Өлең: «Күз – береке бастауы»

0
2587

Туа біткен қасиет бар бойымда,

Өлең жазу, шығару өз ойымда.

Қолыма қос парақ пен қалам алып,

Жаздым өлең  «Күз береке бастауы»  деп.

Күзім келді сары-алтындай сарғайып,

Жапырақтар жерге түсті мұңайып.

Кеше ғана жүрген сайрап құстарым,

Жылы жаққа ұшып кетті желден қашып.

Күн суытты, күзде келді,

Қара  суық, салқын желді.

Құстар қайтып бара жатыр,

Олар таңдайды жылы жерді.

Жапырақтар жерде мамық,

Алда қыс бар ол да анық.

Табиғаттың көрінісі,

Бізге мәлім, емес таңсық.

Егін орып, шөп шабылат,

Еңбек етсе ас табылат.

Екі қолға бір күрек деп,

Жасы-кәрі бәрі жабылат.

 

Қарағанды облысы №1Ұлытау жалпы орта білім беретін мектебі базасындағы Тірек мектебінің 8-сынып оқушысы Тахан Бекзат


ПІКІР ҚАЛДЫРУ