Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы қатынастар

0
1781

 \r\n\r\n1992 ж. 27 тамызда — Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар саяси мекемелердің нота алмасуы арқылы орнатылды.\r\n\r\n1994 ж. — Әзербайжан Республикасында Қазақстан Республикасы Елшілігі ашылды. 2004 ж. – Қазақстан Республикасында Әзербайжан Республикасының Елшілігі ашылды.\r\n\r\n1996 ж. қыркүйек – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Әзербайжанға ресми сапары.\r\n\r\n1997 ж. маусым — Әзербайжан Президенті Г.әлиевтің Қазақстанға ресми сапары.\r\n\r\n1998 ж. маусым — Әзербайжан Президенті Г.Әлиевтің Қазақстанның жаңа елордасы – Астана күнін мерекелеуге қатысуы.\r\n\r\n1998 ж. қазан — Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Н.Балғымбаевтың Әзербайжанға сапары.\r\n\r\n1999 ж. қазан – Премьер-Министр А.Раси-заде бастаған Әзербайжан үкімет делегациясының Астанаға сапары.\r\n\r\n2000 ж. сәуір – Президент Н.Назарбаев бастаған ҚР делегациясының Бакуға ресми сапары, Қазақстан басшысының түркі тілдес мемлекет басшыларының VI саммитіне қатысуы.\r\n\r\n2003 ж. желтоқсан – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Бакуға келуі, Әзербайжанның бұрынғы Президенті Г.әлиевті жерлеу рәсіміне қатысуы.\r\n\r\n2004 ж. наурыз — Әзербайжан Республикасының Президенті И.Әлиевтің Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапары.\r\n\r\n2004 ж. қыркүйек — Әзербайжан Президенті И.Әлиевтің ТМД саммитіне қатысуы (Астана). 2005 ж. мамыр – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Әзербайжанға ресми сапары, «Баку-Тбилиси-Жейхан» Негізгі экспорттық құбырының Әзербайжандық бөлігінің іске қосылуы рәсіміне қатысуы.\r\n\r\n2006 ж. қаңтар – Әзербайжан Премьер-Министрі А.Раси-заденің Қазақстан Республикасы Президентінің ұлықтау рәсіміне қатысуы.\r\n\r\n2006 ж. мамыр – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Д.Ахметовтің Әзербайжанға жұмыс сапары, Экономикалық ынтымақтастық ұйымының мемлекет және үкімет басшылары саммитіне қатысуы.\r\n\r\nҚазақстан мен Әзербайжан халықаралық және аймақтық сипаттағы өзекті мәселелер бойынша өзара жақын позицияларды ұстануларымен ерекшеленеді. Көп жақты форматта тараптар БҰҰ, ЕҚЫҰ, ЭЫҰ, ИКҰ және басқа да ұйымдар шеңберінде әрекеттесуде.\r\n\r\nҚазақстан-Әзербайжан шарт-құқық базасы екі жақты ынтымақтастықтың кең ауқымын қамтитын 80-нен астам құжаттан тұрады.. Осы орайда, екі ел басшылары тарапынан 2005 ж. мамырда Бакуда қол қойылған Стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастар туралы Шарт айрықша мәнге ие. Қазақстан-Әзербайжан әрекеттестігі аймақтық тұрақты және қауіпсіз өркендеуін қамтамасыз ету бағытында жемісті түрде даму үстінде. Аймақтық және жаћандық пробдемаларды шешуге бағытталған Қазақстандық бастамаларды қолдаушы ретінде Әзербайжан Қазақстанда өткізілетін түрлің шараларға белсене қатысуда. Бұл шаралардың мақсаты –терроризммен, экстремизммен, діни және ұлттық негіздегі шиеленістермен, сондай-ақ аймақтағы және жалпы әлемдегі ахуалды тұрақсыздандыруға бағытталған басқа да факторлармен күреске қолдау көрсету. Атап айтқанда, Әзербайжан Азияда өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске қатысады (АӨІСШК). 2002 ж. маусымда Әзербайжан Премьер-Министрі А. Раси-заде АӨІСШК бірінші саммитіне қатысты. Әзербайжан өкілдері АӨІСШК Аға лауазымды тұлғалар комитетінің, сыртқы істер министрерінің кездесулеріне қатсуда.\r\n\r\nӘзербайжан Қазақстанда болып жатқан ішкі саяси үрдістерге жіті көңіл бөлуде. Атап айтқанда, Әзербайжан өкілдері халықаралық бақылаушылардың құрамында Қазақстандағы президенттік сайлауға (2005 ж. желтоқсан) және парламенттік сайлауға (2004 ж. қыркүйек) қатысты.. Өз кезегінде, Қазақстан өкілдері 2005 ж. қарашада Әзербайжанда өткен Милли Меджлис депутаттарын сайлау үрдісін бақылады. Әзербайжан Милли Меджлисі төрағасының орынбасары В.Алескеров ҚР Парламиентінің 10-жылдығына арналған салтанатты шараларға қатысты (Астана, 2006 ж. қаңтар).\r\n\r\nЕкі елдің қорғаныс мекемелері, ұлттық қауіпсіздік органдары, шекара қызметері, құқық қорғау құрылымдары арасындағы ынтымақтастық үдемелі дамуда. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтау мәселесінде ұқсас ұстанымда болу екі жақты қатынастардың оңды нышандарының бірі болып табылады. Тараптар екі ел арасында Каспий теңізінің түбін белгілеу туралы келісімді, Каспий теңізінің түбі мен қойнауының учаскелерін белгілеудің орта сызығының географиялық өту координаттарын орнататын хаттаманы бекітті. қазіргі кезде Қазақстан мен Әзербайжан Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенцияны әзірлеу жөніндегі Арнайы жұмыс тобы аясында Каспий маңы мемлекеттерінің сыртқы істер министрлері орынбасарлары деңгейінде жұмыстарын жалғастыруда.