Қош келдің, алтын күз! (Шығарма)

0
6574

 

         Табиғат  жаратылысы өзіне  тән жыл он екі ай төрт мезгілімен ұштасады. Әр мезгіл өз сұлулығымен таңдай қақтырарлықтай. Мысалы, қыс –мамықтай  жұмсақ,  кіршіксіз таза көңілдей аппақ қарымен  көрікті болса, ал көктемде  жылғалардан су ағып, өсімдік атауы бүршік атып, ағаштар ақ гүлден моншақ тағынады, төрт түлік те төлдеп тіршілікке жан бітеді. Айналасын жасыл кілемге төсеп дала біткенді суға жүгіртіп,  қарынын үзілген жеміске тойдырған жаз да бар.

Ал мен үшін орны бөлек, жаныма жақын – күз мезгілі. Иә, көне шаһар төріне өзімнің басқа маусымдарға ұқсамайтын келбетімен күз де келіп жетті. Сары жапырақ қоңыр салқын ауа-райы, жабырқаушы көңіл-күй, қара суық жер күзге тән қасиет. Күз мезгілін «алтын күз» деп атайтын себебіміз айналаның бәрі сары түске айналады.

Біз төменгі сыныпта оқитын кезімізде жыл сайын міндетті түрде «Күз» деген тақырыпта шығарма жазушы едік. Ылғида «Күз келді. Күн суып, жапырақтар сарғайды. Құстар жылы жаққа қайтты. Адамдар жылы киіне бастады. Диқандар өнімін жинап алды…» деген сарынмен жазып кете беретінміз. Иә, бала қиялы, бала көзі күздің сыртқы бейнесін, сипатын баяндап жазуға қауқарлы. Ал бойында, ойыңда өскен кезде күзді басқа қырынан көре бастайды екенсің.

Өз басым жыл мезгілдерін адам өмірінің кезеңдерімен салыстырар едім. Көктем- бүр жарған тіршілік оянған  жастық шағымыз. Бәрі де таза, бәрі де табиғи. Табиғат-ана оянып, тіршілік жанданып, күн тек мейірім төгіп тұрады. Ал жаз мезгілі- тіршіліктің нағыз қайнаған шағы. Өсімдіктер өз өнімдерін беруге дайындалып жататыны секілді, адамның  да жаз маусымы оның отбасын құрып, бала өсіріп, солардың болашағы үшін барын салып, бойындағы қаны қайнап тұрған уақыты деп білемін. Адамдардың ұрпақ тәрбиелеп, оларды орындарына жайғастырып, еккен егіндерінің жемісін көретін мезгілі – күз мезгілі. Адам ғұмырының соңғы ұзақ ұйқыға кететін шағы қыс мезгілі. Суық та ызғарлы. Көктемді аңсайтын мезгіл. Бірақ қолдан келер дәрмен жоқ. Осылайша өмір аяқталады.

 

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы

Қ.И.Сәтбаев атындағы  №216  орта мектеп оқушысы

Бектұрған Бексұлтан


ПІКІР ҚАЛДЫРУ