Jennie Kim: кәріс айдолының Голливудтық дебюты

0
1742
Jennie Kim: кәріс айдолының Голливудтық дебюты

Jennie Kim: кәріс айдолының Голливудтық дебюты

Jennie Kim-әлемге аты танымал Blackpink қыздар тобының мэмбері, бас рэпер және вокалист. K-pop артист Дженни Ким айдол ретінде 2016 жылы «YG entertainment» компаниясында дебют алған болатын. Бүгінде арада 7 жыл өте Дженни Голливуд сахнасында алғаш рет актриса ретінде дебют жасайды деп күтіледі.

Еске түсіре кетсек, осыдан бір жыл бұрын, The Weekend- америкалық поп жұлдыздың продюсерлігімен түсірілетін “The idol» сериалына k-pop жұлдызы Дженни түседі деген сыбыстар тараған. Араға уақыт сала, 2022 жылдың 18-ші шілдесінде HBO телеканалы әншінің сериалдағы рөлін растады. Өткен жылдың жаз мезгілінен бастап жұлдыздың жанкүйерлері әншінің актрисалық дебютын асыға күтуде. Соңғы жаңалықтарға сәйкес, Дженни Ким актрисалық дебютын “Festival International du film de Cannas» 76-шы халықаралық кинофестивалінде 22 мамыр күні жасады. Әнші “The idol» сериалдарының өзге жұлдыздарымен және атақты Джонни Депптің қызы Лили Роуз Депп бірге қызыл кілемнен өтті. Сериалдың алғашқы көрсетілімдері HBO телеканалында 4 маусымнан басталады деп жоспарлануда.

Дженни Канн кинофестивалінде

Әншінің актрисалық дебюты әлемнің түкпір-түкпірінен адамдарды қызықтырды. Сериалдың басты кейіпкерлері The Weekend пен Lili Rose Depp -тен аса түскен Jennie бүгінде статистика бойынша “жанкүйерлер асыға күтетін» жұлдыздар арасында бірінші орынды иеленді. Кореялық артистің Голливуд сахнасындағы рөлі үлкен жаңалықтар тудырып үлгерді. Rolling stone журналының ақпараттарына сәйкес түсірілім тобының мүшелері әншінің экрандық уақыты аз минуттарды құрайтынын хабарлайды.

Мұндай жаңалық көрермендердің наразылығын тудырды. Әншіні түсірілім алаңында энтузиазмі үшін мақтаған сериалдың режиссері Sam Levinson-ның бұл әрекеті қызу талқылануға түсті. Үлкен қызығушылықпен күткен фанаттар, әнші лайықты экрандық уақыт алады деп күтеді.

Дженни Канн фестивалінің фотосессиясында

Омар Ақбота

Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-интернаттың 11сынып оқушысы

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