Моңғол империясының ыдырауы нәтижесінде саяси картада қандай өзгерістер болды?

0
6870
Collaborative lesson planning: Maximizing the influence of lesson study
Мектеп атауы: Ж.Мырзағалиев орта мектебі

25.01.2019

Бекітемін :_______________

 

Пәні: Қазақстан тарихы

Мұғалімнің аты — жөні:

Дүйсекенова Нұргүл

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны

Кәсіби даму мақсаты:

Бөлім: 6.3A XIII – XV ғғ. Қазақстан

Сабақ тақырыбы: Моңғол империясының ыдырауы нәтижесінде саяси картада қандай өзгерістер болды?

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

6.3.1.6. XIII-XV ғғ. Мемлекеттерді білу, картаны қолдану арқылы саяси процестерді түсіндіру

6.1.1.2. XIII-XV ғғ. Қазақстан аумағында құрылған мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау

6.3.1.7 ортағасырлық мемлекеттердің ыдырауының негізгі және жанама себептерін анықтау

Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар:
тарихи оқиғаларды талдайды және өткен кезеңмен салыстыра отырып өзгерістер мәнін анықтайды
Оқушылардың басым бөлігі:
тарихи құбылыстарды, оқиғаларды бағалайды және оларға қатысты тарихи тұлғалардың ролін анықтайды
Кейбір оқушылар:
тарихи кезендердің ерекшеліктерін анықтайды және салыстырады
Бағалау критерийлері:

Білу және түсіну:

Бейнебаянмен жұмыс (Алтын Орда мемлекетіне қатысты 8 сұраққа жауап береді).

Білімін қолдану:

монғол империясының ыдырауы нәтижесінде Жошы, Шағатай ұлысында Еуразия құрлығында пайда болған мемлекеттердің (Алтын Орда, Ақ Орда, Ноғай Ордасы, Моғолстан, Сібір, Қазан, Қырым, Астрахан хандықтарының ) атауын, орталығын біліп, кескін картаға түсіреді.

Сыни ойлау:

Дерекпен жұмыс жасай отырып, Қазақстан территориясындағы мемлекеттік бірлестіктердің көрші елдермен қарым-қатынасын анықтайды.

Анализ:

Алтын Орданың құрылуы, күшеюі және ыдырауына байланысты зерттеу жұмысын жүргізеді.

«Тұлғаны таны» рөльдік ойынында Жошы, Шағатай ұлысында пайда болған мемлекеттердің атақты билеушілері болып, сынып алдында өз мемлекетіне сипаттама беріп, берілген сұрақтарға жауап береді

Тілдік мақсат Пәндік лексика мен терминология:

  • Халық
  • этносаяси бірлестік
  • ұлт
  • миграция
  • ассимиляция
  • ұлыс
  • мемлекет
  • көшпелі өркениет
  • хандық
  • орда
  • хан
  • сұлтан
  • уәзір
  • империя
  • жасақ
  • феодализм
  • аристократия

Диалог пен жазуға пайдалы сөздер тізбегі:

Моңғол империясы құрылуының алғышарттары…

Аталған мемлекеттердің өзара қарым-қатынасы/көрші елдермен саясаты….

Келесі себептер/ факторлар қысқа мерзімді/ орта мерзімді/ ұзақ мерзімді болып келеді.

Бірқатар факторлар келесі факторларға әсер етті, мысалы…

Бұл оқиға /өзгеріс маңызды болды / айтарлықтай, өйткені…

Біздің анықтағанымыз…

Қорытындысында…

Құндылықтар

— патриотизм

— ұлттық сана-сезім

— тәуелсіздік

— өз елі үшін мақтаныш

Пәнаралық байланыстар Дүниежүзі тарихы, география, өнер, мәдениеттану, әдебиет т.б
АКТ қолдану дағдылары Слайд «Моңғол империясының ыдырауы нәтижесінде саяси картада қандай өзгерістер болды?».
Алдыңғы білім Орталық Азияға ең үлкен өзгерісті әкелген кімдер: қыпшақтар ма, әлде моңғолдар ма?
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс — әрекеттер Деректер

Басталуы

5 минут

  • Оқушылармен амандасу.
  • Оқушыларды түгелдеу.
  • Топқа бөлу:
  • «Алтын Орданың құрылуы» тобы
  • «Алтын Орданың өркендеуі» тобы
  • «Мемлекеттің ыдырауы» тобы
  • Өткен сабақтарды еске түсіру.

