Күз туралы эссе: «Күз — молшылық мезгілі»

0
7295

Күз-жыл мезгілдерінің бірі. Күзде егіншілер егін орып, астық молаяды, қамба астыққа толады. Ал  оқушылар  жаздай күткен мектебіне барады. Мектептен  сабақ оқып, білім алады.

Күзде сонымен қатар көптеген мерекелер болады, ұстаздар мерекесі, қарттар мерекесі, білім күні. Соның алғашқысы – 1 қыркүйек білім күні. Бұл күні барлық жерде оқушылар мектепке барады. Аяулы ұстаздарымен, достарымен қауышады. Ұстаздар мерекесі де айтулы мерекелердің бірі. Бұл мерекені барлық жер жерде тойлайды. Біздің мектебімізде де тойланады. Ұстаздарға арнап көптеген іс шаралар өткіземіз, концерттер қоямыз. Күз-береке бастауы демекші, күзде адамдар жаздай еккен бақшаларынан қияр, қызанақ, пияз, картоп жинайды. Қысқа дайындалып үйлеріне ағаш, көмір, отындарын төгеді, малдарына қыста жейтін шөптерін түсіреді. Күз-молшылық мезгілі. Мен күз мезгілін жақсы көремін. Себебі айналаға қарасаң көзің тоймайды. Ұлы ақын Абай атамыз айтқандай:

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан

Күз болып дымқыл тұман жерді басқан,

Білмеймін тонғанымды, тойғанымды,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,

Жастар күлмес жүгірмес бала шулай,

Қайыршы шал кемпірдей түсі кетіп,

Жапырағынан айырылған ағаш қурай  —  демекші жапырақтар жерге түсіп, жерге алтын кілем төсегендей болады. Орманда ағаштарға қарасаң тиін, қояндар қысқа дайындалып жүреді. Жаңбыр сиреп жауады, кемпірқосақ шығып балаларды қуантады. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Тек қана суыққа төзімді құстар қалады. Күн суытып, адамдар жылы киіне бастайды.

Қарағанды облысы №1 Ұлытау жалпы орта білім беретін мектебі базасындағы Тірек мектебінің 6-сынып оқушысы Сақтаған Мадина


ПІКІР ҚАЛДЫРУ