Илююзия өнері. Зат есімнің мағыналық түрлері

0
1867
Collaborative lesson planning: Maximizing the influence of lesson study
Тақырыбы:  Илююзия өнері. Зат есімнің мағыналық түрлері
Сабақ: 6/8                                        Мұғалімнің аты-жөні: Шаяхметова Гаухар Мамыровна
Сынып: 5 «А»  Мектеп: «№1 Марқакөл орта мектебі» КММ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
  1.  5.ӘТН4.2 (әдеби тіл нормаларын сақтау)

Зат есімдердің мағыналық түрлерін ажырата білу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Мәтінді мұқият оқиды, 1 сұрақ құрастырады, зат есімнің мағыналық түрлерін біледі.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Мәтін мазмұнын түсінеді, сұрақтар құрастырады, зат есімнің мағыналық ерекшелігін біледі.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Мәтін мазмұнын түсінеді, негізгі ақпаратты анықтауға арналған сұрақтар құрастырады, зат есімнің мағыналық түрлерін ажыратып, мысалдар келтіреді.

Оқу мақсатының деңгейлері Түсіну, қолдану
Құндылықтар Иллюзия өнері туралы түсінік алу, зат есімнің мағыналық түрлерін ажырату.
Пәнаралық байланыс Көркем еңбек, тарих, қазақ әдебиеті
Бағалау критерийі

– Мәтін мазмұнын түсінуге, негізгі ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады.

– Зат есімнің мағыналық түрлерін ажыратады.

-Оқушылар уақытты тиімді пайдалана алады,тапсырмалар орындауға топ мүшелері толық қатысып отырады.

Алдыңғы оқу:  Қиял мен шындық бірлігі
Жұмыс жоспары
Жоспарланған уақыт  Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

 

Кіріспе бөлім

10-мин

Негізгі бөлім

15 минут

1.Ұйымдастыру кезеңі

Сыныпта эмоционалды-позитивті көңіл-күй қалыптастыру мақсатында Алтынай Байтоқанованың иллюзиялық қойылымын көрсету.

Ой түрткі «СТОП кадр» әдісі.

Нені көрдіңіздер?

Бұл қандай өнер?

Иллюзия дегеніміз не?

Біз неліктен таң қалдық?

Қазақша қалай аталады? (Көзбояушылық өнері).

2.  Топтастыру

«Сиқыршы қалпағы» әдісі.

Сиқыршының қалпағында жасырынған құстарды алады. Сурет артында жасырынған сөздер арқылы арқылы топтасады.

1-топ – «Дара және күрделі зат есім — Жұмбақ»

2-топ – «Жалқы және жалпы зат есім — Құпия»

3-топ – «Деректі және дерексіз зат есім – «Ғажап»

  Дескриптор:

  • Зат есімнің мағыналық түрлерін дәл табады;
  •  Топқа дұрыс орналасады.

Балалар, бүгін әр топқа сабақ тақырыбына сәйкес «Сиқырлар сырын», «Фокусшылар форумын», «Көзбояушылар кереметін» көруге жолдама, сиқырлы таяқша, білім кілтін, Күлше қыздың сиқырлы жаңғақтарын беремін. Сабақ соңында қай топтың осы жолдамаға ие болатынын тамашалаймыз. Ол үшін сабаққа белсене қатысуларыңыз сұралады.

3. Өткен сабақ бойынша қайталау мақсатында берілетін тапсырма.

Балалар біз алдыңғы сабақта «Қиял мен шындық бірлігі» тақырыбын өткенбіз. Естеріңізде бар ма? Ал осы бөлімде біз зат есім тақырыбын қарастырдық. Қазір сіздерге оқулығымыздың 107-бетіндегі 9-тапсырма беріледі. Бұл тапсырмада Бен Хейн негізін салған жаңа өнер түрі туралы пікір алмасып 3 сөйлем жазасыздар. Онда зат есімнің мағыналық түрлерін қолданасыздар. Бұл иллюзиялық өнер ме? Ойланып көріңіздер.

Дескриптор:

  • Бен Хейннің өнері жайлы біледі;
  • Сөйлем құрастыру барысында зат есімнің мағыналық түрлерін дұрыс қолданады.

Қалыптастырушы бағалау.  «Жолдама» әдісі (әлеуметтік аспект).

Сабаққа қатысу деңгейіне байланысты мұғалімнің бағалауы.

Топ басшысының бағалауы бағалау парақшасына 1-3 дейінгі ұпай беру арқылы бағаланады.

4. Жаңа тақырып бойынша пысықтау тапсырма.

«Ріе» әдісі. Берілген бәліш бөлінділеріне тапсырмаларды орындайды.

1-тапсырма. Берілген мәтінді мұқият оқыңыздар. Негізгі ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырыңыздар. Мәтінге атау құраңыздар.

