HTML (HyperText Markup Language) туралы

0
15746

HTML (HyperText Markup Language) термині «гипермәтінді белгілеу тілі» деген ұғымды білдіреді. Гипермәтін деп құрамына басқа құжатарға, файлдарға, сайттарға  сілтемелер бар тексті айтады.

Кіріспе

HTML (HyperText Markup Language) термині «гипермәтінді белгілеу тілі» деген ұғымды білдіреді. Гипермәтін деп құрамына басқа құжатарға, файлдарға, сайттарға  сілтемелер бар тексті айтады.

HTML -дің бірінші нұсқасын1989 жылы сол кездегі танымал болған ‘Mosaic’ браузеріне арнап Тим-Бернерс Ли жасады. Бірақ ол уақытта бұл жаңалық кең қолданыс таппады. 1993 жылы HTML+ пайда болды, бірақ ол да өзіне аса көп назар аудартпады. Гипермәтінді кең қолдануға 1994 ж. Маусымында шыққан HTML-дің екінші нұсқасы жол ашты. Сол жылы WWW-нің (World Wide Web – Бүкіләлемдік өрмек) қолдануының күрт өсуімен сипатталған еді. Екінші нұсқаға енген элементтердің көбі күні бүгінге дейін қолданыс табуда.

Келесі жылы шыққан HTML-дің үшінші нұсқасында тіл элементтері көмегімен математикалық символдарды экранға шығару мүмкіншілігі туды (оларға ∞, ∑ т.б. жатады). Осы нұсқаға арнап ‘Arena’ браузері  жасалды. Бірақ бұл жоба ары қарай дамуға мүмкіншілік алмады.

1996 ж. HTML 3.2 шықты. Тілдің спецификациясына фреймдер ұғымы енді. Осы спецификация негізінде web-дизайнерлерқызығушылық тудыратын сайттар құра алады.

HTML 4 (Dynamic HTML) деп аталатын спецификация 1997 жылы дүниеге келді. Ол уақыттың өзінде-ақ гипермәтіннің әрі қараай дамуы скрипт-бағдарламалау арқылы өтетіні анық болды. Яғни HTML кодына қолданушымен интерактивті түрде әрекеттесе алатын Java, Perl, Visual Basic тілдерінде жазылған бағдарлама үзінділерін енгізуге мүмкіндік туды. Бірақ әртүрлі браузерлер бағдарламаларды әртүрлі орындады. Мәселен, көптеген скрипттер (web-бағдарламалар) браузер версиясын анықтаудан басталады, одан кейін кодтың сәйкес үзіндісін іске келтіреді.

Гипермәтіннің негізгі ерекшелігі – безендірудің күрделі түрлерін оңай әрі түсінікті әдіс арқылы алу.

Гипермәтіннің тағы бір маңызды ерекшелігі – ол қандай компьютерде, қандай редакормен орындалғанына, қандай операциялық жүйе мен браузерде шығарылғанына тәуелсіз. Windows операциялық жүйесі орнатылған компьютерде web-парағын құрып отырып, ол Unix сияқты басқа операциялық жүйеде де дұрыс көрсетілетініне күдіктенбеуге болады.

HTML-дің үшінші  ерекшелігі – қайсібір элементтерді басқа элементтердің ішіне енгізуге жол беріледі, ол міндетті деп қарастырылады. Басқа тілдерде ішінара енгізусізкод жазуға болады.

Тілдің бүкіл элементтерін үш топқа жіктеуге болады. Біріншісіне гипермәтінді құжаттың құрылымын анықтайтын элементтер жатады. Осы элементтер міндетті түрдеқолданылады. Екінші топқа форматтауды атқаратын элементтер жатады. Олардың қолданылуы құжатқа қойылатын нақты талаптармен, өндірушінің талғамы мен хабардарлығына көнеді. Үшінші топқа жататын элементтер клиент компьютерінде орнатылған және жұмыс істейтін бағдарламалық құралдармен жұмыс істеуге мүмкіншілдік береді. Осындай элементтер гипермәтінді редактор сияқты бағдарлама қолданылғанда автоматты түрде құрылады.

HTML спецификациясы стандартты болғанымен, бұл тіл жаңа элементтермен (кеңейтілулермен) толықтырылып тұрады. Сондықтан кейбір web-парақтарды арнайы браузерлермен көру ыңғайлы. Кеңейтілулерді тек WWW-ға арналған программалар жасайтын танымал фирмалармен өндіріледі, ал қарапайым қолданушылар өз
­web-парақтарын бағдарламалау арқылы жетілдіре алады.

