І Республикалық Үздік психолог олимпиадасы басталды!

0
1857
Үздік психолог олимпиадасы

ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері, үздік қазақ тілді білім сайты – Qaztest.kz онлайн олимпиада ұйымдастыру комитеті мен Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетімен біріге отырып І Республикалық Үздік психолог олимпиадасын (бұдан әрі Олимпиада) өткізеді.

Олимпиаданың мақсаты: білім беру ұйымдарында қызмет ететін, колледж, мектеп және мектепке дейінгі ұйым психологтарының білім деңгейін тексеру және республикамыздың үздік әдіскерін анықтау.

Олимпиaдa сұрақтары жалпы және балалар психологиясы пәні бойынша беріледі.

Олимпиада qaztest.kz сайтында өтеді.

Oлимпиада бір кезеңнен тұрады. Олимпиада 10 маусым мен 10 шілде аралығында өтеді. Қорытындысы: 15 шілде күні жарияланады.

Олимпиада жүлдегерлеріне І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар беріледі.

Ең жоғары ұпай алған 25 әдіскер «Үздік психолог» медалімен марапатталады. 1-орын алған қатысушыларға  «Үздік психолог» дипломы беріледі.

Олимпиада туралы толық ақпаратты +7(727) 229-63-69; +7700 978 59 22;

+7775 998 83 87 телефондары арқылы білуіңізге болады.

І Республикалық бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған пәндік олимпиаданың ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕСІ 

  1. 1.      Жалпы ереже 

1.1.              Qaztest.kz қашықтық олимпиадасының осы Ережесі олимпиадаларды ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды (әрі қарай –  олимпиада); 

1.2.              Қашықтық олимпиада жайлы мәліметтер және қорытынды нәтиже qaztest.kz сайтында 15 шілде күні жарияланады. 

1.3.              Олимпиада 10 маусым мен 10 шілде аралығында qaztest.kz сайтында онлайн өткізіледі; 

1.4.              Олимпиада сұрақтары жалпы және балалар психологиясы пәні бойынша беріледі; 

1.5.              Олимпиадаға білім беру ұйымдарында қызмет ететін, колледж, мектеп және мектепке дейінгі ұйым психологтары қатыса алады; 

1.6.              Олимпиаданың өтуі тілі – қазақ тілі; 

1.1.              Тест сұрақтарын Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің мамандары дайындайды, сұрақтар ұйымдастырушылармен бекітіледі; 

1.2.              Олимпиада барысында сыбайлас жемқорлыққа және қандай да бір заң бұзушылықтарға тыйым салынады; 

1.3.              Қашықтық олимпиадаға қатысу – ақылы,  қатысу ерікті негізде жүзеге асырылады.  

  1. 2.      Республикалық олимпиаданың мақсаты мен міндеттері: 

2.1.              Психолог мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру;

2.2.               Олардың жалпы және балалар психологиясы пәндері бойынша білім деңгейін тексеру;

2.3.               Республикамыздың үздік психологтарын марапаттау.  

  1. 3.      Республикалық олимпиаданы өткізілуі мен тәртібі: 

3.1.              Олимпиада тапсырмалары 25 сұрақтан тұрады;

3.2.              Тест нұсқалары екінші рет қайталанбайды;

3.3.              Олимпиадаға қатысу жеке немесе координатордың ұйымдастыруымен қатыстырылады;

3.4.              Бір қатысушы максимум 3 рет қатыса алады;

3.5.              Тестілеуден өту үшін қатысушыға 50 минут уақыт беріледі. Жалпы тестті бастағаннан кейінгі жалғастыру уақыты 24 сағат (1440 минут) ішінде;

3.6.               Тестті жауып алу немесе интернет үзіліп кету мәселелері орын алған жағдайда 24 сағат ішінде «Менің нәтижелерім» бөлімінен келген жерден жалғастыра алады;

3.7.               Уақыт біткеннен кейін автоматты түрде тестілеу аяқталады.

3.8.              Олимпиадаға төлем жасағаннан кейін ғана қатысу мүмкіндігі ашылады;

3.9.              Тестілеудің нәтижесін қатысушы  тестті орындағаннан кейін бірден біле алады;

3.10.          Қатысушылардың марапаттары автоматты түрде электронды почтасына жіберіледі және жеке кабинетіндегі «Сертификат-Диплом» бөлімінде сақталады.  

  1. 4.      Олимпиада қатысушыларына қойылатын талаптар: 

4.1.              Қатысушы ешкімнің көмегінсіз тапсырмаларды өзі орындауы тиіс;

4.2.              Олимпиада барысында кері батырмасын басуға және басқа бетке ауысуға болмайды;

4.3.              Уақытында енгізілмеген тапсырмалар үшін төлемдер қайтарылмайды;

4.4.              Қате енгізілген мәліметтер үшін (қала, мектеп атауы, жетекшінің аты-жөні т.б.) олимпиада ұйымдастыру комитеті жауап бермейді;

4.5.              Координатор бір немесе бірнеше адамды қатыстыра алады;

4.6.              Тест нәтижелері қайта қарауға жатпайды және аппеляциялық комиссия құрылмайды;

4.7.              Олимпиадаға байланысты сұрақтар qaztest.kz@mail.ru  почтасына қабылданады. 

ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСТЫ ҚОСЫМША АҚПАРАТТАР

Oлимпиадаға қатысу бағасы:  бір реттік тест – 600 теңге, екі реттік мүмкіндік – 1000 теңге. Толық ақпарат сайттың «Видеонұсқау» бөлімінде көрсетілген. 

ОЛИМПИАДАНЫҢ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ

Тесттен өткеннен кейін барлық қатысушыларға сертификат беріледі. Олимпиаданың жалпы қорытынды нәтижесі сайтта жарияланады. 17 ұпайдан жоғары ұпай алған қатысушыларға І,ІІ,ІІІ дәрежелі диплом беріледі.

Орын ұпайлары:

І орын – 25-23 ұпай

ІІ орын – 22-20 ұпай

ІІІ орын – 19-17  ұпай

Қатысушылардың І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдары олимпиада барысында парақшасында сақталады және электронды түрде почтасына жіберіледі. Ең  жоғары ұпай алған 25 психолог «Үздік психолог» медалімен марапатталады. Егер қатысушылардың ұпайы тең болған жағдайда уақыт көрсеткіші есепке алынады. 1-орын алған қатысушыларға  «Үздік психолог» дипломы беріледі.

Қорытынды нәтиже сайтта 15 шілде күні жарияланады.

Толығырақ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