Эс­се жә­не оның түр­ле­рі

1
29986
Freepik.com

Эссе – шағын көлемді прозалық мәтін. Эссеге батыл болжамдар, өткір ұсыныстар, талас тудыратын пікірлер, ойлар, қозғау саларлық байламдар тән. Онда автордың жеке көзқарасы, өзіндік пікірі көрініс табады.

Эссеге мынадай талаптар қойылады:

  • еркін композиция
  • автор ұстанымы
  • баяндау еркіндігі
  • тосын
  • жаңа пікірге бейімділік

Эссенің түрлері:

1. Аргументті эссе. Пікірді, көзқарасты растайтын, қолдайтын немесе
жоққа шығаратын дәлелдер келтіріліп, аргументтермен түйінделіп
отырады.

2. Салыстырмалы эссе. Бірнеше мәселе­­ талқыланып, олардың арақатынасын ажыратып жазу көзделеді.

3. Сипаттамалық эссе. Детальдар арқылы жер, зат, адам бейнесіне
сипаттама беріледі.

4. Хабарламалық эссе. Адам өз тәжірибесіне сүйене отырып, өз тұрғысынан, өзіндік көзқараспен оқиғаны сипаттап жазады. Бұл эссе өткен шақта немесе осы шақта жазылады.

5. Дискуссивті эссе. Екі жақты пікірді салыстырмалы түрде талдай
отырып, қорытынды шығарып жазады.

6. Анықтамалық эссе. Нақты дәлелдер арқылы терминнің мағынасын
ашу көзделеді.

Дереккөз: Қазақ тілі: жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбының қоғамдық-гуманитарлық бағытына арналған оқулық. / Т.Н.Ермекова,
Г.М.Найманбаева, Б.М.Найманбаева

Ұқсас материал:


1 ПІКІР

ПІКІР ҚАЛДЫРУ