Экономикалық өсудің типтері, тиімділігі мен сапасы

0
3778
Ұлттық қолөнер - эстетикалық тәрбиенің негізі

Мазмұны

  1. Бөлім. Кіріспе
  2. Бөлім. Экономикалық өсудің типтері, тиімділігі мен сапасы.

2.1. Экономикалық өсудің факторлары мен мақсаттары

2.2. Экономикалық өсудің стадиялары туралы теориялар

2.3. Қазақстан экономикасының өсу динамикасы

  1. Бөлім. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

  1. Кіріспе

Батыс елдеріндегі қалыптасқан экономикалық жүйе шеңберінде

экономикалық өсу мәселесі жетекші нақтылы мақсат болып саналады.

Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі: бұл жыл сайынғы өндіріс көлемінің сандық әрі сапалық артуы. Яғни, экономикалық өсу деп, өндіргіш күштердің ұзақ мерзімдік дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімді өзгерістерін атайды.

Басқаша айтқанда, ЖҰӨ-нің нақты көлемінің өсу қарқынымен өлшенетін немесе осы көрсеткіштің жан басына шаққандағы өсуінің қарқынымен өлшенетін қағидат кең тараған.

Экономикалық өсудің мәні-экономиканың негізгі қайшылығын жаңа дәрежеде шешу және ұдайы өндіру б.т: өндірістік ресурстардың шектелуі мен қоғамдық қажеттердің шексіз болуының арасындағы осы қайшылықты шешудің негізгі екі түрі бар:

Біріншіден, өндірістік мүмкіндіктерді көбейту арқылы.

Екіншіден, бар болған өндірістік мүмкіндіктерді пайдалану тиімділігн жоғарылату және қоғамдық қажеттіктерді дамыту арқылы.

Бірақ осымен процесс бітпейді: дамудың әрбір жаңа кезеңінде өндірістік мүмкіндіктердің молаюымен байланысты қоғамдық қажеттердің барлығы қамтамасыз етілмейді. Қоғамдық қажеттіктер, оларды қамтамасыз ететін өнімдердің өндірісін осы елдің өндірушілері немесе импорт жасалған өнімдердің жеткізушілері игергеннен кейін пайда болады. Бірақ осыған қарамастан, қоғамдық қажеттіктер өндірістік ресурстарға қарағанда біріншілік, жетекші болып табылады. Өйткені, пайда болған қажеттілік бірте-бірте жаппайлыққа айналады, ал бұл жағдай өндірістің үздіксіз дамуын талап етеді.

  1. Экономикалық өсудің типтері, тиімділігі мен сапасы.

Экономикалық өсудің негізгі екі типі бар: экстенсивтік және интенсивтік.

Экономикалық өсудің экстенсивтік типінде, материалдық игіліктер мен қызметтер көлемінің молаюы ұсыныстың тікелей факторларының көпшілін қолдану арқылы жүреді: жұмыскердерді, еңбек құралдарын, жерді, шикізатты, отын-қуат ресурстарын және т.б. Экстенсивтік өсуде өндірістің нақты көлемінің өсу қарқыны мен оны жасауға жұмсалған жиынтық шығындардың өсу қарқынының арасындағы пропорциялары тұрақты болып саналады.

Экономикалық өсудің интенсивтік типі керісінше сипатталады — өндірістің кеңеюі өсудің тікелей факторлары сапасының жетілдірілуі арқылы жүзеге асырылады: прогресивтік технологияларды қолдану, жоғары квалификациясы мен жоғары еңбек өнімділігі бар жұмысшы күшін пайдалану арқылы және т.б. Осы жағдайда өндірістің нақты көлемінің өсу қарқыны нақты жиынтық шығындардың өзгеру қарқынынан артық болып отырады.

Экономикалық өсудің тиімділігі көпсалалы «өндірістің тиімділігі» деген түсінікті құратын жағдайлардың барлығының жақсартылуы. Осыған жататындар:

  • тауарлар мен қызметтердің сапасының жақсаруы, олардың отандық және әлемдік нарықта бәсекелік қабілетінің жоғарылауы;
  • бұрын қанағаттандырылмаған қажеттерді қамтуға мүмкіндік беретін, немесе оларды тым жақсы қамтуға мүмкіндік әкелетін жаңа тауарлар өндірісін игеру;
  • халықаралық еңбек бөлінісі жүйесіндегі елдің территориялық артықшылығымен есептесе отырып, өндірістің мамандану мен кооперациялануын жетілдіру;
  • басқару шеберлігін жоғарылату арқылы және фирманың ішіндегі еңбек өнімділігін ынталандыру үшін тиімді мотивация қолдану арқылы, «Х-тиімді еместігін» жою;
  • өндірістік ресурстардың салалық және елдің аймақтары бойынша аллокациясын жақсарту;
  • жаңа технологиялар игеру.

