Элементердің периодтық системадағы орны

0
3025
Ұлттық қолөнер - эстетикалық тәрбиенің негізі

Биогенді S Элементтерінің биологиялық ролі, қатынастарының медицинада қолданылуы.

Жоспар:

1. S Элементердің периодтық системадағы орны. Жалпы құрылыстары , қасиеттері.

2. Биогенді S Элементтердің ағзадағы биологиялық ролі.

3. Биогенді S Элементтердің қосылыстарының медицинадағы маңызы .

4. Қорытынды

Биогенді S-элементтерінің биологиялық ролі, қосылыстарының медицинада қолданылуы

S-элементтердің периодтық системадағы орны, жалпы құрылыстары, қасиеттері. S-элементтер Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесінде ІА, ІІА топтардың негізгі топшаларында орналасқан. ІА – топтың негізгі топшасындағы – литий, натрий, калий, рубидий, цезий және франций сілтілік металдар деп аталады, электрондық конфигурациясы – nS1.

ІІА топтың негізгі топшасындағы кльций, стронций, барий және радий сілтілік жерметалдар деп аталады, электрондық конфигурациясы – nS2.

ІА – элементтерінің сыртқы электрондық қабатында бір S1-электрон ядромен әлсіз байланысты болатындықтан, оны беріп жіберіп, күшті тотықсыздандырғыщ қасиет көрсетеді:

Барлық қосылыстарында иондық байланыс түзеді және тотығу дәрежелері тұрақты +1-ге тең болады.

ІІА-элементтерінің сыртқы электрондық қабаттарында жұптасқан екі S-электрон болады (nS2), қоздырғанда бір электрон басқа р-орбитальға ауысып, тұрақты +2 тотығу дәрежесін көрсетеді. Сілтілік жерметалдар да күшті тотықсыздындырғыштар, бірақ сілтілік еталдарға қарағанда активтіктері төмен, радустары кіші және иондану энергиялары жоғары. Жоғарыдан төмен қарай топ бойынша сілтілік және жер сілтілік металдаожың негіздік, тотықсыздандырғыш қасиеттері артады. Сілтілік және жерсілтілік металдар активті болғандықтан жер қыртысында тек қосылыс түрінде кездеседі.

Сутек. Сутек қасиеті әртүрлі бола алатын ерекше элемент. Ол бірде өзінің сыртқы қабатындағы жалғыз электронын беріп, оң зарядталған ионға айналады. Ол мұндайда тотықсыздандырғыш қасиет көрсетіп, металлдық қасиет көрсетеді. Келесі бір жағдайда ол өзіне бір электронды қосып анионға айналып, галогендердің қасиетін көрсетеді. Айталық, сутек металдармен әрекеттесіп, гидрид-ионға айналады, ол мұндайда галогенсутекті қышқылдың тұзына ұқсайды. Сутектің молеуласы екі атомнан тұрады. Табиғатта сутектің үш изотопы кездеседі: 1/1 Н протий немесе Н (массалық саны 1); 2/1 Н дейтерий, немесе Д/массалық саны 2/; 3/1 Н тритий немесе Т/ массалық саны 3). Химиялық зерттеулер мен медициналық практикада кең қолданылатын «таңбаланылған» препараттарды, қосылыстары «жеңіл» сутекті тритицге ауыстыру арқылы алады.

Сутектің гидридтері. Сутектің көміасутектен басқа элементтермен қосылыстарын гидридитер деп атауға болады. Түгелдей дерлік элементтердің гидридтері алынған. Сутекті қосылыстарды үш типке бөледі: ионды, ковалентті, металдық.

Су, оның физико-химиялық қасиеттері. Су үш түрлі кгрегаттық күйде кездеседі: қатты – мұз, сұйық – су, газ сияқты бу.

Менделеев кестесіндегі VІ топта орналасқан элементтердің қасиетін салыстырғанда, судың қалыпты жағдайда газ болуы керек. Осы топтағы элемент гидридтерінің қайнау температурасы, элементтердің атом массасы азайған сайын төмендейді. Судың жылу сыйымдылығы мен булану жылуы өте үлкен. Егер судың температурасын ақырын төмендеткенде, оның тығыздығы +40 дейін азаяды, сосын қайтадан өсіп, қатаяды, осы кезде, яғни қатайғанда басқа заттардың көлемі кішірейсе, судың көлемі үлкейіп артады. Судың диэлектрик тұрақтылығы да өзгеше. /Е=81/. Бұл дененің, егер ауадағы /вакуумдағы/ зарядталған бөлшекті суға енгізсе, онда олардың арасындағы тартылыс күші 81-есе төмендейді дегенмен бірдей. Мұның бәрін түсіндіру үшін, су молекуласының құрылымын қарастыру керек.

