Эссе: «Алтын күз»

1
17508

Алтын күз келді. Жапырақтар сарғайып, жерге түсіп жатыр. Жерге сары кілем төсеп қойғандай жұп-жұмсақ болып тұр. Күз мезгілін «алтын күз» деп айтатын себебіміз айналаның бәрі сары түске боялғандай. Күз мезгілінде бидай, тары, күріш, сұлы арпа дақылдары піседі. Маған күз мезгілі ұнайды. Айнала қандай тамаша десеңізші!

Ағаштардың сары, қызыл, қоңыр жапырақтары — күздің айрықша белгісі болып келеді. Ағаштардың жапырақтары сарғайып түсіп шөптер де қурап қалған.Егіншілер астықтарын жинап алып, қыстың қамына кірісіп те кетті.Осы бір табиғаттың тылсым дүниесіне таң қаласың. Сары жапырақ қоңыр салқын ауа-райы, жабырқаулы көңіл-күй, қара суық жер күзге тән қасиет. Неткен ғажап көрініс . Менің жаныма ең жақын осы бір күз мезгілі. Адам қандай болсын  бір кез-келген адамның ойларында қазір күздің сарыны байқалады. Сөйтіп табиғат адамға осылай да әсер етеді екен-ау.

Табиғат жаратылысы өзіне тән жыл он екі ай төрт мезгілмен ұштасады. Әр мезгіл өз сұлулығымен таңдай қақтырарлықтай.Себебі күз -молшылықтың, байлықтың, берекенің мезгілі болып саналады. Яғни жемістер, көкеністер  пісіп, балалар сабаққа барып абыр- сабыр болып жатады. Таңертеңгі көріністі айтсаңшы ,шөптің бетін моншақтаған су басып мөлдіреген  тұрады. Айналама зер сала қарасам таиғаттың өзі алтын  түстес. Абай атамыз жырлағандай күзде келді. Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,Күз болып дымқыл тұман жерді басқан -деген өлең жолдары дәл айтылғандай.

 

ШҚО Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылы,  «Абай атындағы орта мектебі» КММ 4-сынып оқушысы Баласаева Шұғыла


1 ПІКІР

ПІКІР ҚАЛДЫРУ