Алтын күз (эссе)

0
6794

Міне, күз де келіп жетті. Күн салқындады. Ағаштардың жапырақтары сарғайып,түсіп, шөптер де қурап қалған. Сабаққа бара жатқан кезімде  күз ауа райы маған қатты ұнады. Себебі, таза ауа, әдемі табиғат менің бойыма күш береді. Мен рахаттанып, жігерленіп қаламын. Күз тұмансыз, дауылсыз, жаңбырсыз болмайды. Ауа райы сан рет құбылады. Күз мезгілін «Алтын күз» деп атайтын себебіміз айналаның бәрі сары түске айналады. Күн қысқара береді. Егін піседі, мал семіреді. Жыл құстары тізбектеліп, жылы өлкелерге ауып кетеді. Күзде осы секілді көптеген өзгерістер орын алады. Мектептерде,балабақшаларда «Күзгі бал» атымен аталып көптеген іс-шаралар өтеді. Онда күзге байланысты әндер, тақпақтар айтылады.

Күздік дастархан мәзірі дайындалады. Онда әр түрлі күздік дақылдардан неше түрлі бейнелер жасайды. Сахнаны мерекеге сай жабдықдайды. Күз – молшылық, береке айы. Иә, расымен де молшылықтың айы. Себебі, адамдар астығын жинайды, қоймасын астыққа толдырады,қыс мезгіліне дайындалады. Маған күз мезгілі алтындай жапырақтарымен, сұлу бейнесімен, таза ауасымен ұнайды. Кейбір адамдарға бұл мезгіл ұнамауы мүмкін. Оларға салқан, құбылмалы ауа райы ұнамауы мүмкін. Дегенмен, әр мезгілдің өзіне тән қасиеті болады. Сол қасиеті ұнатпайтын адамдарға да ұнауы әбден мүмкін. Күз мезгілінде көптеген дәнді дақылдар піседі. Олар: тары, бидай, сұлы, күріш, арпа дақылдары. Табиғатпен,ауа райымен адам тығыз байланысты.Күз мезгілінде күн бұлттанып, қабағын түйіп, жаңбырлы болады. Сол адамның көңілін түсіруі мүмкін. Маған да ондай ауа райы ұнамайды. Себебі, қызықсыз, көңілсіз болады. Көшеде кетіп бара жатсам сарғайған, әдемі жапырақтарға көзім бірден түседі. Адамның көзін тартады. Өте әдемі. Жерге қарасаң жерде өте әдемі. Алтын кілем төсеп қойғандай. Осы сияқты әдемі, көрікті көріністер күзде  орын алады. Күз – сиқырлы, сұлу мезгіл.

 

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы

Қ.И.Сәтбаев атындағы  №216  орта мектеп оқушысы Нияз Нұрбану


ПІКІР ҚАЛДЫРУ