Ішкі секреция бездерінің физиологиясы және функциялық реттелу жолдары

0
13878

Ағзадағы барлық жасушалар, ұлпалар мен мүшелер бір – бірімен байланысып, олардың қызметі және сыртқы ортамен қарым – қатынасы жүйке және гуморальді жолмен реттеулі арқылы іске асады. Нейрогуморальді реттеу жүйесі біртұтас, тығыз байланысқан  механизм.

Мазмұны

Кіріспе

І Әдебиетке шолу

1.1  Ішкі секреция бездерінің физиологиясы және функциялық реттелу жолдары

1.2  Гормондар мен биологиялы активті заттардың химиялық құрылымы бойынша жіктелуі және олардың әсер ету жолдары мен механизмдері

       ІІ Ұйқы безінің адам организміндегі қызметі

2.1 Ұйқы безінің морфологиясы мен физиологиясы және оның гормондары

2.2 Ұйқы безінің қызметі мен патологиясы

2.3 Ішкі секреция бездерінің зерттеу әдістері

2.4 Оңтүстік Қазақстан Облысының (ОҚО) қалалары мен аудандары бойынша ұйқы безінің ауруы «Қант диабетінің» таралу көрсеткіші (3 жылдық динамика бойынша

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

Кіріспе

Ағзадағы барлық жасушалар, ұлпалар мен мүшелер бір – бірімен байланысып , олардың қызметі және сыртқы ортамен қарым – қатынасы жүйке және гуморальді жолмен реттеулі арқылы іске асады. Нейрогуморальді реттеу жүйесі біртұтас, тығыз байланысқан  механизм. Нерв және гуморальді жүйе бір- бірімен тығыз байланысын  келесі мысалдар дәлелдейді:

  • Биоэлектрлік процестердің табиғаты физико – химиялық, иондардың трансмембраналық жылжуы;
  • Нерв жасушадан келесі нерв жасушаға , немесе атқарушы мүшеге қозу медиаторлар арқылы іске асады;
  • Нерв және гуморальді жүйенің тығыз байланысы гипоталамо-гипофизарлық деңгейінде айқын байқалады.

Орталық нерв жүйесінің ішкі секреция бездерінің қызметін реттеу гипоталамус арқылы жүзеге асады. Гипоталамус афференттік жолдары арқылы орталық нерв жүйесінің басқа бөлімдерімен  байланысқан,  атап айтсақ , жұлын , сопақша ми, ортаңғы ми, таламус, базальдік түйіндер, ми қыртысының  белгілі аймақтарымен . Сондықтан гипоталамусқа бүкіл ағзадан  ақпарат келеді,  содан барлық ішкі секреция бездеріне жіберіледі.

Гипоталамустың нейроскреторлық жасушалары афферентті  нерв импульстерін гуморальді факторға – релизинг- гормондарға, ал олар  гипофиздің клеткаларының  қызметіне  әсер етіп , түзелетін гормондардың  түзілуіне , бөлінуіне әсер етеді. Бұл гормондар  мүшелер мен ұлпаларға әсер етеді.

Ішкі секреция бездерінің қызметін реттеуде симпатикалық және парасимпатикалық  нерв талшықтарының  медиаторлары  зор роль атқарады, сондықтан ішкі секреция бездерінің әрекеті екі жақты бақыланады. Бірақ, кейбір ішкі секреция  бездерінің  реттелуі  гипофиздің қатысуымен жүреді. Мысалы,  қалқанша  маңындағы  без, ұйқы безі т.б. Бұл бездердің қызметі антогонист – гормондардың, метаболиттердің концентрациясының өзгеруімен реттеледі.

Гипоталамус жүйке жүйесінің бөлігі, мұнда жүйелік реттеу эндокриндік реттеуге ауысады. Гипоталамус ядроларының нейрондары бөліп шығаратын нейтропепидтер либерин және статин деп аталған. Қазіргі кезде келесі релизинг – гормондар, либериндер анықталған – тиролиберин (ТРГ), молиберин (ЛГ – РГ), кортиколиберин (КРГ), соматолиберин (ГР — РГ), пролактолиберин (ПРЛ – РГ), меланолиберин (МСТ — РГ). Бұл либериндер  гипофизден түзілу жылдамдығына әсер етеді.

Статиндер тобына – соматостатин, пролактостатин, меланостатин жатады.

Ішкі секреция бездері бөлетін затын гормондар деп атаған. Гормондар- биологиялық белсенді заттар, ішкі секреция бездерінде түзіліп, қанға түсіп жүйелер мен мүшелердің қызметіне әсер етеді.

Гормон деген терминді 1902 жылы В. Бейлис және Э. Старлинг ұйқы безі сөлінің бөлуін реттейтін  секретин деген затқа байланысты ұсынған.

Эндокриндік жүйе мүшелерінің  жұмысын, алмасу процестерін, ағзадағы теп-теңдікті, тұрақтылықты қамтамасыз етуде үлкен роль атқарады.

