық зерттеу\r\n\r\n3.3. Биохимиялық зерттеу\r\n\r\n3.3.1. Қымыздың қышқылдылығын анықтау\r\n\r\n3.3.2. Қымыз құрамындағы спиртті анықтау\r\n\r\n3.3.3. Қымыз микрофлорасы\r\n

    \r\n

  1. Қорытынды
  2. \r\n

  3. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
  4. \r\n

\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nПайдаланған әдебиеттер тізімі :\r\n\r\n1.Қ.Бозымов «Жылқы және түйе шаруашылығы»\r\n\r\nАлматы «Қайнар» 1993\r\n\r\n2.М.Г.Курамшина «Қымыз»\r\n\r\nАлматы, 1951\r\n\r\n3.Қ.Дүйсенбаев, З.Сейітов, Ә.Хасенов «Қымыз»\r\n\r\nАлматы «Қайнар» 1968\r\n\r\n4.Б.Садықов, И.Сарыев, А.Отарбаев «Ақ дастарқан»\r\n\r\nАлматы «Қайнар» 1987\r\n\r\n5.Л.В.Әлімжанова «Сүт өнімі»\r\n\r\nАстана, 1998\r\n\r\n6.Б.Барақбаев «Сүт және сүт тағамдары»\r\n\r\nАлматы, 1989\r\n\r\n7.З.С.Сейітов «Кумыс шубат»\r\n\r\nАлматы, 2005-288 с\r\n\r\n 

