Ұялы телефонның зияны мен пайдасы

0
9763
Гомотетия және оның қасиеттері

Тақырыбы: «Ұялы телефонның зияны мен пайдасы»

Мақсаты: Ұялы телефондарды пайдалану туралы ой-пікірлерді білу, ұялы телефонның денсаулыққа әсерін түсіндіру. Баланың денсаулығына өз жауапкершілігі туралы ой салу, ұялы телефонмен сөйлесу әдебіне дағдыландыру.Ұялы телефонды оңтайлы пайдалануға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Слайд, кейіпкер: Алдар көсе, телефон.

Барысы:

Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме, балалар! «Ұялы телефонның зияны мен пайдасы» тақырыбы аясында ұйымдастырылған танымдық сағатымызды бастаймыз.

Ортағы көңілді әуенмен Алдар көсе келеді, қолында телефон бар.

Алдар көсе: Сәлем достар, мен кіммін.

Балалар: Сәлеметсіз бе, Алдар көсе!

Алдар көсе: Дәл таптыңдар, Достар ғайыптан сендердің әлемдеріңе келіп, мынадай әйнек ыдыс тауып алдым. Осының сырын білмек болып сендерге келдім. Маған көмектесіңдерші.

Тәрбиеші: Әрине, Алдар көсе көмектесуге әзірміз. Қанекей бәріміз экранға назар аударайық

Видеоролик: «Фиксики, ұялы телефон»

Тәрбиеші: Мінекей, Алдар көсе сенің қолыңдағы қазіргі біздің қолданып жүрген құралымыз – Ұялы телефон. (Слаид арқылы)………..

Ұялы телефонның шығу тарихы…

· 1875 жылдың 2 маусымында Бостон университетінің Шешендік өнер мектебінің профессоры Грехем Белл ең алғаш рет байланыстырушы сымдардың көмегімен өз көмекшісінің даусын естиді. Өнертапқыш шотландтықтың бұл жаңалығы тарих бетінде телефон деген атпен қалды. Бір қызығы, өнертапқыштың есімі ағылшын тілінен аударғанда, «қоңырау» деген мағына береді.

• Арада бір ғасырға жуық уақыт өткенде ең алғашқы ұялы телефондар пайда болды. Иллинойс технологиялық институтының түлегі Мартин Купердің өнертапқыштық бұл жаңалығын қазір әлем халқының жартысына жуығы күнделікті қолданып отыр

• Ұялы телефонмен жасалған алғашқы нағыз байланыстың тарихы 1973 жылдың 3 сәуірінен басталады. Ұялы байланыс компаниясының қызметкері Мартин Купердің зерттеулер бөлімінің басшысы Белл Лабзға Нью-Йорк көшелерінде серуендеп жүріп соққан қоңырауы ұялы телефонмен алғашқы байланыс орнату саналады. Купердің өзі таратқыштан сигнал жіберу хаттамасының негізгі құрастырушысы еді. Ал ол қолданған телефонның салмағы, яғни ең алғашқы ұялы телефон 1,15 килограмм тартатын.

Ұялы телефон қазіргі заманда адамның ажырамас көмекшісіне айналды.

Ұялы телефон Түрлері • Жай ұялы телефон/смартфон

• Ұялы бейнетелефон Пішініне қарай: моноблокты, жайылмалы, сырмалы, т.б.

• Жай ұялы телефонда қоңырау шалу/қабылдау, SMS, соңғы кездері фото/бейнекамера, саз, флеш-жад, Интернет, MMS, Bluetooth, IrDA деген сияқты функциялары бар. Бұл қатар уақыт өткен сайын көбейіп барады. • Смартфон (ағылш. smart — білімді, ақылыды) құрылымы жағынан компьютерге ұқсас болып келеді. Оның ішіндегі функциялар бағдарлама ретінде жасалынған, ал олар смартфонның амалдық жүйесінде істейді. Мұнымен қатар өз бағдарламаларыңызды қосуға болады. Мысалы ойындар, ойнатқыш,шолғыш т.с.с. Сол себепті смартфон жай ұялы телефонға қарағанда күрделі, функциялары кеңейтілетін құрылғы.

Тәрбиеші: Балалар айта қойыңдаршы, қазір ұялы телефон бәріміздің үйімізде бар солай емес пе? Барлығымызда болмаса да көпшілігімізде бар. Ал сол сендер ұялы телефонды дұрыс қолдану жолдарын білесіңдер ме?

