Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы

0
2632
Гомотетия және оның қасиеттері

Тақырыбы: «Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы»

Мақсаты: Балаларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге, Отанын жақсы көруге, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ҚР картасы, рәміздер, Елорда туралы суреттер.

Қанатты сөзі:

Отан отбасынан басталады.

Туған жер алтын бесік.

Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелеу, өлең жолдарын қайталату, көрсету.

Сабақтың барысы: Сабақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталады. Балалар орнынан тұрып әнұран айтады.

Сабақтың барысы: Сабақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталады (балалар орындарынан тұрып Әнұранды айтады).

– Біздің Республикамыз Қазақстан деп аталады. Біздің еліміз – тәуелсіз мемлекет. Яғни, біздің еліміз тәуелсіз болғандықтан, өз мемлекеттік әнұраны, елтаңбасы және өзінің мемлекеттік туы бар. Біздің ұлттық тіліміз – қазақ тілі. Республикамыздың Елбасы – Н.Назарбаев. ҚР Президенті – Қ.Тоқаев.

Балалар, мынау біздің Туымыз. ҚР Мемлекеттік Туы – көгілдір түсті, тікбұрышты. Тудың ортасында күн, астында қыран құс бейнеленген. Ал сол жақ шетінде ұлттық оюлармен өрнектелген.

Ал мына суретте біздің ҚР Мемлекеттік Елтаңбамыз. Елтаңбаның ортасында шаңырақ бейнеленген. Ол – Елтаңбаның жүрегі. Шаңырақ – Күн шеңбері. Айналған күн шеңберінің қозғалыстағы суреті іспетті. Тұлпар – дала дүлділі, ер-азаматтың сәйгүлігі, желдей ескен жүйрік аты, жеңіске деген жасымас жігердің, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсіздікке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесі.

Балалардың жаттаған Тәуелсіздік туралы өлеңдерін айтады.

Тимур:

Көк аспанда нұрлы күн,

Күлімдейді далама.

Бақыт тілеп тұр бүгін,

Барша қауым балаға.

Элина:

Желбірейді шалықтап,

Қазақстан жалауы.

Көкке қыран қалықтап,

Қанат қағып барады.

Қазына:

Көк аспанда күн күлсін,

Бірге күлсін бүлдіршін.

Ұл қолында ту жүрсін,

Қыз қолында гүл жүрсін.

Данияр:

Ұлттық өрнек мұрамыз,

Адастырмас мұраттай.

Нық көтеріп тұрамыз,

Жалауды біз құлатпай.

Мирас:

Бір шаңырақ астында,

Тату-тәтті тұрамыз.

Бірге ішеміз асты да,

Бірге сайран құрамыз.

Айсұлтан:

Есте белгі ұрандар,

Сары алтындай сақталған.

Күн шұғыла қыранда,

Алтын түске қапталған.

Ерқыран:

Сол жағында матаның,

Сары түсті жолақ бар.

Мұратындай атамның,

Әсем өрнек ол ұлттық.

Гүлбахар:

Астанда оның қалықтаған,

Қыран құстың бейнесі.

Азат елдің шалқыған,

Көңілі деп білерсің.

Аяна:

Бабам тұлпар жаратты,

Құлынында танып-ақ.

Тұлпар барда қанатты,

Шайқалмайды шаңырақ.

Сәрсен:

Туған жер – алтын бесік,

Отансыз адам, ормансыз бұлбұл.

Отан отбасынан басталады,

Менің Отаным – Қазақстан.

Нұрәділ:

Тәуелсіздік көркі ол да,

Өркениет төрінде.

Нұр төгеді Елтаңба,

Ақ Орданың төрінде.

Ұлара:

Аспан түстес көгілдір,

Тік бұрышты матаның.

Ортасында төгіп тұр,

Күн жаяды шапағын.

Дамир:

Туған жер алтын бесік,

Отанымды сүйемін.

Жыртқыш інсіз болмайды,

Отансыз жан оңбайды.

Альфия:

Қазақстан туған өлкем,

Жер көп пе сендей көркем!

Көрсін деп күллі әлемге,

Жалауыңды желбіретем.

Дарын:

Достықты үлгі санаған,

Бір үйде біз тұрамыз.

Қалған ата-бабадан,

Бірлік асыл мұрамыз.

Абылай:

Желбірейді шалықтап,

Қазақстан жалауы.

Көкке қыран қалықтап,

Қанат қағып барады.

Байасыл:

Бейнелеп сан ғасырды,

Елтаңбасы елімнің.

Таратады хас үлгі,

Киесіндей жерімнің.

Қазақстанды болашақта гүлдендіреміз дей отырып, балалар қолдарындағы гүлдерін Қазақстанның картасына қыстырады.

Еліміздің келешек тағдыры, Қазақстанның ертеңі өз қолдарыңызда. Туған елдеріңді өркениетті мемлекеттермен терезесі тең, керегесі кең ететін сендер. Ол үшін терең әрі жан-жақты білімді болу – міндеттерің.

«Тәуелсіздік тірегім» демекші, балалар, бүгінгі сабақта айтылғандарды өнеге етіп, елді, жерді сүюді, қадірлеуді өмірлік мақсат етейік деп сабақты аяқтайды.

e2beb1c2-b4ef-4f39-9827-d9daf3a2f5d6

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Шелек ауылындағы «Келешек» бөбекжай балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Ортаңғы «Тайбурыл» тобы

Тәрбиешілер: Әбдіғаниева Т


ПІКІР ҚАЛДЫРУ