Энергетиктер күніне арналған кештің сценарийі

0
1333
Freepik.com

І жүргізуші: Жаршысы боп жылу менен жарықтың,

Төтеп беріп қыспағына нарықтың.

Еңбек етіп аптап ыстық, аязда,

Қамын ойлап қарапайым халықтың.

Ом заңының мағынасына қаныққан,

Қаржы болмай талай мәрте тарыққан.

Ақырзаман боларына сенбестен,

Ерліктерін еңбегімен танытқан.

ІІ  жүргізуші:Төтесінен жолды өзің салып тың,

Сабырлықпен артын бағып әліптің.

Ойып тұрып орын алдың төрінен,

Зулап өтіп бара жатқан тарихтың – деп осы қонақтарды зор құрметпен қарсы алайық./ Жеңіл әуен /

І жүргізуші: Бүгінгі мереке өзге мерекелерден бірнеше артықшылықтарымен ерекшеленеді. Бұл туралы сәл кейінірек. Ал әзірге:

Таудай етіп талабын, (2 слайд)

Арқалап көптің қалауын,

Желбіреткен әрдайым,

Әділдіктің жалауын.

Жақсылықтың мезетін,

Елден бұрын сезетін.

Бергеніміз жөн болар,

Алғы сөздің кезегін.

/Құлан ауылшаруашылық колледжінің директоры — Бүкірова Жұмакүл Оңғарбайқызы/

І жүргізуші:Бүгін бізде аудандағы белді мекеме қызметкерлері қонақта. Бірақ кез келген мекеме басшысыз болмайды. Сондықтан 

Басшы деген жұмысқа еш кешікпейді, (3 — 5 слайд)

Келдім мен бір мәселе шешіп — дейді.

Басшы деген өтірікке жақын емес,

Салғыласып айтысатын ақын емес.

Басшы деген жас маманның ақылшысы,

Сүйікті ұжымына жақын кісі.

Мүмкін оның жұмысқа келмеуі де,

Нұсқама, тапсырмалар бермеуі де.

Бар жұмыс өз орнымен жүріп жатса,

Сенгені деп есептеңіз төртеуіне.

/ Мекеме басшысы — Миралиев Ерсін Балтабайұлы /

 

Энергетиктер күні: мерекенің тарихы. (6,7 слайд)

/Өндірістік оқу шебері — Қарабалаев Мейірхан Жантайұлы./

Музыкалық сәлемдеме

І жүргізуші:

Электрсіз бұл заманда күнің жоқ,

Электрсіз ешбір жерде білім жоқ.

Энергетик болғаннан соң қоятын,

Өн бойыңда іліп алар мінің жоқ.

Ампер, Вольта және Омның заңдарын,

Оқуменен талай атты таңдарым.

Жалықпастан электрдің зерттедім,

Пайда болу себебі мен салдарын.

Мамандыққа шолу.(8 — 12 слайд)

/Өндірістік оқу шебері — Ауғанбаев Бауыржан Нұрланұлы /

ІІ  жүргізуші:

Еңбегіңсіз ғаламшар,

Оранар қара түнекке.

Тұншығады адамзат,

Жылу келмей жүрекке.

Энергетик тұрғанда,

Жүк түсірме білекке.

Тек электрик лайықты,

Жақсы деген тілекке.

ЭКСПО – 2017: Болашақтың энергиясы.(13 — 17 слайд)

/ Баяндама — Балдыбекова Күльбахан Әліпбайқызы. /

І жүргізуші:

Электрдің өрісін, (18 — 19 слайд)

Жеке – дара өтпессің.

Қанша дарын болсаң да,

Фарадейге жетпессің.

Джоуль мен Ленцтің,

Еңбегін аттап кетпессің.

Үйіңе жарық беретін,

Токты бастан теппессің.

Құттықтау сөз./бас диспетчер – Мурзатаева Назым Шаймұратқызы /

/бас маман – Момыналиев Бақытжан Байырбекұлы /

ІІ  жүргізуші:(20 слайд)

Оң қол, сол қол токқа бағыт беретін,

Қайталанып ереже боп келетін.

Электрлік терминдерге қарасаң,

Бұрғы да бар ток боп ішке енетін.

І  жүргізуші:(21 слайд)

Генератор тұрақсыз ток береді,

Сол тогымыз өткізгішпен келеді.

