ІІ Республикалық М.Мақатаев оқуларына қабылдау уақытының аяқталуына 1 апта қалды

42
8737
Өткен жылы ұйымдастырылған байқаудың жеңімпазы

«SKILLS ACADEMY» мекемесі мен ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының «Үздік қазақ тілді білім сайты» сыйлығының жеңімпазы martebe.kz білім сайты біріге отырып, жалпы білім беретін мекеме оқушылары арасында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармаларын насихаттау мақсатында  «ҚАРА ӨЛЕҢНІҢ ҚҰЛАГЕРІ» атты IІ республикалық байқауын жариялайды. Байқаудың ақпараттық демеушісі – Martebe.kz республикалық білім сайты. Байқау жеңімпаздары www.martebe.kz  сайтында жарияланады.

Байқаудың мақсаты: оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету.

Қатысушы үміткерлердің жұмыстары 1 ақпан мен 28 ақпан аралығында  mukagali_murageri@mail.ru электронды почтасына қабылданады.

Байқау  шарттары туралы ақпаратты білім бөлімінің басшыларына, мектеп директорлары мен директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасарлары және мектеп оқушыларының назарына жеткізуді сұраймыз.

 «ҚАРА ӨЛЕҢНІҢ ҚҰЛАГЕРІ» IІ республикалық байқауының

 ЕРЕЖЕСІ

1.Байқаудың мақсаты

  • Республикалық жалпы білім беретін мекеме оқушылары арасында Мұқағали Мақатаевтың шығармаларын насихаттау;
  • Мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума талант, табиғи дарындарын анықтау;
  • Жас ақындарға әлеуметтік-рухани қолдау көрсетіп, олармен шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыру.
  1. Байқаудың өту тәртібі
  • Байқауды өткізу және ұйымдастыру ісімен ұйымдастыру алқасы айналысады. Ұйымдастырушы қатысушыларды тіркеуді, жұмыстарды сараптауды, қорытынды шығаруды, марапаттауды жүзеге асырады.
  • Байқаудың жеңімпаздарын анықтау үшін әдебиет саласының өкілдерінен тұратын арнайы әділ-қазылар алқасы құрылады.
  • Әділ қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды.
  • Байқауға жіберілген материалдар мен жұмыстар кері қайтарылмайды.
  • Байқаудың марапаттау рәсімі жеңімпаздар анықталған уақыттан кейін 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
  • Байқауға барлық мектеп оқушылары қатыса алады.
  • Жас ерекшіліктері:

1-4 сыныптар;

5-8 сыныптар;

9-11 сыныптар аралығында.

  1. Байқау тапсырмалары
  • «Қара өлеңнің құлагері» атты жас ақындар номинациясы;

Оқушылар арасындағы  сұлу сөзді серік еткен жас ақындар байқауы. Номинацияда  қатысушы  ақынның болмысы, шығармашылығы, өмірі жайында авторлық өлеңдерін ұсынады. Әділ қазы алқалары қорытынды шығарарда авторлық өлеңдердің стилистикалық байланысына, логикалық құрылымына, ұйқас ерекшелігіне басты назар аударады.

  • «Жақсы сөзім – жаны игі халқым үшін»атты эссе номинациясы;

М. Мақатаевтың шығармашылығы, өмірі, оқырманымен арасындағы  рухани байланысын суреттейтін эссе конкурсы. Эссе келесі бөлімдерден құрылуы тиіс: титул парағы, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды. Текст көлемі – 2-3 бет басылған парақ (Times New Roman, 14 шрифт, 1,5 интервал).Бағалаудың негізгі критерийлері: тақырыптың маңыздылығы мен толығымен ашылуы, идея түпнұсқалығы, ойдың дербестігі, оқырманға эмоционалды әсері.

