Ұлы  дала  ұлағаттары  (ашық сабақ)

0
3228
“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ
Тақырыбы: Ұлы  дала  ұлағаттары         

Мақсаты: Ұлы  дала  ұрпақтарының  бойында  туған жерге, елге, тілге  деген  құрмет  сезімін  қалыптастыру, елжандылыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу

Сабақтың  көрнекілігі:  Слайд, Н.Ә.Назарбаев  еңбектері, Қазақстан  картасы, видео.

Сабақтың  барысы:

І жүргізуші: Н.Ә.Назарбаевтың  «Ұлы  дала  ұлағаттары» атты еңбегі- қазақ даласының  бар  таризын, жаңалығын  қамтыған үлкен  шығарма. Елбасымыз: Ұлы  дала –бейне  бір  жыр  кітабы  сияқьы. Оны  ұғынып  оқц  алсаң, жан  дүниең  жадырап,бағзы  бабалардың  баянды  үнін,тарихтың  тылсым  сырын,туған  еліңнің  мәңгілік  жырын ести  аласың» деген  болатын

ІІ жүргізуші: «Ұлы Дала» ұғымы – баяғыдан бар ұғым. Дешті Қыпшақ деген сөз қыпшақтың даласы деген сөз. Ұлы Дала ұғымына мынау Алтайдан Қара теңізге дейінгі даланы атайтын болған. Оның негізгі аумағы – біздің қазақтың жері. Біздің даламызда кен де болған, темір де болған, қолөнер де болған, бәрі болған», – деп атап өтті мемлекет басшысы.

І жүргізуші: Кітап «Туған елім – тірегім» ,  «Ел мен ер және жер»,«Тәуелсіздіктің тал бесігі»,  «Саясат салтанаты», «Туған тілдің тұғыры»,  «Иман мен иба», «Қиыр-дан  келсе қандастар» , «Өнердің өрісі кең»,«Жаңғырып келер жас толқын», «Еңсесі биік Елорда», «Отбасы – Отан тірегі»,«Қарияларымыз – қазыналарымыз»

«Мұраты бірдің – қуаты бір»  атты  тараулардан  тұрады .

ІІ жүргізуші: Ендеше, бүгінгі  тәрбие  сағатымызда  әр  бөлімнің  мән-мағынасын  терең  түсіндіру  үшін  әр  саланың  мамандарын  шақырып  отырмыз.

 Зейнеткер  ұстаз, алғашқы  әскери  дайындық  пәнінің  мұғалімі  І.З. Таев : «Елбасымыз  бұл  кітабында  болашақ  ұрпақ  бойында  нағыз  қазақы  намысты  дарытпақ  болады.  Өз еліңе пайдалы болу, өз Отаныңның тағдыры үшін жауапты болу – әрбір отандық саясаткердің, әрбір қазақстандықтың борышы мен ар-ожданы. Өз  елі  үшін намысын  биік  ұстап, көк  туды  бар  әлемге  желбіретіп  жүрген  жастар қаншама. Сендердің  міндеттерің – елге  адал  қызмет  ету.

Ән: «Өз  елім»  Орындайтын: Қалмұқан  Айсана.

ІІ. «Туған  тілдің  тұғыры» бөлімін қазақ  тілі  мен  әдебиет  пәні  мұғалімі  М.М.Данагулова  түсіндіріп  өтті.

Ән: «Анамның  тілі»  Орындайтындар: З.Майдан, А.Серғазина

ІІІ. «Иман мен иба» бөлімін  дінтану  пәнінің  мұғалімі М.С.Албілекова ұғындырды.

ІV. «Қиырдан  келсе қандастар» бөлімін  қандас  бауырымыз  Б.Тоғаев  баяндады.

Ән: «Атамекен»  хор

  1. «Отбасы – Отан тірегі» бөлімін зейнеткер ұстаз А.С.Кульжанова  түсіндіріп баяндады.
Өлең: Ж.Молдағалиев «Мен-қазақпын»  Оқитын:  Ұ.Тогаева

VІ. «Қарияларымыз – қазыналарымыз»  бөлімінде  зейнеткер  Д.Ж.Бекжанова  оқушыларға  қазақтың  үлкенді  құрметеген, кішіні  ізет  тұтқан  ізгі  қасиеті  туралы  айтты.

VІІ. «Еңсесі биік Елорда» бөлімін  тарих  пәнінің  мұғалімі  С.К.Алиев  түсіндіріп, Астанамыздың  бүгінгі  таңда  барща  қазақтың  мақтанышы  екеніне  тоқталды.

VІІІ. «Өнердің өрісі кең»  бөлімінде  мұражай қызметкері  өз  сөзінде туған  жерімізден  шыққан  өнерлі  тұлғаларға  тоқталды.

ІХ. «Жаңғырып келер жас толқын» бөлімінде  дарынды  оқушы, жас  ақын Б.Б.Майлешов  сөйлеп, өз  өлеңін  оқыды.

І  жүргізуші: Біз – Ұлы Дала елінің ұрпағымыз. Осы жердің заңды да тарихи мұрагеріміз . Дала – біздің анамыз. Дала – біздің панамыз. Ендеше, оның бүгінгі келбеті мен ертеңгі болашағына бәріміз қарыздармыз әрі жауаптымыз. Қазақтың алып даласы, ұлан-ғайыр ұлы жері – біздің Атамекеніміз, тәуелсіз мемлекетіміздің ту тіккен атажұрты. Ол, сондай-ақ, егемен еліміздің еңселі өрісі.

ІІ жүргізуші: Мұратымыз – Мәңгілік Ел! Тәуелсіз мемлекетіміз Еуразияның осынау алып кеңістігінде мәңгілік өмір сүретін болады.  Мәртебесі биіктеп, өсе берсін, өркендей берсін Ұлы Дала елі – Мәңгілік Ел – Тәуелсіз Қазақстан!

Басқа материалдар


ПІКІР ҚАЛДЫРУ