Экономикалық өсудің сапасы оның әлеуметтік бағытталуының күшеюімен байланыстырылады. Экономикалық өсудің сапасын құрушылар:

  • халықтың материалдық әл-ауқатының жақсаруы;
  • адамның гармониялық даму негізі деп қаралатын бос уақыттың көбеюі;
  • әлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму дәрежесінің жоғарылауы;
  • адам капиталына инвестицияны өсіру;
  • адамдардың еңбек және өмір жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • жұмыссыздар мен жұмысқа қабілеті жоқтарды әлеуметтік қорғау;
  • еңбек нарығында ұсыныс көлемінің өсуі жағдайында жұмыспен толық қамтуды қолдау.

2.1. Экономикалық өсудің факторлары мен мақсаттары

Экономикалық өсудің факторлары деп өндірістің нақты көлемінің көбею масштабын белгілейтін құбылыстар мен процесстер белгілейтін өсудің тиімділігі мен сапасының жоғарылау мүмкіндіктерін атайды.

Факторларды экономикалық өсуге әсер етуіне байланысты тікелей және жанама деп бөлінеді. Тікелей факторларға экономикалық өсудің физикалық мүмкіндігін белгілецтіндер жатады. Жанамаға осы мүмкіндіктерді ақиқатқа айналдыратын факторлар жатады.

Тікелейді 5 негізгі факторлар құрайды, олар жиынтық өндіріс пен ұсыныстың динамикасын тікелей белгілейді:

  1. еңбек ресурстары санының көбеюі және сапасының жоғарылауы;
  2. негізгі капитал көлемінің өсуі және сапалық құрамының жақсаруы;
  3. өндіріс технологиясы мен ұйымдастырылуының жетілдірілуі;
  4. шаруашылық айналымына тартылған өндіріс ресурстарының саны мен сапасының өсуі;
  5. қоғамдағы кәсіпкерлік қабілеттердің өсуі.

Жанамалар құрамына мынадай ұсыныс факторлары жатады: нарықтың монополиялану дәрежесінің төмендеуі, пайдаға салынатын салықтың азаюы, несие алу мүмкіндіктерінің көбеюі және т.б. Жанамаларға сұраныс пен бөлу факторлары да жатады.

Сұраныс факторлары өсіп келе жатқан өндіріс көлемінің өткізу мүмкіндігін белгілейді. Сұраныс факторларының маңыздылары; тұтынушылық, инвестициялық және мемлекеттік шығындардың өсуі, жаңа нарықтар игеру нәтижесінде немесе әлемдік нарықта ел өнімінің бәсекелік қабілетінің өсуі нәтижесінде экспорттың кеңеюі.

Егер сұраныстың динамикасы нақты өндіріс көлемінің табиғи дәрежесінің ұлғаюынан төмен болса, онда экономикада өсу шапшаңдығының құлдырауы немесе өсудің рецессиясы деген жағдай орын алады.

Экономикалық өсуге әсер ететін бөлу факторлары:

  • өндірістік ресурстардың салалар, кәсіпорындар және елдегі аймақтар бойынша нақты аллокациясы;
  • қоғамда орын алып отырған табыстарды шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында бөлу тәртібі.

Бұл факторлар экономикалық жүйенің өсу қабілетіне және оның тиімділігіне әсер етеді.

Мақсаттардың иерархиялық бағыныштылығын «мақсаттар пирамидасы» деген ұғыммен атау қабылданған. Экономикада, әдетте, маңызды төрт мәселені атайды:

  1. Экономикалық өсу
  2. Жұмыспен толық қамту
  3. Баға деңгейінің тұрақтылығы және ұлттық валютаның орнықтылығы
  4. Сыртқы экономикалық тепе-теңдік

Ұсынылып отырған схема сырттай осындай құрылымды көрсетеді: оның негізгі мақсаты молшылықпен байланысты және оны нақты цифрлармен белгілеу мүмкін емес, ол белгілі бір нақтылы тапсырмалар қатарына бөлшектенеді. Алайда, экономикалық саясатты жүзеге асыру барысында осынау нақты тәсілдердің жиынтығынан үйлесімді жүйе тудыру өте қиын. Бұл екі түрлі жағдаймен байланысты.

Біріншіден, нақты міндеттің тұжырымдалуынның өзі белгілі бір қиындықтардың элементтерін көрсетеді. Қоғамның әр түрлі топтарында, көбінесе, мақсаттар туралы әр қилы түсініктер болады. Екіншіден, іс жүзіндегі реттеудің жүзеге асуы мынаны көрсетеді: бір мақсатты орындау, екіншісінің орындалуын тежейді немесе тіпті, жалпы оған жету мүмкін де болмайды. Бір қатар нақтылы мақсаттарды жүзеге асыру үшін, оларды қисындарын қалыптастыра отырып, экономиктер оны «мақсаттардың дуалы көпбұрышы» деп атаған.