Топ бойынша тапсырмалар:

1 топ – «Жұмбақ»: Мәтін ішінен дара және күрделі зат есімдердің астын сызыңыздар.

2-топ – «Қиял»: Мәтін ішінен деректі және дерексіз зат есімдердің астын сызыңыздар.

3- топ – «Ғажап»: Мәтін ішінен жалқы және жалпы зат есімдердің астын сызыңыздар.

Менің есімім Жеңіс. Мен иллюзионистпін.  Иллюзия жанрына кішкентайымнан қызығамын. Әрине, оның оянуына бірден-бір әсер еткен тұлға — иллюзионист Дэвид Копперфильд. Кішкентайымда оның өнеріне қызығып, бірнеше фокусты үйрендім. Оның бірін біреу үйретсе, біреуін бір жерден көріп алдым. Барлығын бірден жаттап алып, отбасыма, достарыма қайта-қайта көрсете беретіндігім әлі есімде.

Мен көрермендерге сиқыр көрсеткенде оларға эмоция, кішкентай сәбидің пәк күлкісін сыйлағым келеді. Өйткені үлкен адамда күлкі пайда болғанда, ол миллисекундқа кішкентай сәбиге айналады. Сол кезде оның жан дүниесінен шынайы бір сезім шығады. Мен сиқырды, шыны керек, сол бір сәт үшін ғана жасаймын. Біреуге осындай сезім сыйлай алатындығынды көргенде, ол адамның сені, сенің оған сыйлаған эмоцияларыңды есінде сақтап қалады. Бүгінде Алматы қаласының көрермендеріне өз өнеріммен танылдым. Енді әлемдік аренаға шығу арманым.

(оқушыларға көмекшсі сұрақтар: қай кезде қызығушылық оянды, фокустарды қалай үйренді, қай тұлға әсер етті, фокусты кімдерге көрсетті, көрерменге не сыйлағысы келді, үлкендер қандай сәтте сәбиге айналады,сиқырды не үшін жасайды, эмоция, сезім сыйлау, есте сақтау, арманы не? кейіпкердің есімі мәтіннің идеясымен үйлесе ме?)

Дескриптор:
  • Берілген мәтінді мұқият оқый алады;
  • Негізгі ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыра біледі;
  • Мәтінге атау қоя біледі.

Қалыптастырушы бағалау. «Сиқырлы таяқша» әдісі (әлеуметтік аспект).

Алтын, күміс, ағаш таяқшалар.

Сабаққа қатысу деңгейіне байланысты мұғалімнің бағалауы.

Топ басшысының бағалауы бағалау парақшасына 1-3 дейінгі ұпай беру арқылы бағаланады.

2- тапсырма. «Константинопль» әдісі.

Тақтада ілінген қабырға газетіне берілген сөздің әріптеріне сәйкес сөздер құрап жаз.

1 топ – «Жұмбақ»: Ғажайып — Жалқы, жалпы есімдер.

2-топ – «Қиял»: Сиқырлы — Дара, күрделі зат есімдер.

3- топ – «Ғажап»: Көзбояу — Деректі, дерексіз зат есімдер.

Дескриптор:

  • Әріптерден сөздер құрастыра алады;
  • Зат есімнің түрлерін біледі.

Қалыптастырушы бағалау.

«Білім кілті» әдісі»

Үлкен кілт-ең үздік, тапсырмасы толық орындалған жұмыс, Орташа кілт-жақсы, Кіші кілт-орташа жазылған, толықтыруды қажет ететін жұмыс.

Топ басшысының бағалауы бағалау парақшасына 1-3 дейінгі ұпай беру арқылы бағаланады.

Өзара топтың бағалауы «Күлше қыздың жаңғағы» әдісі арқылы бағаланады. Санына байланысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топтасу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Бекіту бөлімі

8 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 3- тапсырма. «Жасырын сөздер» әдісі.

Күрделі тапсырма: Мәтіндегі зат есімдерді жиі қолдана шағын мәтін құрастыр. Қай топ жылдам және мағыналы мәтін құрастырады?

Дескриптор.

–     —     Мәтіннен зат есімдерді таба алады;

  • Шағын мәтін жазады;
  • Уақытты тиімді пайдаланады.

 

 Қалыптастырушы бағалау.  «Жолдама» әдісі (әлеуметтік аспект).

Сабаққа қатысу деңгейіне байланысты мұғалімнің бағалауы.

Топ басшысының бағалауы бағалау парақшасына 1-3 дейінгі ұпай беру арқылы бағаланады.

 

 

Соңы

5 мин

 

 

 

 

 

Үй тапсырмасы

Сабақты қорыту

Кері байланыс.  «Ауызша СМС» әдісі арқылы кері байланыс ұсынылады.  Ұялы телефон суретіне жұмысты бағалап хабарлама жібереді.

 

Үйге: Қазақстанның илюзионистері туралы ақпарат жинау.

 

 

 

 

 

 

 

 

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