Кансейтова Шолпан Икатовна: «…Шәкіртім, сен -теңіз де, мен- кемең жүзген айдында.»

0
815
Кансейтова Шолпан Икатовна

Кансейтова Шолпан Икатовна 1969жылы қараша айының 23-і күні Оңтүстік Қазақстан Сарағаш ауданы Жаскешу елді мекенінде дүниеге келген. Білімі жоғары. Бітірген оқу орны: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Ұстаздық еңбек жолын 1988 жылы өзі білім алған алтын ұясында пионер вожатый болып, 1989 жылдың қыркүйегінен өз мамандығы бойынша қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі болудан бастаған. 1992 жылы Сыр еліне тұрмысқа шығып, қазіргі таңда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Сунақата ауылындағы №194 орта мектебінде үздіксіз еңбек етіп келеді. Шолпан-жеткен жетістіктері, бағындырған шыңдары баршылық жоғары санатты, І деңгей бағдарламасын игерген, өзіндік қолтаңбасы бар тәжірибелі маман. Мектептегі әдістемелік кеңестің белсенді мүшесі. Оқу-тәрбие жұмыстарын қазіргі күн талаптарына сай ұйымдастыруда үлесі зор мектеп тренері. Теориялық білімі жетік, сауатты. Шығармашылықпен үздіксіз шұғылданады. «Терминдердің термин болып қалыптасу сыры» деген зерттеп жүрген тақырыбы- өзекті. Жастардың ақылшы ұстазы. Мектепішілік, аудандық, облыстық , республикалық шараларға, семинар, ғылыми-практикалық конференцияларға белсене қатысады. Мерзімді баспасөз беттерінде мақалалары, өлеңдері, үздік сабақ жоспарлары жиі жарияланып тұрады.
Марапаттары: Облыстық “Қазақ тілі пәнін оқытудың иновациялық жолдары” тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференциясының, Республикалық “Қазіргі заман педагогтерінің кәсіби құзіреттілігі” ғылыми- тәжірибелік конференциясының алғыс хат иегері. Республикалық “Сыр ұланы” газетінің арнайы дипломымен, Республикалық “Мәртебе kz”, «45 минут»білім сайттарының дипломымен, аль-Фараби атындағы КазҰУ ЮНЕСКО орталығының, облыстық білім басқармасының, Республикалық «Өрлеу»білім-ғылым технология порталының алғыс хат, дипломдарымен марапатталған. «Қазақ елі, бір ауыз сөзім саған…” Облыстық ІІ Педагогикалық Мағжан оқуларыныда оқылған баяндамасы жинаққа енген. Оқушылардың танымдылық белсенділіктерін арттыру, шығармашылық қабілеттерін шыңдау, тақырыптық байқауларға дайындау бағытындағы жұмыстары әріптестеріне үлгі. Шәкірттері түрлі байқаулардың жүлдегерлері.

Шәкіртіме (әні бар)

Зымырап уақыт,

білінбей мол уақыт,

аңғармай қалғаным ба?

Нәр беріп, тер төккен,

сая боп, көктеткен

ұяңнан ұшасың ба?

Бақытты бал шағың

артта қап, алтыным,

өмірге бет алдың ба?!

Қызықтап әліппе

ақтарған сәттерің

әлі де көз алдымда.

Тұлымың желбіреп,

жанарың жәудіреп,

жүруші ең кеше ғана.

Таралып бой өскен,

білім ап ой өскен

нұр бейнең мүлдем жаңа.

Жаңарған жарқыным,

түлеген алтыным,

қанатың қатайған ба?!

Қызығың, қылығың

қарымың, қадамың –

бәрі де көз алдымда.

Арманы асқағым,

оң болсын талабың

биікке самғағанда,

Үкілі үмітің

қол бұлғап алдыңнан,

жете бер арманыңа.

Сүрінбей сан сыннан,

сөз ертпей артыңнан,

«адам» бол бұл жалғанда,

Қабыл боп тілегім,

шыңдардан көрінсең,

ұстазда арман бар ма?!

Сен- теңіз де, мен- кемең…

Сағындым, Ұстаз, балауса балғын кезімді,

Өзіңе деген ықылас толы сезімді.

Сағындым, Ұстаз, «қоңыраулы» қоңыр үніңді,

Сақталған берік мәңгілік өшпес ізіңді.

Сағынсам сені, өзіңде өсіп көтедім,

Өткердім сенде өмірдің жасыл көктемін.

Сіңіріп бойға білімнің тұнба тұнығын,

Сен берген тәлім биіктерге жеткенім.

Сағынсам сені, бағытым болдың, Бағбаным,

Сондықтан болар жолыңды сенің жалғадым.

Нақ өзіңдей шәкірт жайы толғантып,

Шәкірттермен тыңаюда таңдарым.

Атансам-дағы бүгінле ұстаз балаға,

Сен -теңіз де, мен- кемең жүзген айдында.

Еңбектің татып ащы да, тұщы дәмдерін,

Қадіріңді ұғынудамын, нар тұлға.

Алдымда бала, баяғы өзім секілді,

Өрілген бұрым, енді бірі «кекілді»

Ізгіліктен жасқтап беріп кемесін,

Сағынта алар ма екем, сағынғанымдай өзіңді.

                 Манап ақын

Қыдырдайын түрі де аппақ, шашы аппақ,

Бала жастан кірпігі аппақ, қасы аппақ.

Қабыл болған ақ батасы әмәнда,

Қыдырлыққа туылғандай нақ шақтап.

Тура мінез, ниет аппақ, пейлі аппақ,

Жамандарға жағынбаған жалпақтап.

Ақындығын азаматтық деп ұққан,

Салмағы жоқ сөз айтпаған созбақтап.

Малданбаған атақ-даңққа асқақтап,

Тасынбаған жатса-дағы ел мақтап.

Қарапайым қалыбынан танбаған,

Қадір тұтқан қонған бақты ардақтап.

Бейне жүйрік, шет қалмаған дүбірден,

Кезі де жоқ аламанда сүрінген.

Ақ баянын серік етіп жырына,

Орын тепкен Ұлы айтыстың төрінен.

Оза шауып бәйге алмаған төтенен,

Жыр қыдыры – желеп-жебеп, тербеген.

Ар-намысын пенделікке жеңгізер,

Болған аулақ қу түлкілік кеселден.

                Аударма

День победы\ Жеңіс күні

Жеңіс күні алыс еді ақ таңға,

Соғыс бұлты көк аспанды жапқанда.

Отан үшін, майдан үшін аттанды ер,

Жер анамыз қанға бөгіп жатқанда. Қ\ сы

Ұлы Жеңіс күні – оқ дәрі исі аңқыған,

Бұл – мереке дүйім жұртты шат қылған.

Ол – қуаныш, ол – қуаныш, тәтті арман,

Ұлы Жеңіс! Ұлы Жеңіс! Ұлы Жеңіс!!!

Күндіз-түні мартеновтің пешінде,

Көз ілмедік Ұлы дала төсінде.

Күндіз-түні оқпен, отпен айқастық,

Жету үшін ұлы мақсат, шат күнге!

Қ\сы Кешір, ана, түгел емес сабымыз,

Құшағыңды аңсағанмен бәріміз.

Жүріп өттік жер шарының жартысын,

Келер күннің қайтармаққа күлкісін.

Қ\сы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