ҚАЗАҚСТАН ГЕОГРАФИЯСЫ ПӘНІН ОҚЫТУДА АЙМАҚТЫҚ-ӨЛКЕТАНУ МӘЛІМЕТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМГЕ ТӘРБИЕЛЕУ

0
2096

Майемер Азамат Максимұлы\r\n\r\nБелес жалпы орта білім беретін мектебі\r\n\r\nЗеленов ауданы, Батыс Қазақстан облысы\r\n\r\n \r\n\r\nҚазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан — 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына 2012  жылғы Жолдауында: Қазақстан патриотизмінің іргетасы – барлық азаматтардың тең құқылығы және олардың Отан алдындағы жалпы жауапкершілігі.                                                                                                                     Болашаққа деген сенім болмаса, толыққанды мемлекет құруға болмайды. Мемлекет пен азаматтың мақсаттары барлық бағыттар бойынша сәйкес келуі өмірлік тұрғыдан маңызды. Мемлекеттің басты міндеті де осы. Азаматтар мемлекетке болашақ бар болса, даму үшін, жеке және кәсіби тұрғыдан өсу үшін мүмкіндіктер болса ғана сенім артады.                Өз бойымызда және балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек. Бұл ең алдымен елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімдерін ұялатады делінген [1, 4-8 б.].                                                                              Қоғамның рухани әлеуетін арттыру қажеттілігіне негізделіп жасалған, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаты – азаматтардың бойында жоғары патриоттық сананы, өз елі үшін мақтаныш сезімдерін қалыптастыру, патриоттық тәрбие жүйесін жоспарлы түрде дамыту арқылы Отанның мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтық борыш пен конституциялық міндеттерді орындауға дайындығын тәрбиелеу. Ал бұл бағдарламаны әзірлеудің өзектілігі сол, қоғамның рухани әлеуетін арттыру қажеттілігіне негізделген.      Әсіресе, қоғамымыздың бірден-бір қозғаушы күші ретінде танылған жастардың бойында патриоттық құндылықтарды қалыптастыру қазіргі таңда аса өзекті мәселеге айналып отыр [2, 6-10 б.].                                                                                                         Қазақстандық патриотизм идеясының қамтылу керектігі даусыз іс. Ол – білім берудегі мемлекеттік принцип. Көп ұлтты мемлекетімізде халықтар  арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтуда ауылдық мектептегі патриоттық тәрбиенің қызметі аса маңызды. Оның өзі ұлт мектебінің басты белгісі де. Мектептегі білім беру «ұлт» пен «ұлыс» өкілдерінің этностық мәдениетін қамтып, оларды ортақ Отанының болашағын дамытуға үлес қосатын азамат етіп тәрбиелеу – қазақстандық патриотизмнің басты мазмұнын құрайды. Қазіргі кезде республикамыздың егемендігі мен бейбітшілігін сақтауда Қазақстандық патриотизм арқылы жастардың бойында патриоттық құндылықтарды қалыптастыруға үлкен мән беріліп отырғандығы Қазақстан Республикасы Конституциясында, Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Білім бағдарламасында, «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында», Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін құру Заңдарында, Қазақстан Республикасының Білім беру мекемелеріндегі тәрбие берудің кешенді бағдарламасында және үкіметтің қаулы-қарарларында, педагогикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарында және күнделікті басылым беттеріндегі материалдардан айқын аңғарылады.        Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында еліміздегі оқу-тәрбие жүйесін жетілдірумен байланысты алға қойған негізгі мақсат – «Қазақстандық  азаматтық, ізгілік және жалпы адамзаттық құндылықтар идеяларының негізінде тәрбиеленушінің жеке тұлға ретіндегі сапалық қасиетін қалыптастыру» — көзделіп отыр [3, 44-48 б.].                                        Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 11-бабында білім беру жүйесінің басым міндеттері – «азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны − Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға және қоғамға қарсы кез-келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу» – деп айтылған [4, 23 б.].                                                                                     Мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беру – біздің мемлекетіміздің                                                                                    ұзақ мерзімді даму бағыттары шеңберіндегі ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін ең өзекті мәселелердің бірі. Патриоттық тәрбие берудің рөлін арттыру, неғұрлым маңызды құралдарына өлкетану, яғни туған өлкенің табиғатын, халқы мен шаруашылығын, оның өткені мен бүгінін жергілікті қоғамдастық өмірін жақсарту мақсатында зерделеу болып табылады. Оқушыларға өзінің туған өлкесі туралы туралы толық, терең мазмұнды білім беруді талап ететін, олардың туған жеріне және табиғатына деген сүйіспеншілік сезімін, сондай-ақ өз халқының әдет-ғұрпына деген құрметін қамтитын аймақтық-өлкетану ұстанымында өз бейнесін табады.                                                                                                                     Мектептегі оқу-тәрбие үдерісінде оқушыларға патриоттық тәрбие беруді қалыптастырудағы аймақтық-өлкетану мәліметтерін пайдаланудың рөлін арттыру, аймақтық базалық білім берумен байланыстыру, педагогикалық шарттарын айқындау, а            Аймақтық-өлкетануға тән ерекшеліктерді анықтау біздің зерттеуіміздің негізі болып табылады [5, 22-24 б.].                                                                                    Аймақтық-өлкетану арқылы оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу проблемасын зерттеу мақсатында орта мектептердің базистік оқу жоспарындағы «Қазақстан географиясы» пәндерінің оқу бағдарламалары мен оқулықтарына ғылыми бағытта  талдау жүргізу нәтижесінде оқушыларға патриоттық тәрбие берудің жағдайын қарастырдық. Зерттеу нәтижесі жалпы білім беретін орта мектептердің оқу-тәрбие үдерісіндегі маңызды компоненттердің бірі – патриоттық тәрбие беруді әлі де болса жүйелеп, жетілдіру қажеттілігі байқалды. Зерттеу барысында мектеп оқушыларының отансүйгіштік қасиеттерін жетілдіруде өлкетану мәліметтерін мектептің оқу бағдарламасына кешенді түрде енгізу, сабақ барысында кіріктіру мүмкіндіктері қарастырылды.                                                                                               Зерттеу мәселесінің негізінде жалпы білім беретін орта мектептерде патриоттық тәрбие берудің тиімді әдістерін жетілдіру, жаңа мазмұнда жасалған оқу-әдістемелік құралдар мен бағдарламалардың қажеттілігі байқалды. Яғни, мектептегі «жаратылыстану білім саласын» құрайтын «Қазақстанның физикалық географиясы», «Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік географиясы» пәндерінің бүгінгі оқу бағдарламаларында оқушылардың патриоттық тәрбие негізінде рухани кемелденуіне мән берілгендігін көреміз [6, 68-70 б.].                                                               «Қазақстан географиясы» курсының негізгі мақсаты – оқушылардың өз елінің табиғи, әлеуметтік және экономикалық жүйесі туралы түсінігін қалыптастыру, оның табиғат жағдайлары мен мен ресурстарының әр алуандығын ашып көрсету. Курсты оқып үйренудің нәтижесінде оқушылар еліміздің табиғи, әлеуметтік және экономикалық проблемаларына бағдар жасай білуі тиіс. Курстың негізгі идеясы  — қазақстандық патриотизм мен ұлтаралық қарым-қатынастар мәдениетін тәрбиелеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.             Оқушыларды өлкетану арқылы патриотизмге тәрбиелеуде мектеп әрқашанда жоғары рөл атқарады. В.А.Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда, «төрт түрлі құрмет: Отанға құрмет, адамға құрмет, кітапқа және туған тілге құрмет салтанат құрғанда ғана мектеп мәдениеттің нағыз ошағына айналады» [7, 49-50 б.].                                                           8 – 9 сынып географиясының мектеп курсы қазақстандық патриотизмді қалыптастыруда үлкен күш болып табылады. Оқулықта кіріспеден  қосарбеттегі қорытындыға дейін қазақстандық патриотизм идеясы нақты көрініс табады. Оқулыққа кең ауқымды, жан-жақты отантанушылық, өлкетанушылық білім жүйесі сыйғызылған. Бұлар патриотизмге тәрбиелеудің іргетасы болып табылады.      