Төлеген Айбергенов

0

Сағындым жаным, мен сені!\r\n\r\nКөркіңді жүрген қуаныш қылып, мендей ме екен бар ағаң,\r\n\r\nШын інім болсаң, бас бұрма, жаным, өсек – ғайбатқа бораған.\r\n\r\nҚажет жерінде қатыгездік пен қаталдық керек десек те,\r\n\r\nАдамның заңғар ұлылығын сен сағынышымен есепте.\r\n\r\nОнсыз сен тіпті тұлпар да болсаң, қосыла алмайсың қатарға\r\n\r\nӘуелі әбден сағынып алмай шығушы болма сапарға.\r\n\r\nСағынбай барсаң, теңіз де сенің тебіренбес жастық шағыңдай,\r\n\r\nБұлбұлдың дауысын есіте алмайсың, бауларға кірсең сағынбай.\r\n\r\nСағынбай барсаң, таулар да сенің алдыңнан шықпас асқақтап,\r\n\r\nОйлауың мүмкін дүниені мынау кеткен екен деп тас қаптап…\r\n\r\n \r\n\r\nАйтулы толғауды осы бір жерден үзеріміз үзіп алып, әрі-сәрі күйге түстік. Көз жауын алардай жауһарды сындырып алғандай, соның сіздерге тек бөлшегін ұсынғандай пұшайман болдық. Осы бір жырдағы алабұртқан екпін, тау суындай күркіреген қарқын, бірінен-бірі туындап, сытыла шапшыған бұла сөз толқын, буырқана бұлықсып атқыған сезім серпіні үзуге, іркуге келер емес еді, көнер емес еді. Жыр жүйрік. Апшы қуырған асау ағыс. Аяғына дейін жіберіп, ат басын ағытқан осынау бір тұлпар шабысты тек тамашалай бергің келеді. Тамсана бергің келеді. Ақын үніне үн қосып, сөз шығындап жатқың келмейді. Мың құбыл шұғылалы жыр жауһарларын назарларыңызға бірінен-кейін бірін ұсынып, айберен толғауға үнсіз ден қойып отыра бергің келеді, осынау сұңғыла шабысқа қосыла қол шапаттап отыра бергің келеді. Төрт аяғы тең жорға Төлеген жырларын, шашасына шаң жұқпас ақпа жырларға қара сөзбен түсініктер жазып сипаттап, суреттеп жату — бір әурешілік. Қазақтың арнасы кең жыр дариясына сонау алпысыншы жылдар аяғында бір бүйірден апшып келіп, бір ақжал толқын ұрғаны есте. Төлеген — толқын. Арқырап ақжалданып шиыршық атып келген толқын.\r\n\r\n \r\n\r\nСуы тұнық тұмадан бастау алған бұлқынған бұла толқын.\r\n\r\nЖазира белдер қуанышыңды болмасын мәңгі шектемек,\r\n\r\nАлдыңнан орман кес-кестеп шықса сағынышыңмен көктеп өт.\r\n\r\nМен бұны саған жазып отырмын арманымды орап сезімге,\r\n\r\nЖан-жақтан түскен шұғыланың бәрін сағынып жүрген кезімде.\r\n\r\n \r\n\r\nАқын інісі Мұхтар Шахановқа арнаған бұл толғау, сөз жоқ, қазақ жыр көгіне шырқай көтеріліп барып, лап жанған өмірзая шайырдың ғана емес, жалпы өлең өнеріміздің тамаша бір соны өрнекпен оқыс өріс ашқан самғауы, шарықтауы болды. Бұл толғау, сөз жоқ, алпысыншы-жетпісінші жылдар поэзиясының шырқап бір салған әні, шауып бір шыққан шырқауы.\r\n\r\n \r\n\r\nӨмірде мынау сағынбағандар бақытсыз, бақсыз талайсыз,\r\n\r\nҚазақтың жыры Абайсыз.\r\n\r\n \r\n\r\n“Сағыныш”! Ақын соншама неге сағынышты ұлы сезімге балап сомдаған? Бұ жерде ол “Махабатсыз дүние бос” деп түйген ұлы Абаймен үндеседі. Өмірге деген махаббат жалын кеудесін өртегендер ғана сағына алмақ. Сағынған, сүйген жандар ғана тазара алмақ. Тірлікті тазарта алмақ. Сондай жандардың ғана өкшесі жерден бір елі көтеріліп, періште қанат әулие сезімге бөленбек. Сондай жандар ғана өмірге шапағат нұр, жарық шашпақ. Сондай ақынжандылар арқасында ғана “мына дүние тас қаптап кетпей” “аруана – бауыр” қалпында асқақтай бермек. Төлеген кейде шабыт қысқанда көкке парлай, самғай көтеріліп дүниенің тас төбесіне шығып алып, қиядан жүзіктей жұмыр жер, жалпақ әлемге назар салатын қыран көз, періште-қанат ақын. Ол ата жұрт — қазақ еліне қиырдан сағынып келді. Өле-өлгенше сол сағынышын баса алмай кетті. Алмағайып жылдарда айырылып қалған ата жұртының әрбір тау мен тасына, көл мен шөліне шөліркеп, алыс тарихи сапардан оралған аруана- бауыр жанның іңкәр көзімен қарады. Кешегі кеңестік аласапыран жылдарда артта қалған ата жұртқа деген сағыныш шеттегі қазақтардың бойына ана құрсағында жатқанда-ақ қанмен, зармен бірге дарыды. Дүниеге қарақалпақ жерінде келген Төлеген тал бесікте тербеліп жатып-ақ, алыста қалған ата жұртқа деген құтаймас сағыныш мұңына суарылған бесік жырымен көз ашты. Балалық шағы шығыс шайырлары шарлаған шайырлы, құнарлы топырақ Хорезмде өтті. Жас Төлеген Новаи, Мақтымқұлы, Бердақтардың рухы тұнған, ізі қалған қасиетті өлкені шарлады. Балаң санасын қашан қалыптасқанша үздіксіз де үзіліссіз күмбірлеген бабалар үні, жыраулар сарыны тербетіп тұрды. Ғасырлардан ғасырларларға көшкен жыр дәстүр осылайша бала құлағына, санасына ұя салды. Мектеп табалдырығын аттасымен Абай, Жамбыл, Махамбеттермен қауышты. Сөйтіп, бала сана, бұла сана өлең сөздің тұма бұлақ, тұнбасынан жүзіп жүріп ішті, сімірді. Тереңге тамыр салды. Ата-салт, тіл, дін, діл қаймағы бұзылмаған қазақы орта, ұлы Тұран төрі оның бойына елдік пен ерлікке толы мыңдаған жылдық ұлы бабалар өсиетін, қасиетін екті. Жаратқан ие елпең-елпең жүгірген қағылез қара баланың маңдайына ақын болуды жазды. Бұғанасы қата келе жас дарын күмбірлеген әулие бабалар әуезіне әуейленіп, өзі де күбірлеп тақпақ жаза бастады. Осылайша, тарихи жады шытынамаған Тұран топырағының төсін тесіп тағы бір қайнардың көзі ашылды. Төлеген ақын, тамыр салған топырақ араб, парсы, түркі өркениеті әлімсақтан біте қайнасқан рухани шайыры шүйгін топырақ болды, оған далалық еркін ер қазақтың азаттық рухы атойлаған жыр, саз сарыны қосылып, бала санасында соны рухани элементтер құрап ию-қию араласты. Сана тұңғиығында болашақта атылар жанартау — жыр негізі, жасушалары түзілді.\r\n\r\n \r\n\r\nҚанша құнарлы десек те Қазақстаннан шет өлке қазақы өршіл рухы көкірегіне симаған Айбергеновтей арқалы ақынға өсе келе тарлық ете бастады. Анау бір қиырда толықсып аламан бәйгелер мекені ұлан-байтақ Қазақстан жатыр. Қазақтың қалың елі тербетілген тал бесік. Шетте, жат елде жүрген қазақтың көз салар құбыласы, мәңгілік Меккесі, мәңгілік сағынышы.\r\n\r\n \r\n\r\nАруана жаудың қолына түссе ботасын шайнап өлтіріп,\r\n\r\nҚаралы мойнын қайтадан артқа бұрмастай халге келтіріп.\r\n\r\nЖеріне тартып отырады екен моншақтап жасы боздаумен,\r\n\r\nОмырауын шерге толтырып.\r\n\r\n \r\n\r\nАпталап- айлап таңдайын мейлі тасбауыр шөлдер құрғатсын,\r\n\r\nҚазығын таппай тоқтамайды екен  мәңгілік тіпті Күн батсын.\r\n\r\nТуған жер төсін аңсаумен өткен аруана-бауыр дүние,\r\n\r\nСен маған осынау ақ жүрегіңмен қымбатсың.\r\n\r\n \r\n\r\nКеудемде жүрген, зердемде жүрген ынтызар ықылас от өріп,\r\n\r\nСен мұны менен бетер ұқ!\r\n\r\nТүкпірімдегі дір ете қалғыш осынау құйттай жүрекпен\r\n\r\nКелем мен бүгін қасиетті байтақ Қазақстанды көтеріп!