 

HTML синтаксисі

 

Типикалық web-парағы:

<HTML>

<HEAD>

<TITLE> WEB-парақтың аты </title>

<STYLE> H2 {font-family: Comic;}

CODE { font-family: Arial;} </style>

<META http-equiv. = «Content-Type» content = «text/html; charset = windows-1251»>

<META name = «Author» content = «Meru BJ»>

<META name = «Keywords» content = » HTML, document, element»>

</head>

<BODY bgcolor = #FFFFFF>

<!—Параққа арналған комментарий—!>

<A name = “#top”></a>

<P>Құжаттың <A href = «#bottom»> соңына </a> өту.

<P>Кез келген<A href =www.online.kz> <B> сілтемеге </b></a>өту.

<P>

<HR>

<H1> 1 деңгейлі тақырып </h1>

<H2> 2 деңгейлі тақырып</h2>

<H3> 3 деңгейлі тақырып </h3>

<H4> 4 деңгейлі тақырып </h4>

<H5>5 деңгейлі тақырып </h5>

<H6> 6 деңгейлі тақырып </h6>

<HR>

<P> Мұнда web-парағының негізгі мәтіні орналасу керек.

<HR>

<A name = «bottom»></a><P>

Құжаттың<A href = «#top»>басына</a> өту.

</body>

</html>

 

Егер әртүрлі web-парақтардың бастапқы мәтіндерін қарастырсақ, олардың құрылмдарында ұқсастықтарды аңғару оңай. Ол бүкіл құжаттар белгілі ережелер бойынша жасалатынымен түсіндіріледі. HTML тілінің синтаксисінің негізінде ISO 8879:1986 “Information Processing. Text and office systems. Standard Generalized Markup Language(SGML)” стандарты жатады.

HTML-құжатарында белгіліеу модельдерінің негізі ретінде тегтер моделі қабылдалынған. Тегтер моделі құжатты контейнерлер ретінде түсіндіріледі, мұндағы контейнерлер дің әр қайсысы тегтермен басталып, тегтермен аяқталады. Яғни HTML құжаты кәдігімгі ASCII- файлға HTML басқару кодтары (тегтері) қосылған файл болып табылады.

HTML-құжатының тегтері көбінесе қолдануға және түсінуге жеңіл. Себебі олар ағылшын тілінің көпқолданбалы сөздерінен түсінікті түрде қысқартылып және белгіленіп алынған. HTML-тегі өзінің атынан, міндетті және міндетті емес атрибуттардан тұрады. Тег мәтіні бұрышты жақшалармен қоршалады. Мысал ретінде қарапайым варианттардың бірі: <HEAD> немесе <i>. Тегтердің күрделілігі олардың атрибуттарында болып табылады. Мұндағы атрибуттар тегтердің функцияларын өзгерту үшін қолданылады (көлемін, ұзындығын, түрін және т.б.).

Тегтер атрибуттары оның атынан кейін жазылады және бір-бірінен бір немесе бірнеше табуляция, пробел немесе жол басына қайтару символдары арқылы ажыратылады. HTML тілінде тегтер атрибуттарын кезекпен жазуды керек етпейді. Атрибуттың мәні атрибут атынан соң жазылатын теңдік белгісінен кейін жазылады. Егер атрибут мәні бір сөз немесе сан болып келетін болса, онда оны ешбір қосымша белгілеусіз теңдік белгісінен кейін жаза беруге болады. Басқа жағдайларда атрибут мәндерін бірлік немесе екілік тырнақшаларға алып жазу керек, әсіресе егер олар пробел арқылы бөлінген бірнеше сөз болса. Атрибут мәнінің ұзындығы 1024 символға дейін рұқсат етілген. Мысалға, әсіресе HREF атрибутының мәні ретінде басқа құжаттардың адресін (URL) көрсеткенде керекті регистрді қолдану маңызды болып табылады.

Көп жағдайларда HTML тегтері бастапқы және ақырлы компоненттерден тұрады және олардың арасына мәтін және басқа да құжат элементтері орналасады. Жабушы тегтің аты бастапқы тегтің атына сәйкес болып келеді, бірақ жабушы тегтің атының алдына көлденең сызықша (/) қойылады. Мысалы, шрифт түрі <i>-курсив тегі үшін жабушы сыңары </i> түрінде болады. Жабушы тегтер үшін атрибуттар ешқашанда қойылмайды, қойылса да ол атрибут қабылданбайды. Мәні бойынша тегтер әмбебап программалау тілдерінің “begin \ end” белгілеулеріне түсінігі бойынша өте ұқсас болып келеді. Тегтер құжаттың мәтіндік интерпретациялау шартының әрекет ету ауданын анықтайды.