Бездің қызметінің бұзылуы ағзада түрлі ауруларды туындатады.

Қорыта айтсақ, ағзаның қалыпты жұмыс атқаруын, сыртқы орта әсерлеріне бейімделуі нерв жүйесімен қатар ішкі секреция бездері зор роль атқарды.

Менің бұл ғылыми жұмысымдағы алға қойған мақсатым-ішкі секреция бездерінің оның ішінде ұйқы безінің қызметінің бұзылуы салдарынан болатын аурулардың таралу деңгейін анықтау қант диабетіне   профилактиканы міндетті түрде қолға алатын болса, онда біздің мақсатымыздың орындалғаны.

Эндокринологияның, физиологияның және морфологияның жетістіктері ағзаның функцияларын реттеудегі механизмімен байланысты.

1.1  Ішкі секреция бездерінің физиологиясы және функциялық реттелу жолдары

Адам және жануарлар организмі дамудың «онтогенез» деп аталатын циклін бастан өткізеді. Онтогенез дегеніміз жұмыртқа клеткасы ұрықтанғаннан бастап ағза өлгенге организм дейінгі аралықтағы даму кезеңі. Онтогенездік дамудың біраз уақыты жатырда өтеді, оны антенатальдық немесе пренатальдық онтогенездік даму деп атайды. Дамудың келесі сатысы организм туылғаннан бастап өлгенге дейінгі аралықты қамтиды. Мұны постнатальді онтегенездік даму деп атайды. Онтегенездік дамудың барысында дененің массасы мен көлемі ұлғайып, жеке мүшелері өседі. Мұнымен қатар көптеген сапалық өзгерістер – организмінің  жекелеген физиологиялық  жүйелері қалыптасып дамиды. Тұқым қуалаушылықтың ақпараттық механизмдері ағза дамуының бастапқы кезеңінде –ақ іске қосылып, ағзаның  одан әрі дамуы мен қалыптасуында аса маңызды роль атқарады.  Зат алмасу процесінің тұрақты жүруі мен жасушалардың қалыпты қызмет атқаруы – ішкі  сұйықтың (қан, лимфа, ұлпалық, сұйық,т.б.) химиялық құрамы мен физикалық және химиялық қасиеттердің тұрақтылығына тікелей байланысты. Денедегі ішкі сұйық заттардың жиынтығын К.Бернар ағзаның «ішкі ортасы» деп атаған.

Американ физиологы У.Кеннон бұл концепцияны ұлғайтып, одан әрі дамытты. Ол ішкі ортаның тұрақтылығын реттейтін механизмдер мен жүйелерді зерттей отырып, организмнің ішкі ортасының химиялық құрамы мен оның физикалық және химиялық қасиетін тұрақты сақтауға бағытталған қасиетін «гомеостаз» (грек сөзінен homoios- тәрізді, stalls- тұрып қалу, қозғалмайтын) деп атады.

Биология мен медицина ғылымдарының табыстары гомеостаз туралы көзқарасты одан әрі кеңейте түсті. Гомеостазды тұрақты сақтауға организмнің барлық жүйелері қатысатын болса, өз кезегінде, гомеостаз жүйелердің қалыпты қызмет атқаруына ықпал етеді. Егер ағзаның ішкі ортасының химиялық құрамы мен физикалық және химиялық қасиеттері өзгеретін болса, оларды тұрақтандыруға бағытталған көптеген физиологиялық жүйелер де біртіндеп активтеніп, іске қосылады. Мысалы, жасушадан тыс ортада судың мөлшері азайып кетсе, қандағы вазопрессин  гормонының концентрациясы көбейеді. Вазопрессин- бүйрек арқылы сыртқа шығарылатын суды қайтадан денеге сіңіреді. Сонымен, денеде жүріп жатқан кез келген физиологиялық процестер эндокриндік механизмдердің қатысуымен жүреді.

Оганизмнің жатырлық дамуының бастапқы кезеңдерінде олардың физиологиялық функцияларын реттеуді дамып келе жатқан жасушалардың өз ішінде түзілетін химиялық заттар атқарады. Функцияларды реттеудің осы сияқты жолдары ағза дамуының кейінгі кезеңдерінде де сақталып, белгілі бір шектелген аумақты ғана қамтитын болады. Жоғары сатыдағы жануарлар ағзадағы ұлпалық реттелу процестері, көбіне осы жолмен жүзеге асады. Қарапайым ағзалар тіршілігінде кең тараған функцияларындағы реттеу ролін зат алмасу барысында түзілетін жасушаішілік химиялық активаторлар деп аталатын химиялық заттар атқарады. Пайда болған  химиялық акиваторлар өзара жақын орналасқан бір жасушадан екіншісіне еркін таралып отырады. Эволюциялық дамудың барысында нерв жүйесі қалыптасты және көп жасушалы ағзалардың жекелеген мүшелерінің өзара үйлесімді қызмет атқаруында жетекшілік рольне ие болды. Дамудың ондай  кейінгі барысында нервтік элементтердің кейбіреулер биологиялық  активті заттар түзіп,  оларды сыртқа шығара алатын қасиетке ие болды. Нерв жасушаларының мұндай жүйелерін нейро секреторлық жасушалар деп атайды. Кейінен эндокриндік мүшелер немесе ішкі секреция бездері пайда болып, қалыптасады. Ішкі секрециялық бездерде түзілетін секреттер бірден қанға өтіп, өздері түзілген жерден алшақ орналасқан мүшелермен жүйелерге әсер етеді.

