Алтын күз (эссе)

0
9049

Күз молшылық белгісі демей ме? Күз осы 4 мезгіл ішіндегі ең асылы, ең әдемісі, ең алтыны болып саналады. Қырман басы тазаланып, бау-бақша жиналып, құс базары тарқайтын кез. Күз дегеніміз- қауырт еңбек кезеңі. Олай дейтініміз- бұл кезде қыс қамы жасалынады. Бұл кезде ауамызды тазартатын жасыл ағаштарымыздың жап-жасыл түстері сарғайып, алтын түске боялады. Ағаштың жапырақтары түсіп, айнала алтын түске енеді. Әр мезгіл өзіне тән сұлулығымен таңдай қақтырарлықтай. Сары жапыраұ, қоңыр салқын ауа-райы, жабырқаулы көңіл-күй, қара суық жер күзге тән қасиет. Күздің өзіне тән ерекшеліктері: 1) Адамдардың көбі бұл мезгілде үнатай жатады, айналасына қанағаттанбаушылық білдіреді. Болар-болмас нәрсеге мұңайып, бастарын қатырады. Күздің бірінші ерекшелігі де осы еді. 2) Күздің өзіне тән суық мінезі, иісі бар. Ешкімге мойынсұнбайтын тоңмойындығы тағы бар. 3) Күздің үшінші ерекшелігі — күзгі сарын, күздің дыбысы. Жылы жаққа ұшып кетіп бара жатқан құстардың қанат қағыстары мен қимастықпен қоштасқан үні, ағаш сыбдыры, ызғырық соққан жел, жел ырқымен қозғалған ағаш бұтақтары мен жапырақтар үні. 4) Қызыл, жасыл, сары, қоңыр сияқты түстердің алуан түрлілігі керемет үйлесім табады. Төртінші ерекшелікте осында. Күз мезгілінде ғана осыншама көп түстердің үйлесімін көруге болады. 5) Жауын-шашынның ең көп жауатын мезгілі де осы-күз. Жаңбыр ол-Алланың нұры. Бұл алтын күздің бесінші ерекшелігі. 6) Соншалық жаңбырдың, жапырақтардың мол қорын қай мезгілде көруге болады – әрине, күзде. Ағаштың алтын жапырақтары айналаны сары түске бояйды. 7) Кейбір адамдар осындай керемет ауа-райында саябаққа барып, біраз демалып, сергіп қайтқысы келеді. Себебі, тек осы мезгілде саябақтарға жаңа келбет  кіреді. Бұл алтын күздің жетінші ерекшелігі. Ең бастысы, күз — бұл төрт мезгіл ішіндегі ең молшылыққа, ең тоқшылыққа толы мезгіл. Күз мезілінде иммундық жүйеміз әлсіз келеді. Бірақ осы мезгілде көп тағамдар піседі. Күз мезгілінде пайдалы 7 азық: 1) Ашытылған қырыққабат – В, С дәрумендеріне бай, тіпті, жаңа піскеннен де пайдалырақ. 2) Итмұрын – дәл осы итмұрын С дәруменінің көп мөлшерін және басқа да түрлі дәрумендерді құрамында сақтайды. Сонымен қатар, итмұрында: мыс, темір, калий, магний, фосфор бар. 3) Тосап, жемістен жасалған тәтті тағам немесе мұздатылған қара қарақат. Олар иммунитетті жоғарылатып қана қоймай, ағзаға түрлі вирустармен күресуге көмектеседі. 4) Лимон, апельсин, грейпфрут. Аскорбин қышқылын, магний, калий, темір, фосфор, натрий, кальцийді, А,В,РР дәрумендерін осы жемістерден алуға болады. 5) Қымыздық пен саумалдық. Мұздаьылған күйінде де пайдасы мол.  6) Болгар бұрышы. Қан тамырларын нығайтып, ми қанайналымын дұрыстайды. 7) Көк жуа. Иммунитетке ең күшті әсер беретін тағам болып табылады. Бұл тағамдар тәкаппар күздің суық күндерінде жейтін пайдалы тағамдар. Күз туралы қазағымызда көп мақал–мәтелдер бар. Соларға тоқтала кетсем:

«Күз келсе – бақыт келер ырыспен», «Егіндікті күз суар, Күз суарсаң жүз суар», «Көктемгі әрекет, күзгі берекет», «Малдың төлін күзде сана», «Көктемде жерге түскен бір дән, күзді күні мың дән болады», «Тоқты күз болмай қойға қосылмайды». Бұл мақалдардың астында терең ой, түпсіз мағына жатыр. Бұл мақалдардан күз молшылық белгісі екенін байқауға болады.

Төрт мезгілім ұштасқан,

Кезек–кезек жалғасқан

Молшылықтың белгісі

Алтын күз деп айтылған,

Бар егінім, жемісім.

Уылжып жерге тастасқан,

Ағаштары сарғайып

Жапырақтары қоштасқан.

Бұл өлеңді арнайы күз мезгіліне шығардым. Қоймасын астыққа толтырған диқаншы, қыс азығын жинаған шаруа, еңбекпен біте қайнасқан қызықты жайттар. Сондықтанг күз – молшылықтың, байлықтың, берекенің мезгілі болып саналады.

 

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Опорный орта мектебінің оқушысы Мусаева Ақтілек  


ПІКІР ҚАЛДЫРУ