Ішкі тегтерді қолданғанда құжатта ерекше ұқыптылықты сақтау керек. Ішкі тегтерді соңғысынан бастап бастапқысына қарай жазып шығу керек. Кейбір HTML тегінің жабушы тегтері болмайды, өйткені олар автономды элементтер болып табылады. Мысалы, бейнелер тегі <IMG> жабушы компонентті қажет етпейді. Автономды тегтерге тағы да <BR>- жолдарды айыру, <HR>-көлденең сызық және көрсетілетін нәтижеге әсер етпейтін, тек қана құжат туралы ақпараттар сақтайтын <META> және <BASE> сияқты тегтер жатады.

Кейбір жағдайларда жабушы тегтерді жазбаса да болады. Көптеген браузерлер құжат мәтінін өңдегенде бастапқы тегті алдыңғы тегтің жабушы тегі ретінде қабылдайды. Ең көп тараған мұндай тегтің түрі абзац тегі — <P>. өйткені оны құжаттарда жиі қолданады және оны әдетте әр абзац алдына жазады. Бір абзац біткеннен кейін келесі <P> тегі браузерге осы абзацты аяқтап жаңа абзац бастау керектігін көрсетеді.

Басқа бір жабушы тегтер түрі, жоқ болса да нәтижеге әсер етпейді және браузерлер оларсыз еш мүлтіксіз істей береді. Оларға мысал ретінде </HTML> тегін алуға болады. Сөйте тұрса да, әр жабушы тегтерді қойып отырған дұрыс. өйткені құжатты өңдеуден өткізгенде кейбір жаңылулар мен қателер болуы мүмкін.

 

 

 HTML құжатының қаңқасы

Құжат басының атрибуттары болмайды. Құжат басы тегтерінің негізгі міндеттері – бүкіл құжаттың көріну параметрлерін баяндау. Мұндай параметрлерге құжатты көрсету стилін, жалпы базалық гипермәтіндік сілтеме адресін, жалпы гипермәтіндік сілтемелерді, идентификаторды, құжат атын және т.б. жатқызуға болады. Төменде тек қана жиі кездесетін контейнерлер берілген.

Ең жиі қолданылатын құжат басы тегі – TITLE құжат аты болып табылады. TITLE-дің жазылу тәртібі келесідей:

<ТIТLЕ> Құжат аты </ТIТLЕ>

TITLE тегінің құрамы құжат аты өрісінде көрсетіледі.

BASE тегі URL формасындағы гипермәтіндік сілтеме формасымен байланысты. Себебі, URL спецификациясы құжаттардың екі формасын анықтайды: толық және толық емес URL адрес формасын қолдануға болады. Бірақ толық емес спецификация формасын қолдану үшін оны бір нәрсеге базалау керек, яғни толық емес URL формасынан толық URL формасын құру үшін базалық адресін беру керек. BASE тегі осы базаны анықтауға мүмкіндік береді. Солайша, егер құжат басынана келесі қатар берілетін болса:

<BASE HREF=»http://www.site.kz/>

онда гипермәтіндік сілтеме түрі:

<A HREF=»/catalogue/index.html»>

келесі түрге дейін кеңейтіледі:

<A HREF=”http://www.site.kz/catalogue/index.html”>

Бұл басқа да құжат тегтерінің импорттаушыларына да әсер етеді. Графикалық бейне құжатында келесі команда бойынша көрсетілсе:

<IMG SRC=»/gif/test.gif»>

онда ол келесі адрес бойынша ізделінеді:

<IMG SRC=’ http://www.site.kz/gif/test.gif’>

BASE тегі құрамы қолданушы интерфейсімен тура көрсетілмейді.

META тегі HTML спецификациясында жоқ конструкцияларды құжат басында анықтауға арналған. Үш атрибуты бар: NAME, CONTENT, HTTP-EQUIV. Бұл тегтің күрделілігі – бұл тег арқылы енгізілетін конструкцияны интерпретациялау үшін сервердің немесе қолданушы интерфейстің конструкцияны қолдана білу және шифрын оқи білу мүмкіншілігі болуы қажет. Мұндай жұмыс түрі үшін программа SGML конструкцияларын интерпретациялауы қажет. Бірақ ол ешбір интерфейсті программада қамтылмаған. Практика жүзінде бұл тегті тек құжаттың басына HTTP-EQUIV атрибуты арқылы анықталған HTTP ақпараттар протоколы бойынша енгізу арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Ол келесі түрде болады:

<META HTTP-EQUIV=»Keywords» CONTENT=»Plasma, Nuclear Physics»>

Мұндай қолданымнан соң HTTP пакетінің басына келесі қатарлар қосылады: Keywords: Plasma, Nuclear, Physics. Мысалға, бұл почта арқылы жіберу кезінде өте ыңғайлы.