Сонымен функцияларды реттеу жүйесі эволюциясы мына бағытты дамыған: жасушаішілік химиялық заттар, нерв жасушалары, нейросекроторлық жасушалар, эндокриндік мүшелер. Омыртқалы жануарлар ағзасында жоғары да келтірілген реттеу механизмдері барлық түрі сақталған. Бірақ, ағзаның бір тұтастық қасиетін сақтап, оны қоршаған орта жағдайымен сәйкестендіруде жүйке жүйесі ерекше роль атқарады.

Эндокриндік мүшелерге секреторлық қасиет тән, олардың мөлшері үлкен болмайды, бірақ қанмен мейлінше мол жабдықталған. Безде қан тамырлары капиллярлар торын құрайды, сондықтан безде түзілген өнімдер бірден қанға өтіп отырады. Эндокриндік бездерге гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқансерік бездері, айрықша без, бүйрек үсті, ұйқы және жыныс бездері жатады.

Эндокриндік бездер қызмет ерекшеліктеріне қарай екі топқа бөлінеді: 1) Біріңғай эндокриндік қызмет атқаратын бездер. Оларға қалқанша, қалқансерік бездері, гипофиз, эпифиз, бүйрек сүті бездері, плацента мен айырша без жатады. 2) Аралас қызмет атқаратын бездер. Бұл топқа ұйқы безімен жыныс бездері жатады.

 Эндокриндік бездердің орналасу схемасы.

 шкі секрециялық қызметке кең мағыналы ұғым беріледі. Ішкі секрециямен гормон деген ұғымды мүшелердің, ұлпалармен жасушалардағы жүретін алмасу өнімдерімен шатастыруға болмайды. Мысалы, нағыз гормондарды алсақ, олар алыстан әсер етеді, яғни өздері түзілген жерден алшақ жатқан мүшелермен жүйелерге әсер ете алады. әсер етудің мұндай формасын телекриндік  реттеу   механизмі  деп  атайды.  Жекелеген   жасушаларда  түзіліп,  сол  жасушалардың  өзіне  ғана  әсер  ететін  активті заттар болады, оларды «жасушалық» гормон тобына жатқызады және олардың реттеушілік әсерін аутокриндік реттеу деп атайды.

Ал, гормондарға ұқсас біраз заттар жасушаларда түзіліп, көршілес жатқан жасушаларға қанға түспей ақ диффузия жолымен ұлпаларға жайылып, олардың қызметіне әсер ететін биоактивті  заттар   кездеседі, оларды  ұлпалық  гормондар   немесе   гистогормондар   дейді.  Осы сияқты  биологиялық   активті  заттар  түзілетін   жасушаларды  паракринді  жасушалар   деполардың   көршілес   жасушаларға   тигізетін  әсерін   паракриндік  реттеу  деп  атайды.  Бұған  ұлпалардың   қабыну  процестері  кезінде  түзілетін  простагландиндердің  қатысуымен   жүретін  реакцияларды  жатқызуға  болады.

Паракриндік  жасушаларда  түзілетін секреттер мен  нейрондарда  түзлетін  нейронмедиаторлар  арасында  айтарлықтай  айырмашылықтар болмайды. Сондықтан оларды  нейроэндокриндік  жасушалар  деп  те  атайды.  Бұл  эндокриндік  және  паракриндік   жасушалар арасындағы аса тығыз морфологиялық және физиологиялық байланыстарға негізделген.

Гормондық және гуморальдік реттеу механизмдері туралы түсініктерді өзара ажыратуға болады. Бірақ екеуінің арасында көптеген ұқсастықтар да бар. Гуморальдық реттеу механизмі организмде ертерек қалыптасқан. Ал, гормондар болса, тек жоғары сатыда дамыған жануарларда ғана кездеседі.

