Электронды есептеуіш машина

0
1881
Әбіш Кекілбаев

Тақырыбы: Электронды есептеуіш машина

ЭЕМ-ның сыртқы жадында сақтау көлемінің ұдайы өсіп отыруына қарамастан архивтеу қажеттілігі кемімейді. Бұны былайша түсіндіруге болады: архивтеу тек жадында сақтау орнына үнемдеу үшін ғана емес, ол сондай – ақ құнды информациялардың көшірмесін сақтау, информацияларды ЭЕМ – нің басқа желілеріне жылдам жіберуі үшін де қажет.Оның үстіне, магниттік информация тасушының істен шығу ықтималы, вирустардың бүлдіруші әрекеттері пайдаланушыларды құнды информацияларды басқа информация тасушыға резервті көшірме жасауына мәжбүрлейді.

Файл архивіне файлды жазу процесін архивтеу деп атайды, ал файлды архивтен шығарғанды – архивтен шығару деп атайды.

Архивке файлдарды қосу.Ашылған немесе құрылған архивке файлдарды қосу үшін мынадай әрекеттерді тізбек – тілікпен орындау қажет:

құрал-саймандар панеліндегі Add кнопкасын басу, Actions – Add командасын орындау немесе Shift+A пернесін ұштастырып басу;

пайда болған Add сұхбат терезесінен файлдар тізімінің және Add каталогын таңдау жолдарының көмегімен немесе файлдар атауын көрсету, я болмаса Файл атауы жолындағы үлгілер арқылы қосуға қажетті файлды таңдау керек. Тізімнің көмегімен архивке бір емес, бірнеше файлдарды қосу қажет болса, Ctrl пернесін басу арқылы тышқан – тетіктің көмегімен оларды кезек таңдау керек.

Файлдарды қосу немесе жылжыту режимі Action баптауымен анықталады. Compression жолымен архивке қосылатын файлдарды қысудың тұрпатын тапсыруға болады. Архивті ашуға қажетті порольді тапсыру үшін Password кнопкасын пайдалануға болады. Тиісті барлық әрекеттерді орындағаннан кейін Add кнопкасын басу керек.

Архивтен файлдарды шығару. Ашық архивтен файлды шығару үшін мына әрекеттерді тізбек тілікпен орындау керек:

шығарылатын файлдарды бөліп алу;

Action – Extract командасын орындау, құрал – саймандар панеліндегі Extract кнопкасын басу немесе Shift+Е пернелерін ұштастырып басу;

пайда болған Extract сұхбат терезесін Extract to жолында көрсету:файл шығарылуы тиіс каталогқа апаратын жол немесе тізімнен қажетті каталогты таңдау. Егер каталог болмай қалса, онда оны New Folders кнопкасының көмегімен құруға болады.

Осыдан кейін Files баптауында шығарудың бір параметрін көрсеті керек:

Selected Files – бөлінген файлдар;

All Files – барлық файлдар;

Files – көрсетілген файлдар немесе таңдап алынған үлгілерге сәйкес файлдар.

Қажетті барлық параметрлерді анықтап алғаннан кейін Extract кнопкасын басу кажет.

Таңдалған файлды архивтен қарау. Таңдалған файлды ашық архивтен карау үшін құрал – саймандар панеліндегі View кнопкасын пайдалану, Action – View кнопкасын орындау қажет немесе Shift+V пернелерін ұштастырып басу керек. Пайда болған View сұхбат терезесінен файлдың мазмұнын қарап көруге керекті программаны таңдау қажет, сонан кейін View кнопкасын басу керек.

Вирустардан қорғайтын программалар мыналарға бөлінеді:

Детектор-программасы вирустарды табады; иммуназатор-программасы вирустар оны бүлдірдік деп санайтындай етіп программаны өзгертеді. Көптеген вирустар екінші мәрте файлды бүлдіре алмайды, өйткені иммуниттеу вирустардың мұндай «бір жолғы» әрекетінен қорғауға мүмкіндік береді;

Фаги-программасы вирустарды тауып қана қоймай, олардың көзін құртады, яғни оларды жояды. Егер программа әр түрлі вирустарды құрта алатын болса, онда оны әдетте полифаг деп атайды. Кейде вирустарды жойғаннан кейін бүлнген файлды бұрынғы (бастапқы) қалпына келтіруге болады. Ал, бастапқы қалпына келмеген файлды емделмейтін, яғни жөнделмейтін файл деп атайды. Мұндай жағдайда емделмейтін файлды жойып, жоқ қылу керек. Сонымен қатар, мұндай жағдайда дискетке жазып алудан қорғалатындай етіп орналастырылған программаның таза резервтік көшірмесіқажет болады;