Кез-келген молкуланың пішімі ядроның кеңістікте орналасуымен анықталатыны белгілі. Су молекуласындағы үш ядро, кеңістікте тең- бүйірлі үшбұрыш құрайды.

Су молекуласының памерленуі, оттектің электротерісті атомы екі сутек атомдарының электронын өзіне тартып алуымен байланысты. Мұндайда оттек атомында теріс заряд, ал сутек атомында оң заряд пайда болады. Палярлы байланыстар тура сызық бойында емес, біраз бұрыш қарағандықтан жалпы су молекуласы, өзі сияқты екінші полярлы молекуласымен сутектік байланыс арқылы әрекеттесе келіп, әлсіз болса да байланысады. Бұл құбылысты судың ассоциациясы (бірігуі) дейді.

Ендеше, жоғарыдағы ауытқулардың бәрі де су молекуласының кеңістіктегі құрылымымен және ондағы молекулааралық әрекеттесумен байланысты болады.

Қатты су (мұз) өте жақсы реттелген, өрнекті структурасымен сипатталады. Мұздың мұндай кристалды торды құруына ондағы сутектік байланыстың ықпалы маңызды. Мұздағы салыстырмалы тығыздылықтың едәуір төмен болуы, онда бос орын-қуыстардың болуы мен байланысты. Мұзды еріткенде, молекуланың жылулық құрылысы артып, оның өрнекті құрылымы бұзылып, бос орындар сумен тола бастайды да нәтижеде су тығыздығы артады. Суда кездесетін мұздың кристалды торының бөлігін «сынақ-жарғақ» немесе тұрақсыз полимер () п ретінде құрастыруға болады.

Сондықтан да температураның +40 дейін жоғарылатқанда, мұздың аса ұсақ бөлшектері ери түскендіктен, тығыздық өзгереді екен. Температура мұнан әрі жоғарылағанда, молекуланың жылулық қозғалысы артуы салдарынан тығыздық төмендейді. Тіпті су бөлме температурасында да (200) полимерлі түрінде болады және мономерлі молекула бар болғаны 1% кездеседі.

Су, бірден-бір реакцияға қабілетті зат. Айталық мұндай белсенділік оның молекуласында электрондары бөлінбеген екі жұптың болуына байланысты. Су молекуласының полярлі және кіші өлшем мен мөлшерде болуы, оның күшті гидростатты қасиетте болуына себепші. Ондағы жоғары диэлектрлі болуы да, онда еріген электролиттерге әсер етіп, оларды диссоциялайды. Су молекуласы әртүрлі иондарға қосылып, гидроттар түзеді. Мұндай әрекеттесудің аса маңызды өнімдерінің бірі – гидроксоний ионы , ол оттек атомындағы электрон жұбына сутек ионының қосылуы нәтижесінде түзіледі. Бұл

процесте гидроксоний ионы оң зарядталады. Мұндай процесс протонды бөлетін заттар қатынасқанда жүруі мүмкін.

Биогенді S элементтерінің ағзадағы биологиялық ролі. Су жердегі ең көп таралған заттардың бірі. Жер шарының төрттен үш бөлігі (мұхиттар, теңіздер, көлдер, мұздар) қоршалған. Ол атмосфера мен жер ауаның, ылғал мен заттардың айналу, түрлену құбылысына себепші. Әрбір тірі организм өз құрамына су қосады. Шамамен алғанда жануарлар организмі мен өсімдікте 50% су болады. Оның адам организміндегі үлесі 65%. Мұның 10% артығы жоғалса, өлім қаупі пайда болады. Демек біздің планетамыздағы сумен өмір ұғымы біртұтас.

