«Алтын күз» тақырыбындағы балалар шығармашылығының топтамасы

2
4852

Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Самар ауылы Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейінің 4-сынып оқушыларының «Күз —  береке бастауы» тақырыбындағы шығармашылық жұмыстарын назарларыңызға ұсынамыз. Жетекшілері Темиргалиева Фарида Турсунгалиевна. 

 

Күз —  береке бастауы

Күз керемет жыл мезгілі. Күзде табиғат ерекше бір күйге енеді. Айналамыз түрлі түске боялған. Жапырақтар  қызыл, сары түске еніп, құлпырып, көздің жауын алады.Дала да сап-сары түске еніп алыстан мұнартады. Күздің сұлулыңғына көзің тоймайды!

Күз мен үшін молшылық пен байлықтың көзіндей. Қауырт жұмысқа араласқан адамдар күздің бар байлығын тезірек жинап алу үшін жіті қимылдауда. Қылышын сүйретіп келе жатқан «Қыс мырзаға» қызу дайындалуда.Апаларымыз болса үйдегі бау-бақшаның жемісін шыныларға жауып, қыс азығын дайындап жатыр. Әкелеріміз малға жем-шөп дайындап шабындықта жүр.

Жайлаудан семірген мал түсе бастады. Мыңғырған мал, қора-қора қой қазақ ауылының өзінше бір сәнін келтіргендей. «Күздің бір күні, қыстың бір айын асырайды» деген осы шығар!!! Иә, күзде ерінбей еңбек етсең, қыстай қысылмай өмір сүресің!

Шәміл Диана

 

Алтын күз

Табиғаттың төрт мезгілінің ішіндегі маған ұнайтыны – «алтын күз». Айналаңа көз жіберіңізші. Неткен ғажап көрініс!!! Мынау тұрған – үйеңкі. Жапырақтары алтынға малынып, күзгі күннің шуағына оранып мүлгіп тұр.Осы бір мамыражай қалпымен сондай нәзік,сондай  әдемі. Кенет жел тұрып, әдемі жапырақтары желмен бірге ұша жөнелді. Бейне бір  мың сан көбелектерге айналып кеткендей аспанға  көтерілді. Мен мәз болып төменірек ұшқанын қуып ала жөнелдім. Ұстатпайды!!! Мейлі, солай аспан көгінде еркін ұша берсін.

Әне аспанда қиқулап, тізбектей ұшқан құстар тізбегі көрінді.Олар ерекше бір сән түзеп оңтүстікке қарай қалықтап барады. «Қош болыңдар,көтемге дейін күн жақсы болсын!» деп мен оларға қол бұлғадым.

Байзолдин Ерасыл

 

Күз-береке, күз-мереке

«Күз-береке, күз-мереке» деп тегін айтпаған. Адамдардың жаз бойы тірнектеп жинаған өнімдерінің жемісін теретін кез – осы күз айы. Әбден піскен , толықсыған егін ортасында бейне бір теңізде жүзіп бара жатқан кемедей, комбайн жүр. Әкем осы егін оруға жаздай дайындалды. Егін жинауға «кемесін» егін пісті-ау деген кезден бастап, жөндеу жұмыстарын жүргізіп дайындады. Жылда осы уақыт әкем үшін ерекше , жауапкершілігі мол мезгіл. «Балам жауын-шашынға қалдырмай егінді тез жинап алуымыз керек. Өйткені астық бүкіл халықтың несібесі. Оны төкпей –шашпай жинап халықтың өзіне қайтару –біздің парызымыз. Береке бастауы осы астықтан басталады. «Нан болса, ән де болады» демекші  дастарханымыз нанға, асқа толып тұрса кеңшілік те, береке ырыс-құт та бізде болады» дейді әкем.

Рас ,елімнің береке –бірлігі  дән егуден басталатынына көзім енді жеткендей.  Менің арманым дастарханымыздан нан кетпей, аспанымыз ашық болып, береке бірлігіміз  арта берсе екен!

