Күз туралы өлең: «Күз — берекем»

0
2016

Күз — берекем!

Алақай, алақай күз келді,

Жеміс-жидек пісті енді.

Балалар жүр қуанып,

Мектепке келді гүл алып.

Береке басы күз келді,

Шаттыққа бөлеп маңайды.

Қайнаған еңбек қырманда,

Байлыққа елім кенелді.

Қазақтың байтақ төрінде,

Бастау алып маусымнан.

Әлемді таң қалдырған,

Аяқталды ЭКСПО күздің шуақ күнінде.

Борышкерміз бәріміз ұрпақ қамын ойлаған,

Үш жүз жылға толыпты

Қаз дауысты Қазыбек би бабамыз,

Еске алып тойладық берекелі күзде біз.

Күрең күз келіп ауылға,

Көк майса жер мұңайды.

Ал, төрт түлік мал қуанып,

Жүр өрісте қоңданып.

Қыс қамына кірісіп,

Аулада жүр аталар мен ағалар.

Жылы киім тоқуда,

Әжелер мен апалар.

Жылы жаққа аққу, қаздар ұшуда,

Қиқу салып, қимай-қимай шулауда.

Балалар да ұзақ қарап телміріп,

Қимай-қимай қоштасып тұр аулада.

 

Қарағанды облысы «№1Ұлытау жалпы орта білім беретін мектебі базасындағы Тірек мектебінің 8-сынып оқушысы Махсұт Асел

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