Қазақстан Республикасы мен Грузия арасындағы қатынастар

0
2054

 \r\n\r\nЖалпы мағлұматтар\r\n\r\n1992 жылғы 23 шілдеде дипломатиялық қатынастар орнатылды.\r\n\r\n1992 жылы Грузияның Қазақстандағы елшілігі ашылды. 2003 жылы елшілік Астанаға көшірілді.\r\n\r\n1996 жылғы қыркүйекте ҚР-ның Әзербайжан Республикасы мен қатар Грузияда Елшілігі ашылды. 2003 жылы Грузияда дипломатиялық миссия ашылды.\r\n\r\nҚазақстан Республикасының резиденциясы Бакуде орналасқан Грузия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі А.Шоқпытов. (2002 жылдан)\r\n\r\nГрузияның Қазақстан Республдикасындағы елшісі З.Шургайя. (2004 жыл, қараша).\r\n\r\n \r\n\r\nСаяси қатынастар\r\n\r\n \r\n\r\nҚазақстан мен Грузия қатынастары достық пен өзара тиімділік, аймақтық және халықаралық саясатта жақын ұстаным қағидатында дамып келеді. Осы кезеңде мемлекет басшыларының және үкіметтік, ресми делегациялардың сапарлары болып өтті.\r\n\r\nГрузия Президенті М.Сакашвилидің 2005 жылғы 1 сәуірдегі Астанаға сапары екі жақты қатынастардың дамуына серпін берді. Кездесу барысында екі елдің көлік, порт инфрақұрылымы, энергетика секторы салаларында байланыстарды арттыру жайы қарастырылды.\r\n\r\n2005 жылдың 2 шілдесінде ҚР Премьер-министрі Д.Ахметовтің Грузияға жұмыс сапары болды, сапар барысында көлік, энергетика, агроөндірістік және басқа да экономика салаларында қазақстан-грузин ынтымақтастығын көтеру мәселелері талқыланды. Нақты келісімдер ортақ Хаттамада бекітілді.\r\n\r\nҚР Президенті Н.Назарбаевтың 2005 жылғы 2-4 қазанда Грузияға ресми сапары екі жақты қатынастар тарихының жаңа бетін ашты. Сапардың ортақ тақырыбы экономикалық блокқа арналды, оның ішінде қазақстандық мұнайдың экспортын Батуми және Поти порттарымен әлем нарығына шығару, Грузияға қазақстандық инвестицияның келуі және қазақстан бидайы мен газының тасымалдануын ұлғайту, банкі саласындағы ынтымақтастық, ТРАСЕКА көлік дәлізі арқылы қазақстандық құрғақ жүкті тасымалдау мәселелері жан-жақты талқыланды. Грузия аумағында газ тарату жүйесінің және ферросплав заводының қазақстандық кәсіпорындардың сатып алу мәселелері, Қара теңізде қазақстандық бизнестің демалу және туризм обьектілерін салуға қатысуы мәселелері де қарастырылды.\r\n\r\n2005 жылғы 18-19 қарашада Грузия Премьер-министрі З.Ногаиделидің Астанаға ресми сапары болды. Сапар барысында З.Ногаидели ҚР ККМ, ЭМРМ, «Қазмұнайгаз» АҚ ҰМК басшыларымен кездесті, екі елдің экономикалық қатынасын талқылады, бірінші кезекте қазақстандық газдың Грузияға тасымалы мәселелерін көтерді.\r\n\r\n2006 жылғы 11-12 қаңтарда Грузия Президенті М.Саакашвили ҚР Президенті Н.Назарбаевтың инаугурация рәсіміне қатысты.\r\n\r\n \r\n\r\nСауда-экономикалық ынтымақтастық\r\n\r\n \r\n\r\nҚР Статистика агенттігіің мәліметіне сәйкес 2006 жылғы қаңтар-тамыз аралығында Қазақстан мен Грузия арасындағы сауда айналым 35,37 млн. долл. (экспорт – 30,37 млн. долл., импорт – 4,9 млн. долл.), ал 2005 жылы 59,2 млн. долл. (экспорт – 52 млн. долл., импорт – 7,2 млн. долл.) құрады.\r\n\r\n2004 жылы сауда айналымы 39,2 млн. долл. (экспорт — 31,8 млн. долл., импорт — 7,4 млн. долл.), в 2003 жылы — 19 млн. долл. (экспорт — 12,5 млн. долл., импорт — 6,5 млн. долл.) құрады.\r\n\r\nҚазақстаннан Грузияға көмір, ақ темір, қара және түсті металпрокат, полипропилен, жеңіл және ауыр автомобильдерге шина, автомобиль аккумуляторлары, санитарлы-техникалық құралғы, бидай, ұн, ет экспортталады.\r\n\r\nГрузиядан Қазақстанға металлургия, машина жасау, химиялық және тамақ өндірісі салаларының өнімдері, сонымен қатар болат трубалары, ферросплавтар, электрқайнау құралғысы, күштілік трансформаторлар, шай, шарап, темекі импортталады.\r\n\r\nБанкі-қаржы саласындағы ынтымақтастық. Қазақстандық «БанкТуранАлем» 2005 жылдың наурыз айында Грузияда «Silk Road Bank» банкінің 49 пайыз акциясын сатып алды (қазіргі кезде ВТА«Silk Road Bank» деп аталады). 2005 жылғы тамызда «БанкТуранАлем» Тбилисиде өзінің өкілдігін ашты.\r\n\r\nҮкіметаралық комиссия. 2006 жылғы 1 шілдеде Астанада ҚР Көлік және коммуникация министрі А.Мамин және Грузия Энергетикалық даму министрі И.Чоговадзенің төрағалығымен қазақстан-грузин сауда-экономикалық мәселелері бойынша үкіметаралық комиссиясының екінші отырысы өткізілді.\r\n\r\nМұнайгаз және көлік саласы қазақстан-грузин ынтымақтастығының негізгі бағытына жатады.\r\n\r\nҚазақстан мұнайының әлем нарығына шығуы бойынша көпбағытты саясатының құрамдас бөлігі ретінде «Ақтау-Баку-Тбилиси-Джейхан» жобасы атауға болады. Қазіргі кезде ол үшін «Ақтау-Баку-Батуми» бағыты пайдаланылады.\r\n\r\nАуыл шаруашылығы. ҚР Статистика агенттігінің мәліметтеріне сәйкес, 2005 жылы Грузияға 26,6 т. қазақстандық бидай экспортталды. Сонымен қатар, 2005 жылы Грузияға 2,6 т. ұн бидай эквивалентімен экспортталды.\r\n\r\n«Азық-түлік корпорациясы» АҚ-ның мәліметіне сәйкес, 2007 жылы Поти портында бидай терминалын орнату жобаланған. Қазіргі кезде грузин тарапының компаниясын оператор ретінде таңдау қарастырылуда.\r\n\r\nГрузин тарапынан Еуропа-Кавказ-Азия (ТРАСЕКА) көлік дәлізі бағыты бойынша қазақстандық бидайды тасымалдауға 50 пайыздық түсімді ескере отырып, аталған жоба Ақтау, Баку, Поти порттарындағы бидай терминалдарының көлік тізбегін құруға мүмкіндік береді, бұл қазақстандық бидайдың Закавказье және Түркия елдерінің нарығындағы ұстанымдарын нығайтуға септеседі, сонымен қатар қазақстандық бидайдың Еуропалық Одақ елдеріне қарай бағытын дамытуға мүмкіндік береді.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