Эндокринді бездер функцияларының нейроэндокриндік (гипоталамустық)  жолмен  реттелуі.  Көптеген  анатомиялық-физиологиялық  зерттеулер   гипофиздің  қызметі  гипоталамусқа  тәуелді  екендігін  көрсетеді.  Гипофизбен  байланысты  эндокриндік  реакциялардың   көпшілігі  рефлекторлық  процестер  қатарына  жатады,  өйткені,  олардың  орталығы  гипоталамуста   орналасады,  эффекторлық  бөлімі- гормондық  табиғаты  басым  заттар- гормондар  болып  есептеледі.  Көптеген  морфологиялық   зерттеулер  гипоталамус  нейрондарының   аксондары  гипоталамус  пен  гипофиз  аралығындағы аралық дөңесте  үзілетінін  немесе  гипофиздің  артқы  бөлімінің  ішіне  барып  аяқталатынын  көрсетеді.  Бұл  аксондар  гормон  көп  түзілетін  алдыңғы  және  аралық  бөлімдерге  жетпейді.  Аденогипофизді  нервтендіретін симпатикалық  нерв  талшығы  ондағы  қан  тамырларының  қабырғасына  барып  аяқталады  да  вазомоторлық  қызмет  атқарады.  Гипоталамуста  түзілетін   нейрогуморальдық  факторлар  қан  арқылы  аденогипофиздің  троптық  функциясын  реттейді.  Осы  тәріздес  нейросекреторлық  процестер  алдындағы  гипоталамустың  ірі  жасушалы  ядроларында  да  байқалып,  бұлардан  нейрогипофиздің  пептиді  секреттері  бөлінетіні  анықталды.  Гипоталамустық  гуморальдық  реттеу  механизмдері  медиаторлық  принцип  жүйесімен  жүзеге  асырылады.

Эндокриндік реттеу.   Эндокриндік  реттеу  деп  бір  бездің  гормондарының  екінші бір бездердегі  гормондардың  түзілуі  мен шығарылуына  тигізетін  әсерін  айтады.  Ішкі  секреция  бездерінің   функциясын  реттеуде  гипофиздің  алдынғы  бөлімі  ерекше  роль атқарады.  Егер  гипофизді  хирургиялық  жолмен  алып  тастаса,  денедегі  көпшілік  бездер  гормондар  түзуін  тоқтатып,  солып  қалады.  Гипоталамустың  зақымдануы  да  осындай  өзгерістерге  әкеп  соғады.  Бұдан  гипофиздің  троптық  функциясының  гипоталамуста  түзілетін  пептидті  гормондарға  тәуелді  екендігін  көруге  болады.  Егер  гипофизі  алынып  тасталған  жануарға  гипофиздік троптық  гормондарын  енгізсе,  бездер  қызметі  бастапқы   қалпына  келеді.

Ішкі  секреция  бездерінің  қызметін  реттеуге  гипофизден  басқа  да біраз  жүйелер  жиынтығы  қатысады:  гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті  бездері  (КТ РФ АКТГ глюкокортикоидтар);  гипоталамус-гипофиз-жыныс  бездері  (ГТ-РФ,  ЛГ  және  ФСГ); гипоталамус-гипофиз-қалқанша  безі (ТТ-РФ –ТТГ-Т3 және Т4), жүйелері.  Аталған  жүйелердің  әрқайсысы  өз  алдына  біртұтас   функциональдық  қызмет  атқарады   және   екі  жақты  байланыс  арқылы   өздігінен  реттеліп  отырады . Бір жүйе  гипоталамустан  гипофизге  қарай  төмен  бағытталса  (тура),  екінші  жүйе  мүшелер  мен бездерден   басталып,  гипоталамусқа  қарай (кері),  жоғары  көтеріледі.  Гипоталамустың  клеткалары   сыртқы  сигналдарды мидың  афферентті  жолдары  арқылы  қабылдап,  оларды  жеке  -дара  талдайды.  Одан  әрі  олардың  қасиетін  өзгертіп,  пептидті  секреттер  түрінде  гипофизге  жібереді.  Бұл  гормондар  гипофиздің  алдынғы  бөлігінің  функциясын не жылдамдатады (либериндер),не тежейді (статиндер).

Гипоталамустық пептидті гормондардың әсерінен гипофиздің алдыңғы бөлігін пайда болатын биохимиялық өзгерістер тропты гормондар түрінде шетте орналасқан бездерге әсер етеді. Кері байланыстар гипофиз (қысқа жол) бен бездерден (ұзын жол) басталып гипоталамусқа барып аяқталуы мүмкін. Мысалы: жыныс және тиреоидты гормондар мен картикостероидтар кері байланыс заңдылығы арқылы гипофизбен гипоталамус функцияларына әсер ете алады.

Сонымен, гипоталамус біріншіден, сыртқы сигналдарды қабылдап, оларды жіктеп, қайта өңдеу арқылы өзгертіп сол түрінде байланыс жолымен ішкі секреция бездеріне бағыттаса, екіншіден, бездерден шыққан сигналдарды кері байланыс жолымен қабылдап оған тиісті жауаптар қайтарады.