Сүзгі-программасы (программа фильтры), компьютер қосылғаннан кейін ұдайы жұмыс жағдайында болады және қалыпты жұмыс істеп тұрған компьютерде сәл ауытқу болса қатер төнгенін білдіріп, бірден дабыл қағады. Бұл компьютерге, яғни программаға еніп кеткен вирусты ерте танып, сол кірген сәттегі алғашқы кезеңде-ақ оның бүлдірушілік әрекеттерін асқындармай, алдын алып, неғұрлым залалсыздандыруға ұмтылады.

Бүгінгі таңда ең танымал антивирустық құралдарға Norton AntiVirus, AVP, Aidstest, Adinf, DoctorWeb және DSAV. DoctorWeb дестелерін жатқызуға болады. DoctorWeb антивирустық құралы компьютерді жадында сақтау праграммадағы белгі вирустарды іздестіріп, табылған вирустарды дискіден алып тастауды орындайды. Сондай-ақ кампьютер дискілеріндегі жүйелі аймақтың және файлдардың эвристикалық талдауын жүзеге асырады.

Эвристикалық талдауыш дестенің маңызы айрықша элементі болып табылады. Ол праграммадан белгісіз болып келген бұрынғы және жаңадан пайда болған компьютерлік вирустарды табуға мүмкіндік береді. DoctorWeb антивирустық праграммасы 1994 жылы шығарылған. Дәл кәзіргі уақытта бұл праграмманың нұсқаулары көптеп шығарылған.

Norton AntiVirus 2000. Windows үшін осы заманға антивирустық праграммалардың ішінде Symantec Corporation фирмасының вирустарды тауып, залалсыздандыру бойынша үлкен мүмкіндіктеріне ие, сондай-ақ аса қолайлы пайдалану интерфейсі бар Norton AntiVirus праграммасы кеңінен танымал.

Вирустардың бар-жоғын тексерудің ең қарапайым түрлеріне Іздеу кнопкасын басудан кейін іздеу процесі орындалатын дискідегі NAV бас терезесіндегі мүмкіндік беретін барлық параметрлердің мәні дыбыс шығармауы (по умолчанию) бойынша белгіленеді.

Тексеруді пайдалануға қажетті қапшықтынемесе файлды тапсыру үшін командалардың біреуін пайдалану керек: ІздеуПапкалар – Файлдар және ашылған диалог тересінен қажетті атауды таңдау керек.

Әр түрлі іздеу параметрлерінің тапсырмасы үшін құрал-саймандар панеліндегі Параметрлер кнопкасын пайдалануға болады немесе ҚұралыПараметрлер командасын орындау керек.

AntiVirаl Toolkit Pro (AVP). Соңғы уақытта Касперлік AVP антивирустық дестесі өте әйгілі деп саналады. Бұл программа вирустарды іздестіріп, жоюға арналған. Аса қолайлыпайдалану интерфейсіне, көптеген әр түрлі баптауларға, сондай-ақ антивирустық деректердің көлемдік базасына ие AVP пакетінің қолданбалары бүгінгі күні белгілі болып отырған барлық вирустарды дер уақытында залалсыздандыру арқылы пайдаланушының еш алаңсыз тапжылмай отырып жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

AVP-тің ең баты артықшылығы – соңғы уақытта пайда болған вирустардан қорғауды қамтамасыз ететін антивирустық программаны уақтылы әзірлей алады. Антивирустық деректер базасын жаңарту процесі автоматтандырылған және пайдаланушыға Интернет арқылы осы базаға енгізілген өзгертулердің барлығынан аттап өтуіне мүмкіндік береді. Дестенің негізгі құрастырушылары ретінде Монитор AVP және сканер AVP программалар қызмет етеді.

Монитор AVP қолданбасының негізгі міндеті – компьютердің жағдайын ұдайы бақылап отыру.(Басқаша айтқанда, жадта ұдайы болуы арқылы бұл праграмма болып қалуы ықтимал барлық күдікті әрекеттердің ізін бағып отырады, ал мұндай әрекеттің үстінен тап басып түсетін болса (тауып алса), тиісті хабар береді.

Сканер AVP қолданбасы өз кезегіндегі дмискіде вирустың бар-жоғын бір-ақ рет тексеріп білуге, яғни бір жолғы тексеруге арналған. Бүлінген файлды тауып әрекет етуідің әр түрлі ықтимал нұсқаларын ұсына отырып ескету жасайды, я болмаса бүлінген файлды бірден жөндеуге кіріседі.

