Инновациялық білім беру ортасында бастауыш сынып оқушыларының субъектілік белсенділігін дамыту

2
1533
Idea and innovation graphic against cute pupil sitting at desk

Қазіргі заманда білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды. Жаңа ғасыр – жаңа білім беруді жүктеп отыр. Педагогтардың алдына қойып отырған басты міндеттердің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық инновациялық технологияны меңгеру.
XXI ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технологиялық бағытта дамыту мақсатымен аталуының өзі үлкен міндеттің басты нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. Бәсекеге қабілетті білім кеңістігін құруға бағытталған Қазақстандық білім беру реформасының басты мақсатттарының бірі – инновациялық технологияларға сүйене отырып, баланың бойында шығармашылық ойлауды дамытуға мүмкіндік жасау болып отыр. Мұндай күрделі мәселелерді шешуде бастауыш сыныптың алатын орны ерекше.
   Қазіргі кезде еліміздің білім беру ұйымдарында оқыту процесін ізгілендіру үшін көптеген жұмыстар жасалуда.  Оларды ғылыми тілмен айтқанда инновациялық процесс деп атайды. Инновация ұғымы латынның «in-novus» деген сөзінен шыққан, «жаңарту, өзгерту, жаңашылдық» деген мағынаны білдіреді. Яғни, педагогика ғылымында жаңа әдістерді, тәсілдерді, құралдарды, бағдарламаларды пайдалануды айтады.
Инновациялық білім беру құралдарына:
•    Аудио құралдар
•    Видео құралдар
•    Компьютер
•    Интерактивті тақта
•    Интернет
•    Компьютер-мультимедиялық құрал
•    Электрондық оқулықтар мен оқу әдістемелік кешен
•    Инновациялық сайт және т.б жатады.

Оқу-тәрбие үрдісінде қолданылып, айтарлықтай нәтиже көрсетіп жүрген инновациялық технологиялар мыналар:

•    Дамыта оқыту әдістемесі
•    Оза отырып оқыту жүйесі
•    Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
•    Мультимедиялық технология.

