Қазтуған жырау

0
6722

 Сабақтың тақырыбы:  Қазтуған жырау   \r\n\r\n Пән мұғалімі Нұрманова Ө.\r\n\r\n    Сыныбы : 9 «Ә»\r\n\r\n8- слайд.Сабақтың мақсаты:\r\n\r\nа) оқушыларға ХҮ ғасырдың жырауы Қазтуған Сүйінішұлы туралы, оның толғаулары мен кейінгі ұрпаққа жеткен шығармаларының тақырыптық мазмұнын ашу.\r\n\r\nб) өтілген материалдарды тиянақты меңгеруге, ойлау белсенділігі, танымдық іс-әрекеттері мен шығармашылық қабілеттерін дамыта түсуге ықпал ету.\r\n\r\nә) жырау өлеңдерін, толғауларын оқыта отырып, туған жерін, елін сүюге тәрбиелеу. Адалдыққа, ойлылыққа, табиғатты аялай сүюге үйрету. Қазтуған жырлары негізінде ұлттық рух пен патриоттық сезімді тәрбиелеу, ерлік пен елдікті дәріптеу.\r\n\r\n      Сабақтың түрі: шығармашылық ізденіс сабағы.\r\n\r\n      Сабақтың әдісі: талдау, салыстыру, болжау, дәлелдеу, ой бөлісу ,моделін жасау сөздік әдістері, \r\n\r\n     ақпарат құралдарынан жинақталған мәліметтер, миға шабуыл, ой қозғау,\r\n\r\n      Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.\r\n\r\n     Сабақ түрі: Ізденіс сабағы.\r\n\r\n     Оқыту формасы: топтық, жеке\r\n\r\n     Көрнекілігі: карта, нақыл сөздер, плакат, маркер, сызбалар, интерактивті тақта.\r\n\r\n    Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, қазақстан тарихы, музыка, география.\r\n\r\n                                              Сабақтың барысы.   \r\n\r\n                   І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығы.\r\n\r\n1-слайд.   ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. \r\n

    \r\n

  • Асан Қайғы кім? Өлеңдерінің философиялық тақырып ерекшелігі.
  • \r\n

  • Өлеңдерінен қандай көркемдік тәсілдерді көре аламыз?
  • \r\n

  • «Жырауларша толғасам…»
  • \r\n

  • Асан Қайғы толғауларының қазіргі өмірмен  байланысы.
  • \r\n

\r\n      (Толық жауап талап етіледі.)\r\n\r\n2-слайд.   Бекіту. Ассосиация\r\n\r\n3-слайд.   Барлығы-25 оқушы ,төмендегідей 4 топқа бөлініп отырды. Алдарында бағалау парағы,оған  топ жетекшісі бақылау жасап,бағасын түсіріп отырады.\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

1-топ 2-топ 3-топ 4-топ
Айбосын Жанарыс Саладинұлы Әмірбек Ғабит Аділбекұлы Аяған Айжан Аяғанқызы Қожантай Мая Бақытқызы
Аймишева Алия Асылбекқызы Әнес Айдос Талғатұлы Жолшора Динара Мұхитқызы Момынбай Ләззат Қайратқызы
Алтынбек Руслан Алтынбекұлы Бектаева Баян Сержанқызы Мырзахан Шерхан Гарифуллаұлы Нағашыбай Әйгерім Кеңесбекқызы
Ақан Батыржан Алмасұлы Зиятбек Ринат Талғатұлы Саңғылбай Айдын Серікұлы Сәду Бауыржан Құрманғазыұлы
Банашева Эльдана Асылбекқызы Пірназарова Асылай Нұрланқызы Тілепбай Серікбол Асқарұлы Шаки Асылхан Қанатұлы
Шарипова Нұрай Еділқызы Рашид Аида Рашидқызы Шүкір Әлия Алпысбайқызы Сейілбек Азамат Талғатұлы
    Жеңісбек Гүлнұр Мырзабекқызы  