Екі және оданда көп компьютерлер заттай қосылғанда компьютерлік желі пайда болады. Компьютерлік желі аумақтық жағынан бытыраңқы орналасқан пайдалданушыларға бірдей праграммаларды, жалпы ақпараттық және ақпараттық ресурстарды қолдануда өзара ақпарат алмасуға мүмкіндік береді.

Колмпьютерлік желі бір-бірімен қатынаса алатындай арнаға қосылған, компьютерлік және басқа электронды жабдықтарды іске қосуға қажетті барлық ақпараттық және праграммалық қамтамасыз ету кіреді. Желі басқа құрылғылармен өзара әрекеттесетін құрылғылар станциялар, тораптар немесе желілік құрылғылар, деп аталады. Тетік саны екіден бастап мыңдаған санға жетеді.

Бір рангілік желілер. Желі тораптары бірдей коммуникациялық функцияларды орындауда,олар тең деп аталады.Осындай тораптар арасындағы қатынастар әдетте бір рангілік деп аталады.Бір рангілік жүйелердің маңызды ерекшелігі бар. Олар арнайы праграммалық қамтамасыз етуге мұқтаж.

Оларға қарама- қайшы жұмыс станциялары немесе клиенттер деп аталатын көптеген компьютерден тұратын желілер болады, олар іс жүзінде сервер деп аталатын бір немесе бірнешекомпьютермен ғана айырбасталады.

Желілердің типтері. Есептегіш желілерді көбіне қамтыған географиялық ауқым мөлшеріне байланысты үш негізгі типке бөледі. Шағын ауқым әдетте «жергілікті есептеу желісі» терминімен байланыстырылады. Үлкен ауқымдар – «аймақтық есептеу желісі» және «ғаламдық есептеу желісі» терминдермен байланысты.

Компьютерлік желінің барлық түрлерін тағайындау екі функциямен анықталады:

Желінің ақпараттық және праграммалық ресурстарын бірлесіп қолдануды қамтамасыз ету;

Мәліметтер ресурсына бірлесе қол жеткізуді қамтамасыз ету.

Мысалға жергілікті желінің барлық қатысушылары басудың жалпы құрылғысын, не болмаса бір ерекшеленген компьютердің қатқыл дискісінің ресурстарын бірлесе қолдана алады. Бұл праграмалық және ақпараттық қамтамасыз етуге қатысты.

Жергілікті есептеу желісі (ЖЕЖ). Егер желі бір орынға байланса, ол жергілікті деп аталады. ЖЕЖ компьютерлік жүйелер мен перифериялық құрылғыларды мәліметтерді және перефериялық құрылғыларды бірлесіп қолданатын топтарға байланыстырады.

ЖЕЖ-дің айрықша қасиеті-мәліметтердің үлкен жылдамдығы, қателердің төмен деңгейі, мәліметтерді біреудің арзан ортасын пайдалану. ЖЕЖ-дің көпшілігі оларды қолдайтын қайсібір нақтылы ұйымға жатады.

Жергілікті есептеу желілері жұмыс тобы, бөлімі, кампусі мен корпоративті желілерге бөлінеді. Корпoративті желілердің тез дамуы мен олардың зор болашағына орай кеңірек тоқталайық.

Кoрпоративті компьютерлік желілер (ККЖ). Корпоративті желілер компьютерлер мен желілерді бір кәсіпорын немесе корпорация аясына біріктіреді. Аумақтық белгініің ешқандай маңызы жоқ. Мұндай желілер жер шарының кез келген бөлігін қамтиды. Қашықтаған жергілікті желілер мен компьютерлерді біріктіру үшін телекоммуникация құралдары, спутниктік байланыс және басқа қазіргі заманғы құралдар қолданылады.

Корпоративті желілер қамтудың едәір аумағы бар жергілікті желілердің ерекше алуан түрі болып табылады. Қазір корпоративті желілер өте белсенді дамуда және олардың бөлігін Интернет (интрожелі) желілер деп атайды.

Интернет (интрожелі) – Интернетке кіре алатын, бірақ аз ресурстарына сыртқы пайдаланушылардың қол жетуінен қорғалған, Интернет технологияларын қолданудың арқасында мол мүмкіндіктерге ие болған жеке фирмашілік немесе фирмаарлық компьютерлік желі. Оны жергілікті желі мен Интернет желісі құралдарын қолданып, фирмалық және фирмашілік ақпаратқа жету мен оны сақтау, беру, өңдеу жүйесі ретінде айқындауға болады.