META контейнерінің ең тиімді қолданылымын демонстрациялық роликтерді құру үшін пайдаланады. Мұндай жағдайда көрсетілетін беттің өзгеруі Refresh (яғни, құжат өңделу уақытында) параметрінде құрылады. Құжат басына META контейнерінің келесі түрі жазылады:

<META HTTP-EQUIV=»Refresh»: CONTENT=“0, URL=next.html”>

бұл құжат басында шығатын HTTP протоколының хабарламасымен бірдей болып табылады. Ол келесі түрдегідей болады:

Refresh = 0; URL=next.html <LF>

Бұл негізінен құжаттың браузер қосылғаннан кейін ауысқандығын білдіреді. Сонымен қатар жаңа құжат ретінде URL параметріндегі құжат қолданылады.

HTML сілтемелері

Гипермәтіндік торап құрылымы гипермәтіндік сілтемелермен беріледі. Гипермәтіндік сілтемелер дегеніміз – басқа HTML құжатының немесе INTERNET ақпарат қорының адресі.

Гипермәтіндік сілтемелерді жазу үшін WWW жүйесінде арнайы форма құрылған болатын. Оның атауы — UNIVERSAL RESOURCE LOCATOR. Осыған мысал ретінде төмендегіні келтіруге болады:

Этот текст содержит <A HREF=»http://www.site.kz/catalogue/index.html»> гипертекстовую ссылку</A>

Жоғарыда келтірілген мысалда HTML-да якор (anchor) деп аталатын ”А” тегі URL түрінде сілтемені жазу үшін “HREF” (HYPERTEXT REFERENCE) атрибутын қолданады. Бұл жоғарыда көрсетілген сілтеме ”http” протоколы арқылы ”www.site.kz” серверінің ”catalogue” директориясында орналасқан ”index.html” құжатына көрсетіп тұр.

HTML-дағы гипермәтіндік сілтемелер екі түрге бөлінеді: контексті және жалпы гипермәтіндік сілтемелер. Контексті гипермәтіндік сілтемелер деп құжатқа енгізілген (ішіне енгізілген) сілтемелерді айтамыз. Ал жалпы гипермәтіндік сілтемелерге бүкіл құжатпен байланысы бар және құжаттың кез-келген бөлігін көрсету мүмкіншілігі бар сілтемелер жатады.

 

Сыңарсыз тегтер

Сыңарсыз тегтер HTML тілінің екі негізгі тәртібіне бағынбайтындар: біреулері  жабушы тегтерді қажет етпейді, ал кейбіреулері ­
(&-үлестірулері деп аталатын) тек қана кіші әріптермен жазылуы керек.

<BR>

Бұл белгі абзацты бұзбай, жаңа жолдан бастау қажет болғанда қолданылады. Әсіресе өлең шумақтарын жазғанда ыңғайлы.

<html>

<head>

<title>МЫСАЛ 3</title>

</head>

<body>

<P><b>Однажды в студеную зимнюю пору<BR>

Сижу за решеткой в темнице сырой.<BR>

Гляжу — поднимается медленно в гору<BR>

Вскормленный в неволе орел молодой.</P>

<P>И шествуя важно, в спокойствии чинном,<BR>

Мой грустный товарищ, махая крылом,<BR>

В больших сапогах, в полушубке овчинном,<BR>

Кровавую пищу клюет под окном.</P>

</body> </html>

3-сурет. Жаңа жол және абзац.

<HR>

Бұл тег көлденең сызықты сызғанда қолданылады. Тег қосымша SIZE (сызық қалыңдығын пикселмен анықтайды) және WIDTH (сызық ұзындығын пикселмен немесе экран бетіне шаққандағы пайыз бойынша анықтайды) атрибуттарын қабылдайды. Келесі мысалда кейбір сызықтар түрі көрсетілген:

4-сурет. Сызық түрлері

<html> <head>

<title>МЫСАЛ 4</title></head><body>

<H1>Коллекция горизонтальных линий</H1>

<HR SIZE=2 WIDTH=100%  color=darkred><BR>

<HR SIZE=4 WIDTH=50%  color=darkred><BR>

<HR SIZE=8 WIDTH=25%  color=darkred><BR>

<HR SIZE=16 WIDTH=12%  color=darkred><BR>

</body> </html>

&- үлестірулері

“<” және “>” символдарын браузер HTML тегтерінің басы мен соңын көрсететіндіктен мынадай сұрақ туындайды: мұндай символдарды экранда қалай көрсетуге болады? HTML-да бұл &-үлестірулер көмегімен жасалады. Оларды тағы да символдық объектілер немесе эскейп-үлестірулер деп те атайды. “<” символын браузер мәтін арасында &lt; (less than ағылшын сөздерінің алғашқы әріптерінен алынған) үлестіруі кездескенде көрсетеді. “>” символын &gt; арқылы (greater than ағлшын сөздерінің алғашқы әріптері), “&” символын &amp; арқылы, ал (“) қос тырнақшаны &quot; арқылы экран бетінде көрсетуге болады.