А4 мәтін

«Моңғол империясының ыдырауы нәтижесінде саяси картада қандай өзгерістер болды?».

Ортасы

30 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

1)Үй тапсырмасын тексеру. Өткен тақырып бойынша Шыңғысхан балалары құрған ұлыстар туралы білімдерін картада, ауызша әртүрлі сұрақтар қойып, сұрақ жауап түрінде сұралады.

Сұрақтар:

  1. Жошы ұлысының территориясы қай аумақты алып жатты?
  2. Қазақстанның қай бөлігі Шағатай ұлысының құрамына енді?
  3. Үгедей ұлысының территориясы?
  4. Неліктен Төле ұлысы Моңғолия жерінде орналасты?

Б Болжам жаса: «Орасан зор аумақты алып жатқан Моңғол империясы ыдырағаннан кейін картада қандай өзгерістер орын алуы мүмкін?»

Оқушылар түрлі жауаптарды қайтарулары мүмкін: империяның құлдырап, бөлшектеніп кетуі, бағынышты мемлекеттердің өз тәуелсіздігі үшін күресінің басталуы, ішкі алауыздық пен кикілжіңдердің орын алуы және т.б.

Б Моңғол империясы ыдырауы нәтижесінде орын алған өзгерістерді көрсету үшін оқушыларға карта арқылы түсіндірме жүргіземін. Алтын Орда, Ақ Орда, Ноғай Ордасы, Сібір, Қазан, Қырым, Астрахан хандықтары туралы қысқаша айтып кетіп, олардың жер-аумақтарын,орталығымен қоса картадан көрсетемін.

Осыдан кейін оқушыларды сабақтың тақырыбымен таныстырыңыз.

Б Бейнекөрініс көрсету: № 147. Алтын Орданың құрылуы

Дереккөз: http://e-history.kz/kz/scorm/course/203© e-history.kz

ЦБР № 147 бейнематериал бойынша Алтын Орда мемлекетінің құрылуы

Сұрақтар
1235 жылы Қарақорымда ақсүйектер құрылтай өтіп қаңдай шешім шығарды?
Моңғолдар 1237 жылы қайда шабуыл жасады?
Бату Киевті, Польшаны, Венгрияны, Чехияны қай жылдары басып алды?
1262 ж Берке хан қай елдің сұлтанымен қарым-қатынас орнатып сауда, әскери, мәдениет саланы дамытты?
Өзбек хан Ислам дінің қай жылы мемлекеттік дін деп жариялады?
1357 – 1380 жылдар Алтын Орда тарихында қай кезең деп аталынады?
Алтын Ордаға 3 рет шабуыл жасап, құлатқан Әмір Темір қай елдің билеушісі?
ХV ғасырда Алтын Орда мемлекеті ыдырағаннан кейін қаңдай мемлекеттер пайда болды?
Зерттеу сұрақтары
  • Мoңғол империясының ыдырауына қандай тарихи оқиғалар себеп болды?
  • Моңғол империясының ыдырау нәтижесінде қандай мемлекеттер құрылды?
  • Моңғол империясының ыдырауы нәтижесінде саяси картада қандай өзгерістер орын алды?

Зерттеу және талдау

М Сынып оқушыларын 3 топқа топтастырыңыз. Алтын Орданың құрылуы, территориясы, қоғамдық құрылымы, ішкі және сыртқы саясаты, мемлекеттің әлсіреуі туралы мәтінді ықшамдап беріңіз.

Т Жошы ұлысының орнына құрылған алғашқы ірі мемлекеттердің бірі ретінде Алтын Орданың өмірлік циклін зерттеу үшін ДЖИГСО әдісін қолданыңыз.

