«Көңілді паровоз» 1 сыныпқа арналған тәрбие сағаты

0
3403
«Күн дидарлы-Қазақстан!»
5-бөлім: «Саяхат
Сабақтың тақырыбы: «Көңілді паровоз»
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Алшынбаева А.Т.

Жезқазған қаласы

Қ.И.Сәтбаев атындағы
№7мектеп-лицейі

1 «Г» сынып

Қатысқан оқушылар саны: 25 Қатыспаған оқушылар саны:
Осы сабақты меңгеруге қол жеткізетін оқыту мақсаттары өз шығармашылық жұмысын көрсете білу
Сабақтың мақсаттары

Барлығы: өз шығармашылық жұмысын көрсете біледі,жаңа білімді түсінеді.

Көбі: өз шығармашылық жұмысын көрсете біл отырып, анық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді. Оқиғаларды тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: өз шығармашылық жұмысын көрсете біле отырып, алған білімді өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Дүниетану, көркем еңбек сабағы
АКТ қолдану дағдылары бейнежазба , таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік

Шумақ куплет verse

қайырма припев refrain

Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басталуы

5 мин

Оқушылармен үш тілде сәлемдесу: Сәлем! –Привет! –Hello!

«Әсем әуен» Қазір біз дыбыстар тыңдаймыз. Сендер сол дыбыстарды ажыратасыңдар. Бұл дыбыстар туралы не айтасыңдар?

Оқушы жауаптары тыңдалады.

Оқушының ойын толық, мағыналы жеткізуіне көмектесіп қадағалау.

«Үш шапалақ» әдісі арқылы бағаланады.

Қол белгісімен көрсете отырып амандасу

Аудиожазба

Сабақтың ортасы

 

 

25-30 мин

Бүгін біз балалар саяхатқа шығамыз. Саяхаттаған сендерге ұнайды ма?

Саяхаттау үшін бізге қандай көліктер керек? Дұрыс айтасындар.

Оқушы жауаптары тыңдалады.

«Жолсерік» ойыны. Ұжымдық жұмыс. Ой қозғау әдісі.

Олай болса балалар пойызға міну үшін ең алдымен қайда барамыз? — Вокзалға

Енді саяхатымызды бастайық. Бізді жолда түрлі қызықтар күтіп тұр. Вокзалға келдік, пойызға жақындадық, кімді көреміз? Жолсеріктің тапсырмасын орындасақ, пойызға отырып саяхатымызды бастаймыз. Орындаймыз ба?

-Біз бұрын соңды пойызға міндік пе?

-Пойыз қандай дыбыс шығарады білеміз бе?

(оқушы жауаптары)

Дұрыс, ал сендер пойыз алыста келе жатқанда дыбысы қалай шығады, жақындаған уақытта қалай шығады. Соны дыбыстап шығара аласыңдар ма?

Оқушы жауаптары тыңдалады.

Оқушының ойын толық, мағыналы жеткізуіне көмектесіп қадағалау.

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

Пойызымызға отырдық. Міне біз кезекті станцияға келдік кімді көріп тұрмыз?

Крокодил Гена мен чебурашка. Бұл кейіпкелер туралы мультфильмдер көрдіңдер ме? Олай болса бәріміз экранға назар аударайық.

«Көгілдір вагон»

(В.Шаинский ) «Голубой вагон» бейнефильмін көрсету.

Жазбаны талқылау. Топтық жұмыс. «Көршіне сұрақ» әдісі

«Бейнежазба саған ұнады ма?» деген ойқозағау сұрақтар арқылы дилог ұйымдастыру. Оқушының ойын толық, мағыналы жеткізуге көмектесіп қадағалау.

«От шашу» әдісі арқылы бағалаймыз.

Музыкалық сауаттылық. Ұжымдық жұмыс. Біз музыка сабағында әртүрлі әндер үйреніп жүрміз. Сендер білесіңдер ме?

Ән шұмақтан және қайырмадан тұрады. Шұмақ 2 немесе одан көп болады, ал қайырма әр шұмақтан кейін қайталанатынын түсіндіру.Келесі аялдамағада жеттік. Тапсырмасына назар аударайық.

«Ойлан-аудар-талқыла» әдісі.

Көптілділік: шұмақ-куплет-verse; қайырма-припев-refrain-қазақша, орысша, ағылшынша таза айтқызып үйрету.

Сергіту сәті «Паровоз» ойыны

Келесі станциямызғадажеттік. Не көріп тұрмыз? — Нота.

Балалар біз Нота станциясында ән үйренеміз.

Ән үйрену:«Саяхатта» (К.Қуатбаев). Әнді жаттықтыру және айтқызу барысында ережені пысықтау және дәлелдеу.

-Ән айтып үйрендік пе? Жаттап алдық па?

— бұл әнде шумағы қайсы? Қайырмасы қайсы?

Міне соңғы аялдамаға жеттік бұл аялдаманың тапсырмасына назар аударайық

«Саяхатта» әнін «Ән құрастыру» әдісі қайырмасын қайырмаға, шумағын шумаққа жапсырады.

«Көңілді адам» әдісі бойынша бағаланады.

 

Пойыздың суреті

Вокзал суреті

Жолсерік суреті

Крокодил Гена мен чебурашка суреті

«Көгілдір вагон»

(В.Шаинский ) «Голубой вагон»

Кеспе қағаз

Нота суреті

«Саяхатта» (К.Қуатбаев)

Астана суреті

А4 қағаз

Сабақтың соңы

5-10 мин

Рефлексия «Пойыз» әдісі

Әрбір вагон белгілі бір тапсырмаға сәйкес келеді. Оқушыларыңызға қай вагонның тапсырмасын тез, дұрыс, жеңіл орындағандарын белгілеуін сұраймын. Сол вагонға жетондармен белгілейді.

Пойыз суреттері
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті
жоғары оқушыларға
қандай міндет қоюды
жоспарлап отырсыз?
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?
Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды
жоспарлап отырсыз?
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Топтық,жұптық жұмыстар. Барлық тапсырманы орындау
кезінде уақытынан бұрын
тапсырманы орындаған
оқушылар  үлгермей жатқан
оқушыларға көмектеседі.
Топтық «Бармақ» әдісі, «Көңілді смайликтер» әдісі, мұғалімнің мадақтауы, өзін өзі бағалау арқылы бағалау.

Дескриптор:

-дыбыстарды ажырата алады

-ойларын анық айтады

-ұжымда, топта бір-бірін бағалайды

— әнді сыныппен бірігіп орындайды

— шумақ пен қайырманы ажырата алады

— алған әсермен бөліседі

мектептегі қауіпсіздік ережелерін сақтау;

-оқу құралдарын дұрыс қолдану

 

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