Күз туралы өлең

0
1787

Қоңырау салқын  тарады.

Қойнаулар мен сайлардан,

Қаздар қайтып барады.

Қайтқан елдей жайлаудан.

Соңғы шуақ төгіліп.

Жарқылданып тұр аймақ

Ақ сәулеге шомылып

Күз әуені төгілді.

Жұлдыз туып таң алды,

Әнге арнап ғаламды

Сазды әуен шаттыққа

Бөледі бар адамды.

Әуенге еріп сиқырлы,

Айтылды ән боп сыр қилы

Күзгі әуен жастардың

Жүрегіне нұр құйды.

Нұрға бөлеп өмірді

Жырға бөлеп көңілді

Жарқыраған  сәулелі

Күз әуені төгілді.

Күз келді, алақай!

Алтын келді далаға

Дәні бітік бидайды,

Құйып жатыр қамбаға

Молшылыққа бөлеген

Күз айы неткен ырысты ау?

Біздерді қауыштыратын

Жапырақтар күз ойнап.

Келді міне күз.

Айнала сары түс,

Керемет, тамаша

Қандай әсем күз

Жеміс жидек пісті,

Қамбаға астық түсті

Қызу жұмыс басталып,

Жинап алды жан салып.

Көктен көзін бір алмай,

Қызғылт тартты кәрі күз

Жер қызығын қия алмай,

Маужырап тұр сары күз.

Думан толы асқарлы

Күз мезгілі басталды,

Күз әуені кеп жетті,

Әнге бөлеп жастарды.

Нұрға бөлеп өмірді,

Жырға бөлеп көңілді

Жарқыраған  сәулелі.

Күз береке бастауы.

 

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Опорный орта мектебінің оқушысы Мешітбай Айнұр


ПІКІР ҚАЛДЫРУ