Етістіктің шақтары

0
2966
Гомотетия және оның қасиеттері

Етістік туралы білімдерін кеңейту. Етістіктің өткен, осы және келер шақ түрлерімен танысу, жаттығулар арқылы тақырыпты бекіту.

Сабақтың тақырыбы:

Етістіктің шақтары 23-29 жаттығу

 

Мектеп:

Пәні : қазақ тілі Мұғалім:
Сынып: 4 «Б» Қатысқан: Қатыспағандар:

Сабақта меңгерілетін

дағдылық мақсаттар

Етістік туралы білімдерін кеңейту. Етістіктің өткен, осы және келер шақ түрлерімен танысу, жаттығулар арқылы тақырыпты бекіту. Оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту. Жаңа білімді түсіндіру.
Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар білуге тиісті:

Тақырып туралы біледі

Оқушылардың көпшілігі білуге тиіс:

мысалдар келтіре алады

Кейбір оқушылар білуге тиіс:

Қосымша парақшалармен жұмыс істейді

Бұрыннан бар білімдері Тапсырмаларды сатылай кешенді талдауды біледі.
Жоспар

Жоспарланған

уақыттар

Жоспарланған уақыт (жаттығулар) Ресурстар

Басталуы

Психологиялық ахуал

Ұйымдастыру кезеңі

«Менің есімім» тренингі

Ойын барысы: шаттық шеңберде әрбір қатысушы өзінің есімінің бірінші әрпіне сәйкес етістікті қосып айтуы қажет.Мысалы: Бақдәулет бақылады. Балауса биледі, Ілияс ілді. Ақназар ақтады.

Қызығушылықты ояту

Топқа бірігу

І топ Өткен шақ

ІІ топ Осы шақ

ІІІ топ Келер шақ

Жетістік баспалдағы арқылы бағалау

Кубизм әдісі: кубикте жазылған сүрақтарға жауап беру.(өткен сабақты еске түсіру)

1.Іс-қимылды білдіретін сөздерді суретте

2. Болымды етістік пен Болымсыз етістікті салыстыр

3. Жүр деген сөзіне үш жақта жікте

4. Бағанның сол жағындағы сөздерді тиісті етістіктермен сәйкестендір

5. Берілген сөздердің жіктік жалғаулы етістік екенін дәлелде (қуантамын, табамын, айтасың, білесің )

6. Жүгірді сөзге фонетикалық талдау жаса

Таныстыры

лым, суреттер.

Қағаз қиындылар арқылы топқа бірігу

 

Ортасы

Жаңа сабақ

Кинометафора әдісі

«Етістіктің шақтары » туралы видеоролик көрсету арқылы сұрақтарға жауап алады

Ойлануға түрткі сұрақтар

  1. Бейнероликтен не көрдіңдер ?
  2. Сендер не тыңдадыңыздар?
  3. Бүгінгі тақырып қалай аталады ?

Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау.

Түсіндіру.

23-жатттығу.1-топ. Жұмбақты оқиды.2- топ.Шешуін тауып, етістіктерді табады.3- топ. Олардың қай мезгілде болған әрекетті білдіріп тұрғанын айтады.

Жаңа туған айды алып, Саптадық та қайрадық. Енді егінді орамыз, Пісіп тұрған сарғайып. (Орақ)

Үштік әдіс (ойлан, жұптас, бөліс) Топтық, жеке жұмыс жүргізу.

Дәптермен жұмыс.25- жаттығу

Оқулықта берілген жаттығуларды орындау

Оқулық, дәптер, үлестірмелі парақшалар, флипчарт.
Сергіту сәті

«Мені байқа» ойыны

Үш топ бір біріне әртүрлі қимылдар жасырады. Қарсы топ ненің қимылы екенін табады. «аңдар, құстар, адам қимылы т.б)

Сергіту жаттығуы
Аяқталуы

26-жаттығу. Суреттегі зат атауларын қатыстырып, іс-әрекеттің бұрын болып кеткенін және алдағы уақытта болатынын білдіретін сөйлемдер құра.

І топ: Буклет әдісі

ІІ топ: Микс жаттығуы

ІІІ топ: Постер қорғау

«Бұрыштар тәсілі» Тақырып бойынша түйген білімдерін айтады. Сыныптың бұрышына «Дұрыс , Дұрыс емес» оқушылар өзіне дұрыс деген жауаптың қасына барып тұрады

Балалар, бүгінгі сабағымыздың қонағы кімдер?

  • Мұғалімдер.
  • Мұғалімдер не істеді? -Келді,кірді,отырды.
  • Мен не істедім? — Сұрадыңыз,айттыңыз.
  • Сендер не істедіңдер? — Айттық,жауап бердік,сөйледік.
  • Не аңғардыңдар?

Осы сөздің барлығы іс әрекетке байланысты

Берілген тапсырманы орындайды.
Үйге тапсырма: Оқулықта берілген жаттығуларды орындау.29-жаттығу 153 -бет

Дифференциациялау оқушыларға мейлінше қолдау

көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы

қалайша түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін

тексеруді қалайша

жоспарлайсыз?

 

Пәнаралық байланыс –

Денсаулық пен қауіпсіздікті

тексеру, АКТ

Рефлексия

Сабақтың мақсаты

мен оқу міндеттері

анық па?

Бүгін оқушылар не

үйренді?

Сабақ қалай өтті,

қандай деңгейде

өтті?

Похожее изображение

Тілек ағашы

 

Ұнаған жері Ұнамаған

жері

Менің

пікірім

Оқушылар стикерге жазып жабыстырады

 

Кудайбергенова Гулзада Колдасбаевна

Шымкент қаласы

№63 негізгі орта мектеп мұғалімі  


ПІКІР ҚАЛДЫРУ