Ескерту: үтір-нүкте (;) символы міндетті түрде &-үлестірулерінен кейін қойылып отырылуы керек және бұл үлестірулер кіші әріппен жазылуы керек.

Жалпы айтқанда, &-үлестірулері ASCII кестесінің екінші бөлігіндегі барлық символдарды қамтиды. Бірақ, кейбір серверлер сегізбиттік мәліметтерді қолдамайды. Сондықтан да олар ASCII кодтарының 127-ден жоғарғыларын ғана &-үлестірулері арқылы қолдайды.

Түсініктемелер

Браузер <!—және —> арасына алынған мәтіндерді елемейді. Бұл белгілер ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР жазу үшін арналған. Мысалы:

<!— Это комментарий —>

 

 

Мәтінді форматтау

HTML-да шрифтерді өзгертуді екі нысанада жасауға болады. Олар физикалық және логикалық стильдер болып табылады.

Физикалық стиль мағынасында браузерге тікелей ағымдағы шрифтерді модификациялауға нұсқау беру деп түсінуге болады. Мысалы <B> және </B> тегтері арасындағы мәтін қою шрифт болып жазылады, ал <I> және </I> арасындағы мәтін көлбеу шрифтпен жазылады. Тағы да ерекше тегтер ретінде <TT> және </TT> тегтерін айтуға болады. Олардың арасына алынып жазылған мәтін жазба машинкасында жазылғандай етіп браузер экранында көрінеді.

Логикалық стильдерді мәтіннің кейбір бөліктерін (сөздерді) ерекшелендіріп жазу кезінде қолданылады. Логикалық стильдерге:

<EM>…</EM> — Emphasis деген ағылшын сөзі – акцент.

<STRONG>…</STRONG> — Strong emphasis деген ағылшын сөзі – күшейтілген акцент.

<CODE>…</CODE> — бастама мәтіндердің бөліктерінде қолданған дұрыс.

<SAMP>…</SAMP> — Sample деген ағылшын сөзі – үлгі. Программалармен экран бетіне шығатын хабарламалардың үлгілерін жазғанда қолданған дұрыс.

<KBD>…</KBD> — Keybord деген ағылшын сөзі – пернелер тақтасы (клавиатура). Пернелер тақтасынан не енгізілетенін нұсқаған кезде қолданған дұрыс.

<VAR>…</VAR> — Variable деген ағылшын сөзі – айнымалы. Айнымалылардың аттарын жазғанда қолданған дұрыс.

HTML мәтіннің бүтін абзацтарының көріністерін анықтауға мүмкіндік береді. Абзацтарды тізімдер түрінде көрсетуге, оларды экран бетіне форматталған түрде шығаруға немесе экранның сол жақ шетін ұлғайтуға болады. Осының бәрін келесі түрде жасауға болады:

Номерленбеген тізімдер: <UL>…</UL>

<UL>…</UL> арасына алынған мәтін номерленбеген тізім ретінде қабылданады. Тізімнің әр элементін <LI> тегімен бастау керек. әр элементтің белгісін <UL> тегіне жазылатын TYPE атрибутымен шеңбер (circle), боялған шеңбер (disk) және боялған квадрат (square) беруге болады.

Номерленген тізімдер: <OL>…</OL>

Номерленген тізімдер номерленбеген тізімдерге ұқсас, тек қана әр элементті белгілейтін белгілердің орнына сандармен немесе әріптермен беріледі. әр элемент белгісін TYPE атрибуты арқылы бас әріптермен де белгілеуге болады. Солайша әр элементті римдік сандармен де белгілеуге болады. Ал олардың қай саннан немесе алфавит бойынша қаншасыншы әріптен бастау керек екендігін START атрибуты көмегімен көрсетуге болады. Егер атрибуттар көрсетілмесе, онда жай сандармен белгіленеді.

Анықтама тізімдері: <DL>…</DL>

Анықтама тізімдері басқа тізімдерге қарағанда өзгеше болып келеді. <LI> тегтерінің орнына <DT> (Definition Term – анықтаушы термин) және <DD> (Definition Definition – анықтама анықтамасы) тегтері қолданылады. Енді мұның бәрін мысал түрінде қарастырайық:

<DL>

<DT>HTML

<DD>Термин HTML (HyperText Markup Language) означает

‘язык маркировки гипертекстов’. Первую версию HTML

разработал сотрудник Европейской лаборатории физики

элементарных частиц Тим Бернерс-Ли.