\r\n\r\nЭкономика саласындағы ынтымақтастық табысты дамуда, бұған ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Әзербайжанға жасаған сапарының барысында қол жеткізілген уағдаластықтар қосымша серпін берді. Аталған Аталған салада басым бағыттар белгіленді.\r\n\r\nЕкі жақты қатынастарды дамытуда экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Әзербайжан Үкіметаралық комиссия маңызды рөл атқарады. Оның төртінші отырысы 2006 ж. мамырда Бакуда өткізілді. Комиссияның ұсыныстары екі жақты ынтымақтастықтың кең ауқымын қамтиды, соның ішінде өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдерін өзара жөнелтуді жандандыру; мұнай-газдық машина жасау, химия және мұнай-химия, көлік саласында; отын-энергетика кешенінде; агро-өнеркәсіп кешенінің өнімдерін қайта өңдеуде; Каспий теңізін қоршаған ортаны сақтауда, мәдени-гуманитарлық байланыстарда өзара ынтымақтастықты дамыту.\r\n\r\nЭкономикалық ынтымақтастықтың маңызды элементтерінің бірі – мұнай-газ секторы.. Осы орайда Қазақстан мұнайын «Баку-Тбилиси-Жейхан» құбыры арқылы тасымалдаудың жолдары жөнінде жүргізіліп жатқан екі жақты келіссөздерді атап өткен жөн.. 2005 жылдың қорытындысы бойынша Ақтау портынан Баку портына қарай 3,028 млн. тонна мұнай тасымалданды. Қазақстан мен Әзербайжанда көмірсутегі шикізатын өндіруді ұлғайту жоспарларын ескере отырып, екі ел үшін мұнай-газдық машина жасау саласында ынтымақтастықты жандандыру, соның ішінде бірлескен кәсіпорындар мен өндірістер құрудың айтарлықтай тиімділігі бар. 2005 жылы «Азнефтехиммаш» Ақ кәсіпорындары Қазақстанға ,07 млн. сомасында мұнай-газ қондырғыларын жолдады. Көлік саласында басыңқы бағыт ретінде екі елдің «Еуропа – Кавказ — Азия» (ТРАСЕКА) халықаралық көлік дәлізі жобасына қатысуын атап айтуға болады.\r\n\r\n2005 жылы Қазақстан, Әзербайжан және Грузия көлік мекемелері өкілдерінің үш жақты кездесулерінде Поти-Баку-Актау-Алматы маршруты бойынша пилоттық контейнерлік пойыз үшін тарифтік бағалар белгіленді. Сондай-ақ темір жол арқылы бидай, көмір, күкірт, түсті және қара метелл, ферроқорытпа, қара метелл ломдарын Әзербайжана мен Грузия аумғымен тасымалдаудың тарифтік бағалары, Баку портында бидайды түсіріп-тиеу үшін жеңілдіктер белгіленді. Темір жолдар ынтымақтастығы ұйымы, БҰҰ-ның Орталық Азия экономикалары үшін арнайы бағдарламасы (СПЕКА) аясында көлік және шекарадан өту Жобалық жұмыс тобы, ТМД жолшылары\r\n\r\nҮкіметаралық кеңесі шеңберіндегі ынтымақтастық жалғасуда. қаржы саласындағы екі жақты байланыстар ұлттық және коммерциялық банктер арасында дамуда. Каспий теңізінің түбімен Ақтаудан Бакуға дейін талшық-оптикалық байланыс желісін тарту мәселесін пысықтау жалғасын табуда. Әзербайжан статистикалық органдарының мәліметі бойынша, 2005 жылы екі жақты тауар айналымы 2,5 млн. құрады (Әзербайжанның басқа елдермен тауар айналымының 1,3%-ы). Әзербайжан тауарларының Қазақстанға экспорты ,1 млн. көлемінде.\r\n\r\n Ал Қазақстандық тауарлар , 3 млн. сомасында импортталды. Қазақстандық экспортың негізгі бөлігін табиғи газ, астық өнімі, электр жабдықтары, болат, құбырлар, қорғасын, аккумуляторлар, химиялық қосындылар, темекі өнімі және т.б. Әзербайжаннан Қазақстанға мұнай өнімдері, мотор майлары, жол-құрылыс жұмыстары үшін машиналар мен механизмдер, қосалқы бөлшектер, химиядық өнімдер, насостар және сұйықтарды көтергіштер. Қазақстан Елбасының белгілеген міндеттері шеңберінде Әзербайжанға және үшінші елдерге бидай тасымалдауды жүйелендіру жөнінде жұмыс жүргізілуде. Осы орайда Бакуда «Азық-түлік корпорациясы» Ақ-мен бірлесе отырып жүзеге асырылатын астық терминалын салу жобасына маңызды рөл беріледі (орташа жылдық қуаты 300 мың тонна).\r\n\r\n Аталған жобаның іске асуы Әзербайжанның ішкі сұранысын қамтамасыз етуге айтарлықтай әсерін тигізеді, сондай-ақ Қазақстандық бидайды басқа елдерге тасымалдау географиясын едәуір кеңейтеді. Сонымен қатар Әзербайжаннан Қазақстанға бау-бақша өнімдерін жөнелту мәселесі пысықталуда.. Қазақстан мен Әзербайжанның қоршаған ортаны қорғау мәселесіне байланысты әрекеттестігі даму үстінде.\r\n\r\nМәдени-гуманитарлық ынтымақтастықта, атап айтқанда кинематография, түрлі шығармашылық байқаулар мен фестивальдерге өзара қатысу саласында жандану үрдісі байқалуда.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