Н.Н.Баранскийдің «Отанды сүю үшін, оны жақсы білу керек» деген кең таралған сөзі бар. Бұл сөздердің астарында қаншама мәнді мағына жатыр. 8-9 сыныптарға арналған Қазақстан географиясы пәні арқылы алған оқушылардың білімі өз Отаныңның көздеген мақсатын орындауға жол ашады деп ойлаймын.                                                                                                       Қазақстан географиясы оқулығы сан алуан тақырыптар ұсынады. Тақырыптар негізінен оқытудың өлкетанушылық принципіне бағытталған. Хабарламалар мен рефераттар өз облысы (қаласы) және ауданы (ауылы) туралы білімді кеңейтудің, ауызша және жазбаша жауап беру мәдениетін қалыптастырудың, кредиттік жүйе жағдайында оқытуға даярлаудың құралдары болып табылады. Бұл жұмыстар оқушыларды қосымша білім көздерімен – аймақтық-өлкетану оқулықтарымен және энциклопедиялармен, монографиялармен, жергілікті БАҚ материалдарымен, облыстық және аудандық газеттермен жұмыс істей білуге үйрету үшін арналған. Оқушылар тақырыптарға қажетті ақпаратты жылдам табу, жүйелеу, оларға талдау жасау, толықтыру және баға беру, олардың негізінде мәтін құрастыру, оны мақсатты жағдайға байланысты өзгерту сияқты өз бетінше білім алуға қажетті дағдыларды өздеріне қалыптастыруы керек.                                         Қазіргі күні мектеп оқушыларында аймақтық-өлкетану мәліметтерін пайдалану арқылы қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мәселесінің шешімін табуда мынадай проблемаларға тоқталғанды жөн деп білеміз:                                                                                            — Жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беру материалдарын жүйелі, кешенді енгізу;                                                                                                       — Қазақстанның физикалық және экономикалық географиясы пәндерін оқыту барысында аймақтық-өлкетану мәліметтерін пайдалану арқылы оқушыларды қазақстандық патриотизм рухында тәрбие беруді жолға қою;                                                                      — Оқу-тәрбие үдерісінде патриоттық тәрбие беру мәселесін үздіксіз жүргізу:                  — Педагогикалық үдерісте аймақтық-өлкетану және туған өлке мәліметтерінің бейнесін тәрбие құралы ретінде пайдалану.                                                                                   Жалпы білім беретін орта мектептегі Қазақстанның физикалық және экономикалық  географиясы пәндерінің оқу бағдарламасына енгізілген өлкетану негізіндегі патриоттық тәрбиеге лайықталған тақырыптар оқушылардың бағдарламалық білім мазмұнын тереңдетіп, теориялық білімдерін кеңейтіп, қазақстандық патриотизм туралы түсініктерін қалыптастырып, аймақтық-өлкетану арқылы қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу белсенділігін жетілдіреді. \r\n\r\nӘдебиеттер:\r\n

    \r\n

  1. 1. Н.Ә.Назарбаев. «Қазақстан – 2050 стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. Егемен Қазақстан. 2012 жыл. 24 бет.
  2. \r\n

  3. Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана. 2006 ж. 46 бет.
  4. \r\n

  5. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК  БАҒДАРЛАМАСЫ. Астана, 2010 ж. 52 бет.
  6. \r\n

  7. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Астана 2007 ж. 312 бет.
  8. \r\n

  9. Т.В.Имангулова. Аймақтық-өлкетану компоненттері арқылы жоғары сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру («География пәні мысалында»). Пед.ғыл.канд.дисс.авторефераты.: 13.00.01. Алматы, 2009. 26 бет.
  10. \r\n

  11. А.Қ.Дүйсенбаев. Ұлт мектебіндегі жаратылыстану, гуманитарлық пәндер бағдарламаларындағы отансүйгіштік тәрбие берудің мүмкіндіктері //ХХІ ғасырдағы қазақ мектебі: даму болашағы. Республикалық ғылыми-конференция материалдары. Алматы. 2006 ж. 180 б.                    
  12. \r\n

  13. В.А.Сухомлинский. Как воспитать настоящего человека. Киев. 1975.106 б.
  14. \r\n

\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