\r\n4-слайд.  Қызығушылығын ояту. Тақтада  түсіп қалған  толғау үзіндісінің  әріптерін\r\n\r\n        орнына қою арқылы   Бұқар жырау сөзін тану,оны бүгінгі сабақтың эпиграфы етіп алу. \r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

“Ер жігітке жарасар,\r\n Қолына алған найзасы.\r\n Би жігітке жарасар,\r\n Халқына тиген пайдасы” \r\n\r\n 

\r\n 

\r\n“Е..  жігіт… е  жа…асар,\r\n Қ…лына  …лған  най…асы.\r\n Би  жі…ітке  …арасар,\r\n …алқына тиге…  па…дасы”\r\n\r\n \r\n\r\n 5-слайд.             «Мадақ жыры»\r\n\r\nБұдырайған екі шекелі, \r\n Мұздай үлкен көбелі, \r\n Қары ұнымы сұлтандайын жүрісті, \r\n Адырнасы шәй жібек оққа кірісті, \r\n Айдаса – қойдың көсемі, \r\n Сөйлесе – қызыл тілдің шешені, \r\n Ұстаса – қашағанның ұзын құрығы, \r\n Қалайылаған қасты орданың сырығы, \r\n Билер отты би соңы, \r\n Би ұлының кенжесі, \r\n Буыршынның бұта шайнар азуы, \r\n Бидайықтың көл жайқаған жалғызы, \r\n Бұлыт болған айды ашқан, \r\n Мұнар болған күнді ашқан, \r\n Мұсылман мен кәуірдің \r\n Арасын өтіп бұзып дінді ашқан \r\n Сүйінішұлы Қазтуған! \r\n\r\nЖырды мәнерлеп оқып беремін, жаңа сабақ тақырыбы анықталды. \r\n\r\n 6-слайд.                  ІІІ. Жаңа сабақ: Қазтуған жырау\r\n\r\n7-слайд.    Жоғарыдағы   «Мадақ жырының» айтылу ерекшелігіне  тоқталу, идеясы мен \r\n\r\n                    түсініксіз сөздердің  мағынасын ашу.\r\n\r\n   Келесі сәтте 4 оқушы алдын ала берілген «Қазтуған жырау» толғаулары нұсқалары, зерттеушілері туралы   өзіндік ізденіс, зерттеу жұмыстарына шолу жасайды, мәліметтер алмасады.\r\n\r\n       1-оқушы. Қазтуған Сүйінішұлы (1420, қазіргі Астрахан облысы Красный Яр қала маңы — ө.ж.б.) — жырау. Қазтуған Сүйінішұлының туған, қайтыс болған жылдары белгісіз. Халық арасында Қарға бойлы Қазтуған атанып кеткен. Қазақтың XV ғасырдағы айтулы жорық жырауы. Әскербасы, батыр болған.Еділдің Ақтума, Бозан бойларында туып-өскен. Қазтуған жыраудың «Мадақ жыры«, «Туған жермен қоштасу» сынды туындыларын ежелгі қазақ поэзиясының таңдаулы үлгілеріне жатқызуға болады. Ақынның халық жыраулары арқылы жеткен бірқатар толғаулары И.Березиннің «Түрік хрестоматиясында» (1862), Ғабдолла Мұштақтың 1910 жылы шыққан «Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары» жинағында, М.Мағауиннің «Алдаспан» кітабында (1970) жарияланды\r\n\r\n      2-оқушы.Халық Қазтуғанды әрдайым еске алып, қадір тұтады. Ол туралы талай аңыздар айтылған. Ел аңызында ол қалмақтарға қарсы қол бастаған ұрпақтың батыры. Жырау қайғы айтып еш түңілмейді. Батырлар дәстүрін қолдап , асқақ жыр шертеді, ескі елдік бөлінбес бірлік қайтпас ерлік дәстүрін уағыздайды. Ойын-тойы көп жастық шақты еске алып, оптимистик пікірлер ұсынады. Нарындай құнарлы, жайлы кең қоңыстың қасиеттерін асыра ардақтайды.