Олай болса, «Балдырған» ересек тобы ұялы телефонмен сөйлесу әдебін рөлге бөліп орындап береді.

1-диалог: «Үлкендермен сөйлесу әдебі»

-Алло! Сәлеметсіз бе апай!?

-Сәлеметсіз бе, бұл кім?

-Апай мен Айзарамынғой. Жанатты телефонға шықырып жібересіз бе?

-Өкінішке орай, Жанат үйде жоқ.

2-диалог: «Бала мен баланың арасындағы сөйлесу әдебі»

-Алло, сәлем Мұстафа!

-Алло, сәлем Рамил!

-Әпкеңді шақырып жіберші?

-Қазір шақырамын!

Ұялы телефонның зияны

1. Ұялы телефонның қосылып тұрғандағы сәулелендіру деңгейі есту, көру, мидың кейбір бөліктеріне кері әсерін тигізеді.

2.Ғалымдар зерттеп, қызықты қорытынды жасады; 10 жылдан астам уақыт ұялы телефонды үзбей пайладанған адамның миына зиянды заттарды енгізбейтін сүзгіштің қабырғалары бітеледі. Болашақта адамды мидың қатерлі ісігіне шалдықтыруы мүмкін.

3. Еуропаның электронды ғылыми зерттеу институты жүргізген көрсеткіші, телефон арқылы сәуле қабылдау гемоглобин талшықтары кеңейіп кетті.

4. Телефонға тым әуес адам бүйрегінде тас байлануына, жүрек қан тамырлары ауруына әкеледі. Дәлелдеу үшін, қан айналымын зерттеп, 60 сағат аралығында сәулелендіру жұмыстары жүргізілді.

5. Зерттеу кем дегенде он жыл бойы телефон қолданған адамдарда ми обырының жиілігі арттыратындығын көрсеткен.

6. Швеция ұялы телефонға аллергияның болу ресми мойындаған мемлекет. Егер бойыңызда осы аталған аурулар мен сырқаттар байқалса, швед өкіметінен өтемақы ретінде ақшалай талап ету құқыңыз бар.

7. Күнделікті тұрмыста көптеген адамдардың хат, электронды хабарлама, телефон қоңырауы келмесе, тағатсызданатынын байқаған. Әр жарты сағатта шырылдамаса, қарағыштап, қуатын тексеріп, алаңдап отыратынын зерттеген. Хат, қоңырау шалу, ғаламторда ұялы телефонмен ену, жолдаумен әуреге түсетін адамдардың қабілеті төмендейтінін зерттеді. Ғалымдар бұны «Ақпарат Құмарлығы» деп атады.

Сергіту жаттығуы: «Тоқтама, алға самға!» (әуенге лесіп билеу)

Ұялы телофондардың артықшылығы

— Әр адам және кез келген уақытында пайдалана алады. Яғни, әр түрлі жағдайда адаммен хабарласа алады. Екіншіден, ол өте кішігірім болып келгендіктен, күнделікті өмір де өзінізбен ұстай аласыз.

Жүргізуші: Енді, ортаға танымдық сағатқа қатысып отырған ересек топтардың да ой-пікірлерін тыңдасақ. Өздерінің дайындап келген ұялы телефон маркаларымен таныстырып өтсін және жаттап келген телефон туралы тақпақтарын тыңдайық

1. Ақбота тобы: Samsung маркасы;

2. Айналайын тобы: Iphone маркасы;

3. Күншуақ тобы: LG маркасы;

4. Ақниет тобы: Huawei маркасы.

Логикалық ойын: «Маша мен аю»

Шарты: телефоннан Маша мен аю пазл құрастырады.

Қорытынды:

Ұялы байланыс тақырыпқа енісімен,

Таныстық біз байланыс желісімен

Меңгерумен желілердің қыр сырларын

Анықтадық пайдасын зиянымен

Зерттеуменен байланыс тораптарын

Стандарты мен негізгі бағыттарын

Түрлері мен қолданыс аяларын

Таныстырып танымдық сағатымызды аяқтаймын.

(ересек топ бүлдіршіндерімен өткізілген танымдық сағат)

Валиуллиева Гулден Сабитовна
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы
№34 «Балбұлақ» бөбекжайының тәрбиешісі


ПІКІР ҚАЛДЫРУ