«Күн дидарлы-Қазақстан!» 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағаты

0
2952
«Күн дидарлы-Қазақстан!»

Тақырыбы: «Күн дидарлы-Қазақстан!»
16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған «Біз тәуелсіз елдің ұрпағымыз»

Мақсаты: Отан туралы алған білімдерін бекіту.
Білімділік мақсаты: Мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін бекіту: Тәуелсіздікке қол жеткізген Қазақстан туралы балаларға ұғындыру.
Дамытушылық мақсаты: Шығармашылық қиялын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Көпұлтты отанға деген сүйіспеншілік, құрмет сезіміне тәрбиелеу. Балаларды елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Технолоиялық қамтамасыз ету: Слайд шоу: «Қазақстан рәміздері», Бейне көрініс: «Көк тудың желбірегені», Нұр-сұлтан қаласының көрікті жерлері, Караоке: «Тәуелсіз-ел ұраны» әні, нышандары, мақал — мәтелдер. Мульти — анимациялық сергіту сәті: «Жұмыр қылыш» әуені.
Жүру барысы:- Тәрбиеші көзіне «күлгін көзілдірікті» киіп, менің көзімдегі көзілдірік жай көзілдірік емес, бұл ғажайып көзілдірік, бұл көзілдірікті кигенде мен адамның жан дүниесіндегі ерекше адами құндылықтарды яғни сендердің бойларыңдағы жақсы қасиеттерді көре аламын. Гүлнұрай сен ақылды қызсың, Данияр сен ақкөңіл баласың, Сабина сен еңбекқор қызсың, Мейрамбек сен тамаша баласың, Мейіргүл сен өте мейірімдісің, Айерке сен білімге құмар қызсың т. б. балаларға сипаттама береді.
Біздің еліміз сендердей тамаша жас ұрпақтары бар бақытты ел. Сендер бақытты елдің бақытты ұландарысыңдар. Ендеше караоке арқылы «Тәуелсіз-ел ұраны» әнін орындап жіберейікші.
Балалар біреу есік қағатын тәрізді тыңдайықшы. Ой балалар, бізге қонаққа шет елден Америкадан қонаққа Джон мырза келді. Ол сендердің әндеріңді естіп, сендермен танысып, біздің еліміз туралы тереңірек білгісі келеді екен. Ол сендерге бірнеше сұрақтар бергісі келеді. Сұрақтарына жауап береміз бе?
Шет елдік қонақ:- Балалар сендер тұратын мемлекет қалай аталады?
Балалар: Қазақстан.
— Қазақстан мемлекетінің елбасы кім?
Балалар: Қасым Жомарт Тоқаев
— Елбасы қандай адам болуы керек?
Балалар: Білімді, ақылды, іскер, жан — жақты, өз Отанын шексіз сүйетін адам болуы керек.
— Қандай мемлекеттік рәміздерді білесіңдер?
Балалар: Ту, елтаңба, гимн
— Қазақстанның бас қаласы қалай аталады?
Балалар: Нұр султан
— Тамаша, сендер рәміздер туралы қандай өлең — тақпақ білесіңдер?

Гүлнүрай: Әйнегі — күн, шатыры — аспан
Кең дала, төсегі толқыған есік.
Көлдері көкке күмістер шашқан,
Қазақстан — Республикам менің.

Айерке: Әнұраным — жан ұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім,
Туған жерім, сағынарым,
Мәңгі бақи шырқалады.
Республика ән ұраны.

Қазақстан республикасының Гимн тыңдайды.
Шет елдік қонақ: Қандай тамаша өнерлі, білгір балалар.
Тәрбиеші: Джон мырза сіз біздің Қазақстан туралы тереңірек білгің келсе мына слайд шоуды тамашала.
Слайд шоу: «Қазақстан рәміздері»

Тұңғыш президент туралы қысқаша мәлімет беріп кетейін.
Тәрбиеші: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев біздің көпұлтты тәуелсіз мемлекетіміздің тұңғыш президенті. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев кішкентайынан спортты, белсенді демалысты жақсы көрді, сол себепті республикадағы барлық тұрғындар спортпен айналысып, дені сау, бақытты, салауатты өмір сүргендерін армандайды. Біздің Елбасымыз кітап оқығанды өте жақсы көреді. Сондай — ақ ән айтқанды, домбыра шерткенді ұнатады, тіпті өлең жазып, ән шығарады.
— Балалар, егеменді еліміздің тәуелсіздік алғанына биыл 29 жыл болды.
Мұзға жанған желтоқсанның жалауы,
Құтты болсын Тәуелсіздік мейрамы.
Ол әркімге еркін өмір сыйлайды.
Жақсы атақпен нұр шапағын жинайды.
Бүгінде тәуелсіз еліміздің өркениетті 50 елдің қатарымен тереземізді теңестірсек деген алдына мақсат қойып отыр. Аспанымыз ашық, еліміз аман болса, бұл мақсатқа да жетеміз. Сол болашақтың тірегі мына алдымыздағы бүлдіршіндер — сендерсіңдер.
Есігі ашық төрі кең,
Жылап өттік жылдар өмір өрінен.
Жетер енді желпінейік, қарайық,
Мына өмірге үмітпен.
Бейне көрініс: «Көк тудың желбірегені»
Сергіту сәті: Ұлытау тобының «Жұмыр қылыш» мульти — анимациялық сергіту сәті музыкасына қимыл қозғалыс жасату.
Тәрбиеші шетелдік қонаққа қарап: Біздің балаларымыз Отан туралы көптеген мақал — мәтелдер біледі.

Мақал — мәтелдер:
Данияр: Ердің көркі елімен,
Отан көркі жерімен.
Сабина: Отан оттан да ыстық
Илияс: Отансыз адам, ормансыз бұлбұл.
Балалар: «Мен Отанымды сүйемін!» жылулық шеңберімен аяқтайды.
— Мен өз мемлекетімді мақтан тұтамын!
— Мен өз Отанымды шексіз сүйемін!
— Мен өз Отанымның бақытты ұланымын!
Оқу қызметінің соңында балалар «Көк ту және достар» мультфильмін тамашалайды.

Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
«Жауқазын» бөбекжай бақшасы
Ересек топ тәрбиешісі
Избасова Гульдана Сериккалиевна


ПІКІР ҚАЛДЫРУ