2.2. Экономикалық өсудің стадиялары туралы теориялар

Формациялық теория. Бұл теорияны жете зерттеп дүниеге әкелген К.Маркс және оның ізбасарлары. Осы теорияның мәні: дамудың белгілі кезеңіндегі өндіргіш күштер және қоғамның өндірістік қатынастары бірлікте болады және бір-біріне әсер етеді. Осы бірлік «өндіріс тәсілі» деген түсінікпен сипатталады.өндірістік қатынастар саяси үкімет институттарының, қоғамда үстемдік ететін мораль мен теологияның, ұлттық, отбасылық және басқа да қоғамдық қатынастарды ұйымдастыру принциптерінің базисі болып табылады. Осы қатынастар мен институттар бірігіп «қондырма» деген түсінікті құрады.

Өндіріс тәсілі қондырмамен бірігіп қоғамдық-экономикалық формацияны құрады. Осылардың К.Маркс бесеуін бөліп атайды:

  • алғашқы қауымдық;
  • құл иеленушілік;
  • феодалдық;
  • капиталистік;
  • коммунистік формация.

У.Ростоу бойынша, тарихи эволюцияны стадияларға бөлудің негізінде үш негізгі жалпылама сипаттаманың – техника даму дәрежесінің, экономикалық өсу қарқынының қорлану нормасының, тұтыну дәрежесінің арасындағы негізгі айырмашылықтары жатады. Осы сипаттамалардың сапалық айырмашылығына сәйкес, У.Ростоу экономикалық даму стадияларының бесеуін атайды.

1. Дәстүрлі, немесе таптық қоғам. Ғылым мен техниканың төмен дамығаны, экономикадағы ауыл шаруашылығының үстемдігі, қоғамның топтарға бөлінуі, экономикада статикалық тепе-теңдіктің орын алуы, қорланудың төмен нормасы, ҒТП-ке өндірушілердің икемдігінің болмауы және халықтың санының жоғары қарқынымен өсуі – осының барлығы дәстүрлі қоғамға тән болады. Экономикалық өсу қарқынының төмендеуі мен халық санының тез өсуінің ұштасуы жан басына келетін нақты табыстарды төмендетеді. Осы негативтік тенденция бірте-бірте халықтың саны мен табыстар дәрежесін тұрақтандырады.

2. Дамудың екпінді болуына жағдай жасау стадиясы. Бұл стадияда өндірістің тиімділігі мен экономиканың өсу қарқыны бірте-бірте жоғарылау үшін шарттар жасалады.

3. Екпін алу стадиясы. Ұлттық табыста қорлану нормасының өсуі, ҒТП жетістіктерін пайдалануға мүмкіндік тудыру және дамуға үкімет институтттарының, әдет-ғұрыптардың жасайтын кедергілерін жою.

4. Кемелдену бағытына шығу. Экономикалық өсудің қарқыны өседі. өндіріс көлемінің өсуі халық санының өсуінен түседі.

5. Жаппай жоғары тұтыну қоғамы. Осы стадияда өндіріс көлеміне шектелген ресурстар кедергі келтіреді деген уайым жоғалады. Керісінше, сұраныс пен экология тарапынан шектелу туа бастағаны өсе түседі, ұзақ мерзімде пайдаланылатын тауарлар мен қызметтердің маңызы күшейеді.

    1. Қазақстан экономикасының өсу динамикасы

Еліміздің экономикасының қазіргі кезеңде тұрақты ұзақ мерзімдік өсуді қамтамасыз ету мәселесі Стратегиялық басымдықтардың маңыздысы болып табылады. Бұл мәселені қарастыру үшін, ең алдымен ағымдық жағдайды дұрыс бағалау қажет. Қазақстан 90-шы жылдардың басынан экономикалық өсудің дағдарысы мен экономикада құрылымдық ілгерілеушілікті бастан өткерді. Отандық экономиканың реформалану үрдісінің өтуіне айтарлықтай ықпал көрсеткен дағдарыстың басқа түрлері бойынша да мәліметтер келтірілуде.

Экономикалық өсудің дағдарысы деп әлемдік практикада ІЖӨ-нің жалғасқан үш жыл бойында 9 %-ға төмендеуі алынады.

Қазақстан Республикасында экономикалық өсудің жаңа сапасының қалыптасуы қоғамдағы іскерлік белсенділікті жандандыруды көздейтін, нарықтық реформалар жүргізуде жүзеге асырылатын глобалдық өзгерістердің орындалуымен тығыз байланысты.