<DT>HTML-документ

<DD>Текстовый файл с расширением *.html

(Unix-системы могут содержать файлы

с расширением *.htmll).

</DL>

Бұл фрагмент экран бетінде келесі түрде болады:

HTML

Термин HTML (HyperText Markup Language) означает ‘язык маркировки гипертекстов’. Первую версию HTML разработал сотрудник Европейской лаборатории физики элементарных частиц Тим Бернерс-Ли.

HTML-документ

Текстовый файл с расширением *.html (Unix-системы могут содержать файлы с расширением *.htmll).

Назар аударыңыз: <LI> тегі сияқты <DT> және <DD> тегтерінде жабушы тег жоқ.

Егер анықтама терминдері қысқарақ болса, онда ашушы <DL COMPACT> тегін қолдануға болады. Мысал ретінде HTMLмәтінінің мына бөлігін қарастырайық:

<DL COMPACT>

<DT>А

<DD>Первая буква алфавита

<DT>Б

<DD>Вторая буква алфавита

<DT>В

<DD>Третья буква алфавита

</DL>

Экран бетіне келесі түрде шығады:

А Первая буква алфавита

Б Вторая буква алфавита

В Третья буква алфавита

Бір-біріне енгізілген тізімдер

Кез-келген тізім элементі ретінде кез-келген басқа тізім түрін қабылдай алады. Бірінің ішіне бірін енгізу қатарының саны шектелмеген.

Төменде тізімдердің барлық түріне бір мысал келтірілген:

<html><head><title>МЫСАЛ 5</title></head>

<body><H1>HTML поддерживает несколько видов списков </H1>

<DL>

<DT>Ненумерованные списки

<DD>Элементы ненумерованного списка выделяются

специальным символом и отступом слева:

<UL type=circle>

<LI>Элемент 1

<LI>Элемент 2

<LI>Элемент 3

</UL>

<DT>Нумерованные списки

<DD>Элементы нумерованного списка выделяются

отступом слева, а также нумерацией:

<OL type=a>

<LI>Элемент 1

<LI>Элемент 2

<LI>Элемент 3

</OL>

<DT>Списки определений

<DD>Этот вид списков чуть сложнее, чем два предыдущих,

но и выглядит более эффектно.

<P>Помните, что списки можно встраивать один в другой,

но не следует закладывать слишком много уровней вложенности. </P>

<P>Обратите внимание, что внутри элемента списка может

находиться несколько абзацев. Все абзацы при этом будут иметь

одинаковое левое поле. </P>

</DL>

</body></html>

5-сурет. Тізімдер.

Форматталған мәтін: <PRE>…</PRE>

Жоғарыда айтылғандай, браузерлер көптеген пробелдерді және қатар соңы символдарын елемейді дегенбіз. Бірақ-та бұл тәртіптің де ерекшелігі бар.

<PRE> және </PRE> (Performatted – алдын ала форматталған) тегтері арасына алынған мәтін браузермен экранға жазылған күйінде шығарады – барлық пробелдерімен, табуляциялық символдармен және қатар соңымен. Бұл жай кестелер құру үшін өте ыңғайлы.

Шегінген мәтін: <BLOCKQUOTE>…</BLOCKQUOTE>

<BLOCKQUOTE>…</BLOCKQUOTE> тегтерінің арасына алынған мәтін браузер көмегімен экранға сол жақ шеті көбірек шегінген түрінде шығарылады. Бұл тег цитата жазған кезде өте ыңғайлы әдіс болып тпбылады.

Сонымен қатар айта кететін тегтердің бірі — <Hi> тегі (мұндағы і=1..6). Бұл тег тақырыптың алты түрлі жағдайын көрсетеді. Ең бірінші түрі – ең ірісі (үлкені), ал алтыншысы, әрине, ең кішісі болып келеді. Мысал ретінде:

2-сурет. Тақырып көлемі түрлері

<html>

<head>

<title>МЫСАЛ 2</title>

</head>

<body text=darkblue>

<center><b>

<h1>КазНТУ</h1><p><h2>ИАиУ</h2><p><h3>1 курс</h3><p>

<h4> АТП 03-1к</h4><p><h5>1 подгруппа</h5><p><h6>Меруерт</h6>

</body>

</html>

 

HTML құжатындағы бейнелер

HTML құжатына бейне (сурет) қою өте оңай. Ол үшін тек қана сізде GIF (*.gif кеңейтілуі бар файлдар) немесе JPEG (*.jpg немесе *.jpeg кеңейтілулері бар файлдар) форматындағы бейне және HTML мәтінінен бір жол ғана керек.