\r\n\r\n \r\n\r\nТөлеген толғауларындағы сағыныш сазына, сағыныш сырына терең бойлаған жан бұ жерде тек ғана ақынның жеке бас сезім иірімдерімен шектелмей, сол жеке бас тағдырға тайдай таңба басқан кешегі ел айырылған жылдардағы зар заман жаң­ғырығын аңғарған болар еді. Сол “балапан – басына, тұрымтай – тұсына “кеткен кер заман дауылында қақпақыл болған қазақтың бір ботасының боздауын естігендей болар еді. “Боздаумен жасы моншақтап” туған жерге тартып отырған аруана – жүрек ақын бейнесі көз алдыңызда көлбеңдер еді. Ақынның Мұхтар інісіне деген сағынышы, бақсақ, ел мен жерге сағына қауышқан ақынның күллі қазақ ұлына деген жүрекжарды тарихи сағыныш екеніне көзіңіз жетер еді. “Ботасын шайнап өлтіріп туған жеріне тартып отыратын аруана – бауыр дүние” ел мен жерден алыс кеткен алаштың ата жұртқа сыңсып ағылған сағыныш көші екеніне көз жеткізер еді. Егер, ақынның ата-бабалары тоталитарлық тепкінге шы­дамай, Ақтөбе жерінен Қарақалпақстанға жер аумағанда, балауса ақын ата-жұрттан алыста жүріп қалыптаспағанда, жүрегін алыс ата-жұртқа деген құтаймас сағыныш сормағанда, кім біледі, мүмкін сағыныш туралы қазақ поэзиясының мәртебесін асырған осынау Төлеген толғаулары өмірге келер ме еді, келмес пе еді, кім білсін…\r\n\r\n \r\n\r\nТуған жер төсін аңсаумен өткен аруана – бауыр дүние,\r\n\r\nСен маған осынау ақ жүрегіңмен қымбатсың.\r\n\r\nБірақ мен оны жыр қылып қалай жаза алам,\r\n\r\nЖетер ме адам сөзі оған!\r\n\r\n \r\n\r\nӨмірде ұзақ жасауың үшін болғаныменен қайғың қас,\r\n\r\nТуған жер, сен деп қайғыра алмасам, тағдыр да мені бай қылмас.\r\n\r\nО бастан саған ынтызар аруана тектес ұл ем мен\r\n\r\nҚазығын таппай қайырылмас.\r\n\r\n \r\n\r\nЖас ақын шыңнан да қазығын таппай қайырылмады. Бір қолтығында Ташкент педогогикалық институтының дипломы, екінші қолтығында болашақ жары Үрниса, Төлеген ақын Қазақстанға бет түзеді. Алғашқы орын тепкен жері – Оңтүстік Қазақ­стан, рухани ұлт ордасы. Әлі елге белгісіз Төкеңнің отбасын досы, жазушы, журна­лист Зәкір Асабаев құшақ жая қарсы алды. Зәкеңнің өзге де достарының арқасында жас ақын Сарыағашта кешкі мектеп директоры болып жұмысқа орналасты. Бірақ, ақын аңсары Алматыға ауды да тұрды. Ақыры дегеніне жетпей қоймады. Жұмысың мынау деп отырған астана жоқ болса да, бала-шағаңмен кіре қояр баспана жоқ болса да, ақын алған бетінен қайтпай, бәрібір көшіп келді. Алматының Ташкент көшесінің бойынан бір бөлмелі жер үй жалдады. Бірінші курс студенті кезіміз, сол үйдің табалдырығын алғаш аттадық. Ең алдымен көзге ұрғаны – үй толған шүпірлеген шиеттей бала еді. Қара торының әдемісі Үрниса жеңге күліп жүріп, дастархан қамымен зыр қағып жүр. Тіптен таң қалдым. Бозөкпе бала қонаққа мұнша ықылас көрсеткеніне қысылғаным есте. Төлеген аға мен Үрниса жеңгей отбасында қазақы қонақжай дәстүр қаймағы бұзылмай тұрғанын аңғардық. Бұл дәстүр Алматыда сұйылып кеткенін аңғарып жүрген кезіміз еді. Сөйтсек, бұл ата дәстүрге Төлеген отбасында әлі сызат түспеген. Төкеңнің “Болады менің кейде жүз қонағым, соның бәрін күтпесең сызданамын!” дейтіні де содан болса керек, жарына арнап. Жерге төсеген қарапайым дастархан, сол дастарханға сирек қонақтаған қарапайым дәмдер. Бірақ, ағамыз бен жеңгеміздің көңілі неткен дархан, неткен көл-көсір! Бір бөлмелі жатаған үйдің төрі мен босағасы мен үшін, бірінші курс студенті үшін хан сарайдай кең көрінді. Не айтса да күліп айтатын, не айтса да күлдіріп айтатын мына жағасы жайлау ақжарқын үй иелерінің жанында жоқшылық, таршылық деген сұғанақ ұғымдар орын таба алмай, өз-өзінен тоз-тозы шығып кеткендей. Төрт қабырға даладай далиып кеткендей. Маған, студент балаға, сол сәтте Алматыдағы ең кең үй, ықылас, пейілге толы үй осы Төлеген ақынның жалғыз бөлмелі жатаған үйі тәрізденді. Төлеген ақын әлі сиясы кеппеген, түнде жазған өлеңдерін оқыды. Өлең оқысы бөлек. Жатқа оқиды және тура шаршы топқа шапқалы тұрған революция дауылпазы Маяковскийше екпіндетеді. Әрбір өлең жолының аяқталуы балғамен ұрғандай салмақты. Дүңкілдейді. Дүңкілдеп дабыл соғылғандай, жорық дабылы ұрылғандай. Оқыс қуат-қайрат сізді де баурап, арқаңыз қозып, күреске, ерлікке шыңдалып, ширығып бара жатқандайсыз.\r\n\r\n \r\n\r\nРеволюция!\r\n\r\nҚашан да маған қасіретті шақтан, тар шақтан\r\n\r\nҚол создың, ару армандар болып қарсы аққан.\r\n\r\nОмырауымнан аппақ самалдар сапырып,\r\n\r\nКеудемнен менің жұмсарып кеткен барша ақпан.\r\n\r\n \r\n\r\nАқ жұпар аңқып бұрқырап озон тараған,\r\n\r\nБарсың сен барлық жаздың жаңбырында аппақ бораған.\r\n\r\nЖетеді сен боп дүңкілдеп маған қаққанда\r\n\r\nСамала мына таулардан\r\n\r\nСарқырамалар барабан.\r\n\r\n \r\n\r\nТашкент көшесінің бойындағы жұпыны ғана жатаған ақын үйі көп ұзамай сол кезде­гі әдебиет есігін жаңа аша бастаған, бірақ та үйсіз, күйсіз Жұматай бастаған жас ақындардың тұрақты шұбыратын Меккесіне айналды. Үй иесінің жұмыссыз, қаржысыз қысылып жүргеніне қарамастан, бұл үйде күнде сауық, күнде той. Үрниса жеңгей қабақ шытуды білмейді. Нағыз Құдай қосқан ақынның жары. Үйге топ-тобымен келіп жатқан отқанат жас ақын қонақтарға Төкең қалай қуанса, Үрниса жеңгей де солай қуанады. Бұндай пейілді аңғарғыш ақындар бір емес, бірнеше келеді. Тіпті қона -жастана дүрілдетіп өлең оқып, керілдесіп әдебиет мәселесін осы үйде шешіп жатады. Үй иелеріне осының бәрі қызық. Бәрі той. Қабақ шытпайды. Олар үшін дүниеге бір жақсы өлең келсе нағыз мереке сол тәрізді. Бұл үйден Төкеңдер көп ұзамай кетіп, қарызданып жүріп, Алматының тау жағынан бір арзан үй сатып алды. Ұмытпасам, бұл да бір бөлмелі. Жас ақындар тобы енді Алматының тау жағына қарай шұбыратын болды. Келушілер қатары молая түсті. Әйгілі Шәмші бастаған композитор, әнші, журналистер күн демей, түн демей осы үйде жиналады. Жаңа ән, жаңа өлеңдер осы үйде үздіксіз туып жатады.\r\n\r\n \r\n\r\nАраға 40 жыл салып сол күндерге, жер бетіндегі Төлеген ақынның соңғы жыл, соң­ғы күндеріне ой көзін қыдыртқанымызда, пайғамбар жүрек қыршын жас жер бетін­дегі сапарының келте боларын сезді ме екен деген ой келеді. Бауыры ауыратынын айтатын. Сондықтан да, түнді-түнге ұрып, таңды-таңға ұрып, тірлік шуағын ұзартуға талпынды ма екен деген ой келеді. Жанын паршалап, санасын сабылтып, сергелдеңге салған сезім өртінен өлең өруге асықты ма екен деген ой келеді.\r\n\r\n \r\n\r\nБірге қақ қанат қасымнан қалмай, сағынып көрген қарағым,\r\n\r\nЖалғасын сен айт бұл асқақ әннің, жабылып кетсем егер мен\r\n\r\nҒұлама жылдар судырлатқанда парағын.\r\n\r\n \r\n\r\nТоқталмайды өмірде жаңбыр әні,\r\n\r\nЖаңа толқын жаңғырып жарға ұрады.\r\n\r\nҚоңыраулатқан осынау ұлы керуен\r\n\r\nҒасырлардың иығын талдырады.\r\n\r\n \r\n\r\nБір кездерде бұл күн де көшер менен,\r\n\r\nШектерімді шулатып неше өрлеген.