Толық функционалды Интернет желісі мынадай базалық желілік технологияларды орындауды қамтамасыз етеді:

желілік басқару;

барлық қалған қызметтер мен ресурстарды бейнелейтін желілік каталог;

желілік файл жүйесі;

хабарларды біріктіріп беру (электронды почта, факс, телеконференция және т.б.);

Word Wide Web жұмысы;

желілік басу;

ақпаратты рұқсат етілмей қол жетуден сақтау;

Қазіргі заманғы бәсекелестік қызып тұрған нарықта жаңаша ақпаратқа қол жеткізу бизнестегі табысты маңызды компонентіне айналды. Сондықтан Интернет желісін корпоративті қосымша тіркемелерді жүзеге асыруды келешектегі атқарылар істің ортасы ретінде қарауғаболады.

Интернет тарихы 1994 ж.басталды, ол кезде бұл термин Интернет желісінен алынған принциптерге құрылған корпоративті компьютерлік желілері үшін ұсынылған еді. Бұл тәсіл нақты өндірістік бейіні мен ауқымына қарамастан, кез келген кәсіпорын үшін әмбебап еді.

Интернет – мақұлданған web-технологияның корпоративті желіге көшу. Корпоративті жергілікті құрылым өнімдерінен айырмашылығы Интернет – жүйелері дайын және өте арзан коммуникациялық компоненттерді қолданады. Шетелдік экономистердің бағалары бойынша, ірі корпорацияларда Интернетті енгізу құны бір жұмыс орнынан шаққанда 50 долл. құрайды.

Клиенттік компьютерде WWW объектілеріне жету мен НТМL-файлды көрнекі кескінге көшіруді атқаратын броузер-праграмма болу тиіс. Бұл файлдар пайдаланушының операциялық ортасына қарамастан қол жетерліктей болу тиіс. Осылайша, серверлік қосымша тіркемелер клентердің инвариянтсыз құрылуы тиіс және оларды жасау корпоацияның функцияналды міндеттерін жүзеге асыруда және әмбебап клиенттің болуына толықтай бағыттау тиіс.

Интернет – кез келген компьютерлер мен бүкіл әлем бойынша ақпарат алмасу мен беру мүмкіндігі, желілер жүйесі. Интернет – байланыс арналарын өзара біріктіретін, тораптардың жиынтығы.

Әрбірт торапта көбіне UNIX операциялық жүйесін басқару арқылы жұмыс істейтін бір немесе бірнеше қуатты компьютер – сервер болады. Мұндай торапты кейде хост деп атайды.

Торапты оның иесі – провайдер деп аталатын ұйым немесе Интернет қызметін жабдықтаушы басқарады.

Интернет әр түрлі ережемен жұмыс істейтін желілерді біріктіреді.Бұл ережелерді үлестіру үшін шлюз құрылғысы қызмет етеді.

Шлюз – басқаша тәсілмен үйлеспейтін желілерді қосатын құрылғы. Шлюз әр түрлі желілердің бірлескен жұмысын қамтамасыз етуге арналған мәліметтерді өзгертпейді.

Интернет желісіне әр түрлі ақпараттық платформаларда, әр түрлі операциялық жүйелерді басқару арқылы жұмыс істейтін компьютерлер кіреді. Алайда, ақпарат алмасу кезінде барлық ЭЕМ хабар беру тәсілдері туралы біріңғай келісімдер қолданылуы тиіс. Сонда ЭЕМ-нің қай – қайсысы да басқа кез келген ЭЕМ-нан алынған ақпарат түсінуге қабілетті болады.

Хаттама – ақпаратты желіде беру ережелері (келісімдері, стандарт).

Интернет хаттамаларының екі типін айыру жөн:

базалық хаттамалар, Интернет (IP және ТСР) компьютерлердің кез келген типтері арасындағы электронды хабарларды заттай жолдау үшін жауап береді.Бұл хаттамалар өзара тығыз байланыстылығы соншалықты оларды көбіне «ТСР/IР хаттамасы» атты біріңғай терминмен белгілейді;

өте жоғарғы деңгейдегі қолданбалы хаттамалар, мамандандырылған Интернет қызметі жұмыс істеу үшін жауап береді: http хаттамасы (гипермәндік хабарларды беру), ftp хаттамасы (файлдарды беру), telnet хаттамасы (қол жетудің қашықтауы), электронды почтаның хаттамалары және т.б.