Қазақстанның экономикалық жетістіктерінің және де Қазақстандағы басқа да тарихи өзгерістердің, табыстардың негіздері мен себептерін қарастыруда 1997 ж. қабылданған Қазақстан-2030 Стратегиясының маңыздылығын баса көрсету керек. Өйткені бұл маңызды бағдарлама ел жағдайының ең бір қиын тұсында қабылданып, халықты алдағы күнге деген сенімге үндеген, елдің ұзақ мерзімдік даму траекториясын белгілеген және соған сәйкес нақты жоспарлар құрып, оны орындау жөніндегі шамшырағымыз болды деуімізге толық негіз бар.

  1. Қорытынды

Сонымен қорыта келе, экономикалық өсу деп халықтың санының өсу шапшаңдығынан нақты ұлттық табыстың өсу шапшаңдығының артық болуына әкелетін, ұлттық экономиканың дамуы деп түсініледі.

Экономикалық өсуді өндірістің нақты көлемінің өсуі шапшаңдығы жағынан қарағанда, әдетте экономикада күрделі құрылымдық немесе институционалдық өзгерістер орын алмайды деп тұжырымдалады. Өндірістің құрылымы мен институционалдық орта қалыптасып болған және өзгерістер жоқ, тұрақты деп есептеледі.

Дамудың осындай сипаты, тұтастық қасиеттері бар және сыртқы ортамен үйлесімді өзара әсер ететін экономикалық жүйелерге тән болады. Ұзақ мерзімді уақыт деп әдетте негізгі капиталдың өмірлік циклына тең уақыт түсініледі. Осындай тұжырым экономикалық өсудің неокейнстік және неоклассикалық теорияларына тән болады.

Басқаша тұжырым экономикалық даму, ұдайы өндірістік, индустриалдық және постиндустриалдық теорияларда қолданылады. Бұл теориялар «тым ұзақ» мерзімдегі экономикалық динамиканың мәселелерін зерттеп, талдайды. Осы мерзімде үкіметтің негізгі институттары, басқару, инфрақұрылым объекттері, экономикадағы құрылымдық өзара байланыстар және оның сыртқы ортамен байланысты – осылардың барлығы өзгеріске ұшырайды.

Тым ұзақ мрезімді экономикалық өсуді зерттеудің екі негізгі ерекшеліктері болады:

  1. Экономикалық өсу экономикалық дамуының құрамды элементі деп есептеледі. Ол, бір жақтан, дамудың циклдық сипатына дем береді, екінші жағынан, өзі құлдырау мен депрессияныңкезінде дайындалған өзгерістердің нәтижесі болып табылады. Сондықтан негізгі назар экономикалық өсуге емес, экономикадағы глобалдық өзгерістерге, осылардың жаңа сапаға айналуының тұрақты тенденциялары мен заңдылықтарына аударылады.
  2. Макроэкономикалық өзгермелі көрсеткіштермен қатар, экономикалық, салалық және индустриалдық негіздері, кәсіпкерліктің мәселелері; өндірушілер, тұтынушылар және мемлекеттің және үкіметтің мүдделерінің қайшылықтары, жаңа экономикалық құрылымдардың қалыптасуы зерттеледі.

Экономикалық өсу қарқыны бойынша, өмір сапасы мен құрылымдық реформалардың нақты қайтарымы бойынша Қазақстан бұрынғы одақтық мемлекеттегі өзінің жуырдағы серіктестерінен, бастапқы тең мүмкіндіктері болғандарын ғана емес, сонымен бірге, бір кездері өзі кейіндеп қалғандарын да қоса алғандағыдан, көп алға кетті. Еліміз кеңестік кеңістіктегі көшбастаушы елдер қатарына қосылды және бүгінде әлемде ең ырғақты дамып келе жатқан елдердің бірі.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Әкімбеков С.Ә.,Баймухамбетова А.С., Жанайдаров У.А. Экономикалық теория. Оқу құралы.-Астана, 2002.
  2. Мамыров Н.К., Тілеужанова М. Макроэкономика.- Алматы, 2004.
  3. Осипова Г.М. Экономикалық теория негіздері.-Алматы, 2002.
  4. Шеденов Ө.К. Жалпы экономикалық теория. Ақтөбе, 2004.
  5. Назарбаев Н.Ә. Жаңа кезең-жаңа экономика. Егеменді Қазақстан.
  6. Назарбаев Н.Ә. Азия асқарлары. Қазақстан жолы. Егеменді Қазақстан.
  7. Ғабит Ж.Х. Экономикалық теория.Астана 2006.
Басқа да материалдар Мұғалімдерге Ашық сабақтар Сабақ Жоспарлары Оқушыларға Рефераттар ҰБТ Шығармалар СӨЖ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