\r\n\r\nШаңқай түсте шатырлап тас төбемнен\r\n\r\nАласапыран ғасырлар нөсерлеген.\r\n\r\n \r\n\r\nШақтарда да азынап оқ бораған,\r\n\r\nБұл дарияның шабысы тоқтамаған.\r\n\r\nМен өтемін жолдардан әлі талай,\r\n\r\nЖүрегімнен дүңкілдеп ақ барабан.\r\n\r\n \r\n\r\nТөкең жайшылықта ет пен сүйектен жаралған пенде көрінгенімен өлең оқығанда мүлдем өзгеріп кететін, арқаланып лапылдап жанатын. Оның себебін ақын былай түсіндіреді:\r\n\r\n \r\n\r\nСен менің өзімді көрсең,\r\n\r\nТұрысым осы менің.\r\n\r\nАл мендегі ғаламат сезімді көрсең,\r\n\r\nШошыр едің!..\r\n\r\n \r\n\r\nШаршы топқа шыққанда ақын найзағайша жарқылдап, күн болып күркірейтін. Бұн­дай ақындарды ол кезде “трибун ақын” деуші еді ғой. Төкең туа біткен трибун еді. Төлеген сахнада жарқылдау үшін туған талант еді. Төлеген ақынның қалғып-мүлгіп отырған аудиторияға жаны қас болатын. Оны қағып-сілкіп дүрілдетіп, дуылдатып жібергенше асығатын. Пышақтың қырындай сылыңғыр, ұзын бойлы, қыр мұрын, бұйра толқын шашты отқанат ақын сахнада қырандай саңқылдап өлең оқығанда, залда отырған қыз-келіншектердің жанарлары шырадай жанып, шоқтай маздайтын. Сондай бір кездесу өлерінің алдында Алатау бөктеріндегі бір санаторийде өтті. Тө­кең айтқан мына бір әсерлі әңгіме хатқа жазылғандай есімде қалыпты. Жаздың ғажайып бір кешінде санаторий залына жұрт лық толды дейді Төкең. Алдымен бір-екі ақынды алға жібердім. Байқаймын, зал әлі керенау, керсолқы қалпында. Анау екінші қатарда отырған қарақат көзді, жұмыртқадай бір ақкербез тіптен керсолқы. Сахнаға шыққанша ол кербез біз тарапқа тіпті көз қиығын да салған жоқ. Сөйтіп, намысты шабақтады. Кезек маған келді. Өзім де тықыршып әрең отыр едім. Сахнаның қақ ортасына шығып, алшайып тұрдым. Өлең сөзге берілмей отырған керенау зал, керсолқы кербезбен жекпе-жекке шыққандаймын. Ақындық аруағымды шақырдым. Зал назары қадала қалды. Бірақ, керсолқы кербездің жанары әлі ұшқындаған жоқ. Сонысымен ала сайтанымды шапқа түртті. Оң қолды жоғары сілтеп жіберіп, көктегі шатырлаған найзағайды шап беріп ұстай алғандай болдым. Зал дүр ете түсті. Содан дүңкілдеттім… ал, кеп дүңкілдеттім. Қадалған жүздеген жанарларда лапылдап от жана бастады.\r\n\r\n \r\n\r\nМен қара төспін, қайғыдан бақыт жасаған,\r\n\r\nШатырлап жатқан найзағайлы аспан босағам.\r\n\r\nМен жарық Жермін жаңғырықтарға үн қосқан,\r\n\r\nТөбемді көрсе күн қашқан,\r\n\r\n \r\n\r\nОмырауымнан жарқылдап ағып жатады\r\n\r\nҚұйрықты жұлдыз тынбастан.\r\n\r\nБолғанмен қара пәк жаным,\r\n\r\n \r\n\r\nТіршілік үшін уыстап шашам ақ жалын.\r\n\r\nОтыма менің ұқсайды барлық ұрандар,\r\n\r\nҚанатын малып ұшады соған қырандар.\r\n\r\nМен қара төспін, соқсаң да қанша шаршаман,\r\n\r\n \r\n\r\nҚып-қызыл шоқ боп үскіріктерге қарсы ағам.\r\n\r\nШеге боп енем үйлердің\r\n\r\nҚабырғасына қаусаған.\r\n\r\nШаңытып қалам жолыңнан\r\n\r\nСамала болып самсаған…\r\n\r\n \r\n\r\nОмырауынан ақ шашақ толқын боратқан\r\n\r\nКөгілдір ГЭС боп құямын барлық тораптан.\r\n\r\nАқ сүңгі лайнер қанаттарында отым бар\r\n\r\nТөбеңде зулап баратқан.\r\n\r\n \r\n\r\nОсылай дүңкілдеткенде зал дүрлігіп кетті. Зал дуылдап кетті. Бората қол соқты. Қо­шемет айқайлар шықты жан-жақтан. Кербез келіншектің қарақат жанарында тұта­нып, маздап тұрған алауды көрдім. Көңілім орнықты, іштей жеңісімді тойладым. Алма бақ арасында кең дастархан жайылған айлы кеш еді. Бақыт кеші еді. Төңірек тұнған алма бақ. Бұрқыраған апорт исі танауды жарады. Алматының апорты-ай! Дәмі таңдайдан кетер ме!\r\n\r\n \r\n\r\nСол кештен кейін өз үйіне бармай, біздің студенттік пәтерде екі-үш күн қонып қалған ақын осы бір әдемі оқиғаны осылай әңгімелеп бергені есте. Бұл біздің соңғы кездесуіміз екен. Көп ұзамай ақын туған жері Қарақалпақстанға қонаққа кетіп, ол жердегі жора-жолдастарының арасында бауыр сырқатынан дүние салды. Сүйегі Нөкіс қаласының зиратына қойылды.\r\n\r\n \r\n\r\nЖер бетіндегі сапары небәрі 30-ақ жылға созылған айберен ақын Айбергеновты қазақ баспасөзі жыл он екі ай жоқтады. Бұл қаза жақын-жуық, жора-жолдастарына қатты батты. Төкең төбесіне көтере дәріптеген сол кездегі жас ақын, бүгінгі бас ақындарымыздың бірі Мұхтар Шаханов былай деп толғады:\r\n\r\n \r\n\r\nБәйшешектің ғұмырындай тағдыр кешкен мәрт батыр,\r\n\r\nӨлеңінде ешбір ғасыр өшіре алмас өрт жатыр.\r\n\r\nНамысыңды дәуіріңе еткізбедің қақпақыл.\r\n\r\nМіне, содан, ұлтымызды рухсыздан күзетіп,\r\n\r\n \r\n\r\nСенің жырың шекарада әлі күнге сапта тұр.\r\n\r\nПайымдаймын, мойындаймын, сен данасың, мен – бала,\r\n\r\nҰлтына кім жақын, алыс, айқындайтын ел ғана.\r\n\r\nОн том өлең жазғандарды кетті ұмытып кең дала.\r\n\r\n \r\n\r\nБірақ шағын он өлеңмен он миллион қазақты\r\n\r\nТолғандырған, таң қалдырған\r\n\r\nМахамбет пен Сен ғана.\r\n\r\nЗаманының ыңғайына жүрмей кеткен іңкәрім,\r\n\r\n \r\n\r\nСаф өнерде қызғанышты білмей кеткен іңкәрім,\r\n\r\nИығына бүтін бешпет ілмей кеткен іңкәрім,\r\n\r\nЖер астынан сәлем жолдап жатырсың сен күн сайын,\r\n\r\nҚазағымның маңдайына сыймай кеткен сұңқарым.\r\n\r\n \r\n\r\nАйбергенов ақын жәйлі бұдан асырып айту қиын. Асылдардың артын күту – азаматтық белгісі. Ерте кеткен ерлерді ескеру – елдік белгісі. Айбергенов ақын қазақ жырындағы жалпыұлттық құбылыс болса да оның соңын күту, осынау жұл­дызды жыр жампозын ұлықтау осы күнге шейін жалпыұлттық сипат ала алмай келеді. Алайда, алтынды жылтырауықтан ажырата білетін азаматтар Төлеген мұра­сын дәріптеуді доғарған емес. Солардың бірі Төлеген ақынның өмірі мен поэзиясы туралы деректі фильм түсірген кинорежиссер Доқтырхан Тұрлыбек, екіншісі ақтөбелік кәсіпкер Базаркелді Ертуған. Бұл азамат өз қаржысына ақынның ата­жұрты Ақтөбе облысы, Темір ауданындағы Шұбарқұдық ауылдық мектебінің үздік оқушыларына соңғы 7 жылдан бері “Төлеген Айбергенов” атындағы ақшалай стипендия беріп келеді. Бұл оның ақын аруағын ұлықтаудағы атқарып жүрген іс-шарасының тек бір парасы ғана. Төлеген ақын: “Бұл қазақта небір жігіттер бар мар­қасқа” дегенде осындай азаматтарды есте ұстаса керек. Егер жыр жұлдызы бү­гінде тірі болғанда 70 жасын тойлар еді. “Бір тойым болары сөзсіз менің” деп бас­талатын алты алашқа мәшһұр өлеңінде арман еткен айтулы күнге ақын жете алмай кетті. Алайда өзінің өлең өлкесіндегі салтанатының “мәңгілік тарқамауы мүмкін оның” дегені шындыққа айналды. Жер бетінде қазақ деген ел бар да, қазақ тілі мен жыры бар да жыр жұлдызы Төлеген Айбергеновтің өлең тойы мәңгілік тарқамасы анық.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nАвторы: Смағұл ЕЛУБАЙ.