Бұрында айтылғандай, су қатайғанда қосылмайды, керісінше ұлғайғандықтан, оның тығыздығы судікінен кем және ол суға батпай, қалқып жүреді. Бұл қасиеттің сулы жердегі тіршілік үшін аса маңызды. Айталық, егер мұздың тығыздығы судікінен ауыр болса, онда өзендер мен көлдердегі су алдымен төменгі жақтан бастап, сосын күллі көлем мұзға айналғанда, ондағы тіршілік тоқтап қалар еді. Әдетте, температура төмендегенде тығыздылық жоғарылайды, ал суда ол керісінше. Судың ең ауыр тығыздығы, ол судың төменгі жағына ауысады, ал жеңіл су бетке көтеріледі.

Судың жылу сыйымдылығы кереметтей жоғары және ол температура өзгерісіне орай ауытқылы әдеттер тыс өзгереді. Оның бұл қасиетті жылу сақтаушы ретінде пайдаланады. Көп көлемдегі сулар жазда, күндіз, түнде шығарады. Бір текше метр буды бір градусқа төмендетіп ауаны бір градусқа жылжытуға болады. Мінеки, сондықтан да үлкен теңіздер мен көлдердің жағалауындағы ауаның температурасы қыста да, жазда да аз ауытқиды. Су әртүрлі беттерге жұғышдылығы мен аса жоғарғы беттік тұтқырлық көрсетеді. Мінеки дәл осы екі сипаттың арқасында су жіңішке түтікше арқылы едәуір биіктікке көтеріле алады.

Бұл құбылыстың табиғаттағы мәні өте жоғары. Жер қыртысындағы сулар жоғары көтеріліп өсімдікке жетеді және өсімдіктегі қоректік сол қозғалысы басталады. Үлкен диэлектрлік сипаттың салдарынан су өзенде еріген тұздарды, қышқылдар мен негіздерді иондаған күйінде ұстайды. Көбінесе, қас қағым сәтте жүретін химиялық реакциялар иондар арасында, яғни зарядталған бөлшектер арасында жүреді. иондар онсыз өмір сүруі мүмкін емес биологиялық катализатор-ферменттердің әрекетін реттейді. Иондардың биологиялық мембрандар арқылы өтуі жүйкелік қозуды тудырса, жер топырағындағы иондардың жинақталуы өсімдіктің қалыпты өсуін қамтамасыз етеді.

Тірі тіршіліктің дамуы үшін молекулалардың иондалу деңгейін реттеп, бірқалыпты ұстап тұру шарт. Ендеше, тіршілік процесі сулы ортада өтетін әртүрлі құбылыстармен, өзгерістермен тікелейбайланысты екен. Мұнымен қатар сутек тіршіліктің аса маңызды құбылыстары жүретін орта ғана емес, ол саларда тікелей қатысатын зат та. Сусыз тірі организм тіршілік етпей тотығының қатынасумен жүретін тотығу-тотықсыздану реакциясының міні зор, ол химияда, әсіресе аналитикалық және медициналық химияда кең қолданылады. Сутек асқын тотығының формуласы

болғанымен ондағы оттек бір валентті емес. Қазіргі кездегі физика-химиялық әдістермен зерттелінген деректерге қарағанда, сутек асқын тотығындағы оттектер бірімен-бірі полюссіз ковалентті байланыс арқылы тікелей байланысқан. Сутек пен оттек атомдары арасындағы байланыс екеуінің де электрондары арасындағы байланыс екеуінің де электрондары оттекке ығысқандықтан полярлы. Демек, ол да полярлы. Оның молекулаларының арасында сутекті байланыс туындап, оларды біріктіреді.

Таза сутек асқын тотығы-түссіз тұтқыр сұйық, тығыздығы 1440кг/м3 , (1,44г/мл),-0,46 градуста еріп, 151,4 градуста қайнайды. Молекула құрамында оттек-оттектік тізбектің болуы салдарынан ол тұрақсыз. Шынында да оны сақтау кезінде, ол болмашы ғана әсерден жылыту, сәуле түсу, катализатор тигізу әсерінен тез ыдырап, су мен оттек түзеді.

Сутек асқын тотығының ерітіндісі қышқылдық орта мен реакцияны көрсетеді, бұл оны өте әлсіз екі негізді қышқыл деуге мүмкіндік береді.

Мұны, оның негіздермен әрекеттесуі дәлелдейді.

Барийдың асқын тотығы -ол барий тотығы емес, сутек асқын тотығының тұзы. Мұндай құрамдардағы оттек қосылыстары және қышқылдармен тұздарма әрекеттесіп, асқын тотық тұзынан, қышқыл әрекеттесіп, асқын тотық тұзынын, қышқыл сутек асқын тотығын ығыстырады.

