Эссе: «Күз – молшылықтың, байлықтың, берекенің айы»

0
5224

Міне, басқа маусымдарға ұқсамайтын келбетімен күз де келіп жетті. Күз – жылдың 4 мезгілінің бірі және қыркүйек, қазан, қараша айларынан тұрады. Әр мезгіл өз сұлулығымен таңдай қақтыраллықтай. Ал мен үшін орны бөлек мезгілдердің бірі  – күз. Сары жапырақ, қоңыр салқын ауа райы, жабырқаулы көңіл күй, қара суық жер күзге тән қасиет.

Күз дегеніміз – молшылықтың, байлықтың, берекенің айы. Олай дейтін себебім, күзде – егін, шөп, астық, көкөніс, жеміс – жидектер піседі. Ағаштың бейнесінен қуаныштың, қайғының көңіл – күйін байқауға болады. Дастархан әртүрлі тағамға толы болады. Күзде қыс мезгіліне дайындалу басталады. Сондықтан адамдар да, жануарлар да, құстар да, тіпті өсімдіктер де қысқа әзірлік жасайды.

Күз көп адамдары берекеге, мерекеге бөлейді. Олай дейтін себебім, күзде мерекелер көп. Қоңыр күздің алғашқы күні барша оқушылар үшін «Білім күні» мерекесімен ортақ. Сонымен қатар «Алтын күз»,  «Ұстаздар күні», «Қарттар күні», «Тілдер»  мерекелерін де мектеп қабырғасында тойлаймыз.

Сінілім екеуміз діріл қағып мектепке асығып кетіп барамыз. Бұрынғыдай асыр салып далада ойнамаймыз. Өйткені анам рұқсат етпейді. Кешеден бері аспанды суық бұлт торлап алды. Ауыл іші түнеріп тұр. Өн бойымыз әлденеге діріл қағып, жаурағандай сезіндік өзімізді.

Мектептен келген соң, анамыздан рұқсат сұрап далаға шықтық. Күн ашылды. Қою бұлттар тарқап, айнала сап – сары боп құлпырып кетті. Тек табан астындағы тапталған жапырақтардың сылдыр – сылдыр еткен дыбысы ғана естіледі. Кенет жел соқса ғана жұп – жұмсақ жапырақтар ұша жөнеледі.

Ауыл іші қызу жұмыс үстінде. Біреулер ағаш жарып, көмір түсіруде, ал тағы біреулер бау- бақшаларын жинап, шөп түсіруде. Біз де бос тұрмай сінілім екеуміз, сары жапырақтарды жинап, күзгі гүл шоғын жасадық.

Бар табиғат қыстың келуіне дайындық жасап жатса, біз тек сағынышпен күздің керемет сәттерін еске түсіреміз.  Сондықтан күз — молшылықтың, байлықтың, берекенің мезгілі болып саналады.

 

ШҚО Семей қаласы, Бөкенші ауылы Бөкенші жалпы орта білім беретін мектебіның оқушысы Шаған Асылым Асқарқызы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