Эндокриндік немесе гуморальдық реттеу. Гормондар қатарына жатпайтын кейбір метаболиттер эндокриндік бездер қызметін гуморальдық жолмен реттеу механизіміне қатысады. Реттеудің бұл түрі көпшілік жағдайларды, эндокриндік функциялардың өзін — өзі реттеу жүйесіне жатады, өйткені, метаболиттер гормондар бақылауында болатын алмасу поцестерінің деңгейі қарқыны туралы ақпарттарды гормон түзетін бездерге жеткізіп оларды үнемі ол жөнінде хабардар етіп отырады. Мысалы, глюкоза эндокриндік жасушалармен глюкорецепторлар арқылы әрекеттесіп, Лангерганс аралшықтарында инсулиннің, глюкагонның, хромофин ұлпаларында адреналиннің, аденогипофизде сомато және адренокортикотропты гормондардың түзілуіне секреция  қарқындылығына әсер етеді. Өз кезегінде, инсулин, глюкагон, адреналин, СТГ және АКТГ – көмірсу алмасуының немесе гликемия деңгейін реттеудің аса маңызды реттеуші факторлары ретінде жұмсалады. Ішкі секреция бездерінде бос күйіндегі май қышқылдары да осы тәрізді жолдармен әсер етеді. Белок алмасуын тежейді. СТГ мен инсулин гормонының секрециясы қандағы амин қышқылдары концентрациясына байланысты. Кальций алмасуын бақылайтын паратгормон мен кальцитониннің секрециялық деңгейі —  қандағы Са2+ концентрациясымен реттелсе, су алмасуын қатысатын АДГ түзілуі – қанның осмостық қысымының деңгейімен анықталады.

 Эндокриндік жүйелердегі тура және кері байланыстар механизмінің жалпы схемасы.

Эндокриндік бездер функциясын жасушааралық бақылауда басқа типтегі гормондық факторлар да көрнекті роль атқарады. Мұндай агенттерге көпшілік жағдайларда гормондық әсерлердің іске асырылуында функция атқаратын простагландиндер (ПГ) мен Са2+ жатқызуға болады. Простагландиндер гормондық қасиеті бар заттар тобына кіреді және олардың қазіргі кезде 15 түрі белгілі. Простагландиндер эндокриндік бездердің кейбіреулеріне гормондар түзілуі мен олардың секреторлық активтіліктеріне тікелей немесе жанама жолмен әсер етеді (гипофиз, бүйрекүсті, жыныс және қалқанша бездер). Нерв ұштарынан медиаторлар бөлінуін өзгерте отырып, синапстардан эфекторлы құрылымдарға нейрогуморальдық әсерлердің берілуін реттеуге қатысады деген болжамдар бар. Простагландиндердің жануарлар мен адамдардың репродуктивтік мүшелеріне тигізетін әсер күшті көрінеді. Егер буаз малдардың әр 100кг массасына 0,05мг ПГ енгізге бірнеше сағаттан кейін оларға туу актісі басталады.

Кальций да кейбір эндокриндік бездер функциясын реттейтін гуморальдық факторлар қатарына жатады. Кальций көптеген белокпепидті және стероидты гормондар мен катехоламиндердің секрециясын стимулдайды. Қорыта келгенде, эндокриндік процестердің өздігінен реттелу механизмдері метаболизмдік гомеостазды тұрақты деңгейге  ұстауға бағытталған.

1.2  Гормондар мен биологиялы активті заттардың химиялық құрылымы бойынша жіктелуі және олардың әсер ету жолдары мен механизмдері.

Адам ағзасында жасушалар, ұлпалар байланысын бір ағзаға жинақтайтын, оны қоршаған ортаға бейімдейтін нерв және гуморальды жүйелер. Нейрогуморальдік реттеу жүйесі бір – бірімен тығыз байланысқан. Нерв және гуморальды жүйе  бір – бірімен тығыз байланысын келесі мысалдар дәлелдейді:

  • биоэлектрлік процестердің табиғаты физико – химиялық иондардың трансмембраналық жылжуы;
  • нерв жасушадан келесі нерв жасушаға немесе атқарушы мүшеге қозу медиаторлар арқылы асуы;
  • нерв және гуморальды жүйенің тығыз байланысы гипоталамало – гипофизарлық деңгейінде айқын байқалады.

Орталық нерв жүйесінің ішкі секреция бездерінің қызметін реттеуі гипоталамус арқылы жүзеге асады. Гипоталамус афферентік жолдары арқылы орталық нерв жүйесінің басқа бөлімдерімен байланысқан, атап айтсақ: жұлын, сопақша ми, ортаңғы ми, таламус, базальдық түйіндер, ми қыртысының белгілі  аймақтары. Сондықтан гипоталамусқа бүкіл ағзадан ақпарат келеді, содан барлық ішкі секреция бездеріне жіберіледі.

Нерв импульстеер берілуге секундтық бір бөліктері ғана келеді. Сондықтанда нерв жүйесі арқылы ағзаны ағзаны ұзақ адаптивтік реакциялар арқылы қамтамасыз етіледі. Гуморальды реттеу факторларында гормондар, электролиттер, медиаторлар, кининдер, прогландиндер және одан да басқа метаболиттер жатады.