Сутек асқын тотығы реакция жағдайына орай бірде тотықтырғыш, бірде тотықсыздандырғыш бола алады. Оның тотықтырғыштық сипаты өзіне екі электронды қосып, су мен оттекке жеңіл бөлінетін молекула құрамымен түсіндіріледі.

немесе

Тотықсыздандырғыштық қасиеті әлсіздеу болады және ол күшті тотықтырғыштар ықпалымен туындайды.

немесе

Сутек асқын тотығу , тотықсыздандырғыш қатысқан қышқылды ортада тотықтырғыштық қасиеті сілтілік және нейтральдық ортада байқала береді.

Сутек асқын тотығы, оған қышқылдық, негіздік нейтральдық ортада күшті тотықтырғыш әсер еткенде тотықсыздандырғыштық қасиет көрсетеді.

Сутек асқын тотығының бактерецидті қасиеті. Клеткалар демалғанда тұрақты түрде сутек асқын тотыға түзіліп отырады. Бұл зат-мүлдем зиянсыз өнімм емес, оның аз мөлшерінің өзі клетка өміріне қауіпті бола алады екен, демек, күллі организмге де қатерлі. Клетканы бұл қатерден өмір тіршілігі кезінде өзі синтездеп шыққан каталаза ферментті, сутек асқын тотығын тез және көптеп ыдырату арқылы қорғап қалады.

Сутек асқын тотығы органикалық қосылыстармен әрекеттескен кезде өзін тотықтырғыш ретінде ұстайды. Сусыз, таза асқын тотық денені күйдіріп, жанатын заттарды өздігінен тұтандырады. Сутек асқын тотығымен күйген денеде, оған тән ақ дақтар пайда болып, соңы жараға айналады. Мұндайдағы алғашқы жәрдем, мол сумен ұзақ шаю. Сутек асқын тотығы бактерицидті зат ретінде, медицинада дезинфекциалаушы орнына қолданылады және ол шаймалап, шайып тастау, қан тотықтатқыш үшін үш процентті ерітінді түрінде жұмсалады. Оны сақтағанда, ондағы тұрақты жүретін ыдырау процесін төмендету мақсатымен, қара шына ыдыста, барынша салқын, қараңғы жерді пайдаланған жөн.

ІА топтың элементтері және олардың медицинада қолданылуы. Элементтердің периодтық системасындағы ІА топқа орналасқан типтік элементтер сілтілік металдар: литий, натрий, калий, рубидий, цезий, франций.

Қолданылмалық тұрғыдан алғанда тек К мен ас0ын тоты0тары мен супертотықтарының маңызы зор. Олар жабық жүйе мен улы газдан қорғайтын аспаптарда пайдаланған оттекті демалу кезінде бөлінген қорексіз заттан (қосылыстан) тазартып, оны қайта пайдалануға қажетті ету үшін қолданылады. Атап айтқанда сүңгуір қайықта, космоста. олар керексіз затты өз бойына дарытып ыдыратады. Мысалы:

Сілтілік металдардың тұздары барлық қышқылдар үшін белгілі. Әдетте олар, көбінесе ион типіндегі байланыста болатын түссіз кристалды заттар. Кейбір тұздардың бояуы ионға байланысты.

Сілтілік металл тұздары жоғарғы температурада балқып, еріген және балқыған кезде электрді жақсы өткізеді. Әлсіз қышқыл тұздары суда ерігенде гидролизденіп, гидроксилді ион концентрациясы жоғарылап, ерітіндіде сілтілік реакция туындайды.

Сілтілік металдардың организіміндегі биологиялық ролі өте жоғары, оған организмдегі калийдің 250г натрийдің 70г болуы дәлел.

; натрий-клетка сыртындағы ең басты ион,

К; калий-клетка ішіндегі негізімен. Қан сары суындағы осмотикалық қысым натрий хлоридінің есебінен керекті деңгейде тұрады. Организмдердегі осы екі ионның өзара байланысы, клеткалық изотондығын қалыпты етуге көп әсерін тигізеді. Мысалы, организмде натрий хлориді жетіспеген жағдайда жүйке ет жұмыстары бұзылады.