  • «… Қасиетіңнен қара өлең, айналайын» атты көркем сөз номинациясы;

М. Мақатаевтың шығармашылығынан бір өлеңді мәнерлеп оқу. Конкурсқа қатысушы ақынның бір өлеңін таңдап, аудио және видео нұсқада жолдайды. Әділ қазы алқалары қорытынды шығарарда оқушының мәнерлеп оқу шеберлігіне, дикциясына, дауыс бояуына, әртістік қабілетіне ерекше мән береді. Оқушы ақынның кез-келген шығармашылығынан таңдай алады (ақын күнделігінен үзінді, проза, поэзия). Аудио және видео ұзақтығы 5 минуттан аспауы тиіс;

Ескерту: интернет желісінен алынған материалдарды қолдануға қатаң тыйым салынады. Бір оқушы бір ғана номинация бойынша қатыса алады.

 

  1. Байқаудың марапаттау рәсімі

Бас жүлде – диплом,  байқау жеңімпазы үшін арнайы тағайындалған  «Мұқағали мұрагері» төс белгісі, куәлік.

І орын – диплом, «Мұқағали мұрагері» төс белгісі, куәлік

ІІ орын  – диплом, «Мұқағали мұрагері» төс белгісі, куәлік

ІІІ орын – диплом, «Мұқағали мұрагері» төс белгісі, куәлік

«Қара өлеңнің құлагері» атты жас ақындар номинациясының дипломы, ақынның кітабы.

«Жақсы сөзім – жаны игі халқым үшін» атты эссе номинациясының дипломы, ақынның кітабы.

«… Қасиетіңнен қара өлең, айналайын»  атты көркем сөз номинациясының дипломы, ақынның кітабы.

«Мұқағали мұрагері» төсбелгісі

Барлық қатысушылар мақтау грамоталарымен және жетекшілер арнайы алғыс хаттармен марапатталады.

Байқауға қатысу құны – 2500 тг. Төлем квитанциясының көшірмесі тапсырмамен бірге жіберілуі тиіс. Байқау жеңімпаздарының  жұмыстары Martebe.kz білім сайтында жарияланады және марапаттау әр номинация және жас ерекшеліктеріне бойынша жүзеге асырылады.

Қатысу жарнасын QIWI терминал арқылы төлеуге болады.  8700 978 59 22 номеріне «кошелёкті толтыру» батырмасы арқылы «Аты-жөніңізді» жазып, төлем жасайсыз.

Біздің реквизит:

Банк атауы: «Банк Kassa Nova» АҚ; БИК: KSNVKZKA

Өткізуші мекеме атауы: «SKILLS ACADEMY»  ЖШС

БИН/ИИН: 161240000269

KZ55551A127001275KZT

Кбе 17

КНП 859

Төлем мақсаты: Республикалық М.Мақатаев оқулары байқауына қатысу үшін.

Қатысу үшін төлем жасау жөнінде және байқауға қатысты туындаған сұрақтар бойынша қосымша ақпарат алу телефоны:

8775-998-83-87; 8700-978-59-22

Өтініш беру үлгісі

«ҚАРА ӨЛЕҢНІҢ ҚҰЛАГЕРІ» атты ІI республикалық байқауына қатысу туралы өтініш

Оқушының аты – жөні  
Сыныбы  
Мектеп атауы, мекен – жайы, индексі (міндетті)  
Жетекшісінің аты-жөні  
Эл. поштасы  
Байланыс номері  

Ескерту! Өтініш word нұсқасында жіберілуі керек.

Өтініштің қате толтырылғаны үшін ұйымдастырушылар жауап бермейді.

Мекен-жай толық қатесіз толтырылуы тиіс. Себебі жеңімпаздар марапаты көрсетілген мекен-жайға жіберіледі.


42 ПІКІРЛЕР

  1. Саламатсыздар ма?! Редакция ұжымы. Сайысқа қатысқанда мәнерлеп оқуды видео ролик арқылы жіберіміз бе? Қалай?

  2. Сәлеметсіз бе! Ия, видеомен жібергеніңіз дұрыс. Көлемі өте үлкен болып жатса, ютубқа жүктеп ссылкасын жіберсеңіз болады

  3. Сəлеметсіщдер ме? Менің сұрайын дегенім өз шығармаларын қалай жүктеу керек. Оны да видеоға түсіріп, сілтемесің жібереміз бе? Əлде басқа жолы бар ма? алдын-ала рахмет.