Ішкі секреция бездерінің қызметін симпатикалық және парасиматикалық нерв талшықтарының медиаторлары зор роль атқарады, сондықтан ішкі секреция бездерінің әрекеті екі жақты бақыланады. Бірақ, кейбір ішкі секреция бездерінің реттелуі гипофиздің қатыспауымен жүреді. Мысалы, қалқанша маңы  безі, ұйқы безі, тағы басқалар. Бұл бездердің қылзметі антогонист – гормондардың, метаболиттердің концентрациясының өзгеруімен реттеледі.

Гуморальды реттелудің басты формасы гормондар арқылы реттеу. «Гормон» деген атауды алғаш рет 1902 жала Старлинг пен Бейлис он екі елі ішек шығаратын зат – секретинді ашып қолданған. «Гормон» деген термин (грекше «hormon» — қоздырамын, қозғалтамын) мағына береді.

Гормондар жоғары активті заттар. Оны ішкі секреция бездері ағзаның ішкі ортасына бөліп шығарады. Эндокрин бездерінің секрет бөліп шығаратын түтіктері болмайды.

Эндокриндік бездеріне гипофиз, эпифиз, қалқанша безі, қалқанша маңы безі, бүйрек үсті бездері, тимус жатады.

Сыртқы секреция бездерінің ерекшелгі оларда  секреция бөліп шығаратын арнаулы түтіктері болады. Аралас секреция бездеріне жататындарға ұйқы безі, жыныс бездері.

Биологиялық активті заттарды бездерден басқа да органдар шығару мүмкін. Олардан атап айтсақ   бүйрек, ас қорыту тракты жүрек. Барлық бірдей арнайы жасушалар бөліп шығаратын заттар «гормондар» деген классикалық кретиндерге сай келмейді. Сондықтан да кейінгі кездері «гормон»  атауымен қосымша биологиялық активті заттар (БАЗ)  да қолданылып келеді. Ол заттар сол шығарылған жерде ғана әсер етеді. Мысалы: олардың БАЗ бірейлері шыққан жерінде ғана әсер етіп қан айналымына қатыспайды. Ондай секрет бөлетін жасушаларды паракрин жасушалары деп атайды.  Ондай секрет бөлетін жасушаларды паракрин жасушалар деп атайды. «Гормон» деген атаудың анық анықтамасын катехоламиндер – адреналин мен нормадреналиндерге қатысты. Оны бүйрек үсті бездерінің ми қабаты шығарғанда гормон деуге болады. Ал оларды симпатикалық нерв ұштары шығарғанда оны медиаторлар деп атайды. Гипоталамус реттеуші гормондар – нейропептидтер. Оған қоса жақында ашылған энкефалиндер мен эндорфиндер тек ғана гормондық емес медиаторлақта қызмет атқарады. Реттеуші гипоталамус пепидтері ми нервтерінен басқа ішектін ерекше жасушаларынан табылған. Ол нейрогензин, соматостатин, және тағы басқалар. Қазіргі біздің білуімізше олар неше түрлі мүшелер мен ұлпалар жасушаларында араласып диффуздық нейроэндокриндік жүйесіне жатады.

Гормондар мен биологиялық активті заттардың табиғаты әртүрлі. Гормондар құрылымының күрделілігіне байланысты олардың әсері де әртүрлі болады. Мысалы медиаторлар әсері секундтық бір бөлігіндей болса, петидтерде бірнеше сағатқа, ал стероидты гормондар мен иодтирониндер тәулікке дейін әсер етеді. Гормондардың химиялық құрылымдарын, физикалық- химиялық қасиеттерін талдау олардың әсер ету механизмін түсінуге әртүрлі сұйық ішінен бар – жоғын анықтауға көмектеседі.

Гормондар мен БАЗ – дың құрылымы бойынша жіктелуі:

  1. Амин қышқылы тектес:

Тирозин тектес: тироксин, триодтиронин, дофомин, адреналин, норадреналин;

Триптофан тектес: мелатонин, серотонин;

Гистидин тектес:  гистамин.

  1. Белок – пептид гормондар:

полипиптидтер: гликоген, кортикотропин, меланотропин, вазопрессин, окситоцин, қарын – ішек пептид гормондары:

жай белок – протеиндер: инсулин, соматотропин, пролактин, паратгормон, кальцитонин:

күрделі белоктар: гликопротеиндер, тиреотропин, фоллитропин, лютропин.

  1. Стероидгормондар:

кортикостероидтар: альдостерон, картизол, кортикостерон;

жыныс гормондары: андрогендер (тестостерон), эстрогендер мен прогестерон.

  1. Май қышқылдар тектес:

Арахидон қышқылы мен ол тектес: простогландиндер, простациклиндер, тромбоксондар, лейкотриндер.