Сол сияқты калий ионы да организм жұмысында аса роль атқарады. Жүрек бұлшықетінің қозып, оянуы мен өткізгіштігі калий ионының мөлшерімен анықталатынын айтса да жеткілікті: концентрацияның артуы жүрек бұлшықетінің өздігінен жұмыс істейтін және кішірею қабілетін төмендетеді, ал калий иондарының қан сары-суында азаюы жүрек соғуының жиілігін бұзады, калий жүйке жұмысы мен оның хабарын басқа организмге жеткізуге де қатынасты.

Медицинада литий иондарының организмдердегі атқаратын жұмысы мен орны жайлы айтарлықтай мәлімет жинақтары. Айталық, литийдің кейбір қосылыстары психикалық ауруларды емдеуге қолданылады.

Сілтілік металдардың бірқатар органикалық қосылыстары медицина іс жүзінде қолданылуда.

Натрий хлориді, . Нарий хлоридінің қан құрамындағы концентрациясы 0,5%, бұл мөлшер қандағы осмостық қысымның тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Натрий хлоридін концентрациясына байланысты изотондық 0,9% және гипертонолиялық -3%, 5% 10% ерітінділерге бөледі. Натрий хлоридінің изотонды ерітіндісін адам көп сұйықты жоғалтқанда, тері астына көк тамырға және клизма арқылы енгізеді. Сол сияқты, бұл ерітінді әртүрлі дәрі-дәрмектерді ерітіп, даярлау үшін де қолданылады. Ал гипертонологиялық ерітінді қабынған кезде дененің сыртынан сулап, қысып таңу үшін қолдаылады.

Гипертонологиялық ерітнділермен ауызды, шайып, ттыныс алу жүйесін емдеп, булау (ванна) жасауға болады.

Калий хлориді . Бұл тез бұлшық етазып-тозып әлсіреген кезде қаңқалық бұлшықетті қысқарту үшін қажет. Калий хлоридін қолданудың басты көрсеткіші, ол жүрек соғуы жиілігінің бұзылғаныү Калий хлориді глюкозада ерітілген күйінде көк тамырға егімді немесе судағы 10% ерітінді түрінде ішеді.

Натрий гидрокарбонаты (ас содасы), еріген кезде гидролиз нәтижесінде, сілтілік ерітінді береді және осыған орай ол медицина жиі қолданылады. Асқазан сөліндегі қышқылдық жоғарылаған кезде оны ішеді және оның ішек-ішкі құрылым ауруларын емдеуге қажет дәрі-дәрмек құрамына қосады.

Натрий бромиді, және калий бромиді . олар тыныштандырушы, жайландырушы препарат ретінде қолданылады, өйткені олар бас қабатындағы мидың қозуы мен тежелуі арасындағы қатынастың бұзуымен реттеп, қалыпқа келтіреді. Натрий иодиді, және калий иодиді қалқынша безі ауырған кезде қолданылады. Калий иодиді тыныс жүйесі қабынғанда және көз аурулары кезінде де пайдаланылады.

Литий карбонаты . Қияли ауру жиі-жиі және күшті ұсқағанда қолданылады.

Медициналық емдеу жұмысында, сілтілік металдардың басқа да тұздары жиірек және кеңінен қолданылады. Мысалы, калий перманганаты мен натрий тетрабораты антисептік ретінде, калий гидротартраты (шарап қышқылды калий) мен натрий сульфаты ішті айдайтын дәрі-дәрмектер ретінде қолданылады.

ІІА топтың элементтері және олардың маңызды қосылыстары. екінші топтың басты топшасына берилий, магний, кальций, стронций, радий элементтері енеді.

() Бұл қаралатын элементердің бәрі де, өздерінің негізгі қалыптағы күйінде сыртқы деңгейінде екіден жұптасқан электрон болады. Қозған жағдайда сыртқы екі электрон р- орбитальға орналасады. /,р-будандасу/, ал бұған орай атомдар екі валентті болады. /Қосылыстағы тотығу дәрежесі +2/. Бұл топтағы берилийден басқа элементтердің бәрі де айқын байқалатын металдық қасиетке ие, олар тек сілтілік металдан кейін тұр. Олардың металдық сипаты берилийден бастап радийге қарай арта түседі, өйткені осы радийге қарай арта түседі, өйткені осы рет бойынша олардың атомдық радиусы үлкееді.

Сүйек тіліндегі кальций қосылысы.