Айталық, бізге құжатқа picture.gif файлында жазылған бейнені (HTML құжатымен бірге бір каталогта орналасқан) қосу керек делік. Онда бұл қатар келесідей болады:

<IMG SRC=»picture.gif»>

<IMG SRC=”[файл аты]”> тегі қосымша ALT=”[мәтін]” атрибутын қабылдай алады. Мысалы:

<IMG SRC=»picture.gif» ALT=»Картинка»>

Мұндай тегі бар құжатты браузер экранда “Картинка” деген сөзді көрсетіп және оның орнына picture.gif файлындағы бейнені көрсетеді. ALT атрибуты бейнелерді қабылдамайтын ескі браузерлер үшін және егер браузер автоматты түрде бейнені көрсетуді қолдамаған жағдайларда қажет болуы мүмкін.

HTML құжатының түстер гаммасы

HTML құжатының түстер гаммасы <BODY> тегі ішінде көрсетілетін атрибуттармен анықталады. Төменде осы атрибуттар тізімі көрсетілген:

Bgcolor – құжат фонының түсін анықтайды.

Text – құжат мәтінінің түсін анықтайды.

Link – құжат мәтінінің белгілінген элементінің түсін анықтайды (гипермәтіндік              сілтемелердің).

Vlink – алдында көрілген құжаттың сілтеме түсін анықтайды.

Alink – тышқан курсоры сілтеме үстіне келгендегі немесе оң жақ шертпесі басылған жағдайдағы сілтеменің түсін анықтайды.

Түс қос-қос үш пар символдармен кодталған. әр пар оналтылық жүйедегі негізгі үш түстің (қызыл, жасыл, көк) қоюлығы мен мөлдірлігін көрсетеді. Олар нольден (00) 255 (ҒҒ) арасындағы дианазонды қамтиды. Бірнеше мысалды қарастырайық:

Bgcolor=#FFFFFF – фон түсі, үштүсте бірдей, нәтижесі – ақ түсті.

Text=#000000 – мәтін түсі, үш түсте бірдей, нәтижесі – қара түсті.

Link=#FF0000 – гипермәтіндік сілтеме түсі, қызыл түс – ҒҒ (255), жасыл мен көк – 00 (ноль), нәтиже – қызыл түсті.

Тағы да, <BODY> тегі background=”[файл аты]” атрибутын қабылдай алады. Бұл атрибут бейнелерді фон ретінде орналастырады. Ал бейнелер жоғарыда айтылғандай GIF немесе JPEG форматында болуы керек.

Кестелер

Бұған дейін біз бір мәтін аранасы арқылы ғана жұмыс істедік. Бірақ та кейбір кезде мәтінді бірнеше бағаналардан тұрғанын қалаймыз. Ал ол үшін кестелерді қолданған ыңғайлы. Сонымен қатар, бір ұяшықтан тұратын кестені оқырман назарын аудару үшін қолданғанда ыңғайлы. Өйткені ол мәтіннің бөліктерін ерекше түрде белгілей алады.

Кесте құрылымын мысал түрінде қарастырған ыңғайлы:

<HTML>

<HEAD>

<TITLE>МЫСАЛ 6</TITLE>

</HEAD><BODY>

<H1>Простейшая таблица </H1>

<TABLE BORDER=1> <!—Это начало таблицы—>

<CAPTION>        <!—Это заголовок таблицы—>

У таблицы может быть заголовок

</CAPTION>

<TR>             <!—Это начало первой строки—>

<TD>             <!—Это начало первой ячейки—>

Первая строка, первая колонка

</TD>            <!—Это конец первой ячейки—>

<TD>             <!—Это начало второй ячейки—>

Первая строка, вторая колонка

</TD>            <!—Это конец второй ячейки—>

</TR>            <!—Это конец первой строки—>

<TR>             <!—Это начало второй строки—>

<TD>             <!—Это начало первой ячейки—>

Вторая строка, первая колонка

</TD>            <!—Это конец первой ячейки—>

<TD>             <!—Это начало второй ячейки—>

Вторая строка, вторая колонка

</TD>            <!—Это конец второй ячейки—>

</TR>            <!—Это конец второй строки—>

</TABLE>         <!—Это конец таблицы—>

</BODY> </HTML>

6-сурет. Кестелер

Кесте <TABLE>тегімен басталып </TABLE> тегімен аяқталады. <TABLE> тегі бірнеше атрибуттарды қабылдай алады:

ALIGN – құжат шекарасы бойынша кестені орналастырады. Мәндері: LEFT, CENTER, RIGHT (сәйкесінше сол, орта және оң жақтар).

