Қ.Мырзалиев «Кәрі қыран»

1
4775

Сабақтың тақырыбы : Қ.Мырзалиев «Кәрі қыран»\r\n\r\nМақсаты : Қ.Мырзалиев «Кәрі қыран» өлеңінің мазмұны мен идеясын жете меңгереді.\r\n\r\nМіндеттері :1.Мазмұнға байланысты : \r\n\r\n1.Қадыр өмірі мен шығармашылығынан мәлімет алады.\r\n

    \r\n

  1. Өлеңнің тақырыбы мен идеясын түсіне отырып, мазмұнын меңгереді.
  2. \r\n

\r\n2 Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту : Нақыштай оқуға бейімделеді. Шығарманың эстетикалық мәнін түсіне отырып, шығармашылықпен жұмыстанады.\r\n\r\n3 Топтық жұмыс : Бір-бірімен пікірлесе отырып, ортақ қорытынды жасайды, алған білімін бекітеді. \r\n\r\nКөрнекілігі :Қадыр портреті, хронологиялық кесте, Қазақстан картасы, бейнетаспа, Қадыр туралы пікірлер, «Бүркіт атаулары» кестесі, қыран суреті \r\n\r\nӘдісі: 5 жол өлең , топтастыру, 2 жақты күнделік стратегиялары  \r\n\r\nСабақ барысы : 1 Қызығушылықты ояту\r\n\r\n                             2 Мағынаны тану\r\n\r\n                             3 Ой- толғаныс\r\n\r\nМұғалім сөзі :  Ана тілің-арың бұл,\r\n\r\n                         Ұятың боп тұр бетте.\r\n\r\n                         Өзге тілдің бәрін біл\r\n\r\n                         Өз тіліңді  құрметте !\r\n\r\n-Осы өлеңнің авторы кім ?   Топтастыру стратегиясы бойынша оқушылар жұмыстанады.\r\n\r\n    Біртуар тұлға            Бұрынғы   әнұран авторларының бірі       Ақын\r\n\r\n \r\n\r\nӘн мәтінінің   авторы               Қадыр                    Балалар ақыны\r\n\r\n                      «Иірім»,  «Жазмыш»  кітабының авторы\r\n\r\nМұғалім хронологиялық кестемен Қадыр өмірінен мәлімет береді. Қыран суретін көрсете :\r\n\r\n-Оқушылар, мына құс қандай құс ? Қайда тіршілік етеді ? Ойларыңды қағазға түсіріңіздер.\r\n\r\nЕркін жазу стратегиясымен жұмыстанған оқушылар жауабы тыңдалады.\r\n\r\nМұғалім :-Қыран құс туралы толық мәліметті сіздерге биология пәнінің мұғалімі  Абуова Жаннат апай айтып береді.\r\n\r\nБиолог «Бүркіт атаулары»  атты көрнекілікті қолданады.\r\n\r\n1 жаста-балапан\r\n\r\n2 жаста-қантүбіт\r\n\r\n3 жаста-тірнек\r\n\r\n4 жаста-тастүлек\r\n\r\n5 жаста-мұзбалақ\r\n\r\n6 жаста-көктүбіт\r\n\r\n7 жаста-құмтүлек\r\n\r\n8 жаста-жаңа(қутүлек )\r\n\r\n9 жаста-майтүбіт\r\n\r\n10 жаста-барқын /кәрітүлек/\r\n\r\n11 жаста-баршын/ақтүлек/\r\n\r\n12 жаста-шөгел/ақырғы түлек/.\r\n\r\nБейнетаспадан мұғалім қыранның тіршілігін көрсете отырып түсіндіреді.\r\n\r\n  Мұғалім :-Қыран- 7 қазынаның бірі. Қыранға байланысты қандай мақал-мәтел,  өлең шумағын білесіздер ?\r\n\r\n Оқушы Абайдың  «Қансонарда бүркітші шығады аңға»  өлеңін жатқа оқиды.\r\n\r\n-Қыран  қазасы қияда\r\n\r\n-Құс патшасы-бүркіт, аң  патшасы- арыстан\r\n\r\n-Сұңқар қанаты ұшқанда  қатаяды.\r\n\r\n-Аттың бәрі тұлпар емес, құстың бәрі қыран емес.\r\n\r\n-Қайырсыз сұңқардан қайырлы тұрымтай артық.\r\n\r\nМұғалім :-Біртуар ұлы тұлғаларды халқымыз әспеттеп, құрметтеп отырған.\r\n\r\n«Қырандай алғыр, қырандай биікке самға» деген ақ тілекті де айтқан. Қырандай алғыр, қырандай биікке самғаған  ұлы тұлғалардың  бірі —\r\n\r\nҚадыр Мырзалиев .\r\n\r\nҚадыр Мырзалиевтің «Кәрі қыран» өлеңін мұғалім жатқа оқиды.\r\n\r\nМәтінді нақыштап оқушыларға оқытқан соң :\r\n\r\n-Қыран өліміне не себепші болды?\r\n\r\n-Жас бүркіт неге қорықты ?\r\n\r\n-Қыранша өмір, өлім-бақыт дегенді қалай түсінесің ?- деген жетекші сауалды мұғалім қояды. Өлеңге әдеби-теориялық талдау жасатады.\r\n\r\n    4                           3                  4\r\n\r\nҚанатынан// қаңтардың// қары бүркіп// а  11\r\n\r\n  4                            3                    4\r\n\r\nҚашатұғын// көргенде // бәрі де үркіп// а  11\r\n\r\n 4                           3                     4\r\n\r\nҚырағы көз// бүгінде// қарауытып// б       11\r\n\r\n  4                        3                    4\r\n\r\nҚалғып отыр //қияда// кәрі бүркіт//   а       11\r\n\r\n11 буынды, 3 бунақты, а а б а — қара   өлең ұйқасы , 1 шумақта  4 тармақ \r\n\r\nМәтіннен көркемдегіш құралдарды таптыра отырып мұғалім символ туралы мәлімет береді.\r\n\r\n 2 жақты күнделікпен оқушылар жұмыстанады.\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