Радиостронций-90. Кальций адам организмінде ең көп кездесетін бес элементтің /0, Е; Н; бірі. Оның салмағы 70 килограмдық адам денесіндегі үлесі 1700г шамасында. Кальций ионы структура құруға қатынасады: сүйек тініндегі кальцийдің үлесі 98%. Сүйектің өзі 40% судан, 30% күлден, 20% ақ заттан, 10% майдан тұрады. Сүйек күлін кальцийден /40%/ , фосфорадан /17%/, магнийден /0,8%/ басты компонент гидроксил аппатит Ол сүйекте үлкен активті беті болатын микрокристалды структурада болады, мұның нәтижесінде ол өзін қоршаған ортамен ион алмасу кіріп шығу процесін реттеуші міндетті Д витамині атқарады. кальций ионы бұлшық еттің жиырылуы мен жүйке жүйесінің жұмысын мөлшеріне мембрандық (жарғақтық) клетканың өткізгіштік қабілеті тәуелді келеді. Кальций сүйектің өсуіне, енгізулі ана сүтінің пайда болуына, жүрек жұмысының қалыптылығына, сондай-ақ қанның ұйып қалу организмге кальций тұзын артықтау енгізу арқылы қанның ұюын тездетуге болады.

Организм үшін, бір тәулікте қажетті кльцийдің үлесі шамамен 1-1,5г. Кальций қан құрамында жетіспеген жағдайда ол бұл олқылықты сүйектенала бастайды да мұның салдарынан сүйек қаңқасы жұмсарып, осындай және басқа да сүйек ауруларын емдеу үшін, әуелі қандағы кальций ионының мөлшеріне қалыптастыру керек.

Мұны тиреокальцийтоний гормонымен емдейді.

Өт және зәр болу жүйелеріндегі тастардың пайда болуы, қан тамырларында кальций тұздары түзіліп, организмнің басқа да мүшелерінде тұздардың пайда болуы, бәрі де кальций ионының жетіспеуінен немесе артық болуынан.

Кальций ионы өзімен өлшемдес странций және лантан сияқты бірқатар сілтілік жер элементтермен орын алмаса алады. Организмдегі кальций ионын кадмий, марганец, әсересе стронций сияқты элементтермен алмастыру өте ауыр кәсіби науқастыққа ұрындырады. Жоғарыда айтылған стронций элементі қатерлі, өйткені ол сүйік тінінде шөгіп қалады және оны одан алу, ауыстыру мүлдем мүмкін емес. Сүйекке орныққан радиоактивті стронций изотопы Sr сүйек миын сәулелендіреді де канцерогенді белсенділікті күшейтеді.

Организмдегі стронций өзінің массалық үлесі тобынан 17 орында тұр, яғни 70 кг салмаққа 0,32 г. Ол өсімдік және жануарлар тіршілігі үшін қажеттілер қатарына жатпайды. Бірақ та стронцийдің изотопы 90Sr атом, атом жарылысы кезінде екінші рет қайтадан пайда болатын өнім ретінже, қайтымсыз ауыр салдарға әкеледі, сондықтан да соңғы кездері оның организммен тамақтағы үлесіне ерекше назар аударуда.

90Sr жартылай ыдырау мерзімі 28 жылға тең. Организмге енген стронций әуелі қан құрамында болады. Қандағы кальций мен стронцийдің қатынасы Ca:Sr, тамақтағымен салыстырғанда едәуір жоғары, бұл стронцийдің нашар сіңіп, бүйрек арқылы бөлінетіндігін көрсетеді. Организмге енген стронций көп кешікпей сүйекке ауысады. Егер кальций мен стронцийді организмге бір сәтте енгізсе, онда сүйекке кальцийден гөрі стренций тезі рек жетеді. Стронций де кальций сияқты сүйектің өсімтал жерлерінде жинақталады. Стронций сүйектегі кальцийдің 10% дейін алмастыра алады.

Организмдегі стронцийдің артуы, Комин-Бек ауруына әкеледі, ал ауру кезінде бой өспейді, организмнің түрлену жұмысы бұзылыпы, жемсау т.б. туындайды. Сондай-ақ қанның бір жерде азаюы (ибемия), асқазан-ішек ауруымен шалдыққан кісілерде организмдегі стронций мөлшерінің азаятындығы байқалады. Демек, стронций осы ауруларға қатынасты болуы мүмкін.

