«Mақтан» сөзімен мағыналас фразеологизмдер

0
2663

Фразеологизм (тұрақты сөз тіркесі) — семантикалық (ішкі мағыналық) жағынан бір-бірімен байланысқан сөз тіркестерімен сөйлемдердің ортақ атауы.  Martebe.kzақпараттық білім порталы назарларыңызға тұрақты сөз тіркестерін ұсынады.

 

«MAҚTAH, ӨСУ» ( әлеуметтік жағдайы өзгеру) мағынасындағы фразеологизмдер

Аспапта қарау (кекесін) 

Аспанға қолы жеткендей (кекесін) 

Астамшылық ету [көрсету] 

Асылық айту [көрсету] 

Асып төгілу 

Бақ-дәулеті шалқу

Басынан құс ұшырмау* (бұл арада өзіне ешкімді қарсы келтірмеу д.м.) 

Бет қapaтпay* (ешкімді мойындамау)  

Бетіне ешкім <-ді> келмеу [келтірмеу] 

Дәулеті тасу 

Деміне [кеудесіне] нан пісу 

Ернін шүйіру 

Есек құрты мұрнынан түсу (кекету; мұқату)

Жал біту (кекесін) 

Жан беттетпеу (ешкімді мойындамау) 

Жел боп тию 

Зор кеуде [көкірек] 

Кекшиіп қалу ( жақтырмау, кекесін) 

Кердең кету [қағу]  

Кеуде көтеру [қағу] 

Кеуде соғар [соғу] 

Көзге ілмеу 

Көзіне шел біту ( ұнатпау) 

Көзінің еті өсу

Көкірек керу

Көңілі көкте, басы жерде 

Құдайдың еркесі (мысқыл) 

Құдайын ұмыту (кекесін) 

Мейманасы асу 

Мұрнын көкке көтеру [шүйіру] (ешкімді жақтырмау) 

Мұртын балта шаппау* (мысқыл) ( көңілі орнында)

Танауы <-мен> көк тіреу 

Танауын көкке көтеру 

Ұртын көптіру 

Ханға сәлем бермеу (мысқыл)  

Шаруасы түгел (кекесін) 

Шекесінен қарау (кекесін) 

 

Пайдаланылған әдебиеттер: Смағұлова Г. / Мағыналас фразеологизмдер сөздігі,- Алматы: «Елтаным баспасы», 2010 жыл.

 

Ұсынған: Алима Ғалымова

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің магистрі


ПІКІР ҚАЛДЫРУ