Жас математиктер байқауы-Конкурс юных математика

0

Қызылорда қаласы үшін. Қала әкімдігінің әлеуметтік тапсыры шеңберінде Гумбольдт сыйлығының иегері, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Асқар Жұмаділдаев атындағы жастар сыйлығына байқау жариялаймыз. 100 мың теңге көлемінде математика саласында үздік жетістік көрсеткен 14-29 жас аралығындағы 10 жасқа іріктеліп табысталатын болады. Байқау жайлы толық ақпаратты «ҚАЗАҚЫЛЫҚТЫҢ АТАМЕКЕНІ» Қоғамдық қорынан немесе 8 775 420 28 08 байланыс номері арқылы алуға болады.\r\n\r\nДля города Кызылорда. Объявляется конкурс имени Аскара Джумадильдаева, доктора физико-математических наук, профессора,академика Национальной академии наук Республики Казахстан,Стипендиата Фонда Гумбольдта. В конкурсе могут принимать участие любые желающие граждане РК в возрасте от 14 до 29 лет, из 10 лучших конкурсантов комиссия выберет победителя, который получит денежное вознаграждение на сумму 100 тыс тенге!Подробную информацию о конкурсе можете узнать в фонде «ҚАЗАҚЫЛЫҚТЫҢ АТАМЕКЕНІ», либо по этому номеру: 8 775 420 28 08