Өзіңіз таңдаған цитатаны оқу Бұл үзіндіні неге таңдадыңыз ? Себебі
Қанатынан қаңтардың қары бүркіп,\r\n\r\nКөретұғын көргенде бәрі де үркіп.\r\n\r\nҚырағы көз бүгінде қарауытып\r\n\r\nҚалғып отыр қияда кәрі бүркіт.\r\n\r\n  Қыран кезінде, жас кезінде бәрі үшін қорқыныш туғызатын жабайы құс болғанды. Уақыты өтті, қартайды. Қиядағыны жібермейтін қырағы көз енді қалғу-мүлгуге көшті.\r\n\r\n 

\r\n \r\n\r\n5 жол өлең стратегиясы\r\n\r\n1.Қыран\r\n

    \r\n

  1. Кәрі, жас
  2. \r\n

\r\n3.Ұшады, өледі, аулайды.\r\n

    \r\n

  1. Қыран-еркіндіктің, тәуелсіздіктің нышаны.
  2. \r\n

  3. Жыртқыш құс, түз тағысы.
  4. \r\n

\r\nМұғалім Қазақстан туын, Алтын адам, әнұраны бар көрнекілікті ортаға әкеліп :\r\n\r\n-Оқушылар, мына заттардың бүгінгі сабаққа қандай қатысы бар деп ойлайсыздар ?\r\n\r\n-Алтын адам-біздің заманымыздан  бұрынғы 5 ғасырдағы сақ жауынгері. Алматы облысы, Есік қаласында табылған. 1969 жылы археолог Ақышев тапқан. Әшекейлерінде аңдар бейнеленген. Алтын адам Қазақстанның азаттық символына айналды.\r\n\r\n-Қазақстан туындағы қыран құстың  бейнесі мүлдем жаңа көркемдік шешім тапты. 1-ден -бейбіт, салмақты мінез сипаты сезіледі. 2-ден- ол күн астында тұрғандықтан қанатымен Прометей  алауын, бақыт нұрын алып келе жатқандай әдемі әсер қалдырады. 3-ден -қозғалыс үстінде бейнеленген. Асқақ арман ,  асыл мақсатқа құлаш ұрып келе жатқандай.\r\n\r\nҚазақы дүниетанымда қыран құсқа байланысты еркіндік, асқақтық, тәкәпарлық, қайрат-жігер, биік мұрат, кеңпейілділік пен жан тазалығы тәрізді ғажайып ұғымдар ойға оралады.\r\n\r\nӘнұран – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Гректің «gimneo» сөзінен шыққан «гимн» термині «салтанатты ән» деген мағынаны білдіреді. Әнұран ел азаматтарын тиімді әлеуметтік-саяси тұрғыдан топтастырып, этномәдени тұрғыдан теңдестіру үшін негізгі мәнге ие, маңызды дыбыстық рәміз саналады.\r\n\r\nТәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік әнұраны екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді.\r\n\r\nРеспублика мемлекеттік егемендігін иеленгеннен кейін, 1992 жылы Қазақстан әнұранының музыкасы мен мәтініне байқау жарияланды. Байқау қорытындысы бойынша Қазақ КСР әнұранының музыкалық редакциясын сақтау туралы шешім қабылданды. Осылайша тәуелсіз Қазақстанның алғашқы әнұранының музыкасының авторлары Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди болды. Сонымен қатар, үздік мәтінге жарияланған байқауда авторлар ұжымы, белгілі ақындар Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және Жадыра Дәрібаева жеңіп шықты.\r\n\r\nЕлдің дыбыстық рәмізінің танымалдығын арттыру мақсатында 2006 жылы жаңа мемлекеттік әнұран қабылданды. Оның негізі ретінде халықтың арасында кеңінен танымал «Менің Қазақстаным» патриоттық әні таңдап алынды. Ол әнді Шәмші Қалдаяқов 1956 жылы Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазған болатын. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әнге мемлекеттік әнұран жоғары мәртебесін беру және анағұрлым салтанатты шырқалуы үшін музыкалық туындының бастапқы мәтінін өңдеді. Қазақстан Парламенті 2006 жылы 6 қаңтарда палаталардың бірлескен отырысында «Мемлекеттік рәміздер туралы» Жарлыққа тиісті түзету енгізіп, еліміздің жаңа мемлекеттік әнұранын бекітті.\r\n\r\nМұғалім :- Қыран тәуелсіздік белгісі болса, біздің тәуелсіз елдің қырандары-сендер. Осындай тәуелсіз елдің қыраны-Қ.Мырзалиевтің әнұран авторларының бірі болуы біз үшін үлкен мәртебе.Енді бәріміз  тәуелсіздігіміздің қыранымыз дей отыра әнұранымызды айтсақ…\r\n\r\nХормен оқушылар әнұранды айтады.\r\n\r\nМұғалім сабақта белсенділік көрсеткен оқушыларды бағалап үйге тапсырмаға  өлеңді жаттауға және «Мен- тәуелсіз елдің қыранымын»  тақырыбына шығарма жазуға береді .


ПІКІР ҚАЛДЫРУ