\r\n\r\nЖырау өзі жасап отырған тұрмыс-тіршілігіне дән риза. Көк майсаға қонған бай ауылдың бейқам өмірі, әдемі пейзаждық сурет елес береді. Туған жерін шын сүйген жас батыр бейнесін сомдайды.\r\n\r\n         3-оқушы. Қазтуған жырлары әуенді, дыбысты, ырғақты, күшті поэзия. Ат арқасында, топ ортасында айтылған жырдың солай айтылуы заңды. Дауысты «А» дыбысын қатар қолданып, аңырата сөз тастау тыңдаушыға әсерлі, құлаққа жұғымды.\r\n\r\nАрғымақтың баласы\r\n\r\nАрыған сайын тың жортар\r\n\r\nАрқамнан қосым қалар деп,\r\n\r\nАқ дария толқын күшейтер.\r\n\r\nҚазтуған өзіне тән теңеу, метафоралар қолданады. Қатарынан «Ж» әрпінен басталатын ұзақ шумақты өлеңнің балама сөздері жер- қоныс құнарлығын өте айқын танытқандай:\r\n\r\nЖабағалы жас тайлақ,\r\n\r\nЖардай атан болған жер.\r\n\r\nЖатып қалған бір тоқты\r\n\r\nЖайылып мың қой болған жер.\r\n\r\nЖарлысы мен байы тең,\r\n\r\nЖабысы мен тайы тең,\r\n\r\nЖары менен сайы тең.\r\n\r\n 4-оқушы.Толғаудың көркемдік ерекшелігіне тоқталады.\r\n\r\n9-слайд. Жұмыс жоспары сатысын таныстыру. Қазтуған жырауды жан-жақты ашуға ықпал ету. Жыраулардың жалпы бір әріпті сөйлетуге шебер болғандығын көрсету мақсатында «Т»  әрпінен басталатын жұмыс түрлерін таратып түсіндіру.\r\n\r\n10-слайд.    Қазтуған шежіресі таратылып айтылады.\r\n\r\n11-слайд.Толғаулары:   «Мадақ жыры», «Алаң да,алаң, алаң жұрт», «Белгілі биік көк сеңгір» , «Жембойылықтар»\r\n\r\nКітаппен, дәптермен жұмыс. «Мадақ жырындағы» теңеулерді дәптерге түсіру.\r\n\r\n12-слайд.    Видеороликтен әнші, жыршы, қоғам қайраткері Бекболат Тілеухановтың  орындауында \r\n\r\n                             «Алаң да алаң, алаң жұрт» толғауы тыңдатылады.\r\n\r\n13-слайд.    Сөздікпен жұмыс.\r\n\r\n14-слайд.  Атамекен,туған жерінен үдере көшудің оңай еместігін төмендегі суретпен \r\n\r\n                   байланыстыра отырып түсіндіремін. \r\n\r\n15-слайд.  Бұл бөлімде «Алаң да алаң, алаң жұрт» толғауын 4 топ болып өлең құрылысына талдайды. Толғаудың басты идеясына, каһарманына, жанрына, ақынның айтар ойына, буын саны, бунақ саны, ұйқас түрі, көркемдегіш тәсілдерге тоқталады.«Алаң да алаң, алаң жүрт» \r\n\r\nАлаң да алаң, /алаң жүрт, 9\r\n\r\nАқала ордам /қонған жұрт, 9\r\n\r\nАтамыз біздің /бұ Сүйініш 9\r\n\r\nКүйеу болып /барған жұрт, 8\r\n\r\n                                                             Анамыз біздің /Бозтуған          8\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