Балам ақылды болсын десеңіз…

0

Баласының ақылды боп өскенін қаламайтын ата-ана жоқ шығар. Сәбиім бала-бақшада тәрбиелі, мектепте өзге балалардан алғыр болса, университетті үздік бітірсе, жұмысқа оңай орналасса деген армандар кей ананың жүрегіне нәрестесін дүниеге әкелген сәттен ұялап жатады. Ал енді біреулер балам 4 жасында фортепианода ойнауды толық меңгеріп, 5 жасында өзінің музыкалық шығармаларын жаза бастаған Моцарт секілді даңқты музыкант болса екен десе, тағы бір ата-аналар балам сөйлеуден бұрын сурет салуды меңгерген, 12 жасында қалыптасқан суретші атана бастаған Пабло Пикассо секілді әлемді таңғалдырса дейді. Ең қызығы, біреулер ондай дарынды балаларды тума талант десе, енді біреулер олар сол дәрежеге ата-анасының, айналасының тәрбиесінің арқасында жеткен деседі. Бұл талас күні бүгінге дейін толастамай келеді. Дегенмен, көптеген ғалымдар, бала тәрбиесінің мамандары баланы гений етіп тәрбиелеуге болатынын дәлелдеп үлгерді. Әрине ол үшін тәрбие өте ерте, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) айтқандай сәби ана құрсағына біткен сәттен басталуы керек. Түркі халқының ойшылы Жүсіп Баласағұнның «Құрсақта біткен қылық, қара жерге бірге кіреді» деген сөзі де тегін болмаса керек. Оны бабамыз сонау орта ғасырда айтса, ғалымдарымыз ақиқат екенін ғылыми түрде бүгін дәлелдеп берді. Жапон дарынды балаларын тәрбиелеуші, «Sony» корпорациясының негізін қалаушы Масару Ибука да өзінің «Үштен кейін кеш» («Kindergarten Is Too Late» by Masaru Ibuka) кітабында баланың негізінен үш жасқа дейін қалыптасып болатынын айтады. Дәл осы үш жасқа дейін баланың мінезі де, болмыса да, алғыр немесе әлжуаз болатындығы да анықталады екен. Сондықтан ата-ана балаға негізгі тәрбиені үш жасына дейін беруі керек. Ал одан кейін балаға тек бағыт-бағдар беруші ғана болып қалады.\r\n\r\nИслам әлемі үшін де «вундеркинд бала» таңсық дүние емес. Өйткені, дінімізде Құранды ең ертесі 3-4 жасында жатқа білген балалар болған. Имам Шафиғи секілді ғалымдардың бала кезіндегі алғырлығы сондай, кітапты бір оқып жаттап алған деседі. Ендеше, баланың ақылды болып қалыптасуы өз қолымызда, өз тәрбиемізге байланысты екен. Оған бір ғана мысал ретінде классикалық музыка шебері Моцарттың бала кезін алуға болады. Моцарт ана құрсағында жатқан сәттен музыкант әкесі ойнаған небір шығармаларды тыңдады. Дүниеге келгеннен кейін де күнұзақ әке жанында болып, әпкесі үйренген нәрселерді бұл да үйрене берді. Нәтижесінде, үш жасында ата-анасын, бес жасында әлемді таңғалдырды\r\nзагруженное\r\n\r\n\r\nБала Моцарт\r\n\r\n \r\n\r\nАмерикалық докторлар Майкл Ройзен мен Мехмед Оз «Сіз бала тәрбиелеп отырсыз» атті кітабында баланың жылдам дамуы үшін әр ата-ана қолдануы тиіс мынандай 8 факторды атап көрсетеді:\r\n\r\n1. Ойынға қызығушылығын арттыру.\r\n\r\nКішкентай бала уақытының көбін ойынмен өткізуі керек. Осы ойын арқылы ғана сәбидің әлемді тануға деген қызығушылығы оянады. Ал жан-жағындағы дүниелерді тануға қызығушылығы оянған сәттен ол ертең білім алғаннан ләззат алатын деңгейге жетеді.\r\n\r\n2. Көп кітап оқып беру.\r\n\r\nКіп-кішкентай болғанына қарамастан балаға мүмкіндігінше көп оқып беру керек. Бала ештеңе түсінбегендей, тіпті естімей отырғандай көрінуі мүмкін. Бірақ олай емес, баланың миы сырттан келген барлық ақпаратты қабылдап жатады. Баланың сөздік қоры естіген сөздерінен тұрады. Оған қаншалықты көп оқып берген сайын, баланың білетін сөздері ұлғая береді, тілдік мүмкіндіктері жоғарылайды.\r\n\r\n3. Сөзге көп тарту.\r\n\r\nЖауап бере алмайды ғой деп, онымен сөйлеспей қоятын ата-аналар қатты қателеседі. Керісінше, баланы жиі сөзге тартып, оның жауап бере алмайтынын білсең де, сұрақтар қойып отыру керек. Мысалы: «Мысықтың қарны ашқан сияқты, тамақтандырамыз ба?» деп сұраған дұрыс та, «Мысықтың қарны ашыпты, тамақтандырайық» деген дұрыс емес. Бала өзіне ата-анасының көңіл бөліп жатқанын қатты сезеді. Сол арқылы сөйлеуге талпынысы ерте оянады.\r\n\r\n4. Өзге дыбыстардың болуына жол бермеу.\r\n\r\nБаламен әңгімелесу, сөйлесу барысында теледидар қосып қою немесе музыка тыңдау секілді қосымша әрекеттерге бармаған жөн. Ол баланың қабылдауы тиіс ақпараттарына кедергісін келтіреді. Бала бөлмесінде теледидардың болмағаны жақсы. Зерттеу жұмыстары бөлмесінде теледидары бар балалардың сабаққа қабілеті төмен, толықтыққа бейім екенін дәлелдеді.\r\n\r\n5. Шығармашылықпен айналысу.\r\n\r\nКез келген шығармашылық іс баланың ойлау жүйесін дамытады. Сурет салу, сызу, ермексазбен мүсіндер жасау секілді қызықты істерге баланы үйретіп, қанша айналысса да шектемеу керек.\r\n\r\n6. Көрсету, түсіндіру.\r\n\r\nҮйде де, далада да баланы қоршаған әлеммен таныстырып отыру қажет. Кей ерекше заттарды көрсетіп, олардың мән-мағынасын түсіндірген дұрыс. Сәбидің назарын әсіресе, өзгеріп жатқан дүниелерге аударған жақсы. Мысалы, жапырақтардың қалай сарғайғанын, құстардың неге сайрағанын, ағаштардың қалай бүршік жарғанын бақылату баланың дамуы үшін өте пайдалы.\r\n\r\n7. Дұрыс тамақтану мен құнарлы тағам таңдауға көңіл бөлу.\r\n\r\nМысалы, балық майы мидың жақсы жұмыс істеуіне өте пайдалы. Мұны зерттеулер де дәлелдеген.\r\n\r\n8. Сабырлық таныту әрі үлгі бола білу.\r\n\r\nБаланы өте жылдам дамытуға асықпау керек. Әсіресе сәби бір жасқа келгенге дейін онымен баяу сөйлесіп, әр сөзді қайта-қайта қайталап, түсіндіріп отыру қажет. Әрине, бала ата-анасының істегенін қайталайды. Сондықтан балам жақсы болсын десеңіз, өзіңіз жақсы болуға тиіссіз.\r\n\r\nҚазіргі күннің тағы бір үлкен мәселесі кей аналардың балалары үшке келіп үлгерместен жұмысқа шығып кетуі болып саналады. Ондай жағдайда сәбилеріне тәрбиеші жалдайды немесе балабақшаға жібереді. Міне, осы сәттен ата-ананың балаға жеткілікті көңіл бөлмеуі басталады да, ол өз бетімен өсе бастайды. Әрине, балаға тәрбиені ананың өзі бергені жақсы, дегенмен өмірдегі түрлі жағдайларға байланысты тәрбиешінің көмегіне жүгінуге тура келсе, оны дұрыстап таңдаған жөн. Ақшаны аз талап етеді деп, өмірлік көзқарасы әлі толық қалыптасып болмаған оқушы немесе студент қыздарға баланы сеніп тапсыруға болмайды. Пушкиннің тәрбиешісі Арина Родионовна естеріңізде болар? Пушкин ол айтқан ертегілермен ер жетті, “ақын болуыма себепкер” деп сол ғажап тәрбиешісіне мәңгілік қарыздар болып өтті, қаншама өлеңін арнады. Немесе Лев Толстойдың балаларының ағылшын тілін меңгеріп, ертегілерді түпнұсқадан оқуы үшін сонау Англиядан ағылшын қызы Ханнаны тәрбиеші етіп алуын айтыңыз. Мұның бәрі тегін емес. Тұлғаның жақсы болып қалыптасуында тәрбиешінің рөлі өте үлкен. Ол адам балаға ізгіліктің дәнін себетіндей дана болуы тиіс. Сол сияқты балабақшаны да дұрыстап таңдауға көңіл бөлу қажет.\r\n\r\nАлла біздердің салиқалы, ақылды, ғалым перзенттердің ата-анасы болуымызды нәсіп етсін!\r\nДерек көзі: islam.kz сайты\r\n

