Көркем еңбек сабағы. Ою-өрнек құрастырамыз

0
4546
Jennie Kim: кәріс айдолының Голливудтық дебюты

Қазақтың бай дәстүрлерінің бірі ою-өрнекпен тығыз байланысты. 2-сынып оқушыларына арналған Көркем еңбек сабағының сабақ жоспарын назарларыңызға ұсынамыз. 

САБАҚ: Көркем еңбек Мектеп: №181 ЖББ
Күні: 22.02.18

Мұғалімнің есімі: Еркинбекова Анар

 

СЫНЫП: 2 «В» Қатысқандар саны: Қатыспағандар:

Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

1.2.1.1 Қарапайым тәсілдермен материалдарды және компоненттерді өлшеу,белгілеу,қию формасын келтіру, жинақтау,қосу және біріктіру.

2.1.3.2 Шығармашылық идеяларды дамыту үшін белгілі дерек көздерінен ақпараттар жинау.

2.2.3.3 Шығармашылық жұмыстарды дайындау барысында қазақ ұлттық мәдениетінің элементерін қолдану.

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:
·         Оқулықта  берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді.
Оқушылардың басым бөлігі:
·         Тақырыптың  маңызы туралы  дәлелдеп айтып бере алады.
Кейбір оқушылар:
·         Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.
Бағалау  критерийі

Шығармашылық жұмыстарда қазақтың ұлттық мәдениетінің элементерін қолданады.

Жеке,  топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында  тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс  қазақ тілі,тарих.

Жоспарланған

Уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде

жоспарланған жаттығулармен қатар,

ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы  2 минут

 

Топқа бөлу   2минут

Оқушыларға қобдишадан оюлар таңдап алуларын сұраймын.Оюлардың түрлеріне қарай 5топқа бөлініп отырады.

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Көрші»

Мақсаты: әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылылық сыйлау.

Нұсқаулық:

Көршіңді оң жақтан құшақта,

Көршіңді сол жақтан құшақта.

Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,

Сол жақтағы көршіңе бір жымиып,

Бүгінгі тренинг барысы,

Біз үлкен отбасы.

1-топ «Қошқармүйіз»

2-топ «Сынықмүйіз»

3-топ «Түйетабан»

4-топ «Құсқанаты»

5-топ «Үшқұлақ»

 

 

 

Білу

3минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

13 минут

Үй тапсырмасы:

Серпілген сұрақтар

1.Сәндік қолданбалы өнер дегеніміз не?

2.Қолөнер бұйымдарын ата.

3. Әшекейлеу өнерінің мақсаты не?

4 Қазақ халқының қолөнері туралы не білесіңдер?

«Ой толғаныс» әдісі

1-топ «Қошқармүйіз »

2-топ «Сынықмүйіз»

3-топ «Түйетабан»

4-топ «Құсқанаты»

5-топ «Үшқұлақ»

(Алдымыздағы оюлардың ішінен өз тобымыздың атына сай оюды тауып көрейікші)

Бейне ролик  көрсету. Бейне роликті көрген кезде мағұлматтарға мән беріп көру қажет. Мысалы:

Ою-өрнек дегеніміз не?

Ою-өрнектің неше түрі бар?

Кілемде,құрақ көрпелерде қандай ою-өрнектер басым?

Ата-бабаларымыз ою-өрнекті не үшін қолданған?

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

Жұмбақтар

Екі басы дөңгелек,

Екі ұшы сүйір,

Қиғанға үйір. (қайшы)

Бөлінгенді табыстырып,

Біріктірсе қабыстырып

Жымдастырған жігіт де,

Байқамайсың түгін де. (желім)

Сансыз ойлар бетінде,

Сайрап жатыр бар тілде.

Қажетпін мен әр күнде,

Өшпейді бір әрпім де. (қағаз)

Енді осы заттардың қауіпсіздік ережесін біліп алайық

Қайшымен жұмыс жасау қауіпсіздігі
1. Еңбек сабағына арналған ұшы доғал қайшыны пайдалан.
2. Қайшыны тек өз жұмыс орныңда ғана пайдалан.
3. Қайшының ұшын жоғары қаратып ұстама.
4. Қайшыны ашық күйінде қалдырма.
5. Екінші адамға қайшыны жабық түрінде сабы жағымен ұсын.
6. Қайшымен қию кезінде жүрме, ешкімге жақындама.
7. Қайшының алмасына зер салып қи.
8. Жұмыс соңында қайшыны қабына салып қой.
Желіммен жұмыс жасау қауіпсіздігі
1. Желімнің қақпағын абайлап аш.
2. Қағазға ұқыпты, керегінше жақ.
3. Артығын сүрткішпен алып таста.
4. Қолыңды сүрткішпен сүрт.
5. Жұмыс соңында қақпағын жауып, орнына қой.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қиылған оюлар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

.

 

Сергіту сәті

2 минут

 Ою үлгілерін қимыл мен көрсету

Өзі ұқсап адамның денесіне,

Бүкірейіп тұрады қошқармүйіз.

Онымен жалғастырсақ құсқанатын,

Аспанда қалқып жүрген құстай ұшып.

Жердегі жануардың ізін салған,

Маймаңдап келе жатқан түйетабан деп айтқанда

Оқушылар қимылмен көрсетеді.

 

 

 

Аяқталуы

20 минут

Бармақтарың майысып,
Түрлі ою ойысып,
Ісмер болар ма екенсің?- демекші енді бәріміз оюды қиып  көрейік…

Яғни балаларға шаршы қағаздар беріледі. Оны алдымен беттестіре бүктейміз және оған қошқармүйізді бір жақ бетін салып қидырамыз. Беттестіре бүктегендегі қиып алған оюмыздың симметриялы ою екенін айтып кетеміз.

 

Топтық жұмыс: «Киіз үйде безендіру»

Оқушыларға киіз үйдің макетті беріледі әр топқа қиылған оюлармен қатар. Әр топ өздерінің қалауымен киіз үйді безендіреді. Этстетикалық талғам қарап жасау керектігі ескертіледі.

 

«Керуенмен  саяхат» деп аламын. Топтық бағалауды дескриптор арқылы жүзеге асырамыз

Дескриптор

 

  білім алушы баллы
Ұлттық ою-өрнектерімен безендіреді. 1
Түстерді дұрыс таңдайды 1
Қызықты композиция ойластырады 1

 

ою үлгілерін таңдайды

-түстерді дұрыс таңдайды

-безендіру үшін коллаж техникасын қолданады

-ұлттық ою-өрнектермен безендіреді;

-қызықты композиция ойластырады.

 

 

Оқушылар берілген ресурстармен жұмыс жасайды

Үйге тапсырма: жұмысты аяқтау.

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау — Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен өз жоспарыма

қандай түзетулер енгіздім жəне

неліктен?

«Пайыздық көрсеткіш»

100%- сабақты өте жақсы түсіндім.

 75%- сабақты  жақсы түсіндім.

50%- сабақты орташа түсіндім.

25%- сабақтан көп нәрселерді  түсінген    жоқпын

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?


ПІКІР ҚАЛДЫРУ