ТСР (Transmission Control Protocol – хабарларды басқару хаттамасы) көліктік деңгейдегі хаттама. Ол ақпарат берудің қалай өтетіндігін басқарсды.

Бұл хаттама бастапқы хабарды бірнеше шағын фрагменттерге – пакеттерге бөледі. Әрбір пакетке тақырып қойылады, әрбірінде қызметтік ақпарат бар .

Тапсырылған адрес бойынша жеке пакетті жеткізу үшін IP-хаттама (Internet protocol) жауапкершілік танытады.

Бүкіләлемдік желінің әрбір қатысушысының өзінің бірігей адресі (IP-адрес) болуы тиіс.Мұнсыз ТСР – пакеттердің қажетті жұмыс орнына нақты жеткізілу жайлы айтуға болмайды.Бұл адрес төрт байтпен бейнеленеді, мысалы:195.38.46.11.

ІР –адресінің құрылымы қайсібір ТСР-пакет өтетін әр бір компьютер осы төрт сандар бойынша алушыға «жақын» болып шығатын пакетті жуықтағы көршіге жолдау керектігін белгілей аады.

Интернет қызметі. Элeктронды почта. Электрoнды почта немесе e-mail, адамдар арсындағы байланыс тәсілдерінің бірі болып табылады. Электронды почтаның Интернеттегі негізгі функциясы – планетаның қай нүктесінде болса да, Интернеттың кез келген екі пайдаланушысы арасында «электронды хаттармен-мәтіндік хабарламамен оперативті өте тез алмасуды жүзеге асыру».

Электронды почтаның қосымша мүмкіндіктеріне мыналарды жатқызуға болады: дыбыстық хабарды, құжаттарды, сызуларды, фотосуреттерді, бейне материалдарды беру, ғылыми журналға, сирек кітаптарға, жарнамаға жету және әр түрлі тауарларды жолдау немесе сату, сонымен қатар ұжымдық іс-әрекеттерді программалық қамтамасыз ету, мекемелер мен ұйымдарда құжат айналымын қолдау, ұжымдық жұмысты жоспарлау.

EFT хаттамалары бойынша электронды почтаның жаңаша покеттері желі бойынша іс жүзімде қас-қағым сәтте «электронды қойылған қолмен» қамтамасыз етілетін ақша, шоттар және басқа қаржылық құжаттарды аударады.

Word Wide Web (WWW) қызметі. Word Wide Web – қазіргі заманғы Интернеттен ең танымал қызметі. Оны көбіне Интернетпен теңдестіреді, бірақ шын мәнінде бұл оның көптеген қызметтерінің бірі.

Word Wide Web — Webсерверде сақталатын жүздеген миллион өзара байланысқан электронды құжаттардан тұратын біртұтас ақпараттық кеңістік. Web-парақтар деп аталатын Web кеңістігін құрайтын жеке құжаттар. Бұл құжаттарда мәтіндік және графикалық ақпарат, сонымен қатар Интернеттің басқа құжаттарының сілтеме болады. Web-парақтарды қарап шығуға арналған праграмалар.

Ақпаратты қорғау мен оның құпиялық стратегиясы. Есептегіш техникада қауіпсіздік ұғымы өте кең мағынада. Ол компьютер жұмысының сенімділігін де, құнды мәліметтердің сақтлуын да, ақпараттың өкілеттілігі жоқ адамдардың өзгеріс енгізуінен қорғауында, электронды байланыспен хат жазысу құпиясын сақтауды да меңзейді.

Ақпарат қауіпсіздігін қауіпі ретінде ақпараттың жойылуына, тұтастығына нұқсан келуі, құпиялық немесе ақпараттық қол жеткізуге болатындығына әкеліп соқтыруы ықтимал оқиға, процесс немесе құбылыс түсініледі. Компьютерлік жүйелердегі ақпараттың қауіпсіздігіне төнетін қатердің көпшілігі екі жіке бөлінеді: кездейсоқ және қасақана қатер төндіру.

Әлбетте, барлық өркениетті елдерде азаматың қауіпсіздік сақшысы ретінде заңдар тұр, бірақ есептегіш техника саласында құқық қолданылатын іс-тәжірбие әзірге дамымаған, ал заң шығарушы процесс технология дамуына ілесе алмайды, сондықтан компьютерлік жүйе жұмысының сенімділігі көбіне өзін -өзі қорғау шараларына сүйенеді.

Басқа да материалдар Мұғалімдерге Ашық сабақтар Сабақ Жоспарлары Оқушыларға Рефераттар ҰБТ Шығармалар СӨЖ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