«Көңілді старт» спорттық сайысы

0
3871
«Мен осындай баламын» тәрбие сағаты

Мақсаты: 8-наурыз «Халықаралық әйелдер күні» мерекесі қарсаңында салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулықты нығайтып, әйелдер қауымына көтеріңкі көңіл күй сыйлау.

Армысыздар құрметті көрермендер бүгін бізде спорттық сайыс «Көңілді старт». Құрметті әріптестер сіздерді алда келе жатқан 8-наурыз «Халықаралық әйелдер күні» мерекесімен құттықтай отырып, бүгінгі«Көңілді старт» спорттық сайысымызға қош келдіңіздер!

Уа халқым назар аудар денсаулыққа Өмірде бақыттысың денің сауда Денсаулық терең бақыт деген сөзді Құр айтпаған ұлы абай данамызда – дей отырып, бүгінгі спорттық сайысымызды бастаймыз. Алдымен сайысқа қатысушы командаларды ортаға шақырамыз. Әр таңды бақытпенен атырамыз Өнерді ой көгінде бақылаңыз, Сайысқа қатысуға енді ортаға «Сұңқар»тобын шақырамыз.

Салауатты өмір салтын сақтайтын,

Жаттығудан ешқашанда қашпайтын.

«Қыран» тобы келді бүгін сайысқа,

Өз топтарын жақтайтын — деп ортаға «Қыран»тобын шақырамыз.

Ұстанған салауатты өмір салтын,

Жасқанып ешқашанда мойымайтын.

Болашақ спортшылар келді ортаға,

Қол соғып қарсы алайық «Жалын» тобын.

Сайысымызды бастамас бұрын «Қара жорға» биімен денемізді қыздырып алайық.

Ал, құрметті халайық!

Жарысты енді көріңдер,

Әділ қазы алқасы

Әділ баға беріңдер!

Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.

1. Балабақша директоры м.а. Нуртилепова Салима Серікқызы

2. Балабақша психологы: Сатова Нұрлыгүл Кобылановна

3. Балабақша қызметкері: Далаңбаев Нәдір.

Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады

Сайыстың бағдарламасы 8 кезеңнен тұрады

І кезең: «Таныстыру»

ІІ кезең: «Қаппен секіру» сайысы

ІІІ кезең: «Тасымақ» сайысы

IV кезең: «Жүйрік ат» V кезең: «Ептілік»

VI кезең: «Арқан тартыс»

VІI кезең: «Тауық күрес»

Әр кезеңнен кейін әділ қазылар өз бағаларын береді. Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар! Сайысымызды бастаймыз.

Сайысымыздың бірінші кезеңі «Таныстыру» Құрметті әділқазылар сайыстың бірінші кезең бойынша бағаларыңызды беруіңізді сұраймыз.

Шынықсаң шымыр боласың, Сауығып айдай толасың. Спортты серік ете біл, Жақсы азамат боласың.- деп келесі екінші кезеңге көшеміз

ІІ кезең: «Қаппен секіру»

Шарты: Қапты аяғымызға киіп, кедергілер арасымен секіре отырып межені айналып келіп, келесі ойыншыға беру. Әділқазылар сайыстың екінші кезеңі бойынша бағаларыңызды беруіңізді сұраймыз. Спорт көркі өмірдің, спорт досың серігің — деп Сайысымыздың 3 кезеңіне көшейік

ІІІ кезең: «Тасымақ» сайысы

Шарты: Барлық топқа шарлар беріледі. Сол шарларды үріп, аузын байлау. Капитан командасы апарғанынша межеге апару. Әділқазылар сайыскерлеріміздің ұпай санын көтерейік. Сайысымыздың 4 кезеңіне көшейік

IV кезең: «Жүйрік ат» Шарты: Допты аяқтың арасына қысып, кедергілер арасымен секіру.

Әділқазылардан сайысымыздың бағасын сұраймыз.

Сайысымыздың V кезеңі: «Ептілік» сайысы

Топтар міне отыр сынға түскелі Сыналмақшы ептілікпен күштері, олай болса

VI кезең: «Арқан тартыс»

Шарты: Жүреле отырып, доптарды тасу.

Келесі VІI кезең: «Тауық күрес» деп аталады

Шарты: Бұл сайыс капитан командалары арасында өтеді. Екі қолын артына қайыра отырып, бір аяқпен секіріп, итере отырып екі ойыншы біреуін кругтан шығару.

Жарыс заңы ежелден —

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол

— Еңбектену, жалықпау.

Біреу озса сайыста,

Біреу артта қалады.

Жеңілгендер ренжімей,

Тараса бізге жарады — демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтау үшін, марапаттау сөз әділқазыларға беріледі.

Құрметті қонақтар! Келгендеріңізге көп — көп рахмет. Келесі кездескенше.

 

Өткізген: Дене нұсқаушысы Набиева М.Т.

 

Басқа материалдар


ПІКІР ҚАЛДЫРУ