«Күз мезгілі» тақырыбындағы шығарма

0
11877

Төрт мезгілдің ішіндегі ең шұрайлысы күз де келіп жетті. Күн суыта бастады. Айналаны жапырақтар сары кілемге толтырды. Күн қысқарып, түн ұзарды. Арасында аспанды қара бұлт  қаптап жаңбыр да жауып қояды. Күз мезгілінде адамдар үлкен шаруаға көшеді. «Қыстың қамын жаз да  ойла» дегендей егіндерін теріп, қыстық отын жинайды. Бұл мезгілдің тағы бір ерекшелігі күздік мерекелерге толы болуы. Солардың бірі: күз ханшайымы мен  ханзадасы. Олар ханшайым  мен ханзада ретінде  салтанат кешін құрады. Ән  айтады, би билейді.  Түрлі-түрлі көкөністерден,  жеміс-жидектерден көрмелер болады. Бәрі де көңіл-күйді көтеретін тамаша,  әсерлі мерекелер.

Күз мезгілі әсерлі мерекелерімен,  қоңыр-салқын ауасымен,  қыңыр мінезімен біздің есімізде түрлі оқиғалар  арқылы қалатыны рас. Менің  есімнен кетпейтін оқиғаларымның бірі- бірінші қыркүйек  яғни, білім күні.  Ол кезде  мен бастауыш сыныпты  тәмамдап, бесінші сыныпқа бармақшы едім. Балалықты тастап, мектепке асығыс бардым. Есіме сынып жетекшіміздің  де  өзгеретіні  түсті. Күз мезгілі де қырсық екен деп ойладым.  Сол кезде мен  сыныпқа кірдім.  Жаңадан  тағайындалған сынып жетекшіміз әлі де келе қоймапты. Бірнеше минуттарда сынып жетекшіміз де кіріп келді. Жетекшіміз  өңі шырайлы, сымбатты  адам екен. Ол кісінің адал жан екені  көзқарасынан-ақ белгілі болды. Мен өзімнің  сыныбыма лайықты мұғалім екенін аңғардым.  Күз қоңыр болса да сәттілікке толы күндері  мені өзіне баурап алды.  Мен  күз мезгілін  ұнатамын.  Әсіресе,  осы оқиға  есіме түссе  күз мезгілін одан әрі ұната бастаймын.

 

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы

Қ.И.Сәтбаев атындағы  №216  орта мектеп оқушысы Шынтемірова  Ақтолқын


ПІКІР ҚАЛДЫРУ