Көше аралап, үй тұсына келген соң,

380 вольт боп үйге енеді.

ІІ жүргізуші:(22- 23слайд)

Әр көшенің бас жағында тұр дейді,

Трансформатор, көшедегі гулейді.

Айнымалы токтың күйін өзгертіп,

Жоғарылатып, төмендетіп жүр дейді.

І  жүргізуші:(24 слайд)

Әр үйде бар электрлік қозғалтқыш,

Күндіз – түні төтесінен жол тапқыш.

Ол тұрғанда өркениет кезінде,

Қолға күрек, ара ұстаушы болмаппыз.

ІІ  жүргізуші:

Жасалады темір, бетон, ағаштан,

Өзі биік, зәулім көкпен таласқан.

Бірге арқалап өткізгіштер салмағын,

Тіреулер бар татулығы жарасқан.(25 слайд)

ІІ  жүргізуші:Сергіту ойындары.

1.Отты сумен сынау.

3 ер адамға 3 стакан беріледі. Екі стаканға су құйылған. Тек біреуінде ғана отты су бар. Қайсысында екендігі белгісіз. Белгі бойынша бәрі біз мезгілде түтікпен сұйықтықты іше бастайды. Отты су құйылған стакандағы сұйықтықты ішкен адам жиіркенуін сездірмеуі тиіс. Біз кімнің стаканына отты су құйылғанын анықтауға тырысайық.

  1. Қағаздан қар түйіршігін ою.

Ортаға 4 адам шақырылады. Олардың міндеті — ең әдемі және ең ұқсас қар түйіршігін оюы керек. (4 қайшы,4 қағаз сүлгі немесе ақ парақ).

  1. Аязды жел.

Столдың екі шетіне бөлініп орналасамыз. Қар түйіршігін столдан үрлеп түсіруге тырысамыз. Қар түйіршігі қай жағына қарай столдан сырғып түссе, сол жағындағылар жеңіліс дәмін татады.

І  жүргізуші: Сынақ – тапсырмалар.

Әрбір жанұя Жаңа жылдық мереке қарсаңында жаңажылдық торт пісіреді. Торттың ішіне көптеген тосын сыйлықтар жасырады. Біз де Сіздер үшін сондай торт әзірлеп қойдық. Дәміне қарай торттың бір – бір тілігін алып, Жаңа жылда Сіздерді не күтіп тұрғанын біліңіздер.

( Үлкен әдемі жайпақ табақтың бетінде тортты бейнелейтін қатты қағаздан дайындалған тіліктер бар. Олар кішкентай төрт бұрышты етіп жасалған. Тіліктің ішкі бетінде суреттер салынған. Бұл Сізді Жаңа жылда не күтіп тұрғанын білдіреді.)

Жүрек – махаббат, Күн – табыс,

Кітап – білім, Хат – хабар,

Тыйын – ақша, Машина – машина сатып аласыз,

Кілт – жаңа пәтер. Адамның беті – жаңа таныстық,

Жебе – мақсатқа жету, Сағат –өмірдегі өзгеріс,

Жол – сапар, Сыйлық – тосын сый,

Найзағай – сынақ, Бокал – мерекелер.

КОМАНДАЛАР ЖАРЫСЫ

  • Мамандық бойынша.
  • Техника қауіпсіздігі Ережелері бойынша.
  • Техникалық пайдалану Ережелері бойынша.
  • Коммутациялық аппараттар туралы.
  • Электр монтаждау жұмыстары.
  • Өлшеу құралдарын қолдану.
  • Жеке бастың қорғану құралдары.
  • Электр тогымен зақымданған адамға алғашқы көмек көрсету.
  • Ескерту плакаттарын мақсатты қолдану.
  • Сұрақ – жауап жарысы.

Концерттік бағдарлама.

Қорытындылау.

Дереккөз: internet-konkursy.com

Басқа материалдар:

  1. Электротехника пәні бойынша тест сұрақтары жауабымен (І нұсқа)
  2. «Физика» декадасына арналған «ХХI-ші ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалдық сайысы
  3. «Білімді информатик» сайысы
  4. Жасанды интеллект деген не?
  5. Информатика пәніне қатысты глоссарий
  6. Бұлттық технологиялар туралы толық мәлімет
  7. «Заман шындығы» бөлімі бойынша қазақ әдебиетінен тест тапсырмасы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