ІІ А топтағы элемент қосылыстарының медицинада қолданылуы. Магний оксиді қышқылдық жоғарылаған кезде қолданылады. Қышқылмен уланған кезде, ішті айдайтын дәрі ретінде магний оксидін жұмсайды. Ол тіс тазалайтын ұнтақ құрамына енеді.

Кальций гидроксиді Са (ОН)2 (сөндірілген ізбес) дезинфекциялаушы зат ретінде пайдалы. Оның судағы қаныққан ерітіндісі ізбесті су қабынуға қарсы ішке де, сыртқа да, және іш өткенде байланыстырушы ретінде, дезинфекциялауға жұмсалады. Оны сыртқы денеге қолданғанда, мысалы күйіп қалғанда, ізбесті суға май қосады, ол кейбір тері ауруларына майлы қоспа (мазь) түрінде жағады.

Магний сульфаты MgSO4 7H2O (ащы немесе ағылшын тұзы) ішті өткізіп, айдаушы ретінде пайдаланылады. Оның бұл қасиеті ішек қарындағы судың сіңіп, даруын тоқтатуға байланысты. Бұл тұз тудыратын осмостық қысым салдарынан, ішек ішінде қамалып қалған су, тезекпен бірге сыртқа шығуға асығады. Сондай-ақ, магний сульфатын сіреспе, бұлшық еттің ретсіз жиырылуын (хорей) және басқа тырысқақ ауруды емдеу үшін қолданады. Қан қысымы артқан кезде оны көк тамырға енді, ал өт айдаушы ретінде ұлтабар ішегіне енгізеді.

Кальций сульфатын 2СаSO4 ∙ Н2О (күйдірілгенгипс, алебастр) табиғи гипсты СаSO4 ∙ 2Н2О 150о-180о қыздыру арқылы алады. Оны суға малып араластырғанда, тез қатайып, қайтадан кристалды гипске айналады. Осы кезде кристалдар өсіп үлгерместен, бірімен бірі өрім өсіп, қалып пішімін қабылдайды. Осы негізде, онымен сынған жерге қорғаушы қатты зат, тіске құйма жасайды:

СаSO4 ∙ Н2О **** СаSO4 ∙ Н2О

Барий сульфаты ВаSO4. Бұл тез рентген сәулесін өзіне күшті сіңіре алатындықтан, оны асқазан – ішек жолдарын зерттеген кезде барий ботқасы түрінде пайдаланады. Ол асқазан – ішектегі суда да, ондағы қышқылды сөлде де ерімейді және олармен әрекеттеспейді, міне осы қасиеті арқасында әзрше рентген зерттеуінде жұмсалуда.

Кальций карбонаты. СаСО3 суда да мүлдем ерімейді, ол ішке тек кальций препараты ретінде ғана қолданылып қоймастан, ол қышқылды нейтралдаушы және адсорбсиялаушы зат ретінде де керек. Мұның аса таза бөлігі тіс тазалайтын ұнтақ әзірлеуге жұмсалады.

Калций хлориден CaCl2 ашуды басу, кеңірдек тамырларының демікпесін, өкпе құрты ауруын (туберкулез) емдеуге жұмсанады. Ол қабынуға, алергияға және ісікке қарсы емдік ретінде пайдаоанады.Бұл оның жіңішке қан тамыршалар қабырғасының өткізгіш сіңіргіштігін төмендетуімен байланысты.

Қорыта келгенде ағза үшін биогенді S элементтерінің маңызы зор. Олардың қалыпты күйде болуы ағзаның өсіп жетілу процестерін қамтамасыз етеді. Олар ағзада зат алмасу, тыныс алу, ас қорыту тотыту-тотықсыздану, қан айналу, бүйрек, бауыр, жүрек қызыметінің дұрыс жүруіне мидың қызметіне қатысады. Биогенді элементтер адам ағзасына физиалогиялық ықпал жүргізеді. Адам ағзасында өздерінің қажетті мөлшерінен төмен не жоғары болса олар ағзада потологиялық құбылыстарды тұғызады.

Әдебиеттер:

Құлыбаев М. М

Исханов Ж. А

Жайлауов С. Ж

«Биогенді элементтер»

Алматы-1995 ж.

Есімжан А.

«Жалпы химия практекумы»

Басқа да материалдар Мұғалімдерге Ашық сабақтар Сабақ Жоспарлары Оқушыларға Рефераттар ҰБТ Шығармалар СӨЖ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