Игілік басы — ынтымақ, ынтымақты елде күн шуақ

0
1961
Иллюстрация: Freepik.com

Тәрбиеші:  Алкабаева Г.

Білім беру саласы: «Қатынас»

Тақырыбы:  Игілік басы-ынтымақ,ынтымақты елде күн шуақ.

Мақсаты: Балаларға сыйластық,татулық,ынтымақ,береке-бірлік туралы түсініктерін кеңейту.

Халық ауыз әдебиетінің сарқылмас қазынасы мақал-мәтел,нақыл сөздер тақпақтар әндерді айту арқылы балалардың ой өрісін дамыту.

Отанға, туған жерге, туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру.

Әдіс-тәсілі:  Мнемотехника тәсілін пайдаланып М.Әлімбаевтың «Туған жерім тамаша» атты өлеңін оқу.Шығармашылық әрекет етуге баулу,бастаған істерін аяғына дейін жеткізе білуге дағдыландыру.

Көрнекілігі: Суреттер,слайд,гуашь,желім,карточкалар т.б

Тәрбиеші:

Күннің көзі ашылып,

Көкте шуақ шашылып.

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой.

Ал қанекей бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге.

Балалар:

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды даламыз,

Жайнай түсті қаламыз.

Қайырлы таң апайлар,

Сәлем,мәлем,сәлем.

-Балалар бүгінгі біздің іс-әрекетіміз біздің көңіл күйімізге байланысты.Олай болса бүгінгі сәтті күніміз үшін бір-бірімізге жылы лебіздер арнайық.

Шаттық шеңбер.

Орта мекен жер шары,

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы,

Достығымыз жарасқан.

Аспанымыз ашық болсын,

Ауамыз таза болсын.

Суымыз мөлдір болсын,

Деніміз сау болсын.

-Балалар сендердің тілектерің қандай тамаша рахмет.

-Балалар біз қай елде тұрамыз?

-Қазақстан Республикасында тұрамыз.

-Қай қалада тұрамыз?

-Шымкент қаласында.

-Отан туралы тақпақ,мақал-мәтел білесіңдер ме?

Нұрасыл Зайдулла.

1.бала:

Кең байтақ,көз жетпейтін жерім менің,

Таулы арман,жасыл жайлау,көлім менің.

Бүгінде барлық әлемге даңқы жетті,

Тәуелсіз Қазақстаным-елім менің.

Азамат Джумаш.

2.бала:

Сен неткен Отан-анам,ғажап едің,

Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.

Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін,

Жайнай бер,Ұлы Отаным Қазақ елім.

Еркебұлан:

Отан-менің ата-анам,

Отан-досым бауырым.

Отан-өлкем астанам,

Отан-туған ауылым.

Айда:

Отан оттанда ыстық.

Нұрасыл:

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

Арайлым:

Отансыз адам,

Ормансыз бұлбұл.

Мерұлан:

Өз елімнің басы болмасам да,

Сайымның тасы болайын.

Елімізде қандай ұлттар тұрады. Соны слайд арқылы көрейік (балаларға слайд арқылы Қазақстан Республикасында тұратын көп ұлттардың суретін көрсету).Біздің еліміз көп ұлтты мемлекет қатарына жатады.Біз қазақ елі олармен әрқашанда достық қарым қатынастамыз.

Олар біздің елімізде тұрса да,өз тілдерінде сөйлесуге,салт дәстүрін сақтауға ерікті.Сонымен бірге олар біздің елімізде туып өскендіктен менің елім Қазақстан деп атай алады.Жер бетіндегі барлық халықтар да достықта-ынтымақтастықта өмір сүруге тиіс.

Қане,балалар орнымыздан тұрып,қолдарымызды жүрек тұсына қойып.

«Мен өз отанымды мақтан тұтамын»деп бірнеше рет қайталайық.

Достық туралы тақпақ,мақал-мәтел айтайық.

Назерке:

Достық-шырағымыз,

Достық-ұранымыз.

Достық-туымыз

Достық-әніміз.

Диана:

Дос болайық бәріміз,

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз.

Азиз:

Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан.

Тіленеміз-бейбіт күн,

Ашық болсын кең аспан!

Алмас:

Дос болып түрлі халықтар,

Жасайтұғын ғасырмын.

Бақыт шымын әлемге,

Ұмытылмас асылмын.

Асел:

Достықты үлгі санаған,

Бір үйде біз тұрамыз.

Қалған ата-бабадан,

Бірлік-асыл мұрамыз.

Сергіту сәті:

Дөңгелене тұрайық,

Керегені құрайық.

Уық болып иіліп,

Шаңырақ болып киіліп.

Достық үйін құрайық.

Ал балалар сергіп алсақ орнымызға жайғасайық.

Нақыл сөз

Нұрасыл:Татулықтан артық жолдас жоқ (Абай Құнанбаев)

Ең асыл қазына-бірлік.(Нұрсұлтан Назарбаев)

Мақал-мәтел.

Әймария:

Ынтымақ түбі игілік.

Саян:Алтау ала болса ауыздағы кетер,

Төртеу түгел болса төбедегі келеді.

Ән: «Ағайынбыз бәріміз».

-Жарайсыңдар балалар.ендігі кезекте мен сендерді «Шығармашылық» орталығына шақырамын.

Үш топқа бөлінеміз.

Тәрбиеші:Балалар ынтымақты елде береке,бірлік,молшылық болады.Ынтымақ туралы мақал мәтел.

-Балалар адамдар арасындағы береке-бірлік ынтымақ туғызады.Ынтымақ бар жерде адамдар өзара бірлікке келіп,бірлесіп әрекет етеді татулық орнайды.

Өнер орталығына шақырамын.

1-ші топ: «Күн бейнесін» саусақ ұшымен суреттеу.

2-ші топ:Жапсыру «көп ұлт балалар» суретін ақ парақ бетіне желіммен жапсыру

3-ші топ Құрастыру «Көгершін бейбітшілік символы» киылған картон суретін құрастыру.

Ендігі кезекте жаңа тақпақты сурет арқылы жаттап алайық.М.Әлімбаев

«Туған жерім тамаша»

О,алақай туған жер (қыз бала мен ұл бала қуанышты суреті Қ.Р карта суреті)

Жақсы-ау бақша баулары (бақша мен бау суреті)

Көзге ыстық көрінген(көз,күн суреті)

Сенің асқар тауларың(тау суреті)

Қызғалдақтай терейік (қызғалдақ суреті)

Туған елдің қырларын (суреті)

Жүр аралап келейік,

Жүр аралап келейік.

Қорытынды:Балалардан сұрақ-жауап.

Балалар сендерге ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекетіміз ұналы ма?

-Балалар біз қай елде тұрамыз?

-Елімізде қандай ұлттар тұрады?

Тәрбиеші:Бірлік пен ынтымағы халықтың,

Көгімізде жарқыраған жарық күн.

Ырыс,дәулет бақыты үшін халқымның,

Жайнай берсін жайнай берсін алтын күн!-дей келе

«Игілік басы-ынтымақ,ынтымақты елде күн шуақ»атты ашық ұйымдастырылған оқы іс-әрекетімізді аяқтаймыз.

-Барлығымыз бірге: «ҚОШ САУ БОЛЫҢЫЗДАР!»

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