эпифора

\r\n 

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

градация

\r\n 

\r\nКеліншек болып /түскен жұрт,8\r\n\r\n                        Қарғадай мынау /Қазтуған /батыр туған жұрт, 13\r\n\r\nКіндігімді /кескен жұрт,    8\r\n\r\nКір-қоңымды /жуған жұрт,7\r\n\r\nҚарағайдан садақ /будырып,9\r\n\r\n                   Қылшанымды/ сары жүн оққа/ толтырып,12\r\n\r\nЖанға сақтау/ болған жұрт. 7\r\n\r\nСалп-салпыншақ/ анау үш өзен 9\r\n\r\nСалуалы /менің ордам/ қонған жер,11\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

Кезекті қайталау

\r\n 

\r\nЖабағылы/ жас тайлақ       7\r\n\r\nЖардай атан /болған жер, 7\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

аллитерация\r\n\r\n 

\r\n 

\r\nЖатып қалып/ бір тоқты, 7\r\n\r\nЖайылып мың қой /болған жер,8\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

шендестіру

\r\n 

\r\nЖарлысы мен /байы тең, 7\r\n\r\nЖабысы мен /тайы тең, 7\r\n\r\nЖары менен /сайы тең, 7\r\n\r\nБотташығы /бұзаудай, 7\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

теңеу\r\n\r\n 

\r\n 

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

аллитерация

\r\n 

\r\nБоз сазаны /тоқтыдай,   7\r\n\r\nБалығы тайдай/ тулаған, 8\r\n\r\nБақасы қойдай/ шулаған, 8\r\n\r\n \r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

теңеу\r\n\r\n 

\r\n 

\r\n Шырмауығы /шөккен түйе /таптырмас, 11\r\n\r\nБалығы /көлге жылқы /жаптырмас, 10\r\n\r\n                                                                                  Бақасы мен /шаяны 7\r\n\r\n                                                                                   Кежідегі адамға /7\r\n\r\n  Түн ұйқысын /таптырмас, 7\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

инверсия

\r\n 

\r\nҚайран менің /Еділім,  7\r\n      Мен салмадым,/ сен салдың, 7\r\n Қайырлы болсын /сіздерге   8\r\n             Менен қалған /мынау /Еділ жұрт!… 9\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n16-слайд.  Кез келген бір әріпті ақындарша сөйлете білу ,  хат жазу.  \r\n\r\n                Ө  Ұ  Қ  Ү  Ғ  І  Ә  Е  У  К  Н  Г  Ж   Ы  Л  Ш  Б  Т  И  М  Д  О  С \r\n\r\nБекіту.\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

               Болжау              Дәлел           Қорытынды
«Қазтуған — жорық жырауы» «Балдағы алтын құрыш болат» Батырлықты, елдікті,  ерлікті дәріптейді.
«Қазтуған-нәзік лирик» Салп-салпыншақ анау үш өзен» (туған жерге деген махаббат) Жырларының арқауы – туған елі, кіндік кескен, кір жуған жері.
«Қазтуған-шебер суреткер\r\n\r\n  «Салп-салпыншақ анау үш өзен», «Алаң да алаң, алаң жұрт». Теңеу, метафораларды шебер пайдалана білген: «Қарғадай мынау Қазтуған», «ботташығы бұзаудай, Боз сазаны тоқтыдай…», «Балығы тайдай…» т.б.

\r\n \r\n\r\n17-слайд. \r\n\r\n «Ой қорыту стратегиясы» – өткенді тұжырымдап қорыту.\r\n\r\n«Қазақстан-2015», «Біз-бейбіт ел ұрпағы» ,\r\n\r\n«Қазақстан-2030», «Жыраудың толғап өткені…»,\r\n\r\n«Қазақстан-2050», «Мақсатым-оқу, іздену»,\r\n\r\n«Қазақстан-2070», Сабақтан алған әсерім…»\r\n\r\nБағалау.\r\n\r\n      19-слайд.  Қорытынды.  Егер сендер XXI ғасыр жыраулары болғандарыңда не жайлы жырлар едіңдер? (егемендік туралы, бірлік туралы, отансүйгіштікке шақырар едім)\r\n\r\n20-слайд.  Үйге тапсырма. Қазтуған жырау туралы тың деректер табу, «Мадақ» жырын өлең құрылысына талдау, әр топ бүгінгі өз қорытынды тақырыбына сай 6 мақал-мәтел жазып келу. Қоштасамын.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