  4. Сəлеметсіщдер ме? Менің сұрайын дегенім өз шығармаларын қалай жүктеу керек. Оны да видеоға түсіріп, сілтемесің жібереміз бе? Əлде басқа жолы бар ма? алдын-ала рахмет.

  5. Сәлеметсіз бе! Көркем сөз ғана видеомен қабылданады. Көлемі көп болса, ютубқа жүктеп ссылкасын жіберіңіз. Қалған жұмыстар вордта қабылданады

  6. Салеметсиз бе?Барлык катысушылар марапаттала ма?

  7. Салеметсиз бе?Барлык катысушылар марапаттала ма?Мен киви кошелектан толем жасап койгам. Енди кватанцияны жуктей алмай отырмын

  8. Сәлеметсізбе! Барлық тапсырмаларды орындап барлығын берге жоғарыда көрсетілген эл почтаға жібересіздер

  9. Қайырлы күн! Жасына қарамай қатыстырамын десеңіз,болады. Бірақ 1-4 сыныппен тексеріледі

  10. Өтінішке қай номинация бойынша қатысатынын жазамыз ба?

  11. Сәлеметсізбе! Тек мәнерлеп оқу ғана видео не аудио етіп жіберіледі. Қалған жұмыстар ворд файлда қабылданады

  12. Сәлеметсіз бе? Біз ауылдық жерде тұратындықтан, интернет бірде істеп, бірде істемей қалады. Бір істеген моментті пайдаланып оқушының видеосын асығыс жібере салған едім. Енді әлі де болса уақыт бар ғой, соны дұрыстаған едік, қайта жіберсем бола ма? Сол түбіртекпен. Қазылар алқасы әлі тексере қоймаған шығар деп ойлаймыз.

  13. 28ші ақпанда жіберілген видео кеш болып есептеле ме?

  14. Тек қана біреуіме əлде видео да аудио да ма?

  15. саламатсыздар ма? «Қара өлеңнің құлагері» байқауы аяқталды ма? Нәтижесін қашан, қалай білуге болады. Рахмет.

  16. Сәлеметсіз бе енді байқаудың қорытындысы қашан шығады? Орын алған , алмағаның қалай білеміз?

  17. Қайырлы күн! Қорытынды қабылдау біткеннен кейінгі 2 апта ішінде шығады

  18. Қайырлы күн! Қорытынды қабылдау біткеннен кейінгі 2 апта ішінде шығады

  19. «… Қасиетіңнен қара өлең, айналайын» атты көркем сөз номинациясы бойынша байқау қорытындысы қашан шығады?

  20. Сәлеметсізбе! Қазір тексерілуде. 16 ақпан сайтта жариялайтын боламыз

  21. Бүгін 16наурыз. Байқаудың қорытындысын тосып отырмыз. Қалай білуге болады?

  22. «…Қасиетіңнен қара өлең, айналайын»атты көркем сөз номинациясының қорытындысын қай уақытта білуге болады?

  23. Біз Павлодар облысы, Екібастұз қаласынан…қорытындысын асыға күтудеміз. Алдын ала, Рахмет!!!

  24. Қайырлы күн! Қорытындыны бүгін сағат 18:00-де сайтта жариялайтын боламыз.

  25. Қайырлы күн! Қорытындыны бүгін сағат 18:00-де сайтта жариялайтын боламыз.

  26. Саламатсыздар ма! Байқаудың қорытындысы шықты ма екен? Қатысушының мақтау қағазы мен жетекшіге алғыс хат қай уақытта жіберіледі?

  27. сәлеметсіздер ме) тамаша сайыс еді, биыл болмай ма?

  28. Сəлеметсіздер ме!!!2020жылы сайыс бола ма?Болса қай уакытта

  29. Қайырлы күн! 13 қаңтардан бастап басталып жатыр. Сізге кімдерге арналған олимпиадамыз қызықты?

  30. Сәлеметсіздер ме! 2020 жылы Мұқағалидің «Қара өлең құлагері » атты ІІІ Республикалық онлайн байқауы қашан өтеді

ПІКІР ҚАЛДЫРУ