Қарақат Нұрхат

 

Күз ғажайыптары

Міне жадыраған кұз де келіп жетті. Күз айын мен ерекше жақсыкөремін. Өйткені береке, бірлік, байлықтың, бар жақсылықтың бастауы осы күз мезгілінен басталады. Күздің ең бір ерекшелігі жаздай сағынған  мектебімізбен қауышып,білім ордасының табалдырығын аттаймыз. Жылдан-жылға мынау өзгеріп жатқан заманда оқу бағдарламасы да биыл өзеріп кеткен. Кітап, оқулықтарымыз  әлемдегі заманауи жаңалықтарға толы. Бұл да мен үшін бір ғажап дүние.

Ал күздің ең ғажабы айналамызда тұнып тұр. Күз табиғаты қызыл-сары түстермен құлпырып әдемі бір сұлу қыздың кейпіне енген. Бау-бақшадан жаздай суарып-баптап өсірген еңбегіміздің жемісі — қап-қап картоп, сәбіз, қызылша, қызанақ жинадық,  Мені таң қалдырғаны кейбір жемістердің табиғаттағы ерекше бір бейнелері. Мынау бір картопты алып қарасаң ұйықтап жатқан қонжыққа ұқсайды. Ал мына біреуі адам бейнесіне де келетін секілді. Мына сәбіздер бір-біріне жабысып алып адамның жүрегіне ұқсайды. Неше түрлі, гүл, қоян, шайнек, машина да жемістер бейнесінде жүр.

Табиғаттың осындай  ғажайыптарына қызығып, күздің берекесі мен мерекесіне кенеле берейік ылайым.

 Елемес Нұрлан

 

Күз келбеті

Табиғатта жаман мезгіл болмаған,

Әрқайсысы ерекше бір жыр маған.

Көктем мен жаздың орны бір басқа,

Алтын күзден артық мезгіл жоқ маған.

 

Әсемдігі бір кем емес көктемнен,

Бар алқапты алтын түске көмкерген.

Жайнап тұр елімнің бар алқабы

Күз мезгілі ырыс пен құт берген.

 

Күз келіп сарғайды жапырақ,

Кілемдей жайнады атырап.

Құс қайтты жол салып, аспанда,

Жер бетін сары рең басқанда.

Тұрсын Жәнібек

 

Күз

Ызғар желі ызалана үрледі,

Аспанды жауған бұлт түнерді.

Үнсіз ғана мүлгиді қара аспан

Мынау жабыраңқы, мұңлы күндері

 

Құстар кетті туған жерден алысқа,

Қанат қағып топтасып ап жарыса.

Қимай кетіп бара жатыр шалғайға

Көктем келсе қайда оралар Шығысқа,

 

Шабыт тасып, арғымақтай бұлқынып,

Мен отырмын өлең жазып мұң ғылып.

Күн суынып, мендік жүрек жылынып,

Ақ параққа қара сия жұғылып.

Чакербекова Наргиз

 

Сайтымызда жарияланған «Күз мезгілі» тақырыбындағы эсселер мен шығармалар тізімі:

  1. «Күз мезгілі» тақырыбындағы шығарма
  2. Алтын күз (эссе)
  3. Күз тақырыбындағы қызықты әңгіме
  4. Қош келдің, алтын күз! (Шығарма)
  5. Күз тақырыбында шығарма
  6. Күз — береке бастауы (Шығарма)
  7. Күз туралы эссе
  8. Алтын күз (эссе)
  9. «Алтын күз» тақырыбындағы балалар шығармашылығының топтамасы
  10. Эссе: «Күз – молшылықтың, байлықтың, берекенің айы»
  11. Эссе: «Алтын күз»
  12. Эссе: «Күз — береке бастауы»
  13. Күз туралы эссе: «Күз — молшылық мезгілі»
  14. Эссе: «Күз — береке бастауы»
  15. Күз туралы эссе: «Күз – байлық, молшылық»

 


2 ПІКІРЛЕР

  1. Көп рахмет! Күз мезгіліне байланысты сабағыма керектінің барлығын таптым! Рахмет!

  2. Барлығы шынайы жазылған екен. Балалар шығармашылығын көптеп жарияласыңыздар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