«Күлімде, Наурыз күлімде» (балабақшаға арналған ертеңгілік)

0
1526
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

«Күлімде, Наурыз күлімде»

Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін тойлау. Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайында қарапайым түсінік беру. Ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қадірлеп, қастерлеуге, қасиетін түсінуге баулу. Ұлттық дәстүрдің ерекшеліктерімен таныстыру. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін балалардың бойына сіңіру. Балаларды ұлттық салт-дәстүрді, мұраларды танып-білуге, сыйлап, түсінуге үйрету. Балалардың ой-қиялының, шығармашылық белсенділігінің және бейнелі ойларының дамуына ықпал ету.

Тәрбиеші:
Наурыз айы жүректерге нұр сепкен,
Мандайымнан сүйіп жатыр нұр көктем
Жарығымен, шуағымен Күн — Ана
Алып келдің жер бетіне нұр көктем!
Осыншама жақсылық,
Алып келдің Наурызым!
Төрлет бізге нұр болып,
Шуақ шашып нұр жүзің!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Қошеметпен II-кіші «Балдырған» тобын ортаға шақырамыз.
“Наурыз Думан” әні орындалады қазақ киімдерін киген балалар айнала жайылған көрпелерге жайғасып отырады.

Тәрбиеші: Армысыздар, ата-аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз да келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты, тілектеріңіз қабыл болсын! Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады.

Осы көктемнің мерекесіне арналған әнімізді шырқап берейік.

Ән «Нұрлы көктем»

Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Көктем

Тәрбиеші:- Балалар біздер қандай мерекені тойлап жатырмыз?
Балалар: — Наурыз мерекесін тойлап жатырмыз.

(Наурыз қыз ортаға келеді)
Нaурыз қыз:
Нaурыз тойы-береке,
Наурыз тойы-жыр аңыз.
Қызып дулы мереке
Қызық думан құрамыз.

Тәрбиеші:  Наурыз қыз, Наурыз мейрамына арналған ертеңгілікке қош келдіңіз! Біздің қонағымыз болыңыз.

Тәрбиеші: Балалар, Наурыз мерекесіне арналған тақпақтарымызды айтып берейік!

Тақпақтар: Нұрсезім, Айша, Айдын, Әміржан, Ұлмекен,  Нұрхан, Кәусар

Тәрбиеші: Балалар біздер Ұлыстың Ұлы күні ақ бата алып,  шашу шашатын  кім екенін білесіңдер ме!

Балалар: Қыдыр Ата! Наурыз Әже!
Тәрбиеші: Ендеше ортаға ақ батасын беруге Қыдыр атамызды шашуын шашуға Наурыз әжемізді шақырайық!

ҚЫДЫР АТА:  Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейің
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін
Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын
Қайда барсаң жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!

Әумин!

Наурыз Әже:

«Наурыз келсе, құт келгені, халайық!»
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық (отырған  қонақтарға шашу шашу)

Тәрбиеші: Қыдыр ата! Наурыз Әже! Ортаға жайғасыңдар бүгін біздің «Алтын дән»ауылында үлкен той болғалы жатыр бізбен бірге тойлатыңыздар!

Қыдыр Ата: Жарайды құрметтеп бізді төрге шақырсаңдар ешқандай қарсылығымыз жоқ.

(Ортаға барып отырады)

Би: «Батырлар»

Тәрбиеші: Наурыз мерекесі ұлттық мерекеміз болғандықтанда өз ұлтымыздың салт-дәстүрін айтпай кетпеске болмайды. Сіздерге «Тұсау кесу» рәсімін назарларыңызға ұсынамыз.Тұсау кесу бала тәй- тәй басқанда жасалатын думанды дәстүр. «Тұсауы кесілмеген бала» көп сүрінеді дейді. Тұсау кесу рәсімі ұлға да, қыз балаға да жасалады.Тұсауды ала жіппен кеседі, ол біреудің «ала жібін аттамасын» деген ниет білдіреді. Жүйрік бол, шауып кет т.б. тілектерді айта отырып, баланың аяғына байланған тұсауын кесіп жібереді.

Тәрбиеші: Әжей, Сіз бізге көмектесесіз ба? Сіздің жолыңызды берсін!

«Тұсау кесер» рәсімі ұсынылады.

Тәрбиеші: Келесі кезекті осынау қасиетті мерекеге арналған тақпақтарға береміз.

Тақпақтар: Мерейлім, Әсемай, Рауан, Мерей, Құралбек, Жанель, Тамерлан

Тәрбиеші: Балалар, сендер қандай ұлттық ойындарды білесіңдер? (балалардың жауаптары) олай болса сендерді «Теңге алу» ойынына шақырамын.

Ойын: «Теңге алу».

Тәрбиеші: Халқымыздың ұлттық өнерінің тағы бір керемет түрі бұл айтыс. Наурыз мейрамында ақындар айтысы болып отырған. Ақындар жақсылық пен жамандық, суық пен жылының күресін жырлаған.

Халқымыздың ежелден келе жатқан бұл төл өнері бүгінгі ұрпақ бойында да өз жалғасын табуда. Осындай тамаша өнерді жалғастыру өз парызымыз деп түсінген кішкентай айтыскер қыздарымызды қошеметтеп қарсы алайық: 

Айтыс:

Айша:
Халықтық мейрам тойында
Кім айтысар менімен
Айтыс айтыс болады
Айтысқанда теңіңмен

Әсемай:
Айтыс айтыс болады,
Шықса ақын теңімен
Шешен болсаң көрейін
Айтысып көр менімен

Айша:

Бес нәрседен қашық бол
Бес нәрсеге асық бол
Қос аладың ба мән беріп
Қанша болды санап көр

Әсемай:

Бірге төрт бес болады,
Оны бәрі білетін
Сен дейсіңбе саусағын
Санай алмай жүретін

Хормен:

Наурыз тойы салтымыз
Аман болсын халқымыз
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын
Наурыз құтты болсын!

Тәрбиеші: Ендігі кезекті балалардың тақпақтарына береміз.
Тақпақтар: Баян, Ақгүл, Арсен, Салауат, Раян, Али, Шыңғыс, Аяулым

Би: «Шашу»

Әже: Менің балаларым  осы наурыз біздің жаңа жылымыз осы мерекеде мен үнемі наурыз көже пісіремін. Сол наурыз көжені қалай пісіру жолын айтып өтейін (әже наурыз көже пісіру жолын айтып береді)

Құрметті қонақтар менің жеті түрлі дәм салған наурыз көжемнен ауыз тейіңдер! Ақ мол болсын!

Қыдыр Ата: О, халқым кішкентай менің балаларым! Сендердің бүгін өнерлеріңді тамашаладым үлкен тойының куәсі болдық тойларың тойға ұласа берсін халқымыз тыныш, еліміз аман болсын! Мен еліме қайтайын аман сау болыңдар!

Жалпы ән айтылады «Наурыз»

Тәрбиеші:
Жаңғыртқан дәстүрімізді рахмет елім,
Тербетсін шаттық әні қазақ жерін
Той бастаған қадамын құтты болсын,
Дәстүрлі тамыр алып, өркен жайсын
Қош болыңыз, Наурызым ардақты
Халқым саған бар үмітін жалғапты!
Жылда осылай келе берсін жарасып!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Наурыз береке – бірлік әкелсін!
Сау болыңыздар!

Осыменен Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік аяқталды. Сіздерді Наурыз көжеден дәм татуға шақырамыз.

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