Автор: Марфуға Шапиян

Сабаннан жасалған панно

0

Сабақтың тақырыбы: Сабаннан жасалған панно\r\n\r\nСабақтың  мақсаты:\r\n\r\nа) білімділік: Оқушыларға табиғи материалдар туралы түсінік беру, олардан жасалатын бұйымдар мен оларды кептіру жолдарын ұғындыру, сабаннан панно жасауды үйрету.\r\n\r\nә) дамытушылық: Оқушылардың териялық білімдерін іс-жүзінде шығармашылықпен ұштастыру, өнерге деген қызығушылығын арттыру.\r\n\r\nб) тәрбиелік: Оқушыларды икемділікке баулып, еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу\r\n\r\nСабақтың типі: аралас сабақ\r\n\r\nСабақтың түрі: жарыс сабағы\r\n\r\nОқыту әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік\r\n\r\nКөрнекілігі: әр түрлі кепкен өсімдіктерден жасалған паннолар, топтық тапсырмалар\r\n\r\nҚажетті материалдар мен құралдар: кептірілген  сабан, желім, қайшы, қалам.\r\n\r\nСабақтың барысы:\r\n\r\nІ. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық.\r\n\r\nӨнер, өнер қолөнерім өркенде,\r\n\r\nБұл өнерім бола берсін көркем де.\r\n\r\nАна салты, әке  жолы өлмесін,\r\n\r\nҰрпағымыз жалғастырар ертеңге\r\n\r\nСынып оқушыларын 3 топқа бөлу: 1 топ — Зергер   2 топ- Шебер   3 топ — Өнер \r\n\r\nІІ. Үй тапсырмасын тексеріп, бағалау\r\n\r\nІ тапсырма : Табиғи материалдардан бұйым жапсырмалау.\r\n\r\n1 — ші топ жапырақтан\r\n\r\n2 — ші топ шырпыдан\r\n\r\n3 — ші топ — дәннен\r\n\r\nІІ тапсырма: Жасаған бұйымдарына байланысты мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштар айту\r\n\r\nІІІ тапсырма: Сұрақ-жауап\r\n\r\n1 — топ Коллаж дегеніміз не?\r\n\r\n2 — топ Табиғи материалдарға не жатады?\r\n\r\n3 — топ Икебана деген не?\r\n\r\nЖауаптары:\r\n

    \r\n

  1. Коллаж-негізге әр түрлі ұсақ материалдарды желімдеу арқылы жасалған көркем тәсіл
  2. \r\n

  3. Табиғи материалдарға талдың қабығы, бұтақтар, тал түбірі, құм, жапырақ,гүл күлтелері, кепкен жемістер, сабан, т.б. жатады
  4. \r\n

  5. Икебана-гүл композициясын құрастыру өнері
  6. \r\n

\r\nҚауіпсіздік ережелері\r\n

    \r\n

  • Өсімдік сабағын тілуге сабы бар пышақты пайдалан.
  • \r\n

  • Екіге тілінген сабақтың қырын қолыңмен ұстама
  • \r\n

  • Сабақ кесінділерін аузыңа салма.
  • \r\n

  • Сабақ үгінділерін щеткамен сыпырып ал.
  • \r\n

  • Өткір құралды арнаулы қорапта сақта.
  • \r\n

  • Партаға қағаз төсеп жұмыс істе.
  • \r\n

\r\nІІІ.  Мақсат қою кезеңі. Жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.\r\n\r\nТабиғи материалдармен жұмыс. Сабаннан жасалған панно.\r\n\r\nIҮ. Жаңа оқу материалын  түсіндіру кезеңі.\r\n\r\nЖұмыстың орындалу реті:\r\n\r\n     І кезең.Табиғи материалды дайындау. Панноны қамыс, қоға, бидай, арпа, күріш, ши және т.б. сабақтарынан жасалады. Таңдап алған өсімдік сабағын тазалап, ұзына бойы екіге жара тілеміз.Үлкендеу ыдысқа қайнаған су құйып, оған тілінген сабақтарды біраз уақытқа салып қойып, жібітеміз. Жібіген сабанды судан алып, тегістеп, қатарлап қоямыз. Бетін газетпен жауып, үстін салмақты затпен бастырамыз. Содан кейін сабанды кептіреміз. Кепкен сабанның жиектерін тазалап, ұзындықтарына қарай топтаймыз.\r\n\r\n     ІІ кезең. Композициялық суреттің көлеміне қарай табиғи материалды жапсырмалайтын панно негізін дайындаймыз. Оның түр-түсі композициясы тақырыбына үйлесімді болуы керек.\r\n\r\n     ІІІ кезең. «Табиғат көрінісі» панносын қағаз бетіне саламыз. Сурет үстіне калька қағазын қойып,  суретті айналдыра  сызып көшермесін калька бетіне түсіреміз.\r\n\r\nДайын болған сабанның ішкі бетіне ПВА желімін жағып, калька бетіндегі сурет бейнесіне қатарлап жапсырамыз. Сурет сабанмен толық желімдеп шығамыз. Суреттегі әрбір бөліктің ерекшелігіне қарай сабанды жапсырмалау әр түрлі болады.  Мысалы, шырша  ағашын жапсырмалау төменнен жоғары қарай орындалса, баланың бейнесін жапсырмалау панно жасаушының еркінде. Суретті сабанмен толық жапсырмалап болған соң,желімді кептіреміз. Кепкеннен кейін сурет бейнесін калька қағазының екінші бетінде көрініп тұрған сызықтары бойынша қиып аламыз. Қиып алынған бейнені панно негізіне калька қағазы жағына желім жағып,екінші рет желімдеу технологиясын орындаймыз. Нәтижесінде  «Табиғат көрінісі» панносы дайын болады.\r\n\r\n     V.Қорытынды сұрақтар: \r\n

    \r\n

  1. Панноны ненің сабағынан жасауға болады?
  2. \r\n

  3. Өсімдік сабағын қалай дайындаймыз?
  4. \r\n

  5. Табиғат панносын жасау үшін қандай жұмыстар жүргіздік?
  6. \r\n

\r\n    VІ. Бағалау.Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.\r\n\r\n    ҮІІ. Үйге тапсырма беру. Гүл панносын жасап келу.\r\n\r\n \r\n

