Фразеологизмдер топтамасы (Тұрақты сөз тіркестері) 2-бөлім

0
8557

Фразеологизм (тұрақты сөз тіркесі) — семантикалық (ішкі мағыналық) жағынан бір-бірімен байланысқан сөз тіркестерімен сөйлемдердің ортақ атауы.  Martebe.kzақпараттық білім порталы назарларыңызға тұрақты сөз тіркестерін ұсынады.

«ЖАМАНДЫҚ ЖАСАУ» [КӨРУ] мағынасындағы фразеологизмдер

Ағаш атқа мінгізу* ( сөзге қалу)

Басын базарға салу 

Бәле қуу 

Бәле салу 

Бәле тілеу

Бір басқаны күкірт, бір басқаны тотияйын (пәле қуған)

Жаманшылық қуу [іздеу]

Жарға құлату [ұрындыру], [жығу], [coғу]

Жасырын жебе ату (білдірмей өш алу)

Жолдан тайдыру

Тырнақ астынан кір іздеу 

«АРАЗДАСТЫРУ» мағынасындағы фразеологизмдер

Айдап салу 

Араға сына қағу 

Араға шайтан кіру

Араларын суыту 

Арасына от салу 

Арасына тікен болу [тастау]

Екі ортаға жік салу 

Іріткі салу 

Іргесін ашу 

«ҚАТЕЛЕСУ» мағынасындағы фразеологизмдер

Ағат кету 

Аяғын шалыс басу

Жаза басу 

От басу 

«ҚАУІП ТӨНУ» мағынасындағы фразеологизмдер

Жаны кысылу

Қауіп-[қатер] төну

Тықыр таяну 

СОҢЫНАН ҚАЛМАУ ( айналдыру) мағынасындағы фразеологизмдер

Басын айналдыру

Қыр соңынан қалмау

Майлы қасықтай жылпылдау* (жағымпаздану)

Майлы ішектей айналдыру

Іші баурына [кіру] кіріп, қалмау 

КЕДЕРГІ БОЛУ [КЕДЕРГІ ЖАСАУ] мағынасындағы фразеологизмдер

Ауыздан (ауызға) қағу* (сөз бермеу)

Аяққа оралғы болу 

Аяқтан шалу 

Зақым [зиян] келтіру 

Кесапаты [қырсығы] тию 

Кесе көлденең болу 

Кесір болу [қылу] 

Кесірін тигізу 

Көз түрткі болу 

Көзге күйік болу 

Көзге шыққан сүйелдей болу

Қадамын қысқарту 

Қанатын қию [кecy], [қырқу]  

Қapмақ құру 

Қиянат [қырсық], [нұқсан], [кесел] келтіру

Қол байлау болу 

Қырсығы [зияны] тию [жұғу]

Қырсык шалу [айландыру]

Сорын қайнату 

Шаужайға оралу 

Шаужайдан алу 

«ҚАРСЫЛЫҚ КӨРСЕТУ» мағынасындағы фразеологизмдер

Азар да безер болу* ( тіл алмау, мойындамау)

Ә десе мә деу ( ұрысқақ адам туралы)

Басынан сөз асырмау

Бет бақтырмау

Бетін қайтару 

Бетіне қарсы келу 

Қару қылу 

Қиғаш келу 

Отырып алу ( өз дегенімен) 

Шауып ал (деу) (айтқанға көнбеу) 

«БОСҚА ӘУРЕЛЕНУ» (біреу үшін, бірдеңеге) мағыналас фразеологизмдер

Арам тер болу

Ит әуреге түсу [түсіру]

Итін шығару

Қолынан боқта келмеу (дөрекі)

Қызыл май болу

«БҮЛДІРУ», (БІРДЕҢЕНІ) «БҮЛІНУ» мағыналас фразеологизмдер

Астан-кестеңі шығу

Астын үстіне шығару

Сеңдей соғылысу* (ығы-жығы жиналған халық)

Сорпадай сапыру

Судай шайқау

Tу-талақайы <-н> шығу [шығару]

«ҰРЛАУ», «ТОНАУ» мағыналас фразеологизмдер 

Жиендік жacay (этнографиялық эвфемизм)

Жымпитып жіберу 

Қалтаға түсу 

Қолды болу* (ұрлану) 

Қымкырып кету 

Талан-таражға салу (мемлекет меншігіне қатысты)

Үптеп кету (түгін қоймай тонау) 

Хан талапайға салу (талап кету) 

Іліп [қағып] кету 

«ӘБІГЕР БОЛУ» мағыналас фразеологизмдер

Ала шапқын 

Аттанға айқай қосу

Жау жоқта жау сағыну

Жау кетті, ел көшті

Шала бүліну 

«ҚАШУ» ( біреуден, бірдеңеден) сөзімен мағыналас фразеологизмдер

Азар да безер болу* (мойындамау) 

Ат тонын ала қашу 

Атай көрме! 

Аш бәледен қаш бәле! 

Бастан құлақ садаға 

Бәледен машайық қашыпты (сақтану)

Беті <-нен> аулақ 

Бойын аулақ салу

Жалт беру 

Зып ету (тез, кенеттен қашу)

Қағынан жору (көбінесе өз туған баласын тастап кеткендерге қаратылып айтылады)

Тайып тұру 

Пайдаланылған әдебиеттер: Смағұлова Г. / Мағыналас фразеологизмдер сөздігі,- Алматы: «Елтаным баспасы», 2010 жыл.

 

Ұсынған: Алима Ғалымова

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің магистрі


ПІКІР ҚАЛДЫРУ