1-топ: Алтын Орданың құрылуы (соғыстар, географиялық, экономикалық, сыртқы, әлеуметтік-саяси факторлар).

2-топ: Алтын Орданың күшеюі (билік үшін күрес, (басқа территорияларын басып алу, экономикалық күштілік, мәдениеттің дамуы).

3-топ; Мемлекеттің әлсіреуі (ішкі алауыздық, әлеуметтік теңсіздік, экономикалық дағдарыс, үздіксіз соғыстар, бөлшектеніп кету, жаңа мемлекеттердің пайда болуы).

Оқушылар бір-бірінің зерттеулерімен танысқаннан кейін, Алтын Ордаға қатысты нақты 3 тұжырым жасайды.

Мысалы:

  1. Алтын Орда Жошы ұлысының орнына құрылған алғашқы және ірі мемлекет;
  2. Шығыс Еуропа елдері Алтын Ордаға тәуелді болып, алым-салық төлеп отырды ;
  3. Өзбек ханның тұсында Алтын Ордада ислам діні мемлекеттік дін болып жарияланып, мемлекекеттің гүлденген кезеңі болды;
  4. Алтын Ордада тұратын моңғолдардың көбі ХІV ғасырға қарай толық түркіленіп, мұсылманға айналды;
  5. Азаматтық басқару билігі түрік әулетінен шыққан «мәлік» деп аталған жергілікті әкімдер басқарды;

1) Кескін картамен жұмыс. Алтын Орда территориясын және ыдырағаннан кейін құрылған мемлекеттерді астанасы мен қоса кескін картада белгіле.

Т «Кім жылдам» деген ойынды ойнатыңыз. Топ мүшелеріне негізгі оқиғалар жазылған қиынды парақшалар таратып беріңіз. Бос орынға тиісті даталарды жазып, оқиғаларды хронология бойынша орналастыру керек. Мысалы;

  1. Батый Алтын Орданы биледі:

1227-1255жж

 

1255-1266жж

  1. Берке хан Алтын Орданы биледі:
  2. Алтын Ордада ислам мемлекеттік дін болып жарияланған жыл:

1312ж

1382ж

  1. Тоқтамыс Мәскеуді өртеген жыл:
  2. Алтын Ордадағы «Ұлы дүрбелең» кезеңі:

1357-1380жж

Дұрыс әрі тез орындаған топты «Ең ұйымшыл топ» деп марапаттаңыз

Интерпретация

Т «Тұлғаны таны» рөлдік ойынын өткізіңіз. Алтын Орданың хандары туралы қысқаша деректерді топтарға таратыңыз. «Мемлекет ханы» өзінің атын атамай, сынып алдында оған қысқаша сипаттама береді. Басқа топтар бұл ханға қатысты сұрақ қою арқылы қай хан екендігін табуы қажет. Қай топ қаншалықты дұрыс жауаптарын тапса, сол топ жеңімпаз болады.

М Алтын Орда мемлекетінің ыдырауы нәтижесінде құрылған мемлекеттер туралы қысқаша айтып, орын алған өзгерістерді көрсету үшін оқушыларға карта арқылы түсіндірме жүргізіңіз. Ақ Орда, Ноғай Ордасы, Сібір, Қазан, Қырым, Астрахан хандықтары туралы, олардың жер-аумақтарын картадан көрсетіңіз.

Қорытынды Әр топтан 1 оқушы Моңғол империясының ыдырауы нәтижесінде орын алған өзгерістерге қорытынды жасайды.

Сабақтың мақсатына қол жеткізу нәтижесі

Аяқталуы

5 минут

Рефлексия мен кері байланыс

«Үлкен шеңбер» тәсілі

— Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?

— Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?

— Сабақта қандай қиындықтар туындады?

— Сабақ аяғындағы көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?

Үй тапсырмасы: Хабарлама дайындау (дәптерге жазу) «Алтын Орда ыдырағаннан кейінгі хандықтар».
ҚОСЫМША АҚПАРАТ
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? Бағалау — Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мeн жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