\r\n

 Сабақты өткізген:  Асанов Нұрлан Ерболатұлы

\r\n

                                                Қызылорда  облысы,  Қазалы  ауданы

\r\n

                                          Жанқожа  батыр ауылы,  №94  орта  мектептің

\r\n

                                                       технология  пәнінің  мұғалімі

Ұсақ моншақтардан жасалған білезік

0

Сабақтың тақырыбы: Ұсақ  моншақтардан жасалған білезік\r\n\r\nСабақтың  мақсаты:\r\n\r\nБілімділік: Оқушыларға бисер туралы түсінік беру, түрлерімен таныстыру,білезік жасап үйрету.\r\n\r\nДамытушылығы: Есте сақтау қабілеттерін арттыру. Танымдық қабілеттерін дамыту.\r\n\r\nТәрбиелік: Салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу. Әдемілікке,эстетикалық тәрбиеге баулу.\r\n\r\nСабақтың типі: аралас сабақ\r\n\r\nӘдіс-тәсілі: сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік\r\n\r\nКөрнекілігі: Интерактивті тақта,слайдтар,суреттер,моншақтар,әр түрлі қолдан жасалған білезіктер.\r\n\r\nҚажетті материалдар мен құралдар: түрлі-түсті ұсақ моншақ, жіп, ине.\r\n\r\nСабақтың барысы:\r\n

    \r\n

  1. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа дайындық.
  2. \r\n

  3. Үй тапсырмасын тексеріп, бағалау.
  4. \r\n

\r\nЖіптен алқа жасау.\r\n\r\n1.Алқаның түрлерін  атаңдар?\r\n\r\n2.Зергерлік бұйымдарға нелер жатады?\r\n\r\nҚауіпсіздік ережелері\r\n\r\nБұл – оңай ережелер…\r\n\r\nШанышқы, қайшы, инелер,\r\n\r\nБалта, пышақ, шегелер,\r\n\r\nОйыншық емес ойнайтын,\r\n\r\nСол қауіпті нәрселер.\r\n\r\nСақ болмасаң сен егер,\r\n\r\nДенеңе зақым келтірер.\r\n\r\nЖаттап алсаң болады,\r\n\r\nБұл – оңай ережелер.\r\n\r\nИненің қауіпсіздік ережелері:\r\n\r\nЖұмыстың басында ине қорабындағы инені немесе ине шаншығыштағы инелердің санын білу маңызды.\r\n\r\nҚұралдар мен жабдықтарды өз орнында ұстау қажет.\r\n\r\nЖұмысты ұқыпты орында:\r\n\r\nинені шанышар алдында ортаңғы саусаққа оймақ киіп ал,\r\n\r\nқолды жарақаттанудан сақтау керек,\r\n\r\nжұмыс бітісімен түйреуіштерді, инені шаншығышта ұстаған дұрыс.\r\n\r\nЖұмыстың соңында ине мен түйреуіштердің санын білу керек.\r\n\r\nIII. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.\r\n\r\nҰсақ моншақтардан жасалған білезік\r\n\r\nҚазақтың өрнекті әшекейімен істелетін қолөнерінің түрлері көп.Соның бірі – бисермен әшекейлеу. Бисер өнері ертеден кеңінен таралып, танылып келе жатқан халық  шығармашылығының бір түрі.Сен білесің бе, барлық қолөнер сияқты, бисер тоқудың да тарихы бар. Осыдан 6000 жыл бұрын әйнек өнері пайда болған.\r\n\r\nОсы кезде моншақтарда пайда болған. Бірте-бірте моншақтар ұсталып  ұсақ моншақтарға айналған. Бисердің Отаны ежелгі Египет. Бисерді ең көп шығаратын жер – Жапония, Италия, АҚШ, Үндістан.“Бисер” деген сөздің өзі ұсақ моншақтарға берілген\r\n\r\n жалпы түсінік. Ұсақ,  домалақ,  сопақша, шыны,  металл керамикалық материалдардан  жасалған моншақтарды бисер деп атайды. \r\n\r\nБілезік – білекке салатын әшекейлі, сәнді бұйым. Оны қымбат металдардан жасайды. Білезіктің пішіні, өрнегі әр түрлі болады.\r\n\r\nБисердің шығу тарихы:Бисер тоқу өнері ертеде кеңінен тарап, танылып келе жатқан халық шығармашылығының және әшекей бұйымдар дайындаудың бір түрі. Бисермен жай суреттерден бастап өте күрделі түрлі-түсті жұмыстар жасауға (тоқуға), алқа, тұмарша, шаш буғыш, сырға, білезік, белдік, сөмкелерді де әшекейлеп тоқуға болады, сонымен қатар ойыншақтар да тоқуға болады. Қолдан жасалатын бисер моншақтары Ресейде, шет елдерде өте жоғары бағаланады. Нақ осы кезде халық шығармашылығының осы түрі жаңа өрлеу үстінде, дамудың сатысында.\r\n

    \r\n

  1. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.
  2. \r\n

\r\n1.Оқулықпен жұмыс .\r\n\r\n2.Сұрақ-жауап\r\n\r\n3.Практикалық жұмыс.\r\n\r\nЖұмыстың орындалу реті:\r\n\r\n1.Жасалатын білезіктің ұзындығына қарай екі қабатталған жіп аламыз.\r\n\r\n2.Жіптің екі ұшын да жіңішке иненің көзінен өткізіп, иненің біреуінен ұсақ моншақтарды тіземіз. Жіптің екінші ұшындағы инені тізілген моншақтарға кері қарай өткізіп, оны тартамыз.Осы тізбекті қажетті өлшемге дейін қайталаймыз.\r\n\r\nЖұмбақ шешу\r\n\r\n1.Тап-тап, тап жорға,\r\n\r\nТабаны жоқ боз жорға.\r\n\r\nЖеліп кетсе жеткірбес,\r\n\r\nЖерге түссе таптырмас.\r\n\r\n \r\n\r\n2.Басы екеу, аяғыда екеу.\r\n\r\n \r\n\r\n3.Ине өткен жерден- … өтер.\r\n\r\n \r\n\r\nБисерден не жасауға болады?\r\n\r\n \r\n

    \r\n

  1. Бекіту кезеңі.
  2. \r\n

\r\n1.Бисер дегеніміз не?\r\n\r\n2.Бисерді қандай бұйымдарға қолдануға болады?\r\n\r\n3.Бисермен тоқу нені талап етеді?\r\n\r\n4.Бисер қай кезден бастап пайда болды?\r\n\r\n5.Бисердің түрлері?\r\n\r\nБисер неден жасалады?\r\n

    \r\n

  1. Бағалау. Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.
  2. \r\n

\r\nҮІІ. Үйге тапсырма беру. 1.Өзіңе ұнаған білезіктің бірін жаса.\r\n\r\n2.Ұсақ моншақтардың әр алуан түрін таңдап,алқа жаса.\r\n\r\n \r\n

Сабақты өткізген: Асанов Нұрлан Ерболатұлы

\r\n

                                                Қызылорда  облысы,  Қазалы  ауданы

\r\n

                                          Жанқожа  батыр ауылы,  №94  орта  мектептің

\r\n

                                                       технология  пәнінің  мұғалімі