«Көбелектер әлемі»

0
3981
Балалармен жұмыс

Тақырыбы: «Көбелектер әлемі»
Сабақтың әдіс-тәсілі: ертегітерапия, арт-терап, құмтерапиясы.
Мақсаты: Балалардың шығармашылық әлеуметін дамыта отырып, психологиялық жағдайды жайландыру. Ішкі күйзелісті түсіру,релаксация. Қолдарының ұсақ моторикасын дамыту. Өзідерінше шешім қабылдауға дағдыландыру.
Билангвальді компонент:құм-песок,көбелек-бабочка,қызыл-красный.

  Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті

Мотив.

қозға.

 

Мен сендерді көріп тұрғаныма қуаныштымын.
«Дәстүрлі емес сәлем» тренингі.

Бүгінгі біздің сәлемдесуіміз дәстүрден тыс болмақ.Әдетте адамдар бір-бірімен қалай амандасады?Қол алысып,жай сөзбен,бір-бірінің беттерінен сүйіп және т.б.Ал біз қазір сәлемдесудің басқа жолдарын қарастырайық.Бір-бірлеріне иық тигізіп амандасыңдар.Мандаймен,шынтақпен,арқамен,аяқтың ұшымен.

Балалар оң қолдарымен жүректеріңді ұстаңдаршы. Естіп тұрсыңдар ма? Тук- тук дейді. Енді осы кішккене жүрегімізде кішкентай ғана мейірім шуағы бар деп сезінейік. Сол шуақпен бір- бірімізді жылытайық. Бір –бірінің қолдарын ұстасады.

Міне кішкене күн шуағы үлкен күнге айналды..

 

 

Балалар бір-бірлерімен дәстүрден тыс сәлемдеседі.

 

 

 

Балалар қолдарын жүректеріне қойып,жылулықтарын шеңбер бойымен тұрып, бір-біріне береді.

 

Ұйым.

ізден.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйым.

ізден.

 

Балалар , мен сіздерді бүгін көбелектер еліне саяхатқа шақырғым келіп тұр,бірақ көбелектер еліне бармас бұрын мен сендерге көбелектер жайлы біраз мағлұмат беріп жіберейін.Көбелектердің көздері көрмейді екен балалар,оның екі мұртшасы бар сол арқылы сезеді екен.Көбелектердің түстері әр-түрлі болады.Олар гүлмен қоректенеді екен.,Балалар,көбелек жайлы тақпақ білесіңдер ме?Ал ,балалар, қараңдаршы мұнда көбелек үйшігі тұр, осы үйшік көбелектің ішіне кіріп,шықсақ көбелектер әлеміне тап болады екенбіз.қане ішіне кіріп көрейікші.

— айнала қандай әдемі,жан-жағымызда не деген көп көбелектер.Балалар бұл ненің дыбысы?Балалар сендер көбелектер әлеміне келіп едіңдер,мұнда найзағай ұрып,жаңбыр жауа бастады.

Ойын: Жаңбыр
— Балалар сендер көбелек әлеміне келіп едіңдер жаңбыр жауа бастады..
1. Жылы жаңбыр да жауды (екі қол артта, кезек-кезек алдыға созу).
2. Жаңбырдан соң әдемі кемпірқосақ та көрінеді (екі қолды қанатша екі жақта ұстап, иіліп бір қолды бір қолға жеткізу).
3. Жылы жаңбырға жуынып, өсімдіктер де жапырақтарын күнге жая бастады. (Отырып,тұрып қолды жоғары көтеріп, денені жоғары созу).
4. Ал құстар қанаттарын қағып, ұшуға дайындалып жатыр. (Қолды қанатша қағып, отырып-тұру).
5. Жан- жануарлар да ояна бастады. (көздерін уқалау).
6. Көбелектер де ұшуға дайындалып жатыр. (ұшуға дайындалады)