WIDTH – кесте ені. Мәні ретінде пиксел түрінде немесе браузер экранының еніне шаққандағы пайыз түрінде көрсетуге болады.

BORDER – кестенің сыртқы рамкасының және ұяшықтарының рамкасының қалыңдығын анықтайды (пикселмен). Егер атрибут көрсетілмесе, онда кесте рамкасыз көрсетіледі.

CELLSPACING – кесте ұяшықтары арасындағы арақашықтықты пикселмен  анықтайды.

CELLPADDING – ұяшық рамкасы мен мәтін арасындағы арақашықтықты пикселмен анықтайды.

Кестеге <CAPTION> және </CAPTION> тегтері көмегімен кестенің тақырыбын қоюға болады. Бірақ ол міндетті түрде қойылуы тиіс емес. <CAPTION> тегі ALIGN атрибутын қабылдай алады. Оның мәндері ретінде TOP және BOTTOM (сәйкесінше кестенің жоғарғы және төменгі жағында).

Кестенің әрбір жолы <TR> тегімен басталады және </TR> тегімен аяқталады. <TR> тегі келесі түрдегі атрибуттарды қабылдай алады:

ALIGN – жол бойынша кесте ұяшықтарындағы мәтінді түзету. Мәндері: RIGHT, CENTER, LEFT (сәйкесінше оң, орта және сол жақ бойынша орналастыру).

VALIGN – кесте ұяшықтарындағы мәтінді вертикаль бойынша түзету. Мәндері: TOP, MIDDLE, BOTTOM (сәйкесінше жоғарғы, ортаңғы және төменгі жақ бойынша орналастыру).

Кестенің әрбір ұяшығы <TD> тегімен басталып, </TD> тегімен аяқталады. <TD> тегі келесі түрдегі атрибуттарды қабылдай алады:

NOWRAP – бұл атрибут ұяшық ішіндегі мәтін бір жолда орналастырылуы керек екендігін көрсетеді.

COLSPAN – горизонталь бойынша ұяшық құлаштауын көрсетеді. Мысалы, COLSPAN=3 дегені, бір ұяшықтың үш бағананы алатынын көрсетеді.

ROWSPAN – вертикаль бойынша ұяшық құлаштауын көрсетеді. Мысалы, ROWSPAN=2 дегені, бір ұяшықтың екі жолды алатынын көрсетеді.

ALIGN – ұяшық ішіндегі мәтінді түзету. Мәндері: RIGHT, CENTER, LEFT (сәйкесінше оң, орта және сол жақ бойынша орналастыру).

VALIGN – ұяшық ішіндегі мәтінді вертикаль бойынша түзету. Мәндері: TOP, MIDDLE, BOTTOM (сәйкесінше жоғарғы, ортаңғы және төменгі жақ бойынша орналастыру).

WIDTH – ұяшық енін пикселмен көрсетеді.

HEIGHT – ұяшық биіктігін пикселмен көрсетеді.

Егер кесте ұяшығы бос болса, онда оның шетіндегі рамкасы салынбайды. Егер ұяшық бос болып, ал рамка керек болса, онда ұяшыққа &nbsp; (non-breaking space – бөлмейтін пробел) символ объектісін енгізуге болады. Сонда ұяшық бос және шетінде рамка болады.

 

Қорытынды

Бұл жұмыста HTML тілінің жалпы қолданылымы және оның компоненттері көрсетілген. Ал компоненттері ретінде WEB-бетті құруға ең керекті және көп жағдайда қолданылатын тегтер мен атрибуттар қарастырылған.

Сонымен, бұл жұмыста “HTML дегеніміз не?”, “ HTML-дің құрылымы қандай?” және “HTML-ді қайда қолдануға болады?” деген сұрақтарға жауаптар келтірілген. Сонымен қатар, HTML тілінде гиперсілтемелердің, кестелердің, фреймдердің, формалардың және т.б. жалпы қолданылымы көрсетілген. Әр тақырыпқа мысал түрінде программа мәтіні мен нәтижесі сурет түрінде көрсетілген.

Қорыта келе, меніңше HTML тілі қолданымы жағынан өте ыңғайлы және түсінкті болып келеді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Гончаров А., Самоучитель HTML. СПб, Питер: 1998. – 227 б.
  2. Дарнелл Р., HTML 4: Энциклопедия пользователя. М., ДиаСофт: 1999. – 251 б.
  3. Левин А., Самоучитель полезных программ, М., Нолидж: 2003 – 376 б.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