  1. Гормон қашықтан (алыстан) әсер етеді, яғни олар өзінің жасалған жерінен қашық орналасқан ағзаларға әсер алады.
  2. Гормондар ағза қызметің гуморальды реттеуге аралық роль атқарады. Бұл реттеуде басты бағыттаушы рольді орталық жүйке жүйесі атқарады, ал ішкі сөлініс бездері көбінесе оның әсерін күшейте не әлсірете отырып, эфференттік (шекті) фегетативті және сомалық жүйелермен қатар қызмет жасайды.
  3. Гормондар арнайы әсер бар. Соған байланысты белгілі бар гормонның жетіспеушілін, екінші гормонмен немесе басқа биологиялық белсенді затпен алмастыруға болмайды.
  4. Барлық гормондар биологиялық белсенділігі жоғары болады. Мысалы, тироксинның 1:100 млн, адреналиннің 1: 100 млн сұйтылғанда да әсер етеді, ал 1 грамм инсулин 12500 қоянның қандағы қант деңгейін төмен түсіре алады.
  5. Гармондар өте тез, бірақ қысқа мерзімде әсер етеді. Олардың өте тез әсер етуі жасуша мембранасы арқылы тез өсуі біршама төмен молекулярлық салмағына байланысты. Ал әсердің қысқа мерзімді болуы олардың ұлпалық ферменттердің ықпалымен ыдырауына және денеден сұйрық арқылы жеңіл шығарылуына байланысты.
  6. Барлық гормондар тек ағзалардың қызметтеріне ғана емес, олардың құрылымдарына да әсер етеді, яғни оларда морфологиялық өзгерістер туғызуы мүмкін, кейде ағзалар ұлпаның өсуін күшейтіп, кейде тежейді. Гормондар зат алмасу қарқынында әрі РНК – сіне басқа нуклейн қышқылдарынң жасалуына әсер етеді. Эндокринді бездердің патологиясы кезінде  адамның бет — әлпеті соншалық өзеруі мүмкін, бұл өзгерістер негізінде тез диагноз қоюға болады – акромегалия, гигантизм т.б.
  7. Гормондар ферменттер қатарына жатпайды, яғни олар жасуша жоқ ортада жүретін химиялық процестерге арнайы әсер етпейді. Бірақ әртүрлі ферменттер арқылы химиялық реакциялардың жылдамдығына әсер ете алады.

Гормондардың әсер ету жолдары мен механизмі

Гормондардың әсер ету механизмі өте күрделі және биохимиялық  тұрғыдан  жан – жақты қарастырылған. Гормондар қан мен лимфа тамырларына еніп барлық ұлпаларға ағзаларға және бүкіл денеге әсер ете алады:

  • метаболиттік – зат алмасу процестерінінің барлық жағдайларына жиілігіне әсер етеді.
  • Морфогенетикалық – конформациялық құрылымдық процестерде ажырату (дифференциялық, ұлпаның өсуіне, өзгеріске, метафорфозға әсері).
  • Кинетикалық – қызмет орындаушы ағзалардың белсенділігіне және оларды қызметке қосуға немесе тежеуші факторларға әсері.
  • Коррекциялық-корегиялық ұлпалар мен ағзалар қызметінің қарқынын өзгертуге әсері (жоғарылату, төмендету, жылдамдату, бәсеңдету қозғалыстары).

Гормондардың әсер етуінің  негізгі  екі  механизмі  болады: біріншісі жасуша сырттан әсер етсе, екінші жағдайда ішінен әсер етеді.

Бірінші жағдайда рецепторлар жасуша мембранасына орналасады. Гормонның  рецепторлармен әсеріне байланысты мембрана ферменті  аденилатциклаза пайда болады. Осы фермент АТФ түзілуіне әсер етеді. Бұл АТФ гормон  эффектінің жасушалық іске асырушысы болып  табылады.

Екінші жағдайда жасуша рецепторлары цитоплазмада болады. Цитоплазмаға өтетін гормондар липофильді, сондықтан мембрана арқылы оңай өтеді. Гормон – рецепторлар комплекс жасуша ядросына еніп кетеді. Жасуша ядросына комплекс ыдырап кетеді де гормон ядро ДНК – сының белгілі бір бөліктерімен әсерлесу нәтижесінде ерекше матрица РНК – сы пайда болады. Матрица РНК ядродан шығып рибосомалардағы ақуыздың, не ақуыз ферментінің синтезіне жағдай жасайды. Стероидты гормондар мен тирозин тектес қалқанша без гормондары осылай қызмет жасайды.

Қазіргі кезде гормондардың әсер етунің бірнеше жолдары бар:

  1. Гормондардың ұлпалар мен ағзаларға тікелей әсері. Мұндай әсердің себебі гормондар мембрана арқылы жасушаға жеңіл өтеді, оған қоса жасуша мембраналарымен байланысқа түседі.

