«ЖАЙДАРЛЫ ЖАЗ» II республикалық балалар байқауына қабылдау басталды

0
2422

«SKILLS ACADEMY» ЖШС республикамыздағы  мектепке дейінгі мекемелер тәрбиеленушілерінің арасында өтетін «ЖАЙДАРЛЫ ЖАЗ» II республикалық балалар байқауын жариялайды.

Байқаудың ақпараттық демеушілері: Martebe.kz республикалық білім сайты, Ozattar.kz – білімділер энциклопедиясы және Qaztest.kz онлайн олимпиада сайттары. Байқау жеңімпаздары  www.martebe.kz  сайтында жарияланады.

Байқаудың мақсаты: Жаз мезгілінің ерекше құбылыстарын ескере отырып, жас бүлдіршіндердің танымдық қабілетін арттыру.

Қатысушы үміткерлердің жұмыстары 15 тамыздан 31 тамызға дейінгі аралықта balalar_baikauy@mail.ru электронды почтасына қабылданады.

 

 

«ЖАЙДАРЛЫ ЖАЗ» II республикалық балалар байқауының

ЕРЕЖЕСІ

Байқаудың мақсаты

  • Жас бүлдіршіндерді балабақшадан бастап шығармашылық жұмысқа баулып, олардың рухани дамуына әсер ету;
  • Балабақша бүлдіршіндерінің салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу;
  • Балабақша қызметкерлерін республикалық масштабтағы байқауларға белсенді түрде қатыстыру.

Байқаудың өткізілу тәртібі

  • Байқауды өткізу және ұйымдастыру ісімен ұйымдастыру алқасы айналысады. Ұйымдастырушы қатысушыларды тіркеуді, жұмыстарды сараптауды, қорытынды шығаруды, марапаттауды жүзеге асырады.
  • Байқаудың қорытындысын шығарумен ұйымдастырушылар айналысады.
  • Әділ қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды.
  • Байқауға жіберілген материалдар мен жұмыстар кері қайтарылмайды.
  • Байқаудың марапаттау рәсімі жеңімпаздар анықталған уақыттан кейінгі он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
  • Байқауға 2 жастан 7 жасқа дейінгі мектепке дейінгі білім мекемелерінің тәрбиеленушілері қатыса алады.

Байқау тапсырмасы

  • «Жайдарлы жаз» тақырыбында өткізілген сауықтыру-шынықтыру шаралары (топ бойынша өткізген сауықтыру-шынықтыру шаралаларының жоспары фотосымен бірге жібереді). Жас ерекшеліктеріне қарай барлық топ қатыса алады.

Байқаудың марапаттау рәсімі

Байқаудың қорытындысы бойынша барлық топтарға жүлделі орындар тағайындалады:

Бас жүлде – диплом

І орын – диплом

ІІ орын – диплом

ІІІ орын – диплом

Байқауға қатысқан барлық топ дипломмен және МД ұйым басшысы мен әдіскері, сонымен бірге топ тәрбиешілері арнайы алғыс хаттармен марапатталады. Марапаттар электронды түрде жіберіледі.

Байқауға қатысу құны жас ерекшелігіне байланысты топ бойынша — 3000 тг.

Ескерту! Диплом жеке баланың атына емес топ атына жазылады.

Байқаудың қорытындысы Martebe.kz сайтында жарияланады.

 

Біздің реквизит:

Банк атауы: «Банк Kassa Nova» АҚ; БИК: KSNVKZKA

«SKILLS ACADEMY « ЖШС

БИН/ИИН: 161240000269

KZ55551A127001275KZT

Кбе 17

Кнп 859

Төлем мақсаты: «Жайдарлы жаз» республикалық балалар байқауына қатысу үшін

Ескерту! Төлемді халық банктен және казпочтадан жасай аласыздар. Төлем барысында Кбе және КНП дұрыс болуын қадағалаңыз!

Қатысу үшін төлем жасау жөнінде және байқауға қатысты туындаған сұрақтар бойынша қосымша ақпарат алу телефоны: 87759988387; 8700 978 59 22


Өтініш беру үлгісі

«ЖАЙДАРЛЫ ЖАЗ» II республикалық балалар байқауына өтініш

Мекеме атауы
Жас ерекшелігіне қарай топ атауы
Мекеме басшысы және әдіскерінің толық аты-жөні, тегі
Топ тәрбиешісінің толық аты-жөні, тегі
Эл. поштасы
Байланыс номері

 

Ескерту! Өтініш word нұсқасында жіберілуі керек.

Өтініштің қате толтырылғаны үшін ұйымдастырушылар жауап бермейді.

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