Педагогикада оқушыға оқу іс-әрекеті субъектісі, өзін-өзі анықтауға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылған тұлға ретінде көзқарас қалыптасуда. А. В. Брушлинскийдің ұйғарымы бойынша, «Субъект-аса жоғары белсенділік, біртұтастық, автономдық деңгейіне жеткен адам. Адам субъект болып дүниеге келмейді, субъект болып дамып жетіледі. Оның субъект ретінде дамуының алғы шарты іс-әрекет, қарым-қатынас, тіршілік барысы болып табылады» . Бастауыш сынып оқушысының субъектік белсенділігі деп бастауыш мектеп оқушысының үнемі өзгеріп отыратын білім беру және әлеуметтік мәдени жағдайларға табысты бейімделе алуы, оның мұғаліммен бірлескен іс-әрекетінде дербестік көрсете алуы, өнімді педагогикалық өзара әрекеттестік жасауы, өзінің дамуына қатысты жағдайды туғызудағы жауапкершілікті түсінуі деп атауымызға болады.
Бастауыш сынып оқушысы тұлғасының бұл жағдайының мәнді белгілері оның өз әрекеттеріне даярлығы және оны басқара алу қабілеттілігі; өз іс-әрекеттерінің тәсілдерін үлгілеу, жоспарлау, өзара әрекеттесе алу; жобаланған бағдарламаларды жүзеге асыру; өз іс-әрекетінің жүру барысын бақылай алу және нәтижесін нақты бағалай алу; өзінің, басқалардың іс-әрекетін, өзара әрекеттерді рефлексиялай алу.
Бастауыш сынып оқушысының бойында субъектікті дамытуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру өте тиімді. Берілген жағдайды жүзеге асыру бастауыш сыныпоқушысының білім беру үдерісі барысында өзіндік қажеттіліктері мен мотивтерін жүзеге асыра алуымен байланысты болып келеді. Бұл жағдайда оқушының белсенділігі өзіндік логикаға негізделеді. Бастауыш сынып оқушыларының оқу үдерісінде жаңа технологияларын қолдану арқылы мұғалім оларға қажетті материалдарды игеру мақсатында материалды және сәйкес көмек көрсетеді.
Бастауыш сынып оқушыларының субъектігін дамытуды ақпараттық технологиялар көмегімен де қамтамасыз ету маңызды. Мультимедиа, Интернет технологияларының, ақпараттық технологияларының кең етек жаюы, ақпараттық технологияларды толық білім саласына енгізіп, оқытудың жаңа тиімді құралы етуге болатынын дәлелдейді.
Бүгінгі күннің өзінде бала мектеп табалдырығын аттамай компьютердің кейбір жұмыс істеу принциптерін меңгереді, яғни 1-сыныпқа келген бала «машинамен» тіл табысып, сол арқылы ақпарат алу тиімділігін түсінеді. Сабақ барысында ақпараттық технологияларды қолдану оқушының білім алу ынтасын арттырады, танымдық қызығушылығын көтереді және де өз бетімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыруға көмектеседі. Осыған байланысты В.С. Кукушин былай дейді: «Компьютер ақпараттық технологиялармен бірге білім беру аймағының оқу іс-әрекетінде және оқушылардың шығармашылығында жаңа мүмкіндіктер ашады».
Қазіргі кезде мультимедиялық құралдардың тиімділігін түсіндіретін зерттеулер саны артуда. Мультимедиялық құралдарды оқытуда пайдаланудың маңызды қағидалары толық, жан-жақты зерттеген Ричард Майе: «Тек сөзді ғана пайдаланумен салыстырғанда, адамдар сөздер мен суреттерді пайдаланған кезде тиімдірек үйренеді»- деп дәйектеп, сөздерге жазбаша және  ауызша мәтінді, ал суреттерге графикалық суреттерді, анимация және видеоны қосады.
Мультимедиялық ақпарат ұмытылмай бастауыш сынып оқушыларының  миында сақталуы үшін мүмкіндігінше мәтін аз қолданылып жасалған анимациялық презентация тиімді болады. Қысқаша айтқанда, бейне мен мазмұны бірге ұсынылса, оқушының қабылдауына жеңіл тиеді. Мәтінге қосылған видео немесе графикалық ақпараттар суреттерге жақын берілуі тиіс. Біртұтас, жинақы тұрған ақпаратты оқитын оқушылар ақпаратты жеңіл қабылдап, тез түсініп, игеріп алады.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасына келер болсақ —  әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтіріп АҚШ ғалымдары Джинни Стилл, Куртис Мередит, Чарльз Темпл. Бұл жоба атақты ғалым зерттеушілер Ж.Пиаже мен Л.С.Выготскийдің даму теорияларын басшылыққа алады. Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту жобасының мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез-келген құбылыс пен заттарға, әрекет пен мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, көптеген пікірдің ішінен біреуін таңдауға сапалы шешім қабылдауға сабақта үйрету.
Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Оқушының бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Сын тұрғысынан  ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен тұрады.Сын тұрғысынан ойлауды дамыту оқушының танымдылық белсенділігін, сабаққа қызығушылығын арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етіп, сабақтардың қызықты, жеңіл өтетіндігін, оқушыларды ұжыммен бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі әрі тиянақтылығы артатындығын байқауға болады. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып ішінен қажеттісін алуға үйретеді.
Сонымен, бастауыш сынып оқушыларының субъектік белсенділіктерін дамыту мақсатында әртүрлі белсенді әдістерді, жаңа технологияларды қолдану тиімділік көрсетеді.

2 ПІКІРЛЕР

  1. салеметсиздер сиздердін сайтқа қалай тіркелуге болады

  2. ҚАйырлы кеш! Сізге қай сайтқа тіркелу керек? Қандай мақсатта тіркелгіңіз келеді

ПІКІР ҚАЛДЫРУ