Мұнда:

а)  ферменттік жүйелерді белсендіру немесе бәсеңдету жолы, оның ішінде  цитоплазма ферменті. Бұны адреналин   мен гликогеннің  фосфорилазды жүйеге адинозинмонофосфат арқылы циклді әсері дәлелдейді.
б)  ядродағы генетикалық процестерді күшейту, мысалы: итбалықтың тез өзгерістеріне әсер ететін  тироксин РНК алмасуының және арнайы белоктарды жасауды күшейтеді.

  1. Гормондар ағзалардың қызметіне тікелей ғана әсер етіп қоймай олардың қантамырлары мен ұлпалардың әртүрлі хеморецепторларын тітіркендіре отырып, рефлекстік жолмен де әсер етеді.
  2. Гормондардың әсер етуінің үшінші жолы орталық жүйке жүйесі арқылы орындалуы. Гормондар бұл жүйке орталығын құрайтын нейрондардың кернеуін жоғарлату не төмендету арқылы  олардың қозғыштығын өзгертеді.
  3. Кейбір жағдайларда гормондардың шартты рефлекс әсерін байқауға болады.

Гормондар ағзада мынадай  қызмет атқарыды:

  1. Ұлпалар мен органдардың өсуін, дамуын және жіктелуін реттейді.
  2. Қоршаған ортаның өзгеруіне ағзалардың бейімделуін қамтамасыз етеді.
  3. Гомеостаздың қалыпты сақталуын қамтамасыз етеді.

Гормондардың қызметіне қарай жіктелуі:

  1. Тікелей органдарға әсер ететін эффектор гормондар.
  2. Гормондар синтез бен бөлінуін қамтамасыз ететін үшжақты гормондар.  Оны аденогипофиз бөліп шығарады.
  3. Аденогипофиз гормондары, негізінен үшжақты гормондар синтез бен бөлінуін қамтамасыз ететін рилизинг – гормондар. .

Гормондар инактивациясы немесе әсерлерінің тежелуі  негізінен бауырда жүреді.  Гормондардың бірқатары өзгеріссіз зәр арқылы шығып отырады. Бірқатар гормон әсерлері кейбір шыққан гормондардың антогонист эфефектісіне байланысты болады.

Антагонизм әруақытта салыстырмалы. Мысалы, инсулин мен адреаналин қандағы глюкоза деңгейіне қарама – қарсы әсер етеді. Инсулин гипогликемия жасаса,адреналин гипергликемия жасайды. Ол эффектілерінің мақсаты бір – ұлпалардың көмірсулық қорегін жақсарту.

Қорытынды

Ағзадағы барлық жасушалар,ұлпалар мен мүшелер бір-бірімен байланысып, олардың қызметі және сыртқы ортамен қарым – қатынасы жүйке және эндокринді жүйе жолымен реттелуі көрсетілген және эндокриндік бездерге жататын органдарының қызметі бойынша екі топқа бөлінуі анық сиатталған.

Ұйқы безінің анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері толық баяндалған, сонымен қатар паталогиясында мәлімет мол берілген.

Қант диабеті ауруының Оңтүстік  Қазақстан облысындағы аудандар мен  қалаларындағы кейінгі үш жылжың (200,2006,2007ж.ж) көрсеткіштері көрсетілген. Бұл аурудың себептері, белгілері және сақтану жолдары келтірілген.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

  1. Ж. Н. Нұрғалиев, С.Т Төлеуханов «Эндокриналогия»  Алматы 2002ж 40б
  1. Қ.С Рымжанов, И.М Төленбек «Адам және жануар физиологиясы»  Алматы 2000ж 96 бет
  1. Х.Қ Сәтбаева, Ж.Б Нілдібаева, Ө.А Өтепбергенов «Адам физиологиясы» Алматы 1995ж 89бет
  1. Жандар Керімбектің Ермаханы «Тәнтану адам анатомиясы»  Алматы 2004ж 43бет
  1. Бейбітова Г, «Қант диабетінен қалай емделеді» Астана хабары 2006ж7қазан 79бет.
  2. Бейбітова Б, Саджитова А «Қант диабетіне қарсы күресейік» Алматы ақшамы 2004ж
  1. Алшынбай Рақышов «Адам анатомиясы» Алматы 1995ж 5 бет
  2. Дюсембин. Қ «Жасқа сай физиология және мекеп гигиенасы» Алматы 2003ж 32 бет
  3. Нұрғалиев, Жұмаш «Эндокриндік жүйелер физиологиясы» Алматы 2000ж 56б
  4. Несіпбаев Төлеутай «Адам және жануарлар физиологиясы» Алматы 2005ж 131б
  5. Төленбек Исатай «Адам мен жануарлар физиологиясы» І бөлім Алматы 2002ж 142б
Басқа да материалдар Мұғалімдерге Ашық сабақтар Сабақ Жспарлары Оқушыларға Рефераттар ҰБТ Шығармалар СӨЖ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