Балалар, енді кілемге жайғасып отырайық, ертегі тыңдайық «Ғажайып көбелектің түсі » ертегіні айтады, Бір таңғажайып елде, үлкен гүл алаңында түстер көбелектері өмір сүреді. Күндіз олар ұйықтап жатады, ал түн болғанда оянып, жан-жаққа ұшады. Әр көбелек өз адамына, үлкенге де кішіге де ұшып барады. Түстер көбелегінің қанаттары ғажайып. Оның қанатынан гүлдің, жаңбырдың иісі шығып тұрады. Көбелек қанатымен қағып қалса, сол адамға жақсы түс кіреді, ал қара көбелек қанатымен қақса қорқынышты түстер кіреді. Өз түстеріңді естеріне түсіріңдерші, сіздер қандай түстер көресіңдер? Қорқынышты түстер көресіңдер ме?
— Балаларға қорқынышты түстер көрсететін көбелектердің көрсетіп оларды жыртып тастауға ұсынады. Балалар қара көбелектерді жыртады.
-Міне ,біз енді ондай түстерден қорықпайтын боламыз. Балалар біз мына көбелектерге қандай түс көргілерің келеді?

Қане балалар енді біз түрлі-түсті,әдемі көбелектерге жан бітірейікші.Көбелектерді алып,билетейікші.(музыка әуенімен көбелектер билейді)

Енді құм еліне барып, көбелектің суретін салайық.
Құм салынған үстелге жақындайды.
-Құм терерапия жаттығуы.
-Қолды құмға салу арқылы көбелек суретін салу

Билангвальді компонент:құм-песок,көбелек-бабочка,қызыл-красный.

 

Балалар мұқият тыңдайды.

Асылай:Ақ қанатты көбелек,
Көк қанатты көбелек,
Қызыл қанат көбелек
Бақшамызға келе кет.

 

Каусар:Гүлдер гүлдер көктесін,
Көбелектер көп келсін.
Ақ қанатты көбелек,
Бақшамыздан кетпесін.

 

Жаннұр:Көбелек-ау,көбелек

Әдемісің гүлдейсің

Ойнамайсың күлмейсің

Ұстап сені не керек

 

Балалар өлең жолдарына сәйкес іс-қимылдар жасайды.

екі қол артта, кезек-кезек алдыға созады;

екі қолды қанатша екі жақта ұстап, иіліп бір қолды бір қолға жеткізеді;

Отырып,тұрып қолды жоғары көтеріп, денені жоғары созады,

 

Қолды қанатша қағып, отырып-тұрады;

көздерін уқалайды;

ұшуға дайындалады.

 

 

Балалар кілемге жайғасып отырып,ертегіні тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

Балалардың жауабы.

 

 

 

Қара көбелектерді балалар жыртып тастайды.

 

 

 

 

 

Балалар көбелектерді алып,билетеді.

Құм салынған үстелге жақындап,саусақтарымен құмның үстіне көбелекті салады.

Рефл.

кор.

-Балалар қараңдаршы,мұнда үлкен қызыл түсті гүл өсіп тұр.Ал жанында көңілді және көңілсіз көбелектер ұшып жүр,сендерге бүгінгі оқу іс-әрекетіміз ұнаса күлімдеген көбелекті,ал егер ұнамаса көңілсіз көбелекті гүлге қондырайық.

-Жарайсыңдар,балалар,сендерге көп-көп рақмет!!!

Балалар көбелектерді гүлге қондырады.

 

 

 

Балалардың қуанышы.

 

Күтілетін нәтиже:

Жасайды:құмға саусақ арқылы көбелектің ізін  салуды.

Түсінеді:көбелектің әр-түсті болатынын.

Қолданады:саусақ арқылы көбелектерді билетуді.

 

Мусалиева Дана Рахатовна 

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Көптерек ауылы әкімінің аппаратының «Айгүл» бөбекжай-бақшасының психологы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