«Көктем келді» тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметі

0
5063
«Мен осындай баламын» тәрбие сағаты

Сабақтың түрі: Ұйымдастырылған оқу қызметі
Сабақтың тақырыбы: Көктем келді.
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»
Бөлімі: «Экология негіздері»
Мақсаты:
Білімділік: балаларға көктемгі табиғат құбылыстары мен ерекшеліктері туралы түсінік беру, жыл мезгілдері туралы білімдерін кеңейту;
Дамытушылық: ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, мәнерлеп оқуға баулу;
Тәрбиелік: табиғаттағы әсемдікті бақылауға дағдыландыру арқылы эстетикалық тәрбие беру, адамгершілік қарым — қатынасқа баулу.
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің әдіс – тәсілдері: әңгімелеу, баяндау, түсіндіру, сұрақ – жауап, ой қозғау, ойын, топтастыру.
Көрнекіліктер: слайд, құстар суреттері, үйшік бөлшектері, гүлдер бұрышы.
Ұйымдастырылған оқу іс әрекет түрі: ашық сабақ
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекет типі: аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: тіл дамыту, жапсыру, музыка.
Сөздік қор: үй құсы, дала құсы ұғымдары.

Ұйымдастырылған оқу іс — әрекетінің барысы
Мотивациялық қозғаушы
— Балалар, бүгін ерекше күн. Біздің оқу іс – әрекетімізге қатысу үшін қонақтар келіп отыр, қонақтармен сәлемдесейік.
Балалар шаттық шеңберін құрып, қонақтармен сәлемдеседі.
— Сәлем деймін күнге мен,
Сәлем деймін мен саған,
Сәлем деймін апайға
Қонақтарға, құстарға!
Ұйымдастырылған оқу іс — әрекеті психологиялық кезеңнен (көктем мезгілінің табиғат құбылыстары дыбыстары: құстар, жылғада аққан су дыбысы) басталады.
— Балалар, бұл ненің дыбыстары?
— Торғайдың!
— Көгершіннің!
— Желдің!
— Иә, балалар бұл – табиғат құбылыстарының дыбысы.
— Енді сендерге жұмбақ жасырайын.
Ақ қар еріп, су көбейіп,
Сай салаға толады.
Ағаш басы бүршік шашып
Гүл бәйшешекке толады.
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай мезгіл болады?
— Көктем!
— Демек, біздің бүгінгі ашық сабағымыз жылдың қай мезгілі туралы болмақ?
— Көктем!
(Балалар тақырыпты өздері ашады.)
Іздену ұйымдастырушы

Жаңа сабақ
— Балалар, көктемде күн шуағын шашады, түрлі гүлдер өседі, қар ериді, ең алғашқы бәйшешектер пайда болады, ағаштар бүршік жарады, бұтақтардан жапырақтар шығады, ағаштар жасыл желекке оранады, түрлі — түсті гүлдер өседі, құстар жырлы жаққа ұшып келеді, құстар ұя салады және жұмыртқалайды, адамдар жеңіл киінеді. Көктем – тамаша жыл мезгілі! (бейнелер слайдта көрсетіледі)

Тосын сәт. Торғай ұшып келеді.
— Мен – торғаймын. Осында салқын жақтан ұшып келдім. мұнда көктем келіпті. Біз, барлық құстар сендерге, жылы жаққа ұшып келдік. Осында ұя саламыз. Балалар, сендер біз туралы қандай тақпақ білесіңдер?
— Келді көктем жағаға,
Келді сұлу шағала.
Аспандағы ақ құстар
Ауылымды арала.

— Сары тұмсық балапан,
Аузын жиі ашады.
Үш жастағы балақан
Одан қорқып қашады.

— Қанеки, балалар, енді бойымызды сергітіп алайық!

Сергіту сәті:
Күндей болып күлеміз,
Гүлдей болып өсеміз,
Құстар болып ұшамыз,
Көбелектей қонамыз.

— Енді, балалар жылы жаққа ұшып келген құстарға ұя салып берейік.
Балалар құс ұясын жапсырады.
Шағала:
— Балалар, сендерге көп рахмет! Енді осы ұяға балапандарымды қоныстандырайын.
(Торғай  ұяны алып кетеді)
— Енді, балалар, ойынға да кезек келді. «Ұшты ұшты» ойыны.

Балалар ұшатын құстар мен ұшпайтын нәрселерді ажыратады.
Түзету іс — әрекеті

Қорытындылау:
— Балалар, қазір қай мезгіл?
— Көктемде қандай өзгерістер болады?
— Көктем!
— Қар ериді.
— Құстар келеді.
— Ағаштар бүршік жарады.
— Гүлдер өседі.
— Адамдар жеңіл киінеді.

Күтілетін нәтиже:
Білуі:
жыл мезгілдерін ажырата білуі;
Меңгеруі: көктем құбылыстары туралы толық мағлұматты меңгеру;
Жасай алуы: құстың ұясын жасай алуы.

 

Дайындаған: Бегешова. А.

МКҚК «Айналайын» балабақшасы

 

Басқа материалдар


ПІКІР ҚАЛДЫРУ