Сіріңкемен ойнама, өрт болады

0
1854
Гомотетия және оның қасиеттері

Тақырыбы: Сіріңкемен ойнама, өрт болады

Мақсаты: Балаларды өрттен сақтаудың қарапайым қағидаларын білуге үйрету. Логикалық қабілеттерін арттыру. Өзін және өзге адамдар өмірін қорғауға құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Суреттер, Маша мен аю, қоян, өрт атрибуттары.

Әдіс-тәсілдері: Әңгімелесу, сұрақ-жауап көрсету.

Барысы: Шаттық шеңбері:

«Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз.

Арайланған күндейміз

Барлығымыз бірдейміз.

Сабаққа қонаққа Маша мен аю келді. Олар өздерінің көріністерімен келіпті. Қане тамашалайық.

Аю: Маша сен үйде отыр, мен орманнан бал әкелемін, – деп кетті. – Сіріңкеге тиме, газды ашушы болса, ток көздеріне тиіспе, – деді.

Маша: Жарайды, – деп қалды.

Бір уақытта Маша сіріңке жағып ойнайды. Үйде өрт шықты. Мұны байқаған қоян 101-ге хабарласты. Өрт рөліндегі балалар Машаны қоршап алды. Маша өрттен шыға алмай қорықты. Өрт сөндірушңлер келіп, Машаны құтқарды. маша қателігін түсініп, сіріңкемен ойнамауға аюға уәде берді.

Дидактикалық ойын:

Жарайды жарамайды

Сіріңке жақпау сіріңкені жағу

Токты ұстамау газбен ойнау

Отпен ойнамау

Қимыл ойын: От, су, жел. От жанады. Су ағады. Жел соғады.

Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

1c3bd514-606f-4f6c-9c0e-1fb66f5e0df1

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Шелек ауылындағы «Келешек» бөбекжай балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Ортаңғы «Тайбурыл» тобы

Тәрбиеші: А.Катепова

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