Эссе: «Күз — береке бастауы»

0
5705

Жаз өтті. Күз келді. Айнала өте әдемі. Біреу өз қолымен қызғылт-сары түске бояп қойғандай. Табиғат сары әлемге айналғандай. Ағаштан бір-екі жапырақ салбырап ақырын түсіп жатыр. Сары жапырақ қоңыр салқын ауа райы, жабырқаулы көңіл-күй, қара суық жел күзге тән қасиет. Құстар жылы жаққа ұшып барады.

Табиғаттың төрт мезгілінің өзіне тән ерекшелігі, жақсылығы болады. Соның ішінде күз мезгілінің  алатын орны бөлек. Күз  өте керемет мезгіл. Жерге сары кілем  төсеп қойғандай жұп-жұмсақ болып тұр. Жүрген сайын былқылдап, бейне бір кілемнің үстінен жүргендей боласың.

Күз адам баласына  молшылық береке әкеледі. Сондықтан да адамдар күзге «берекелі күз», «алтын күз» деп баға берген. Бүкіл адамдар жаз бойы еккен көкөніс, жеміс-жидектерін жинап жүр. Комбайншылар еккен бидайды орып жатыр.

Мен күз мезгілін өте жақсы көремін. Себебі күзде жаз бойғы еңбегіңнің жемісін жейсің. Жазда еккен картоп, сәбіз, қызылша, қияр, қызанақтарды жинап мәре-сәре боласың. Анамыз көкөністерден неше түрлі тағам әзірлейді. Дастархан әртүрлі дәмге толады.

Қыркүйектің ең бірінші күні- алғашқы қоңырау. Балалардың барлығы асыға күткен мектебіне барады. Бәрі қуанышты. Мектепке асыққан бала,  қоймасын астыққа толтырған диқаншы, қыс азығын жинаған шаруа,  еңбекпен біте қайнасқан тірлік күз мезгіліндегі қызықты жайттар.

Күз мезгілін жақсы көруімнің тағы бір себебі, 16 қараша менің туылған күнім. Бұл күні менің атыма  әр түрлі құттықтаулар, сыйлықтар түседі. Анам үйде мерекелік дастархан жайып, әжем мен бауырларым қонаққа келеді. Күз айы басталғаннан бастап мен туылған күнімді асыға күтіп күн санап жүремін.

 

Қарағанды облысы, «№1Ұлытау жалпы орта білім беретін мектебі базасындағы Тірек мектебінің 6-сынып оқушысы Байшат Назерке


ПІКІР ҚАЛДЫРУ